Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы



Pdf көрінісі
бет32/38
Дата06.03.2017
өлшемі3,59 Mb.
#7721
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38

ретінде  оқытудың  жаңа  технологияларын 
қолдану арқылы студенттерді зерттеу қызме-
тіне  бастау  жәнепедагогикалық  білім  беруде 
біртіндеп  күрделенетін  оқу  тапсыр-маларын-
қолданудыалған болатынмын. Оны біз төмендегі-
дей негіздейміз. 
Студенттерді  зерттеу  қызметіне  әзірлеу 
қажетілігі  білім  беруді  мазмұнымен  оны    ұйым-
дастыруды  қайта  қарауды  талап  етеді. Бұл  жаңа 
педагогикалық 
технологияларды 
қолдану 
қажетілігіне әкеледі. 
Жаңа  технология  ұғымын    Н.  О.  Яковлева 
−  жаңадан  құрылған  немесе  қайтадан  құру 
негізінде  жаңа  маңызды  сапаларға  ие  болатын, 
сол  арқылы  жедел  дамып,  өзгеріске  ұшырайтын 
жүйе  деп  түсіндіреді[1].  Сөйтіп  бұл  анықтамаға 
сүйенетін болсақ, білім берудегі жаңа технология 
деп  қайтадан  құрылған  немесе  өзгертілген 
педагогикалық технологияны айтамыз. Және бұл 
білім  беру  үрдісіне  оң  өзгерістер  енгізуге 
мүмкіндік  беруі тиіс. 
Е.С. Полаттың пікірінше, жаңа техноло-гия-
лар  білім  беру  жүйесімен  жақсы  үйлеседі,  білім 
мазмұнын 
тереңдетуге, 
кәсіби 
бейімдеуге 
мүмкіндік туғызады [2]. 
В. П. Симоненко кәсіби білім берудегі жаңа 
технологияларды интерактивті оқыту технология-
лары, 
компьютерлік 
технологиялар 
және 
жобалау технологиясы деп бөледі[3]. 
Біз жаңа  педагогикалық  технологиялардың 
ішінен  біздің  зерттеу  мәселемізге  сәйкес  келеті-
нін іріктеп алдық. Олар: 
- модульдік технология; 
- интерактивті технологиялар; 
- компьютерлік технологиялар. 
Студенттердің  зерттеушілік  қызметке  бас-
тау  жасауда  интерактивті  оқыту  технологияла-
рын  қолдану  тиімді.  Себебі  интерактивті  оқыту-
дың  ерекшелігі  –  ол  шығармашылық  ойлау  мен 
қарым қатынасқа негізделеді. [4]. 
Н.  А.  Морева  интерактивті  режимдегі 
сабақтың  ұйымдастырушылық  –  педагогикалық 
шарттарына  мыналарды  жатқызады:  топтық 
немесе  ұжымдық  жұмыстың  мақсатын  белгілеу, 
студенттердің 
қызығушылықтарына 
сәйкес 
сабақтың  міндеттрін  айқындау;  микротоптар 
құру, 
бірлескен 
жұмыстың 
ережелерімен 
таныстыру; 
бірлескен 
қызметті 
бағалау 
критерийлерін 
белгілеу; 
студенттердің 
белгіленген  мәселені  шешу  үшін  жағдай  жасау; 
студенттердің 
танымдық 
белсен-ділігін 
арттырудың,  топтың  және  өзінің    қызметін  баға-
лаудың әдіс-тәсілдерін таңдау [5,  58 б]. 
А.  Смирнов  аталған  технлогиялардың 
танымдық  бағытын  ерекше  атай  отырып,  оны 
оқушыны білім алуда өз бетімен ізденуге, шығар-
машылыққа  ынталандыруға  бағытталған  оқыту-
шымен  бірлескен  қызмет  тәсілі  деп  анықтай-
ды.[6]. 
Интерактивті  оқытуда  проблемалық  лек-
ция,  семинар  –дискуссия,  -проблемалық  ситуа-
ция,  параметрлік  анализ,  іскерлік  ойын,  «Ғылы-
ми-дискуссия»,  микротоптардағы  бірлескен  қыз-
мет әдісі т.б. оқыту формалары қолданылады. 
Проблемалық лекция мәселені немесе мә-
селелік  жағдайды  қою  және  оның шешімін іздеу-
мен сипатталады. А. Ф. Аменд, А. А. Саламатов, 
А. 
А. 
Горчинскаялар 
проблемалық 
әдіс 
«оқытушы  проблемалық  ситуациялар  туғыза 
отырып,  оқушыларды  оқу  мәселелерін  шешуге 
бағыттау  арқылы  оқу  қызметінде  ізденушілік,  өз 
бетімен 
орындайтын 
және 
шығармашылық 
жұмыстарды  үйлестіре  алады».  Проблемалық 
оқыту 
негізінен, 
оқушылардың 
танымдық 
белсенділігін  қалыптастыруға,  шығармашылық, 
логикалық,  сыни  тұрғысынан  ойлауын  дамытуға 
бағытталған [7,  77 б.]. 
Сонымен  проблемалық  лекцияның  басты 
мақсаты 
– 
студенттердің 
тікелей 
белсене 
араласуы  арқылы  білім  алуы.  Проблеманы  қою 
студенттердің  зейінін  аударып,  ойын  дамытады, 
оқу материалына қызығушылығын  оятады. 
Семинар-дискуссия  деп  қандай  да  бір 
мәселенінің  шешімін  табуға  бағытталған  ұжым-
дық талқылауды айтады. Ол қатылсушылар ара-
сындағы  диалогтық  қатынас  формасында  өтеді. 
Диалогтық  қатынас  «өзгелерді  сыйлау,  әр  адам-
ның  жеке  даралығын  ескеру,  басқалардың пікірі-
мен  санасуға  негізделетін  қатынас»  формасы 
ретінде  анықталады.  [7,  4  б.].  Оқытушы  мен  сту-
дент арасындағы қатынас субъект-субъектілік си-
патта өтеді. 
Логикалық ойлау әдісі - міндеттерді шешу-
де  ерекше  шығармашық  белсенділік  танытумен 
сипатталады.  Ол  бірнеше  кезеңдерден  тұрады: 
1) мәселені анықтау; 2) оны шешудің шарттарын 

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
170
айқындап  алу;  3)  оңтайлы  шешімін  таңдап  алу 
выбор; 4)  шешім қабылдау [8]. 
Параметрлік  анализ  екі  кезеңнен  тұрады 
—  параметрлер  таңдау  және  шығармашылық 
синтез.  Бірінші  кезеңде  —  мәселені  анықтайтын 
барлық  көрсеткіштерге  талдау  жасалады,  олар-
дың  маңыздылық  айқындалады. (басты  және  қо-
салқы  объектілер  белгіленеді).  Барлық  объект-
лер  анықталған  соң,  олардың  арсындағы  байла-
ныстар  зерттеледі.  Екінші  кезеңде  параметрлер 
мен  олардың  байланысына  жасалған  талдаудың 
негізінде  шешім  қабылданады.  Іскерлік  ойында 
студент 
кәсіби 
қызметіне 
тән 
әрекеттер 
орындауы  тиіс.  Іскерлік  ойын  білімнің  білік  пен 
дағдыға алмасуына жағдай жасайды. 
Микротоптағы  бірлескен  қызмет  әдісі 
студенттердің  шағын  топтардағы  бірлескен,  өз 
ара көмек түріндегі  оқу қызметі.Онда студенттер 
интелектуалдық  күш  біріктіріп  ортақ  тапсырманы 
орындайды. 
Сонымен,  интерактивті  оқыту  адамның 
қарым-қатынасқа  түсу,  өзгелерге  көмек  көрсету  
қажетілігін қанағаттандырып, өзгелердің пікірімен 
санасуға,  күрделі  мәселелерді  бар  ақпараттың 
негізінде бірлесіп шешуге үйретеді. 
Студенттердің  зерттеу  қызметіне  бастау 
жасау  ақпараттық  және  компьютерлік  оқыту 
технологияларын  кеңінен  қолданғанда  ғана  мүм-
кін  болады.  Д.  Ш.  Матрос,  Д.  М.  Полева,  Н.  Н. 
Мельникованың пікірінше, бұл технологиялар оқу 
сабағының  ақпараттық  ауқымын  кеңейтіп,  білім 
беруді ақпараттандыруға жағдай жасайды. [9]. М. 
О.Смирнова білім беруді ақпараттандыру оқу үр-
дісінің  ақпараттық  көмек  көрсету  құралы  ғана 
емес,  кез  келген  маман  иесінің  болашақ  қызме-
тінде  қажетті  құрал  деп  көрсетеді.  [10].  Т.  Ю. 
Кудрявцева  ақпараттық  қызметпен  айналысуға 
қажетті  білім,  білік,  дағдының  жиынтығы,  қазіргі 
таңда  маманның  кәсіби  білім,  білік,  дағдылары-
мен  тең  дәрежеде  маңызды  деген  тұжырым 
жасайды. [11]. 
Компьютерлік 
технологиялар 
слайд-
лекцияларды өткізгенде қолданылады. Мұнда біз 
оқу  материалын  компьютерлік  слайд  түрінде 
ұсындық. Бұл ақпаратты визуализациялауға мүм-
кіндік  береді.  Практикалық  сабақтарда  компью-
терлік  технологиялар  негізінен  жоба  жасау  әдісі 
арқылы қолданылды. 
С.  Н.  Бабина,[12]    А.  К.  Мынбаева,  З.  М. 
Садвакасова  [13]  жоба  құру  әдісін  қолданудың 
негізгі ережелеріне төмендегілерді жатқызады: 
1.  Шығармашылық  ізденуді  қажет  ететін 
мәселенің (тапсырманың) болуы. 
2.  Күтілетін 
нәтиженің 
практикалық, 
теориялық, танымдық маңызды болуы. 
3.  Оқушылардың жеке (топтық) қызметі. 
4.  Жобаның әр бөлігінің қысқаша мазмұны 
берілуі  тиіс  (әр  кезеңнің  нәтижелері  көрсетілуі 
тиіс). 
5.  Әрекеттер  тізбегінен  тұратын  зерттеу 
әдістерін  қолдану:  болжам  жасау  және  оның 
шешімін  іздестіру;  зерттеу  әдістерін  талқы-
лау;соңғы 
нәтижелерді 
рәсімдеу 
тәсілдерін 
талқылау;(презентациялар,қорғау,шығармашылы
қ  есеп  т.б.);  мәліметтер  жинау,  оны  жүйелеу, 
талдау, 
жұмыстың 
нәтижесін 
қортындылау, 
көпшілікке  ұсыну,  зерттеуді  талап  ететін  жаңа 
мәселелерді қою. 
6.  Қорғалған  жобаның материалдық нәти-
желері    (видеофильм,  альбом,  журнал  ,газета, 
доклад  т.б.). 
7.  Жұмыстың  міндетті  түрде  қорытынды-
лануы тиіс, ол демонстрация, ғылыми баяндама, 
іскерлік  ойын,  видиофильм,  пресс-  конференция 
түрінде өтуі мүмкін. 
Бағалау  критерийі  алдын  ала  белгіленуі 
тиіс.  Негізінен  презинтация  ғана  емес,  жалпы  
жұмыстың сапасы бағалануы тиіс . 
Жобалау  әдісі  жоба  дайындауға  берілген 
тапсырмалар 
арқылы 
орындалады.Оларға 
ақпараттық  технологиялар  қолданылған  сабақ 
жоспарын 
жасау, 
өзінің 
курстық 
жұмысы 
бойынша презентация жасау т.б. 
Аталған шарттың орындалуы студенттерде 
зерттеу  қызметіне  деген  құндылықты-  мотива-
циялық  қатынастың  қалыптасуына,  зерттеушілік 
дағдыларының,  интеллектуалдық  қабілеттерінің 
шыңдалуына  жағдай  жасайды.  Оқыту  үрдісінің 
сапасын арттырады. 
Психолого-  әдебиеттерге  жасалған  талдау 
негізінде  және  педагогикалық  институттағы  білім 
берудің ерекшелін ескере отырып, біз оқытудағы 
жаңа 
технологияларды 
қолдану 
арқылы 
студенттерді  ғылыми-зерттеу  қызметіне  бастау 
жасау 
педагогикалық 
білім 
берудегі 
студенттердің 
ғылыми-зерттеу 
мәдениетін 
қалыптастырудың  моделін  жүзеге  асырудың 
тиімді 
педагогикалық 
шарты 
ретінде 
қарастырамыз.  Оны  төмендегідей  ережелермен 
бекітеміз: 
 Оқу 
үрдісн 
ұйымдастырудың 
басты 
формалары  ретінде  проблемалық  элементтері 
бар  лекцияларды,  слайд-лекцияларды,  семинар 
– дискуссияларды, іскерлік ойын элементтері бар 
семинар сабақтарды қолдану. 
 оқу  пәнінің  мазмұнын модульдік  техноло-
гия негізінде құру; 
 оқу  сабақтарында  компьютерлік  техноло-
гиялар қолданылған жоба жасауға берілген  тап-
сырмаларды  орындау. 
Студенттерді  дайындау  бағдарламасында 
зерттеу  тапсырмаларын  кеңінен  қолдану  сту-
денттердің  зерттеушілік  білімдерді  алуға  деген 
қызығушылығын арттырып,  саналы түрде меңге-
руіне  және  практикада  пайдалануына  негіз 
болады. Себебі оқу тапсырмалары: 
а)  бір  жағынан  тапсырма  оқу  мазмұнын 
ашады, екіншіден студенттерді қызметке бастай-
ды,  ұйымдастырады,  оқу−тәрбие  үрдісін    бас-
қарудың  әдісі  болып  табылады.  (Т.  Е.  Климова, 
Н. Ю. Посталюк, А. В. Усова және басқалар.) 

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
171
б)  тапсырмалар  кез  келген  қызметтің 
бастауы,  ол  оқытушыға  студенттердің  зерттеу 
қызметін  болжауға,  яғни  студенттердің  ғылыми-
зерттеу  мәлениетінің  қалыптасу  үрдісін  басқа-
руға  мүмкіндік  береді.  (З.М.Большакова,  Н.Н.Ту-
лькибаева,  П.И.Пидкасистый,  Н.М.  Яковлева 
және басқалар). 
Зерттеу 
тапсырмалары 
деп 
Н. 
М. 
Яковлева: 
«…оларды 
орындау 
барысында 
студенттер  танымдық  мәселелерді  өздеріне 
таныс  әдістермен  шешеді  және  педагогикалық 
зерттеу  туралы  жаңа  білімдер  алып,  жаңа 
әдістерді  меңгереді.  Нәтижесінде  тәрбиелеу 
теориясы 
мен 
практикасы 
үшін 
маңызды 
студенттің жеке пікірі қалыптасады.»[14, с 26].Біз 
зерттеу 
тапсырмаларын 
қолдануды 
А. 
В. 
Усованың 
ұсынған 
шәкірттерді 
зерттеу 
тапсырмаларын  шешуге  үйретудің  дидактикалық 
жүйесіне негіздейміз. [15]. 
Ол  ғылыми  түсініктер  мақсатты  түрде 
қалыптастырудың  келесі  кезеңдерін  ұсынады: 
алғашқы  таныстыру  (ерекше  белгілерін  бөліп 
алу)  белгілерін  нақтылау  (белгілі  мен  белгісіздің 
байланысын  орнату)  түсінікті  нақтылау,  басқа 
түсініктермен  байланысын  айқындау,  түсініктер 
жүйесін  қалыптастыру,  әр  түрлі  шығармашылық 
тапсырмаларды  орындауда  қолдану.  Мұндай  ой 
еңбегімен 
айналысуда 
студенттердің 
жеке 
икемділіктерін, сонымен қатар қызығушылықтары 
мен әлеуметтік қажеттіліктерін ескеру керек. 
А.  В.  Усова  шәкірттердің  түсініктерін 
қалыптастыруда алатын орнына байланысты оқу 
тапсырмаларының  классификациясын  ұсынады: 
құбылысты  түсіндіруге  берілетін  тапсырмалар, 
ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын  табуға 
берілген  тапсырмалар,  қандай  салада  қолдана-
тына  қарай  топттауға  берілген  тапсырмалар, 
әдістер  мен  тәсілдердің  практикада  қолдануын 
түсіндіруге 
берілген 
тапсырмалар. 
Тапсыр-
маларды топтаудың мақсаты табиғи құбылыстар-
дың  әр  түрлі  жақтарын  зерттеу,  оның  мәнін  түсі-
ну,  пайда  болу  себептері  мен  нәтижесін  ашу. 
[16]. 
Осы  классификацияға  негіздей  отырып, 
студенттердің  ғылыми  –  зерттеу  мәдениетін 
қалыптастыру  үрдісінде  қолдануға  тиімді,  біртін-
деп  күрделенетін  зерттеу  тапсырмаларының 
классификациясын ұсынамыз: 
1)  орындаушылық  –  зерттеушілік  тапсыр-
малар (алгогритм бойынша) – білімдерді бекітуге 
бағытталған,  мәселені  шешуге  қажетті  ақпарат-
тарды  өңдеу  және  салыстыру  арқылы  білік,  дағ-
дыларын  қалыптастыру.  Практикалық  маңыз-
дылығына  материалды  тану,  ұғыну,  есте  сақтау 
жатады. 
2)  зерттеушілік–логикалық  –  мұндай  тап-
сырмаларды  орындауда  логикалық  операциялар 
басым  болады:  талдау,  салыстыру,  жалпылау  
т.б. 
3) зерттеушлік–эвристикалық тапсырмалар 
–  мұнда  эвристикалық  операциялар  басым:  бол-
жам ұсыну, ұқсастықтар негізінде жаңаны ашу . 
Бірінші,  екінші  деңгейдегі  тапсырмалар  әр 
түрлі  пәндерді  оқыту  барысында  және  диплом-
дық жұмыс жазу кезінде орындалады. 
Сонымен,  студенттердің  ғылыми−зерттеу 
мәдениетін  қалыптастыруды  жүзеге  асыру  атал-
ған  педагогикалық  шарттар  толық  орындалғанда 
ғана мүмкін болады деген қорытындыға келеміз. 
Әдебиеттер: 

Полат  Е.  С.  Новые  педагогические  и 
информационные  технологии  в  системе  образо-
вания М.: Академия- 2005, 272с. 

Общая  и  профессиональная  педа-
гогика: Учебное пособие для студентов педагоги-
ческих вузов /Под.ред. В. Д. Симоненко.- М.: Вен-
тана-Граф, 2005, 368с. 

Чошанов М.А. Гибкая технология проб-
лемно-модульного  обучения:  Методическое  по-
собие.- М.:Народное образование, 1996, 160с. 

Морева  Н.А.  Технологии  профессио-
нального образования: учебное пособие для сту-
дентов  высшего  учебного  заведений  М.:  Ака-
демия, 2005, 432с. 

Смирнов  А.  Современные  технологии 
обучения. - СПб.:ЛЭТИ, 2003, 324с. 

Исследовательская  деятельность  на-
чинающего  педагога.  Справочное  пособие.  /Сос. 
А.Ф.  Аменд,  А.А.  Саламатов,  А.А.  Горчинская.- 
Челябинск: изд. ЧГПУ,2009, 171с. 
 
 
ОӘЖ 378.015.31 (574)  
 
АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ САЛАСЫНДА ЗИЯТКЕРЛІК ӘЛЕУЕТТІ ЖҮЗЕГЕ 
АСЫРУ 
 
Кенжебаева  Т.  Б.  -  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық  университетінің  РһD 
докторанты, Алматы қаласы 
 
Мақалада  қоғамның  адамгершілік  және  эстетикалық  идеалдары  тұлғаның  зияткерлік  даму 
деңгейін  жан-жақты  әрі  үйлесімді  толықтыратыны  қарастырылады.  Еліміздің  болашағы  –  жас 
ұрпақтың  зияткерлік  әлеуетін  дамытуда  мораль,  мұғалім  тұлғасы  және  оның  шығармашылық 
әлеуетінің рөлі негізделеді.  

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
172
Негізгі ұғымдар: тұлға, зияткерлік әлеует, құлық, адамгершілік тәрбиесі. 
 
Адамды  адамгершілікке  тәрбиелеу  мәсе-
лесі мәңгі әмбебап мәселелердің қатарына жата-
ды және адамзаттың барлық мәдени-тарихи үде-
рісінде,  яғни  тарихы  терең  дәуірден  бүгінгі  күнге 
дейінгі  кезеңде  адаммен  қатар  дамып  келеді. 
Әлемдегі барлық халықтың философиясы, өнері, 
мифологиясы мен дінінде адамның адамгершілік 
құлқы қалыптасуы мен деградагиясы немесе күр-
делі  мінез-құлықтық  коллизиясы  туралы  нақты 
шешімді  анықтама  жасауға  талпынған  тұжырым-
дар өте көп.  
Қазіргі  таңда  адамгершілік  мәселелері фи-
лософиялық-шығармашылық  мағынасын  ашуды 
талап етеді. 
Адамгершілік тәрбие саласында зияткерлік 
әлеуетті  жүзеге  асыру  мәселесін  зерттей  оты-
рып, ең алдымен адамның қоғамдық өндірісіндегі 
адамгершілік тәрбие рөлі мен орны туралы мәсе-
лені  шешу  қажет.  Осы  мәселені  шешудің  баста-
масы  ретінде  мына  анықтаманы  алуға  болады: 
адамгершілік  тәрбиесі  қоғамдық  өмірді  немесе 
қоғамдық  өндірісті  құрайтын  кез  келген  әлеумет-
тік  жүйе  үшін  адам  болмысын  қалыптастыруда 
маңызды әрі міндеті болып табылады. 
Адамның  қалыптасуының  маңызды сәттері 
–  тұлғаның  құлықтық  қалыптасуы  мен  дамуы. 
Себебі  құлықтылық,  адамның  басқа  ішкі  әлемі 
салаларымен  салыстырғанда  адамның  басқа 
адамдармен тұрақты әлеуметтік жүйені қамтама-
сыз етеді. Адам мінезінің құлықтық реттелуі онто-
логиялық тұрғыдан қоғамның ажырамас бөлігі.  
Осы тұрғыдан ескерте кету керек, тұлғаның 
құлықтық қалыптасуы мен дамуы –күрделі әрі қа-
рама-қарсы  үдеріс,  себебі  тұлғаның  құлықтық 
қалыптасуы  мақсатты  бағытталған  тәрбиелеу 
қызметі  арқылы  тек  ішінара  әлеуметтік  бақылау 
мен басқаруға тәуелді болады. Бұл тәуелділік бір 
жағынан  алып  қарағанда,  осындай  стихиялы 
фактордың  ықпалы,  яғни  ортамен  белгіленеді. 
Екінші  жағынан  –дара  сананың  өз  бетінше 
қалыптасу  ықпалы.  Сондықтан  мақсатты  бағыт-
таған  адамгершілік  тәрбиесі  жағымсыз  теріс  тү-
сініктерді жойып, орнына адамгершілік құндылық-
тарды сіңіруді жүзеге асырады. 
Адамгершілік  тәрбиесінің  мәні  моральдің 
негізгі  нормалары  мен  қағидалары  туралы  ақпа-
ратқа ғана емес, адамның органикалық тұрғыдан 
барлық өмір болмысына тән адамгершілік істерге 
деген  қабілетіне  тікелей  қатысты  болатынын 
ескерте кетейік. 
Сондай-ақ,  қазіргі  жаңа  әлеуметтік  шын-
дықтың  сұраныстары  адамгершілік  тәрбиесіне 
қатысты  әлеуметтік,  психологиялық,  педагогика-
лық  әдебиет  тұрғысынан  талдау  жасау  өажет 
екендігіне көзімізді жеткізді. 
Адамгершілік  тәрбиесінің  негізі  және  оның 
тәлім-тәрбиелік маңызы  проблемасын  зерттеуде 
Ш. Ш. Амонашвили, В. Н. Шацкая, Н. Л. Грозден-
ская  т.б.  ауқымды  үлес  қосса,  қазақстандықтар-
дан  Н.  Д.  Хмель,  А.  А. Бейсенбаева,  Э.  А.  Урун-
басарова,  М.  Н.  Сарыбеков,  Р.  К.  Дүйсенбинова 
және  т.б.  оқу-тәрбие  процесін  гуманизациялау 
туралы көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізді.  
Адамгершілік  тәрбиесінің  мақсаты-өз  іс-
әрекетіне  жауапкершілікті,  адал,  намысты,  жал-
ғандық  пен  кәззаптықтан  жаны  аулақ  адамды 
тәрбиелеу. 
Тәрбиені  барлық  қырынан  алып  қарағанда 
оның  әдіснамалық  қағидасын  адамгершілік  тұр-
ғысынан  ұғыну  бұрыннан  әлеуметтік-гуманитар-
лық ойлау нормасы болып қалыптасқан. Бірақ та-
рихи  үдерісте  әрбір  кезеңге  тән  арнаулы  адам-
гершілік  мәселелері  туындап  отырды.  Бұл  мәсе-
лелер  нақты-тарихи,  әлеуметтік-мәдени  кон-
тексте терең тануды, түсінуді талап етті.  
Қазіргі әдебиеттерде «тұлға қалыптастыру, 
«тұлғаны  тәрбиелеу»,  «адамгершілік  тәрбие» 
ұғымдарын  жеке-жеке 
ажыратады. 
Тұлғаны 
қалыптастыру  –  бұл  индивидтер  өз  бойындағы 
қасиеттерін  дамытуға  мүмкіндік  беретін  саналы 
және  стихиялы  қоғам  мен  тұлғаның  өзара  қаты-
насының  жиынтықтары.  Тұлғаны  қалыптастыру 
дегеніміз  –  адамның  өзінің  әлеуметтік-мәдени 
құндылығын,  мәнін  иеленетін  үдеріс.  Соған  орай 
тұлғаны  қалыптастыру  –бұл  тәрбиеден  де 
жоғары  кең  ұғым. Ол  тәрбиемен  қоса  әлеуметтік 
орта  ықпалы  мен  өзін  өзі  тәрбиелеу  үдерістерін 
де  қоса  қатар  алып  жүреді.  Яғни  адамның  өзі 
бойындағы  жеке  қасиеттерін  түзету,  өзгерту, 
мінезін  қалыптастыру  үшін  күш  жұмсайды  деген 
сөз.  Гегель  өз  зерттеулерінде  осы  мәселені 
былайша нақыл сөзбен жеткізеді: «Адам өмірі өз-
өзі жетілдіруден құралады».[1, 57 б.] 
«Тәрбие»  ұғымы  екі  мағынада  қолда-ны-
лады.  Біріншіден,  тәрбие  кең  мағынада  тұлғаны 
әлеуметтік  қалыптастыру  ұғымымен  сабақтасты-
рады,  яғни  бар  салмақты  әлеуметтік-мәдени  ық-
палға  түсіреді.  Тұлғаны  қалыптастыру  ісінің 
соңғы  кезеңі  және  тұлғаның  адамгершілік  өзегі  – 
бұл  адамды  әлеуметтік  маңызы  бар  қызметке 
дайындау  болып  табылады.  Екіншіден,  тәрбие 
тар мағынасында – бұл тұлғаның жеке әлеу-мет-
тік-мәдени қабілеттерін қалыптастыру. Яғни логи-
калық ойлауын, эстетикалық танымын және т.б. 
С.  М.  Ковалевтің  пікірінше,  «тұлғаны  да-
мыту әлеуметтенудің екі жақты үдерісімен жүзеге 
асырылады,  яғни  қоғамдық  қатынастардың  итер-
позициясын  игеру  және  даралануға  бейімделу 
арқылы  орындалады.  Осының  нәтижесінде  тұл-
ғаның  дара  қасиеттері  оның  интеллектісі,  дүние-
танымы,  еркі,  адамгершілік  идеалдары,  мұрат-
тары,  эстетикалық  талғамы,  шығармашылық 
әлеуеті арта түседі». [2, 62 б.] 
Оқушының  адамгершілік  әрекеттері  мо-
ральды санамен  толығады және эстетикалық са-
намен,  адамгершілік  сананың  түрлі  формалары-
ның  біртіндеп  даму  деңгейімен  жетіле  түседі 
және осы үдерістерге елеулі әсер етеді. Мысалы, 

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
173
жеке  құлықтық  әрекеттің  ең  қарапайым  мораль-
ды  бағаға  (мейірімді-мейірімсіз,  адамгершілікті-
адамгершіліксіз)  эмоционалды  баға  қосылған 
жағдайда  жаңа  терең  эмоционалды,  әлеуметтік 
мәнге ие болады. 
Оқу-тәрбиелік  үдерістердің  бүтін  болмы-
сында  тұлға  қалыптастырудың  бірнеше  тірек 
пункттері  қызмет  етеді.  Олар  институционалды 
сипатты  сақтай  отырып,  мақсаттың  өзгеруіне 
орай, 
әлеуемттік 
бағыттың  дамуына 
орай 
түрленіп  отырады.  Соған  орай  адамның  даму 
«материалы да» өзгереді.  
Адамгершілік  тәрбиені  тұлғаның  рухани 
әлемін  қалыптастыру  деп  тану  этикалық  ілім 
тарихында 
бұрыннан 
келе 
жатқан 
үрдіс. 
«Жоғарғы  және  ұлы  рухты»  адамның  бейнесі, 
жоғары  рухани  дәстүрлер,  тұлғаның  рухани  әле-
мін  қалыптастыру  –бұның  барлығы  педагогика-
лық,  этикалық,  философиялық  ойлардың  өкіл-
дері  қалыптастырған  тәрбие  теориясының  негізгі 
мазмұны болып саналады. Қазіргі таңда көп жағ-
дайда «рухани» ұғымы жиі қолданылады. Бұл сөз 
бен  одан  тарайтын  ұғымдарды  жоғары  дәрежелі 
ғалымдар  қолданады.  Л.  М.  Архангельский 
былай  деп  жазады:  «Мораль  –  бұл  рухани 
мәдениеттің 
ажырамас 
бөлігі, 
рухани 
құндылықтың түрлері»; ал А. И. Титаренко былай 
деп 
ойлайды: 
«мораль-руханимәдениеттің 
ерекше  формасы  ретінде  көрініс  табады».  В.  П. 
Кобляковтың  пікірінше,  «руханилық»  ұғымының 
өзі  біздің мәдениетіміздің  асеналы  болған.  Ал  А. 
А. Гусейнова пікірінше, «мораль-руханилық негізі 
болып  саналады».[3,  32  б.]  Г.  А.  Голубева 
мынадай  анықтама  береді:  «руханилық-бұл 
тұлғаның  шығармашылық  әлеуетін  бейнелейтін 
белсенді  сананың  бір  формасы.  Руханилыққа 
мыналар енеді: 
-  тұлғаның  әлеуметтік  құндылығын  игеру 
мөлшері; 
-  жаңадан  қалыптасатын  құндылықтарға 
бейімделу үшін тұлғаның мұқтаждықтары болуы; 
-  тұлғаның  қоғамдық  өмірге,  ондағы  мате-
риалды және рухани мәдениетке бейімделуі, сол 
құндылықтар  үшін,  айнала  қоршаған  болмыстар 
үшін жауапкершілікті сезінуі; 
- жаңа құндылықтар жасауға деген қабілеті, 
қоғамдағы рухани өмірге белсене қатысуы».[4, 56 
б.] 
Б.  В.  Сафронов  пен  Л.  Н.  Дорогова 
пікірінше,  «рухани  әлемде  адамды  үш  тік  өзгеріс 
ажыратып 
отырады: 
зерде, 
эмоционалды-
сезімдік  орта,  ерік  тетігі.  Осы  сана  құбылыстары 
өмірлік  тәжірибедегі  әрекетке  ауысады.  Аталған 
адам  қалыптастырушы  саналы  орталар  біріге 
отырып,  тұлғаның  рухани  әлемін  біртұтас  етеді. 
Ал  оның  нәтижесі,  яғни  бай  құндылығы  ақиқат 
болмыстағы  адам  қызметінде,  тәжірибесінде 
түрлі әрекеттермен көрініс табады».[5, 173 б.] 
Адамгершілік бағалары тек адами қатынас-
тарғағана  беріліп  қоймайды,  сондай-ақ  адамның 
ғылымдағы  жетістігіне,  техникалық  жаңалықтар 
ашу әрекетіне де септігі тиеді.  
Заманауи  мәдениет  парадигмасына  икем-
делген  ғылымның  даму  бастамасында  болатын 
осындай  үрдістер  (мәдениеттің  өзі  адамзаттың 
өмір  сүру,  тіршілік  ету  амалы  және  қоршаған  ор-
таны сақтау болмысы болып табылады) оқу үде-
рісіндегі тұлғаның адамгершілік тәрбиесін қалып-
тастыру жүйесіне тікелей ықпал етеді. 
Жас  жеткіншекті  тәрбиелеуші  тек  ата-ана, 
мұғалім ғана емес, сонымен қатар бұқаралық ақ-
парат 
құралдарының 
біртұтас 
жиынтығы 
болашақ  ұрпақты  тәрбиелеуші  қызметін  атқара 
алады.  Олардың  қызметі  идеологиялық  және 
моральдық  қызметтерді  толығымен  орындай 
алады. 
Енді 
тәрбиелі 
білім 
беру 
қызметін 
атқаратын  оқу  үдерісінің  мазмұнын  тереңірек 
тоқталайық.  Кез  келген  оқу-тәрбие  үдерісі 
арнайы 
ұйымдастырылған 
педагогикалық 
(нақтырақ  айтсақ  –  әлеуметтік-педагогикалық) 
жүйені  танытады.  Бұл  жүйе  оқушының  оқыту 
және тәрбиелеу қызметін белгілі бір мақсаттарға 
сәйкес 
атқарады. 
Оқыту 
мақсаты 
мен 
адамгершілікке 
тәрбиелеу 
мақсаты 
өзара 
сабақтас,  бірақ  олар  бірдей  емес,  олар  бірі 
арқылы  бірін  толықтырады,  бірі  арқылы  бірін 
белгілеп,  нақтылап  отырады.  А.  П.  Огурцовтың 
айтуынша,  «білім  беру  мақсатын  қалыптастыру-
бұл  мемлекеттің  және  басқару  институттарының 
ісі». Бірақ бұл мақсаттарды оқушы мен мұғалімге, 
тәрбиешіге  тиімді  етіп  жасауда  ғалымдардың 
еңбегіне, 
әзірлемесіне, 
олардың 
зерттеу 
бағдарламасына  сүйенбеу  мүмкін  емес.  Себебі, 
бұл  негізгі  құралдар  педагогика  мен  психология 
ғылымында 
дәлелденіп,  дәйектеліп, 
жүзеге 
асыралады.  Ең  алдымен,  алдағы  мыңжылдықта 
тұлғаны  дамыту  талаптарына  сай  не  ұсынылу 
қажет,  яғни    материалды  және  рухани  өндіріс 
үшін аса маңызды болатын, мәдениет пен ғылым 
үшін  маңызды  болатын,  қоғамдық  өмірдің  түрлі 
салаларын үшін маңызды болатын, соның ішінде 
ең  бастысы  білім  беру  жүйесі  үшін  маңызды 
болатын  құнды  талаптар  ескеріледі.  Бұндай  іске 
көшпес бұрын, мемлекеттің қандай қоғамға қарай 
дамып бағытталып бара жатқанын айқындап алу 
қажет: 
индустриалды 
қоғам 
ба, 
әлде 
постиндустриалды  қоғам  ба,  тұтынушылық  па, 
әлде ақпараттық па. Осы мәселелерді айқын алу 
білім 
беру 
жүйесін 
тұлға 
қалыптастыру 
параметріне  сәйкес  дұрыс  бағыттауда  оңтайлы 
септігін  тигізеді.  Және  қоғам  бағыты  мен  білім 
беру  бағытының  дұрыс  сабақтасуы  сол  қоғамға 
лайықты 
тұлға 
қалыптастыру 
ісін 
жүзеге 
асыратын оқыту мазмұнына да сәйкесінше тиімді 
енуі  тиіс.  Яғни,  оқу  жоспарында,  мектеп 
құрылымында, жоғары білім беру ісінде де қоғам 
мен  тұлға  қалыптастыру  арасындағы  үйлесімді 
мәндес  идеология  айқын  көрінуі  тиіс.  Соның 
ішінде  білім  беру  жүйесінің  барлық  деңгейінде, 
яғни 
білім 
беру 
институттарынан 
бастап 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет