Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет31/38
Дата06.03.2017
өлшемі3,59 Mb.
#7721
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
165
бойынша  әдістемелер  таңдалып  алынды,  бейім-
делді және өзгертілді. Диагностикалық және түзе-
тушілік  әдістемелер  бірнеше  өзара  байланысқан 
блоктардан тұратын жүйелік ықпалды болжайды. 
Әр  қайсысына  өзінің  мақсаты,  міндеттері,  әдіс-
тәсілдері, стратегиясы мен тактикасы тән. 
І блок – диагностикалық. Мақсаты: әрбір 
отбасының  қауіп  факторын  анықтау,  түзету  бағ-
дарламасын  өңдеу.  Әдістері:  биографиялық  ақ-
параттарды,  медициналық  құжаттарды  талдау, 
балаларды бақылаудың, әңгімелесудің көмегімен 
тексеру,  сөйлеу  тілі  бұзылыстарын  (фонетика-
лық, лексикалық,  грамматикалық)  және  невроло-
гиялық  симптоматиканы  анықтау,  перспективті 
жоспарды әзірлеу. 
ІІ  блок  –  түзетушілік.  Мақсаты:  түзету 
үрдісінің  үйлесімділігі;  ішкі  отбасылық  дағдарыс-
қа  төтеп  беру;  тәрбиелеу  мотивтерін  саналы 
түрде  тану  сферасын  кеңейту;  қарама-қайшы-
лықтарды  жою;  ата-аналардың  қаулысы  мен 
ұстанымдарын  өзгерту;  ата-аналарға  баламен 
қарым-қатынас  жасасудың  жаңа  формаларын 
үйрету. 
Түзетушілік  болгы  екі  кезеңнен  тұрады: 
біріншісі  – дайындық,  оның  мақсаты  –  түзету  жұ-
мысының  қаулысын  құру,  сенімділікті  көтеру,  ар-
тикуляциялық  аппаратты  дайындау,  фонемати-
калық  қабылдауды,  өзін-өзі  бақылауды  тәрбие-
леу,  тілдік  диафрагмалық  тыныс  алуды  қалып-
тастыру;  екіншісі  –  негізгі  кезең, мақсаты  –  тілдік 
бұзылыстарды  түзету:  өзіндік  сөйлеу  тіліне  ды-
быстарды  дайындау,  автоматтандыру  және 
енгізу;  сөйлеу  тілінің  лексикалық-грамматикалық 
жағы  бойынша  жұмыстар.  Балада  сенімділік, 
толыққандылық сезімдері пайда болады. Сөйлеу 
тілін түзетумен қатар тұлғалық түзетушілік те жү-
реді.  Әдістері:  балалар  үшін  топтық  және  жеке 
түзету әдістемелері, топтық ата-аналарды түзету 
әдістемелері:  «Ата-аналар  семинары»,  ата-ана-
лар мен балалардың біріккен сабақтар әдістеме-
сі [2, 72 б.]. 
ІІІ  блок  –  бағалау,  бақылау.  Мақсаты: 
тілдік  және  тұлғалық  даму  динамикасын,  тұрақ-
тылық  дәрежесін,  рецидивтің  жоқтығын  бағалау. 
Әдістері:  ата-аналардың  есептері,  екіншілік  тек-
серу,  бірінші  және  екіншілік  тексеру  нәтижелерін 
салыстырмалы түрде талдау. 
Сөйлеу тілі бұзылыстарын диагностикалау. 
Қазіргі  таңда  сөйлеу  тілі  бұзылыстарын  түзету 
және  диагностикалау  мәселесі  –  аса  өзекті 
мәселелердің  бірі.  Бұл  таңғаларлық  жайт  емес, 
себебі  Қазақстан  өз  тарихында  ең  күрделі, 
кеселді,  сонымен  қатар  динамикалық  кезеңді 
басынан  өткеруде.  Күнкөріс  деңгейі  төмен  отба-
сылардың саны шарықтап кетті. Сөйлеу пато-ло-
гиясы,  оның  этиологиясы  мен  логопат  балалар-
дың әлеуметтік бейімделуі мәселесі бойынша ғы-
лыми  әдебиеттің  талдауына  жүгінсек,  қазіргі 
Қазақстандағы  балалардың  жағдайы  жұртшы-
лықтың  көңілінде  негізделген  үрей  тудырады. 
Балалардың  тек  14%-ның  дені  сау,  жартысының 
денсаулық  жағдайында  кемістіктері  бар  болса, 
балалардың  35%  созылмалы  сырқаттарға  шал-
дыққан.  1990  жылдары  «децелерация»  термині 
пайда болды. Ол балалардың дамуы мен өсуінің 
тежелуімен, яғни даму мен өсудің баяу қарқыны-
мен  сипатталады.  Бұл  қатерлі  топтың  балала-
рында  аса  жиі  кездесетін  құбылыс.  Әсіресе 
көшіп-қонуға мәжбүр болған қашқындардың, жал-
ғыз басты аналардың, жұмыссыздардың, сондай-
ақ тұрмыс жағдайы нашар отбасылардан шыққан 
балалардың жағдайы аса мүшкіл.  
Логопедиялық  тексерудің  негізгі  мақсаты  – 
сөйлеу  тілінің  кемістіктерін  анықтау,  сөйлеу  тілі-
нің  даму  ерекшеліктерін,  деңгейін,  оның  ойлау 
деңгейіне  сәйкестілігін,  логопедиялық  түзету  жұ-
мыстарына қажетті жағдайды айқындау. 
Логопедиялық  қызмет  төмендегі  бағыттар-
да жүзеге асады: 
1.  Диагностикалық  тексерудің  негізіне  сай 
балаларды  арнаулы  білім  ұйымдарына  іріктеу 
және  балалардың  даму  деңгейіне,  психология-
лық даму ерекшеліктеріне, мүмкіншіліктеріне сай 
педагогикалық қолайлы жағдайды анықтау. 
2. Сөйлеу тілінің дамуында әртүрлі кемістігі 
бар  туғанынан  18  жасқа  дейінгі  балаларды диаг-
ностикалау,  жеке  кеңестер  беру  (солардың  ішін-
де  арнаулы  түзету-педагогикалық  мекемелерге 
бағытталмаған балалар да жатады). 
3. Мүмкіншілігі шектеулі балаларды айқын-
дау  және  статистикалық  есепке  алу,  оларға  қа-
жетті  көмек  беру  үшін  білім,  денсаулық  сақтау, 
әлеуметтік  қорғау  мекемесімен  бірге  тығыз  бай-
ланыста жұмыстар жүргізу. 
Сөйлеу 
тілін 
тексеруге 
арналған 
әдістемелік нұсқау: 
Балалардың  сөздерді  дұрыс  дыбыстау 
ерекшеліктерін  анықтау  үшін  кеңінен  танымал 
стандартты  әдістемені  қолдануға  болады.  Бала-
лардың  тек  жекелеген  сөздерде  ғана  емес, фра-
заларды айтқанда дыбыстарды қалай айтатынын 
тексеру  аса  маңызды.  Осы  мақсатта  атаула-
рында  тексерілетін  дыбыстар  әр  түрлі  позиция-
ларда орналасқан сюжеттік суреттер мен заттар-
дың 
жиынтығы 
қолданылады. 
Дыбыстарды 
дұрыс ажырату дағдысын қалыптастыру үшін ба-
лаға  атауларында  жіктелетін дыбыстардың  екеуі 
де болатын суреттер (з-с. ж-ш, б-п, г-к, л-р) және 
атаулары  бір  ғана  дыбыспен  ажыратылатын 
сөздер (тар-тал, ас-аш) ұсынылады [3, 58-61 б.]. 
Дыбыстардың  дұрыс  айтылуын  тексерген 
кезде  дыбыстың  айтылмауын  немесе  алмасты-
рылып  айтуын  ғана  емес,  сондай-ақ  айтылудың 
айқындығына, нақтылығына, олардың жіктелуіне, 
сөйлеу  тілі  қарқынының  ерекшеліктеріне,  сөйлеу 
тынысына да назар аудару қажет. 
Сөйлеу тілін зерттеу қорытындысы кестеге 
толтырылады,  онда  (+) белгісімен дұрыс дыбыс-
талу, дыбыстарды жіктей білу, сөйлеу мен тыныс 
алудың  қарқынын  бағыттай  білу  дағдылары  бел-
гіленсе, (-) белгісі дыбыстарды түсіріп айту, олар-
ды  жіктей  алмау,  сөйлеу  қарқынын  бағыттай  бі-

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
166
луде  бұзылыстарды  білдіреді.  Дыбыстар  алмас-
тырылып  айтылғанда,  тиісті  торкөзде  алмасты-
рыған дыбыс көрсетіледі. 
Сөйлеу  тіліндегі  кемшіліктерді  дұрыс  түсі-
ніп,  тиімді  ықпал  жасауы  үшін  оны  жоюдың  ең 
ұтымды  және  үнемді  жолын  таңдап,  мүкістіктің 
ішкі  сырының  ерекшелігін  және  оның  ауқымды-
лығын анықтап, сөйлеу тілі жүйелерінің қай бөлі-
гінің  зақымдалғанын  талдай білуі  қажет. Тіл  кем-
шіліктері сөйлеу тілінің фонематикалық, лексика-
лық  және  грамматикалық  жақтарын  да  қамти-
тыны  белгілі.  Бұл  –  сөйлеу  тілінің  фонематика-
лық барысын, сөздік қорын, грамматикалық құры-
лысын  жан-жақты  тексеру  деген  сөз.  Сөйлеу  тілі 
кемшіліктерін  талдауға  жүйелі  тәсілді  қолдану-
дың, сөйлеу тілінің қандай да бір бөлігінің бұзыл-
ғанын  анықтаудың,  сонымен  бірге  оның  басқа 
бөлімдерімен  қандай  байланысының  бар  екенін 
шамалауға 
мүмкіншілік 
беретін 
ерекшелігін 
маңызды  екендігін  мамандар  да  айтып  жүр. 
Біздің  ойымызша,  сөйлеу  тіліндегі  дыбыстардың 
бұзылуы көп жағдайларда сөйлеу тілінің фонети-
калық  жағын,  ал  кейде  тіпті  фонетикалық-фоне-
матикалық және лексикалық-грамматикалық жақ-
тары  сияқты жалпы  дамуын  да  қамтиды.  Себебі, 
сөйлеу  тілі  дыбыстарды  естіп  қабылдаудың, 
ажыратудың  жеткіліксіздігі  дамуы  жекелеген 
дыбыстардың  айтылуындағы  бұзылысына  және 
баланың  фонематикалық  түсінігінің  кешеуілдеп 
қалуына  себепші  болуы  әбден  мүмкін  [4,  92-95 
б.].  
Бастауыш  сынып  оқушыларымен  жүргізі-
летін  логопедиялық  жұмыстың  тиімділігін  арт-
тыру – қазіргі кезде логопедияның негізгі мәселе-
лерінің  бірі  болып  отыр.  Бала  тұлғасын  жан-
жақты  зерттеу  сөйлеу  тіліндегі  бұзылыстарды 
нақты  анықтауға  және  оларды  түзетуде  тиімді 
әдістерді қолдануға мүмкіндік береді. Оқушылар-
дың  білім  алудағы  типтік  дербес  ерекшеліктері 
жайлы  жазылған  әдебиеттер  көптеп  кездеседі: 
адамның  жоғарғы  жүйке  қызметінің  қасиеттері 
туралы, психикалық үрдістер мен танымдық әре-
кеттерде көрініс беретін темперамент ерекшелік-
тері,  қабілеттілік  жайында.  Сонымен  қатар,  сөй-
леу  тілін  дамытудың  алғышарттары  жайлы  да 
атап өткен жөн. Бастауыш сынып оқушыларының 
сөйлеу  тілін  дамытудың  алғышарттары  болып 
адекватты қоршаған орта, генетикалық бағдарла-
малау  және  талдағыштар  жүйесінің  саулығы  бо-
лып  табылады,  толығырақ  1-суреттен  көруге  бо-
лады. 
 
 
1 сурет – Сөйлеу тілін дамытудың алғышарттары 
 
Логопедиялық  түзету  жұмысының  мақсаты 
мен  міндетіне  байланысты  төмендегідей  кезең-
дерге бөлу тиімді: 
- Дайындық кезеңі; 
- Дыбысты қою кезеңі; 
- Дыбысты  дұрыс  айтуға  машықтандыру 
кезеңі; 
- Дыбысты  ұқсас  дыбыстардан  ажырату 
кезеңі. 
Аталған  кезеңдердің  арасында  айқын 
шекара  жоқ  –  біріншісінің  аяқталуы  екіншісінің 
басталуына ұласып кетеді.  
Дайындық  кезеңі.  Бұл  кезеңнің  негізгі 
мақсаттары: 
- баланы түзету жұмысына ынталандыру; 
- тапсырмаларды саналы түрде орындауға 
үйрету; 
- зейінін,  қабылдау,  есте  сақтау,  ойлау 
қабілеттерін дамыту; 
- артикуляцияны дұрыс қалыптастыру; 
- дыбысты қабылдау және ажырату. 
Дайындық  кезеңінде  артикуляцияны  дұрыс 
қалыптастыруға  бағытталған  арнайы  жаттығу-
лар,  ұсақ моториканы  дамытуға  арналған  саусақ 
жаттығулары және тыныс алу жаттығулары жаса-
лады.  Жаттығулар  балаға  түсінікті,  қолжетімді, 
және  мүмкіндігінше,  алдын  ала  жатталған  болуы 
қажет.  
Түзету  жұмыстарының  табысты  жүзеге 
асуы  мұғалім-логопед  пен  бастауыш  сынып  оқу-
шылары  арасындағы  тығыз  байланысқа  тәуелді 
болады.  
Мұалім-логопедтің  сыныпқа  келуін  сынып 
жетекшілер  әдетте  аса  абайлықпен  қарайды. 
Себебі  мұғалімдер,  әсіресе  жоғарғы  буын 

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
167
мұғалімдері  мектептегі  логопедиялық  қызметтің 
мақсатын  дұрыс  түсіне  бермейді.  Олар  логопед 
тек  дыбыс  айту  кемшіліктерін  ғана  түзету  керек 
деп  ойлап,  барлық  дыбыстарды  дұрыс  айтатын 
балаларды 
логопедиялық 
сабаққа 
тіркеген 
себебін  түсінбейді.  Соның  салдарынан  қарама-
қайшылықтар туындайды. 
Мұндай  жағдай  болмауы  үшін  мұғалім-
логопед  педагогикалық  кеңестерде  сөз  сөйлеп, 
оқушыларда  кездесетін  сөйлеу  тілінің  бұзылыс-
тары туралы, олардың қалайша сабақ үлгерімде-
ріне  әсер  ететіндігі  жайлы  хабардар  етуі  керек. 
Логопед  өзінің  хабарламасында  сонымен  қатар, 
түзету  жұмысының  мазмұны,  оның  ұйымдасты-
рылуы,  ана  тілі  мен  тіл  дамыту  сабақтарымен 
байланыстарын  атап  өткені  жөн.  Тәжірибе  көр-
сеткендей, 
бастауыш 
сынып 
мұғалімдері 
мектептегі  логопедиялық  қызметтің  мақсаты  мен 
міндеттерін  жақынырақ  білгеннен  соң,  олар 
логопедтің  жұмысына  объективті  және  жоғары 
қызығушылықпен қарай бастайды.  
Оқу жылы бойы мұғалім-логопед бастауыш 
сынып  оқушыларының  әдістемелік  бірлестікте-
ріне қатыса отырып, өзінің хабарламаларын айта 
алады.  Логопед  толық  және  детальды  түрде 
бастауыш сынып мұғалімдеріне сөйлеу тілі бұзы-
лыстарының  спецификасы  мен  түрлері  туралы 
айтып, сол бұзылыстар оқушылардың жазу және 
оқу  іскерліктеріне  қаншалықты  әсер  ететіндігін 
сипаттап береді. Сонымен қатар, үлгермеуші оқу-
шыға мұғалімнің дифференциалды ыңғайды қол-
данғаны жөн екенін ескереді.  
Әдістемелік  бірлестіктерде  бастауыш  сы-
нып мұғалімдеріне логопедиялық жұмыстың әдіс-
тері  мен  тәсілдері  туралы  мақсатты  түрде  айту 
керек, өйткені бастауыш сынып мұғалімдері лого-
пед  жұмысының  жеке  тәсілдерімен  қаруланып, 
оларды  тиімді  түрде  өз  сабақтарында  пайдала-
нады. 
Логопедиялық  жұмыстың  ерекшелігімен 
бастауыш сынып мұғалімдері толық таныс болуы 
үшін логопед бір немесе бірнеше ашық сабақтар 
өткізе алады.  
Мұғалім-логопед  ана  тілі  мен  тіл  дамыту 
сабақтарына  оқытудың  мазмұны  мен  әдістерін 
жақсы  білуі  керек,  сонымен  қатар  сыныпта  қан-
дай уақытта және қандай тақырып бойынша өте-
тінін  білуі  қажет,  себебі  логопед  өзінің  сабақта-
рында  ана  тілі  және  тіл  дамыту  пәндерінің  бағ-
дарламалық  талаптар  деңгейін  ескеруі  міндетті 
[5, 35 б.]. 
Түзету  жұмысының  маңызды  жағдайлары-
ның  бірі  логопат-оқушыға  мұғалім  мен  логопед 
жағынан  бірдей  талаптардың  берілуі  болып  та-
былады.  Логопат-оқушының  жұмыстарын  өте 
абайлықпен бағалау керек екендігін логопед бас-
тауыш  сынып  мұғаліміне  барлық  күшін  салып, 
көндіруі  қажет.  Себебі  мұндай  оқушылар  қанша 
тырысып,  қызығушылығын  танытса  да,  тапсыр-
маларды, әсіресе мектепте қабылданған нормаға 
сәйкес  жазу  жұмыстарын  орындай  алмайды. 
Сондықтан  логопедтің  ең  бірінші  міндеті  –  мұға-
лімнің  барлық  зейінін  логопаттық  сипатындағы 
қателерді  оқушының  жұмыстарын  бағалау  бары-
сында саналмауға аудару керек, екіншіден педа-
гог  логопаттық  қателерді  оқушының  граммати-
калық ережелерді меңгермеуімен шартталған қа-
телерден айыра білуін үйрету қажет.  
Мұғалім-логопедтің  жұмысына  логопедия-
лық  пунктке  тіркелген  балалардың  ата-аналары 
үлкен көмек көрсете алады.  
Логопед  алғаш  рет  логопедиялық  пунктке 
тіркелген  оқушылардың  ата-аналарымен  қыр-
күйектің ортасында, яғни логопедиялық топтарды 
топтастырып  болғаннан  соң  кездеседі.  Көп 
жылғы  тәжірибе  көрсеткендей,  көптеген  ата-ана-
лар  мұғалім-логопедтің  балалармен  қандай  жұ-
мыс  жүргізетінін  білмейді.  Сонымен  қоса,  кейбір 
ата-аналар  өз  баласының  логопедиялық  пунктке 
тіркелгеніне  теріс  көзқарасын  білдіріп,  түсінбеу-
шіліктер  туындап  жатады.  Сондықтан  мұндай 
жағдайлар  туындамас  үшін,  мұғалім-логопед 
қыркүйектің  басында  ата-аналар  жиналысына 
қатысып,  логопедиялық  жұмыстың  мақсаты  мен 
міндеттерін  қысқаша  түрде  айтып,  ата-аналарды 
таныстырғаны  дұрыс.  Әдетте  логопед  сөйлеу 
тілінің  фонематикалық  және  лексикалық-грамма-
тикалық  бұзылыстары  барлық  жағдайда  дыбыс 
айту  бұзылыстарымен  қатар  жүрмейтіндігін,  сон-
дықтан  ата-аналары  ондай  бұзылыстарды  көр-
мейтіндігін айтады. Алайда, дәл осы бұзылыстар 
оқушының  мектеп  бағдарламасын  толық  меңге-
руіне  әсер  етіп, бірқатар  пәндер  бойынша  тұрақ-
ты түрде үлгермеушіліктер пайда болып жатады.  
Балаларда  кездесетін  сөйлеу  тілінің  бұзы-
лыстары  көп  жағдайда,  ерте  жасында дұрыс  тіл-
дік  тәрбие  алмағандығы  салдарынан  болатыны 
бұрыннан белгілі. Көп жағдайда олар сөйлеу тілі-
нің  лексикалық-грамматикалық  жағы  бұзылыста-
рына  жатады.  Ғалымдардың  зерттеулері  бойын-
ша,  5  жасқа  дейінгі  қалыпты  дамып  келе  жатқан 
бала  2,5-3  мың  сөзді меңгеруі  керек.  Осылайша, 
баланың  дамуында  отбасындағы  дұрыс  тәрбие-
нің  маңызды  рөлге  ие  болады.  Және  бұл  ойды 
ата-аналардың  қаперіне логопедтен  басқа  ешкім 
жақсылап  жеткізе  алмайды.  Тәжірибеде  мынан-
дай  жағдайлар  болған:  мектепте  үлгермейтін 
жасөспірім  баласы  бар  ата-ана  логопедтің  сөз 
сөйлеуін  тыңдағаннан  кейін  «Егер  де  мен  мұны 
ертерек  білгенімде  ғой!»  деп,  көзіне  жас  алып, 
қайталаған.  Логопедиялық  білімдерді  үгіттеу  ло-
гопед жұмысының ажырамас бөлігі болуы керек.  
Бұл іс-әрекетті мақсатты түрде балабақша-
ларда,  яғни  мектептің  логопунктіне  сол  балабақ-
шадан  келетін  балалардың  ата-аналарына  ар-
налған  дәрістерді  оқудан  бастау  керек.  Өзінің 
мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-анала-
ры  алдындағы  сөз  сөйлеуі  барысында  логопед 
сөйлеу  тілінің  бұзылыстары,  олардың  көбінесе 
отбасындағы  бұрыс  тәрбиемен  шартталатын-
дығы  туралы  айтады,  және  бұл  бұзылыстар  ба-
ланың  мектепте  үлкен  жетістіктерге  жетуіне  кері 

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
168
әсер ететіндігін ескертеді. Сонымен қатар, дәріс-
те  баланың  дұрыс  тілдік  дамуына  қажетті  орта 
құру бойынша әдістемелік ұсыныстарды да ашып 
айтқан дұрыс. Балаларының жанында үнемі ата-
аналары болатындықтан, олармен әрдайым сөй-
лесіп,  оның  зейінін  қоршаған  ортадағы  заттар-
дың,  яғни  олардың  аттарын  атауға,  олар  қандай 
мақсатта  қолданылатыны  және  бұл  заттар 
қандай материалдардан жасалғаны туралы сұра-
ғаны  жөн  екенін  логопед  ата-аналарға  айтуы 
тиіс.  Баланың  сөздік  қоры  ауқымды  әрі  бай 
болуы  оның  ойлау  қабілетін  терең  етеді  [6,  102 
б.]. 
Мүлдем  түсініксіз  сөздерді  ересектерден 
сұрау  керек  екендігін    кішкентай  балаға  үйретіп 
қою  керек.  Кез  келген  балаларға  арналған  кітап-
тарда,  яғни  ата-аналары  баласына  оқып  беретін 
кітаптарда  оған  түсініксіз  сөздер  жиі  кездеседі. 
Сондықтан,  бала  түсінбеген  сөзінің  мағынасын 
сұраса, оқылған мәтінді тек тыңдап қана қоймай, 
оны терең ойлап, түсінгісі келеді деген тұжырым-
дамаға тоқталу қажет. Сөздік жұмыссыз, түсінбе-
ген  сөздерін  және  сөз  тіркестерін  түсіндермейін-
ше кез келген кітап, соншалықты өте қызық кітап 
болса да еш пайдасы болмайды [7, 25 б.]. 
Әрі қарай логопед баланың кітап мазмұнын 
дұрыс  әрі  бірізділікпен  айтып  беруі,  өзінің  ойын 
толық  жеткіз  алуы  өте  маңызды  екенін  айтады. 
Бұл іскерлік те мектепке дейінгі кезеңде қалыпта-
суы керек. 
Логопедиялық  үгіт-насихат  мақсатында ло-
гопед  логопунктке  тіркелген  мектептерде  жалпы 
мектептік  жиналыстарға  қатысады. Бұл хабарла-
маға  арналған  материалдарды  логопед  өзінің 
педагогикалық кеңестерде, әдістемелік бірлестік-
терде  және  ата-аналар  жиналыстарында  сөйле-
ген сөздерін таңдай алады.  
Сонымен  қатар,  логопедиялық  білімдерді 
үгіттеу  мақсатында,  яғни  логопед  өзінің  мектеп-
тегі  орнын,  мектептік  білімдерді  меңгерудегі 
тілдік  бұзылыстардың  маңыздылығын,  сонымен 
қатар  логопед  мамандарға  дер  кезінде  қаралу 
қажеттігі  туралы  жалпы  ақпараттар  құралдарын 
(журналдар,  газеттер,  радио,  телебағдарлама-
лар) пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.  
Логопед  педагог  ретінде  өз  жұмысының 
шебері ғана болып қоймай, сонымен қоса ағарту-
шы  да  болуы  керек,  себебі  ағартушылық  іс-әре-
кет  балалардағы  сөйлеу  тілінің  бұзылыстарын 
алдын  алу  (профилактикасы)  бойынша  жұмыс 
болып табылады. 
Бaлaның тiлдiк жүйeнi мeңгepyi oның нeгiзгi 
пcихикaлық пpoцecтepiн қaйтa құpaды, cөйтiп, cөз 
–  пcихикaлық  әpeкeттi  қaлыптacтыpaтын  күштi 
фaктop peтiндe қoлдaнылaды. Oл зepдeнiң, ecтiң, 
қиялдың,  oйлay  мeн  әpeкeттiң  жaңa  түpлepiн 
жacaп шығapaды. Бaлaның тiлдi тoлық мeңгepyi – 
oның 
қapым-қaтынacының 
жoғapы 
дeңгeйгe 
көтepiлгeндiгiн  көpceтeдi,  oның  жeкe  тұлғacының 
қaлыптacyынa  жoл  aшaды.  Қopытa  кeлгeндe,  тiл 
–  әлeyмeттiк  бeйiмдeлyдiң  eң  тaмaшa  жoлы.  Тiл 
дaмытy  жұмыcтapы  бapлық  caбaқтapдa  өткiзiлуі 
тиіс.  
 
Әдебиеттер: 
1 Багель О.А. Индивидуальный подход при 
коррекции  речевых  нарушений  у  младших 
школьников  //  Школьный  логопед.  –  2007.  – 
№1(16). – Б. 43-48. 
2 Лaлaeвa  P.И.,  Бeнeдиктoвa  Л.В.  Диaгнoc-
тикa  и  кoppeкция  нapyшeний  чтeния  и  пиcьмay 
млaдших  шкoльникoв.  -  Caн.-  Пeтepбypг.  Изд-вo 
«Coюз», 2003.- 254 б. 
3 Кopнeв A.Н. Нapyшeния чтeния и пиcьмay 
дeтeй (диaгнocтикa,кoppeкция, пpeдyпpeждeниe). 
-  Caн.-  Пeтepбypг,  Издaтeльcкий  Дoм  «МиМ», 
1997.- 265 б. 
4 Aхyтинa  Т.В.  Тpyднocти  пиcьмa  и  их 
нeйpoпcихoлoгичecкaя  диaгнocтикa.  //Пиcьмo  и 
чтeниe:  тpyднocти  oбyчeния  и  кoppeкция.  -  М.-
Вopoнeж, 2001. – 208 б. 
5 Өмipбeкoвa  Қ.Қ.,  Өмipбeкoвa  C.Ж.  Фoнe-
тикacы,  фoнeмaтикacы  тoлық  дaмымaғaн  бaлa-
лapды oқытy жәнe тәpбиeлey. A. 2002. – 50 б. 
6 Лaлaeвa  P.И.  Лoгoпeдичecкaя  paбoтa  в 
кoppeкциoнных  клaccaх.  —  М.:  ВЛAДOC,  2001.  – 
451 б. 
7 Карапетян  С.Г.  К  проблеме  ранней  диаг-
ностики  речевых  нарушений  //  Открытая  школа, 
2012, №9 (120), Б. 24-26. 
 
 
 
УДК 378:001.891 
 
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ−ЗЕРТТЕУ МӘДЕНИЕТІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ 
 
Жалмагамбетова К. К. - психология және педагогика кафедрасының оқытушысы,  
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемелекеттік университеті 
 
Мақалада  студеттердің  ғылыми-зерттеу  мәдениетін  жоғарғы  оқу  орнында  оқытуда 
қалыптастырудың мүмкіндіктері сөз етілген. 
Негізгі  ұғымдар:  педагогикалық  шарттар,  ғылыми-зерттеу  мәдениеті,  интерактивті 
технологиялар, модульдік технологиялар, компьютерлік технологиялар. 
 

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
169
Бүгінгі 
күнгі 
еліміздің 
әлемдік 
білім 
кеңістігіне  енуге  бағытталған  талпыныстары, 
жоғары оқу орындарының көп деңгейлі білім беру 
жүйесіне  өтуі,  кредиттік  білім  беру  жүйесінің  енуі 
маман  дайындығын  жаңаша  бағытта  жүргізу 
қажетілігіне  әкелді.  Яғни,  студенттерді  қоғам 
өмірінің  барлық  сласында,  соның  ішінде  білім 
алуда  тек  деректер  жинап,  ақпарат  алумен 
шектелмей,  терең  білімді  ізденімпаз,  барлық  іс- 
әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол 
тұрғыда  өз  болмысын  таныта  алатын,  бәсекеге 
түсе  алатын  маман  ретінде  тәрбиелеу  қажетілігі 
туып  отыр.  Ғылымның  барлық  саласында  білім 
мазмұны  тереңдеп,  оның  ауқымы  қауырт  өсіп 
отырған  қазіргі  ғылыми-  техникалық  өрістеу 
кезеңінде  бұл  міндеттердің  жүзеге  асуы  әрбір 
студентте  зерттеу  мәдениетінің  қалыптасуына 
байланысты.  Сондықтан  педагогикалық  жоғары 
оқу 
орындарында 
студенттерді 
ғылыми-
педагогикалық  зерттеушілік  қызметке  даярлау, 
шын мәнінде әлеуметтік-педагогикалық мәселеге 
айналды. 
Біз  зерттеуімізде  студенттердің  ғылыми− 
зерттеу  мәдениетін  қалыптастырудың  моделін 
жүзеге  асырудың    педагогикалық  шарттары 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет