* Рөлдік ойындар. Ата – аналардың педагогикалық біліктілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған ұжымдық шығармашылық іс-әрекет. Ата-аналармен өткізілетін рөлдік ойындар тақырыптары әр түрлі болады: “Таңертең сіздің үйде”, “Бала мектептен келді”, “Отбасы кеңесі”, т.б.
* Ата-аналармен өткізілетін конференциялар.Белгілі бір тақырыпқа орай ата-аналардың және мұғалімдердің дайындалуымен өткізіледі.
. Ата-аналарға арналған кеңес: - Кез келген бала үлгілі немесе үлгермейтін болсын, шапшаң немесе сылбыр болсын, ол өзін жақсы көру мен сыйлауды қалайды.
- Естеріңізде ұстаңыз: баланы әлсіз деп бағаламай, оның жақсылық жағын да көру керек. Жылы сөзді аямаңыз. Бір нәрсені орындағанда мақтап, сынағанда елеусіздеу сынауға тырысыңыз. Олардың алдына орындалатын міндеттерді қойыңыз. Бұйырудың орнына өзіңе тең адамша кеңес, көмек сұрауға тырысыңыз. Мүмкіндігіне қарай бір қателігі үшін екі рет жазалауға тырыспаңыз. Бала өзін не үшін жазалағанын түсінуі тиіс. Көп жағдайларда баланы мазалау, шектен тыс талап қою нәтиже бермейді.
Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс.
Баланың бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін, оның үлгілі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек.
Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата-анасы үлгі болуға тиіс.
Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю рухында жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына адамгершілік және рухани мәдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын дамыту керек.
Ересектер балаларды күн сайын сипайылыққа, сергектікке, үлкендерді құрметтеуге, әділдікке өз үлгісімен тәрбиелеп отыруға тиіс.
Үйдегі жайлылық пен салауаттылықтың алғы шарттары – тазалық пен тәртіп, сондай-ақ барлық отбасы мүшелерінің тату-тәтті тұруға ұмтылуы.
Үй ішіндегі татулық күйеуіне де, әйелге де байланысты. Оның бірінші шарты - өзара сенім, құрмет, өзара түсіністік және, әрине сыпайы, әдепті мінез-құлық.
Сыпайылық және әдептіліктің ережелерін сақтау табиғи, емін-еркін болып, ешбір жағдайда екіжүзділікке, өтірік ұялшақтыққа негізделмеуге тиіс.
Тату-тәтті тұру үшін ұстамды болып, өзін-өзі билей білу керек.