Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет36/38
Дата06.03.2017
өлшемі3,59 Mb.
#7721
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
186
 
Әдебиеттер: 
1 Қазақстан  Республикасында  білім  беруді 
дамытудың 
2005-2010 
жылдарға 
арналған 
Мемлекеттік  бағдарламасы// Егеменді  қазақстан. 
2004-3б. 
2  ҚР-ның  2015  жылға  дейінгі  білім  берудің 
тұжырымдамасы  //Қазақстан  мұғалімі,  20  қаңтар 
2004-б. 3-4. 
3  «Қазақстан  –  2030»  Н.  Ә.  Назарбаевтың 
халқына жолдауы. 
4  Жалпы  білім  беретін  мектептің  1-4-
сыныптарына 
арналған 
бағдарламалары. 
Алматы. РОНД, 2003ж. -28 б. 
5  Аймағамбетова  Қ.,  Жүнісова  Қ.,  Олейник 
З.Ф..  Бірмағанбетова  Ә.  Б.  Дүниетануды  оқыту 
әдістемесі  (1-  4  сынып  мұғалімдеріне  арналған). 
Алматы, Атамұра 1998 – 135б. 
6  Аймағанбетова  Қ.  А.  т.б.  жалпы  білім 
беретін  мектептің  1-4-сыныптарына  арналған 
дүниетану оқулықтары. – Алматы  
7  Аймағанбетова  Қ.  Дүниетануды  оқыту 
теориясы  мен  технологиясы.  –  Студенттерге 
арналған  оқулық.  Алматы:  ҚазМемҚызПИ,  2006. 
– 259 бет. 
8  Аймағанбетова К., Жунусова К., Олейник 
З.  Ф.  Методическое  руководство  к  учебнику 
«Познание  мира»  1  класс.  Алматы.  Атамура. 
1998-127 с. 
9  Аймағанбетова 
Қ., 
Махмұтов 
С.. 
Табиғаттану кітабы. Алматы. Мектеп. 1976 ж. 
 
 
 
 
ӘОЖ 811.512.122 
 
Ә.НҰРПЕЙІСОВТІҢ «ҚАН МЕН ТЕР» ТРИЛОГИЯСЫ: ХРОНОТОП ЖӘНЕ 
ШЫҒАРМАНЫҢ КОНЦЕПТУАЛДЫҚ ЖОСПАРЫ 
 
Ербатырова  Ж.  –  магистрант,  А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік 
университеті 
 
Хронотоп  көркем шығарма  кеңістігінде  нақты  тарихи  кезеңдегі  оқиғаны суреттей  отырып, 
оқырманды  сол кеңістік  координатасынан  дұрыс бағдар  беріп,  хабардар  етеді.Уақыт  пен  кеңістік 
үйлесімінде  онимдерді  пайдалана  отырып,  автордың  түпкі  ойын  анықтауға  немесе  сол  кезеңдегі 
оқиғаларға  дұрыс  баға  беру  мүмкіндігіне  кез  келген  оқырман  ие  бола  алады.  Мақалада  романдағы 
кеңістіктік-уақыттық  байланыстың  өзара  байланысқан  үш  деңгейі  (хронотопы)  анықталып: 
топографиялық  хронотоп,  психологиялық  хронотоп  және  метафизикалық  хронотоп  мысалдар 
негізінде дәйектелген. 
Негізгі  ұғымдар:  хронотоп,  кеңістік,  уақыт,  топографиялық  хронотоп,  психологиялық 
хронотоп, метафизикалық хронотоп. 
 
Қай  кезде  де  қарапайым  сана  өзінің 
практикалық  өмірінде  «уақыт»  және  «кеңістік» 
ұғымдарына  сүйенеді.  Кеңістік  іштей  өлшемдік 
кесінділерден  тұратын  үш  өлшемділік,  геомет-
риялық, теңдей созылмалы ұғым ретінде түсін-
діріледі.  Уақыт  санада  өткеннен  қазіргі  кезең 
арқылы  болашаққа  қайта  оралмайтын  оқиға-
лардың  тізбегінен  тұратын  таза  ұзақтық  ретін-
де қабылданады. Сипатталатын болмысқа маз-
мұны жағынан тәуелді уақыт пен кеңістік өзара 
байланысқан біртұтас төрт өлшемділік контину-
умның  үйлесуі.  Уақыт  пен  кеңістік  байланысы-
нан  хронотоп  ұғымы  шығады:  «Хронотоп  (сөз-
бе-сөз «уақыт-кеңістік») – нақты мәнді (мәдени, 
көркем  т.б.)  ашуға  бағытталған  кеңістіктік  және 
уақыттық  параметрлер  бірлігі.  Алғаш  рет  хро-
нотоп  терминін  психологияда  Ухтомский  қол-
данды.  Әдебиеттануда,  соңынан  эстетикада 
Бахтиннің 
еңбектері 
негізінде 
пайдалана 
бастады.  Сонымен  бірге  хронотоп  негізінде 
адамзат  тұратын  бір  уақытта  рухани  және  ма-
териалды  болмыс  ретінде  сипатталады.  Бах-
тиннің  пайымдауы  бойынша,  хронотоп  ұғымын 
түсінуде  көркем  шығармада  жеке  ұстанымы,  «ой-
пікір аясына ену тек хронотоп қақпасы арқысы іске 
асады»  дегеннің  мәнін  білдіру  қызметі  болып 
табылатын 
кеңістіктік-уақыттық 
бірлігінің 
аксиологиялық  бағытталуы  басты  болып  та-
былады.  Басқаша  айтқанда,  шығармадағы  ой  тек 
кеңістіктік-уақыттық  көрініс  беруі  арқылы  на-
қышталады.  Осының  негізінде хронотоптың  мәніне 
автор  да,  шығарма  да,  оны  қабылдаушы  оқырман 
да  өзіндік сипатта  ие  бола  алады, яғни  әрқайсысы 
өз 
ой-тұжырымын 
жасайды. 
Автор 
мен 
шығарманың 
хронотоптық 
мәні 
үйлескенмен 
оқырмандікі өзгеше болуы мүмкін немесе автор да, 
шығарма  да,  оқырман  да  бір  хронотоптық  мәнді 
қабылдайды. 
Хронотоп ұғымын зерттеген ресей тіл білімін-
де  ғалымдар  көптеп  кездеседі.  Мұның  өзі  ко-
нитивтік  лингвистика  тұрғысынан  антропоөзектік 
мәселені 
шешуде 
адамзат 
ісінің 
кеңістіктік-
уақыттық  байланысы  арқылы  көрініс  беретін 
болмысын  анықтаудың  қаншалықты  маңызды 
екенін  аңғартады.  Мысалы,  О.  Резвина  «Хронотоп 
в современном романе» атты мақаласында хроно-

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
187
топ  ұғымына  берілген  анықтамаларға  тоқтала 
отырып,  «Лето  в  Бадене»  және  «Взятие 
Измаила» атты шығармаларға талдау жасаған. 
Осының  негізінде  ХІХ  ғасырдан  ХХ  ғасырға 
қарай  ауысқандағы  кеңістіктің  өзгеруі  негізінде 
басты 
кейіпкердің 
ішкі 
дүниесіндегі 
ауытқуларға  тоқтала  отырып,  үштік  ұғым  – 
уақыт,  кеңістік  және  мағынаның  (ой-сананың 
қалыптасуы)  байланысын  көрсеткен,  А.  А. 
Фомин  «Ономастика  «Фанданго»  А.      Грина: 
хронотоп  и  концептуальный  план  произве-
дения»  атты  мақаласында  А.  Гриннің  «Фан-
данго»  новелласындағы  Петроград  әлеміндегі 
екі 
хронотоп: 
бастапқы 
және 
соңғы 
хронотоптарды 
талдаған,
 
Р. 
Клейман 
«Хронотопная  тетрада  поэтики  Достоевского  в 
контексте 
большего 
времени» 
мақаласы 
негізінде  ХХІ  ғасырда  «достоевскийшілдіктің» 
парадигматикалық  болжамын  анықтаған,  яғни 
он  жылдық  ішінде  Достоевский  шығармалары-
ның  әлеуметтік  қауымға  қаншалықты  ықпалы 
бар екенін талдаған, Л. П. Панкова суреттелген 
және 
ой 
елегінен 
өткізілген 
оқиғаларға 
темпоралды  баға  беру  негізінде  Ресейдегі 
бүкіл  православ  әлемінің  құрылымдық  өмірін 
христиан  хронотопы  арқылы  «Христианские 
хронотопы  в  поэзии  Н.  А.  Клюева»  атты 
мақаласында талдаған, А. Я. Гуревич «Средне-
вековый  хронотоп»  атты  мақаласында  әр 
кезең,  әр  ұлт,  әр  мәдени  қауымның  өзіне  тән 
хронотопы  болатынын,  соған  сай  кеңістік  – 
уақыт  –  ой-сана  қалыптасатынын  ортағасыр 
хронотопты зерттеу негізінде анықтаған т.б. [1-
5]. 
Қазақ  тіл  білімінде  хронотоп  ұғымын 
зерттеп, 
еңбектер 
жазған 
ғалымдар 
да 
баршылық,  мәселен,    А.  Б.  Темірболат: 
«Хронотоп  и  ритм  в  русскоязычной  прозе 
Казахстана последней четверти ХХ века» атты 
диссертациясын  қорғады  [6],  Н.  Кенжеғұлова 
«Феномен 
времени 
и 
пространства 
в 
произведениях  литературы  и  журналистики» 
атты 
мақаласында 
ғалымдардың 
зерттеулеріне 
талдау 
жасай 
отырып,  А. 
Алимжановтың  «Трон  Рудаки»  очеркінің  нақыт 
берілгенін  айта  отырып:  «Хронотоп  өнерін 
игеру  –  шынайы  қалам  шебері  атану  дегенді 
білдіреді», деп ойын түйіндеген [7]. Орта ғасыр 
ескерткіштерінің 
ономастикалық 
кеңістігін 
зерттеген  С.  Иманбердиева  Қ.  А.  Иасауидың 
«Диуани  хикмет»  ескерткішіндегі  хронотопты 
анықтауда  келесі  пікірді  келтіреді:  «Мәтін 
ішінде  тарихи  онимдер  шығарманың  мезгілі 
мен 
кеңістігін 
ұйымдастыратын 
өзіндік 
үйлестіруші,  яғни  хронотоп  қызметін  атқарған. 
Хронотоп 
құбылысы 
«Диуани 
хикмет» 
ескерткішінде  ерекше  көрініс  берген.  Басты 
кейіпкер  –  автордың  сопылық  ілімді  таратуда 
жерүсті  (Түркістан)  және  жерасты  (пейіш, 
дозақ,  сират)  кеңістігінде  әр  мезгілде  (тоғыз, 
он  жеті,  отыз,  алпыс  екі,  алпыс  үш  жас)  зікір 
салу  қозғалысы  арқылы  мезгіл  мен  кеңістікті 
байланыстырып,  шығарма  хронотопын  анықтаған. 
Сонымен шартты хронотопты құрайтын топонимнің 
(Түркістан) локусы анық, егер топонимді S, ал одан 
шыққандағы 
бағыт-бағдарды 
Х 
және 
оған 
бағытталған  бағдарды  P  деп  алсақ,  онда  белгілі 
сызба алынады:  Р      S     Х       S» [8]. 
Хронотоптың мәтін ішіндегі қызметіне қатысты 
Қ.  Рысберген  мынадай  пікірді  білдірген:  «Сонымен 
қатар,  нақты  мекен-жайлық,  локальды  бағыт-
бағдарлық  қызметті  де  атқарып  тұр.  Көптеген 
ақиқат 
топонимдік 
атаулармен 
қатар 
бізге 
жетпеген, ақын-жыраулар поэтикалық жолдарында 
ғана  сақталған,  кезінде  аса  актуалды  болған 
көптеген  микротопонимдік  атауларды  кездестіруге 
болады. 
Яғни, 
аталмыш 
көркем 
мәтіндерде  
кеңістік пен  нақты тарихи кезең бірегей хронотопқа 
ұйымдасып  тұр.  Сондықтан  хронотоп  көркем  шы-
ғарма кеңістігінде нақты тарихи кезеңдегі уақиғаны 
суреттей  отырып,  оқырманды  сол  кеңістік  коорди-
натасынан  дұрыс  бағдар  беріп,  хабардар  етеді. 
Жоғарыда  көрсеткеніміздей,  хронотоп  теориясы 
жалпы филологиялық проблема ретінде жеке және 
жете  зерттелуі  тиіс  тың  тақырып  деп  есептейміз» 
[9]. 
Біз  мақаламызда  Ә.  Нұрпейісовтің  «Қан  мен 
тер»  шығармасындағы  хронотопты  анықтауды 
мақсат  еттік.  Шығарма  атауынан,  белгілі  өмір 
жолында  қан  кешіп,  тер  төгу  мен  елі  үшін  күрес, 
яғни  бибилионимнен  біз  кеңістік,  уақыт,  ой-сананы 
анықтаймыз, себебі «Қан мен тер» дегенде уақыт – 
белгілі  бір  өмір  жолын  өту;  кеңістік  –  сол  өмір 
жолын белгілі бір кеңістікте өткізу; ой-сана – басты 
кейіпкер  –  Еламанның  ішкі  жан-дүниесі,  әлемді 
танып,  қабылдаудағы  уақыт  пен  кеңістіктің  рөлі 
анық көрініс берген. 
Романдағы  кеңістіктік-уақыттық  байланыстың 
өзара  байланысқан  үш  деңгейін  (хронотопын) 
анықтауға 
болады: 
топографиялық 
хронотоп, 
психологиялық хронотоп және метафизикалық хро-
нотоп. 
Топографиялық 
хронотоп 
сюжеттің 
хронотопы, ол шығарманы сюжет барысына сәйкес 
келетін 
бірнеше 
кеңістіктік-уақыттық 
бірлікке 
бөледі.  Бұл  таныс  денотаттар  әлемін  көзге  көріне 
бермейтін  күш  жасаған.  Топографиялық  хронотоп-
пен 
психологиялық 
хронотоп 
өзара 
тығыз 
байланысып  жатады.  Бұл  кейіпкерлер  хронотопы. 
Кеңістік  пен  уақыттағы  қозғалыс  барысына  сәйкес 
сюжет  барысында  әр  деңгейде  ауысып  отыратын 
кейіпкердің  ішкі  әлемінің  өзгерісін  көрсетеді. 
Топографиялық  хронотоп  сюжет  негізінен  шығып 
жатса,  психологиялық хронотоп  кейіпкерлердің  ой-
санасына  негізделеді.  Метафизикалық  хронотоп, 
яғни  сипаттау  деңгейі  мен  метатілді  қалыптастыру 
– сюжет деңгейлері мен ой-сананы байланыстыру-
шы  сөз,  тұтастай  алғанда  шығармада  метатілдік 
мәнге ие болады, себебі ол бүкіл мәтіннің идеялық 
мәні,  соның  ішінде  кеңістіктік  және  уақыттық  идея-
сымен байланысты. 
Топографиялық 
хронотоп 
деңгейі 
көзге 
көрінетін, байқалатын  әлем,  психологиялық хроно-

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
188
топ  деңгейі  –  көруші,  байқаушылар  әлемі,  ал 
метафизикалық  хронотоп  –  сипаттау  тілін 
анықтаушы  әлем.  Осыған  орай  роман  желісіне 
сәйкес іс-әрекет түрі (істің өзі), іс-әрекет тәртібі 
(мәтіннің  іс-әрекетін  жеке  тұлғаның  құруы) 
және  іс-әрекет  топосы  (болатын  істің  орны) 
анықталады. 
Ә. 
Нұрпейісов 
топографиялық 
хронотопты  Арал  топосы  арқылы  жақсы 
көрсеткен.  Оның  өзі  бірнеше  хронотоптық 
бірліктерден  тұрады:  «<Әлсіз  мұз.  Теңіз 
жағасы.  Көлқора  табаны.  Ақмарқа.  Түбектегі 
ауыл.  Қаратүп  шыңы,  Дауыл.  Үшкөң  тұсы. 
Тентек  Шодыр.  Қарақалпақ  елі.  Промсол. 
Шалқар  шаһары.Айғанша>.  <Қаратаз  болыс. 
Жар  басы.  Шалқар  түрмесі.  Сібір.  Сарының  әні>. 
Алдаберген  софы.  Әлібидің  ауылы.  Қалашы. 
Жаманқала.  Жайлау.  Көктем.  Жаман  Боташтың 
етегі.
 
Ақшилі.  Жаман  боташтың  кең  жазығы. 
Белараның  кезі>  Талдыбеке.  Ақшилі.  Беларан. 
Кендірлі  сай.  Ақбауыр  да  алыс  емес.  Ұлықұм. 
Батақ  Сарысының  Жармола  түрмесі.  Қазалы. 
Кішіқұм>  Көлқора.  Шалқардан  қайтып  келе 
жатқан. Жем бойы, Ырғыз, Торғай жақтан келген 
Шөмекей  саудагерлері.  Тобылғылы  сай.  Айғанша. 
Теңіз жағасы мен Шалқар қаласының арасы. т.б. 
Психологиялық  хронотоп  бірнеше  нүктелер 
арқылы  шешімін  тапқан.  Оны  мынадай  сурет 
арқылы көрсетуге болады: 
 
 
 
Сурет 1 «Қан мен тер» романындағы психологиялық хронотоп 
 
 
 
 
 
                
                    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Осы 
сурет 
арқылы 
біз 
романның 
басталуынан-ақ негізгі кейіпкер – Еламанның ішкі 
жан-дүниесінің түрлі көңіл-күй арқылы, сан-алуан 
ішкі 
ауытқулар 
негізінде 
психологиялық 
хронотопты  анықтаймыз.  Ол  бірнеше  кезеңнен 
тұрады. Алғашқы  үйленген  кезі:
 
«Құдай қосқан 
некелі  жарың  кені  рас.  Қасыңда  құр  сүлдесі 
жатқан  келіншектің  сен  тек  тәніне  иесің,  ал 
жаны  мен  жүрегі  мүлде  басқа  жақта  екенін 
көргенде  балықшы  жігіт  моқап  қалатын. 
Еламан  әйеліне  көз  салмастан  иығына  шолақ 
сары  тонын  жамылып  сыртқа  шықты.  Дала 
тастай 
қараңғы 
т.б.>
 
Айғаншаны 
кездестірген  кезі:  «Қыз  енді  жалт  бұрылып 
жүгіре  жөнелмек  болғанда,  Еламан  оның  нәзік 
білегінен  ұстай  алып,  жібермей,  кеудесіне 
қысып 
тұрып: 

Алда 
айналайын-ай! 
Тұмсығымен 
шымшып 
әкеп 
су 
тасыған 
қарлығаштай,  қасіретті  ағаңа  кешеден  бері 
шерепетіңді 
тигізумен 
жүрсің-ау! 
Ал, 
айналайын,  сау  бол.  Жамандық  көрме,  мұңсыз 
өс!  –  деп  қызды  маңдайынан  сүйді.  т.б.>
 
Кенжекейге  үйленуі:
 
«Жас  сәби  жүрегі  де  ана 
ықыласын алғаш рет сезіп, аз ғана күннің ішінде 
Кенжекейге 
бауыр  басып 
кетті. 
«Жақсы 
істедім.  Балаға  жайлы  болғасын  не  керек. 
Басқасы түк емес. Балаға жайлы болғасын... Иә, 
иә, айтары жоқ, жақсы болды. Жақсы істедім», 
деп  ойлап,  көзі  ұйқыға  кеткенше  құдайға 
шүкіршілік  айтып  жатады.т.б.>
   
Халық  үшін 
Кеңістік: 
 Шалқар 
(белгілі бір 
орындардағы 
мезгілге қатысты ой 
 т.б. 
Психологиялық хронотоп: 
Еламан 
Кәлен 
Ақбала 
Ой-сана: 
Үйленген кезі 
Айғаншаны кездестірген кезі 
Кенжекейге үйленуі 

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
189
бас  көтеруі:  «Осы  бейшаралар  өмір  бойы 
баққан малының рахатын көре алмай- ақ қойды. 
Қазақ  малы  қашан  да  қолды  боп  бұйдасынан 
тізіліп,  достың  да,  дұшпанның  да  жетегінде 
кетіп  жатады.  Ісі  оңалып  ілгері  баса  ма  деп 
дәмеленетін  тұсы  мынау.  Не  қылса  да  бағы 
жанбайтын  таланы  тастай  халық.  Еламан 
қазақ  жеріне  кірген  жау  әскерінің  қарамынан 
жүрегі  шошып  тұр.  Бұлармен  соғыс  оңай 
болмайды.  Айла-тәсілге  салмасаң  құр  күшпен 
ала алмайсың. т.б.> 
Сонымен  бірге  психологиялық  хронотопта 
Еламанның  ішкі  өзгерісі,  өзін-өзі  ұстауы  халық 
мұңы,  жағдайы,  қамын  ойлауы  негізінде  жақсы 
берілген.  Сонда  мұнда  адамның  ішкі  қарама-
қайшы  қалпы  тек  жай  сөзбен  емес,  ішкі  күйініші 
арқылы  көрсетілген.  Мысалы,  Соры  арылмаған 
елім, - деп дыбысы бітіп, тұншыға сыбырлап , - 
мал бағам деп, осы далада өзің де мал боп бара 
жатырсың. .  
Шығарманың  метафизикалық  хронотопы 
автордың  сөз  саптауы,  ұлттық  тіл,  ұлттық  сана, 
ұлттық  әлем  бейнесін  тіл  арқылы  суреттеуге 
негізделеді.  Шығарманың  метатілін  қалыптасты-
ру арқылы уақыт пен кеңістікті үйлестіру негізінде 
басты  идеясы  ашылады.  Тірек  сөздер  ретінде 
мыналарды мысалға келтіруге болады: «Көлқора 
табанына  бір  топ  атты  сау  ете  қалды.  Қонақ 
шіркін,  тек  қонып  кете  ме.  Мұсалдат  боп 
мойныңа  міндетін  арта  келеді.  ҚҰндақтаулы 
бала  пеш  түбінде  жатыр.  Судыр  Ахмет 
ырымшыл болатын. т.б.». 
Біз жоғарыда айтып кеткендей, адам өзінің 
қызметінде 
және 
ой-санасында 
«әлем 
бейнесінің»  аталған  категорияларына  сүйенеді, 
соларды  қабылдауына  қарай  әлеуметтік  топтың 
әрекеті  және  тұтас  қоғамның  дамуы  қалып-та-
сады. Тіл арқылы көрініс тапқан мәдениеттің кон-
цептуальды  және  сезімдік  құралдарын  анықтау 
оның  болмысын  жақсы  қабылдауға  мүмкіндік 
береді,  яғни  белгілі  бір  тарихи  кезеңдегі  жеке 
тұлғаның  қалыптасуындағы  шарттарды  анықтау-
ға  жол  ашатыны  белгілі.  Адам  «уақыт  ұғымына» 
сай  өзі  таңдау  жасай  алмайды,  оның  кеңістіктік 
және  уақыттық  ұғымдарын  өзі  тәуелді  мәдениет, 
орта анықтайды. Мәселен, «Қан мен тер» шығар-
масындағы Рай Алдаберген софыға дұрыс жауап 
берсе  немесе  Алдаберген  софы  Райға  кек 
сақтап,  Бөбек  пен  Рай  туралы  өсек  таратпаса, 
немесе  Еламан  Ақбалаға  үйленбесе,  Тәңірбер-
ген  арасында  кекшілдік  тумас  еді,  немесе  Қара-
тазбен  жауласып,  ол  тентек Шодырды  Еламанға 
айдап салмаса, Райдың өлімі орын алмас па еді, 
осыдан  кейін  ол  сонша  қорлық  көріп,  айдалып, 
соғысқа  барып,  жер  көрмесе,  сол  арқылы  халық 
туралы  пікір  қалыптастырып,  оның  болашағын 
анықтайтын  Еламан  өмірінде  ауыр  өзгеріс 
болмас  та  еді,  яғни  отбасының  шырқы  бұзылып, 
қан мен тер төгуіне себеп болған. Осыдан «Геог-
рафия  мен  уақыттың  араласуы  тағдырды  анық-
тайды»  (И.  Бродский)  деп  айтқандай,  негізінен 
қазіргі  кезде  қажетті  уақытта  қажетті  орында 
болған пайдалы десе, Еламанның кезінде Тентек 
Шодыр уақыты мен кеңістігі оның тағдырын ауыр 
жағдаймен  шешті.  Сонымен  бірге  Еламанның 
жан дүниесіне жара салды.  
Қорыта 
айтарымыз, 
«Қан 
мен 
тер» 
романындағы  хронотоп  ұғымы  тек  шығарма 
идеясын ашу үшін қызмет етпейді, сонымен бірге 
белгілі  бір  уақыттағы  және  белгілі  бір  кеңістіктегі 
ұлттың  болмысын  көрсетеді  және  уақыт  пен 
кеңістік ұлттық әлем бейнесін анықтауға себепші 
болады. Мұны «Қан мен тер» романы мен белгілі 
бір  қазіргі  (ХХІ  ғасыр)  қазақ  жазушылардың 
шығармаларын  салыстыра  зерттеу  негізінде 
анықтауға болады. 
 
Әдебиеттер: 

Резвина  О.  Хронотоп  в  современном 
романе  //Художественный  текст  как  динамичес-
кая  система.  Материалы  международной  науч-
ной  конференции,  посвященной  80-летию  В.П. 
Григорьева. –М., 2006. –С.265-279. 

Фомин  А.  А.  Ономастика  «Фанданго» 
А.  Грина:  хронотоп  и  концептуальный  план 
произведения  //  Известия  Уральского  государст-
венного университета № 17, 2001.   

Клейман  Р.  Хронотопная  тетрада  поэ-
тики Достоевского в контексте большего времени 
//Киноведческие записки. № 38. –М., 1998. 

Панкова 
Л. 
П. 
Христианские 
хронотопы  в  поэзии  Н.А.Клюева  //  Русская 
культура  на  пороге  треттьего  тясычелетия: 
проблемы  сохранения  и  развития.  –Вологода-
Белозерск, 2000.  

Гуревич  А.  Я.  Средневековый  хроно-
топ  //  Категории  средневековой  культуры.  –М., 
300с. 

Темирболат  А.  Б.  Хронотоп  и  ритм  в 
русскоязычной  прозе  Казахстана  последней чет-
верти ХХ века. Дисс. д.ф.н. –Алматы, 2009.  

Кенжегулова  Н.  Феномен  времени  и 
пространства  в  произведениях  литературы  и 
журналистики  //  Электронный  курс.  –Алматы: 
КазНУ, 2001. 

Иманбердиева С. Қ. Тарихи ономасти-
калық кеңістік (Х-ХІV ғғ. түркі жазба ескерткіштері 
негізінде).  –Алматы:  «Сөздік-Словарь»  ЖШС, 
2010. –378 б.  

Қ. 
Қ. 
Рысберген 
Қазақ 
топонимиясының 
линвокогнитивтік 
және 
этномәдени  негіздері.  Ф.ғ.д.  диссер.  –Алматы. 
2010. 
 
 
 
 
 

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
190
УДК 82-31(574) 
 
С. СӘДУАҚАСҰЛЫ – АЛАШ ӘДЕБИЕТІНІҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛІ 
 
Құлабаев  Н.  Ж.  –  магистрант,  А.  Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемелекеттік 
университеті 
 
Мақалада  ХХ  ғасырдың  басында  алаштың  өмір  сүрген  көрнекті  алаш  қайраткері  Смағұл 
Сәдуақасұлының шығармашылығындағы ұлттық рух мәселесі талданады.  
Негізгі ұғымдар: жазушы, роман, повесть,идея, қайраткер. 
 
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде 
қазақ  әйелінің  толық  мәніндегі  ұлттық  көркем 
бейнесін  жасаған  жазушылардың  ішіндегі  біре-
гейі  –  Смағұл  Садуақасұлы  болды.  Смағұл  Са-
дуақасұлы  өзі  өмір  сүрген  кезеңнің  талаптары 
мен сұраныстарына сай қазақ әйелінің қоғамдағы 
орны  мен  қызметі,  әйел  теңдігі  тақырыптарына 
сол  дәуірде  қалыптасқан  таптық  көзқарас  тұрғы-
сынан  емес,  таза  халықтық,  ұлттық  көзқарас 
тұрғысынан пайым жасай білген қаламгер. 
Смағұлдың 1922 жылы жазылған «Сәрсен-
бек»  атты  аяқталмаған  романы  –  ХХ  ғасырдың 
басындағы  қазақ  әдебиетінің  ішіндегі  шоқтығы 
биік көркем туындылардың бірі. Романның негізгі 
тақырыбы – қазақ халқының 1916 жылғы ұлт бос-
тандығы  күресі.  Роман  қаһармандары  –  Сәрсен-
бек,  Қабдеш,  Амантай,  Жұпар,  Сәлималар  – 
1916  жылғы  патша  жарлығына  қарсы  түрлі 
әрекет-қимылдарымен  көрінеді.  Біздің  негізгі 
мақсатымыз  С.  Садуақасұлы  шығармаларын-
дағы  әйелдер  бейнесінің  сомдалу  ерекшелігін 
талдау  болғандықтан,  романдағы  әйел-кейіпкер-
лердің көркем тұлғасына тоқталамыз.  
«Сәрсенбек»  романының  бас  кейіпкерлері-
нің  бірі  –  Жұпар.  Смағұл  Садуақасұлы  сомдаған 
Жұпар  бейнесі  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ 
әдебиетіндегі 
басқа 
қаламгерлер 
сомдаған 
әйелдер  бейнесінен  өзінің  таза  ұлттық  бейне 
екендігімен  бірден  ерекшеленеді.  Жұпар  Б. 
Майлиннің  Шұғасы  («Шұғаның  белгісі»  повесі) 
немесе  М.  Дулатұлының  Жамалы  («Бақытсыз 
Жамал» романы), С. Көбеевтің Ғайшасы («Қалың 
мал»  романы),  С.  Торайғыровтың  Қамары 
(«Қамар  сұлу»  романы)  секілді  трагедиялық 
бейне  емес.  Керісінше,  Алты  Алаштың  ер-
азаматтарының  басын  қосып,  бірлікке  үндеп, 
патша 
әскеріне 
қарсы 
күреске 
бастаған 
қаһармандық бейне.  
Жұпар  –  қырдағы  қазақ  ауылының  басына 
ауыр  күн  туған  шақта  басқа  әйелдер  сияқты  от 
басы,  ошақ  қасында  құсаға  беріліп  шарасыз 
отырмайды,  еңсесі  түскен  елдің  ер-азаматтары-
ның  намысын  оятар  жалынды  ұран  тастап,  қол 
жинайды,  күшке  күш,  қысымға  қысым  көрсетіп, 
найзаның ұшы мен білектің күшімен ел намысын 
қорғап қалу жолын ойласады. Мысалы: «Сәлима 
келгенде,  үйдің  іші  толған  бала  шаға  екен. 
Жұпарды 
танымай 
қалды. 
Еркекше 
киініп 
алыпты. ...Бойы тік. Нағыз бозжігіт дерсің [1,26]».  
Жазушы  Жұпардың  сыртқы  бейнесін  беруде  
ұзақ, шұбалаңқы суреттеуге бармайды, ерке өсіп, 
қиын-қыстау  кезеңде  ердің  жүгін  арқалаған  жас 
қыздың  бейнесін  қысқа  әрі  нық,  нанымды  етіп 
көрсетеді.  
Жұпар  бейнесін  ашуда  суреткер  қысқа 
құрылған  диалогтарды  шебер  пайдаланады. 
Көркем  шығармадағы  диалог  қаһарман  бейнесін 
берудің 
ең 
тиімді 
әрі 
кеңінен 
таралған  
тәсілдерінің бірі екені белгілі. Суреткердің Жұпар 
болмысын ашуда көбіне көп қолданатын тәсілі де 
осы  –  диалог.  Мысалы,  от  басына  қарайлап 
қалған  әйелдердің  арасынан  алысқа  жібергісі 
келмеген  Сәлимаға  Жұпар:  «  -  ...Қазір  ер  жігіттің 
басына  асқар  тау  түсіп  тұр.  Солармен  бірге 
болмағанда,  азамат  басыммен  от  басындағы 
сендермен  болғаным  ұят  емес  пе!!!  [1,27]»  - 
дейді.  Мұнда  Жұпар  өзін  әйел  затымын  деп 
тұрған жоқ, ер азамат сөзін сөйлеп тұр. Және бұл 
оқырманды 
бірден 
иландыратындай 
аса 
нанымды, шынайы берілген.  
Шығармадағы  Жұпар  бейнесінің  сомдалу 
ерекшеліктерін  жан-жақты,  толық  ашу  үшін 
бірқатар үзінділер келтіреміз.  
Романның бас кейіпкерлерінің бірі – Жұпар 
шығармада  шебер  ұйымдастырушы,  қол  жасақ-
таушы,  елдің  ер-азаматтарын  патша  өкіметіне 
қарсы бастаушы болып көрінеді. Патшаның қазақ 
ауылдарынан 
соғысқа 
окоп 
қазуға 
жас 
бозбалаларды  алу  туралы  жарлығын  естісімен 
ауылдың  бас  көтерер  ер  азаматтарын  жиып 
алған  Жұпар  нағыз  ел  намысын  жоқтаушы, 
ұйымдастырушы ретінде көрінеді: 
«  -  Орыстың  айдағанына  бармаңдар! 
Зорлайтын болса, қарсы тұрыңдар! Соғысыңдар, 
мен де сендермен бірге соғысам!...». 
« - Жұпар, Жұпар, жаса!» - деп шуылдасты 
жастар жағы [1,28]».  
Бұл  көріністерден  біз  Жұпарды  ел  сенімін 
арқалаған,  елді  намысқа  шақырып,  қолына  қару 
алуға 
үндеген 
әскери 
қолбасшы 
ретінде 
танимыз. 
Батырлық  пен  өжеттіліктің,  намыс  пен 
қайсарлықтың  сиволы  ретіндегі  Жұпар  бейнесі 
романда  шығарманың  бас  қаһарманы  Сәрсен-
бектің  ой-пікірі  түрінде  де  беріледі.  Сәрсенбек  – 
оқыған,  көзі  ашық,  ел  мен  ұлт  мүддесі  жолында 
терең 
толғаныста 
жүрген 
азамат. 
Бірақ 
Сәрсенбек  қазақ  жастарының  қолына  қару  алып, 
патша  әскеріне  қарсы  шығуын  қолдамайды.  Өзі 
тұстас  қазақ  оқығандары  секілді  ол  да  патша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет