Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет35/38
Дата06.03.2017
өлшемі3,59 Mb.
#7721
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
182
Топсаяхаттың  табысты  өтуі  көп  жағдайда 
мұғалімге, оның бірлігіне табиғатты сүюне, бала-
лардың көңілін таба білуіне байланысты. 
Балалардың  көргендері  оларды  эстетика-
лық  тәрбиелеуге  әсер  етіп,  олардың  көз  алдына 
нақтылы  бейне  елестетіндей,  олардың  қырағы-
лығын  арттырып,  ойын,  тілін  поэзиялық  бейне-
лермен  байытатындай  болуы  керек.  Бұл  мақсат-
та  табиғатта  поэзиялық  тұрғыдан  сипаттайтын 
жерлері  бар  көркем  шығармалардан  үзінділер 
оқуды  қолдануға  болады.  Егер  балалар  топсая-
хатта  шаршаса,  немес  мұғалім  қайсы  бір  обьек-
тіге көбірек назар аудару керектігін сезсе, ол үшін 
қызықты  сұрақтар  мен  жұмбақтар  пайдалануға 
болады. 
3-сыныптағы  топсаяхаттар  өз  өлкесін,  өз 
жерін  зерттеумен  байланысты.  Әрбір  топсаяхат-
тың  алдында  мұғалім  үлкен  дайындық  жұмысын 
атқаруы  керек:  жергілікті  жердің планымен  белгі-
ленген маршрут бойынша жеке табиғат элемент-
терімен  танысады  өз  жерінің  өсімдіктері мен  жа-
нуарлары  туралы  оқиды,  оқушыларға  жеке  дара 
тапсырмалар  дайындайды  т.б.  Әсіресе,  топсая-
хаттар  кезінде  балалардың  өздігінше  жұмыс 
істеуіне көңіл бөлу керек.  
Топсаяхатта  3-сынып  оқушыларының  төбе 
және  оның  биікттігі,  жазық,  жыра, жергілікті суат-
тар  (өзен,  көл,  бөген),  олардың  орналасуы, 
еркшеліктері,  адамның  шаруашылыққа  пайдала-
нуы дұрыс түсініктері қалыптасады. 
Өсімдік  пен  жануарлар  дүниесімен  таныс-
тыруды  бәрінен  де    комплекстік  топсаяхаттар 
кезінде  ұйымдастырған  жөн.  Жануарлар  мен 
өсімдіктер  арасындағы  байланыстар  мен  өзара 
тәуелділіктерді  оқушылардың  өздері  ашатындай 
жағдайға  ұмтылу  керек.  Мәселен,  суатқа  топсая-
хат кезінде бұл байланысты негізінен құрттармен 
(наксикомдар) қоректенетін көлбақаның мысалы-
нан  көрсетуге  болады.  Көлбақаларды  құрту  суат 
маңында маса шіркейлердің орасан зор мөлшер-
де көбейіп кетуіне апарып соғады. .[4,28б] 
Топсаяхатта  жиналған  материал  қажетті 
түрде жабдықталады да әр түрлі сабақтарда пай-
даланылады. 
Табиғаттағы 
маусымдық 
өзгерістермен 
танысу үшін бақылаулармен қатар бағдарламада 
топсаяхаттар  өткізілу  де  қарастырылады.  Таби-
ғатқа бірінші топсаяхатты мұғалім балаларға күз-
дің  бастапқы  кезінде  табиғатта  не  болып  жатқа-
нын балаларға көрсету мақсатымен өткізеді. 
Балалрды  топсаяхатқа  апармастан  бұрын 
мұғалім топсаяхат өтетін жерді зерттеуге: орман-
ның  немес  парктің  жапырақты  және  қылқан  жа-
пырақты  өсімдіктері  өсеттін  жерін  таңдап  алуға, 
мектептен  баратын  неғұрлым  қысқа  да  қолайлы 
жолды, әңгімелесу және демалу үшін орындарды 
белгілеуге тиіс. 
Топсаяхаттың  тақырыбы:  «Күздің  бас-
тапқы  кезіндегі  орманның  немес  парктің  көрініс-
імен танысу». 
Топсаяхаттың  мақсаты:  күздің  басталу 
белгілерін  бақылау,  жапырақты  ағаштармен  та-
нысу. 
Жабдықтар:  өсімдіктеге  арналған  папка-
лар, тұқым жинауға арналған қорапшалар. 
Оқушыларды 
топсаяхатқа 
дайындау. 
Топсаяхат  мұғалім  мынадай  сұрақтар  бойынша 
әңгіме  өткізеді:  қандай  орман  (парк)  мектепте  ең 
жақын  жерге  орналасқан?  Ормандағы  (парктегі) 
қандай  ағаштарды  білесіңдер?  Жазда  ағаш-тар-
дың  жапырақтарының  түсі  қандай  еді?  Жазда 
шөптің  түсі  қандай  болады?  Жазда  орманна  не 
жинадыңдар?  Қандай  саңырауқұлақтаррды  біле-
сіңдер?  Біздің  орманда  қандай  жидектер  өседі? 
Қазір жылдың қай мезгілі? 
Мұғалім  оқушыларға  орманға  (паркке) 
жасалатын  топсаяхат  туралы  хабарлап,  оның 
мақсатын, өткізіллетін орнын айтады. 
Топсаяхаттың  барысы.  Топсаяхат  ба-
сында  балалар  ауа  райын  бақылайды.  Олар 
көшеде  жылы  немес  салқын  екенін,  аспанның 
қаншалықты бұлтты екенін белгілейді. Содан соң 
мұғалім  балалардың  назарын  күзгі  орманның 
сұлулығына  аударып,  алуан  түрлі  бояуларды 
атап  өтіп,  шөптерді,  жолдарға  түсіп  қалған,  аяқ 
астында 
сылдырлап 
жатқан 
жапырақтарды 
көрсетіп,  орманда  (паркте)  қандай  ағаштар 
өсетінін  сұрайды.  Ол  ақ  қайыңды  тауып,  ол 
туралы  айтып  беруді  ұсынады:  қайыңның  діңінің 
түсі  қандай?  Қайыңның  жапырақтары  қандай? 
Олардың  формасы  қандай?  Түсі  қандай?  Мұға-
лім балалардың назарын қайыңның сырғаларына 
аударып,  оның  ішінде  тұқымы  болатынын,  егер 
олар  жерге  түссе,  одан  жаңа  ағаш  өсіп  шығаты-
нын  айтып  береді.  Ол  балаларға  қайыңдардың 
жас бұтасын көрсетеді. 
Мұғалім  жаңа  тапсырма  береді:  еменді 
табу  және  «қай  ағаш  биииік  –  емен  бе  немес 
қайың  ба?»-деген  сұраққа  жауп  беру  (салыстыру 
үшін  үлкен  еменді  алу  қажет).  Қай  ағаштың  діңі 
жуан? Қайсысының жапырағы үлкенірек, еменнің 
бе немес қайыңның ба? (Балалар еменнің жапы-
рағын  қарап  шығып  қайыңның  жапырағымен 
салыстырады). 
Еменнің 
жапырағының 
түсі 
қандай? 
Содан соң мұғалім орманда өсіп тұрған бұ-
таны  өзі  көрсетеді  де  ағаштың  бұтадан  айырма-
шылығы  жөнінде  айтып  береді  (  ағаштың  діңі 
біреу, ал бұтаның діңі көп; ағаштың діңі жуан, ал 
бұтаның діңі жіңішке; ағаш биік, ал бұта аласа). 
Топсаяхатта  бақылау  обьктісі  жануарлар 
да  болуы  қажет.  Бірінші  сынып  оқушылары  жән-
діктерді де  (көбелектерді,  араларды, шыбындар-
ды  және  басқаларды)  көруі,  құстардың  сайраға-
ны естілмейді деп белгілеуі де мүмкін. 
Тыныққан  соң  балалар  өздері  топсаяхатта 
танысқан  ағаштар  мен  бұтақтардың  тұқымы  мен 
жапырақтарын  жинайды.  Мұғалімнің  топсаяхат 
соңында оларға «Күз» деген өлеңін оқып беруіне 
болады: 

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
183
Жапырақ  төсеп  жолдарға,  Орманда,  жола, 
тебінде 
Бітірді  күз  де  бір  ісіт.  Тұнған  су  мұз  боп 
қатады. 
Бұлардан  сүңгіп  орманға,  Алтын  күз  келді 
қайырлы 
Ұйқыға  кірісті.  Алтындап  жапырақ,  жас 
талды. 
Жапырақтарды  жел  үрлеп,  Колхозда, міне, 
байырғы 
Шашыққа шашып жатады. Қырман той тағы 
басталды. 
Өлең  оқып  болған  соң  мұғалім:  «Автор 
жылдың  қай  мезгілі  туралы  жазып  отыр?  Күздің 
қандай  белгілерін  ол  атап  отыр?  Деген  сұрақтар 
қоояды. 
Топсаяхаттан  алған  білімдерін  олар  екінші 
күні әңгімелесу үстінде пысықтайды. 
Топсаяхаттың  тақырыбы:  «Ерте  көктем-
дегі орман». 
Топсаяхаттың  мақсаты:  көктемнің  келуімен 
табиғатта  қандай  өзгерістер    болғанын  көрсету, 
көргендерін  қыс  пен  күзде  бақылағандарымен 
салыстыру. 
Жабдықтар: 
балаларда 
– 
күректер, 
мұғалімде – папка. 
Оқушыларды 
топсаяхатқа 
дайындау. 
Алдын  ала  сыныпта  мұғалім  балалармен  қай 
мезгілін 
білесіңдер? 
Жылдың 
қай 
мезгілі 
аяқталып  кееледі?  Сендер  қыстың  қандай 
айларын білесіңдер? Жылдың қай мезгілі түседі? 
Біздің жердегі көктем айлары қандай? Қыста ауа 
райы  қандай  болады?  Қыста  жерде  не  жатады? 
Неге  қыста  қар  ерімейді?  Қазір  қар  неге  ери 
бастады?  Қай  кезде  жылы  –  қыста  ма  немесе 
көктемде  ме?  Күн  қай  кезде  ұзарады  қыста  ма 
немес  көктемде  ме?  Сендер  көктемнің  қандай 
белгілерін байқап қалдыңдар? 
Мұғалім  топсаяхат  кезінде  балаладың 
өздері 
білетін 
ағаштарын 
көрсететіндерін, 
сондай-ақ  шырша  мен  қарағайды,  қайың  мен 
еменді  таба  білуді  үйренулері  керегін  айтады. 
Мұғалім  бұл  өсімдіктерді  суреттен  көрсетіп, 
оқушылардың  оларды  назар  салып  қарауын 
сұрайды.  Содан  кейін  ол  осы  өсімдіктерді 
кептірілген 
(гербарийдегі) 
жапырақтарын 
көрсетеді. 
Орманда 
балалар 
ағаштардан 
басқа 
бұталарды  да  көреді.  Олар  ағашты  бұталардан 
ажырата білуге тиіс. Мұғалім суреттен бұталарды 
көрсетеді. 
Топсаяхаттың  барысы. Топсаяхат  басында 
мұғалім  оқушылардың  назарын  ауа  райының 
жайына  аударады  (биік  көгілдір  аспан  бұлт,  күн 
жарқырап тұр, қысқа қарағанда жылы). Аспанның 
түсі  қандай?  Ал  қыста  оның  түсі  қандай  еді? 
Күннің  көзі  оң  жақ  беттерінің  ұшына  түсетіндей 
боп тұрыңдар. Сендер нені сезндіңдер? Қазір күн 
жоғары  көтеріліп,  қыздырыңқырап  тұр,  ал  бұдан 
не  болады?  (Қар  ери  бастайды).  Бұл  ерте 
көктемге тән белгілердің бірі[5,135б]. 
Мұғалім  балалардан  қары  еріп,  жер 
көрінген  жерлерді  көрсетуді  сұрайды. Ол  бұндай 
жерлердің  ала  қар  деп  аталатынын  айтады.  Бұл 
да ерте көктемнің бір белгісі. 
Сонымен,  ерте  көктемге  күннің  ұзаруы, 
жылынуы,  қардың  еру,  ала  қардың  болуы  тән 
екен. 
Содан  соң  оқушылар  орманның  көктемдегі 
түрін  қыстағы  түрімен  салытырып,  тірі  табиғатта 
болып  жатқан  өзгерістерді    белгілейді.  Кей 
жерлерде  көк  шөп  қылтияды.  Балалар  жылдың 
бұл  мезгілінде  гүлдеп  тұрған  өсімдіктерді  де 
табуы  мүмкін,  мысалы  өгейшөпті,  оны  ерте 
көктемде  тіпті  үлкен  қалаларда  да  кездестіруге 
болады. 
Содан  кейін  мұғалім  балаларға  қарағай 
мен шыршаны тауып көрсетуді ұсынады. Шырша 
мен  қарағайдың  діңіне  көз  салыңдар.Олардың 
түсі  қандай  екен?  (шыршаның  діңі  боз,  ал 
қарағайдыкі 
қызғылт-сары). 
Шырша 
мен 
қарағайдың 
қылқандарын 
салыстырыңыздар 
(Шыршаның  қылқаны  қысқа,  ал  қарағайдың 
қылқаны-ұзын). 
Еменді 
табыңдарп. 
Оның 
қабығының  түсі  қандай?  Қайыңды  табыңдар. 
Қайыңның  діңінің  түсі  қандай?  Емен  мен 
қайыңның  бұтақтарын  салыстырыңдар.  Олар 
бірбірінен  қалай  ажыратылады?  (Қайыңның 
бұтақтары жіңішке және иіліп тұрады.) 
Топсаяхат 
кезінде 
жануарларды 
да 
бақылау  керек,  себебі  бұл  кезде  алғашқы  құстар 
қайтып келіп, жәндіктер пайда бола бастайды. 
Топсаяхатты 
қорыта 
келіп 
мұғалім 
балалардың 
назарын 
табиғаттың 
көктемде 
оянатына  аударады.  Ол  гүл  жарған  талды 
көрсетіп,  бүршігін  қақ  бөліп,  оның  ішіндегі 
жапырақшаларын  талды  көрсетіп,  бүршігін  қақ 
бөліп,  оның ішіндегі  жапырақшаларын  көрсетеді. 
Қардың  қыста  жерді  көрпе  сияқты  жауып,  ағаш 
шөп, бұталарды тоңдырмағанын түсіндіреді. 
Мұғалім  балаларға  жерге  жеткенше  қарды 
күреп,  қардың  астында  қыстаған  көк  шөптерді 
табуды ұсынады. 
Дүниетану  бағдарламасында  жылдың  әр 
мезгілі  бойынша  міндетті  түрде  топсаяхаттар 
жүрізу 
қарастырылған. 
Топсяхат 
өткізетін 
тұрақты  бір  жер  болғаны  дұрыс.  Топсаяхаттар 
табиғат  құбылыстары  мен  обьектілерінің  сан 
қырын 
неғұрлым 
кеңірек 
және 
тереңірек 
зерттеуге,  бүкіл  осы  сан  қырлылықты  түсінуге, 
организмдердің өзара және қоршаған жағдаймен 
байланысын білуге мүмкіндік береді.  
Табиғатқа  күзгі  топсаяхат  қыркүйек  айын-
да,  ағаштардың  жапырағы  өз  түсін,  өзгерте 
бастағанда және түсе бастағанда жасалады. 
Топсаяхат  мақсаты:  балаларды  күздің 
бастапқы  кезіндегі  өсімдіктермен  және  жануар-
лармен  таныстыру,  күзгі  орманның  түрін,  оның 
жазғы түрімен салыстыру. 
Топсаяхат  алдында  мұғалім  мынадай 
сұрақтар  бойынша  әңгіме  өткізеді:  сендер  күздің 
бастапқы  кезінде  қандай  белгілерін  байқадың-

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
184
дар?  Сендер  ағаштардан  алғашқы  сары  жапы-
рақтарды қашан байқадыңдар? Күздік түсін бүкіл 
ағаштар  мен  бұталардың  жапырақтары  бірден 
қабылдай  ма?  Қандай  ағаштардың  жапырақтары 
ерте  сарғая  бастайды?  Қандай  ағаштардың 
жапырақтары  ұзақ  уақытқа  дейін  жасыл  боп 
тұрады?  «Күз»  деген  кинофильмнен  күздің 
қандай  белгілерін  көрдіңдер?  (Құстардың  ұшып 
кетуі, жапырақтардың күздік түсі, жапырақтардың 
түсуі, жеміс пен тұқымдардың пісіп жетілуі). 
Топсаяхат  өтетін  жерге  келген  соң  мұғалім 
балаларға  тыныш  тұрып,  орманның  дыбысын 
тыңдауды  ұсынады.  Содан  кейін  күздік  торғайды 
бақылауды  бастауға  болады.  Егер  топсаяхат 
ағаштар  мен  бұталар  бар  жерде  өтетін  болса, 
мұғалім ағаштар мен бұталардың ортақ белгі-ле-
рін  және  айырмашылықтарын  еске  түсіруді  ұсы-
нады  (ағаштың  діңі  біреу,  бұталардың  бірнеше 
жіңішке  діңдері  бар,  олар  ағаштікінен  неғұрлым 
жіңішкерек  те  аласарақ).  Содан  соң  мұғалім 
жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар мен 
бұталарды  қарап,  оларды  өзара  салыстыруды 
ұсынады. 
Күз жемістер мен тұқымдардың пісіп жетілу 
және  таралу  кезі  болып  табылады.  Мұғалім  
бақылау  үшін  шөп  өсімдіктерді  (бақбақ,  ошаған, 
қалумен, 
түйетікен), 
бұталарды 
(итмұрын, 
мойыл, ырғай), ағаштарды (емен, қайың, шырша, 
қарағай) 
таңдап 
алып, 
бұл 
өсімдіктердің 
жемістері  мен  тұқымдары  қандай  тәсілдермен 
жайылатынын  көрсетеді.  (Калуеннің,  бақбақтың 
жемістерін  ұшыра  отырып,  оқушылар  олардың 
ауадағы қозғалыстарын байқайды.) 
Егер топсаяхат өтетін жерге таяу өзен ағып 
жатса, қияқтың жемісін оқушыларға көрсетуге бо-
лады,  олар  ауа  жиналған  қапшықтың  ішінде  тұ-
рады, 
сондықтан 
қияқтың 
жемістері 
суға 
батпайды  жжәне  су  арқылы  біраз  жерге  дейін 
барады. 
Топсаяхаттар  кезінде  мұғалімнің  нұсқауы 
бойынша  балалар  жемістер  мен  тұқымдардың 
таралуының  әр  түрлі  тәсілдерімен,  ағаштар  мен 
бұталардың  түсі  бойынша  сан  алуан  жапырақ-
тарын жинайды. 
Мұғалім  оқушылардың  назарын  күзде  құс-
тардың  азаятынына  аударып,  мынадай  сұрақтар 
қояды:  сендер  жазда  қандай  құстарды  көрдің-
дер?  (Қарлығаштарды,  қараторғайларды,  таған-
дарды  және  т.б.).  Олар  неге  күзде  көрінбейді? 
Олар  қайда  ұшып  кетті?  Қысқа  қарай  олар  неге 
ұшып  кетті?  (Оқушылар  жәндіктердің  және  құс-
тардың  жемдерінің  басқа  түрлерінің  жойылуы 
жөнінде  дұрыс  жауап  берулері  қажет.).  Қыста 
ббізде  қандай  құстар  жөнінде  дұрыс  жауап 
берулері қажет). Қыста қандай құстар қакладды? 
(Торғайлар, ұзақтар, қарғалар және басқа).  
Мұғалім  балаларға  өсімдіктердің  қысқа 
қалай  дайындалатынын  көрсетеді.  Қой  бүлдір-
генді,  бақбақты  қарай  отырып,  оқушылар  олар-
дың жапырақтарының арасынан жерге дейін тиіп 
тұрған  жасыл  бүрді  іздеп  табады.  Мұғалім 
өсімдіктердің  қардың  астында  жасыл  бүрді  іздеп 
табады.  Мұғалім  өсімдіктердің  қардың  астында 
қыстайтыны  туралы,  көктемде  бүрлері  жарылып, 
жапырақтар  мен  гүлдер  шығатыны  туралы 
әңгімелеп бередіі[6,35б]. 
Сөйтіп, балалардың топсяхатқа дейін және 
одан кейін табиғатқа жасаған бақылаулары олар-
ға  күздің  негізгі  белгілерін:  біртіндеп  салқын-
дауын,  күн  ұзақтығының  қысқаруын,  жиі  бүркіген 
жауынды,  көптеген  шалшық  суды,  жапырақтар-
дың  түсуін,  гүлдеп  тұрған  өсімдіктердің  жоғын, 
жеміс пен тұқымдардың пісіп, жетілуін құстардың 
ұшып  кетуін,  егін  жинауды  анықтауға  мүмкіндік 
береді. 
Топсаяхат  кезінде  балалар  түрлі  түстегі 
жерге  түскен  жапырақтарды, шөптердің,  бұталар 
мен  ағаштардың  жемістері  мен  тұқымдарын  жи-
найды.  Жиналған  материалдарды  олар  герба-
рий,  жемістер  мен  тұқымдардың  коллекциясы 
ретінде  дайындап,  дүниетану  заттық  сабақтарда 
пайдаланады. 
Қысқы 
топсаяхат 
мүмкіндігінше 
күзде 
өткізілген жерде өтуі тиіс. 
Топсаяхат  мақсаты:  оқушыларға  қысқа  тән 
белгілер  туралы  анық  түсініктер  беру,  өлі  және 
тірі табиғатта және адам еңбегінде болып жатқан 
өзгерістер 
арасындағы 
өзараа 
байланысты 
анықтау. 
Топсаяхат  алдында  мұғалім  онда  қарала-
тын  бірқатар  мәселелерді  анықтайды:  өсімдіктер 
өміріндегі  қысқы  өзгерістерді  бақылау,  қыстап 
қалған  құстарды  бақылау,  басқа  жануарларды 
(тиіндерді)  бақылау,  аңдар  мен  құстардың  ізін 
табу. 
Орманға  барар  жолда  олар  қар  қаығын 
көру  және  оның  қалыңдығын  өлшеу  үшін  ашық 
жерге  тоқтайды.  Олар  қар  қабатының  өсімдіктер 
өмірі  үшін  ашық  маңызын  анықтап  күн  көзінің 
көкжиек сызығынан биікттігін бақылайды. 
Орманда  оқушылар  тиіннің,  қайшыауыз-
дың, тоқылдауықтың іс-әрекеттерінің ізін табады, 
қайшыауыз тоқылдақ шоқыған немесе тиін кемір-
ген  бүрлерді  жинайды. Бұдан  соң  мұғалім  қысқы 
орманның  үнін  естуді  және  онеы  күзгі  орманның 
үнімен салыстыруды ұсынады. 
Соңында  оқушылар  қыста  суық  күздегіден 
гөрі  арта  түсті;  аспанды  жиі  бұлт  қаптап,  қар 
жауатын  боды;  күннің  ұзақтығы  бұрынғыдан  да 
қысқара 
түседі; 
жапырақты 
ағаштар 
мен 
бұталардың  жапырағы  жоқ,  көгеріп  тұрған  тек 
қылқан 
жапырақты 
өсімдіктер 
ғана; 
қар 
астындағы  кейбір  өсімдіктер  де  көк  күйінде 
қыстап 
шығады; 
жануарлар 
салқын 
мен 
аштықтан  індеріне,  ұяларына,  әр  түрлі  қолайлы 
орындарға  немес  адам  қоынысына  жақындау 
тығылып,  құстардың  көбі  жылы  жақтарға  ұшып 
кетті; деген қорытындыға келеді. 
Жазғытұрым  орманға  топсаяхат  жасау. 
Топсаяхат алдында мұғалім оқушыларға тапсыр-
малар  береді:  1.  Жазғытұрымдағы  ағаштардың 
түрі  ерте  көктемдегі  ағаштардың  түрінен  қалай  

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
185
рекшеленеді,  соны  бақылап,  салыстырыңдар.  2. 
Шөптсін  өсімдіктерді  табыңдар  және  олардың 
қазіргі  түр-тұрпатын  айтып  беріңдер.  3.  Ерте 
гүлдейтін  өсімдік  терді:  ағаштарды,  бұталарды, 
шөптерді табыңдар. 
Топсаяхат 
өтетін 
жерге 
келген 
соң 
оқушылар алған тапсырмаларын орындайды. Ал-
ғашқы  тапсырмаларын  орындаған  соң  балалар 
мұғалімнің  жанына  жиналады  да  өз  бақылаула-
рының нәтижелерін айтады. Мұғалім ағаштардың 
жапырақтарының көктемде қолға жабысқыш, хош 
иісті  екені,  ал  бұтақтарында  жапырақтан  басқа 
сырғалары  да  бар  екенін,  олар  қайыңның  гүлі 
екенін, 
олардың 
жапырарақтардан 
бұрын 
шығатынын  атап  өтеді,  Балалар  бүршік  жарып, 
жапырақ  шығарғанымен  әлі  де  гүл  ашпаған 
мойыл бұталары жайлы әңгімелеп береді. 
Екінші  тапсырманы  орындап  балалар 
жердің жас көк шөп жамылғанын айтады. Ол қар 
астында қалып, қыстап шыққан, жақсы сақталған 
түп тамырлардан өсті. 
Содан соң оқушылар ерте гүлдеген шөпте-
сін  өсімдіктерді;  бәйшешектерді  (қаз  жуа,  өгей-
шөп, 
балшытыр), 
гүлдеген 
бұталардың 
бұтақтарын  (ырғай,  мойыл,  берескелет  және 
т.б.),  гүлдген  ағаштарды  (қайың,  тал,  қызыл  тал 
және т.б.). 
Үшінші  тапсырманы  орындар  алдында 
мұғалім  балаларға  міндетті  түрде  өсімдіктерді 
қажетті мөлшерде ғана жинауды (әр топқа бір не 
екіден)  ескертіп  және  оны  қадағалауы  керек. 
Жиналған  өсімдіктерден  бірден  гербарий  жасау 
керек. 
Содан  кейін  мұғалім  балалардың  назарын 
көптеген  жәндіктер  мен  құстарға  аударады.  Ол 
тыныш  тұрып  құстардың  даусы  мен  орманның 
шуылын тыңдауды ұсынады. 
Соңында оқушылар көктемгі жылу және өлі 
табиғаттағы  өзгерісетр  өсімдіктер  мен  жануар-
лардың  өміріне  ықпал  жасады:  ағаштар  мен  бұ-
талардың  жапырақтары  өсіп  жер-жерге  жас  көк 
шөптер  шыға  бастады,  жәндіктер  оянып,  жылы 
аймаққа  ұшып  кеткен  құстар  қайтып  келді  деп 
қорытады [7,259б]. 
Оқушыларды  жылына  екі  рет,  күзде  және 
көктемде,  табиғат  аясына  топсеруенге  шығару 
кезінде,  оқушылар  өздері  бақылап,  байқаған 
табиғаттың  жергілікті  ерекшеліктері  мен  адам-
дардың  шаруашылық    әрекетінен  жер  бедерінің 
өзгеруіне 
және 
әр 
түрлі 
нысаналар 
мен 
аймақтарды  салыстыруға  үйренеді.    Табиғатта 
өткізілетін 
топсеруен 
оқушылардың 
кеңістік 
жайындағы  түсінігінің  дамуына,  көзбен  және 
қарапайым  тәсілдердің  көмегімен  қашықтықты 
және  биіктікті  анықтаудың  әдістерін  үйренуіне, 
сондай-ақ  тұсбағдар  бойынша  және  жергілікті 
жердің  белгілеріне  қарай  сол  жерді  бағдарлауы-
на  аса  мол  мүмкіндік  береді.  Топсеруен  бағыты-
ның жергілікті ерекшеліктерін және оқушылардың 
әзірлігін  ескере  отырып,    мұғалім    жүру  бағыты-
ның  біріншісінен  екіншісіне  өткенде,  кейде  жеке  
аялдамада,  сол  әдістердің  кейбіреуін  үйретуді 
ұйымдастырады [8,127б]. 
Оқушыларды  топсеруенге шығару,  мұғалім 
мен  оқушылардың  тыңғылықты  әзірлігін  қажет 
етеді. Мұғалімнің әзірлігіне мыналар жатады: 
-  топсеруеннің  мақсаты  мен  міндеттерін 
тұжырымдау; 
-  баратын  бағытты  белгілеу,  жүргізілу 
жоспарын  жасап,  жобасызбасын  жасап,  мектеп 
басшылығына бекіттіру; 
-  топсерун  кезінде  тоқтайтын  аялдама-
лардың  саны  мен  орнын,  әр  аялдамада  оқушы-
лармен  істелетін  жұмыстардың  мазмұны  мен 
әдісін анықтау; 
-  топсеруен  материалдарын  дүниетану 
сабақтарында пайдалану мүмкіндіктерін анықтау. 
Топсеруенннің міндеттері: 
1.  Жергілікті  жердің  нақты  материалдары 
негізінде  өсімдік  пен  топырақтың  қалыптасуын 
көрсету. 
2.  Адамдардың  шаруашылық  әрекетінен 
жер бедерінің өзгеруін, қалыптасуын көрсету. 
Топсеруенге әзірлік. 
Оқушыларды  алдын  ала  топсеруен  мақса-
тымен, таңдап алған бағытымен, жол жүру кезін-
дегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Жол жүру-
ге  ыңғайлы  киімдер  киюге  және  өздерімен  бірге 
қағаз, қалам, дәптер, қарындаш, сызғыш, өшіргіш 
алу,  жол  қапшықтарына  тамақ  салып  алуды 
үйрету. 
Топсеруеннің жүргізілуі. 
Мектеп  ауласына  жиналған  оқушыларды 
түгендеп, баратын бағыт бойынша жолға шығу.  
Бұл  топсаяхатта  оқушылар  төмендегідей 
мәліметтермен танысады: 
1.  ауыл  тарихы,  ауылды  ауыз  сумен 
қамтамасыз етілумен; 
2.  адамдардың  шаруашылық  әрекетінен 
табиғаттың  бүлінуі,  жер  бедерінің  өзгеруі  (жы-
ралардың пайда болуы); 
3.  жер асты суларының  жинақталуы, оның 
жер бетіне шығуы; 
4.  өсімдіктер (шалғын шөптер, балдырлар, 
жуа),  жануарлар  (суыр,  түлкі,  қарсақ,  т.б.) 
дүниесімен танысады; 
5.  өздері  көрген,  байқаған  дүниелеріне 
сипаттама жазады. 
Оқушыларға берілетін тапсырмалар: 
1.  Топсеруен  кезіндегі  көргендері  туралы,  
алған әсерлері туралы үйден әңгіме жазып келу. 
2.  Оқушыларға  топсеруенге  шығу  кезіндегі 
алға  қойған  мақсаттары  орындалғандығын,  оқу 
жылы  ішіндегі  алған  білімдерін  жинақтап,  бүгінгі 
көргендерімен 
салыстыру, 
сипаттама 
беру 
тапсырылады. 
Бастауыш  сыныптардың  мұғалімі  топсая-
хаттарда  дүниетану  ұғымдарын  анықтап,  кеңей-
туге,  логикалық  ойды  дамытуға,  эстетикалық 
сезімдеді  тәрбиелеуге,  оқушылардың  табиғатты 
бақылау  қабілеттілігіне  байланысты  жұмыс  жүр-
гізуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет