Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет15/38
Дата06.03.2017
өлшемі3,59 Mb.
#7721
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
69
родителями,  поэтому  в  настоящее  время  актуа-
лизируется  проблема  разработки  технологии 
формирования  эффективного  родительства  на 
основе психолого-педагогического просвещения. 
   
Литература: 
1 Лихачев  Б.Т.  Педагогика:  Курс  лекций.  – 
М.: Прометей, 1992. – 528 с. 
2 Гиппенрейтер  Ю.Б.  Общаться  с  ребен-
ком.  Как?  –  Издание  3-е,  исправленное  и допол-
ненное  –  М.:  «ЧеРо»  при  участии  творческого 
центра «Сфера», 2001. – 240 с. 
3 Роджерс  К.Р.  Взгляд  на  психотерапию. 
Становление  человека.  –  М.:  Прогресс,  1994.  – 
480 с. 
4 Сатир В. Как строить себя и свою семью. 
– М.: Педагогика – Пресс, 1992. – 192 с. 
5 Пахальян  В.Э.  Психологические  особен-
ности  общения  со  взрослыми  в  старшем  школь-
ном  возрасте:  автореферат  дис…канд.  психол. 
наук. – М, 1981. 
6 Хоментаускакс  Г.  Семья  глазами  ре-
бенка. – М.: РИПОЛ КЛАССИК, 2003. – 224 с. 
 
 
 
ӘОЖ 94(574) 
 
Қ. ЖҰМАДІЛОВТІҢ ҚАЗАҚ КӨШІНІҢ ТАРИХЫН ЖАЗУЫ 
 
Шаукенов  Ж.  А.  -  т.ғ.к.,  философия  кафедрасының  аға  оқытушысы,  А.Байтұрсынов 
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 
 
Қабдеш  Жұмаділов  қытай  қазақтарының  өмірінде  болған  тарихи  оқиғаларды,  Шыңжаң 
қазақтарының бастарынан өткізген әр түрліқиын сәттерді шебер жеткізген. Қандастарымыздың 
тарихи  отанын  аңсап,  ата  жұртқа  қоныс  аударған  қаракөздеріміздің  жүріп  өткен  жолдарындағы 
бастарынан өткізген қиыншылықтарын жазушы сол қалпында өзгертпей жазған. 
Жазушының  еңбегінде  қазіргі  шетелдерде  жүрген  бауырларымыздың  бастарынан  өткізіп 
жатқан тағдырларын, елге сағыныштарын, жалпы көші-қон мәселесін сөз көтерген. 
Негізгі ұғымдар: Шыңжан, қазақтар, Қытай, Шығыс Түркістан, көші-қон. 
 
Көш  -  қазақтың  өмір  салты,  тіршілігі. 
Қанатты  құсқа  көк  жүзінде    қалықтау,  самғау 
қандай  жеңіл  болса,  қазақ  үшін  көшу  де  сондай. 
Батыры  мен  биі,  сұлтаны  мен  ханы  өздерімен 
бірге  көшіп  жүр.  Қазан  айын  аяқтап,  қараша  туа 
қыстауларына  жетсе  болды.  Амал  не,  Жоңғар 
шапқыншылығынан 
кейін 
қазақтың 
қанаты 
қырқылып,  көш  жолдары  өзгеріп  кетті.  Олай 
болатыны,  ұзақ  жылдар  бойы  оңтүстік  аймақтар-
ды Жоңғар басып жатты да, Арқадағы ел солтүс-
тікке қыстап қалуға мәжбүр болды [1, 37-38 б.]. 
Шекара  аттағанның  бәрі  періште  емес. 
Оралманның да түр - түрі бар. Оралман дегеніміз 
- күні кеше бір елдің босағасында жанын жалдап 
күн  көрген  бодан  ғой.  Бағынышты  құлдарда 
болатын  жағымпаздық,  сатқындық,  жікшілдік, 
рушылдық сияқты жағымсыз мінездер оларда да 
жетіп  -  артылады.  Әсіресе,  Шыңжаң  қазақтарын-
да  қазір  рушылдық дегеніңіз  шешек  атып,  гүлде-
ніп  тұр.  Жазушы  1990  жылы  араға  отыз  жыл  са-
лып,  Шыңжаңға  барған  сапарында  «Көп  жылдар 
өткен  соң»  атты  мақала  жазған.  Сол  мақалада 
Шыңжаң  қазақтарының  жеткен  жетістіктерімен 
бірге,  кемшіліктерін  де  айта  келіп,  былай  дегені 
бар-ды:  «Шыңжаңда  бұрын  да  байқалмаған, 
кейінгі  кезде  етек  алған  тағы  бір  дерт  –  рушыл-
дық. Мұнда да солай болыпты. Алдымен  Керей, 
Найман,  Қызай  болып,  онан  соң  Алтай,  Тарбаға-
тай, Құлжа деген жікке бөлініп, аға ұлттардан ар-
тылған азын-аулақ мансапты бөліске салуға кел-
генде, әр ауыл өз лағын текешік қоюға тырысып, 
қатты  қырқысады  екен.  Қазақтың  бұл  алауызды-
ғын  жоғарғы  ұлықтар  білсе  де  білмеген  болады. 
Қайта  реті  келсе:  «Өкіметке шын  берілген,  нағыз 
отаншыл,  сенімді  ру  сендерсіңдер.  Өйткені, 
сендер  басқалар  сияқты  ешқайда  ауа  көшкен 
жоқсыңдар»  деп  біреулерінің  қолтықтарына  дым 
бүркіп,  еліртіп  қояды  екен.  Соған-ақ  аңқау 
ағайынның 
танауы 
шелектей 
болып, 
өзге 
руларды  мүйіздейтін  көрінеді.  Шыңжаң  қазағы 
қазір де сондағы қалпынан өзгеріп кетті деп айта 
алмайды [2, 3-4 б.]. 
1962  жылғы  сол  көштің  Қазақстан  жеріне 
өткен  қазақтарға  қандай  бақыт  әкелгенін  өздері 
біледі.  Ал  артта  қалғандарын  қытайлар  тірідей 
тозақтың  отына  күйдірді.  Көштің  соңғы  пайдасы 
қытайлар  үшін  оң  шешімін  тапты.  Қазақтарды 
жаныштап,  ішкі  өлкедегі    қытайларды  қазақтар 
отырықтанған    өңірге  көптен  кіргізу  ойы  жүзеге  
асты.  Артта  қалғандарға    алдын  ала  дайындап  
қойған 
«қос 
жүрек», 
«шетке 
байланған», 
«шетелдің  мыс  шегесі»,  «сатқын,  шпион»  тектес 
дайын томағаларды кигізіп, білгенін істеді. 
1956  жылы  Шыңжан  университетінде  оқып 
жүрген  кезінде  Қытай  мен  Кеңес  үкіметінің 
келісімі 
бойынша 
Алматыдағы 
ҚазМУ-дің 
филология  факультетіне  кеп  түсіп,  екі  жыл 
оқыған, 1958 жылы «шетелде оқып жатқан Қытай 
студенттерін  саяси  жақтан  шыңдау  үшін»  деген 
желеумен  Қытайға  қайта  келген  Қабдештің  бойы 
«қуғын-сүргін»  көрген  ол  1962  жылы  Қазақстанға 
«Қажытай екеуі 150 мың кісіні бастап, шекарадан 
өтіпті» [3,303б.]. 

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
70
1956  жылдың  ақыры  мен  1957  жылдың 
басында  Кеңестер  Одағы  мен  Қытай  елінің 
достығы  бүлініп,  1958  жылдан  бастап  Қытай 
комуналасу 
науқанын 
бастайды. 
Әрі 
осы 
жылдардан  бастап  «ұлтшылдарға,  оңшылдарға 
қарсы 
тұру 
қымылын 
жүргізеді. 
Кеңестер 
Одағының  жұмыскерлер  мұқтаждығы  үшін  «өз 
азаматтарымызды  қайтарып  аламыз»  деген 
сылтауына  орай,  Қытай  коммунистері  ел  ішіне 
жансыздарын  кіргізіп,  «қазақтар  түгел  көшкелі 
жатыр»  деген  дақбырт  таратты.  Қытай  үкіметінің 
астыртын  айтақтауымен  жүз  мыңдаған  қазақ 
қопарыла көшті.  
Маңдайынан  соры  арылмаған  ұйғырлар 
мен  қазақтар  Шығыс  түрік  қағанаты  быт-шыт 
болып  ыдырағанда,  көршілерімен  сыйыспай, 
Сібірдегі 
Енисей, 
Байқал 
бойынан 
ауып, 
Тәңіртаудың 
күнгейіндегі 
осы 
Қашқария 
ойпатынан 
мекен 
тауыпты. 
Такламаканға 
ішкерілеп  енбесе  де,  соның  төңірегіндегі  сулы–
нулы өңірлерді жағалай қоныстанған. Солтүстікте 
Ақсу,  Күшар,  шығыста  Көрла,  Қашқар,  Жаркент, 
Хотан  аймақтары  қазір  де  ұйғырлар  мен 
қазақтардың ұйықты мекендері. 
Бұл күнде жалғыз Тарым лагері ғана емес, 
бүкіл елді аштық жайлаған. Ішкі қытай өз алдына, 
ал Шыңжаң - өмірі ашаршылық дегенді білмейтін 
тоқ  еді  ғой.  Осыны  сезген  ішкі  Қытайдың  аш-
аламан  жұрты  Шыңжаңға  қарай  шұбырғалы  қай 
заман.  Өкімет  те  соларды  көптеп  әкелу  жағында 
болды. Қалың қытайды осылай қарай тарту үшін, 
«Шыңжаң  дипаң  -  хау  дипаң»  деген  ән  де 
шығарған  енді,  міне,  сол  керемет  жерді  де  ішер 
ас,  киер  киіске  зар  қып  қойған  түрі  мынау.  Егер 
Шыңжаңның  бұрынғы  табиғи  қалпын  сақтаса, 
ішкеріден  ағылған  келімсектерді  де  елемей 
көтеріп  кетер  еді.  Бар  пәлені  бастаған  -  секіріп 
ілгерілеу,  құр  қолмен  құрыш  қорыту  және  ортақ 
қазанға  телмірткен  «халық  коммунасы».  Қазір 
Тарым аңғарын бойлай құрылған ондаған лагерь 
бар.  Қаз-қатар  тізбектеліп  жатқан  қылмыстылар 
мекені.  Бұл  да  КСРО-дағы  «Архипелаг  ГУЛАГ-
тан»,  яғни  «лагерлер  тізбегінен»  кем  түспейді. 
Осында 
тұтқындардың 
еңбегімен 
Тарымды 
жағалай  тоғандар  қазылды.  Бидай,  жүгері,  күріш 
егетін алқаптар пайда болды. Бір - біріне тұтасып 
жатқан 
плантация 
деуге 
болады. 
Егер 
тұтқындардың  еңбегі  өздеріне  бұйырса,  бұл 
лагерлер    тоқшылықтан  мелдектеп  отырар  еді. 
Бүлдірген-тағы 
сол 
жалаңтөс 
белсенділер. 
Солар  жоғарыға    жағыну  үшін  жалған  мәлімет 
берді.  Мөлшерден  тыс  міндетте    қабылдап,  оны 
«асыра  орындауға»  жанталасты.  Сөйте-сөйте, 
Тарым  да  –  адамдарды  түзету  орны  ғана  емес, 
ішкі  Қытайды  асырайтын  сауын  сиырға  айналды 
[4, 3-4 б.]. 
Қытай  үкіметіне  қарсы  шыққан  кейінгі 
қалың толқын 1959-1960 жылдар құйылды. Бұлар 
-  түгел  дерлік  ортақ  қазанға  телмірткен  «халық 
коммунасына»  наразы  шаруалар.  Әр  аймақта 
бұрқ  ете  қалған  коммунаға  қарсы  бұлғақтың  ең 
ауқымдысы  -  Алтай  қазақтарының  көтерілісі  еді. 
Баяғы Оспан батырдың дәстүрін ұмыта қоймаған 
ел  түгелге  жуық  атқа  қонып,  қарулы  қақтығысқа 
дейін 
барған. 
Әрине, 
көтеріліс 
күшпен 
жанышталды.  Жүздеген  адам  қолға  алынып, 
басшыларын  Үрімшінің  іргесі  берік  түрмесіне 
тоғытса,  қосшыларын  түгелімен  Тарым  лагеріне 
айдапты.  Такламакан  құмдарына  қанша  тұтқын 
келсе  де  сияды.  Дегенмен,  Алтай  көтерілісі 
зәрелерін  алса  керек,  ол  аймақтан  келгендерді 
бір  жерге  топтамай,  әр  әтіректе  бестен-оннан 
бөліп  жіберді.  Соңғы  екі-үш  жылда  саяси 
науқандар 
сәл 
толастап, 
Тарымға 
жол 
тартқандар сәл саябырсып қалып еді, сірә, ол да 
ұзаққа  бармас.  Өйткені,  биыл  көктемнен  бері 
қазақтар  қоныстанған  солтүстік  жақтан  тағы  бір 
бәлелі  сөз  шығып  тұр.  Әзірше  анығын  ешкім 
білмейді.  Ел  аузындағы  қауесетке  қарағанда, 
Тарбағатай 
аймағының 
шекараға 
жақын 
аудандары  дүрк  көтеріліп,  Қазақстанға  көшіп 
өткен  көрінеді.  Шәуешек  қаласы  төңірегімен 
түгел  қозғалса,  Шағантоғай  ауданы  тұтастай, 
мойны қашықтау Толы мен Дөрбілшін аудандары 
жартылай  көшіпті.  Көш  енді  біразға  созылса, 
аймақта 
қазақ 
қалмағандай 
екен, 
бірінші 
мамырда  шекара  тарс  жабылыпты.  Көшіп 
өткендер  соның  өзінде  аз  емес  деседі,  жиыны 
200  мыңдай  адам  сөз  байласқандай,  небәрі 
жиырма  күннің  ішінде  босып  өте  шыққан  [5,  315 
б.]. 
Қытайда  үй  қамақта  отырып,  кіндік  қаны 
тамған атамекені - Қазақстанға жетуді ақтық демі 
таусылғанша  аңсап  өткен  диссидент  жазушы 
Қажығұмар  Шабданұлының  дүниеден  өткеніне 
жеті күн толғанда Алматыда жұртшылық өкілдері 
марқұмға  құран  бағыштап,  ас  берді.  Көзінің 
тірісінде  бірнеше  рет  сотталып,  ұзақ  жылдар 
бойы  қытай  түрмесінен  өткен  қазақ  жазушысы 
Қажығұмар Шабданұлын еске алуға онымен бірге 
әйгілі  Тарым  лагерінің  азабын  көргендер,  Қытай 
да  онымен  таныс–біліс  болғандар,  марқұмның 
Қазақстанда 
тұратын 
туыстары, 
ақын–
жазушылар  мен  өнер  қайраткерлері,  қоғамдық 
ұйымдар өкілдері мен журналистер көп жиналды. 
Қажекеңді 
күрескер, 
қайсар 
жазушы 
деп 
атаймыз,  ал  ол  сонысы  үшін  азап  тартқан    шын 
мәніндегі  азапкер  жазушы  еді.  Қытай  билігі  оған  
«халық  жауы,  қылмыскер»  деген  айдар  тағып, 
соттады. Қажығұмар Шабданұлы 86 жасында бұл 
пәниден өтті. Бірақ оның көзі тірісінде аңсаған ең 
үлкен  арманы  орындалған  жоқ  -  кіндік  қаны 
тамған  туған  жерге  жете  алмай  кетті.  Елге 
оралуға 
жәрдемдесуді 
өтініп 
біздің 
елдің 
президентіне  екі  дүркін  хат  жазды,  ол  өтініш 
туралы  «Қазақ  әдебиеті»  газеті  де  жариялады. 
Президенттің  құлағына  жетпеді,  қолына  тимеді 
деп айта алмаймын, мүмкін емес. Тиді, бірақ қол 
ұшын  берген  ешкім  болмады,  -  деді  жазушы 
Қабдеш  Жұмаділов.  Қабдеш  Жұмаділов  совет 
өкіметі тұсындағы ашаршылықтан бөтен елге бас 
сауғалаған  қазақ  отбасындағы  баланың  жат 

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
71
жерге  өсіп  ержеткен  соң  атамекенге  деген 
сағынышы  Қажығұмар  Шабданұлының  алты 
томдық «Қылмыс» романына өзек болғанын атап 
өтті [6, 7-8 б.].   
Тәуелсіздік  ата-бабаларымыздың  ғасыр-
лар  бойы  аңсаған  асқақ  арманы  еді.  Сондықтан 
да,  Тәуелсіздік  -біз  үшін  көптен  күткен  ең 
қастерлі  мереке.  Еліміз  тәуелсіздігін  жариялап, 
дербес  мемлекет  ретінде  әлемге  танылды. 
Біртұтас  азат  ел  болуды  армандаған  Алаш 
азаматтары  осы  жолда  өз  өмірлерін  қиды. 
Олардың  арман  тілегі  сол  кездері  жүзеге 
аспағанымен,  ұлттық  сананы    оятуда  үлкен  рөл 
атқарды.  Ал  жалпысында  Қазақстанға  бұл 
тәуелсіздік  онай  жолмен  келмегені  бәрімізге 
белгілі,  тарихқа  көз  жүгіртер болсақ,  қазақ халқы 
тәуелсіздік  жолында  сан  қилы  қиыншылықтарды 
басынан  өткерді.  Өткен  ғасырдың  басында  саны 
1,5 
миллиондай 
қандастарымыз 
Қытай, 
Монғолия,  Ауғанстан,  Түркия  асты.  Көптеген  ұлт 
зиялылары  репрессияға  ұшырады.  Ата-баба 
арманы  бүгінгі  күні  шындыққа  айналды.  Аңсаған 
тәуелсіздігімізге 
қол 
жеткіздік. 
Алда 
сол 
тәуелсіздігіміздің 
20 
жылдығын 
тойлағалы 
отырмыз.  Бұл  мерекемізді  шетелде  жүрген 
қазақтар да атап өтуі керек [7, 7-8 б.].  
ХХ 
ғасырдың 
ішіндегі 
Шыңжандағы 
қазақтардың  көшін  үш  түрге  бөлуге  болады. 
Жалпы, көш 1894 жылдан басталды. Алғашында 
ру  -  руға  бөлініп,  Тибет  жаққа  қарай  ығысқан 
екен.  Үндістанға  қарай,  Тибет  пен  Шыңжанның 
арасына  1952  жылға  дейінгі  аралықта  үш  жүз 
мыңға  жуық  адам  кетіпті.  1952  жылы  зерттеу 
жүргізгенде    үш  жүз  мыңнан  қалғаны  он-ақ  мың 
екен.  Үш  жүз мың  адам деген  алпыс жылда  өсім 
беру  керек  қой,  соның  көпшілігі  қырылып  кетті. 
Анамен 
соғысты, 
мынамен 
алысты. 
Ол 
бейшаралардың  көпшілігінің  сайда  саны,  қырда 
ізі  де  қалған  жоқ.  Туркияға  кеткені  өте  аз.  Мың 
адамға да жетпейді. Бұл көштің бір түрі ғана ғой. 
Осындай көшті басымыздан өткіздік қой. Мұны да 
«Бақытсыз  көш»  деп  атады.  Үшінші  көште 
Қазақстанға  қалай  да  бару  керек    деген  идея 
тұрды  ғой  санада.  1954  жылы  Кеңес  Үкіметінің 
басшысы  Хрущев  шекараны  ашып,  олардың 
келуіне  жағдай  жасады.  Төлқұжат  алғандары 
бар,  алмағандары  бар,  1954  жылдан  бастап,  ел 
шекарадан    бергі  бетке  өте  бастады.  1954 
жылдан 1962 жылға дейін бес жүз мың адам өтті. 
Бір бөлігін Өзбекстанға, бір бөлігін Қырғызстанға, 
Тәжікстанға  айдап  жіберді.  Қазақстанның  түпкір-
түпкіріне  лақтырды.  Бірақ,  барған  жерінде  көп 
тұрмай,  байырғы  Семей,  Талдықорған,  Алматы 
облысына қарай ішкі көштер басталып кетті. Бұл 
көште  аз  еңбек  сіңірген  жоқ.  Ана  жақта  1954 
жылы  Тарбағатай  облысының  бастығы  еді. 
Мүмкіндігінше  бір  қазақ  болса  да  шекарадан 
өтсін деп көп күш жұмсады.  
ХІХ 
ғасырдың 
өзінде 
әр 
аймақтағы 
қазақтардың  басын  біріктіру  идеясы  тұрған. 
Қытайда  «үш  отаудың»  басым  бір  жерден 
шығару  керек  деген  идея  ұсынылды.  «Үш  отау» 
дегеніміз 
Қытайдағы, 
Монғолиядағы 
және 
Қазақстандағы қазақтар. Бұлардың бәрінің басын 
бір  жерге  тоғыстыру  керек  деген  идея  өте  қиын 
шаруа  еді.  1908  жылы  болған  халық  санағы 
кезінде  қазақтардың  көпшілігі  санаққа  кіргісі 
келмей,  одан  қашқан.  Жүз  адамның  сексені 
санақтың  сыртында  қалды.  1909  жылы  Қытай 
Үкіметі  Шығыс  Түркістан  халқын  «бір  жарым 
миллион»  деп  жариялады.  Тарихшылардың 
дерегіне  қарасақ,  сол  уақыттта  Шығыс  Түркістан 
халқының 
санағы 
дұрыс 
жүргізілмеді 
деп 
айтулары  шындыққа  жақын.  Өйткені,  әдет-
салт,діни-сенімдердің  шырмауы  көптеген  күдік-
күмән  туғызғандықтан  санақ  жүргізуді  ол  кезде 
қарапайым  халық  жақсылыққа  жорымайтындығы 
табиғи  құбылыс  болуы  анық.  Осыдан  кейінгі 
халық  санағы  араға  жиырма  жылдай  уақыт 
салып  1926-1928  жылдары  жүргізілді.  Араға  екі 
жыл  салып,  Қытай  коммунистерінің  қайта  санақ 
алуларының  себебі  белгісіз.  Осы  жылдардағы 
жүргізген  деректерге  сәйкес  Шығыс  Түркістан 
халқының  жалпы  саны  үш  жары  миллион  деп 
жариялады.  Сол  кездердегі  деректерде  мына 
ұлттардың  атын  атап,  халқының  санын  да 
көрсеткен:  ұйғырлар  -  1,7    миллион,  қытайлар  - 
525  мың,  дүнгендер  -  525  мың,  қазақтар  -  437 
мың,  моңғолдар  -  175  мың,  манчьжурлар  -  87 
мың  [8,  11  б.].  Міне,  осы  көрсетілген  деректе 
манчьжур тектес дағұр, сібе, солаң секілді ұлттар 
аталмаған, 
бұларды 
манчьжур 
ұлтының 
құрамына  қосып  жіберген.  Сондай-ақ,  қырғыз, 
татар,  өзбек,  тәжік  ұлттары  да  санақтың  ішінде 
жоқ.  Бұларды  ұйғыр  мен  қазақтардың  ішіне 
қосқан  осы  санақтан  байқағанымыз  гоминдан 
империясының 
«шыбындары» 
мейілінше 
сапырылыстырып тастаған. 
Сол  кездегі  деректе  Шығыс  Түркістандағы 
қытайлар  саны  525  мың  деп  көрсетілген.  Мұны 
да  кейінгі  алынған  мәліметтер  қуаттамайды. 
Шығыс  Түркістандағы  қытайлар  саны  1940 
жылдар  ішінде  250  мың  шамасында  болды. 
Мұның  өзі  өте  молайтып  көрсетілген.  Жалпы 
алғанда,  мемлекеттің  халық  санағын  жүргізуі  - 
өте  күрделі  және  қиын  жұмыс.  Ғылыми  саяси 
жауапкершілігі  де  зор  жұмыс.  Осы  тұрғыдан 
келгенде санақты жүргізушілерге де артатын кінә 
жоқ.  Мұндағы  басты  саясат  -  «азсыңдар  
сондықтан  бізге  бағынуларыңа  тура  келеді» 
дегенді  меңзегендері.  Қорыта  келгенде,  отар 
елдегі  аз  санды  ұлттардың  бүтін  бір  ұлт  болып, 
мемлекет 
болып, 
мемлекет 
болып 
қалу 
мүмкіндігін  жою,  олардың  санасынан  ұлттық 
ұғым,  өз  ұлтына  деген  сүйіспеншілік,  тарихына 
деген құрметтің бәрін өшіруге тырысты. 
Дүние  жүзінде  қазақ  шамамен  14  миллион 
деп  санаймыз.  Сонда  сыртта  жүргені  4  жарым 
миллион  деуге  болады.  Оның  1,5  миллиондайы 
Қытайда,  1,5  миллиондайы  Өзбекстанда.  Осы 
жылдар  ішінде  біздің  қолдауымызбен  келгендер 
650  мың  қандасымыз,  өз  бетімен  келгендерді 

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
72
қосқанда  шамамен  миллионнан  асып  кетті. 
Мұның  бір  жолы  –  еліміздің  азаматтығын  алуды 
жеңілдету.  Өз  бетімен,  өз  қаржысына,  келген 
азаматтарға  заңдық–құқықтық  жағынан  қажетті 
жеңілдіктер  жасау,  қолдау  көрсету  мәселелерін 
тиісті  орындар  шешуі  тиіс.  Жалпы,  әкімдер 
жұмысының бір өлшемі – өзі басқаратын өңірдегі 
адам  санының  өсуі,  соның  ішінде  отандастар 
есебінен  де  өсуі  болуға  тиіс.  Ең  алдымен,  туған 
жер  туралы  ұғымның  өзіне  кең  тұрғыдан  қарап 
үйренуіміз керек.  
 
Әдебиеттер: 
1  Жұмаділов  Қ.  Прометей  алауы.  Роман 
және әңгімелер. – Алматы: «Атамұра» баспасы, - 
2002. – 352 б. 
2  Алдамжаров  Б.  Аспанға  тас  лақтырма  – 
төбеңе  түседі//  Ана  тілі.  –  2006.  -  8  маусым.  - 
№24. - 3-4 б. 
3  Шәкенұлы  Ж.    Ш34:  «Жалғыздың  үні» 
Сын-зерттеу  мақалалары  мен  сыр-сұхбаттар.  - 
Алматы: «Ақ Отау» баспасы. - 2010. – 424 б.  
4  Жұмаділов  Қ.  //  Жұлдыз.  –  2009.  -  №4.  - 
3-4 б. 
5  Жұмаділов  Қ.  Қалың  елім,  қазағым...  – 
Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі. - 2000. 368 
б.  

http://adebiet.kz/index.php./option.48-3-0-
324. 
7  Алтай  А.  //  Жұлдыз.  –  1993.  24  мамыр.  - 
7-8 б. 
8 Бегманов Қ. Этнографпен әңгіме (Абыз – 
ақсақал  Жағда  Бабалықұлы  қазақтың  салт-
дәстүрінен,  әдет-ғұрпынан  сыр шертеді).  –  2010. 
3 наурыз. -11 б. 
 
 
УДК  37.016:811.111:004 
 
COMPUTER ASSISTED LANGUAGELEARNING IN EFL TEACHING 
 
Ospanova A. K., Mardenova G. D. - Academy of the Languages, KEPUFN, Shymkent 
 
The article considers the Computer assisted language learning (CALL) and the ways of its application 
in  EFL  teaching.  The  article  also  gives  a  review  of  some  of  the  advantages  of  CALL,  as  well  as  certain 
barriers to its usage in English teaching.     
Key words:computer assisted language learning, CALL, EFL, Internet, hardware, software, interactive 
communication.  
 
In  terms  of  the  wider  picture  of  language 
teaching and learning, it is sometimes easy to forget 
that computers have been available as a resource in 
language  teaching for  little more than  twenty  years. 
During  this  relatively  short  time,  there  has  been  a 
dramatic  change  in  the  number  of  options  open  to 
language teachers and learners. Initially, computers 
were  mainly  used  as  sophisticated  typewriters, 
allowing learners to write and to correct and amend 
easily  and  effectively.  Some  basic  interactive 
software  was  available  in  the  early  years,  but  this 
was  generally  restricted  to  the  type  of  exercise 
found  in  grammar  practice  books  with  the  added 
feature  of  a  sound  to  indicate  a  correct  or incorrect 
answer.  
The  real  advance  in  the  use  of  computers  in 
language  teaching  came  with  the  transition  from 
floppy-disc  to  compact  discs  (CDs)  as  the  basic 
form  of  software,  the  proliferation  of  e-mail  as  a 
means  of  communication  and,  most  importantly, 
with  the  arrival  of  the Internet  as  a  widely  available 
resource.  Today  there  is  a  vast  array  of  language 
teaching  material  available  on  CD  ROM  or  DVD, 
ranging  from  self-study  materials  to  supplement 
published course-books, to ESP-based courses and 
culture-based  materials.  Many  learners  of  English 
have  access  to  e-mail  and  the  Internet  at  home  as 
well  as  at  school  and  this  presents  teachers  with  a 
range  of  useful  options  in  terms  of  setting  writing 
tasks, communicating with learners by e-mail, giving 
learners  research  tasks  and  setting  up  project  work 
based on researching the Internet. Where previously 
such tasks would have involved a great deal of letter 
writing  on the  part  of  both  teacher  and  learners,  on 
the one hand, and a potentially time-consuming visit 
to  the  local  library  on  the  other,  they  can  now  be 
accomplished  quickly  and  easily  without the learner 
ever having to leave his or her PC. 
The  use  of  computer  technology  in  the 
classroom  is  referred  to  as  Computer  Aided 
Instruction  (CAI).  When  CAI  is  used  for  language 
learning,  such  as  in  the  ESL/EFL  classroom,  it  is 
known  as  Computer  Assisted  Language  Learning 
(CALL). The rapid growth of CALL is reflected by the 
plethora of professional organizations, journals, and 
other  entities  that  deal  with  this. One  subdivision  of 
CALL  is  called  Computer-Mediated  Communication 
(CMC), and it focuses an how students can use the 
Internet  to  enhance  their  speaking,  listening,  and 
pronunciation skills in a foreign language. 
Since its inception, the use of the Internet has 
grown exponentially. According to a report issued by 
the  United  Nations  Conference  on  Trade  and 
Development, the  number  of  people  worldwide  with 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет