Отбасының тәрбиелік мүмкіндігінің диагностикалық картасы.
О.т. мүмкін-ң құрауыштары
|
Тәрбиелік мүмкіндіктің даму деңгейінің сипаттамасы
|
Төмен (Т)
|
Орташа (О)
|
Жоғары (Ж)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін түсінуі
|
О.т. мақсат, міндеттері жоқ болуы
|
Тәрбиенің мақсат міндеттері педагогикаға сәйкес емес отбасының мүддесінен келіп шығады.
|
Отбасы тәрбиесінің мақссат-міндеттерін дұрыстүсінеді.
|
Психологиялық мәдениет деңгейі
|
Психологиялық –педагогикалық білім деңгейі төмен. Педагогикалық оқуларға бірнеше мәрте шақырғаннан кейін әрең келеді.
|
Педагогикалық-психологиялық білім деңгейлері бар, бірақ әлсіз. Педагогикалық оқуларға келегенмен оған мән бермейді. Өз білімін көтерумен айналыспайды.
|
Педагогикалық-психологиялық даярлығы жақсы. Тәрбиеге қатысты өз білімін көтерумен айналысады.
|
Тәрбие әдісі мен құралдарын өмірде қолдана білу мүмкіндігі
|
Тәрбие әдістері мен құралдарын мақсатты түрде қолдана алмайды.
|
Тәрбие әдістері мен құралдарын интуициясына сүйеніп қолданады, теориялық білімін өмірмен ұштастырмайды.
|
Отбасында тәрбие әдістері мен құралдарын саналы және түсініп қолданады.
|
Бала тәрбиесі үшін ата-ананың жауапкершілік деңгейі
|
Бала тәрбиесіне жауапкершілігі жеткіліксіз, кейде мүлдем жоқ. Үйде талаптар қоймайды, оқуы мен тәрбиесін қадағаламайды, жағымды әрекеттер қалыптастырмайды.
|
Жалпы жауапкершілікпен қарағысы келеді, бірақ кейбір себептерге байланысты жауапкершіліксіз болады. Бала тәрбиесінде жекелеген қателіктер жібереді.
|
Қоғам алдындағы бала тәрбиесі үшін жауапкершілігін саналы түсінеді. Табысты тәрбие беруге барлық жағдайды жасайды.
|
Отбасындағы қарым-қатынас сипаты немесе стилі
|
Отбасындағы қарым-қатынас жағымсыз, кейде адамгершілікке жат сипатты (ішетін, төбелесетін)
|
Отбасында айтарлықтай қарым-қатынас жоқ, кей кездері түсініспеушіліктер болып тұрады.
|
Отбасында жағымды қарым-қатынас және үйлеімдік орнаған.
|
Ата-ана беделі мен өнегесінің болуы
|
Ата-ананың бірі немесе екеуі де бала тұлғасына кері әсер етеді.
|
Ата-ана өнегесінде жалған бедел, байлыққа құмарлық, сараңдық және т.с.с. ауытқушылықтар көрініс беруі мүмкін.
|
Ата-аналар жоғары адамгершілікті бала алдында өнегесі мен беделі бар.
|
Отбасы мен мектептің бала тәрбиесіндегі бірлігі
|
Бірлік мүлде жоқ.
|
Мектеппен бірлік жекелеген жағдайларда бар. Көбіне мектепке сенім білдіргенмен өздері белсеніп қатыспайды.
|
Отбасының тәрбиелік әрекетін мектеп талаптарымен үйлестіреді, мекетеп берген кеңесті өмірде қолдануға тырысады, мектеп өміріне белсене қатысады.
|