Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



Pdf көрінісі
бет53/68
Дата11.01.2017
өлшемі5,18 Mb.
#1675
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68

Н. Сиубаева 

Қарағанды қ. 

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӨРЕЛІК ЖӘНЕ АРАЛЫҚ СОТ  



ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

 

Халықаралық  деңгейде  халықаралық  коммерциялық  төреліктің  құқықтық  реттелуі 



халықаралық конвенциялар, екіжақты шарттар негізінде, ал мемлекет ішінде халықаралық 

төрелікті  реттейтін  заңдарды  қабылдау  жолымен  жүзеге  асырылады.  Сонымен  бірге, 

көптеген мемлекеттермен ратификацияланған (мысалы, жеке құқықты унификациялаудың 

Халықаралық  институтымен  (УНИДРУА)  бекітілген  «Халықаралық  коммерциялық 

шарттар қағидалары») халықаралық құжаттар қолданысқа ие.  

Д.Умирзахова атап көрсеткендей:  «Коммерциялық төрелікті  реттейтін халықаралық 

конвенциялар  аумақтық  әрекет  ету  (көпжақты  және  жергілікті)  және  қолдану  аясына 

(жалпы және арнайы) байланысты ерекшеленеді» [1, 113]. 

Қазақстан  Республикасы  ратификациялаған  конвенциялар  қатарындағы  көпжақтыға 

Шетелдiк төрелiк шешiмдерiн тану және iске асыру туралы Конвенция (1958 жылғы Нью-

Йорк  конвенциясы)  мен  Мемлекеттер  және  жеке  немесе  заңды  тұлғалар  арасындағы 

инвестициялық  дауларды  реттеу  тәртібі  туралы  Конвенция  (1965  жылғы  Вашингтон 

Конвенциясы)  жатады.  Жергілікті  болып  көптеген  еуропалық  мемлекеттер  қатысатын, 

1961  жылғы  Сыртқы  сауда  төрелігі  туралы  Еуропа  конвенциясы  және  Солтүстік  және 

Оңтүстік  Американың  16  мемлекеті  ратификациялаған  Халықаралық  коммерциялық 

төрелік туралы  америкааралық конвенция (1975 жылғы Панама конвенциясы) табылады. 

Сонымен  қатар  жергілікті  конвенциялар  қатарына  келесілерді  жатқызуға  болады:  ТМД-

ның 8 мемлекеті (Армения, Молдова, Беларусия, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан 

және Украина) қол қойған Шаруашылық қызметті жүзеге асырумен байланысты дауларды 

шешу  тәртібі  туралы  келісім  (Киев,  1992  жыл  20  наурыз)  және  ТМД-ның  7  мемлекеті 

(Әзірбайжан,  Армения,  Молдова,  Ресей,  Қазақстан,  Тәжікстан,  Қырғызстан)  қол  қойған, 

Достастыққа  мүше  мемлекеттер  аумағында  төрелік,  шаруашылық  және  экономикалық 

соттардың  шешімдерін  өзара  орындау  тәртібі  туралы  келісім  (Мәскеу,  1998  жыл  6 

наурыз). 

Жалпы  сипаттағы  конвецияларға  коммерциялық  категориядағы  кез  келген  төрелік 

келісімдерді,  үрдісті  және  шешімдерге  қатысты  сұрақтарды  реттейтін  халықаралық 

конвенцияларды  айтуға  болады,  олардың  қатарында  Нью-Йорк  конвенциясы,  Еуропа 

конвенциясы,  Панама  конвенциясын  айтуға  болады.  Арнайы  халықаралық  конвенцияға 

мысал 

ретінде 


инвестициялық 

сұрақтарды 

шешуге 

бағытталған, 



тек 

қана 


мамандандырылған төрелікті реттейтін, 1965 жылғы Мемлекеттер мен шетелдік тұлғалар 

арасындағы  инвестициялық  дауларды  шешу  туралы  Вашингтон  конвенциясын,  ТМД 

көлемінде  1997  жылғы  28  наурызда  Мәскеуде  жасалған  Инвестордың  құқығын  қорғау 

туралы Конвенцияны айтуға болады.  Сондай-ақ әлемнің көптеген заңгерлерімен ғылыми 

кеңес  негізінде  дайындалған,  төрелік  іс  жүргізу  құқығын  унификациялаудың  басқа  бір 

нысанын  – халықаралық коммерциялық төрелік туралы ЮНСИТРАЛ Заң үлгісін ерекше 

атап  өту  қажет.  ЮНСИТРАЛ  Заң  үлгісі  БҰҰ  Бас  Ассамблеясынан  1985  жылдың  11 

желтоқсанында  қолдау  тауып,  мемлекеттерге  тиісті  ұлттық  заңның  үлгісі  ретінде 

ұсынылды.  Төрелік  мекемелердің  көпшілігі  осы  регламентті  өздерінің  қызметін  жүзеге 

асырудың үлгісі немесе нормативтік негізі ретінде таниды және қабылдайды. 

Осылайша халықаралық коммерциялық төреліктің іс жүргізу нормаларын қабылдау 

және унификациялауға, яғни бірегейлендіруге  халықаралық қауымдастық айрықша көңіл 

бөлуде. Себебі осы актілер негізінде тараптар арасындағы туындаған дауларды дұрыс әрі 

әділ  шешу  мүмкіндігіне  ие  боламыз.  Халықаралық  деңгейде  осы  салада  бірнеше 

халықаралық  актілер  әрекет  етеді.  Олар  мазмұны  бойынша,  заңдық  күші  және  қолдану 

тәсілдері бойынша ерекшеленеді. Олардың көпшілігі БҰҰ шегінде қабылданған.  



 

395 


Халықаралық  конвенциялар  және  өзге  де  халықаралық  шарттардың  нормалары 

мүше-мемлекеттердің  ішкі  заңнамасының  бір  бөлігіне  айнала  отырып  және  ұлттық 

заңнамаға қатысты басымдылыққа ие болады. Бұл ереже ҚР Конституциясының 4-бап 3-

бөлімінде  бекітілген:  «Республика  бекiткен  халықаралық  шарттардың  республика 

заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң 

шығару  талап  етiлетiн  жағдайдан  басқа  реттерде,  тiкелей  қолданылады».  Ал  мемлекет 

ішінде  халықаралық  коммерциялық  төреліктің  қызметі  халықаралық  төрелікті  реттейтін 

заңдарды  қабылдау  жолымен  жүзеге  асырылады.  Біздің  елімізде  төрелік  соттардың 

қызметі  2004  жылы  28  желтоқсанда  қабылданған  «Халықаралық  төрелік  туралы», 

«Аралық соттар туралы» заңдары негізінде реттеледі. Бұдан басқа, Халықаралық  төрелiк 

(аралық) соттар қызметін реттеу ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінде, сондай-ақ Төрелік 

және  аралық  соттардың  регламенттерінде  қамтылған.  Осылайша,  азаматтар  мен  заңды 

тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынастар саласында өз қалауы бойынша мемлекеттік 

сотқа немесе төрелік (аралық) соттың көмегіне жүгінуге құқығы бар. 

Қазақстан  Республикасындағы  аралық  сот  қызметінің  Конституциялық  негізі  ҚР 

Конституциясының 13-бабының 1-тармағы болып табылады: «Әркiмнiң құқық субъектiсi 

ретiнде  танылуына  құқығы  бар  және  өзiнiң  құқықтары  мен  бостандықтарын,  қажеттi 

қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы». 

Бұл  қағидатты  ҚР  Азаматтық  Кодексінің  9-бабы  нақтылайды,  ол  азаматтардың 

құқықтарын  сотпен  қорғау  аспектісінде  аралық  (төрелік)  сотты  жалпы  құзырлы  сотқа 

теңейді. Қазақстан Республикасы аймақтықты қоса алғанда, төрелік мәселелеріне қатысты 

негізгі  халықаралық  конвенцияларды  және  келісімдерді  біріктірді  және  бекітті.  Бүгінгі 

күні  олар  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  құқықтық  негіздері  болып 

табылады. 

Халықаралық коммерциялық төреліктің негізгі маңызды ережелері Сыртқы саудалық 

Төрелік  туралы  1961  жылғы  Еуропалық  Конвенцияда  бекітілген,  оған  сәйкес:  1.  Істерді 

қарастыру барысында төрешілер ретінде дау қарастырылатын елдің азаматтары ғана емес, 

сонымен  қатар  шетелдік  азаматтар  да  бола  алады  (3-бап).  2.  Өздерінің  ұлттық  заңдары 

бойынша  «жария  құқықтың  заңды  тұлғаларына»  жатқызылатын  заңды  тұлғалардың  өз 

дауларын  төрелік  өндіріске  беру  құқықтары  қарастырылған.  Ұлттық  заңдар  бойынша 

көпшілік  құқықтың  заңды  тұлғалары  мұндай  құқықтардан  шектелген  және  тек 

мемлекеттік  соттарға  ғана  жүгіне  алады  (2-бап).  3.  Қолданылатын  құқықты  таңдау 

бойынша тараптар еріктерінің шектелмеген автономиясы құқығы бекітілген, яғни тараптар 

құқықты таңдап алмаса, төрелік коллизиялық нормаларға қатысты құқықтарды таңдайды, 

төрешілер  «достық  делдалдар»  ретінде  тараптардың  арасында  келісім  бойынша  шешім 

шығара  алады  (7-бап).  Конвенция  төрелік  пен  мемлекеттік  соттар  арасындағы  қарым-

қатынастардың тәртібін нақты реттейді. Ол мемлекеттік соттың тараптар арасында төрелік 

келісім  жасалған  жағдайда  дауды  қарастыру  міндеті  жайлы  жалпы  қағиданы  бекітеді. 

Бұдан басқа, мемлекеттік соттың шешіміне қарсылық білдіру тәртібі, мемлекеттік соттың 

төрелік  келісімнің  бар-жоқтығы  немесе  заңдық  күші  туралы  мәселені  қарастыру  тәртібі 

бекітілген. 

Е.Глотовтың  пікірінше:  «Қазақстанда  шетелдік  сот  шешімдерін  орындау  тек  қана 

халықаралық  келісімшарттар    болғанда  ғана  мүмкін,  яғни  Құқықтық  көмек  көрсету 

жөнінде немесе  ТМД  мемлекеттері  арасындағы  көпжақты келісімшарттар  (соның  ішінде 

2002  жылғы  7  қазандағы  Азаматтық,  отбасылық  және  қылмыстық  iстер  бойынша 

құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы  Кишинев Конвенциясы)»  [2, 57]. 

Қазіргі  кезде  Қазақстан  құқықтық  көмек  көрсету  жөніндегі  келісімшарттарды  ТМД 

елдерімен,  сондай-ақ  Литвамен,  Біріккен  Араб  Әмірлігімен,  ҚХДР,  Пәкістанмен, 

Түркиямен, Монғолиямен, КХР, Иранмен бекіткен. 

И.В.Дробязкинаның  айтуы  бойынша,  заң  ғылымында  және  сот  тәжірибесінде 

қалыптасқан түсінік бойынша, халықаралық келісімшарт болмаған жағдайда, шетелдік сот 

шешімдерінің орындалуына жол берілмейді. Солай бола тұра, шетелдік сот тәжірибесінде 



 

396 


халықаралық  келісімшарт  болмаған  жағдайда,  шетелдік  сот  шешімдерін  өзара  түсіністік 

қағидасы  негізінде  орындалуына  жол  берілген  [3,  115].  Мысал  ретінде,  Ресей 

Федерациясында  шетелдік  сот  шешімдерін  өзара  түсіністік  қағидасы  негізінде  орындау 

заңнамалық  тәртіпте  бекітілмеген.  Қазақстанда  өзара  түсіністік  қағидасы  заңнамалық 

тәртіпте  бекітілген,  АІЖК-нің  425-бабының  1-тармағына  сәйкес  егер  Қазақстан 

Республикасының  заңында  немесе  халықаралық  шартында  өзара  түсiнiстiк  негiзiнде  бұл 

көзделген  болса,  шетелдiк  соттар  мен  төрелiк  соттардың  шешiмдерi  Қазақстан 

Республикасында танылады және орындалады. 

Қазақстан  заңнамасында  өзара  түсіністік  қағидасы  бекітілгенімен,    заң 

әдебиеттерінде,  не  болмаса  сот  тәжірибесінде  бұл  қағида  ескерілмеген.  Сондықтан  да 

мақсат  халықаралық  келісімшарттар  болмаған  жағдайдың  өзінде,  шетелдік  соттардың 

шешімдерін  өзара  түсіністік  қағидасы    негізінде  орындалуын  сот  тәжірибесіне  енгізу 

болып табылады. 

 

Әдебиеттер  



1  Умирзахова  Д.  Правовые  основы  организации  и  деятельности  международного 

коммерческого арбитража // ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. – 2012. - №2 (62). – С. 113-

118 

2  Глотов  Е.  Исполнение  иностранных  судебных  и  арбитражных  решений  в 



Казахстане // Заңгер. -  2012.-  № 8. – С. 57-62  

3 Дробязкина И. В. Международный гражданский процесс: проблемы и перспективы

– Спб: Изд-во: Р. Асланова «Юрид. Центр Пресс», 2005. – 360 с.  

 

 



 

 

А. Т. Сейдахметова  



Астана қ. 

 

ТЕРРОРИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ОРЫН АЛУЫ 

 

Заман  дами  бере  технологиялармен  қатар  идеологиялық  құндылықтар  да  үлкен 



өзгеріске  ұшырады.  Заман  талаптары  өзгерді,  адам  табиғатын  зерттеу  арқылы  күннен-

күнге жаңа қажеттіліктер өмірімізде орнын тауып жатыр. Сол сияқты соғыс әрекеттері де 

жаңа  жоғары  деңгейге  өтті.  Соны  ескере  отырып,  халықаралық  күресте  түрлі 

модернизацияланған  әдістің  бір  күрделі  түрі  терроризм  болып  табылады.  Өйткені  ең 

қауіпті  шекара  -  адам  психологиясы,  тұрмысы.  Оның  ұлттық  шекаралардан  шығып, 

халықаралық  сипатқа  ие  болуы  әлем  халқына,  мемлекет  аралық  бейбітшілік  пен 

ынтымақтастыққа  деген  қаупін  күшейте  түсті,  сондықтан  бұл  мәселе  жан-жақты  және 

объективті  зерттеуді  қажет  етеді.  Көптеген  сарапшылар  терроризмді  тек  көзбояушылық 

әдіс  деп  санайды.  Ал  оның  астарында  үлкен  саясат  немесе  соған  бағытталған  бағдар 

барына күмән жоқ. Ол белгілі мақсатты меңзейді. Терроризмнің психологиялық түсінігі – 

бұл  өзінің  идеологиялық  негізі  бар  және  өзінің  қажеттіліктері  мен  мүдделерін  террор 

арқылы жүзеге асыратын ерекше жағдайдағы қызмет. Террорлық әрекет әлеуметтік және 

саяси  іс  әрекеттің  қаруы  болып  келді  және  болады.  Негізінен,  терроризм  —  бұл  күш 

қолдану  арқылы  адамдарды  қорқыту.  Психологиялық  тұрғыдан  террор  үрейді  (страх) 

және қорқынышты (ужас) тудырады. Белгілі бір іс-әрекеттің (терракт) нәтижесінде пайда 

болатын үрей немесе қорқыныш болып өмір бойына қалады. Қорқыныш - бұл максималды 

дәрежедегі бастан өткізілетін үрей. Қорқыныш эмоциясы үрейден күштірек болады. Үрей 

-  бұл  тұлғаның  биологиялық  және  әлеуметтік  өмір  сүруіне  қауіп  төндіргенде  пайда 

болатын эмоция. Адам үрейді әртүрлі жағдайда өз басынан кешіруі мүмкін. Үрей адамның 

тыныштығына  немесе  қауіпсіздігіне  қауіп  төндіргенде  пайда  болады.  Террорлық  актінің 



 

397 


мақсаты  -  қоғамды  дүр  сілкіндіру  және  эмоциясын  туғызу,  яғни  халық  санасында 

сенімсіздік  тудыру.  Бұл  халықтың  құқық  қорғау  органдарына  және  билік  органдарына 

деген  сенімсіздігі  арқылы  білінеді.  Күш  қолданудың  бағыты:  тәндік  жою,  саяси, 

әлеуметтік,  экономикалық,  ақпараттық  және  тағы  басқа.  Терроризм  күрестің 

спецификалық  құралы  ретінде  өзіне  әрқашан  біркелкі  емес  көзқарас  туғызады. 

Әлсіздердің қаруы бола отырып, терроризм белгілі бір қолдаушыларға ие болып отыр 

[1]



Сондықтан  террористердің  қатары  көбеюде.  Осыны  зерттеп  келген  ғалымдар  адамның 



ойлау үрдісін күшті қаруға айналдыратынын түсінді. Сана-сезімді, нанымды көптеген дін 

жолында жүрген  адамдардың өмірлік бағдарын пайдаланып, яғни адам баласының әлсіз 

психологиялық  жақтарын  өздерінің  пайдасына  қолданатын  жүйе.  Террористер 

психологиялық тұрғыдан мықты дайындалған адамдар.  

Террордың  классигі  Б.Савинков  былай  деген:  "Егер  террористік  ұйымда  тәртіп 

әлсіздеу  болса,  онда  ол  ұйымның  болашағы  жоқ".  "Күрестің  мақсатына  жетуі  жаудың 

үрейленуі және қарсы күш көрсетуге деген қабілетін жоюына байланысты 

[2].


  Ол "алла" 

атымен қорқыту үшін жақсы ойластырылған жүйе және толық түрдегі тәртіпті талап етеді.  

Әр қадамы түйіткіл ұйымдастырылады. Осы "Алла" жасақтары үшін толық мағынасы бар 

өмір  болып  табылады.  Жоғарыда  айтылғаннан  түсінетініміз,  террористік  ұйымның  және 

әр  террористің  өмірі  қозғалыста  болады.  Террористік  акт  аяқталғаннан  кейін  ол  келесі 

терактінің  объектісін  іздей  бастайды.  Яғни,    бұл  өмірдің  тұрақты  формасы  және  жүйелі 

қызмет  болып  табылады.  Әрине,  көптеген  террорлық  актілердің  артында  үлкен 

материалдық қолдау бар. 

Мысалы,  өткен  оқиғаларға  қатысты  тоқталатын  болсақ...  Осымен  2001  жылдың  11 

қыркүйектегі  Нью-Йорк  пен  Вашингтондағы  жарылыстарды  негізгі  террорлық  актінің 

көрнекті мысалы ретінде қарастыруға болады. Өйткені, Нью-Йорктеге Дүниежүзілік сауда 

орталығы және Вашингтондағы Пентагон ғимараты АҚШ-тың символы болып табылады. 

Осы  жарылыстардан  кейін  халықаралық  қатынастардағы  гегемония    күрт  өзгерді.  Сол 

кездегі Президент Буш кенеттен Ислам мемлекеттеріне өз қызығушылығын айқын таныта 

бастады. Басын имеген кезде террорлық актіні алға қойып, өз саясатын жалғастырды 

[3].


 

Ислам  елдерінің  басшылары  қуғынға  ұшырап,  халықаралық  арена  дүр  сілкінді.  Жылдар 

өте келе, бұл жағдайды көптеген аналитиктер, ғалымдар басқа қырынан зерттей бастады. 

Мүмкін  бұл  терракт  кейін  өз  жемісін  әкелуге  бағытталған  іс-әрекет  болған  шығар?!  Бұл 

оқиғадан кейін терроризмге деген көзқарастың мүлдем өзгергені дәлел.  

Ал  енді  терроризмнің  елімізде  орын  алуын  талдайтын  болсақ,  күрделі  мәселелерге 

келіп тірелеміз. Бүгінгі таңда Қазақстанда терроризмнің таралуы өзекі мәселелердің біріне 

айналып отыр. Терроризм мәселесі осы уақытқа дейін елімізде ұлттық қауіпсіздікке нақты 

қауіп  төндіретіндей  дәрежеде  емес  деп  бағаланды,  бірақ  қауіп-қатер  ретінде 

қарастырылып  отыр.  Сондықтан  да  болар,  еліміздің  ұлттық  қауіпсіздік  жүйесі 

этносаралық шиеленіс, есірткі тасымалының жолын кесу, заңсыз миграция сияқты қауіп-

қатерлерге 

төтеп 

беруге 


бейімделген 

еді.


 Қазақстандық 

және 


шетелдік 

сарапшылар  да терроризм  проблемасы  Қазақстанға  төніп  тұрған  нақты  қауіп  емес,  

Орталық  Азиядағы  жалпы  ахуал  ретінде  қарастырылып  келгенін  растайды.  Қоғамдық 

пікірде  де терроризм  негізінен  сыртқы  қауіп-қатер  ретінде  қабылданды. 

Еліміздегі 

орнаған  ахуалдың  себебін  талдау  үшін  осы  мән-жайларды  ескерген  жөн.  Қазақстан 

мұсылман қауымының өзегін құрайтын қазақ халқының көп бөлігі өздерінің  мүдделерін 

қорғап отыр. Көптеген ағымдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз ілімдерін алға 

тартуда. 

Қазақстанның 

мұсылман 

Діни 


басшыларының 

арасында 

қарама-

қайшылықтардың  орнауына  әсер  етуі  орынды.  Олардың  арасында  Қазақстанның  Діни 



басқармасының  басшыларына  қарсы  тұратын  лидерлер  белсенділік  танытуы  мүмкін. 

Мұндай жағымсыз жағдайдың пайда болуы  мұсылмандардың сеніміне нұқсан келтіреді. 

Сондықтан мұндай жағдай көпшіліктің арасында сенімсіздік туғызып, олардың арасында 

діни  оппозициялық  ағымдардың  өсуіне  әкеліп  соғуы  айқын.  Қазақстанның  мұсылман 

этностарының  санасында  этноконфессионалдық  бағыт  басым.  Ислам    этникалық 


 

398 


айырмашылықтарды  алып  тастай  алмайды.  Бұл  айырмашылықтар  олардың  көпшілігіне 

күшті  этнодифференциалды  фактор  ретінде  қызмет  етеді.  Қазақстанда  тұратын  бірқатар 

мұсылман  қауымдар    ресми  құрылымдарға  бағынбайды,  өзінің  автономдылығын  сақтап 

отыр. Сөйтіп, түрлі ағымдар өздерінің діни ілімдерін қорғап қалу жағдайына тіреліп отыр. 

Бұл  конфессиялардың  қауіптілігі  халық  арасында  таратылып  жүрген  үндеулер,  жиналыс 

арқылы  жаңа  тұлғаларды  өз  ағымына  қарату  (вербовка),  түрлі  кітапшалар  мен 

брошураларды  тарату  болып  табылады.  Жастардың  сана-сезіміне,  тұрмыс  жағдайына 

өзгерістер  енгізуі.  Кейін  осы  адамдарды  қолдана  отырып,  елде  терроризм  қаупін 

күшейтуде.  

Терроризмге  байланысты  жайт  көпшілікке  жат  жағдай  болса  да,  күнделікті  өмірде 

орын  алып  жатыр.  Әсіресе,  соңғы  жылдары  еліміздің  кей  аймақтарындағы  орын  алған 

Ақтөбе  қаласындағы  террорлық  қақтығыс,  Алматы  облысындағы  шиеленіс  секілді 

оқиғалар соған дәлел болып отыр.  

Соңғы  кездері  Қазақстан  азаматтарының  басқа  елдердің  жерінде  террористік  іс-

әрекетке  қатысуын  куәландыратын  мәліметтер  жиілеп  кетті. Еліміздің  аумағында  

террористік 

іс-әрекетпен 

байланысты 

қылмыс 

жасағаны 



үшін 

қылмыстық 

жауапкершілікке  тартылған  қазақстандықтардың  саны  да  өсе  түсуде. Мәселен,  атап 

айтқанда  2008-2009  жылдары  ресми  деректер  бойынша  елде  7  террористік  оқиғасның 

жолы кесілді [4].Сондықтан да терроризм проблемасы бұрын бізге алыстағы қатер болып 

көрінсе  де,  бүгінгі  күні  ұлттық  қауіпсіздікке  тікелей  қауіп-қатер  төндіретін  сипат 

алды. Дегенмен,  кейбір  сарапшылар 

Қазақстанда  терроризм  қаупі  жоқ  деген  пікірде. 

Терроризм қаупін алдын алу үшін республикада діни ағарту шараларын мықтап қолға алу 

қажет  деген  ойда.  «Қазақстанда  терроризм  мен  діни  экстремизм  қаупі  жоқ».  Белгілі 

теолог-ғалым,  Ресей  жаратылыстану  ғылымдары  академиясының  академигі,  Құранды 

орыс  тіліне  аударған  Валерия  Прохорова  осылай  деп  санайды.Терроризм  мәселелері 

талқыланған жиынды «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы ұйымдастырған. Ол 

ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып өтті[5].

 

Терроризмнің Қазақстан территориясында таралу мүмкіндігін ескере отырып, біздің 



елімізде соңғы жылдары бұл құбылыспен күресуде бірқатар механизмдер жасалынды. Бұл 

іс-әрекеттер мемлекеттің ішкі саясатының негізгі міндеттерінің біріне айналды. Мысалы, 

еліміздің  құқық  қорғау  мен  арнайы  қызмет  органдары  діни  бірлестіктердің  заңды  түрде 

жұмыс жасауын, заңға қайшы келмейтін процедура сақтауына тексеру жүргізіп отырады.  

Мемлекеттік  шекара  бөлімдерінде  кедендік,  визалық  және  паспорттық  бақылау 

күшейтілді.  Әсіресе,  жаңа  жобада  тәртіп  күшейтілуі.  Сонымен  қатар  халықаралық 

қатынас  жолдардың,  көліктердің  барлық  түрлерінің  бағыт-бағдарының  тексерісі 

күшейтіліп,  туристік  және  миграциялық  ағындарға  реттеу  жұмыстары  міндетті  түрде 

жүргізіледі.

 

-  1999  жылы  шілдеде 



«Терроризмге  қарсы  күрес  туралы»  заң  қабылданды. Осы 

кезеңнен бастап, бүгінгі күнге дейін жаңа енгізулер жасалуда. 

-  Қазақстан  ТМД,  Терроризмге  қарсы  күрес  орталығы,  Шанхай  Ынтымақтастық 

Ұйымы,  Терроризмге  қарсы  аймақтық  құрылым  сияқты  ұйымдардың  мүшесі  бола 

отырып,  терроризм  мен  экстремизмге  қарсы  күрес  желісінде  халықаралық 

ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып келеді. 

-  Соңғы  қабылданған  және  қабылданатын  құжат,  жобалардың  өз  міндетін 

атқаратынына  күмән  жоқ.  Қазақстанда  кейбір  режимдерді  нақтылайтын  терроризмге 

қарсы  заңның  жаңа  жобасының  тұжырымдамасы  мақұлданды.  Бұл  туралы  Астанада 

Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті  хабарлады.  Себебі  9  жыл  бұрын  қабылданған  заң 

ескіргендігін  комитет басшылығы мәлімдеді. 

Ал  мемлекет  басшысы  өзінің  кезекті  жолдауында    таяу  арада  терроризм  мен 

экстремизм  көріністеріне  қарсы  күресті  елеулі  түрде  күшейтуді  талап  етеді.Тұрақтылық 

пен  ұлттық  қауіпсіздік  –  жаңа  саяси  бағытты  іске  асырудың  негізгі  шарты.  Оның 

басымдылығын  тексеріп  жату  артық.  Бүгін  біз  үшін  құқық  қорғау  жүйесінің  кешенді 


 

399 


реформаларының аралық қорытындыларын шығару маңызды. Жетістіктерге сын тұрғыдан 

баға беріп, пайда болған мәселелерді айқындап, құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту 

жолдарын  белгілеу  қажет.  Президент  тапсырмасы  бойынша  қазір  экстремизм  мен 

терроризмге  қарсы  күрес  жөніндегі  мемлекеттік  бағдарлама  әзірленіп  жатыр,  бес-алты 

жылға  есептелген  барынша  кең  қолданылатын  құжат  болуға  тиіс.  Терроризмге  қарсы 

күрестің  тиімділігінің  басты  өлшемі  –  террорлық  оқиғаның  мүлде  болмауы,  –  деді 

Нұрсұлтан Назарбаев [6]. 

Қорытындылай  келе,  уақыт  өте  келе  адам  санасына  дейін  қолы  жеткен  түрлі 

психологиялық  әдістер  тек  арнайы  адамдардың  қажеттіліктеріне  бағытталған.  Осындай 

орасан зор деңгейге қанат жайған терроризм үрдісін тоқтату мүмкін емес болса да, оның 

Қазақстан аумағында жайылып кетпеу үрдісімен күресу қажет. Себебі күшті қару, әрекет 

жасаушы  –  адамның  сана-сезімі.  Алғашқы    қадам  -  еліміздегі  кішігірім  ұйымдардың 

жүргізіетін  жұмысынан  арылу.  Мектеп  оқушыларын  теріс  мағлұматтардан  қорғау. 

Сырттан келген қауіппен жүйелі түрде әрбір мемлекет бірлесіп жұмыс жасап жүр.  Оған 

мемлекетіміз түрлі ұйымға кіріп, бірлесіп орындалған нәтиже дәлел. Жақындарымыздың, 

дос-жарандарымыздың  қатерлі  жолға  түсіп  кетпеуі  де  біздің  қолымызда. 

Көріп 

отырғанымыздай, орасан зор жұмыс орындалып жатыр, талқыға салынып отырған мәселе 



өзекті  де  күрделі  де.  Бұл  қауіпті  тоқтату  үшін  мемлекеттер  бірлесіп  жұмыс  жасауда. 

Өйткені тереңге кеткен тамырды айыру қиынға соғады.

 

 

Әдебиеттер 



1.Авдеев 

Ю.И. 


Терроризм 

как 


социально- 

политическое 

явление 

// 


Современный терроризм: состояние и перспективы М, 2000.С. 459 

2.Савинков Б. Воспоминания террориста.// Избранное. М., 1990. С.154 

3.Арлин  Одергонның кітабынын үзінді  «Отель  "Война". Психологическая динамика 

вооруженных конфликтов» — М: 2008 г. 

4.Kazakhstan 

Today 


Ақпарат 

агенттігі, 

14.10.09 

ж., 


http://www.today.kz/ru/news/kazakhstan/2009-10-14/teract  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет