Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет33/38
Дата06.03.2017
өлшемі3,59 Mb.
#7721
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
174
философиялық  білім  беру  жүйесіне  дейін, 
басқару  институтынан  бастап  мұғалімге  дейін 
қоғам  талап  еткен  жаңа  білім  беру  мазмұнына 
қанық болуы тиіс.[6, 23 б.] 
Жоғары  оқу  орындарында  оқыту  үдерісінің 
маңызды 
міндеті 
мынадай: 
білім 
беру 
міндеттерін 
шешумен 
қатар, 
адамгершілік 
тәрбиесін  қоса  қатар  алып  жүру  керек.  Оқу-
тәрбие 
оқушының 
танымдық 
әрекеттерінің 
ерекшеліктері  мен  оның  моральдық  болмысын 
қалыптастыру үдерістері бірігеді. 
Тек  жоғары  білікті  маманның  ғана  емес, 
сонымен  қатар  жоғары  дәрежелі  адамгершілік 
санасы  бар  азаматтың  дайындығында  әлеумет-
тік-экономикалық,  саяси  талаптардың  қарқынды 
өсуі  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың  мынадай  қа-
жеттіліктерін  алға  тартады.  Яғни,  оқу  үдерісін 
ұйымдастыру  қажеттіліктері  тәрбиелі  білім  беру 
қағидасын толықтай жүзеге асыра алатындай бо-
луы  тиіс.  Тәрбиелеуші  оқыту  үдерісін  ғылыми 
әдіснамалық  және  әдістемелік  негізде    жүргізу 
және  оны  ұйымдастыру  жоғары  оқу  орындарын-
дағы  әрбір  оқытылатын  пән  бойынша  адамгер-
шілік-тәрбиелік  міндеттерді  шешетін  оқу  бағдар-
ламаларын  әзірлеу  барысында  аса  талап  етіле-
ді. 
Осыған орай моральды ақпараттың мазмұ-
нын  анықтау  қажет  етіледі.  Моральды  ақпарат 
оқытылатын пәндердің мазмұнына енуі тиіс және 
оқушының  ішкі  рухани  әлемінің  мәртебесі  болуы 
тиіс,  яғни жоғары оқу орындарында адамгершілік 
тәрбиесі  жүйесінің  әдіснамалық  қызметін  жүзеге 
асыру қажет. Осыған орай, бұл міндет оқушының 
оқу қызметін жоспарлау барысында толық көрініс 
табуы  тиіс,  яғни  жүйенің  жоспарланған  қызмет-
терін жүзеге асыру.  
Осылайша  оқушының  зияткерлік  әлеуетін 
ашуға мүмкіндік беретін кең спектрге жол ашыла-
ды,  зияткерлік  әлеуетті  байытатын  жағдайлар 
мен  тұлғаның  ішкі  әлемін  қалыптастыратын  құн-
дылықтарға  кеңінен  жол  ашылады.  Адамгер-
шілік-тәрбиелік  ықпалдардың  ғылыми  бағдарла-
масы  нақты  оқу-тәрбиелік  үдерісте  орын  алатын 
адамгершілік  тәрбиесінің  қажетті  әдістері  мен 
тәсілдерін әзірлеуге негіз болады (жүйенің ұйым-
дастырушылық-әдістемелік 
қызметін 
жүзеге 
асыру).  Әдетте,  оқыту  барысындағы  тәрбиелеу 
әрекетінің  бірде  бір  актісі  оқушының  моральді-
психологиялық  білім  ерекшелігіне  сәйкес  бол-
майынша оқу ісі де, тәрбие ісі де ұтымды әрі оң-
тайлы 
бола 
алмайды(жүйенің 
ақпараттық 
қызметін  жүзеге  асыру).  Демек,  оқу  үдерісіндегі 
тәрбиелік  ықпалдарға  бақылау  жасамайынша, 
тәрбиелі  білім  беру  ісін  жүзеге  асыру  мүмкін 
емес.  Яғни,  тәрбиелі  білім  берудің  тиімділігін, 
оның  кемшіліктерін  түзету  қажеттіліктерін  толық 
орындаған  жағдайда  ғана  тәрбилеуші  оқыту 
жүйесін 
түбегейлі 
қалыптастыруға 
болады 
(жүйенің бақылаушы қызметін жүзеге асыру). 
Осылайша,  оқу-тәрбие  ісін  басқаратын  ғы-
лыми  ұйымдарда  жоғарыда  аталған  адамгерші-
лік тәрбиесінің барлық қызметтері жүзеге асыры-
лады. 
Оқу  үдерісі  адамгершілік  тәрбиесінің  құра-
лы  ретінде  автоматты  түрде  қалыптаса  қоймай-
ды.  Оқу  үдерісіндегі  адамгершілік  тәрбиесі  оқу-
шының  әрекетін  басқару  арқылы  қалыптасады. 
Осы  қалыптасу  үдерісінде  алынған  моральды 
ақпаратты  тұлға  өз  бойында  моральды  қасиет 
ретінде сіңіре білу қабілеттері қарқынды  орында-
лады  және  оқу  жүйесін  ұйымдастыру  сапасына 
да тәуелді болады.  
Оқыту  барысында  сіңірілетін  адамгершілік 
тәрбиесі  білім  меңгеру  сияқты  егжей-тегжейлі 
оқушы  санасына  әсер  ету  арқылы  орындалады, 
яғни оқушының эмоционалды қабылдауы, ақиқат 
дүниедегі  моралдық  құлықтарды  ішкі  әлемінде 
түйіндеп 
сіңіруі, 
т.б. 
ақпараттық 
теория 
тұрғысынан қарайтын болсақ бұл аталған тәрбие 
сіңіру  үдерісі  ақиқат  туралы  өзекті  ақпаратты 
білім  қабылдағандай  тұлғаға  тән  әлеуеттік 
ақпарат  ретінде  санада  жинақтау  әрекеттерімен 
тең  түседі  екен.  Яғни,  субъектінің  ақиқат 
болмысқа деген қатынасы ретінде қабылданады. 
Бұндай  жағдайда  тәрбие  туралы  барлық  білім-
дерді  қабылдау  емес,  тек  болып  жатқан 
жағдаятты көре тұра ондағы адамгершілік мазмұ-
ны бар аспектілерді қабылдау, оларға моральды 
баға  беру  арқылы  санада  сақтайды.  Қарастыры-
лып  отырған  мәселенің  маңызды  қыры  адамгер-
шілік  тәрбиесінің  мәнін  түсіну үшін  талдау жасау 
талап  етілуінде.  Осы  маңыздылықты  шешу  үшін 
адамгершіліктік  баға  алуға  лайықты  білім  шарт-
тарының  тетігін  теориялық  тұрғыдан  ашу  қа-
жеттілігі  туындап  отыр.  Осы  мәселені  шешуде 
әдістемелік тұрғыдан негізделген А. Г.Спиркиннің 
тұжырымдарын басты ұстаным ретінде алуға бо-
лады: «Субъект зат пен құбылыстарды, олардың 
қасиеттері  мен  белгілерін  өздері  танып  түсініп 
қана қоймайды, оның өздері үшін, қоғам үшін ма-
ңызды  екенін де  білу  үшін де  таниды».[7,  111  б.] 
Бұл  тұжырымда  айтылатын  негізгі  идея  –  адам 
танымындағы  заттар  тек  сол  заттар  арасындағы 
қатынасқа  ғана  емес,  сондай-ақ  сол  заттардың 
адамға  қатысты  құнды  қатынастарын  да  тану 
үшін маңызды екенін айқындап көрсету. 
Нәтижесінде  сондай  құнды  қатынастардың 
ішінде ғылыми деректерге адамның тікелей қаты-
насы  орын  алғанда  адам  өзінің  жеке  моральды 
көзқарасымен, өзінің пайымдауларымен баға бе-
реді,  сол  ғылыми  деректерді  өз  түсінігімен  баға-
лайды.  Соның  нәтижесінде  белгілі  бір  нақты 
білім  «субъективті  моральды  мағынаға»  ауы-
сады.  Осылайша  жиналған  ғылыми  білімдер 
адам  үшін дерексіз  сипатта  емес, формалды  си-
патта таныла бастайды. Оны қабылдаған қорша-
ған орта тәжірибеде, таным үдерістерінде қолда-
ныстан өткізіп, өз бағасын береді. 
Сонымен  ғылыми  білім  мазмұнына  сіңген 
объективті моралды мағынаға құндылық қатынас 
жасау  арқасында  сол  мазмұн  тұлғаның  субъек-
тивті  моральды  мағынаға  ауысады.  Сонымен  қа-

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
175
тар,  ғылыми  білімге  енген  адамгершілік  ақпарат-
тарды  игеру,  түйсіну  үдерісі  де белсенді  сипатқа 
ие  болады,  мойындату,  дәлелдеу  сияқты  мо-
ральды  сезімдердің  антологизациясы  орын  ала-
ды.  Бұл  жағдайда  тек  рационалды  ұғыну  үдерісі 
ғана  емес,  сондай-ақ  эмоционалды  баға,  яғни 
моральды  ақпаратты  қабылдау  немесе  терістеу 
әрекеттері  де  қатар  жүреді.  Демек,  танымның 
зияткерлік 
және 
эмоционалды 
сипаттары 
арасындағы  өзара  байланыс  орнайды.  Тұлғаның 
зияткерлік әлеуеті тек рационалды білім саласы-
мен ғана шектеліп қоймайды, сондай-ақ адамгер-
шілік императивтерменде толығып отырады. 
Ескере кету керек, адамның танымдық үде-
рісінде таза танымдық қатынас пен адамның қор-
шаған  ортаға  деген  құндылық  қатынастарын 
ажыратуға болмайды. 
Заттың  қасиеттері  мен  құбылыстарын 
терең  таныған  сайын,  оқушы  сол  дүниемен  құн-
дылық  қатынастарын  соғұрлым  терең  орната 
алады және оқушының қоршаған ортамен байла-
нысы  да  соғұрлым  тереңдей  түседі. Бұл  жағдай-
да  субъект сол  заттың  объективті  қоғамдағы мә-
нін  жан-жақты  терең  тануға  мүмкіндік  алады 
және  сол  заттың  моральдық  мәні  оқушы  үшін 
органикалық күйде түсінікті болады. 
Танымдық  қатынас  пен  құндылыққа  бағыт-
талған қатынастар арасында органикалық байла-
ныс  орнаса,  онда  студенттердің  оқу  ісінде  білім 
беру  мен  тәрбиенің  тұтастығы  қалыптасқанын, 
соның  ішінде  адамгершілік  тәрибесінің  орын 
алғанын  байқаймыз.  Сондықтан  педагогикалық 
жүйеде  басқару  факторын  айқындап  көрсетуде 
адамгершілік-тәрбиелік мағынаның орны ерекше. 
Себебі осы басқару жүйесі адамгершілік тәрбиесі 
қызметін  қалай  тиімді  орындауға  болатынына 
жол сілтейді. 
Оқу  үдерісіндегі  адамгершілік-тәрбиелік 
қызметті  орындайтын  факторларды  ішкі  және 
сыртқы деп бөлуге болады. Сыртқы факторларға 
мыналар  жатады:  оқу  үдерісінің  адамгершілік-
тәрбиелік  бағыт,  оқытушының  тұлғаға  адамгер-
шілік  тұрғыдан  ықпал  етуі,  студенттік  ұжымдағы 
адамгершілік  қатынастары,  оқу  барысына  бақы-
лау жасау жүйесі. Ішкі факторларға мыналар жа-
тады:  оқушының  оқу  барысындағы,  заттарды 
тану  барысындағы,  өзінің  болашақ  мамандығын 
таңдау  барысындағы,  оқытуға  деген,  жоғары  оқу 
орнына деген моральды-құндылық ұстанымы. 
Оқу 
үдерісінде 
адамгершілік-тәрбиелік 
факторлармен қатар оқытушы тұлғасы мен оның 
зияткерлік  деңгейі  маңызды  орынға  ие.  Оқыту-
шының  жоғары  дәрежелі  моральды  беделінің 
оқушының  адамгершілік  дамуына  ықпал  етуін 
бірнеше  факторлардың  әсерімен  түсіндіруге  бо-
лады.  Солардың  ішінде  ең  бастысы  –  өз  пәні 
бойынша терең білімі болуы, сол білімін тыңдау-
шыларға  ұтымды  жеткізе  білуі,  оқушылардың  бі-
лімін әділ бағалай білуі, олардың білім меңгеруін 
жіті бақылай алуы, оқытушының жоғары деңгейлі 
ішкі  және  сыртқы  мәдениеті,  оның  азаматтық 
ұстанымы.  
Е.  П.  Гоголевтің  пайымдауынша,  «Бұқара 
кәсіби  зиялы  қауымның  ішінде  рухани  мұраны 
шыңдайтын да, сақтайтын да мамандықтың бірі – 
мұғалім,  тәрбиеші  және  оқытушы.  Себебі,    бұл 
маман иелері ұрпақ пен ұрпақ арасын жалғайтын 
адамгершілік,  мәдени  байланыстарды  қалыптас-
тырады, отбасымен қатар баланың тұлға ретінде 
әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, қоғамның бола-
шақ  қызметкерлері  мен  жұмысшыларын  қалып-
тастырады.  Мұғалім  тұлғасының  ықпалында 
түптеп  келгеннен  барлығы  адам  болады,  олар 
сол  ықпалда  жүріп,  зияттылыққа,  руханилыққа, 
адамгершілікке  тәрбиеленеді.  Демек,  мұғалімнің 
шығармашылық  әлеуеті  жоғары  болған  сайын, 
оның  ықпалында  жүргізілетін  оқу-тәрбие  үдерісі 
де соғұрлым тиімді әрі сапалы, ұтымды болады». 
[8, 95 б.] 
Тәрбиелік  әрекеттердің  түрлі  әдістері  мен 
үлгілерін  сәтті  қолдану,  оны  дұрыс  таңдай  білу 
тәрбиеші  тәжірибесіне,  оның  педагогикалық, 
ұйымдастырушылық 
қабілетіне, 
тәрбиелеу 
үдерісіндегі  шығармашылық  қатынасына  және 
оның өмірлік ұстанымына тікелей байланысты.  
Оқу  әрекетіндегі  адамгершілік-тәрбиелік 
ықпал  оқушының  оқуға,  білімге  деген  қатынасы-
на,  оның  оқу  пәніне  деген  құнды  қатынастарын 
орнататын  мінез-құлқына,  оқытылатын  пәннің 
мазмұнына,  өзінің  болашақ  мамандығын  сезіну, 
түйсіну  деңгейіне  байланысты  болады.    Яғни  
субъективті  моральды  мағына  оқушының  оқыту 
үдерісіндегі  барлық  элементтерді  орындау  қабі-
летіне  байланысты  көрінеді  деген  сөз.  Осы  мо-
ральды  мағынаның  сипаты  оқытудың  нәтижесін, 
сонымен  қатар  оқу  үдерісіндені  адамгершілік-
тәрбиелік тиімді қызметін көрсетеді. 
Адамгершілік  тәрбиесінде  оқушының  оқы-
тушыға  деген  қарым-қатынасы  мен  оқытушының 
тұлғалық  қабілеттерін  қабылдау  маңызды  рөлге 
ие  болады.  Егер  оқытушы  тұлғасының  адамгер-
шілік  тәрбиесіне  тәрбиелеу  ісіндегі  оқушы  мен 
оқытушы арасындағы теріс ықпалдарды қарасты-
ратын  болсақ,  онда  педагогикалық  тұрғыдан 
дұрыс  негізделген  тәсілдер  қолданыла  тұрса  да, 
моральды  ақпараттар  дұрыс  таңдалып  алынса 
да,  тәрбиелеу  әсері  мағыналы,  мәнді  бола  қой-
майды.  Себебі,  бұл  жерде  оқушының  пікірі 
бойынша,  оқытушы  тұлғасы  жоғары  дәрежелі 
моральды  талаптарға  сай  емес.  Демек,  осыдан 
шығатын  қорытынды  моральды  ақпарат  оқушы 
бойына  оқытушымен  жайлы  қарым-қатынас 
жасау барысында сіңеді, сол арқылы адамгерші-
лік  тәрбиесіне  баулу  үдерісі  жүреді.  Демек,  мо-
ральды  ақпаратты  жай  хабарлау  мен  моральды 
ақпараттар  арқылы  адамгершілікке  тәрбиелеу 
ұғымдары  мүлдем  екі  басқа  дүниелер.  Ал 
оқытушы  тұлғасына  лайықты маманның  мақсаты 
моральды  ақпарат  мазмұны  арқылы  тәрбиелік 
қуаты  бар  ақпаратты  оқушыға  оңтайлы  сіңіре 
білуі  тиіс.  Г.А.Кручининаның  пікірінше,  «Педагог 

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
176
жұмысының  сәттірек  болуы,  оның  негізгі  тұлға-
лық қасиетіне, кәсіби қызметіне сай лайықталған 
мінезі  сәйкес  келуінеде  байланысты.  Педагог 
үшін ең басымды кәсіби және тұлғалық қасиеттер 
қатарында  кәсіби  біліктілік,  зияткерлік,  бәсекеге 
қабілеттілік,  шығармашылық  тұлға  қабілеттері 
болуы тиіс».[9, 125  б.] 
Қорыта  келгенде,  адамгершілік-тәрбиелеу 
факторлары  негізгі  болып  саналады.  Яғни  оның 
ішінде  де  оқушының  адамгершілік  тұрғыдан 
жетілуіне  негіз  болатын  оқу-тәрбиелік  үдерістер-
дің сан алуан түрлеріне нұқсан келтірмейтін фак-
торлар алынады.  
Осы факторларға талдау жасау нәтижесін-
де  адамгершілік  тәрбиенің  кешенді  сипаты  анық 
байқалды.  Оның  көпфакторлығы  мен  одан 
туындайтын басқару күрделілігі, яғни тұлғаны да-
мытуға бағытталған ықпалдарды басқару  күрде-
лілігі  жинақтала  келіп,  адамгершілік  тәрбиені 
басқару  үдерісін  құрайды.  Сонымен,  адамгер-
шілік құлық дегеніміз не? 
Адам  мінез-құлқы  адамгершілікті  болады 
егер,  адам  өзінің  әрбір  әрекетін,  қимылын,  ісін 
алдын  ала  ойланып,  білім  тәжірибесіне  сәйкес, 
ең дұрыс әрі таңдаулы шешімді қабылдап барып 
орындайтын  болса,  алдында  кездескен  мәселе-
лерді шешуде дұрыс жол таба алады. Ал сенімді 
құлық  болу  үшін  адамның  ішкі  тұрақты  ойы, 
пайымдауы  көмек  береді.  Ой  мен  істің  үйлесім-
ділігі – кез келген жағдаяттағы адамгершілікті құ-
лықтың  сенімді  кепілі  бола  алады.  Және  адам 
бойындағы  ой  тұрақтылығы  жаңа  пайда  болған 
күтпеген жағдаяттардан тығырыққа тірелмей, ой-
ланып шешім табуға мүмкіндік береді.  
Оқыту  үдерісінде  адамгершілік  тәриесі 
жүйесінің  негізгі  қызметтері  жүзеге  асырылуы 
тиіс.  Әсіресе  жоғары  оқу  орындарында  осы 
тәрбие  түрі  толық  көріне  бермейді.  Жеке  алып 
қарайтын болсақ, оқу ісіне бақылау жасау, басқа-
рудың бір бөлігі ретінде оқушылардың моральды 
пікірлерін  толық  қалыптастыратын  құрал  ретінде 
көріне алмай келеді. Сондай-ақ көп жағдайларда 
педагог адамгершілікті-тәрбиелік мақсатты оқыту 
үдерісінде аса маңызды деп санамайды. 
Оқыту  үдерісінде  оқушы  тұлғасына  адам-
гершілік тұрғыдан әсерететін барлық факторлар-
дың  ықпалын  қалыптастыру  қажет  (ішкі  және 
сыртқы,  тікелей  және  жанама),  сондай-ақ  осы 
факторлар 
ықпалының 
нәтижесінде 
оқушы 
мінезіндегі  өзгерістерді  ескеру,  оқу  ісінің  осы 
факторларға тәуелді немесе тәуелді емес екенін 
айқындау.  
Адамгершілікті-тәрбиелік  кешенді  фактор-
лардың  ықпалын  басқару  оқушы  бойында  адам-
гершіліктік  уәждерді,  оң  мінез-құлықтарды,  ру-
хани құндылықтарды сіңіру мақсатында белсенді 
жұмыс  жасайды,  сонымен  қатар,  оқытудың 
субъективті-адамгершіліктік 
мәнін 
оқытудың 
объективті мазмұнымен толықтыруға бейімдейді. 
Нәтижесінде  оқыту  үдерісі  оқушы  үшін  жетекші 
моральды қажеттілік ретінде танылады. 
Оқыту  ісінің  мазмұны  сол  пәнге  енген 
барлық  мазмұнды  аша  білуі  тиіс.  Сондай-ақ,  сол 
пәнге  органикалық  тұрғыдан  тән  моральдық 
ақпараттармен де толығуы тиіс. 
Оқыту  үдерісі  оқушының  адамгершілік 
санасындағы барлық компоненттерді өзектендіре 
алуы  тиіс.  Яғни  оқушының  эмоционалды,  рацио-
налды таным қырларында да қатар белсенді қыз-
мет атқара алатындай деңгейге жеткізуі тиіс (уәж 
табу,  мақсат  қою,  пайымдау,  білімін  пайдалана 
алу). 
Оқытудың  мазмұны  мен  әдісі  оқушының 
танымдық 
және 
құндылыққа 
бағытталған 
қызметерін  белсенді  етуі  тиіс.  Нәтижесінде  мо-
ральды  ақпарат  тұлғаның  ішкі  бір  қасиетіне,  оны 
басқаратын моральды реттегішке  айналады. 
ЖОО  өміріндегі  барлық  салаларға  тән 
адамгершілік  тәрбиесінің  сан  түрлі    ықпалдарын 
өзара байланыстыру. Оқу үдерісіне адамгершілік 
тәрбиесін  тиімді  енгізу  студенттің  ортадағы 
ұжымдық  қатынастардың  жетілуі  арқылы  қалып-
тасуы  мүмкін.  Себебі  ұжымдық  ортада  әрбір 
ұжым мүшелері бір біріне моральдық қатынас та-
лаптарын  қоя  алады,  студенттік  топтарда  қоғам-
дық  пікірлердің  алуандылығы  әрбір  тұлғаны 
адамгершілік тұрғысынан тәрбиеленуге итермел-
ейді, моральды-психологиялық жағымды орта қа-
лыптастырады. 
Зияткерлік әлеуетті қалыптастыру үдерісін-
дегі  басты  бағыттаушы  жол  –  бұл  идеал,  үлгі. 
Осы үлгі немесе идеал арқылы тұлға өзін өзі же-
тілдіру  барысында  өзінің  ішкі  рухани  әлемін  қа-
лыптастыруға  талпынады.  Бұндай  жағдайда 
адамгершілік  тәрбиесінің  мақсаты  –эстетикалық 
тәрбиемен  органикалық  тұрғыдан  байланыста 
бола  отырып,  адамгершілікті  әрі  эстетикалық 
идеал тұтастығындағы рухты адам бойына сіңіру.  
Адамгершілік  және  эстетикалық  идеалдар-
дың  ортақ  қасиеттері  өте  көп.  Олардың  негізгі 
ажыратушы  белгілері  нысанында  адамгершілік 
идеалдың 
нысаны 
объективті 
адамгершілік 
құлықтары болса, эстетикалық иделадың нысаны 
–  эстетикалық  құндылықтар  болып  саналады. 
Бұл құндылықтар мен құлықтық қасиеттер қоғам-
дық-тарихи  өмірдің  дамуына  байланысты  өзгер-
мелі болады. Екі идеал да адамгершілік және эс-
тетикалық  бағаның  ең  жоғарғы  критерийлері  деп 
есептеледі.  Осы  идеалдар  арқылы  ақиқат  бол-
мысты  бейнелеу  көп  жылдарғы  тәжірибені  әрі 
нормативті  сипатты  талап  етеді,  себебі  шабыт-
тану үшін қажетті құндылықтар ғана емес, объек-
тивті  үрдісті,  даму  заңдылықтарын  бейнелейтін 
міндетті құндылықтар да орын алған.  
Бірақ  адамгершілікті  және  эстетикалық 
идеалдардың өзара ықпалына талдау жасау үшін 
тек  ортақ  қасиеттері  мен  белгілерін  санамалап 
шығу  ғана  емес,  сондай-ақ  олардың  әрқайсысы-
на  тән  ерекше  қасиеттерін  де  жеке  анықтау 
қажет  етіледі.  Негізінен  адамгершілік  және  эсте-
тикалық  идеалдар  біріккенде  болашақтағы  нағыз 
зиялы  адамның  нормативті  бейнесін  ұсынар  еді. 

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
177
Бірақ  нағыз  адамды  бейнелеуде  оларды  жеке 
алып қарағанда айырмашылықтары көрінеді (әсі-
ресе тәрбиелеу ықпалы тұрғысынан алғанда). 
Мысалы,  адамгершілік  идеалы  деп  қоғам 
қалыптастырған моральды қағидалар мен норма-
лардың  жиынтығын  индивид  мінез-құлқына  енді-
рушіні тани аламыз. Осы тұрғыдан алғанда адам-
гершілік  идеалы  формасы  жағынан  абстрактілі, 
себебі  моральды  нормалар  мен  қағидалар  баға-
лауыш пікірлерге қызмет ететін ұғым мен қатего-
рияның  формасы  ретінде  қызмет  етеді.  Ал 
эстетикалық  идеал  осындай  жоғарғы  абстракция 
формасы  бола  тұрса  да,  әрқашан  нақты-сезімді 
бейнесін жоғалтпайды. Ол сан мың жылдар бойы 
қабаттасып байытылып келе жатқан эстетикалық 
қабылдаулар  мен  сезімдер  мен  көркемік  бейне-
лер,  бағалауыш  әсерлер  көмегімен  интеграция-
ланады.  Адамгершілік  идеалды  түпкі  негізі  –
адамгершілік формасы мен моральды қағидалар. 
Ал  эстетикалық  идеалдың  түпкі  негізі  –  нақты-
сезімдік  эстетикалық  қабылдау  –  баға  мен 
көркемік  бейне.  Осындай  әртүрлі  бейнелеу 
формалары 
тұлғаны 
тәрбиелеудің 
кешенді 
ісіндегі  адамгершілік  және  эстетикалық  идеал-
дардың өзара ықпалын талдау барысында үлкен 
рөл атқарады. 
Одан  әрі  қарай  айтатын  болсақ,  адамгер-
шілік  идеалы  тек  тұлғаға  ғана  тән  деп  есепте-
леді.  Бұл  таным  –тұлғаны  тарихи  дамуындағы 
адамгершілік  қатынастарының  жетілгені  туралы 
ұғымдық  түсінік  болып  саналады.  Эстетикалық 
идеал  –бұл  әрқашан  белгілі  бір  ғажап  қоғамдағы 
белгілі  бір  ғажап  адамның  нақты  –сезімдік 
бейнесі.  Бұл  жерде  тұлға  ортамен  ажырамас 
байланыста 
қарастырылады. 
Эстетикалық 
идеалды  тұлғаның  дара  бостандығы,  еркіндігі 
деп  тануға  болады.  Эстетикалық  идеалға  жету 
үшін  қоғамдағы  еркіндік  шыңына  қол  жеткізу  деп 
тануға болады. 
Қорыта 
айтатын 
болсақ, 
эстетикалық 
идеал адамзат өміріндегі еркіндіктің жоғарғы дең-
гейін  көрсететін  нақты-сезімдік  бейне,  ал  адам-
гершілік  идеал  –  бұл  адамның  тек  адамгершілік 
аспектісіндегі  ең  жоғарғы  еркіндік  деңгейін  та-
нытатын  жеке  ұғымдық  бейне.  Осылайша  қоғам-
ның  адамгершілік  және  эстетикалық  идеалдары 
тұлғаның  зияткерлік  даму  деңгейін  жан-жақты, 
үйлесімді  толықтырады.  Адамгершілік  идеалы 
жүйелі  түрде,  теориялық  негізде  адамның  не 
істеу,  не  істемеу  керектігін  көрсетіп  отырады. 
Немесе  адамдармен,  ұжыммен  тіпті  қоғаммен 
қарым-қатынас  жасағанда  қандай  қағидаларды 
басшылыққа  алу  қажеттілігі  туралы  бағыт  беріп 
отырады.  Эстетикалық  идеал  көпқырлы,  сондық-
тан  ол  дамыған  тұлғаның  қоғаммен,  шынайы 
өмірлік  жағдаяттармен  байланысын  нақты-сезім-
дік қабылдаулар негізінде танытады. 
Сонымен,  жоғарыда  қарастырылған  оқушы 
тұлғасының  эстетикалық  және  адамгершілік  тәр-
биелерінің  тиімділігі  маманға  тән  мәдениетті 
қалыптастырудың  бір  ғана,  бірақ  ең  маңызды 
элементі болып саналады. 
 
Әдебиеттер: 
1  Ковалев  С.  М.  Воспитание  и  самовоспи-
тание. //М., 1986,С.57-58. 
2  Ковалев  С.  М.  Воспитание  и  самовоспи-
тание. //М., 1986,С.62. 
3  Гусейнов  A.  A.  Что  такое  мораль?  М., 
1988. С. 32. 
4  Голубева  Г.  А.  Взаимодействие  нравст-
венного  и  правового  воспитания  в  социалисти-
ческом  обществе  (социально-философский  ана-
лиз). //М., 1989, С.56. 
5  Сафронов  Б.  В.,  Дорогова  Л.Н.  Мир  че-
ловека. // М., 1975, С. 173. 
6  Огурцов  А.П.  На  пути  к  философии  об-
разования.  //  Вопросы  философии.  №11.  1995. 
С.23. 
7 Спиркин А. Г. Сознание и самосознание. 
//М., 1972. С.111  
8  Гоголев  Е.  П.  Формирование  личности 
учителя и развитие ее творческого потенциала. //  
Сб.  научных  трудов.  /Под  ред.  П.Ф.  Кравчука. 
Курск. 1996. 
9  Кручинина  Г.  А.  Формирование  систем-
ной готовности будущих педагогов к использова-
нию  новых  информационных  технологий  обуче-
ния  в  индивидуально-творческой  подготовке. 
//Сб.  научных  трудов.  /Под  ред.  П.Ф.  Кравчука. 
Курск. 1996. 
 
 
УДК 21 276 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет