Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғылым комитеті ш. Ш. УƏлиханов атындағы тарих жəне этнология институты



Pdf көрінісі
бет18/61
Дата03.03.2017
өлшемі4,5 Mb.
#5474
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61

Литература

1. В советский период историографии известна только одна работа по происхождению казахов //Ақынжанов 

М. Қазақтың тегі туралы. - Алма-Ата: Қазмембас, 1957; Интересно, что к этой теме, видимо, из-за недостатка 

историко-фактологического материала, стали обращаться наши философы // Кадыр Е. Этногенез казахов: фило-

софский анализ: Автореф. дисс. ... канд. филос. н. - Алматы, 2010.

2. Исмагулов О. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности: (палеоантропологическое исследо-

вание). - Алма-Ата, 1970; Он же. Этническая геногеография Казахстана: (серологические исследования). - Алма-

Ата, 1977; Он  же.  Этническая  антропология  Казахстана: (соматологическое  исследование). - Алма-Ата, 1982; 

Этническая одонтология Казахстана. - Алма-Ата, 1989 (в соавторстве); Этническая дерматоглифика казахов. - 

Алматы, 2007(в соавторстве) и др.

3. Концепция становления исторического сознания в Республике Казахстан. - Алматы, 1995.

4.  Султанов  Т.И.  Поднятые  на  белой  кошме.  Потомки  Чингиз-хана. - Алматы:  Дайк-Пресс, 2001; Он  же. 

Рождение казахской государственности. История казахского ханства. - Алматы: Мектеп, 2003; Он же. Чингиз-

хан и его потомки. - Алматы: Мектеп, 2003 и ряд др.

5. Таварих-и гузида – Нусрат-наме / Исслед., критич. текст, аннот. огл. и табл. свод. огл. А.М. Акрамова. - 

Ташкент: Фан, 1967.

6. Об этом списке «Чингиз-наме» см.: Kafali M. Altın Orda Hanlığının Kuruluş ve Yükseliş Devirleri. - İstanbul, 

1976.


ҚАРАЖАН Қ.С.

т.ғ.д., профессор Əл-Фараби ат. ҚазҰУ (Алматы)



ТЫҢ ЖƏНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ЖАППАЙ ИГЕРУ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ 

ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОНЫС АУДАРУ ЖƏНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ

Тың жəне тыңайған жерлерді жаппай игеру жылдарындағы Қазақстанға өзге ұлт өкілдерін аудару 

тарихын жəне оның салдарын шынайылық тұрғысынан жан-жақтылы зерттеу қазіргі кезеңдегі тарих 

ғылымының  өзекті  тақырыптарының  бірі  болып  табылады.  Үйткені  тың  игеру  тұсындағы  көші-қон 

үрдісі Қазақстан халқының ұлттық құрамындағы арасалмаққа күрделі өзгеріс алып келген болатын.

Қазақстан мен Оңтүстік Сібірдің далалық жайылымдарында астық өсіру арқылы азық-түлік мəселе-

сін шешу идеясы, кезінде XX ғасырдың алғашқы 10 жылдығында, Столыпин тұсында, бір топ агроном-

дар ұсынған болатын. Оған орманшы-ғалым ретінде Ə. Бөкейханов «Крестьяндарды қазақ даласына 

үйіп-төгіп  қоныстандыра  берсе,  тың  жерлердің  түгел  жыртылары  хақ.  Ал  қазақ  даласы  тыңынан 

айырылған  соң  тұлдырсыз  бедеу  қалады  да,  егін  өспейтін  болады...  Қазақ  даласының  шүйгін 

жайылымдарының топырағы көкке ұшқан соң, дала шөлге айналады, сөйтіп крестьян айтақырға оты-

рып қалады, ал жайылымынан айырылған қазақ жаңа тұрмыстық жағдаймен пролетариат қамытын киіп, 

тау-кен зауыттарына, қалаға кетпесе ақырына дейін əбден азып-тозады» [1, 73-б.] - деп өз қарсылығын 

білдірген болатын.

Кеңес өкіметі ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру жылдары, ірі ұжымдық шаруашылықтарды 

ұйымдастыру барысында, осы идеяны жүзеге асыруды қолға алды. Ол бірақта 1941 ж. соғыстың бас-

талуына  байланысты  тоқтап  қалды.  Сол  идеяға  Н.С.Хрущев  біршама  түзетулер  енгізіп,  КОКП  ОК 


118

ақпан-наурыз (1954 ж.)  Пленумында  оны  қабылдатып,  сонан  кейін  бүкіл  Кеңестер  Одағының  ауыл 

шаруашылығы өнімін арттыруға бағытталған міндетіне айналды. Тың игеру тұсында өзге республи-

кадан жаппай қоныс аударудың Қазақстандағы жергілікті тұрғындардың үлесінің кемуіне жəне тың 

жерлердің  мөлшерден  тыс  есепсіз  жыртылуы  жайылымдарды  азайтып  мал  басының  қысқаруына 

əсер ететін болғандықтан Қазақстан басшылығы бұл идеяға сақтықпен қарады. Н.С. Хрущев респуб-

лика  басшылығының  көзқарасымен  санаспады,  осыған  байланысты 1953 ж.  соңы  мен 1954 ж.  басы 

аралығында  КОКП  ОК  тарапынан  жəне  баспасөз  беттерінде  Қазақстан  өкімет  басшыларын  кеңнен 

сынға  алу  науқаны  басталды.  Оларға  халық  шаруашылығына  жеткілікті  дəрежеде  басшылық  жасай 

алмады деген айып тағылды. 1954 ж. 11 ақпанда өткен Қазақстан КП Пленумында республика партия 

ұйымының бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов, екінші хатшысы Л.И. Афонов орындарынан босатылып, 

олардың орнына сол кездегі КСРО мəдениет министрі П.К. Пономаренко жəне Кеңес əскерінің Бас 

саяси басқармасы бастығының бірінші орынбасары Л.И. Брежнев сайланды. Оларға қосымша респуб-

лика партия ұйымдарына жаңа күрделі міндеттерді шешуге көмек көрсету үшін партиялық, кеңестік 

жəне шаруашылық басшыларының үлкен тобы тұрақты жұмысқа жіберілді. Олардың қатарында 170 

партия мүшесі болды. Көп ұзамай республика Министрлер Кеңесінің төрағасы Н. Оңдасынов орнынан 

босатылып, оның орнына Д.А. Қонаев тағайындалады. Жергілікті жердің қазақ басшылары да сынға 

ұшырап үш айдың ішінде тың өңіріндегі алты облыстың бірінші хатшылары ауыстырылды.

1954 ж. 24 наурызда баспасөз бетінде «1954-1955 жж. тың жəне тыңайған жерлерді игеру арқылы 

астық өндіруді арттыру» туралы қаулы жарияланды. Қаулыда Қазақстанда, Сібірде, Поволжьеде жəне 

Солтүстік Кавказдың жекеленген аудандарында 13 млн. га тың жəне тыңайған жерлерді игеру жəне 

осы игерілген жерлерден 1100-1200 млн. пұт астық алу міндеті қойылды [2, 438-б.].

1954 ж. тамызда тың игерудің алғашқы міндеті орындалып одақ көлемінде 13,4 млн. га, оның ішінде 

Қазақстанда 6,5 млн. га жер жыртылды [3, 156, 159-бб.]. ОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі 1954 ж. 

13 тамызда «Астық өндіруді арттыру үшін тың игеруді одан əрі жалғастыру» жөнінде кезекті жаңа қаулы 

қабылдап, 1956 ж. тың өлкесінде егістік көлемін 28-30 млн. га жеткізу міндетін қояды [4, 321-б.].

Осындай партиялық-мемлекттік шұғыл шаралардың нəтижесінде 1954-1955 жж. Кеңестер Одағында 

29,7 млн. га жаңа жер жыртылды. Оның 18 млн. га, немесе бүкіл елдегі жыртылған жерлердің 60,6% 

[5, 437-б.].  Қазақстанда  игеріліп,  республикадағы  жалпы  егістік  көлемі 22,4 млн.  га  жетті.  Орталық 

əкімшіл билік 1956 ж. ақпан айында өткен КОКП-ның XX съезінде енді Қазақстанның алдына жаңа 

міндет – 1960 ж. астық өндіруді 5 есе арттыру міндетін қойды. Осыған сай 1956-1958 жж. 4,8 млн. га 

жер игерілсе, 1959 ж. КОКП-ның XXІ съезінің шешімдеріне сай тың игеру науқанының 3-ші кезеңі бас-

талып, 60-шы жылдардың ортасына қарай Кеңестер Одағында жалпы тың игеру жылдары жыртылғын 

жер көлемі 42 млн. га, оның ішінде Қазақстанда 25,5 млн. га жетті.

Тың  жəне  тыңайған  жерлердің  осындай  орасан  зор  көлемде  жыртылуы  жəне  ол  жерлерде 

ұйымдастырылған совхоздар механизаторлар мен маман жұмысшыларды, жетекші кадрлар мен ауыл 

шаруашылық мамандарын қажет етті. Тек 1954 ж. ғана көктемгі егіске республикамыздың тың иге-

руші  аудандарындағы  МТС-на 1792 тракторист, 6580 трактор  бригадасының  бригадирі  жəне  оның 

көмекшісі, совхоздарда 10500 тракторист жетіспеді [6, 84-п.]. Қазақ өлкесін отарлауды мақсат тұтқан 

кеңестік отарлық билік, халықтар достығы ұранымен тыңның еңбек күшіне деген сұранысын славян 

өкілдерін  қоныс  аудару  арқылы  шешудің  кезекті  жаңа  науқанын  бастайды.  Тың  игеруші  аудандар 

мен  облыстарға  партиялық  шақырумен,  комсомолдық  жолдамамен  жүздеген  мың  қоныстанушылар 

келді. Тың жəне тыңайған жерлерді игеруге ат салысуға шақыру алғаш рет 1954 ж. қаңтардың аяғы 

– ақпанның басында өткен МТС жəне совхоз қызметкерлерінің Бүкілодақтық мəжілісінде көтеріліп, 

осы жылы өткен КОКП ОК ақпан – наурыз Пленумында қайталанады [2, 439-б.]. Тың жəне тыңайған 

жерлерді игеруде БЛКЖО ОК тың игеруге 100 мың ерікті комсомол мүшелері мен жастарды жіберуге 

бастама көтереді. Бұл қозғалыстың басында Москва, Ленинград жəне Украина жастары тұрды. Осы 

жөнінде 1954 ж. наурыз айында өткен Украина КП XVIII сьездегі ОК есебінде: «Партиялық, кеңестік, 

комсомолдық  ұйымдарға  ондаған  мың  өнеркəсіп  жұмысшыларынан,  механизаторлардан,  ауыл 

шаруашылық мамандарынан өздерін тың жəне тыңайған жерлерді игеруге жіберуге өтініш келіп түсті. 

Туысқан қазақ республикасына 11 мың адам аттанып кетті, ал жалпы Украинға бұл ұлы іске 20 мыңнан 

астам ауыл шаруашылығының маман қызметкерлерін жібереді» [7, 19-20 бб.] – деп атап өтілді.

Көші-қонға  басшылық  Жер  халық  комиссариаты  жанында 1938 ж.  ұйымдастырылып, 1954 ж. 

Қазақстан КСР Министрлер Кеңесінің қарамағына берілген Бас көші-қон басқармасына жүктелді. Бұл 

басқарма 1956 ж. жұмысшыларды ұйымдастырып қабылдау басқармасымен біріктіріліп «Жұмыс күшін 

үйлестіру жəне қоныстандыру Бас басқармасы» деп аталды. Тың өлкесіне көшуге жəне қоныстануға 

мемлекет тарапынан мол материалдық көмек ұйымдастырылуына сай, жоспарлы түрде, негізінен Ресей, 


119

Украина жəне Белоруссиядан мыңдаған колхозшылар мен өндіріс орындарының жұмысшылары көшіп 

келді. Тың өлкесіне қоныстанушыларға он жылға өсімақысыз несие беріліп, жұмыс істеп жатқан кол-

хоз-совхоздарына борышы болса, ол жойылды, сиыры, шошқасы, тауығы Қазақстанға мемлекет есебі-

нен тегін жеткізілді, ал егер малдарын қалдырып кетемін десе, арнайы анықтама алып, сол анықтама 

бойынша Қазақ КСР үкіметі оларға сол мөлшерде сиыр, шошқа, тауық берді, ең алғашқы кезекте баспа-

намен немесе тұрғын үйге қажетті құрылыс материалдарымен жабдықталды. Бірақта аталған шарттар 

мен жеңілдіктер Қазақстанды мекендеп отырған жергілікті ұлттың өзге өңірлерде тұратын өкілдеріне 

қолданылмады. Бұл қаулыдан қазақ халқының материалдық та, моральдік те орасан зиян шегетіндігін 

əуелі  Бүкілодақтық  əдебиет  институты  өткізген  кездесуде,  одан  кейін  газет  бетінде  көтергені  үшін 

Джавахарал Неру атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, көпке əйгілі публицист-жазушы Əнуар 

Əлімжанов сол жылы Лениндік сыйлықты алуға үміткерлердің тізімінен шығып қалады [8]. Осындай 

жеңілдіктердің нəтижесінде тек қана 1954-1955 жж. Қазақстандағы тың игеруші өңірлерге 20 мың от-

басы көшіп келді. Республика совхоздарына 2088 басшы қызметкерлер жіберілді.

КОКП ОК 1955 ж. қаңтар айында өткен Пленумының шешіміне сай əрбір республикаға, облысқа, 

қалаға  Қазақстанда  ұйымдастырылатын  жаңа  совхоздар  бекітіліп  берілді.  Өзге  республикадан  ке-

летін кадрлардың көмегімен ұйымдастырылатын совхоздар тікелей сол жердегі партия ұйымдарының 

басшылығымен жасақталды. Шамамен бір совхозға 170-180 адам, олардың қатарында 12-18 трактор 

бригадасының бригадирі жəне олардың көмекшісі, 25-30 тракторист, 50-60 тіркемеші, жүк тиеуші жəне 

əртүрлі жұмысшылар, 6-10 есепші, 20-30 шофер, 15-20 жөндеу жұмысшылары, бір-бірден ағаш ұстасы, 

пеш салушы, аспаз, нан пісіруші жасақталды [9]. Осылайша тың өңірлердегі болашақ совхоз ұжымын 

жасақтау тікелей Москва, Ленинград, Киев, Минск, Харков жəне т.б. қалаларда басталды. Осындай 

жолмен Қазақстанда ондаған совхоздар ұйымдастырылды. Ленинград тұрғындары 15 совхоз, Москва 

тұрғындары 46 совхозды ұйымдастыруға қатысты. Белоруссия жұмысшылары 24 совхоз, Украина 94 

совхоз ұйымдастырды [10, 99-б.].

Тың  игеруге  келген  жастарды  тұрақтандыру  мақсатында 1954 ж. 17 шілдеде  «Правда»  газетінің 

бетінде Ақтөбе облысының Мариновск совхозының бір топ комсомол мүшесі қыздарының қыз-келін-

шектерді тың игеруге ат салысуға шақырған хаты жарияланады [3, 672 б.]. Бұл бастаманы қолдаған 

комсомол ОК Қазақстанның тың өңірлеріндегі совхоздарға Ресейден, Украинадан жəне т.б. одақтас 

республикалардан 25 мың қыздарды жіберуге шешім қабылдайды. Осы шешімді жүзеге асыру бары-

сында Қазақстанның тың жəне тыңайған жерлерді игеруші аудандарына шамамен 29 мың қыздар ке-

леді. Олардың қатарында Ивановтың жас тоқымашылары жəне Дондағы Ростовтың комбайн жасаушы-

лары, Горький, Челябинск, Калинин жəне т.б. қалалардың құрылысшыларды болды [11, 165-б.].

1954 ж. қыркүйек айынан бастап партия жəне комсомол ұйымдары жаңа жерлерді игеруге əскери 

қызметін  өтеген  жəне  əскер  қатарынан  босатылған  жауынгерлер  мен  əскери  қызметкерлерді  тарту 

жұмысын бастайды. Бастаманың алғашқы айында ғана тың игеруге, негізінен Ақмола мен Қостанай 

облысының совхоздарына, 3,5 мың əскери қызметін өтеген жауынгерлер келеді. КСРО Министрлер 

Кеңесінің қазан айында тың игеруге əскери қызметін өтеген 30 мың жауынгерді жіберу жөнінде қаулы 

қабылдайды. Жауынгерлердің тікелей араласуымен Көкшетау облысында «Кантемировец», Солтүстік 

Қазақстан  облысында  «Тамановец»,  Қарағанды  облысында  «Индустриальный»  жəне  т.б.  совхоздар 

ұйымдастырылды. Ал жалпы 1954-1965 жж. осы жолмен республика колхоздары мен совхоздарына 

50 мыңнан аса əскердегі қызметін атқарып қайтқан жауынгерлер келді [6, 25 т., 192-іс, 10 п.]. Осындай 

жəне  өзге  жолдармен 1954-1956 жж.  Қазақстанға  тың  игеруге 640 мың  адам  келді,  олардың  ішінде 

391,5 мың механизатор, 50 мың құрылысшы, 3 мың денсаулық сақтау қызметкері, 1,5 мың мұғалім, 

1 мыңнан астам сауда қызметкері жəне т.б. болды [12, 12-б.].

Осындай жоғарыдан жүзеге асырылған ұйымдастыру шараларына қарамастан, тың игеруші совхоз-

дарда жылдан – жылға кадр жетіспеді. Көші-қон есебінен өзге республикалардан келгендердің көпшілігі 

жыл сайын көтерме ақшаны алып, тың игеруші өңірдің қатал табиғатына жəне ауыртпалығына шыда-

май, келген жеріне қайтып немесе қалаларға ауысып кетіп отырды. Оның үстіне тың игеруге негізінен 

ірі өндіріс орындарынан комсомолдық жолдамамен келген жастардың ауыл шаруашылығы өндірісінен 

хабары болмады. Тек 1955-1957 жж. аралығында ғана республика совхоздарынан, негізінен тың иге-

руші облыстардағы, 39600 адам жұмыстан шығып кеткен [6,23 т. 1111 іс, 66-п.]. Қазақстан қайтадан 

КСРО үкіметінен республика совхоздарына 1957 ж. 20 мың отбасын жəне 30 мың училище түлектерін 

жіберуді өтінеді [12]. Осыған байланысты 1957 ж. бастап Қазақстандағы қоныс аударатын жерлермен 

алдын-ала  танысу  қозғалысы  басталады.  Қоныс  аударушыларды  ауданмен,  совхозбен  жəне  колхоз-

дармен танысуға көмектесу жəне ұйымдастыру мəселелерін сол жерде шешу үшін облыстық қоныс 

аудару бөлімінің өкілдері (одақтас республикалардың əртүрлі облыстары мен аудандарынан шамамен 


120

15-20 адам) келді. Мысалы, 1957 ж. Көкшетау жəне Қостанай облысының колхоздарымен танысу үшін 

Белоруссиядан 29 колхозшы жіберілген [13].

Олар  қайтып  оралған  соң  колхозшылардың  жиналысында,  жергілікті  баспасөз,  радио  арқылы 

қоныс аударатын өңірлермен таныстырған. Нəтижесінде тек қана 1958 ж. Көкшетау облысының кол-

хоздары мен совхоздарына Белоруссиядан жоспарланған 1000 отбасының орнына 1184 отбасы қоныс 

аударған оларға тұрғын үйлерді тұрғызуға жəне сиыр сатып алуға 900 мың сом кредит бөлінген, 513 

үй салынған, 218 үй сатып алынған, 837 қонысаударушылар отбасын бос пəтерлерге орналастырылған. 

1123 отбасы сиыр сатып алған, барлық дерлік қонысаударушылардың отбасында шошқа, құс жəне үй 

жанындағы қосымша шаруашылыққа қажетті жерлері болған. [13, 33 т., 1569 іс, 25, 27, 30 пп.]. Қоныс 

аударушылардың  жоспарлы  есепке  енгендері 1959 ж. 19 наурызында  КСРО  Министрлер  Кеңесінің 

№259  жəне  осы  жылға 12 мамырдағы  Қазақ  КСР  Министрлер  Кеңесінің  №409 «Қоныстандыруға 

қатысты жеңілдіктерді реттеу» туралы қаулысына сəйкес республика аралық жəне республика ішілік 

көші-қон  бойынша  жеңілдіктер  алатын  болды. 1956 ж.  сəуірде  қабылданған  КСРО  Министрлер 

Кеңесінің «Қазақ КСР-на қоныстанушыларға қатысты жеңілдіктер туралы» қаулысында көші-қон мен 

соған  байланысты  жеңілдіктермен  пайдалану  республикада 1970 ж.  дейін  ұзартылды. [14]. Осымен 

қатар жыл сайын тың жерлердегі шаруашылықтардағы астықты жинауға кең көлемде студенттер, қала 

тұрғындары,  өзге  республикалар  мен  облыстардан  механизаторлар,  əскери  автобатальондар,  əскери 

комиссариаттың  көмегімен  жасақталған  бөлімдер  жіберіліп  отырды.  Мұның  барлығы,  өз  кезегінде 

қосымша шығындарды қажет етіп жиналатын астықтың өзіндік құнына əсерін тигізді.

Жалпы Қазақстанда тың жəне тыңайған жерлерді игерудің нəтижелерін қазіргі заманғы əлеуметтік-

экономикалық  жəне  саяси  шындық  тұрғысынан  алып  қарасақ,  онда  оның  рөлі  күмəнсіз.  Тыңның 

арқасында  Қазақстан  халқының  жан  басына  шаққанда 2 мың  кг  астам  астық  өндіруге  қолы  жетті. 

Ал  əлемдік  тəжірибеде  азық-түлікке  деген  сұранысты  қамтамасыз  ету  үшін 1 мың  кг  төңірегіндегі 

көрсеткіш жеткілікті. Оның үстіне Қазақстан тек өз қажеттерін ғана өтеп қоймай, сыртқа астық сатуға 

мүмкіншілік алды. Оның бірден-бір себебі бидай өсірілетін əлемдік егіс көлемінің 90-95 құрамында 

2-4ғана  белогы  бар  жұмсақ  бидай  егілсе,  Қазақстанның  тың  жерлерінде  негізінен  құрамында 20-22 

белогы бар қатты бидай өсіріледі. Ал астық құрамындағы белокты бір процентке көбейту жиналған 

астықтың шығымдылығын гектарына 6-7 ц арттырумен қатар, одан дайындалатын өнімдердің сапа-

сын жақсартып, сақтау мерзімін ұлғайтады. Осыған байланысты əлемде Қазақстан астығына сұраныс 

күшті.

Тың игеру жылдарында негізінен солтүстік облыстарда жаңа қалалар, элеваторлар, жүздеген посел-



калар, совхоз орталықтары салынды. Тыңның алғашқы екі онжылдығында ғана қатқыл табанды авто-

мобиль жолдарының ұзындығы 14 еседен астамға, ал теміржолдың ұзындығы 2 жарым мың шақырымға 

өсті.  Осы  уақыт  ішінде 90 мың  шақырым  электр  жүйесі,  оның  ішінде 85 мыңы  ауылдық  жерлерде 

тартылды [15]. Ауылдық  жерлерде  жүздеген  мектеп  пен  емхана,  басқа  да  əлеуметтік  тұрмыстық 

жəне мəдени нысандары салынды. Тыңда жыртылған жерлерді шаңды борандардан сақтайтын жаңа 

агротехникалық жəне топырақты қорғау жүйелері алғаш игерілді. Тың көңілі қалаған жұмыс тапқан, 

бар ауыртпалықтарды, негізінен түсінбеушілік, жеткілік ұйымдастыра алмау салдарынан орын алған, 

бастан кешірген тың игерушілердің бір тұтас ұрпағын тəрбиелеп шығарды. Олар бар қиыншылыққа 

шыдап, елдегі азық – түлік мəселесін шешу жолында аянбай еңбек етті.

Осымен қатар тың игеру ауыл шаруашылығын интенсивті жолмен дамуын тежеді. Тың игеру науқаны 

ұзақ жылдар бойы Одақты ауыр халде ұстады. Байырғы астықты ауылдардың есебінен тың игеруші 

аудандарға мол қаржы, техника, құрылыс материалдары жіберілді. 1958 ж. 28 желтоқсандағы КСРО 

ауыл шаруашылығы алқасының қаулысына сай бүкіл шынжырлы табанды тракторлар тек Қазақстан 

мен Сібірге жіберілді. Техниканың жіберілгені соншалық, кейін мұнда жыл сайын егін орағы кезінде 

15 мыңдай трактор, 10мыңдай комбайн бос тұратын болды [16]. 1954-1961 жж. тың жəне тыңайған 

жерлерді игеруге осы жылдары одақ көлемінде ауыл шаруышылығын дамытуға бөлінген қаржының 

20жұмсалды. Осының салдарынан, экономистердің пікірі бойынша, байырғы астық өндіруші аудандар 

күйзеліске ұшырап жыл сайын кемінде 25-30 млн т. астық кем жиналған [17].

Тың  игеру  жылдары  сталиндік  қоныс  аудару  саясаты  жалғастырылып  елдегі  демографиялық 

жағдайды одан əрі күрделендірді. Тың өлкесіне кең көлемде қоныс аудару одақтың еуропалық бөлігі 

үшін де, Қазақстан үшін де тиімсіз болды. Өйткені сол кездің өзінде-ақ одақтың еуропалық бөлігінде 

жылдан-жылға селолық жерлерде тұрғындар саны азайып, ал біздің республикамызда керісінше өсіп 

отырған болатын. Осы ерекшеліктер ескерілмей, онсызда саны кеміп отырған еуропалық аудандардан, 

негізінен Украинадан, Ресейден, Белоруссиядан, Молдавиядан 1954-1962 жж. Қазақстанға 2 млн астам 

адам көшіріліп əкелініп қазақтардың үлес саны 30 дейін төмендеді. Тек 1955 ж. 1953 ж. салыстырғанда 


121

қоныс аударушылар есебінен Ақмола облысында халық саны 96 есе, Қостанай облысында 23 есе өсті. 

Келгендердің арасында Украина мен Белоруссияның еңбекпен түзеу колониялары мен айып батальон-

дарында жазасын өтеп жатқандар да болды. Өзінің қамау мерзімінің басым бөлігін өтегендерге тыңда 

жұмыс істеуге келісім бергені үшін кешірім жарияланды [18].

Оған керісінше Украинаның, Белоруссияның, əсіресе Ресейдің бір қатар өңірлерінде мыңдаған се-

лолар бос қалды. 1954-1959 жж. аралығында ғана бір Ресейдің өзінде колхозшы қожалықтардың саны 

1 млн астам қысқарып кетсе, 1990 ж. басында жыл сайын Ресей картасынан шамамен 3 мыңдай село 

түсіп қалып отырды [19].

Қоныс аударушылардың аса көптігінің салдарынан жергілікті салт-санаға, тілге, елді мекендердің 

атауына назар аударылмай, əлеуметтік-экономикалық ортаны интернационалдандырудың тікелей ру-

хани өмірге кеңінен енуі ұлтаралық қатынасты күрделендіре түсті. Жоғарғы оқу орындарында, техни-

кумдарда, училищелерде қазақ тілі жоқтың қасы болды. Жергілікті жерлерде қазақ мектептерінің саны 

700-ге кеміп, қазақ тілінде шығатын əдебиеттердің, баспасөз саны күрт төмендеп кетті. Бір ғана Ақмола 

облысында тың игеру жылдары 155 қазақ мектептері жабылып, ана тілінде білім беретін небəрі бір 

мектеп сақталып қалса, Көкшетау қаласында барлық мектеп орыс тіліне көшірілді. Елді мекендердің 

тарихи аттары жойылып олардың орнына тың игерушілердің қай жерден келгенін білдіретін совхоздар 

салу үрдісі кеңінен қанат жайды. Тың өлкесінің құрамына кіретін бес облыста 200-ден астам селолық 

жəне  аудан  орталықтарының  аттары  орыс  тіліне  ауыстырылды [20]. Əсіресе  «Целинный»  атаулары 

қаптап кетті. Аз уақыттың ішінде 30 село мен ауылдық кеңістің, бір ауданның атауы осылай атанды 

[16].

Тың  игеру  Қазақстан  өндіргіш  күштерін  дамытуға  да  өз  əсерін  тигізді.  Халық  шаруашылығын 



дамытуға  бөлінген  қаржының  басым  бөлігінің  тың  жəне  тыңайған  жерлерді  игеруші  өңірлерге 

бағытталуының  салдарынан  республиканың  батыс  жəне  оңтүстік  аймақтарының  өндіріс  күштері 

солтүстік, шығыс, ішінара орталық аудандармен салыстырғанда баяу дамыды.

Қазақстандағы тың жəне тыңайған жерлерді игерудің тарихи тағылымдары осындай. Олардан туын-

дайтын қортынды тың жəне тыңайған жерлерді игеруге тек бір жақты баға беруге болмайды. Жоғарыда 

аталған келеңсіз құбылыстарға қарамастан бүкілхалықтың, 50-60 жж. тың игерушілердің ерлік еңбегінің 

арқасында тың даланың игеріліп, егіншілік айналымға қосылуы Қазақстан халық шаруашылығының 

барлық салаларының өндіргіш күштерін дамытуға, экономикасының өсіп-өркендеуіне əсер етті.



Əдебиеттер

1. Бөкейханов Ə. Таңдамалы. - Алматы, 1995. -73 б.

2. КПСС в резолюциях и решениях съездов,конференций и пленумов ЦК. - М.: Политиздат, 1971. Т.6. – 438 б.

3. Народное движение за освоение целинных земель в Казахстане. – М.: Госполитиздат, 1959 – 727 б.

4. Партия – организатор крутого подъема сельского хозяйства СССР. Сб. документов (1953 - 1958). - М.: Гос-

политиздат, 1958. – 520 б.

5. Народное хозяйство СCСР в 1960 - Стат. ежегодник. - М.: Госстатиздат, 1961. – 943 б.; // Казахстанская 

правда, 1984. – 17 марта.

6. ҚР ОММ, 1137 қ. 21 т., 153 іс, 56 п; 156 іс. 84 п.

7. XVIII съезд Коммунистической партии Украины. 23-26 марта 1954. Материалы съезда. – Киев, 1954. – 19-

20 бб.

8. Тайжан Б. Лениндік сыйлықтан қағылды // Жас Алаш., 2012, 28 маусым.



9. КСРО ХШ ОММ, 7803 қ., 6 т., 1185 іс, 124, 125, 127 пп.

10. Советский рабочий класс на современном этапе. – М., 1964. - 99 б.

11. Плоды великого содружества. Исторический опыт братской помощи и сотрудничества народов Советско-

го союза в экономическом и культурном развитии Казахстана. – Алма-Ата: Казахстан, 1968. – 384 б.

12. Из истории социалистического строительства в Казахстане. Труды Института истории, археологии и эт-

нографии АН КазССР. Т.9. - Алма-Ата, 1960. – 12 б .

13. ҚР ПМ. 708 қ., 31 т., 1547 іс. 30 п.

14. ҚР ОММ, 1987 қ., 2 т., 18 іс, 248 п.

15. Назарбаев Н.Ə. Көтерілген тың – достық пен жасампаздық белгісі // Егемен Қазақстан, 2004, 7 ақпан.

16. Егемен Қазақстан,2004, 6 ақпан.

17. Русинов И.В. Аграрная политика в 50-е - первой половине 60-х годов: опыт и уроки // Вопросы истории 

КПСС. – 1988. - № 9 – 40 б.

18. Неделя. – 1990. - № 3. - 16 б.

19. Сельское хозяйство СССР. Стат. Сб. - М., 1960. – 493 б.; // Известия, 1990, 24 желтоқсан.

20. Казахстанская правда, 1990, 29 қараша.


122



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет