Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі балалардың ҚҰҚЫҚтарын қОРҒау комитеті



Pdf көрінісі
бет6/25
Дата15.03.2017
өлшемі2,99 Mb.
#9761
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Қолданылған дереккӛздер тізімі: 
1.
 
Варывдин  В.А  Управление  системой  социальной  защиты 
детства/ М., 2009. 
2.
 
mirfactov.com. 
3.
 
Бала құқықтары туралы конвенция 1989жыл 20 қараша. 
4.
 
http://thaiscript.ru/deti 
 
 
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӚЛІ 
 
Базбиев К. 
 Күршім колледжі, Қазақстан  
 
Ата-бабаларымыз  жазу-сызуды  бiлмеген  кездiң  ӛзiнде  де  бала 
тәрбиесiне ерекше кӛңiл бӛлiп, адам құқығын қорғауды назарда берiк 
ұстаған. Мысалы, «Қасымның қасқа жолы» (1511-1518), «Есiмнiң ескi 

73 
 
жолы» (1598-1628), Әз Тәукенiң «Жетi Жарғысы» (1680-1718) сияқты 
кӛрнектi заңдардың ӛзi қағазға түспеген. Бұл – заңдық құжаттар. 
Қазіргі  бала  тәрбиесі  отбасының  ғана  жеке  ісі  болудан  қалып, 
бүкіл  қо-ғамымыздың  терең  шұғылданатын  ісінің  бір  бӛлігіне 
айналды.  
Соның  ішінде  еңбекке  тәрбиелеудің  маңызы  зор.  Еңбектің 
бейнеті  мен  зейнетін  басынан  ӛткізген  халқымыз  баланы  еңбекке 
тәрбиелеуді  отбасынан  бастаған.  Қазақ  халқы  ежелден  ұл  бала  мен 
қыз  баланың  тәрбиесіндегі  ерекшеліктеріне  кӛңіл  аударатын.  Ұлды 
отбасының  асыраушысы  әрі  тірегі,  айбыны  да  қорғаны, 
жауапкершілік жүгін кӛтеретін басты тұлға деп қалыптастырса,  қыз  
бала – отбасының ішкі тірлігін қамтамасыз ететін, ер табысын ұқсата 
білетін,  оң  қолы  –  ӛнер,  отбасының  береке  бірлігін,  тыныштығын 
сақтай білетін жан деп тәрбие беретін. Бұл дегеніміз, ұлды да, қызды 
да  ата-аналары  кішкентайынан    еңбекке  үйір  ететін.  Сондықтан 
бабаларымыз: «әке кӛрген оқ жонар, шеше кӛрген –тон пішер» дейтін 
еді.  Мұндай еңбек мектебінен ӛткен ұл мен қыз ата-анасын да, елін 
де жерге қаратпайтын азамат болып ӛскен. 
Әрбір  ата-ана  ӛзінің  баласын  еңбекқор,  отбасының,  елінің 
қамқоршы  азаматы  етіп  тәрбиелеуге  міндетті.  Бұл  міндет  әрбір 
оқушыны  еңбекке  баулу  жұмыстарынан  басталатынына  терең  мән 
беру қажет.  
Оқушы  еңбегі  дегеніміз  не?  Ең  бірінші,  оқушы  еңбегі  -  оның 
сабаққа  әзірленуінен  кӛрініс  алады.  Оқушы  сабақ  әзірлеуге  қанша 
уақыт  жұмсайтыны,  оны  қаншалықты  тыңғылықты  орындайтыны, 
еңбегінің  нәтижесі  қандай  болатыны  -  оның  жұмыс  қабілеттілігінің 
кӛрсеткіші.    Баланың  қабілеттілігі  аз    болған  жағдайда,  ол  сабақ 
әзірлеуге кӛп уақыт жұмсаса да, нәтижесі жоғары бола бермейді.  
Жан-жақты  ойластырылып  жасалған  күн  тәртібі  оқушының 
уақытты дұрыс, мақсатты пайдалана білуіне, күнделікті тұрмысы мен 
ӛмір  тіршілігіне  бағыт-бағдар  жасап,  жол-жоба  нұсқайды.  Бұл  оны 
білімге  де,  іскерлікке  де  үйретіп,  еңбекке  дағдыландырады.  Жақсы 
мінез, жарасымды қылық, ӛнегелі іске тәрбиелейді. Сондықтан әрбір 
ата-ана  баласының  күн  тәртібіне  жете  назар  аударып,  оның  ӛз 
уақытында орындалып  отыруын  қадағалауға тиіс. Ал мұндай әдетке 
баулуда ата-ананың жеке ӛнегесі шешуші міндет атқарады. Сондай-ақ 

74 
 
олардың бала  еңбегіне  тиісті  назар   аударып,   оны белгілі мақсатқа 
бағыттап отыруының да ерекше мәні бар. 
Отбасындағы  еңбек  тәрбиесін  мектептегі  тәрбиенің  ажырамас 
бір  бӛлімі  деп  танығанымыз  жӛн.  Ӛйткені,  оқушы  мектептен  келген 
соң,  сабақ  оқумен  шектелмейді,  үй  шаруасында  ата-анасына 
кӛмектеседі,  түрлі  бұйымдар  жасайды,  шеберлікке  тӛселеді.  Бұл  - 
оқушылардың  ӛнімді  еңбекке  араласып,  кәсіптік  білімді  меңгеру 
кӛздері.  Сондай-ақ,  бала  әртүрлі  нұсқаларды  бейнелеп  сурет  салып, 
саз аспаптарымен әуестеніп, ән орындап кӛркемӛнермен айналысады. 
Оқушының  отбасындағы  бұл  еңбегін  эстетикалық  тәрбиеден  бӛліп 
қарауға  болмайды.  Қайта  эстетикалық  талғамын  ӛрістетуде, 
тәрбиелеуде  ықпалы  тиерлік  мәселе  деп  түсініп,  баланың  бұл  ісін 
дамыта  беруіне  жәрдемдесу  керек.  Ал  шәкірттің  үй  шаруасына 
араласып,  ата-анаға  қолғабыс  жасау  кезіңдегі  еңбегін:  ағаш  кесу, 
отын  жағу,  су  әкелу  сияқты  жұмыстарын  дене  тәрбиесінен  бӛліп 
қарауға болмайды. Қайта дене тәрбиесімен бірлікте қараған жӛн. 
Баланың  отбасындағы  еңбегі  -  жалпы  қоғамдық  еңбектің  бір 
бӛлігі.  Әрбір  отбасы  кішкене  ұжым  болып,  осылардан  барып  үлкен 
ұжым құрылады. Олай болса, баланың отбасы мақсаты үшін атқарған 
еңбегі  қоғамдық  мазмұнға  ие  болады,  оның  еңбекке  сүйіспеншілігін 
дамытып,  еңбекке  кӛзқарасын  қалыптастырады.  Ӛзінің  ӛмір  жолын, 
келешегін дұрыс белгілеуге мүмкіндік береді. 
Бала еңбегін белгілі мақсатқа бағыттаған абзал. Ол ӛзі атқаруға 
тиісті  жұмыстың  маңызын  айқын  түсінетін  болсын.  Оларға 
тапсырылған  жұмыс  отбасы  мүшелерінің  мүддесі  мен  мақсатына 
сәйкес  және  қажетті  іс  болғаны  жӛн.  Мұндай  жағдайда  баланың 
еңбекке ықыласы артып, еңбек қуанышына бӛленеді. 
Баланы  үйде  еңбекке  тәрбиелеудің  басты  шарттарының  бірі  - 
еңбек  әрбір  адамның  әдетіне  айналсын.  Ал  еңбек  дегенде  оны  тек 
ауыр  жұмыс,  күш  жұмсалатын  іс  деп  түсінуге  болмайды.  Айталық, 
ыдыс-аяқты  жинастыру,  ӛзінен  кіші  бауырларының  ойыншықтарын 
реттеуге жәрдемдесу, т.б. істердің қайсысын болса да бала ӛз еркімен 
атқаратындай тұрақты әдетіне айналдыру керек. 
Бала  тәрбиесінің  ең  негізгі  бӛлігі  -  еңбек  тәрбиесі,  ол  ең  әуелі 
күнделікті тұрмыста қалыптасады да, мектепте дами түседі. Бала жан-
жағының,  қоршаған  адамдардың,  туыстарының  еңбек  ӛнегесіне 
еліктейді.  Мысалы,  кейбір  балалар  жүргізуші,  дәрігер,  ұшқыш, 

75 
 
инженер,  машинист,  аспаз  болып  ойнайды.  Осындай  бала  ойынына 
мән  беріп,  бағыт  сілтесе,  оның  келешек  мамандығын  таңдауына  да 
септігін  тигізеді.  Баланы  жастайынан  еңбекке  дағдыландыру, 
олардың  үзілген  түймесін  ӛзі  қадауынан,  киімін  жууынан,  ыдыс-
аяқты жинастырып, тӛсегін жинауынан басталады. Бірақ, кейбір ата-
аналар  бұларды  балаларына  үйретпейді.  Мұндай  жұмысқа  қосуды 
ыңғайсыз, ұят деп санайды. Жас қой, кезінде үйренер дейді. 
Баланың  үй  ішіне  қолғабысын тигізе  қоюға  құмар  келетінін  біз 
жоғарыда  айтқанбыз.  Бірақ,  «Бала,  баланың  ісі  -  шала»  дегендей 
олардың  ісінен  шалағайлық,  қабілетінің  жетіспеушілігі  жиі 
байқалады.  Мұндай  жағдайда  әрбір  ата-ана  баласының  шама-шарқы 
мен  психологиялық  ерекшеліктерін  жете  біліп,  қажырлы  жұмыс 
істеп,  сәбиін  еңбекке  баулып,  оның  қуанышын  бӛлісуге, 
қошеметтеуге міндетті. 
Баланы үй тіршілігіне баулығанда оның ынтасымен, уақытымен 
есептесіп,  тіл  тауып  жұмсай  білу  абзал.  Бала  тілін  білмесек,  бабын 
таба    алмасақ,    оның    еңбекке    ынтасы  тӛмендейді  және  ол  түрлі 
сылтаулар  тауып,  тапсырманы  орындамауға  тырысады.  Мұндай 
жағдайда ата-ана балаға ұрсып, зорлап, жылатып, ренжітіп айтқанын 
істетеді  немесе  бәрін  де  ӛздері  істеуге  тырысады.  Мұндай  балалар 
жұмысқа  немқұрайлы  қарап,  тапсырманы  ересек  адамдардың 
ренішінен құтылу үшін, селқос істей салатын болады. Осыдан барып 
салақ, жалқау адам пайда болмақ. Бір ӛкініштісі, ата-аналар баласын 
жұмысқа  жауапсыз қарауға  үйретіп,  ӛз бетімен жүре  беруге  баулып, 
ақсаусақ етіп шығарады. Бұл - аса қауіпті тәрбие. 
Мектеп  тұжырымдамасына  сәйкес  баланы  отбасында  еңбекке 
тәрбиелеуде оқу, ой еңбегіне тәрбиелеудің де маңызы зор. Тәрбиенің 
бұл  саласы  баланы  дене  еңбегіне  тәрбиелеуге  қарағанда  бір  саты 
болса  да  дұрыс  жолға  қойылған.  Ӛйткені,  әсіресе,  қала  жағдайында 
үйде еңбектің түрлері шамалы екені баршамызға түсінікгі жайт. 
Талаптылар,  әдетте,  мектепті  бітіргеннен  кейін  ӛз  Отанына 
кӛбірек  пайда  келтіретін  мамандықты  игеруді  жӛн  кӛреді.  Бұл  үшін 
ерте бастан-ақ ӛте жақсы оқу керек екенін, білім мен ғылымды игеру 
қажеттігін  білгендері  абзал.  Мектеп  пен  отбасы  бірлесіп,  балаларды 
оқу жұмысында кездесетін қиындықтарды жеңе алатындай дәрежеде 
тәрбиелеуге міндетті. Оқу, тынымсыз еңбек ету, ӛзінің барлық күшін 
жұмсау, кездескен қиындықтарды біліміне сену рухында жеңуге жол 

76 
 
ашсын.  Мұндай  тәрбие  болмаған  жерде  оқушы  «мен  ешнәрсе 
білмеймін»,  «мен  бұл  есепті  шығара  алатын  емеспін»  деп 
жігерленбей, ешнәрсеге ұмтылмайтын пиғылдарға тап болады. 
Үйде  жұмысты  жемісті  және  уақытында  орындай  алмау,  оны 
дұрыс  ұйымдастыра  білмеу  сабақты  нашар  үлгерудің  басты 
себептерінің  бірі.  Ӛнегелі  ата-аналар  мектеппен  бірлесіп,  ӛз 
балаларының  үйдегі  оқуын  дұрыс  ұйымдастыруға  тырысады.  Бұл 
мәселе  жайында  мұғаліммен  ақылдасады,  балаларының  үй 
тапсырмаларын  қалай  орындайтынын  бақылайды.  Мектепте  жиі 
болып, балалары-ның күнделіктерін мұқият қарап, олардың сабақтан 
алған бағаларына зер салады. 
Балаларды  мектепте  оқыту  жаңа  бағдарлама  мен  оқулыққа 
байланысты жаңа талаптарға сай белгілі бір жүйемен, оның меңгерту 
тәртібімен  жүргізіледі.  Сондықтан  оқушының  әрбір  себепсіз 
қалдырған сабағы оның тиянақты білім алуына бӛгет болып, олқылық 
туғызады.  Міне,  сондықтан  ата-аналар  балаларының  сабақтан 
себепсіз  қалмауын  және  мектепке  кешікпеуін  қадағалауға 
дағдылануы  қажет.Сонымен,  еңбекке  тәрбиелеудің  бала  ӛмірінде 
алар  орны  ерекше.  Бұл  -  бала  тәрбиесіне  жауапты  әрбір  адамның 
орындауға тиісті қағидасы.  
Қолданылған дереккӛздер тізімі: 
1.
 
Қоянбаев Б. Педагогика. Алматы, 1998. 
2.
 
Бала құқықтары туралы конвенция 1989жыл 20 қараша. 
 
 
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЕТКІНШЕКТІК  
КЕЗЕҢДЕГІ МАЗАСЫЗДЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ ТӘРТІП 
БҦЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖАҒДАЙЛАРЫ 
 
Гарифуллина Гульмира Мубараковна 
gulmira_61@mail.ru
 
ШҚО, Ӛскемен қаласы, КММ №3 кӛпбейінді мектеп-гимназиясы 
 
Елбасымыз    Н.Ә.  Назарбаевтың    «Қазақстан  жолы-2050:бір 
мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты    халыққа    арнаған  Жолдауда 
айтылғандай,    ӛмірдің  баға  жетпес  құндылығы-отбасындағы  бала 
тәрбиесі,  әр балаға, бала болашағына кӛп кӛңіл бӛлу қажеттігін  баса 

77 
 
айтты.      Отбасы,  әке  мен  бала,  бала  мен  ана  мәселесіне  тоқтала 
отырып  –«Бала  тәрбиелеу  -  болашаққа  үлкен инвестиция»деуінде  де 
үлкен  мән  жатыр.  Бұның  барлығы  «Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеяны 
қолдап,    ата-бабадан  қалған  адами  құндылықтарды,  мәдениетті 
сақтап,  жасӛспірім  жеткіншектердің  бойына  сіңіріп,    дамытуға 
бағытталған әрекет екенін түсінуіміз керек.  
Жастарымыз  жан  -  жақты білімді,  техниканы жетік  білетін,  кез 
келген  бастамасынан  нәтиже  шығара  алатын  болуы  тиіс  дейді. 
Осындай  биік  белестерге  жету  үшін  жасӛспірімдер  бойында  
мазасыздық,  алаңғасарлық,  қорқыныш,    сенімсіздік  сияқты 
психологиялық келеңсіздіктер болмау керек.  
Жеткіншектік  кезең-  жасӛспірімдердің  дамуындағы  жас 
ерекшелігіне  ерекше  мән  берілетін    ең  бір  «ӛтпелі»,  «бетбұрыс», 
«қиын»деп саналатын кезеңдердің бірі. Бұл атауларда осы жасӛспірім 
бойында  болатын,  ӛмірдің  бір  кезеңінен  екіншісіне  ӛтумен 
байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы.  
Қазіргі  кезде  балалардың  арасында    мазасыздық  ӛте  кең  ӛріс 
алып  келеді.  Оған  бірнеше  факторлар  әсер  етеді  және  мазасыздық 
жағдайы ӛзекті проблемалар қатарында.  
Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы-оның 
ӛзінің  ауқымды  әлеуметтік  белсенділігі,  ол  белгілі  бір  үлгілер  мен 
игіліктерді  игеруге,  үлкендермен  және  жолдастарымен,  ақырында 
ӛзіне қанағаттанарлық қарым- қатынас орнатуға ӛзінің жеке басы мен 
ӛзінің  болашағын  және  ниетін,  мақсаты  мен  міндетін  жүзеге  асыру 
әрекеттерін жобалап бағыттауы.  
В.С. Мухина бойынша жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен 
бес-сегізінші  сыныптарда  оқитын  кезеңнен,  11-12  жастан,  13-14 
жасқа  дейінгі  аралықты  қамтиды.  Осы  бір  ең  қысқа  астрономиялық 
уақыт ішінде жеткіншек ӛз дамуындағы ең үлкен жолды жүріп ӛтеді. 
Бұл жолды ӛзімен, ӛзінің және басқалармен ӛтетін ішкі қақтығыстары 
арқылы сыртқы әсерлердің кӛмегімен жеке адамдық сезімдерін жинау 
арқылы  жүріп  ӛтеді.  Сонымен  қатар  дүние  оған  біршама  дем  беріп 
жігерлендіре түседі.        
Осы тап болған дүние балаға қаншама ӛзгеріс әкеледі. Яғни бала 
дүниедегі  әртүрлі  стихиялы  жағдайлармен  кездеседі.    Мазасыздық 
баланың  жетілуіне  кедергі  келтіретін  бірден  бір  себеп  болып 
табылады.  Мазасыздыққа  қайдан  тап  болады?-  деген  сұрақ  кӛпшілік 

78 
 
ата-ананы,  мектептегі  мұғалім,  педагог-психологты  толғандырады. 
Жасӛспірімдердің  бойынан  кӛпшілік  жағдайда  ӛз-ӛзін  іс-әрекетте, 
қарым-қатынаста  мінез  -  ерекшеліктері  мен  жеткілікті  дамымаған 
жағымсыз  қасиеттердің  салдарынан    ӛз-ӛзін  меңгере  алмау 
дағдысынан,  тұйықталып,  іштегі  сезімімен  бӛлісе  білмеуі 
агрессиялық  жағдайға  душаретіп,  мазасыздыққа  бой  ұрып,  
ойланбастан  тез  ашуға  берілетін  жағдайлары  да  кездеседі.  Атап 
айтсақ: тұрақты жан-жақты дұрыс тәрбие берілмеу салдарынан, білім 
деңгейі тӛмендеп, мазасыздық, ӛз-ӛзіне сенімсіздік, уайымдаушылық 
пен қорқыныш, ӛз-ӛзін жек кӛру, үрейлі сезімде  жүру, ӛтірік айтуы, 
ӛзіндік  ойдың  болмауы,  досын  түсініп  тыңдай  білмеуі,  ӛз 
құрбысымен,  үлкен  адамдармен  ата-анасымен  жылы  қарым-қатынас 
жасау  дағдысының  жетіспеушілігінен  мазасыздық  салдарынан 
кикілжің  жағдайларға  түседі.  Бұл  жағдайлар  әсіресе  жасӛспірім 
оқушылар  арасында  кезігеді.  Жасӛспірімдердің  психологиялық 
ерекшеліктерін  ескеретін  болсақ,  олар  тез  еліктегіш,  не  бір  теріс  іс-
әрекетке ойланбастан кіріп кететін иілгіш кезең. Ӛз-ӛзін ұстай алмай, 
нашар  топқа  кіріп,  шылым,  шарап,  сыра,  насыбай  т.б.  қолданады, 
долылық  танытып,  тығырыққа  тіреледі.  Жоғарыдағы  жағдайларға, 
байланысты мектептегі жасӛспірімдердің ӛзіндік менін ашып, ӛзін-ӛзі 
саналы танып дамытуы үшін әртүрлі жағымсыз жағдаяттардан алдын 
алу  үшін,  ішкі  жан  дүниесін  ашып  қол  ұшын  беріп,  түзету,  дамыту 
жұмыстарын жүргізу керек.  
Олай  болса,  мазасыздық  деп-  баланың  күйзелісі,  белгілі  бір 
ойлардың  толғандыруы,  сенімсіздіктің  бой  алуы,  ортада  ӛзін  еркін 
сезіне алмауы болып табылады.  
Мазасыздықты  болдырмауға  ӛз  ортасының,  маңайындағы 
адамдардың  жағымды  ықпалдары  әсер  етеді.    Ең  басты  ата-ана 
мазасыздықты алдын алу үшін баламен ӛте тығыз қарым- қатынаста 
жұмыс істеу қажет. 
1.
 
Ата-ана  ықпалы.  Үйдегі  ата-ана  баласымен  әркез  оны 
толғандырып жүрген проблемасын сұрап, кӛмек қажет емеспе деп ӛз 
ұсынысын  жасап,  мектеп  жағдайын  сұрағаны  жӛн.  Ӛйткені  бала 
ӛзінің арқа сүйер адамы бар екеніне кәміл сенуі қажет. Сенімсіздікті 
бірден-бір жою тәсілі. Ата-ана үнемі ӛзінің үлкен екенін айта беруден 
гӛрі,  бір  сәт  ӛзін  баласының  орнына  қойып,  оны  түсіне  білуі  керек. 
Яғни  керек  кезде  жан  дос  бола  алу  да  шеберлік.  Ӛз  отбасында  ӛзін 

79 
 
еркін сезінген жасӛспірм барлық ортада орнын таба алады. Ал ата-ана 
кӛмегі оған ауадай қажет. 
2.
 
Досының  ықпалы.  Дос  деген  бала  үшін  жүрегінің  жарты 
үзіндісі болып табылады. Достың жан күйзелісі кезінде маңыздылығы 
бәрінен де жоғары болады. Яғни ол досына «сен жеңесің», «сен істей 
аласың  »  деген  қанатты  сӛздерді  айтатын  болса  ӛте  жақсы.      Ӛз 
досының  мазасызданып  жүргенін  сезгенде  моральдық  тұрғыдан      
болсада кӛмек берсе жеткілікті. 
3.
 
Ӛз  сыныптастарының  ықпалы.  Бес  саусақ  бірдей  емес 
дегендей  кейбір  балалар  ӛз  кешілігін  кӛріп  (мысалы:тұтығып 
сӛйлегендіктен  мазасызданады.  Қазір  сӛйлесем  күледі,  мазақ  етеді 
деген) әртүрлі ойлар мазалайды. Керісінше сенің қолынан бәрі келеді, 
сен істейсің, айта аласың деп жігерлендірсе бала ӛзіне сене бастайды. 
Осындай  дәрежеге  жету  үшін  тек  жолдастарының  ақылының 
дәрежесіне  сену  керек.  Ақылды  адам  кімді  де  жадырата  алады 
дегендей,  кез  келген  жасӛспірім  кӛпшілік  уақытын  жора-
жолдатарымен ӛткізеді. Яғни достың рӛлі басты болады. 
4. Педагог-психолог ықпалы. Мектептегі психолог бала ішкі жан 
дүниесінің  жарақаттанбауына,  тәрбиесіне  ықпал  ететін  адам. 
Оқушылармен тығыз қарым-қатынастағы мектеп психологы баланың 
қандай  екенін  әртүрлі  тренингтік  ойындар  барысында  бақылап, 
жетілуі қандай дәрежеде екенін зерттеу жұмыстарымен  де салыстыра 
дұрыс жаққа бағыттайды. Мазасыздығы бар балалармен жеке, жақсы, 
ығайлы  жерде  отырып,  сӛйлесіп  жұмыс  жүргізу  әрдайым  нәтиже 
шығарады.  
Жасӛспірімдердің мінез – ерекшеліктерінінің дамуына  кері әсер 
ететін тҧлғалық қасиеттерінің жағдайы
(6
а
-8
а 
сынып  жасӛспірім  65 зерттелінуші) 
Диаграмма 1. 
0
20
40
60
80
Интелл
Қорқыныш Карым-к
Агрессия
бар
2013-2014
2014-2015
 
Диаграмма 1-ден кӛргеніміздей автопортрет проективті әдістемесі 
бойынша    алынған  2013-2014оқу    жылында    қараша    айындағы 

80 
 
диагностикалық  жұмыс қорытындысында:  Қарым-қатынаста тұйық – 
50%, агрессиясы бар - 44%, қорқыныш сезімі бар - 36%,  интеллектісі 
тӛмен - 40% болған  жасӛспірім  оқушылардың  мінез-ерекшеліктерін  
психологиялық    тұрғыда  қалыптастыру    үшін,  жоспарланған    түрде  
тренингтік  түзету-дамыту  жұмыстары    іске    асырылды.  Нәтижесінде 
биылғы 2014-2015 оқу жылы интеллект 11%-ға , қарым-қатынас-15%-
ға азайып, агрессия-15%-ға азайған. 
1.а) қорқыныш сезімін алу 
б) кӛңіл-күйін кӛтеру 
в) достық қарым-қатынас тудыру, адамгершілікке баулу. 
г)  мазасыздықтан  арылту  туралы  тренингтік  ойындар,  пікір  - 
таластар жүргізілді. 
2.Әр  оқушы  жайлы  сынып  жетекшісімен  пән  мұғалімдеріне 
ескертіліп, 
оқушымен 
жекелей 
бірлескен 
жұмыстар 
ұйымдастырылды. 
3.Ата-анамен  жекелей баласы жайлы әңгіме жүргізілді.  
Қорытындысында, салыстырмалы мониторинг кӛрсеткіштерінен  
жасӛспірімдердің 
мінез-ерекшелік 
жағымсыз 
 
қасиеттерінің  
тӛмендегенін  кӛріп  отырмыз.          
«Ӛзін - ӛзі бағалау »- әдістемесі бойынша оқушылардың ӛз-
ӛздерін бағалау жағдайлары.  
(6
а
-8
а 
сынып  жасӛспірім  65 зерттелінуші ) 
Кесте-1                                 
 Кесте  1-ден  кӛргеніміздей,  «Ӛзін-  ӛзі  бағалау»  әдістемесі 
бойынша  тестілеудегі  мақсат:  жеке  тұлға  бойына  коммуникативті 
қарым-қатынас  дағдысын  қалыптастыруға,  басқа  адамды  түсінуге, 
ӛзінің    және  басқа  адамның  тәртіп  түрткілерін  түсінуге,  адамдармен 
конструктивті  қарым-қатынас  дағдысына  үйретіп,  қабілетін  дамыта 
отырып,  келешек  ӛмір  мақсатын  анықтап,  жоспарлауға  баулу  болып 
табылады.    Мысалы:  «Мен  кіммін?»,  «Қарым-қатынас  дағдысы», 
«Менің бүгінгі және келешек ӛмірім», «Мен қандаймын?», «Мен неге 
       Деңгейі 
2013-2014 оқу жылы     2014-2015оқу жылы  
жоғары 
9 % 
18 % 
орт / жоғары 
36 % 
46 % 
орта 
44 % 
31 % 
тӛмен 
12 % 
5 % 

81 
 
уақытты  жеткізе  алмаймын?»,  «Мен  және  конфликт»  т.с.с 
оқушылардың  сұраныстары  бойынша  түзету  ойын  жаттығулары   
жүргізілді. 
 «Мен позиция» тҧрғысы бойынша тҧлғалық орны анықталды. 
 (7-8 сынып  оқушылыры) 
Кесте 2 
Оқушының 
тұлғалық 
орны 
2013-2014 
оқу  жылы 
2014-2015 
оқу жылы 
Адекватты тұлға 
34  % 
59 % 
Жоғары позициядағы 
тұлға 
46% 
33 % 
Тӛмен позициядағы тұлға 
20 % 
18 % 
Кесте  2  -  тегі  тӛмен  позиция  кӛрсеткен  оқушылармен  «Маған 
сен!», шағын топта «Ӛз - ара түсінушілік анықтамасы»жаттығулары, 
жекелей    әңгімелесу,  кеңес  беру    сияқты  түзету  жұмыстары 
жүргізілді.салыстырмалы кестелермен диаграммалардан кӛрдік. 
Қорытындылай  келе,  мектеп  оқушыларының  жеткіншектік 
кезеңдегі мазасыздыққа байланысты тәртіп бұзушылықты болдырмай  
алдын-алу  жұмысында  жасӛспірімдердің  бойындағы  ӛзіндік  менін 
ашып,  ӛзін-ӛзі  саналы  тануын,  мінез  ерекшеліктерін  зерттеу 
жұмыстары  арқылы  анықтап,  қортындылау  орынды.  Сол  сияқты 
әртүрлі жағымсыз жағдаяттардан алдын алу үшін, ішкі жан дүниесін 
ашып  қол  ұшын  беріп,  зерттеу  қортындысына  сай  арнайы 
бағдарламалар  жасалып,  жүргізілген    түзету,  дамыту  жұмыстары  ӛз 
жемісін бергенін кӛрдік. 
Әдебиеттер тізімі: 
1. ҚР Білім бағдарламасы 2011-2020 жылдарға арналған. 
2.Анн  Л.Ф.  Психологический  тренинг  с  подростками.  –  СПб.: 
Питер 2004. – 271 с.: ил.   –   (серия «Эффективный тренинг») 
3. Большаков В.Ю. Психологический тренинг. М., 1994. 
4.Льюис Д. Тренинг эффективного общения. – М., 2002. 
5.  Большакова  В.Ю.  Психотренинг.  Социодинамика,  игры, 
упражнения – СПб., 1994. 
6.  Вачков.  И.В  Основы  технологии  группового  тренинга. 
Психотехники. – М., 2001. 
7.  Кузьмина  Н.В.,  Реан  А.А.  Профессионализм  педагогической 
деятельности: Метод.пособие.СПб.- Рыбинск,1993,54 с. 

82 
 
СОЦИАЛЬНО – ПРАВОВАЯ ЗАЩИТА ДЕТЕЙ  
В СОВРЕМЕННОМ КАЗАХСТАНСКОМ ОБЩЕСТВЕ 
 
Джансенгиров Серик Максимович 
medkolledg@mail.ru 
к.м.н., директор ГКП на ПХВ «Талдыкорганский Медицинский 
колледж»,  
Макашева Мира Бурганбаевна 
Зав. отделением ГКП на ПХВ «Талдыкорганский Медицинский 
колледж» 
 
Человек - главное богатство страны 
Н.А.Назарбаев 
На  сегодняшний  день  защита  прав и  законных интересов детей 
является 
одним 
из 
самых 
приоритетных 
направлений 
государственной социально-правовой политики Казахстана. 
Поэтому  в  2002  году  был  принят  Закон  Республики  Казахстан 
«О  правах  ребенка  в  Республике  Казахстан»,  от  8  августа  2002  года 
№345-II. 
Настоящий закон регулирует отношения, возникающие в связи с 
реализацией  основных  прав  и  интересов  ребенка,  которые 
гарантируются Конституцией Республики Казахстан. 
В данном законе определены цели государственной политики в 
интересах  детей,  их  основные  права и  обязанности,  отдельно 
выделены  главы,  посвященные  взаимоотношениям  ребенка  в  семье, 
ребенка  и  общества,  права  ребенка-инвалида,  права  ребенка 
оставшихся без попечения родителей. 
Основными  целями  государственной  политики  в  интересах 
детей являются: 
1) обеспечение прав и законных интересов детей, недопущение 
их дискриминации; 
2) восстановление их прав в случаях нарушений; 
3) формирование правовых основ гарантий прав ребенка; 
4)  содействие  физическому,  интеллектуальному,  духовному  и 
нравственному развитию детей. 

83 
 
Ребенок  имеет  право  на  охрану  здоровья,  право  на 
индивидуальность  и  ее  сохранение,  право  на  жизнь,  право  на 
жилище, на образование, право на государственную помощь. 
Если  родители,  при  выплате пособий  и  иных  выплат  на  детей 
используют  их  не  по  назначению,  и  если  это  ущемляет  интересы 
ребенка,  то  соответствующие  органы  в  интересах  ребенка 
предъявляют иск о возмещении ему необоснованно израсходованных 
средств. 
Каждый 
ребенок 
обязан 
соблюдать 
Конституцию 
и 
законодательство  Республики  Казахстан,  уважать  права,  свободы, 
честь  и  достоинство  других  лиц,  государственные  символы 
Республики,  заботиться  о  нетрудоспособных  родителях,  сохранении 
исторического и культурного наследия, беречь памятники истории и 
культуры. 
Если же ребенок совершил противоправное деяние, то он несет 
за это ответственность. А органы, которые назначают вид наказания 
должны  учитывать  условия  жизни  и  воспитания  ребенка,  уровень 
психического развития и т.д. 
Данный  закон  определяет,  что  каждый  ребенок  имеет  право 
жить и воспитываться в семье, имеет право знать своих родителей и 
на  проживание  с  ним.  Ребенок  имеет  право  на  встречи  и  общение  с 
отдельно проживающим родителем. 
Если ребенок – инвалид, то он имеет равные права со здоровыми 
детьми,  права  на  полноценную  жизнь.  Также  ребенок  –  инвалиды 
вправе  получить  образование  соответствующее  его  физическим, 
умственным способностям и желаниям
В  Талдыкорганском  Медицинском  колледже  обучаются  1200 
студентов  из  них  32  студента  из  числа  детей  -  сирот  и  детей, 
оставшихся  без  попечения  родителей.  С  ними  ведется  большая 
работа   по  социальной,  психологической   поддержке  и  адаптации: 
бесплатное  обучение  в  колледже,  предоставление  им  за  время 
обучения компенсации на питание, компенсации на  покупку одежды 
и  обуви,  предметов  личной  гигиены,  бесплатное  проживание  в 
общежитии,  бесплатного  проезда  на  городском  транспорте,  а  также 
организация  отдыха  и  лечения  в  санаторно-оздоровительных 
учреждениях.  

84 
 
В колледже и общежитии работают спортивный и тренажѐрный 
залы,  оснащѐнные  новейшим  оборудованием,  ведут  работу 
спортивные  секции  по  настольному  теннису,  общефизической 
подготовке, 
футболу, 
волейболу 
и 
баскетболу.  
Большое  внимание  уделяется  трудовому  и  профессиональному 
воспитанию  студентов,  прежде  всего  через  проффесиональные 
кружки, которые созданы при кабинетах и лабораториях колледжа.  
На протяжении всего учебного года проводится большая работа 
по  адаптации  студентов,  проживающих  в  общежитии.  Воспитатели 
регулярно  проводят  вечера  отдыха,  дискотеки;  преподавателями 
ежемесячно  устраиваются  различные  викторины,  конкурсы,  беседы 
разнообразные  по  формам  и  содержанию:  «Природа  и  окружающий 
нас  мир»,  Учимся  общению»,  «Поговорим  о  здоровье»,  «Секреты 
общения», «Мисс хозяюшка», «Права и обязанности студентов», и др. 
В  общежитии  регулярно  проводятся  консультации  по  учебным 
дисциплинам.
 
С  2010  года  в  колледже  работает  кабинет  психолого-
педагогической службы, которая оказывает психологическую помощь 
детям  сиротам,  ежегодно  проводятся  акции  в  детском  доме  ― 
Айналайн‖,  к  20летию  фонда  Бобек  так  же  проведена  акция‖  Аялы-
Алакан  ―    В  ноябре  2013  года  в  рамках  общереспубликанского 
мероприятия в колледже проведена акция «Добрая сказка». Студенты 
колдежа  организовали  благотворительный  концерт  с  подарками  для 
воспитанников  Центра  Адаптации  Несовершеннолетних.  Эта  акция 
имела  огромный воспитательный успех для наших студентов, так как 
будущие медицинские работники должны владеть такими качествами 
как  милосердие,  гуманность,  патриотизм.  Психологом  колледжа 
разработан 
план 
мероприятий 
по 
программе 
"Социальной  адаптации  детей  сирот  и  детей,  оставшихся  без 
попечения  родителей  –  студентов  Талдыкорганского  Медицинского 
колледжа"
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет