Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Гумилев Л. Көне түріктер. (ауд. Ә.Жұмабаев, П.Бейсенов). Алматы, 1994.
4-5 бб.
2.
Қазақтар – казахи. Тарихи тұлғалар. 2 Т. 2003. 26, 30, 65, 72 бб.
3.
Дербісалиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы, 1995. 12,
176 бб.
4.
Маркс К., Энгельс Ф. Таңдамалы шығармалар. 2 Т. 19 б.
5.
Қазыбайұлы С. XV-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. (Жыраулар
поэзиясы). Ақтөбе, 2004. 27, 160 бб.
6.
Нұржекеұлы Б. Жүз тұңғыш. Алматы, 2005. 205 б.
* * *
В статье отражена история становления и развития казахского
политического мышления.
122
ӘОЖ 9(57)
Б.Қ. Бірімжаров
Тарих ғылымдарының докторы,
М.Өтемісов ат. БҚМУ профессоры
А.С. Байболсынова
Тарих ғылымдарының кандидаты,
Орал қ.
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІЛІК ИДЕЯ ЖӘНЕ БӨКЕЙЛІК
ЗИЯЛЫЛАР
«Тарих - халықтың зердесі, ол содан қуат алады, ол
содан әлеуметтік шығармашылыққа, жарқын болашаққа
бастайтын шабыт алады. Ал тарихқа ден қоюдың күшейе
түсетін себебі - адамдар өткеннен бүгінгі күнге ұқсастықтар
іздейді, одан бүгінгі күн проблемаларының шешімін тапқысы
келеді».
Зиялы тарихшы К.Н.Нұрпейісов «Ұлттық рухтан
айрылған халық ел болудан қалып, жігерсіз, еріксіз тобырға
айналмақ. Басқаның құрығына мойынсұнып, оның жетегінде
кете бермек. ...Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы,
оның әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесіне айналу
ұлттық рух пен ұлттық сананың қоғамымыздың дамуының
қуатты күшіне айналуына жол ашады» [4, 21]-дей отырып,
қазіргі қоғам жағдайында қазақтың ұлттық ділін бойына
сіңірген салауатты ұрпақтың өсіп-өнуі үшін жағдайлар жасау
қажеттігіне баса назар аудартады.
Мемлекеттік
ұлттық
мүдделерді
көтеру
мәселесі
ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы ұлттық зиялыларының
қалыптасу үрдісімен астасып өрбіп жатты.
Олардың бірқатар бөлігі еуропалық білім алғандар еді.
Олар шығыстың ұлттық қозғалысының ғана емес, сонымен
қатар Батыстың буржуазиялық революцияларының да
ықпалын, патша режиміне оппозициялық пиғылдарындағы өз
отандастарының үдей түскен қысымын бастан кешірді.
1905-1907 жылдардағы революциядан кейін Ресейдегі
123
мұсылмандардың, соның ішінде түрік халықтарының
қозғалысы жаңа қарқын алды. Мерзімді баспасөздің пайда
болуы мен дамуына капитализмнің, тауар-ақша
қатынастарының, көлік пен байланыстың дамуы да,
әлеуметтік жағдайлардың шиеленісуі, өлкені одан әрі отарлау
да себепші болды. Туып келе жатқан ұлттық біржуазияның
үстемдік етуші орыс буржуазиясымен бәсекесі, шетел
капиталының енуі білім беру, баспасөз және байланыс жүйесі
реформасының қажеттілігі туды. Ең алдымен, қазақ халқының
отаршылдық шеңгелінен шығуының амал-айлаларын іздестіру
басты проблемаға айналды.
1905 жылғы оқиғадан кейін Ресейде сөз бостандығы,
ұлттық мүдде жолындағы күрес шарықтау шегіне жетті.
Орыс тарихында революциялық күштер өзінің соңғы
мүмкіндіктерін
пайдаланды.
Олардың
арасында
Қазақстандық және қазақ ұлттық зиялылар болашақ Алаш
партиясының да көптеген өкілдері болды.
Қазақстандағы алаш қозғалысы дүниежүзілік ұлт-азаттық
қозғалыстың өзекті бөлігіне айналды. Ал осы кездегі ұлттық
зиялылар өкілдерінің қалыптасуында маңызды орын алған,
оларға ақыл-кеңес беріп, саяси-қоғамдық тұлға ретінде
қалыптасуына зор үлесін қосқан Бөкейордалық тарихи
тұлғаларды да атап өткен жөн. Олардың бірі де бірегейі -
Мақаш Бекмұхамедов - Жәңгір мектебін үздік бітірген
түлектердің бірі, өзі де бірнеше шәкірттер тәрбиелеп, оларды
Ресейдің Санкт-Петербург, Саратов, Казань, Орынбор, Омбы
сияқты қалаларындағы ірі-ірі оқу орындарына жіберіп
оқытқан және оларға арнаулы стипендиялар төлеп тұрған.
Мәселен, кейін Ордада уақытша Кеңес төрағасының
кеңесшісі болатын Д.Қосуақов Қазан университетін, жоғарыда
айтқан Б.Құлманов Санкт-Петербург университетінің шығыс
тілдері факультетін, жеті түлек Стамбулдағы діни семинария
бітіреді. Ал, Ғабдолғазиз Мұсағалиев деген жас Мысыр
шаһарындағы дарулфанниннің (университеттің) толық
курсын, тағы да бір университетті бітіріп, шығыстың сегіз
тілін меңгерген.
Жәңгір мектебін үздік бітірген Мақаш Орынбор
қаласындағы Неплюев Кадет корпусына оқуға түскен соң
124
оларға шекаралық комиссияның төрағасы, шығыстанушы
ғалым (кейіннен Ы.Алтынсаринге де ұстаздық еткен)
В.В.Григорьев дәріс оқиды. Мақаш өзінің әріптес досы
М.С.Бабажановпен бірге ұстазының үйінде күн құрғатпай
болып, ғалымның бай кітапханасымен, әлемдік әдебиеттің
мол қорымен емін-еркін танысады. Онда Мақаш жалғыз
емес, қасында Бөкей ордасынан Шалабаев Сұлтан,
Саңғырықов Мырзағали, Ниязов Жүсіп, Жантөрин
Сұлтанмахмұд,
Бөкейханов
Арыстангерей,
Бабажанов
Мұхамед-Салық және Нұралыханов Зұлқарнай сынды ұлдар
болатын.
Мақаш 1852 жылы кадет корпусын тәмәмдаған соң елге
оралып, Орда қаласындағы Уақытша кеңесте тілмаш болып
орналасады да, арада бір жыл өткенде Каспий теңізінің
терістігіндегі 1-ші және 4-ші округтерді қоса (қазіргі Атырау
облысының қазіргі Құрманғазы, Исатай, Махамбет, Индер
аудандарының біраз бөлігі) басқарушы әкім қызметтерін
атқарады.
Бір айта кететін жайт – ол кезде Бөкей даласы бес
қисым (бөлік), екі округке (аймақ) бөлінетін. Солай бола
тұрса да, олардың қай-қайсысы да жалпы түрде ханға,
кейіннен Уақытша кеңеске бағынған. Бірақ әрқайсысының
жеке әкім-басқарушысы болған. Атап айтқанда, олар –
Тарғын, Қалмақ, Нарын, Қамыс-Самар, Талов бөліктері мен
Каспий жағалауындағы бірінші және екінші округтер. Мақаш
болса, соңғы екі округте түрлі жылдарда жеке-жеке де,
қосарлап та жарты ғасырға жуық басшылық еткен. Оны сол
кездегі Астрахань губерниясының жыл сайынғы жарық
көрген статистикалық естелік кітаптарындағы мәліметтер
дәлелдейді.
Мәселен, Мақаш 1886 жылға дейін (бірақ қай жылы
бастағаны белгісіз) екі округте қатар, ал 1886 жылдан бастап
екінші округте әкім болған. Бұл округтер территориясы
қазірше айтсақ, Исатай ауданының Таскран учаскесінен
Астрахань облысының Құмөзек ауданына дейінгі кең
алқапты қамтиды. Былайша айтқанда, оған Құрманғазы,
Исатай, Индер, Ресейдің Қызылжар, Володар аудандарының
тұтас және ішінара бөліктері кіреді.
125
1892-1897 жылдары Ордадағы Уақытша кеңестің
кеңесшісі болып, кейін зейнеткер атануына орай әкімшілік
қызметтен біржолата босайды. Бұл кезде оған патшалық
Ресей тарапынан жасауыл шені және «Әулетті дворянин»
деген құрметті атақ беріледі. Сондай-ақ өзі басқарған өңірде
денсаулық сақтау мен халық ағарту ісін ұйымдастырудағы
үлгілі қызметі үшін патшалы Ресейдің жоғары марапат
белгісі төртінші дәрежелі Қасиетті Владимир, екінші
дәрежелі императорлық тәжді қасиетті Станислав және
үшінші дәрежелі қасиетті Анна ордендерімен әр жылдары
марапатталды.
Егер нақты емес деректерге назар аударсақ, ол өз
өмірінде орыс патшасына сегіз рет өтініш хат жазып, үш рет
қабылдауында болған. Әрине, оның бәрі қандастарының
қамын ойлаудан туған іс болса керек.
Мақаш өмірінің соңғы 20-25 жылында халық ағарту ісі,
денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлген. Әр жылда
Қазанның, Уфаның діни медреселерін бітірген жастарды
шақырып, оларды ел балаларын оқыту үшін жалдаған. Елдегі
жиі бой көрсететін оба, сүзек ауруларының алдын алу үшін
Астрахань, Сарытау қалаларынан арнаулы маман дәрігерлер
шақырған, елде амбулаториялық бекеттер аштырған.
Сондай тұлғалардың бірі – 2007 жылы 160 жаcқа толған
Бөкей Ордасының билеушісі, қазақ мемлекеттілігінің
тарихында ең соңғы ханның санатындағы Жәңгірдің немересі -
Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев.
Шәңгерей ел ішіндегі азын - аулақ билік ісіне ертерек
араласқан. Шариғат заңын жетік білген, оған қоса орыстың
халық сайлап қоятын присяжный /азаматтық/ сотының
азаматтық істерді қарап, қазылық ететін мировой сотының іс
жүргізуіне тікелей араласқан тәржірибелі ақынның төрелігіне
іріңдеп у шыққан қиын даулар ғана берілген.
1917 жылы 10 қыркүйекте Ордада қазақ зиялыларының
жиналысы өткен. Онда ішкі және сыртқы мәселелер
қаралған. Оның ұйымдастырушысы атағы бүкіл аймаққа
әйгілі бөкейлік тарихи тұлғалар - Шәңгерей, Ғ.Қараш,
У.Танашев және Ниязов, т.б. болған.
126
1917 жылы 21-26 шілдедегі Орынбордағы бірінші
жалпы қазақ сьезіне Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу,
Сырдария, Ферғана облыстарымен қатар Бөкей ордасынан да
көптеген делегаттар қатысқан.
Ал, 1917 ж. 5 желтоқсан Орынбордағы екінші съезде
Бөкейліктер атынан Уәлитхан Танашев енеді. Съезге төраға
Бақтыгерей Құлманов болған. Осы съезде У.Танашев
Алашорда үкіметінің министрі болып тағайындалады.
1918 жылғы 8 маусымда Самарада құрылған Құрылтай
жиналысында Бөкейлік батыс Алаштық өкілдер қазақ
мүддесін
қорғауда
көптеген
мәселелерді
көтеріп,
талқылаған.
Бөкейлік Алаш Орда қайраткерлерінің бірі – Бақтыгерей
Құлманов 1857 жылы Бөкей Ордасына қарасты сұлтандар
отбасында
дүниеге
келген.
1881
жылы
Орынбор
гимназиясын, 1888 жылы Санкт-Петербург императорлық
университетінің шығыс тілдер факультетінің түрік-татар-
парсы разряды бойынша бітіріп шыққан. Шығыстану саласы
бойынша алғаш ғылым кандидатын алған қазақ ғалымы.
Оқуын бітірген соң 1889-1903 жылдарда Бөкей Ордасының
Қамыс-Самар бөлігінің правителі қызметін атқарған.
1903 жылы 22 шілдеде Бөкей Ордасын басқаратын Уақытша
Кеңеске казактар жағынан кеңесші болып тағайындалған.
Осы қызметте 1906 жылы зейнетке шыққан. Ресейдің І, ІІ
Мемлекеттік Думаларына Бөкей Ордасы қазақтары атынан
екі мәрте депутат болып сайланған.
1917 жылғы ақпан төңкерісінен соң Уақытша Үкіметтің
жергілікті жердегі комиссары әрі сол жылы 19-21 сәуірде
өткен Бүкілбөкейлік съезде құрылған Бөкей Ордасы Орталық
Атқару Комитетінің төрағалығына сайланады. «Алаш»
партиясы мен Алаш Орда өкіметінің белсенді мүшесі «Алаш
Орда» өкіметі төрағалығына үміткер саналады. Батыс
Алашорда бөлімінің белсенді басшыларының бірі болған.
Төңкерістен бұрын жоғары білім алған қазақ
жастарының көп болғанына архив құжаттары дәлел бола
алады. Басқаны айтпағанда тек Бөкей ордасынан шыққан
қазақ оқығандарының саны зерттеуші тарихшылар көрсеткен
екі пайыздан бірнеше есе асып түседі. Бұны жоғарыда
127
айтылған мәліметтер дәлелдейді. Осы кезеңдегі қазақ
зиялыларының ішіндегі елеулі, ірі тұлғалардың бірі –
Ғабдолғазиз
Мұсағалиев
(1888-1933
ж.ж.).
Ол
1904-1909 жылдардағы Египет мемлекетінің астанасы
Каир қаласындағы Университеттің заң факультетін бітірген
– заңгер.
Ғабдолғазиз Мұсағалиев – халқымыздың жарқын
болашағы мен ұлттық тәуелсіздігі үшін аянбай тер төккен ірі
тарихи тұлғалардың бірі. Оның әр салада атқарған қызметі
мен еліміздің бостандығы үшін ат салысқан игілікті істеріне
баға беретін болсақ, оның есімі қазақ халқының тарихында
ірі қоғам қайраткері, тұңғыш қазақ тарихшысы, публицист,
ағартушы-демократ, өзінің ой-өрнегі бар дарынды ойшыл-
философ және сегіз тілді жетік меңгерген, ХХ ғасырдың
басындағы жалпыдемократиялық ағымда болған
зиялыларының бірі.
Ол – орасан білімді абзал азамат. Көне шығыс елдерінің
өмірі мен қоғамдық болмысын шарлап, жүріп көрген, салтын
да жан-жақты білген десек қате болмас. Ол ХХ ғасырда
өмірін саналы, өнегелі өткізген, із қалдырған заңгер,
тарихшы, журналист, әдебиетші, халқымыздың саяси
санасын ағартушы, прогресшіл, демократияшыл Ұлы Қазан
революциясының идеяларын қолдаған азаткер.
Ғабдолғазиз Мұсағалиев ұлы мұхитқа жалғасқан Үнді
мұхиты арқылы жүретін кемемен бүкіл Африка, Азияны
аралап қайтады. 1909-1910 жылдары дүние жүзінде болып
жатқан ұлттық қозғалыстарды, әр халықтың тұрмыс-
тіршілігін танып-білу мақсатымен Үндістан, Пәкістан,
Индонезия, Жапония сияқты Шығыс елдерінде болады.
Бірақ, өкінішке орай, кейін Қазан төңкерісі кезеңінде
олардың бәрі жоғалып кеткен.
1911-1913 ж.ж. Орда, Орал, Астрахань қалаларында
Бақытжан Қаратаев, Ғұмар Қараш, Елеусін Бұйрин,
Шәңгерей Бөкеев, Сейтқали Меңдешев тағы басқа қоғам
қайраткерлерімен бірге «Қазақстан» атты қазақ халқының
газетін шығаруға, таратуға белсене ат салысқан. Бұл газет
1911 жылы 16 наурыздан Ордада, 15 қарашадан Оралда,
1912-1913 жылдары Астраханьда шығарылды. Сөйтіп,
128
Ғабдолғазиз Мұсағалиевтер «Қазақстан» газетінің тілшісі
қызметін қоса атқарған. Ғабдолғазиз Мұсағалиевтің Батыс
Қазақстан облысындағы профессионалды одақтың негізгі
басылымы «Қазақстанды» шығаруға ат салысқандығын
жасыру үшін Жетісуға осы газетті таратушы ретінде келуіне
себеп болды. Қазақтың тұңғыш журналы «Айқапты»
шығарушы және оның бас редакторы Мұхамеджан
Сералинмен де достық қарым-қатынаста болады. Қапалда
ағартушылық қызметпен тікелей айналыса жүріп, ол 1912-
1914 жылдары Алаштықтармен бірге «Қазақ», «Айқап»
сияқты ірі басылымдарда бірнеше мағынасы терең, көлемді
ғылыми-танымдық мақалаларын жариялады. Көтерген
мәселелері ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының өзекті
сауалдарына жауап беріп, мазмұнымен талай зиялыларға ой
салғанына таңданбасқа болмайды. 1917 жылдағы Ақпан
төңкерісін Ғабдолғазиз Мұсағалиев өте қатты қуанышпен
қарсы алады. Ақ патшаның тақтан құлауын қазақ халқының
отарлық құрсау мен ұлттық езгіден босанудың негізі деп
таниды. Білімді заңгер журналистік саланы да еркін
меңгерген. Өз елінде Ғабдолғазиз Мұсағалиев қоғамдық және
саяси қайраткерлердің бірі саналған. Ол прогресшіл,
демократияшыл пікірден аумай, берік ұстанған. Бұған дәлел
ретінде оның Россияда шығып тұрған «Шора» және
«Тәржіман» журналдарында, «Уақыт» («Вахт») деген татар
тілінде шығып тұрған газетінде татар тілінде жарияланған
бірнеше мақалаларын айта аламыз. Газет беттерінде
жарияланған қазақ халқын бостандыққа, теңдікке шақырған
идеялар мен үндеулер қазақ халқының ұлттық санасын
оятуға үлкен әсерін тигізіп отырды.
1917 жылы буржуазиялық-демократиялық революция
тұсында және Қазан социалистік революциясында
Ғ.Мұсағалиев пен С.Меңдешев революциялық демократтар
жағына шығып, қазақ еңбеккерлерінің қызығушылығын
қорғады. 1917 жылдың ақпан айында патша тақтан түсіп,
Уақытша үкімет құрылғанда Ғабдолғазиз Мұсағалиев
(«Ғ.Мусин» деген бүркеншік атпен) шілде айынан бастап,
129
Орал қаласында өзінің әріптестерімен қосыла отырып,
«Ұран» («Призыв») деп аталатын жартылай ресми газетті
шығарады. Ұлт істері Комиссариятының қазақ бөлімшесінің
Бөкей облысына көшуіне байланысты «Ұран» газеті Қазан
төңкерісінің мұраттарын насихаттайды.
1917 жылы желтоқсан айының басында Ғабдолғазиз
Мұсағалиев Алаш орданың ІІІ съезіне қатысып, ол
33 делегаттың бірі ретінде Алаш Орданың жетекші
өкілдерінің контрреволюциялық тактикасын сынға алады.
Бөкей ордасына 1917 жылы желтоқсан айында қайтып келген
соң, Ордадағы Революциялық Комитеттің құрылуын
жақтайды.
Сол Кеңестің І-съезінің 1918 жылы 13 мамырда өткен
қорытынды мәжілісінде Ғабдолғазиз Мұсағалиев төрағалық
етеді. Бұл мәжілісте Халық Комиссарияты туралы қаулыны
қабылдағанда, Бөкей губерниялық Халық ағарту комиссары
болып Сейтқали Меңдешев, оның бірінші орынбасарлығына
Ғабдолғазиз Мұсағалиев бекітілген болатын.
Міне, қазақ тарихындағы Алаш партиясы мен Алаш
Орда өкіметі тарихында Бөкей Ордасынан шыққан
қайраткерлер, ірі тарихи тұлғалар - М.Бекмұхамедов,
Шәңгерей Бөкеев, Бұйрин, Б.Қаратаев, С.Меңдешев,
Б.Құлманов,
Шафхат
Бекмұхамедов,
Ғұмар
Қараш,
Тұнғаншин, Ғ.Бөкейханов, Ғ.Мұсағалиев, У.Танашевтар
болып жатырған қоғамдық-саяси оқиғалардан қалыс қалмай
өзіндік үлестерін қосқан.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Богданов А. Наука об общественном сознании. Краткий курс
идеялогической науки в вопросах и ответах. Изд, 2 с. М, 1923. с 229.
2.
Абжанов Х.М. Формирование и судьбы казахской интеллигенции //
Мысль, 1992, №2. - с 84.
130
3.
Қазақстан тарихы (көне дәуірден бүгінге дейін) ІІІ том, А, Атамұра,
2002. 698-718 бб.
4.
Сүлейменов Ж. Ахмет Байтурсынов и его время // Мысль, 1996, №8, с 84.
5.
Тарихи тұлғалар. Тоғысбаева Б., Сужикова А. Танымдық-көпшілік
басылым. Алматы, «Алматыкітап», 2006.-376 б.
6.
Ахметов Қ.Ә. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан мәдениеті.
Алматы, 2002. -57 б.
7.
Аманжолов К. Түркі халықтарының тарихы. ІІІ кітап, Алматы: «Білім»,
1999, 328 б.
8.
Шоқай М. Таңдамалы. –Алматы: Қайнар, 1 т. 1998. 512 б. (153 б).
9.
Байтурсынов А. Революция и киргизы // Жизнь национальностей, 1919,
№29, 2 августа.
10.
Назарбаева Г., Әбжанов Х.М. Қазақстан: тарих пен тағдыр. Алматы:
«Кітап», 2003. -296 б.
11.
Қазақстан Республикасы әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасы.
Алматы: Қазақстан, 1993. -32 б.
12.
Мұхтар Құл-Мұхаммед «Алаш қайраткерлері» А., «Атамұра» 1998,
72-128б.б.
13.
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. А.,1999.
14.
Озғанбай Ө. Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан. А.,1987.
15.
Өзбекұлы С. «Арыстары алаштың» А., «Жеті жарғы» 1998, 129-142 бб.
16.
Рысқалиева Ф. «Қазақ зиялыларының азаматтық қайырымы» /Ақиқат,
2005, №4 57-58б.б./
17.
Рысбеков Т.З. Өскен өлке тарихы. Орал, 1997.
18.
Созақбаев С. «Каир университетін бітірген қазақ» /Жас Алаш,1992ж.
3 Маусым/.
19.
Сәулембекова М. «Ғабдолғазиз Мұсағалиев» /Қазақ тарихы,2001,№1,
42-47б.б./
20.
Тәжібаев Т. «Просвещение и школы Казахстана во второй половине
ХІХ века»
21.
Халид Құрбанғали «Тауарих хамса: Бес тарих», Алматы, «Қазақстан»,
1992, 239 б.
22.
Шәріпқали Т. «Өлкеден шыққан қазақ оқығандары» /Орал өңірі, 2000ж.
30 тамыз.
* * *
В статье рассматривается государственная национальная политика в
начале ХХ века и роль бокейской интеллигенции.
131
ӘОЖ 002(574.1)
Ә.Қ. Мұқтар
Тарих ғылымдарының докторы,
М. Өтемісов атындағы БҚМУ, Орал қ.
Қ. Сүндетұлы
Тарих ғылымдарының кандидаты, Атырау қ.
ОРАЛ БАСПАСӨЗІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
(1932-1938 ж.ж.)
Қазақстанның өз ішіндегі әкімшілік-территориялық
бөлініске байланысты 1928 жылы 17 қаңтарда Орал
губерниесі округтерге айналып Гурьев және Орал аудандары
құрылуымен, осы өңірге тарап тұрған «Қызыл ту» газеті
Жымпитыға көшіріледі. Мұның соңы Орал қаласы мен қала
төңірегіндегі қазақтар үшін өз ана тілінде газет оқуын қиынға
түсірді. Жергілікті халықтың ұсынысына орай 1930 жылы
21 қазан күні өткен Орал аудандық партия комитетінің бюро
мәжілісінде «Үлгілі ауыл» газетін шығару үшін редакциялық
алқа құрылып, газетті ұйымдастыру жұмысы басталып кетеді
[1]. Көп ұзамай 1930 жылдың 1 желтоқсаны күні аталмыш
газет жарық көріп, сусындап қалған жергілікті
оқырмандардың сүйікті басылымына айналады. Кейін
басылым 1931 жылдың 8 наурызынан бастап «Үлгілі кеңес»
атауына ие болып, қаладағы №194 Луначарский атындағы
баспаханада 1500 данамен басылды. Редакторлығына
М.Бекжанов қол қойып отырған.
1932 жылы 8 ақпандағы Қазақстанның жоғарғы
үкіметінің қаулысына сай Батыс Қазақстан облысы
құрылғанда, енді қайтадан осы дәрежедегі басылымды
шығару міндеті тұрды. 1932 жылы 6 наурызда өткен ВКП(б)
Батыс Қазақстан облыстық комитетінің ұйымдастыру
бюросының №5 мәжілісінде газет құру мәселесі талқыланып,
төмендегідей қаулы қабылданады (Түпнұсқа):
«Тыңдалды:
1. «Облыстық газеттерді ұйымдастыру».
а) Газеттердің атауын белгілеу.
132
б) Жауапты редакторларды беркіту.
в) Газеттің таралымын белгілеу.
Қаулы етеді:
а) Орыс тіліндегі газетке «Прикаспийская Правда» атауы
берілсін.
б) Қазақ тіліндегі газеттің атауын анықтап, келесі бюро
мәжілісіне дайындау ж.ж. Арықова, Ибраев,
Ақдәулетовтерге тапсырылсын.
2. Газеттің жауапты редакторлары тағайындалсын:
а) Орыс тіліндегі «Прикаспийская Правда» газетінің
редакторлығына ж.Шилкин (Александр -Қ.С.).
б) Қазақ тіліндегі газеттің редакторлығына ж. Ибраев
(жауапты редактор, кейін «Социалды Қазақстан»
газетінің тілшісі-Қ.С.).
3. «Прикаспийская Правда» газетінің №1 санын осы
жылдың 8 наурыз күні, ал қазақшасын 9 наурызға шығару
белгіленсін.
4. «Прикаспийская Правда» газетін алты күнде 5 рет, қазақ
тіліндегі газетті күнара шығару (алты күнде 3 рет) болып
белгіленсін.
5.
Аталмыш облыстық газеттер: ВКП(б) обкомы
ұйымдастыру
бюросының,
облатком
ұйымдастыру
комитетінің, облыстық кәсіподақ кеңесінің ұйымдастыру
бюросының, ВКП(б) Орал аудандық, атқару комитеттері
және аудандық кәсіподақ комитетінің үні болып табылсын.
6. «Прикаспийская Правда» газетінің көлемі 115x82
форматпен, таралымы 15.000 данамен және қазақ тіліндегі
газет осы көлемде, таралымы 10.000 дана болып
шығарылсын.
7. 1932 жылға газет шығару үшін қағаздың мөлшері орыс
тілінде: көлемі 115x82 форматқа 30000000 парақ немесе
90 тонна, қазақ тіліндегіге 750000 парақ немесе 2100 тонна
болып белгіленсін.
ВКП(б) Қазақстан өлкелік комитетіне КСРО Халық
Комиссарлар жанындағы баспа ісі комитетінен облыстық
газеттерді белгіленген мөлшерде қағазбен қамтамасыз етуге
ұсыныс беру сұралсын.
133
8.Облыстық газеттерді шығаруға бүгінгі бар газет
қызметкерлерінің күші жетіспейтіндігі атап көрсетілсін.
«Прикаспийская
Правда»
газеті
редакциясының
қарамағына жж.Маевский мен Руденко жіберілсін.
ВКП(б)
Қазақстан
өлкелік
комитетінен
газет
қызметкерлерінің негізгі құрамын жасақтауға, әсіресе қазақ
тіліндегі газет редакциясына мамандармен қамтамасыз ету
үшін сұраныс беру ж.Арықоваға тапсырылсын.
9.
Облыстық
мекемелердің
барлық
жетекші
қызметкерлеріне газет редакцияларымен тығыз байланыста
болып, аталмыш шаралардың жүзеге асырылуын жан-
жақты көрсету міндеттелсін.
ВКП(б) обкомы ұйымдастыру комитетінің хатшысы:
(Аммосов)» [2].
Арада екі күн өткеннен кейін, 8 наурыз күні болған
Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің ұйымдастыру
бюросының №6 мәжілісінде қазақ тіліндегі газетке «Екпінді
құрылыс» («Ударное строительство») атауы беріледі.
Көп ұзамай, ВКП(б) Қазақстан өлкелік комитетіне
берілген ұсынысқа сәйкес «Екпінді құрылыс» газетінің
редакторы үшін редактор орнына орынбасар ретінде алдымен
ж.Кеңесұлы, кейін Зайтүн Сыздықов қол қояды. Редактор
З.Сыздықов туралы Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік
мұрағатында сақталған құжаттарда мынадай деректер бар:
«Cыздықов Зайтүн 1900 жылы мамыр айында Семей
губерниесі, Қарқаралы уезі, Берікқары болысында жұмысшы
отбасында туған, мамандығы бойынша еңбек өтелі 3 жыл,
әлеуметтік тегі – қызметші, ВКП(б) қатарына 1927 жылы
қабылданған, билет №0950731» [3].
З.Сыздықов
1915-18
жылдары
батырақ
болып
байлардың малын бағады, кеңес өкіметі орнағаннан кейін
1920-21 жылдары шаруашылықта қарауылшық, 1922-23 жылдары
милиционер қызметін атқарады. Білімге деген құштарлығын
білген құқық органдары басшылары оған 1923 жылы
Семипалатинск қаласындағы кеңестік партия қызметкерлерін
дайындайтын мектепке жолдама беріп, онда ол 3 жыл оқиды.
Оқуды аяқтағаннан кейін Қызылағаш болыстық атқару
комитетінің төрағасы болып 1 жыл жұмыс істейді. Кейін
134
Павлодар губерниесі, Ақкөл болысының, 1928 жылға дейін
Қызылағаш аудандық атқару комитетінің төрағасы болып
еңбек етеді. Жергілікті құзырлы органдардың шешімімен
1928-1931 жылы Ташкент қаласындағы САКУ студенті
болып журналист мамандығын алғаннан соң, алдымен
Ақмоладағы газеттің, кейін 1932 жылы 6 наурызда құрылған
Орал облыстық «Екпінді құрылыс» газетіне редактор болып
тағайындалады.
З.Сыздықов жаңа құрылған облыстық «Екпінді
құрылыс» газетінің қанаттанып, оқырмандар арасындағы
таралымын арттыруға, редакция құрамын қаламы жүйрік
журналистермен толықтыруға, материалдық қорын жаңғырту
бағытында бірқатар ұйымдастыру шараларын жүргізді. Осы
бағытта жоғарғы құзырлы билік органдарымен бірлесе
отырып жергілікті жерлерде газеттің қалың оқырмандар
арасына таралымын арттыру мақсатында үгіт-насихат
жұмысын жүргізуге газет қызметкерлерінің іс сапарларын
ұйымдастырды. 1932 жыл 20 мамыр күнгі өткен ВКП(б)
Батыс Қазақстан облыстық комитетінің ұйымдастыру
бюросының №26 мәжілісі қаулысымен Орал облысындағы
«Екпінді құрылыс» газетінің Тайпақ, Ілбішін, Ойыл және
Жаңғала аудандары оқырман арасындағы таралымын
арттыруға
бағытталған
шараларды
жүзеге
асыру
жж.Сыздықов пен Шилкин, Коробойниковтерге міндеттелген
[2, 173-п.].
Газет беттерінде Батыс Қазақстан облысының саяси-
экономикалық және мәдени өміріндегі қол жеткен
табыстарымен қатар, өзара сын ұранымен біраз материалдар
жарияланыпты. Солардың қатарында облыстағы баспасөздің
дамуындағы күрделі, күрмеуі шешілмеген мәселелер де
назардан тыс қалмапты. Мысалы, «Екпінді құрылыс»
газетінің 1933 жыл 18 қаңтар күнгі №14(234) санында
«Баспахана жұмысшыларының халі өте нашар» атты мақала
жарияланып, баспахана жұмысшылары еңбегін ұйымдастыру
дұрыс жолға қойылмағандығы сынға алыныпты. Оқып
көрелік: «Жымпиты қаласындағы «Қызыл ту» газетін
шығарып тұратын баспаханада 15 шамалы жұмысшылар бар.
Бұлардың тұрмыстық күйлері өте нашар. Оған басты себеп
135
болып отырған жергілікті жабдықтау орнының баспахана
жұмысшыларын дұрыс (мезгілді) жабдықтамай отырғандығы,
сол сияқты баспахана жұмысшыларына тұратын үй берілмей,
оған тиісті орынның көңіл қоймай отырғандығы. Бұл хал –
қазір ғана кездесіп отырған хал емес, көптен созылып келе
жатқан «аурулы хал». Жергілікті жабдықтау орны күні осы
уақытқа дейін баспахана жұмысшыларын жабдықтауды
елемей келеді. Баспахана жұмысшыларына азық-түлік алу
жөнінде ай сайын аупарткомге, ауаткомге барып, солардың
көмегімен ғана кооператив орындарынан алған боламыз.
Міне,
осы
қолайсыз
жағдай
жұмысшылардың
жігерлерін құм етіп отыр. Осының салдарынан жұмыстың
тәртібіне де көп жағдайсыздық туып отыр.
Сондықтан біздің айтарымыз тиісті орындар, әсіресе
облыстық жабдықтау мекемесі мен кооператив одағы бұл
кеселді жағдайды тезінен өзгертуге тиісті шара қолдансын.
С-ұлы» [4].
Сондай-ақ, өлкедегі ауыл-село тілшілері қозғалысын
өрістетуге бағытталған 1933 жыл 6 ақпан күнгі №25(245)
санында «Екпінді тілшілер слеті» атты мақала осының
дәлелі: «Жақын арада Орда ауданындағы 67 жылғы совхозы
мен 88-түйе совхозындағы екпінділер, екпінді тілшілердің
слеті өткізілді. Онда совхоздардың 32-жылғы жұмыс
қорытындысы, бірлестік шарттың орындалуы, тілшілер
қозғалысының жаңа міндеттері туралы мәселелер талқыға
салынып большевиктік сын ұраны кең орын алды.
Слетке
екпінділер
совхоздардың
орасандай
өскенін
шаруашылықтарының беркіліп қалғандығын айрықша
көрсетіп, әсіресе жылқы малын күтіп өсіруде № 67 совхоздың
ұлы табыстарын айқындады. ... Осындай табыстармен қатар
кем-кетіктерді де слетке қатынасушылар большевиктік сын
ұраны астында қоймай ашты. Осы кезге дейін совхоз
иесіздікті жоя алмай келгенін көрсетті. Шынында да соңғы
кезге дейін еңбек ақыны теңгермешілік жолымен беріп
келген. Жұмыстың сан-сапасы ескерілмеген, еңбек табелді
жоғалтып жіберушілік болған. Соның кесірінен қазір
совхоздың 50 000 сомнан астам еңбек ақыдан борышы бар.
«Екпінді құрылыс» постысы» [5].
136
Бірақ тәжірибелі журналист З.Сыздықов бұл газетте
ұзақ бола алмайды, облыс басшылары 1933 жылы
16 қыркүйек күні жаңа құрылған Гурьев округтік «Социалды
құрылыс» газетіне редакторлыққа тағайындайды [6].
Елде болып жатқан қоғамдық-саяси өмірдің
жаңалықтарын бұқара арасында кеңінен насихаттаудың
екінші бір ірі құралы радио болды. Сол кезде 8 жерде радио
желісі: Орал қаласы, Гурьев, Жаңғала, Орда, Форт-Александровск,
Доссор, Тайпақ және Ілбішінде бар болатын. 1932 жылдың
1 мамыры күнінен бастап радио байланыс торабынан
«Прикаспийская
Правда»
және
«Екпінді
құрылыс»
газеттерінің 10 саны беріле бастады. Бұл қолына газет
тимеген оқырмандардың үйлерге тартылған радио алдына
тізе бүгіп, газет хабарларын тыңдап кеңінен танысуына жол
ашты [7].
Баршаға мәлім, бұқаралық ақпарат құралдары қашанда
мемлекет бюджетінен қаржы бөлінбей жарық көрмейтіні
белгілі. Батыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің
1934 жылы 28 тамыздағы №28 § 24 алқа мәжілісі қаулысымен
осы жылға қаралған қаржыға қосымша «Прикаспийская
Правдаға» - 10 мың сом, «Екпінді құрылысқа» -15 мың сом
және «Комсомол ұрпағына» -5 мың сом бөлінді [8].
Уақыт талабына сай баспасөзге қызыл компартияның
әміршілдік-тоталитарлық билігінің нығайып орнығуына
байланысты, сол кезде олардың әр саны қатты бақылауда
тұратын. Жарық көретін әр газеттің беттеріндегі мақала
мазмұны, стилистикалық және грамматикалық қателер,
газеттің шығатын мерзімі бәрі-бәрі қатты тексерілетін.
1935 жылы 24 қазанда «Екпінді құрылыс» газетінің мерекелік
санын шығару кезінде баспахана әкімшілігі өндірісті дұрыс
жолға қоя білмеген. Сондай-ақ, газет редакциясының
материалды кешіктіріп бергендігі, клишелердің болмауы,
жұмысшылар арасындағы ұлт араздығы да себепші
болғандығы атап көрсетіліп, газет редакторы ж.Иманқұлов
пен баспахана директоры ж.Золотаревтерге партиялық жаза
қолданылған [9]. Аталмыш мәжілісте Батыс Қазақстан
облысының баспасөзін маман кадрлармен қамтамасыз ету
мақсатында, Орал кеңес-партия мектебі жанынан 1936 жыл
1 қаңтарынан бастап аудандық және көптиражды газеттер
137
үшін «газет ісі бөлімін» ашуға шешім алынады. Осыған
байланысты бұл мектептің 10 тыңдаушысын осы бөлімге
тарту және қосымша аудандардан 10 адам іріктеуге тапсырма
беріледі. Бұл кенжелеп қалған өлкедегі баспасөз ісін
жандандыруға, баспасөздің орта және төменгі буындарын
кадрлармен қамту мәселесін шешуге жол ашты. Сондай-ақ,
жұмысшы, ауыл-село тілшілері мен көптиражды, қабырға
газеттер редакторларының білімін көтеру оқулары тұрақты
ұйымдастырылды. 1935 жылы 5 маусым күні обком
бюросының №92/4 мәжілісінің қаулысымен 15 және
25 маусым күндері екі мерзіммен 15-тен адамдарды оқыту
курсы
ұйымдастырылып,
оқу
жоспары
беркітілді:
ж.Сталиннің әскери қызметкерлер алдындағы сөзін оқып-
үйрену үшін – 15 сағат; қабырға газеттерін құрудың
техникасы – 20 сағат болып белгіленді.
Гурьев окружкомына дәл осындай жоспармен аудандық
курс өткізу міндеттелді [9, 3-іс, 108-п.].
Газет қызметкерлерінің шеберлігін ұштай түсетін
осындай курстың пайдасы үлкен болғандықтан, жергілікті
құзырлы органдар бұған қаржыны үнемдеген жоқ. Батыс
Қазақстан облыстық атқару комитеті алқа мәжілісінің
1936 жыл 15 наурыздағы №11§25 шешімімен облыстық
қаржы басқармасына газет қызметкерлері білімін жетілдіру
курсын ұйымдастыру үшін «Прикаспийская Правда» мен
«Екпінді
құрылыс»
газет
редакцияларына
қосымша
6000 сомнан қаржы бөлінді [10].
1936 жыл 28 маусым күнгі обком бюро мәжілісінің
№42 §10 «Облыстық аудандық газет қызметкерлерінің курсын
шақыру
туралы»
қаулысымен,
аудандық
газет
редакторларының орынбасарлары, кеңшарлардағы МТС
газеттері редакторлары мен ірі кеңшарлардың қабырға газет
редакторларының
45
адамы
қатысқан
оқу
курсы
ұйымдастырылды. Курстың жауапты ұйымдастырушысы
болып ж.Сүйінбаев тағайындалады. Аталмыш курс сол
жылдың 5 шілдесі мен 15 тамызы арасында өткізіліп,
тыңдаушылар алдында жж.Барласов, Пантюхин, Иманқұлов,
Туркин түрлі тақырыпта баяндама жасайды.
Батыс Қазақстан облыстық партия комитеті бюросының
1935 жыл 2 қараша күнгі болып өткен мәжілісінде облыстық
138
және округтік газеттердің таралымы келесі жаңа жылға
төмендегідей болып белгіленді:
Облыстық газеттер: «Екпінді құрылыс» - 12000,
«Прикаспийская Правда» -12000 және «Комсомол ұрпағы» -
4000 дана.
Округтік газеттер (Гурьев): «Социалды құрылыс» -5000,
«Прикаспийская Коммуна» -5000 дана.
1936 жыл 27 наурызда Батыс Қазақстан облыстық
партия комитетінің бюросында «Прикаспийская Правда»
және «Екпінді құрылыс» газеттерінің жайы туралы» атты
мәселе қарап, төмендегідей қаулы қабылдайды. Атап
айтқанда, облыстық екі газеттердегі жарияланған
материалдардың идеялық- саяси дәрежесі, газеттің құрылуы
және мақалалардың әдеби өңделуі әліде болса талап
тұрғысынан төмен, редакция ұжымы күнделікті жұмысында
тап қырағылығын танытпайды, материалға сын тұрғысына
қарамайды,
стахановшылар
қозғалысы
кеңінен
өрістетілмейді, облыстың маңдай алды озат екпінділерінің
жетістіктері насихатталмайды, газеттің бұқаралық –
ұйымдастыру
жұмысы
қанағаттанғысыз
жүргізілуде,
жұмысшы, ауыл-село тілшілерін тәрбиелеудегі, партия
тұрмысы және партиялық тәжірибе жұмыстары нашар
көрсетілген,
жұмысшы,
ауыл
–
село
тілшілерінің
мақалаларындағы көрсетілген сигналдарға облыстық сот
және прокуратура, сондай-ақ аудандық тергеу-тексеру
органдары назар аудармайды.
Аталған кемшіліктерді екі айдың ішінде жоюдың
шарасын алу газет редакторларына міндеттелген [11].
Сол жылдарда қарқын алған баспасөздегі сталиндік
зобалаң облыстық газеттерге де өз салқынын тигізбей
қоймады. 1937 жыл 1-2 сәуірдегі Батыс Қазақстан облыстық
партия комитетінің X Пленумында облыс басшысы
І.Құрамысовтың
«ВКП(б)
ОК
Ақпан
пленумы
қорытындылары» атты баяндамасын талқылауға шыққан
жарыс
сөзге
қатысқан
обком
комсомол
хатшысы
ж.Қожахметов «Екпінді құрылыс» газетінің комсомол
ұйымдарының кемшілігін көрсетіп, «қырағылық танытпай
отыр» дегеніне қынжылыс білдірсе, көптиражды газет
редакторы ж. Кальментьев («Гурьев – Қандыағаш
құрылысында» газетінің - Қ.С.) Троцкизм және Зиновьев,
139
Каменовтердің қылмысын әшкерелеген мақалада «контр»
және революция деген сөздерді тасымалдағанда (лексикалық
сипат-Қ.С.)) саяси қателік кеткені үшін Гурьев окружкомы
хатшысы Х.Ақботинге ескерткенін айтыпты. Осылайша, өз
басына төнген қатерді округ басшыларына аудара салады
[12].
Облыстық газеттердің редакторлары да жиі өзгеріп
отырған. 1935 жыл 5 шілде күні болған «Екпінді құрылыс»
газетінің редакторы Елжас Бекенов босатылып, орталыққа
шақыртылады да, оның орнына ж.Иманқұлов тағайындалады
[13]. Сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған Е.Бекенов (1892-
1938) жазушы, публицист. 1933 жылы Мәскеу қаласындағы
қызыл профессурасы институтын аяқтағаннан кейін
«Еңбекші қазақ», 1933-1936 жылдары «Екпінді құрылыс»
және «Ленин туы»(Петропавловск) облыстық газеттерінде
редактор
болады.
Е.Бекенов
«Екпінді
құрылысқа»
жоғарыдағы З.Сыздықовтың орнын басқан еді.
Заманның «суға кеткен тал қарамайды» деген кезі еді.
Қазақстан өлкелік партия комитетінің баспасөз бен баспа ісі
бөлімі «ВКП(б) ОК алқасы мен Қазақстан КП(б) І сиезі
шешімдерін жүзеге асырудағы баспасөз рөлі» атты
баспасөзге шолу жасаған есебінде мынадай жолдар бар:
«Әсіресе, Батыс Қазақстан облыстық газетінде 15 адам
жетіспейді. Аудандық газеттердің 5 редакторының орны бос
тұр. Есепті кезеңде облыстық газеттен дұшпандық пиғыл
танытқан 14 әдеби қызметкер мен 4 редакторы жұмыстан
қуылды. Аудандық газеттің 7 редакторы әшкереленді.
Олардың барлығы да халық жаулары ретінде троцкистер мен
контрреволюционерлер олармен ауыз жаласқандар болып
шықты. ...«Екпінді құрылыс» газеті редакциясына сәуір және
мамыр 2 айда түскен 759 хаттың бар-жоғы 288 ғана жарық
көрген, қалғандары редакцияда еш қозғалыссыз жатыр. Газет
редакторы мен орынбасарлары еңбекшілердің хатына
селқостық танытқан, хат бөлімі маңызды іске араласпай
отыр» деп сынға алған [14]. Газет редакторы ж.Қосжановқа
аталмыш мәселелерді қатерге бере отырып, партия
ұйымдарының халық жаулары мен ұлттық фашистермен
күрестегі үнсіздікті жою міндеттеледі. Алайда бірнеше
күннен кейін тұтқынға алынған Қощанов Ізбай Нұржігітұлы
140
1938 жылы 13 қарашада сотталып, сол күні атылады.
1969 жылы 23 сәуірде ақталады [15, 287 б.].
Жоғарыдағы тұтқынға алынған редакторлар ішінде
Иманқұлов Сәтбек Сәрсенұлы 1937 жылы 5 қыркүйекте
абақтыға жабылып, 1938 жылы 8 наурызда атылған.
КСРО Жоғарғы Сотының 1958 жыл 1 наурыз күні ақталған.
Қорыта келгенде, ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында
Батыс Қазақстан облысының баспасөзі өлкенің саяси-
экономикалық және мәдени дамуына зор үлес қосты.
Компартияның қатаң қыспағына қарамастан
бұқара
халықтың санасы мен ой-пікірін қалыптастыра отырып, күн
өткен сайын қалың бұқара арасында сөзі салмақты, ойы
орнықты бола түсті.
Биылғы жылы 90 жылдық торқалы тойын атап өткелі
отырған Орал баспасөзінің өткен жолы бүгінгі жас ұрпаққа
сүйсіне қарайтын тағылымы мол тарих болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |