ӘДЕБИЕТШІ ҒАЛЫМЖАН МҰҚАНОВ
Тәуелсіз кезде қазақ әдебиеті шет елдерге тікелей қазақ тілі арқылы тұңғыш рет аударылды. Бұл істің басынан әдебиетші, ағылшын тілінің маманы Ғалымжан Мұқанов табылды. Дарынды аудармашы 1980 жж. ортасында Виктор Гюгоның “Бариккада” өлеңін аударған еді. 1991 жылы Клер Клермонттың (атақты лорд Байронның жұбайы) “Владимир и Зара” поэмасы қазақ тілінде Ғалымжан Мұқанов аудармасында жарияланды. Аталған поэма Парижде 1836 жылы жарық көрген еді. Қазақ әдебиеттануы анықтағандай бұл қазақ тақырыбына арналған тұңғыш көркем туынды болып табылады. Байрон қайтыс болғаннан кейін Клер Мәскеуде тұрғаны белгілі. Сол кезде қазақ даласына серуенге шығып тұрған екен. Соның нәтижесінде Байрон, Шелли, Пушкин стиліне еліктенген “Владимир и Зара” жазылған. Оқиғалар желісі – Омбыға жер аударылған декабрист бірде аңға шығып қазақтардың қолына түседі. Әділ-Атил ханның нөкерлері Владимирді жылқышы етіп қояды. Қазақтармен етене араласып, олардың ішінде құрмет пен сыйға ие болады. Ханның Зара есімді қызы орыс тұтқынымен тіл табысып, біріне-бірі ғашық болады. Хан қызын өзіне лайықты дәрежелі адамға беруге ниеттенген еді. Қызының орыс тұтқынымен байланысын естіген хан оны өлім жазасына қияды. Бірақ жанашырлар табылып олар Владимир мен Зараны өлімнен құтқарады. Екі жас қашып шығып Ресей әскеріне жолығып, аман-есен қалады. Бұл мәтін Петербор кітапханасынан табылған (Салтыков-Шедрин атындағы кітапхана). Оны белгілі шығыстанушы академик Алексеев тауып, “Жұлдызда” ол туралы Ш.Сәтпаева мақала жазған болатын (1988).
Ғалымжан Мұқанов Корнельдың “Сид” трагедиясын, Мопассанның бірнеше новелласын аударған. 1995 жылы Ғалымжан Мұқанов Абайдың “Ғақлиясын” – “Размышление в прозе” деп француз тіліне аударған, 1994 жылы бұл кітап “Рауан” баспасынан жарық көрді. Сол жылы Ғалымжан Мұқанов Париждегі халықаралық коллоквиумға қатысып, ЮНЕСКО жиынында аталған Абай аудармалары туралы баяндама жасайды.
1997 жылы Ғалымжан Мұқанов Бургун университетінде “Дала және адам” атты қазақтың көшпелі мәдениеті туралы баяндама жасайды (француз тілінде).
М.Әуезовтың 100 жылдығы қарсаңында Ғалымжан Мұқанов “Қилы заманды” француз тіліне аударған. Бұл кітапқа А.Фишлер пікір жазған. Сонымен қатар Абай өлеңдері жинағын француз тілінде шығарды. Бұл кітапқа алғысөзді Т.Әбдіков жазған.
Махамбеттің мерейтойына қатысты Ғалымжан Мұқанов Мәдениет Министрлігі тапсырмасымен ақынның өлеңдер жинағын француз тілінде Парижде жариялаған. Әдебиетші Ғалымжан Мұқанов сонымен қатар қазақ-француз әдеби қарым-қатынастарды зерттеуші ғалым. Ги де Мопоссан, П.Корнель, Г.Апполинер, П.Верлен шығармаларын қазақ тіліне аударған. Ғалымжан Мұқанов Абайдың поэмаларын қазақ тіліне аударған.
Негізгі еңбектері: К.Клермонт. “Владимир и Зара”. Алматы, 1988. – 102-б. “Слова назидания”, “Ескендір”, “Масғұт” 1994. “Поэзия – царица слов”, 184. – өлеңдер жинағы.
Ғалымжан Мұқановтың аудармаларының деңгейі туралы былай делінген: “Следует отметить, что проза Абая, то есть его “Слова назидания” получили более широкое распространение за рубежом, чем поэтические произведения. Среди теоретиков и практиков перевода распространено мнение, что, не владея языком оригинала, переводить поэзию с другого перевода возьмется не каждый. Причина этого явления состоит в трудностях перевода поэтического произведения с другого языка. Поэтому факт прямого перевода поэтом, журналистом, переводчиком Галымжаном Мукановым поэм и стихотворений Абая на французский язык столь знаменателен для истории художественного перевода в Казахстане. Кстати, в своем предисловии Альбер Фишлер прекрасно отозвался о качестве перевода, высказав свое мнение: “в конечном счете, мы должны поздравить с успехом переводчика Галымжана Муканова, сумевшего подчеркнуть глубину мысли этого незнакомого нам прежде поэта, философа и отважного моралиста” (Abai Kounanbaiouly. Reflexions en prose, poemes “Iskander” et “Masgoud”. – A.: Raouan, 1994. – Р. 6)
1997 жылы Ғалымжан Мұқанов француз тіліне Мұхтар Әуезовтың «Қилы заманын» аударған.
2003 жылы Парижде ЮНЕСКО үйіндегі Махамбет Өтемісовтің 200 жылдығына арналған конференцияда Ғалымжан Мұқановтың аудармаларының тұсаукесер рәсімі өтті. Жан Жуэ өзінің аудармасында Ғалымжан Мұқановтың алғашқы аудармаларын негізге алғанын алға тартты. Осылай Ғалымжан Мұқанов Абай, М.Әуезов, Махамбетті дүниежүзілік деңгейге шығарды.
Достарыңызбен бөлісу: |