§23 оқу. "Өзіңді тексер" орындау.
7. Сабақты қорыту
1. Не білдім? Не түсіндім? Қолдана аламын! схемасы бойынша
талдау
2. Сабаққа белсене араласқан және тақтамен жұмыс жасаған
оқушылардың білімін бағалау. Сабақтың мақсатқа жетуіне баға
қою.
3. Бүгінгі өтілген сабақ бойынша оқушылардың көңіл-күй
рефлекциясын анықтау.
* * * * * * * * *
161
162
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
45minut.kz – 45minut.org
Ұстаздарға арналған басылым редакциясы
БІЛІМ ЖАСТАН
II ЖИНАҚ
Оқушылар шығармашылығының
топтама жинағы
Редактор: Нағиев Ізгілік
Байдрахманұлы
Алматы, 2016
АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы
Көктерек орта жалпы білім беретін мектебі
Тельманова Фатима Нұртайқызы 9-сынып
Жетекшісі: биология пәні мұғалімі Халелова Алмагул Мендигереевна
Тақырыбы: Антропогендік факторлардың адам ағзасына әсері
Бағыты: Денсаулық және қоршаған орта
Мазмұны:
1.Кіріспе.
2.Жұмыстың зерттеу бөлімі:
а)қоршаған орта туралы түсінік.
б)экологиялық жағдай проблемалары.
в)экология зардаптары және адам ағзасына әсері.
3.Қорытынды.
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Ұсынып отырған ғылыми жобамның тақырыбы: «Антропогендік факторлардың адам ағзасына әсері » деп аталады.
Себебі адамның көптеген жөнсіз істеген әректтерінің арқасында экологиялық дағдарыстардың орын алуы, қоршаған ортаны
ластауы, жер бетіне түрлі аурулардың таралуы адамзаттың өміріне қауіп төндіріп отырғандығы – бүгінгі күннің ең өзекті
мәселесі болып отыр. Сондықтан әр түрлі экологиялық жағдай проблемаларын зерттеп, оның зардаптарын және адам
ағзасына әсерін анықтап, оны болдырмау шараларын зерттеу маңызды. Осы себепті негізгі зерттеулерімді басшылыққа ала
отырып ізденістер жүргіздім.
- Зерттеулерімнің өзектілігі: қазіргі кездегі биосферадағы ең қауіпті
экологиялық апат- биосфераның ғаламдық деңгейде ластануынан әр түрлі аурулардың пайда болып,адамның өзіне
зор қауіп төндіріп отырғандығы.
- Зерттеулерімнің мақсаты:қоршаған орта туралы жалпы түсінік бере отырып,қоршаған ортаның экологиялық жағдайы
мен проблемаларына байланысты түрлі деректерді саралап пайдалану, олардың ерекшеліктерін салыстырып, жергілікті
тұрғындар денсаулығына әсер көрсеткіштерін ауыл дәрігеріндегі негізгі мәліметтерді талдау арқылы зерттеу жұмыстарын
жүргізу.
- Зерттеулерімнің міндеті: табиғатты қорғау, салаутты өмір салты негіздерін қалыптастыруға шақыру, баулу;
- Қоршаған ортаның экологиялық жағдайының зиянды әсерінен пайда болатын аурулар жөнінде түсінік беру;
Қолға алған зерттеу мен іздеу жұмыстары адам экологиясы екендігіне назар аудартып, ақпарат құралдарын және
жергілікті жердегі ауыл дәрігерінің көрсеткіштеріне сүйене отырып, әр түрлі ауруларды болдырмаудың, оның алдын алудың
шараларын іздестру міндетін қойдым.
Қазіргі кезеңнің ең өзекті мәселесі - адамзат өмірін сақтап қалу үшін табиғатты тиімді пайдалану, қоршаған ортаны
таза ұстау арқылы адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту болып табылады. Ендше қоршаған ортаның ластануы адам
денсаулығына қауіп төндіруде. Адам денсаулығын сақтау, адамның ұзақ өмір сүруіне қажетті жағдай жасау қоғамымыздың
басты міндеті емес пе? Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар аударуымыз және осыған
сәйкес әлеуметтік экология ғылымының басты мәселелерінің бірі – адам денсаулығына зиянды жағдайларды
болдырмауымыз қажет.
Жұмыстың зерттеу бөлімі
Кез келген тірі организм белгілі бір орта жағдайында тіршілік етуге бейімделген. Табиғи ортамен организмнің арасында
тікелей немесе жанама түрде үнемі қарым-қатынас болып тұрады. Организммен табиғи орта арасындағы зат пен энергия
алмасуда тірі организмдер негізгі рөл атқарады. Жер бетіндегі әр түрлі табиғи жағдайлар жиынтығы тіршілік ортасы немесе
қоршаған орта деп аталады. Организмдер өздері тіршілік ететін ортадан тіршілігіне қажетті заттарды алып және оған зат
алмасу кезінде қажетсіз ыдырау өнімдерін бөледі. [ 1]
Мен төмендегі баяндауларымда осы қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен проблемаларына байланысты
түрлі деректерді салыстыра отырып, оның жергілікті жеріміздің тұрғындар денсаулығына әсер көрсеткіштерін ауыл
дәрігеріндегі негізгі мәәлімет бойынша талдау мақсатын алға қойдым.
Қазіргі кезеңдегі жер жүзінің халықтар санының тез өсуі мен өнеркәсіптің жаппай дамуы адамдар мен табиғат
қатынасын қатты шиеленістіріп барады. ХХ ғасырдың орта кезеңінен бастап антропоогендік факторлардың биосфераға әсер
ету қарқыны ғаламдық деңгейге көтерілді. Мұның өзі жер бетіндегі бүкіл адамзттың қалыпты өмір сүруіне қауіп төндіре
бастады.
Антропогендік факторларды биосфераға әсер ету ерекшіліктеріне байланысты жағымсыз және жағымды факторлар деп
бөледі. [3]. Экологиялық жағымсыз фактолардың бәрі де адамның табиғатты ретсіз пайдалануының басты көрінісі. Осындай
табиғат байлықтарын бейберекет пайдаланудың нәтижесінде қазір жер бетінде экологиялық апатты жағдайлар пайда болды.
Экологиялық апат - табиғат пен қоғам арасындағы қарым –қатынасты әбден шиеленістіріп жіберген жағдайда байқалады.
[4]. Бұл кезде табиғатта қалыптасқан тепе-теңдік мүлдем бұзылады да, оны қайтадан қалпына келтіру мүмкін емес.
Эколгиялық апат адамның тікелей немесе жанама іс-әрекеттерінің нәтижесінде пайда болады. Осындай іс-әрекеттің бірі
- республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия
сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің құзырында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Шын
мәнінде, қазақ даласының 19 млн га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр,
Нарын, Тайсойған т.б полигондар алып жатқан табиғаты әсем шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949-1989 жж
аралығында болған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада, 183-і жер бетінде, қалғаны жер астында жасалады. [5]
164
Ядролық қаруды сынау алғашында ғылыми техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы
соғыс мақсатында қолданылды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасики қалаларына тастады.
Адамзат тарихындағы бұл қасіретің ізі бүгінгі күнге дейін Жапондықтарды зардап шектіріп отырғаны әлемге белгілі. Ал
Қазақстанда сыналған 500-ден астам атом бомбасының зардабы айтпасада түсінікті болар.
Қазақстанда ядролық қарулары сынау кең көлемде жүргізілді. 1990 жылғы мәліметтерге қарағанда, сынақ жасалған
жердің көлемі облыстарда 16686,1мың га жерді қамтыған. Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей,
полигондарда соғыс зымырандарын, т.б техникаларды да сынақтан қатар өткізіп отырған.
Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр
полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Осы аймақтарда радиоактивті заттардың шектелуінің мөлшері (кадмиий,
стронций, қорғасын) бірнеше есеге көбейіп кеткені анықталған. Мұндай сынақтар Үстірттте де 1968-1970 жылдар
жасалған.
Осындай экологиялық проблемалардың біріне Арал, Балқаш, Каспиий қасіреттері жатады. Қазіргі Арал өңірінің
адамдарының денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану,
сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары
көрсеткішті беріп отыр.
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізгі жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры -
адам тағдыры» болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.
Ал енді Балқаш өңіріндегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер,
Ақсүйек кен орындарын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын - мырыш комбинаттары осы
аймақта тұратын тұрғындарға өз зиянын тигізіп отыр.
1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы» атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті.
Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып нақты шешімдер кабылданды.
Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін бірнеше топқа бөлуге болады. Қоршаған ортаны ластаушы тек
улы заттар ғана емес, зиянды немесе ағзаға қажетті заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.
Ластануды жүйенің тепе-теңдіген бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады. Ластану әртүрлі белгілері бойынша
жіктеледі:
Шығу тегі бойынша:
Табиғи және жасанды (антропогенді)
Пайда болу көзіне байланысты;
а) өндірістік,ауылшаруашылық, транспорттық және т.б;
ә)нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), обьектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған егістік танабы, бүкіл экожүйе ,
трансгрессивті басқа аймақтармен мемлекеттер енетін ;
2-
Әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық , жергілікті;
3-
Қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері
әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары және т.б
4-
Әсер ететін жеріне байланысты: химиялық, химиялық заттар мен элементтер, физикалық
5-
радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік , физико-химиялық аэрозольдер,
6-
биологиялық және микробиологиялық және т.б;
7-
Әсер етудің периодтылығына байланысты; бірінші ретті өнеркісіп орындарының қалдықтары, екінші ретті смогты
құбылыстардың өнімдері;
Тұрақтылық дәрежесіне бойынша: өте тұрақты – 100 және 1000 жыл тұратын азот, оттегі, аргон және басқада инертті газдар
, тұрақты -5-25 жыл көмірқышқыл газы, метан, фреондар , су буы , көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қос
тотығы, азон қабатындағы фреон.
Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффектісі жоғары. Кез келген ластаушы затты үш
параметр бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне және тұрақтылық дәрежесіне қарай.
Адам қызметнің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған орта оған емес, тірі ағзлар үшін бөтен заттардың шығарылуы
жатады. Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық ,шамамен 20млн органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн –нан астам
қосылыстарды синтездей алады. Жылдан жылға олардың саны бірнеше мыңға артып отырады.
Жер бетіндегі адам мекендейтін кеңістіктің болуы құрылықтың жалпы ауданы 149 млн. км
2
болса, мұндай жерлердің үлесіне
шамамен 48 млн. км
2
тиеді. Бұл қазіргі дағдарыстың ғаламдық сипатын жоққа шығармайды. Бұл ең алдымен атмосфера мен
судың қозғалғыштығына байланысты. Мысалы, мұнайлы қабықшамен әлемдік мұхит бетінің 15-25% ластанған. Қазіргі
кезде атомдық двигательдер мен радиоактивтік қалдықтардың көмілуі нәтижесінде әлемдік мұхиттың радиоактивті
ластануы зор қауіп төндіріп отыр.
Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен
байланысты.
Биосфераның жылулық баланысының бұзылуының атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдік жабынының булануының
өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруін қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануда 20-
30%-ға тежейді. Нәтижесінде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы 1-3
0
С-ға артады. Ал
мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогендік фактор фреондар болып есептеледі. Соңғы жылдары
атмосфераның жоғарғы қабатындағы озонның мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары
ендіктерінде бұл кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша озонның 1%-ға кемуі терінің қатерлі ісігімен ауру деңгейін 5-7%
арттыруы мүмкін.
Судың ластануы. Ластануға судың барлық катигориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әр түрлі дәрежеде ұшырайды.
Судың ластануы ең бірінші ретті су қоймаларға әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады, екінші ретті
ластану бірінші ретті ластанушылардың әр түрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен
топырақ эрозиясының өнімдері, минералды тыңайтқыштар, улы химикаттар және т.б заттар жатады.
165
Ластаушы заттардың басым көпшілігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық
қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспорттарымен, ластану үлесі де жоғары. Қазіргі бүкіл
планетада іс-жүзінде қандайда бір дәрежеде адам қызметі нәтижесінде ластанбаған беттік тұщы су көзі жоқ деуге болады.
Қоршаған ортаның экологиялық жағдай мен ауру деңгейі.
Адамның денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге
берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша,
денсаулық дегеніміз – бұлт тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 18-20%-ы – қоршаған орта жағдайларына, 20-25%-ы –
тұқым қуалау факторларына, ал 7-12%-ы ғана денсаулы сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Ал антропогендік
факторлар бұрын болмаған жаңа техногенді аурулар туғызады.
Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-
әрекеті нәтижесінде биосфераға , оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар жыл сайын қоршаған
ортаға мыңдаған жаңа заттар шығарылады.
Аурулардың көбейуі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансфомациялары мен оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік
кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б. яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік
және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да,
қолайсыз әлеуметтік – экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-
экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді.
Әр түрлі аурулардың әсерінен халықтың өлімінің себептері.
Адамның мезгілсіз қайтыс болу себептері ең алдымен қолайсыз табиғи және әлеуметтік факторлар болып табылады.
Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам
пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшініші әлем» елдерінде
кездеседі. АҚШ-пен салыстырғында бұл елдерде улану 3 есе артық.
Америка ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне
байланысты. ФРГ – де соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауратындардың үлесі ер кісілерде 15%-дан 23%-ға дейін, ал
әйелдерде 17%-дан 25%-ға дейін артқан. Аурулар индустриалды және ластанған ауаларда жиі кездеседі.
Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті факторлар көміртегі
тотығы
мен шу болып табылады. Ғалымдардың
мәліметтері бойынша СО2 – ның мөлшері 6,5-тен 12 ЗЖЖЖ-ге көтерілуі балалардың ауруларының 2 есе, ал акустикалық
қолайсыздықтың 8-ден 20%-ға артуы – 10-,4 есеге артуыа әкеледі.
Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады.
Мысалы, Қарақалпақстанда (Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия
елдерінде 7-8, Жапонияда-5. Бұрынғы КСРО-да 80-жылардың соңында орташа өлімнің жиілігі 24-25 болған.
Аурулар туғызатын заттар мен факторлар. Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды
төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:
концерогендер (латын тілінен аударғанда cancir – рак, генезис – шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта
шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а)пирен және басқа да полициклді ароматтық
көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, радеоктивті изотоптар, эноксидті смолалар, антриттер, нитрозаминдер, асбест және
т.б. жатады;
мутагендер (латын тілінен аударғанда mutosio - өзгеру) – хромосомалар саны мен құрамының өзгеруіне әкеліп соқтырады.
Оларға: рентген сәулелері, гамма сәулелері, нейтрондар, бензо(о)пирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады;
тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teralos – құбыжық) – жеке дамуы кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтың болуына
әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез-келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге
мутагендер, сондай-ақ пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады.
Сонымен қатар эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады. Эмбриогендер (грек тілінен аударғанда embryo – ұрық)
эмбрионалық даму кезінде зақымдануларға әкелетін заттар. Эмбриогендерге тератогендер, мутагендер және басқа да заттар
(мысалы, алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар және т.б.) жатады.
Адам қызметінің нәтижесінде жаңа, бұрын болмаған аурулар пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар
тобына жатқызады. Оларға қорғасын («сатуризм»), кадмий («ита-ита»), сынап қосылыстарымен («минамата») және т.б.
улануда пайда болған аурулар жатады.
Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар.
Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген,
тератоген немес басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді.
Органикалы қосылыстардың ішінде, әсірсе, галогенді көмірсулар және полициклді ароматты көмірсулар (ПАК) қауіпті.
Галогенді көмірсулар. Бұл топта бір немесе бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан
органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең тараған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл
сіңіреді және жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті. Мысалы, поливинилхлорид (ПВХ), полихлорды
бифенилдер (ПХБ), ДДТ (пестицид), тетрахлорфенол және тетрахлорэтилен (еріткіштер). Бұл топқа өте улы зат – диоксидер
де жатады.
ПВХ мен винилхлорид бауырдың қатерлі ісігін, тері, сүйек пен аяқ-қолдың зақымдануынан көрінетін винилхлоридтік
ауруды туғызады. Ұзақ уақыт бойы винилхлорд қауіпсіз деп есептеліп келді. Оны аэрозоль балондарында газ тасымалдаушы
және медицинада наркоз ретінде қолданып келген. Тек 70 жылары ғана оның улы қасиеттері анықталды.
Белгілі ДДТ (дихлордифинилихлорэтан) да хлорлы көмірсуларға жатады. 1939 жылы Моллер бұл заттың инсектицидтік
қасиеттерін анықтады. Бұл препараттың 15 млн.таннасы жер шарының барлық дерлік аймақтарында қолданылған.
Антрактиданың өзінен шамамен 25 мың тонна ДДТтабылған. Кейіннен ДДТ май ұлпалары мен ана сүтінде жиналатыны
166
белгілі болды. 70-жылардан бастап инсектицидті қолдануға тиым салынды. Бірақ жоғары дәрежеде тұрақтылығына
байланысты (ыдырау мерзімі 50 жыл) ол қоректік тезбектерде әлі де интенсивті түрде айналымда болып келеді.
Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі. Диоксиннің канцерогенді, мутагенді, терогенді әсері
анықталған. Ол әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді. Диоксиннің көп бөлігі (шамамен 200 кг) қоршаған ортаға
американдықтардың Вьетнамда қолданған дефолианттары түрінде шығарылды. Нәтижесінде тек вьетнамдықтар ғана зардап
шеккен жоқ, шамамен 20 мың амеикандықтарды да қамтыды.
Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды. Ағзаның тұқым қуалау қасиетінде де әсері анықталған. Сонымен
қатар кансерогенді және тератогенді әсер етеді,
Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі имен иісі бойынша этил спиртінен айыру өте қиын
улы зат. 30-100 мл мөлшері адамның өліміне әкеліп соқтырады.
Формальдегид химия өндірісінің маңызды өнімдерінің бірі болып табылады. Фторальдегид аллергиялық реакциялар
туғызуы мүмкін. Сонымен қатар оның канцерогендігі туралы да мәліметтер бар. Адам мен басқа да тірі ағзалар бұл затпен
үнемі әсерлесуде болады (пластик, ағашты-талшықтар, консерванттар, автокөліктердің газдары, темекі түтіні т.б.).
Дүниежүзінде оның ондаған миллион тоннасы өндіріледі. Қазір бұл затты тұрмыстық мақсатта қолдануды шектеуге
бағытталған шаралар жүргізіліде.
Ауыр металдар. Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк,
мыс, марганец, темір және т.б. кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Ауыр металдар ақуыздар мен жеңіл
байланысып, майда еріп, жинақталады. Ауыр металдардың қоршаған орта мен ағзада жинақталуының негізгі көзі – отынды
жағу, пестицидтер, кейбір органикалық қосылыстар, өндірістік қалдықтар және т.б.
Белгілі мәліметтер бойынша (Вронский, 1996) антропогенді заттар есебінен қоршаған ортаға қорғасынның 94-97 % -ы,
сынаптың 60%-ы шығарылады.
Қорғасынның негізгі көзі – автокөлік жанармайы болып табылады. Қорғасынның көп бөлігі металлургия кәсіпорындары
мен ауыл шаруашылығында пестицид ретінде мышьякты, қорғасынды қолдану кезінде шығарылады. Қоршаған ортада
қорғасынның артуы, әсіресе өнеркәсіптік ревалюцияның басталуымен тығыз байланысты. ХХ ғасырда қала тұрғындарының
қаңқасындағы қорғасынның мөлшері 1600 жыл бұрын өмір сүрген адамдар мен салыстырғанда 700-1200 есе артық.
Қорғасынмен улану немесе «сатуризм» белгілері мынадай: тез шаршау, кешке көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық,
бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану, түсік тастау.
Кадмий: Ауыр металдарың ішіндегі ең улы элемент. Ортаға кадмийдің шығарылу себептері тас көмірдің шаңы, химиялық
тыңайтқыштар, пластмассалардың қалдықтары мен жану өнімдері, темекі түтіні. Қорғасынға қарағанда кадмий топырақтар
өсімдікке жеңіл өтеді. (70%-ға дейін) де, ағзадан баяу шығарылады. Негізінен бүйректен (бүйректе жиналады), жүйке
жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян. «Ита-ита» ауруын туғызады.
Сынап: Қоршаған ортада кеңінен таралған. Дүние жүзіндегі сынаптың өндірісі жылына 10 мың тоннадан астам. Ол
негізінен электроникада, медицинада және химия өнеркәсібінде қолданылады.
Металдық (элемантарлық) сынап іс жүзінде ағзаға зиянды емес. Бірақ бу түріндегі сынаптың әсері қауіпті. Ағзаға тамақпен
не тері арқылы енген сынап тұздарының қауіптілігі жоғары. Сынаптың металлорганикалық қоысылыстары (әсіресе
метиллсынап) ағза үшін өте улы әрі қауіпті.
Асбест: Соңғы кезде дәрігерлердің назарын өзіне аударып отыр. Ұсақ асбест шаңы – асбесоз ауруын туғызады. Өкпе
ұлпаларын зақымдап, қатерлі ісіктерге әкеледі.
Қала және адамның денсаулығы
Қазіргі кездегі адамдардың экологиялық ортасы – қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлер
бойынша экстремальді деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор консентрациясы жиналады. Дүние
жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызды мекендейтін халықтың шамамен жартысы шоғырланған. Соңғы 45 жылда
қала халқының саны 729 млн-нан 2540 млн.адамға дейін өсті, яғни 3,5 еседей, ал олардың халықтың жалпы санындағы
үлесі 2- дан 44% -ға дейін артқан. Сонымен қатар, қалалардың іріленуі жүріп отыр. 1995 жылдың соңына қарай дүние
жүзінде халқының саны 1 млн-нан астам халқы бар 320 қала және 5 млн-нан астам халқы бар 48 қала болған.
Бірақ урбанизация (латын тілінен аударғанда urbanus – қалалық) процесі тек қала халқының немесе қалалардың мөлшері
мен санының артуымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың рөлінің артуымен,
көптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді.
Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе – бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті
мөлшерде өсімдіктермен, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа
қарсы іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі.
Қазіргі кездегі қала – күрделі әлеуметтік – экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономика – географиялық, инженерлік –
құрылыс, сәулетті факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері
нәтижесінде қалыптасады. Көбінесе, қала өркениетті – қолайлы жағдайлар, тұрмыстың жеңілдеуіне әкелгенмен,
коммуникация тығыздығы, әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері – тек барлық жағынан қолайлы емес.
Қала ортасы адамның басты сапасы – оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік
өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транспорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс,
вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың
жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы – осылардың
барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады. Міне осы жоғарыда аталған экологиялық жағдайлардың бір ұшқыны
біздің жергілікті жерімізге де белгілі бір дәрежеде қиындықтар туғызуда: экологиялық қиындықтар, тегін медициналық
емдеу деңгейінің төмендігі, мамандар бола тұрса да тұрақты аурухананың болмауы әсер етуде. Қоршаған ортаның ластануы
тыныс жолдарының, астма, тері ауруларының, аллергия, туа біткен кемістік, қатерлі ісік ауруларына әкеліп соқтырады. Бізге
«Капустин Яр» полигонының әсерінен үлкен кісілер арасында жұмыртқа қатерлі ісігі, жұтқыншақ қатерлі ісігі, сүт безінің
қатерлі ісігінің, қан қысымының көбеюі, қалқанша безінің, қатерлі ісіктерімен ауырған науқастар куә бола алады.
Қазір елбасының бала мен ананың денсаулығына үлкен назар аударуда. Осы мақсатта жүкті әйелдерді Даун, ВПС ауруларын
алдын алу мақсатында УЗИ – ден тексеріліп отырады.
167
Жатыр қатерлі ісігін, сүт безінің қатерлі ісігін алдын алу мақсатында 2008 жылдан бері жылма-жыл 50-52-54-56-58-60
жастағы әйел жолдастардан мазок (жұқпа) алынып, томографиядан тексеріліп отырады.
8.
Қан қысымының көбеюі – артериальная гипертензия, жүрек ауруларын алдын-алу мақсатында 18-25-30-35-40-45-
50-55-60 жастағы ер және әйел жолдастарды скринингалық бақылаудан өткізіп отырады. Ол үшін халыққа сезімдіктің
зияндығын, салауатты өмір салтын, тамақтану қажеттілігін насихаттайды.
9.
Дәрігерлік анықтамаларға сүйенсек, соңғы зерттелген 3 жылда артергиперилизация «Д» есепке 2012-5, 2013-4,
2014-5 адам есепке алынып сауықтырылуда. Ал соңғы 3 жылдағы халықтың табиғи өсімі мынадай:
10.
Жылдар
Туылуы
Барлығы
Қаза болуы
Табиғи өсім
ересек
Бала
2012
28
15
13
-
15
2013
556
15
15
-
41
2014
43
14
14
-
29
Міне, осының бәріне себепші өткен ғасырдың 40 жылдарының аяғынан бастап мемлекетті ракета техникаларына сынайтын
полигон Капустин Ярдан атылатын әртүрлі класты ракеталардың Нарын құмына келіп түсетіндігінен. Ауа арқылы өте төте
жолмен біздің мекенге жел, жауын – шашын арқылы әсер етіп отырғаны сөзсіз.
Оңтүстікке шекаралас Атырау облысының ядролық жарылыс болған Азғыр полигоны да көрші. Осындай топырақ
жамылғысына, ауаға, суға, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне адам ағзасына зиян келтіретін ажал ошақтарының азуын
жапқызатын уақыт жетті. Ал қолдан келер жылыту жүйесі тұрбалары,ауыл тірлігінің қикөң, күл – қоқыс сияқты
қалдықтарынан тазарту жұмыстары әкімшілік арқылы жүйелі жүргізілуде.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
b.
Бейсенова Ә.С., Есполов Т.И., Шілдебаев Ж.Б. «Экология және табиғатты тиімді пайдалану». Алматы, 2004ж
c.
Чернова Н,. Былова М. «Экология» 1988ж
d.
Мамыров «Табиғатты пайдалану экономикасы»
e.
Ақбасова «Экология»
f.
Мамелов Н.М. және т.б. «Основы общей экологий»
g.
Передельский Л.В. және т.б. «Экология» Мектеп, 2006 ж
h.
Нехов А.П. «Биология с основами экологий»
i.
Пономарева И.П. «Экология» Мектеп, 2001ж
j.
Степанский А.С. «Экология» Мектеп, 2002ж
10.Оспанова Г «Экология» 2002ж
11. Орынбаева Г «Оқушыларға экологиялық тәрбие беру» Алматы, Рауан 1993ж.
12. Кенжебаев С, Махмутов С «Табиғатты қорғау» Алматы, Ана тілі 1992ж
13. Шілдебаев Ш «Экологиялық білім қалыптастырудың негіздері мен тәжірибелері»
14.«Биология және салауаттық негізі» журналы
15.«Атамекен» газеті
16.«Валелогия психология өзіндік таным» журналы
17.«Валелогия дене тәрбиесі спорт» журналы
* * * * * * * * *
«Үлгілі» ЖОМ 1 «Ә» сынып оқушысы
Меңлібек Аяулым Бауыржанқызы
Сынып жетекшісі: Қыдырбекова Айнұр
«Кішкентай арулар-2016» байқауының І-орын иегері.
Сайыста өз шығармашылығынан оқыған өлеңі:
Анама
Менің анам аяулы
Мені өсіріп, қарайды
Жетістікке жетсем мен
Мені әкімге балайды.
Анашымды сыйлаймын
Ауырмауын қалаймын
Мені кейде ұрысса да
Жамандыққа қимаймын.
Анама ән жолдаймын
Биіктерге самғаймын
Мерекеде анама
Бір құшақ гүл сыйлаймын!
* * * * * * * * *
168
«ЖЫЛҚЫ - САЙЫН ДАЛАНЫҢ СӘНІ, ЕРДІҢ ҚАНАТЫ»
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы
Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының
4 «Б» сынып оқушысы Құсайын Ахмет Тоқтарұлы
Ғылыми жоба жетекшісі: Жаппарова Айгерім Парамурызқызы,
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі,
бастауыш сынып мұғалімі
Жылқы сайын даланың сәні, ердің қанаты, еті мен сүті ауырған жанға шипа. Туған жерін қашықтықтан танитын есті
жануарды атам қазақ серігіне балап, ерекше бағалаған. Қазақ жылқы десе ішкен асын жерге қоятын халық. Жылқының
дүбіріне құлақ қойып, елең етпейтін қазақ баласы жоқ шығар. Демек, қазақ үшін жылқы тектіліктің бірден-бір нышаны
болып саналған. Адам баласы өз жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеуі тек, қазаққа ғана тән қасиет әрі бұл қазақтың осы
түлікке деген аса жоғары құрметінің белгісі.
Қазақ осы ат-көліктің арқасында Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасын жалғады. Алып аумаққа иелік етті.
Жылқы малы жөнінде айтылатын сөз тіркестері тым көп-ақ. Мысалы, бір ауылдың ұйтқысы болып отырған, жаны жайлау
біртоға бәйбішені «Бес биенің сабасындай» деп береке-құтқа балады. Немесе түтеген қалың боранды «Ат құлағы
көрінбейді» деп бейнелесе, баласы ер жетіп, есейсе «Ат жалын тартып мінуге жарады» деп жатады. Сонымен қоса, тек атқа
ғана байланысты «Ер қанаты-ат», «Атың барда ел таны желіп жүріп», «Жылқының усті жел, сүті ем», «Ат айналып қазығын
табады», «Ат төбеліндей», «Ат бауырына түсіп», «Ат құлағында ойнау», «Атқамінер», «Көңіл деген көк дөнен» деген сияқты
сөз тіркестері де көп. Ат ән мен күйге арқау болды. «Маңмаңгер», «Ақбақай», «Салторы», «Қаражорға», «Екіжирен»
секілді әндер және «Көкдөнен», «Құлагер», «Телқоңыр», «Қоскүрең» сияқты күйлер өмірге келді.
Ежелден қалған ескі сөз - «Ер қанаты - ат». Тақымы атқа тиген Алаш баласы әр-уақытта арқаланып, аруақтанып,
қиялына қанат бітіп, шабыттанып, қуатына қуат қосып қайраттанады.Қазақ халқының дарабоз батыры Қаракерей
Қабанбайдың Кубасы, Қобыландының Тайбурылы, Алпамыс батырдың Байшұбары, Ер Тарғынның Тарланы, кейінгі тарихта
Ақан Серінің атын шығарған, қапияда мерт болған Құлагердей сәйгүліктің қанжоса басын құшып отыруы адамзат
баласында бұрын-соңды болмаған құбылыс. Ақан Серінің азалы зарын арқау ете отырып, дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіров
«Құлагер» поэмасын өмірге әкеліп, батырлар серігі – жылқы малының құдіретін халыққа паш етті.
Жылқы тұқымдары.
Қазір әлемде жылқының 250 ге тарта түрі бар. Солардың ішіндегі
ең көп тарағандарына тоқтала кетейік.
Ахалтеке тұқымы.Мынау Түркімен халқының АҚАЛТЕКЕ
тұқымы. Аяғы ұзын әрі жіңішке, терісі жұқа, түсі жылтыр, жүргені
әдемі келеді.
Әр дәуірдің әр кезеңінде, кез келген ұлттың өз алдына сүйікті
жылқы тұқымдары болған. Бірақ олардың бәрі бірдей уақыт сының
көтере алмады. Көбісі жер бетінен мүлде жоғалып кетті. Алайда,
Ахалтеке тұқымына өзгеше тағдыр бұйырыпты. Бұл жылқы
тұқымы түркмен халқының қазынасына жатады. Тіпті, ең ежелгі
жылқы тұқымдастараның санатында. Шамамен алатын болсақ,
б.ғ.д.
III-IY
ғасырларда
пайда
болған.
Ахалтеке жылқылары шапшаңдық жағынан дес бермейді. 1935
жыдары түрікмен салт аттылары Ашхабат пен Мәскеу арасындағы 4 мың 300 км-ді еңсеріп өткен. Бар-жоғы 84 күнде желіп
отырып, ең қиын өткел болып саналған Қарақұмды 3 күнде басып өткен. Арғымақ ыстыққа төзімді. Бұл тұқымның көп
бөлігі жойылып кеткен. Қазір оларды қолдан ұрықтандырып, көбейту жолға қойылған.
Жәуміт тұқымы.Түркіменстанның оңтүстік бөлігінде пайда болған, ең ежелгі тұқым. Ахалтеке тұқымына қарағанда жәуміт
тұқымы қайырымды. Бастары дәу, мойындары төмен, аяқ қолы мығым келеді. Жүрісі аса жайлы. Қиындықты талғамай-ақ,
кез келген ауа райына төтеп береді. Олар Ашхабад-Мәскеу аралығындағы жарыста 800 шақырым жерді 7 күнде тәмәмдап
отырған.
Қарабайыр тұқымы.Орталық Азиядағы ежелгі тұқым. Отаны - Өзбекстан. Әдебиет зертеушілерінің айтуынша, Өзбекстан
бір кездері «даван арғымақтарымен» алыс шалғайларға танымал болған. «Қарабайыр» сөзінің мағынасы «қолда туып өскен»
дегенді білдіреді. Екіншілердің пікірінше - "жүк артылатын көлік", үшіншілер - "қарабайыр" - "араб жылқыларының
буданы" дейді. Қарабайыр жылқыларының болмыс бітімі бөлекше. Бас бөлігі төмен, қысқа мойынды, өнегелі жылқылар
қатарынан. Арбаға жегуде таптырмас көлік ретінде саналады.
Араб тұқымы.Жаратылысы бөлек, аңызға айналып кеткен «АРАБ» жылқысының орыны ерекше. Европалықтар бұл
тұқымды ерекше жоғары бағалайды. Көрмелерде орын берген. Бұл тұқым үлкен атақтарға ие. Жаратылу табиғатының өзі
мифтермен араласып жатады. Кезінде еуропалықтар бір араб жылқысының құнының өзін өте жоғары бағалаған. Жер
шарының кез келген елі жылқы шаруашылығында араб жылқысын қажет қылған. Ол таза қанды ағылшын, американ, венгер
жылқыларының пайда болуында біршама үлес атқарған.
«Таза қанды» салт атты тұқымы. Бұл тұқымның жылқылары жүйріктік тұрғысында ешкімге дес бермейді. Сол үшін де
бұл тұқымның жылқылары алтыннан да қымбат келеді. Аталған тұқым XYII ғасырда Англияда пайда болған. Басқа да
тұқымдардың пайда болуына үлкен ықпал жасады.
169
Салт атты тұқымның бойлары ұзын болады. Қозғауыш күштері аса жоғары. Өте қуатты, сезімтал саналады. Кей кезде
еркеліктері шектен шығады екен.
Қазақ тұқымы. Жазиралы даланың бойындағы қазақ жылқылары аласа болып жайлып жүргенмен, шабыс жағынан
келгенде ешкімнен кем түспейтін.
Олар күніне үзіліссіз 70 шақырымды емін-еркін еңсеріп отырады. Ашық аспан астында, кез келген температурада көнбістік
көрсетеді. Әрі шөп талғау дегенді білмейді де. Бұған қоса, жергілікті тұрғындар арасында ұлттық ат жарыстарында
табандары қызады. Қазақ жылқылары сүт өнімін көп береді. Қазақ жылқысы бірнеше түрге бөлінеді.
Соның бірі - Адай жылқысы. Адай жылқысы түрікменнің текежәуміт арғымағымен будандасқан делінеді. Ертеде
түрікменнің «теке» руы «жәуміт» руына қарсы соғысқанда, өздеріне болысқаны үшін текелер адайларға бір сұлу қыз бен
жүйрік ат берсе керек. «Қыз жақсысы мен ат жақсысы теке түрікменде» деген сөз сонан қалса керек-ті.
Қостанай тұқымы. Жергілікті қазақ жылқыларының дон, орлов, т.б. тұқымдарымен будандасу арқылы, Челябин мен
Қостанай облыстарында дүниеге келген. Қостанай жылқылары қандай жағдай болмасын алғыр, еңбекте төзімді болып
келеді. Қазақтың ұлттық спорт ойындарында жарысқа жиі түседі.
Алтай тұқымы.Осы өлкенің ең атақты тумасы болып саналады. Олар аласа болғанмен, ат үсті жүрісінде, таулы өлкелерді
саяхаттауда ерекше көзге түседі. Тұрқылары мығым, салмақты, ширақ болып келеді. Сол үшін де үйірге жиі қосылып
тұрады.
Соғыс алаңында жүретің жігерлі жылқылар «ДОН» тұқымы деп аталады.
Олар өте қатаң ережелерге бағынып, жаздың аптап ыстығында, қыстың қақаған суығында төзімді болады.
Қорытынды
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсақ, қазақ халқы жылқыны жеті қазынаның бірі санап, оны киелі деп есептеп
жыл қайыруда жетінші орын берген. Сонымен қатар, жылқыға елтаңбасынан ойып тұрып орын берген. Қанатты тұлпар —
қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас
талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес
өмiрдiң бейнесi.
* * * * * * * *
КАКТУС ГҮЛІНІҢ ПАЙДАСЫ
Пәрпі Бейбарыс Асқарұлы. 4 «А» сынып оқушысы,
«№2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі» КММ
Жетісай қаласы, Мақтарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.
Пән мұғалімі: Серимова Раушан Керімбайқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Өсімдіктер-тірі организм, олардың сан алуан түрлері түрлі ортада тіршілік етеді. Ғалымдардың
есептеуі бойынша жер бетінде тек гүлді өсімдіктердің ғана 300 мыңға жуық түрі өседі.
Кейінгі кездері мектеп, балабақша, салтанат сарайында, әсем ғимарат орындарында гүл өсіру
мәселесіне аса мән берілетінін көріп жүрміз. Түрлері де көп. Ендеше гүлді тек жердің көркі деп
түсінбей, үй жайларда өсіріп, шұғылданумен айналыссақ еш артықтық етпейді. Оларды аялап,күтсең оның да саған деген
пайдасы болмақ. Адам баласының өсімдік өсіруге ерте кезден-ақ әуестенгені бізге мәлім. Өсімдіктерді бірнеше мақсатпен
өсіреді, соның бірі-бөлме өсімдіктерінің сәндік мақсатта өсірілуі. Бөлме жағдайында өсірілетін өсімдіктердің басым
көпшілігі Еуропадан, Африкадан, Азиядан, Австралиядан, Американың тропиктік және сутропиктік аймақтарынан
әкелінген. Сондықтан да бөлме өсімдіктерінің алатын орны ерекше. Соның ішінен ине тектес кірпіге ұқсап қалған
кактустарды алайық. Кактус тікенекті, жуан және ерекше өсімдік
Кактустың түрлері, оған сипаттама
Толық әрі инелі кактус басқа өсімдікке ұқсамайды. Америка ашылғаннан кейін, осы жабайы өсімдікті Еуропадан
әкеле бастады, Петербургте бірінші ботаникалық бақ ашылды.
Бұл инелі жабайы өсімдіктер құрғақ, ашық, суы аз жерде өмір сүреді. Кактустың инелері жерге түссе, сол жерге кактус
өсіп шығады. Оның бойы толған су. Бұл өсімдік суды бойында ұстайды. Өсімдік тамырлары арқылы маңайындағы суды
өзіне тартып алады. Жерге түскенде жылдам тамырланады. Кактус ауаға ылғал жібермес үшін жуан қабықпен қапталған. Ең
үлкен кактустың іші 2000 литр суға толы болады. Жануарлар үшін жақсы азық болып табылады.
Инелері көлемі жағынан әр түрлі болады: дөңгелек, түзу, жалпақ, имек әрі жұмсақ . Олардың ұзындығы 1 мм-ден 25
см-ге дейін. Инелердің қорғанудан басқа тағы бір белгісі-ауадағы ылғалды жұту.
Кактустың мынадай түрлері бар:
1.Перескии кактусы
2. Опунций кактусы
3. Нотокактус
4. Дөңгелек қабырғалы кактус
5. Алып карнегия кактусы
6. Көпқабырғалы кактус
7. Селеноцерус кактусы
8. Карезон кактусы
Мексиканы кактустар мекені деуге болады.
Перескии кактусы Мексикада, Индияда өседі. Оның тұқымы ішінде өседі. Перескии кактусының ағаш тәрізді сабағы,
жапырағы және инелері болады. Опунциидің жапырағы ұсақ 2-5 мм. Олар өте шырынды. Көктемде өте қысқа мерзімге
пайда болады., одан кейін солып жерге түседі Опунциидің тұқымы ішінде өседі. Кактусты өте ертеде медицинада
170
пайдаланады. Ол-ревматизм, жүрек ауруына ем. Кактус гүлдері өте әдемі, ал кактустың өзі әр түрлі әрі қызық. Көбінесе бұл
өсімдікті үйде өсіреді.
Осы қызық өсімдік біздің үйімізде гүл ыдыстарына қатып қалған сияқты. Олар өте баяу өседі, сирек гүлдейді. Оларды
тіпті суармай-ақ қоюға болады. Бұл жасыл дөңгелек тікенекшелер өмірге бейімсіз түр танытады. Бірақ осы сүйкімсіз
өсімдіктер кенеттен, күтпеген жағдайда гүлдейді.
Опунция Мексиканың гербін әрлдендіреді.
Нотокактустың өне бойына бір мезетте бір немесе көп жұлдызға ұқсаған гүлдер шығады. Көп жылдық жаңғақ тәрізді
дөңесқабырғалы кактусты әдемі, бірнеше ашық әрі нәзік гүлдер шығып әшекелейді.
Кактустар түсіне, көлеміне қарай әртүрлі. Ең ірі кактус-селеноцерус, оның ұзындығы-24 см. Оны кактустардың ішінде ең
әдемесі деп «Түн патшасы» деп атайды. Оның ақ гүлдері түнде ашылып, күн шығысымен қайта жабылады. Кактустар баяу,
жылына 2-3 см-ге өседі.
Кактустың көптеген түрі Перу, Чили; Аргентина шөлді далаларында өседі. Кактустың көбінде хлорофил болады.
Тікенектерінің ұзындығы
25 см-ге дейін жетеді. Ол өсімдікті күннің көзінен сақтайды, жоғарғы жағына ылғал жинайды.
Кактустың ерекше жері: тікенегі, сабағы, гүлінің іші шырынға толы болады. Олардың ареолдар дейді. Ареолдар
кактустарда ғана болады. Олардың ерекшелігі осында. Олар ауаның ылғалын жұтып, одан жерге түсіп бекиді және
осылайша көбейеді.
Кейбір кактустың инелерін кей жерлерде тарақ, щётка ретінде пайдаланады. Карезон кактусы қан тоқтатуға
көмектеседі,өйткені шырын кесілген қан тамырларын жабады. Кактустың кішкене бөлігін таза пышақпен кесіп ал да, оны
жараның бетіне салып, қатты қысып тұрыңыз. Қан тоқтаған кезде кактусты жараның бетіне салып, жалпақ матамен қысып
таңып тастаңыз. 2—3 сағаттан соң таңуды алып, жараны қайнаған сумен және сабынмен жуып тазартыңыз.Кактус
шырынын жараны тазарту үшін де пайдаланады.
Америкалық селекционер Лютер Бербанктің еңбегі.
Кактус өсімдігі бізде тек оранжереяларда әсемдік және үй өсімдігі ретінде ғана өсіріліп келеді. Алайда, кейінгі жылдары
бұл өсімдікке халықтың қызығушылығының артқаны сондай, бұған арналып толып жатқан кітаптар шықты. Кактус өсіретін
мекемелерге әуесқойлардан күніне ондаған хаттар келіп түсіп жатады. Халықты соншалықты қызықтыратын мұның қандай
қасиеті бар? – дейсіз ғой. Мұның адам қызығатын қасиеті көп.
Бәрі ретімен ...
Кактустың бірінші қасиеті – пішінінің құбылмалылығы және түрінің көптігі. Біз көріп жүрген оранжереяларда өсетін
кактустардың өзінен-ақ мың құбылған түрлері мен формаларын кездестіруге болады.
Ұшы – қиыры жоқ түстік Американың бұл сахарасының қай түпкіріне барсаңыз да денесін тік көтеріп, маңғаздана өсіп
тұрған өсімдікті көруге болады. Бұл – цереус деген кактус. Биіктігі жиырма метрге жететін бұл кактустың жерді жарып
шыққан етжеңді бөлігі орта шеніне барып, қайтадан жуандап кетеді.
Америкалық селекционер Лютер Бербанк бес жылдан аса уақытын жер жүзінен кактустың көптеген түрлерін жинап,
оның биологиясын зерттеп, будандастырудың әдісін ойлап табуға жіберді. Бірақ, ғалымды жұмыстың ең қиыны алда күтіп
тұр еді. Бұл жөнінде ғалым кейін былай деп естелік жазды: « Бес жылдан аса уақыт бойы кактустың гүлдеу кезін зерттеу
мен үшін күні – түні бірдей азап болды. Әлденеше рет енді кактуспен жұмыс істемеспін деп шын жүрегіммен бекіндім. Сол
кездегі өз жағдайымды еске түсіріп отырып, сол жұмыстарды қайталап шық десе, ешуақытта келісім бермес едім ».
Ғалым он мыңнан аса кактус өсімдігімен күні – түні жұмыс істеді. Толып жатқан қиындықтар ғалымның жолын кес –
кестей берді. Мысалға, кактустың тозаңдануы күннің ең ыстық кезінде жүреді және бұл кезде гүлі
15 минут қана ашық тұрады. Ал, аптап ыстықта әр гүлдің ашылуын аңдып тұрып, мыңдаған гүлді қолдан тозаңдандыру
керек. Бұл ғалымның қанша уақытын алып, жүйкесін жұқартқандығы өзінен - өзі түсінікті.
Ақырында, ол тікенексіз кактустың өте құнды буданын алды.
Кактустың мал азығындық сапасына келсек, ол өте жұғымды. Шөл, шөлейт жерде бұл қуатты кактуспен тамақтанған ірі
қара, шошқа және үй құстары ешуақытта су іздемейді, тез салмақ қосады. Себебі суы да, жемі де сол кактустың ішінде. Бір
қызығы, бұл жануарлардың еті де айрықша дәмді болады. Бербанк қарусыздандырған Опунция кактусы басқа туыстарына
қарағанда, өте ыстық кезде отырғызғанды жақсы көреді. Мамыр мен қыркүйек айларының арасындағы ыстық және құрғақ
кезде олар жақсы көбейе алады.
Өсімдіктің денесінің қай жері болсын: мейлі ол сабағының бір түйірі, гүлі, тіпті жетілмеген жемісінің өзі жаңа жерге
отырғызылғанда өсіп кете береді. Бербанк тіпті оның еденде, асханадағы пештің үстінде де өсіп тұра бергенін байқаған.
Опунцияның бір түйірін салқындау кезде отырғызу керек болса, оны аздап кептіріп алса болды өсе береді. Ал
отырғызатын өсімдікті қалай болса солай: қырынан да, жатқызып та, тігінен де, көлденеңінен де отырғыза беруге болады.
Бұл кезде топырақтың тереңдік тәртібін сақтаудың түкке қжеті жоқ. Кактустан жиналатын жасыл массаның жартысына
жуығы – оның жемісі. Ашық қызыл түсті өте әдемі жемісінің дәмі инжирдің дәміне ұқсайды. Оны жастай да, консервілеп те
жейді, джем және варенье жасайды. Алынатын пигменті құнды бояу заты ретінде кондитер және балмұздақ өндірісінде
пайдаланылады. Опунцияның денесінде тіршілік ететін өте кішкентай кошенин құрты да іске жарайды. Оларды кептіріп
қойса, ашық қызыл түсті, өте құнды – кармин деген бояу зат алуға табылмайтын шикізат көрінеді
Міне, тентек кактустың сыры осындай екен.
Кактусты күту әдістері.
Ине түктес кірпіге ұқсап қалған кактустар өзінің әсем гүлдерімен әрі
төзімділігімен ерекшеленеді. Кактустар әр түрлілігімен адамды өзіне баурап
тұрады. Бұл өсімдіктерге аса күтім қажет. Формасының түзу сақталуы үшін
жарық көп түспей, топырағы қалыпты температурада тұрғаны жөн.
Кактустар күздің соңына дейін жүйелі түрде өседі. Қысқа қарай оларды
жақсылап суарып көлеңке жерге қояды, сөйткенде ерте көктеммен бірге
көктейді. Қыс бойы өсімдік көлеңкеде тұрғандықтан оны күн сәулесі көп
түсетін жарық жерге бірден қоймау керек. Кактустарды сәуірдің басына дейін
сусыз ұстаған жөн. Ара – тұра дымқылдандырып отырғанымыз болмаса,
171
наурыздың ортасынан бастап қана жақсылап бір суарып алып, содан соң бірте – бірте суды азайту керек. Бұл өсімдікті
тұқым сеуіп отырғызуға да болады. Негізінде кактустарды ақпан мен наурыздың аралығында отырғызған жөн. Терең, кең
ыдысқа отырғызу дұрыс емес, мұндай ыдыстан ыстық леп шығып, буланып тұрады. Қыш ыдыстан гөрі пластик ыдысқа
отырғызған жөн.
БӨЛМЕ ЖӘНЕ ОРАНЖЕРЕЯ ӨСІМДІГІ РЕТІНДЕ ҚҰРМЕТКЕ ИЕ БОЛҒАН
ӨСІМДІК
Бөлмеде өсетін өсімдіктерге жақсы күтім керек. Бұларды дұрыс суару, топырағын
қопсыту, таза ұстау, үстеп қоректендіру, берілетін тыңайтқыштардың мөлшерін, түрлерін
білу - әрбір оқушының міндеті.
Жасыл өсімдіктер және солар арқылы табиғаттағы зат алмасуы жер бетінде тіршіліктің
болуын қамтамасыз етеді. Жасыл өсімдіксіз жерде тіршіліктің болуы да мүмкін емес.
Қазақта « Бір тал сындырсаң, он тал ек » деген өсиет бар.
Қоршаған ортаны ластанудан сақтау үшін техникалық құралдарды жетілдірумен бірге
өсімдіктерді кеңінен пайдаланудың тиімді екені келтірілген мысалдардан айқын көрінеді.
Өсімдіктердің адамға тигізер пайдасы сан алуан. Олар тамақ та, киім де, құрылыс
материалы да, мал азығы да болып табылады.
Әсіресе, өсімдіктердің денсаулық сақтаудағы ролі ерекше, олар көптеген ауруларға дәрі ретінде пайдаланылады,
сондықтан өсімдіктердің әрқайсысын бағалап, оларды қорғай білуіміз керек. Мысалы, кактус өсімдігіне тоқталсақ: мал
азығы да, су да, джем және варенье де, табылмайтын шикізат та бола алады. Кактус қан тоқтатуға көмектеседі,
өйткені шырын кесілген қан тамырларын жабады. Кактус шырынын жараны тазарту үшін де пайдаланады.Өзіміз
мекендейтін аймақты көгалдандыру арқылы өсімдік байлығын көбейтіп, өз денсаулығымызды сақтауға да үлес қосамыз.
Кактусты компьютердің қасына қояды.Өйткені кактус электр қуатын өзіне тартып алып біздің денсаулығымызға зиян
келтіруден қорғайды.Сондықтан әрбір мектеп оқушысы жасыл желектердің досы болуды өзінің адамгершілік борышы деп
қарауы керек.
Сөзімнің соңында кактустың осыншама қызықты жайлары мен пайдасын білгеннен кейін сіздерді де кактусты жақсы
көруге, оны күтіп баптауға шақырамын.
* * * * * * * *
«ҚАЗАҚТЫҢ ОЮ – ӨРНЕГІНІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ ДЕҢГЕЙДЕ ЗЕРТТЕУ. ЭВОЛИУЕНТТІ СПИРАЛІ»
Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылы
«№8 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
6 «А» сынып оқушысы Абылқазы Нұрасыл
Ғылыми жетекшісі: бейнелеу өнері,
сызу пәні мұғалімі Кулиева Саян Узанкуловна
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен ою – өрнек өнері қайта жаңғырды. Тарихи материалды зерттеу және
оны саралау қазіргі Қазақстан дизайны мен өнерінің дамуына түрткі болды. Жаңа тәуелсіздік мемлекеттің пайда болуы
Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін жасауды міндет етіп қойды. Қазақ халқының ою – өрнек өнері сәндік- қолданбалы
өнерде ерекше жарқын көрніс тапты.Киіз және мата кілемдер, былғары, ағаш және зергерлік бұйымдар мен киімдер алуан
түрлі ою – өрнекпен әшекейленді. Қазақ халқында ою – өрнек екі сөзден құралып, ою – қию, ал өрнек – тікелей өз
мағанасында қолданылады. Шеберлер ерекше бағаланып, олардың еңбектері ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды. "Ою-
өрнектер — халық өнерінің үлкен бір саласы. Ұлттық өнердің ерекшелігі осында. Халық арасында осындай өрнегімен әйгілі
өнерлілеріміз көп. Қазақтың ою-өрнек өнерін ғылыми негізде зерттеу ісімен мамандар көптен бері шұғылданып келеді.
Еліміздің этнограф-тарихшылары мен өнер зерттеушілері дайындаған еңбектерінде ою-өрнектің түрлері, атаулары, шығу
тарихы туралы көптеген құнды деректер жинады. Қазақтың ою-өрнек өнерінде кездесетін әртүрлі саздағы (мотивтегі)
элементтер көп ғасырлар бойы сұрыпталудан өтіп, әр шебердің өзінше өзгеріс ендіруінің арқасында бір түрден екінші түрге
ауысып отырған. Ою жасаушылардың творчестволық еңбегінің арқасында зооморфты саз өсімдіктер тектес сазға,
геометриялық саздағы элементтер — зооморфты, немесе өсімдіктер тектес сазға т.с.с. ауысып отырған. Бұл жағдай қазақ
ою-өрнек өнерінде бірнеше элементтермен-ақ шахматтағыдай мыңдаған түрлі композициялық варианттарды жасауға
болатындығының дәлелелі. Сонымен қатар қазақтың ою-өрнек элементтерінің керемет икемділік ерекшелігі де бар. Бір
композицияның ішінде әртүрлі саздағы бірнеше элементтер бір-бірімен тұтаса бірігіп, бір бүтін аяқталған ою
композициясын құрайды.
Сурет өнері бері келе, мұсылман діні күшіне енген кезде Орта Азия, Қазақстанда біраз дағдарысқа ұшырады. Енді
стилизациялы - абстактілі ою – өрнекпен бейнелеу дамыды.Айнала қоршаған ортаны, тіршілікті, табиғат құбылыстарын,
ұшқан құс пен жортқан аңды, дала мен тауды, тіпті адам бейнесін де оюға айналдырып, қиял тереңінен ғажайып ертегідей
өнер туындады.
Халық шеберлері адамның қайғысын да, қуанышын да ою – өрнек арқылы жеткізіп отырды. Сондықтан да халық бұл
өнерді қазіргі күнге дейін қастерлейді әр үйдің төрінен орын алатын ең асыл байлығы болып саналады.
«Мүйіз» тектес ою-өрнектің полярлық координатасы
Қозғалмайтын О нүктесінің жазықтықта бір қалыпты бұрыштық жылдамдықпен (v) қозғалатын m нүктесі полюс деп,
ал бағытталған түзуді поляр деп есептесек, онда Архимед спиралінің полярлық координатадағы теңдеуі: P=a түрде
болады. а=v\\ᾶ тұрақты шама.Архимед спиралі бірінші ᾶ < 0 мәніне,екінші ᾶ > 0 мәніне сәйкес екі тармақтан тұрады.
Көрші екі тармақтан радиусы-векторы бойынша алынған ара қашықтығы барлық тұрақты шама болып,ол A(ᾶ +2)-
a=2a
Айырмасына тең болады. (1 сурет)
172
1 сурет
Физика мен сызу пәнін байланыстыра отырып сызу практикасында машиналар мен механизмдердің жекелеген
элементтердің тұрпатында, сондай –ақ құрыылыс элементтерінің құрылымында жазық қисық сызықтар кездеседі.Бұл
қисық сызықтарды орындалу әдісіне қарай екіге бөлінеді: олар шеңбер доғаларынан құралатын қораптық қисықтар
және нүктелер бойынша тұрғызып, контурын сызбаүлгімен сызатын сызба үлгілік қисықтар көп кездеседі.Мысалы
Овоид – бір симметриялы осі бар овал.(2 сурет) Овоид негізгі шеңбердің диаметрімен немесе радиусымен беріледі.Осы
шеңберге қарсы тағы бір радиус жүргізетін болсақ онда бізде бір овоид шығады.Енді осы овоидтың төменгі жағынан
кері қарай полярлық координата жүргізіп,екі ості диаметрді немесе радиусты бір-біріне қоссақ бізде мүйіз тектес ою-
өрнек шығады,бұның радиусы 20
о
тең болады,шығып тұрған овоид немесе мүйіз тектес ою-өрнектің радиусы 40
о
тең
болады.(3 сурет)
2 сурет 3 сурет
Халық шеберлері мүйіз өрнегінен сан қилы мәнерлермен құбылта,бірінші элементке екінші,үшінші элементтерді
қосып,толықтырады да,құлпырған әдемі де мазмұнды композиция жасайды.(4 сурет)
4 сурет
Бастапқы кезде осы орайды шығару үшін x;y осін сызып,координаталар жүйесін қарастырамыз.Орай –бірнеше
центрден шығатын әртүрлі радиусты бірнеше доғадан құралатын пішіні спиральға ұқсас жазық қисық сызық.Осы
орайға жанама доғалар жүргізіп,бастапқы жүйесіне қосқан кезде бастапқы қалпына келеді.Осы кезде мүйіз тектес ою-
өрнектің полярлық координатасы арқылы шығады.Енді келесі бөлігін x осінің оң жағына (сол жағындағы сөздерді
қайталап айту керек.) X осінің оң және сол жағы y осін қаттырақ басып сызсақ қазақтың ұлттық ою-өрнегі дәлелденеді.
(5 сурет)
5 сурет
Сәндік - қолданбалы өнер
Сәндік – қолданбалы өнер дегеніміз эстетикалық мәні жағынан маңызды әрі көркем түрде өндірісте немесе қолмен
бұйымдар жасау. Сәндік -қолданбалы өнер эаттарды көбіне ұлттық нақыштармен көзге түседі. Осы арқылы біз
халқымыздың ерекшелігін көре аламыз. Әрбір зат тек әшекей ретінде ғана қолданылмайды. Сондай – ақ шебер өзінің
дүниетанымын, өмірдегі құбылыстар туралы көзқарасын білдіріп, эстетикалық талғамы мен шеберлігін көрсете алады.
Халықтың қолданбалы өнерінен үйренеріміз көп, ол әмбебап, өзіндік ерекше қасиетке ие өнер.Бұл қасиетті қазақ
өнерімен таныс емес шетелдіктер де бір қарағанда түсініп,бағалайды.Халық өнерінде графикалық, сәндік өнердің
сызықтық,түстік шешімдері және бейнелеудің жазықтықта орналасуының орынды мысалдары көрініс тапқан.Ою-
өрнек нақыштары қолды жаттықтыруға, суретшінің ойын, қиялын ұштауға таптырмайтын құрал-әдіс,тамаша-
мектеп.Ою-өрнек суретшінің қолының икемін,әсем қимылдауын, сызықтың әдемі де айқышты болып сызылуын
қалыптастырады.
«Тұйық» оюы ел қорғаған батырлардың иығы мен қалқанына, аузы дуалы билердің жауырын тұсына тұйық оюы
салынған.Тұйық оюы бақыттың, достықтың, шексіздіктің,мәңгіліктің айғағы.
«Тоғыз төбе» –ең көне ою түрі.Айша бибі күмбезінің кірпіштерінде кездеседі.
«Өркеш»- түйенің өркешін бейнелейді.Береке, бірлікті, көбеюді білдіреді.
173
«Қос мүйіз»-қойдың,сиырдың, ешкінің мүйізін бейнелейді.
«Ырғақ» ,«ілмек» деп аталатын оюларды да қосмүйіз дейді.
«Жыланбас» немесе «жылан» –бабаларының тақиясына көз тимесін деп тағатын ою.Жыланның бейнесін білдіреді.
«Қостұмарша» –эстетикалық тұрғыдан элемент ретінде қолданылады.
«Тіс» немесе «ит тіс»–аңның, малдың тісіне ұқсас.
«Таңдай» –малдың таңдайының бедерін бейнелейді.Киімнің жағасына , кимешекке салынды.Түркі тілдес халықтардың
барінде бар.
«Итқұйрық»-киіз бұйымдарында,сүйек пен ағаштан жасалған заттарда кездеседі.
«Тұмарша»-бойтұмар ретінде тағылады.Киізден жасалынған заттарда кездеседі.Ұшбұрыштіл – көзден сақтау үшін
бойтұмардың сырты ретінде қолданылады.
Халқымыздың шебер оюшы болуы,оюдың астарында үлкен ой жасыруы арман мен мақсатқа жету ниетінен
туындаған.Халқымыз жазу,сызу болмаған заманда өнермен армандай білген халық және сол арманы орындалып,
ұрпағы қазіргідей кең заманда өмір сүруде.
Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің гүлдене түсуі өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен
мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктігі мен білімділігін талап етеді.Осыған орай
Қазақстан Республикасының білім беру мен тәрбиелеу саласында түбегейлі жағару жағдайы –бүгінгі таңда халықтың
дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап,зерделеуде оның айналасындағы тәлім-тәрбие, мол тәжірибе негізінде жасөспірімдерді
тәрбиелеу қажеттігін тудырады.Сондай қажеттіліктің бірі –халықтың қол өнері оның ішінде ою-өрнек өнерінің тәлім-
тәрбие мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ, тәрбиесінде тиімді пайдалана білу болып табылады.
Бұл мәселенің нәтижелері жүзеге асуы жасөспірімдерді қазақ ұлттық ою-өрнек өнері бойынша толық білім
сапасы және оны оқушылардың тәрбиесіне пайдалана алу іскерлігі мен қабілетін қажет етеді.Оның үстіне қазақ
ұлттық ою-өрнек өнері өзінің бай тарихы,терең мазмұны.Сан қилы ерекшеліктері мен болашақ
азаматтарға,рухани,эстетикалық,эмоционалдық,интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп,оларды тұлғалық және сапалық
қасиеттерін дамыта түсетін сөзсіз.Өйткені жоғарыда көрсетілген мүмкіндіктері мен басқа қазақ ұлттық ою-өрнектерді
қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің барлық түріне қатысады.
* * * * * * * *
Достарыңызбен бөлісу: |