Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғылым комитеті ш. Ш. УƏлиханов атындағы тарих жəне этнология институты



Pdf көрінісі
бет57/61
Дата03.03.2017
өлшемі4,5 Mb.
#5474
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

ҚОЖАМЖАРОВА Д.П.

Тараз МПИ ректоры, т.ғ.д., проф.,

ҚР ҰҒА мүше-корр.

СЫР ӨҢІРІНЕ ХИУА ХАНДЫҒЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ

ХІХ ғасырдың басына қарай қазақ даласы, соның ішінде Кіші жүз қазақтары жан-жақтан жасалған 

шапқыншылықтардан кейін əлсіреп, нəтижесінде зор əлеуметтік-экономикалық жəне саяси дағдарысқа 

ұшырайды да Ресей империясының отарына айнала бастайды. Дегенмен азаттықты ту етіп көтерген 

жəне тəуелсіздіктен айрылғысы келмеген кейбір қазақтың билеуші сұлтандары өздеріне бағынышты 

руларымен бірге көрші жатқан мұсылман, əрі шыққан тегі бір туысқан Хиуа хандығымен одақтасып, 

солардың  көмегімен  Ресейдің  экспансиясына  қарсы  ортақ  майдан  құруға  ұмтылады.  Алайда  қазақ 

сұлтандарының  бұл  əрекеттері  Кіші  жүзді  саяси  бытыраңқылыққа  əкеліп  қана  қоймай,  оның  бір 

бөлігін Хиуа хандығының ықпалына түсуге жағдай жасады. Яғни, Сырдың төменгі ағысын мекендеген 

қазақтар патша өкіметі мен Хиуа хандығының қыспағында қалады.

Аралдық өзбектер мен жаңадариялық қарақалпақтарды бағындырған Хиуа хандығы алдына бірінші 

кезекте Сырдың төменгі ағысын мекендеген қазақ руларын бағындыруды мақсат етіп қояды. Хиуада 

1819  жəне 1820 жылдары  екі  рет  болған  Н.  Муравьев  Хиуа  ханының  Сыр  қазақтарына  ерекше  на-

зар аударып отырғанын көрсете отырып, былай деп жазады: «Мен Хиуада жүрген кезімде Мұхаммед 

Рахим Сырдарияның сағаларын басып алуға кірісе бастайды. Оның жіберген адамдары сол жерлер-

де болып, маңайындағы халықты билікке кіргізуге жəне Бұқарадан Ресейге бара жатқан керуендерді 

қорқынышта ұстау үшін өзен жағалауына бекіністер салуға кіріскен сияқты. Егерде ханның ойы жүзеге 

асса, онда оның шекарасы солтүстікте Сырға дейін, батысы Арал теңізіне дейін созылып, оның ықпалы 

бізге бағынышты қазақтарға дейін таралуы əбден мүмкін» [1, с.5-6].

Ал бұл жерде Хиуаның қазақтармен байланыс орнатудағы мақсатына келетін болсақ, оның басты 

себебі - Ресей  отаршылыдығына  деген  ортақ  күрес  майданы  еді.  Өйткені  Орталық  Азиядағы  басқа 

хандықтарға қарағанда Хиуа хандығы Ресей империясына үлкен күдікпен қарап, барынша қарсы жа-

угершілік саясат ұстанды. Яғни, Ресей империясының қазақ даласындағы отаршылдық саясаты, ерте 

ме, кеш пе Хиуа хандығына да жететінін біліп, күндердің күнінде өздерінің саяси бостандықтарына 

шектеу қоятындығын түсінді жəне Ресей империясының күшін сезген Хиуа ханы одан қорықты. 

Сондықтан  Хиуа  хандығы  тез  арада  өз  əскерлерін  қаруландырып,  орыс  əскерлерінің  алды-

на  қорғандарын  сала  бастады.  Хиуалықтар  Сырдарияның  төменгі  ағысына  Қылыш  қала,  Құртөбе, 

Қожанияз,  Жаңақала  жəне  тағы  басқа  да  бірнеше  бекіністер  салды  немесе  ескілерін  қалпына  кел-



389

тірді.  Хиуалықтардың  бекіністер  салуына  мазасызданған  патша  əкімшілігі  олардың  əрбір  қимылын 

зер  сала  қадағалап  отырды.  Оны  Орынбор  губернаторы  Перовскийдің  Сыртқы  істер  министрі 

К.Н.  Нессельродқа  жіберген  мəлімдемесінен  көреміз.  Ондабылай  делінеді: «Орынбор  өлкесіне  бай-

ланысты  Жоғарғы  мəртебеліме  жіберген  мəліметтерде  мен  Сырдария  бойында  салынған  хиуалық 

бекіністердің мақсаты ол жаққа көшіп барған Орынбор қазақтарын өзіне қарудың күшімен бағындыру 

жəне олардан салық жинау, сонымен қатар жанынан өткен сауда керуендерге əр түрлі алымдар төлету 

екенін бірнеше рет көрсеткен болатынмын» [2, 397-398 пп]. Перовскийдің хатынан хиуалықтар жер-

гілікті  қазақ  руларын  бағындыру  үшін  салынған  дейді,  алайда  Сырдың  бойына  бекіністер  салған 

кезде  хиуалықтар  көбінесе  қазақ  руларының  билеушілеріне  иек  артқан  жəне  бекініс  құрылыстарын 

жүргізгенде билер өз күштерімен атқарып, кейін сол қорғандарды басқарған. Мəселен Қылыш қаланың 

негізін  қалаған  Қарасақал  руының  билеушісі  Қылыш  Мейірманов  болса,  Қожанияз  да  қазақ  руын 

басқарған  би  болатын [3, с. 277]. Яғни,  Хиуа  хандары  ХІХ  ғасырдың  басына  дейін  Сырдарияның 

төменгі ағысының қазақ билеушілерін өз ықпалына көндіруге бата алмады.

Өйткені Ресейге де жəне Хиуаға да бағынбай өздерін дербес ұстаған қазақ сұлтандары жауынгерлік 

рухын əлі де сақтап келген Сыр бойындағы қазақ руларына сүйену арқылы сауда керуендерін тона-

умен айналысып қана қоймай, орыс шептеріне дүркін-дүркін шабуыл жасап отырды. 

П. Юдиннің пікіріне сүйенетін болсақ, Қаратай сұлтан, Сүйінқара батыр басқарған көтерілісшілер 

казак-орыстардың тек малдарын ғана емес, адамдарын да тұтқынға алып, керуендерді тоқтатып, тона-

ды, бүкіл даланы дүрліктіріп, қазақ руларын орыс əкімшілігіне бағынбауға үгіттеді, орыс шекара шеп-

теріне ерекше қауіп төндірді деп атап көрсетті [4, с.3-4]. 1806-1807 жылдың қыс айларында Қаратай 

сұлтан  Шөмекей  руының  Төкен  бөлімінің  старшыны  Айтембетпен  келісе  отырып,  Хиуа,  Бұқара 

хандықтарымен байланыс жасауға əрекеттенеді. Шерғазы ханның хат жүргізушісі молда Файзуллиннің 

губернаторға жазған мəлімдемесіне қарағанда Қаратай сұлтан елшілер ретінде адамдарын Хиуа, Бұхара 

қалаларына  аттандырып,  патшалық  Ресейге  сауда  керуендерін  жібермеуге  үгіттеді  деп  жеткізеді [5, 

128-129 пп]. 

Алайда  қазақтардың  сауда  керуендерін  тоқтатуы  Ресейге  ғана  емес,  Хиуаға  да  көп  шығындар 

əкелді. Сауда-саттық мəселесінде хиуалықтар өзінің мүддесін ойлап қазақ сұлтандарына қоқан-лоқы 

күш  көрсете  бастайды. 1811жылдың  қысында  Хиуа  ханы  Мұхаммед  Рахим  Сұлтан  Темір  ханға  ел-

шілік жіберіп, өзіне бағынуын, тұтқынға түскен Хиуалықтарды бəрін босатуын жəне Орталық Азия 

мен Ресейден шыққан керуендерді тонауын тоқтатуды талап етіп, өзіне берілген рулардан құралған 

əскермен 1812 жылы қаңтар айында Шөмекей руын жазалау үшін Сыр бойына аттанады да, қазақтарды 

ойсырата шығынға ұшыратады [6, 290 б]. 

Хиуа хандығының Сыр бойы қазақтарын өз билігіне кіргізуге ұмтылған үстемдік саясаты ХІХ ғасыр 

басындағы қазақ-хиуа қатынасына түпкілікті əсерін тигізді. 

Кезінде  Əбілхайыр  ханнан  бастап,  Қайып  хан,  Қарабай  сұлтандар  билеген  Хиуаның  Сыр  бойы 

қазақтарының руларына жасалған қысымды көрген Əбілғазы Қайыпұлы мен Арынғазы Əбілғазыұлы 

Хиуаға деген көзқарасын өзгертеді. Əбілғазы хан басқарған Шекті рулары Хиуаны өз еркімен мойын-

дамайтынын Мұхаммед Рахим де жақсы түсініп, 1815 жылдың қысында тағы да Сырдың қазақтарына 

шабуылдап, бұл жолғы басты соққыны Əбілғазы хан, Арынғазы сұлтан басқарған Шектілерге берді. 

Тұтқиылдан  бас  салған  қият  Сүйін  би,  маңғыт  Досым  би,  Ильяс  Шиғауыл  басқарған 5 мың  мұздай 

қаруланған хиуалықтарға төтеп бере алмай, Əбілғазы хан, Шекті Жанназар би бастаған ел Сырдарияның 

арғы бетіне өтіп кетеді [7, 10 п]. 1815 жылы Əбілғазы қайтыс болғаннан кейін Шекті руының қазақтары 

оның ұлы Арынғазы сұлтанды таққа отырғызады. Хан сайлауы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 

Жанкент қаласында өтті. Шекті руы ішінде Арынғазы ханға тірек болғандар-Жақайым мен Кішкене 

аталары еді. Хан сайлауға Шөмекей, Жағалбайлы, Төртқара, Жаппас руларынан қолдаушылар қатысқан 

[8, 172 п].

Арынғазының  Хиуаға  оңайлықпенен  бас  имейтінін  жəне  Ресй  тұрғанда  күшпен  ала  алмайтынын 

пайымдаған Мұхаммед Рахим енді қазақ сұлтандарының арасына жік салуды көдеп, басқа сұлтандарды 

Сырдария қазақтарының ханы жариялауға кіріседі. 1818 жылы Хиуа ханы Арынғазының немере ағасы 

Шерғазы сұлтанды өзіне шақыртып алады да, оған Хиуадағы тұтқын қазақтарды босатып береді де, 

оларды  Сыр  бойындағы  Шерғазы  сұлтанға  бағыныштылармен  бірге  топтастырады.  Кейін  Шерғазы 

сұлтан  осы  топпен 50 түйеден  тұратын  орыстардың  керуенін  тонап  алады.  Патша  үкімеінің  тала-

бынан  шыға  алмаған  Арынғазы  Шерғазыдан  тоналған  керуенді  орыстарға  қайтартқызады.  Осыдан 

кейін Шерғазы сұлтан Ресейдің ықпалына түсіп қалған Арынғазының əрекетіне көңілі толмай, Хиуа 

бағытына қарай өтеді [9, с.36]. Осылайша қазақ сұлтандары билік үшін бір-бірімен араз болып, бірі 

Хиуа  жағына  өтсе,  екіншісі  Ресей  билігінен  үміт  күтті.  Арынғазы  мен  Шерғазының  арасындағы 


390

араздықты 1819 жылы 2 сəуірде Орынбор шекара комиссиясына Арынғазы ханның тілмəші Рахметолла 

Мұртазиннің жолдаған хатынан көруге болады. Хатта былай деп жазылған: «Сұлтан Шерғазы хан ретін-

де Үргенішке шақырылды. Оны Төртқара мен Шекті рулары мойындады. Ал Арынғазы өз халқымен 

Сырдария  өзенінен  Кіші  Борсыққа  көшті.  Бүгінде  Үргеніште  Арынғазы  інісі  Арлу  сұлтан  қамауда, 

оны  Мұхаммед  Рахим  жібермей  отыр» [10, 2 п].  Осылайша  Хиуа  ханын  қолдаған  Шерғазы  сұлтан 

Хиуа бекіткен хан болады да, Арынғазы өзінің руларымен Кіші Борсыққа көшеді. Алайда Шерғазының 

хан  болғанын  қаламаған  Арынғазы  хан  елінде  Халық  Кеңесін  өткізіп,  онда  қазақ  рулары  өздері 

сайлаған Арынғазыны хан ретінде мойындайтынын, өзге ханды енді тануы мүмкін еместігін мəлімдеу 

үшін Хиуаға елшілік жіберу шешіледі. Елшілікке Арынғазының інісі Арду басшы болып бекітіледі. 

Қазақ елшілері Хиуаға келген соң, Мұхаммед Рахим хан қабылдауында болып, қазақ-хиуа қатынасы 

мəселелерін талқылайды. Бірақ Арынғазы ханның көзқарасын сезген Хиуа ханы Ардуды еліне жібер-

мей тұтқынға алады. 1819 жылы наурыз айында хан болып сайланған Шерғазы Қайыпұлы Хиуамен 

байланысты  күшейту  мақсатында  өз  қызын  Мұхаммед  Рахимға  тұрмысқа  береді.  Бірақ  Шерғазы 

жұмбақ жағдайда ажал құшады. Орыс деректерінде оның өлімін Хиуа ханы ұйымдастырған делінеді 

[11, 20 п]. Дегенмен деректе көрсетілгендей Хиуа ханы Шерғазыны Арал маңына қамал салмақ болған 

үшін өлтірді дегені қисынға келмейді. Оның салған қамалы Хиуағаға ешқандай қауіп төндіре алмас 

еді. Оған дейін де Арал маңында қазақтар тұрғызған бірнеше қамалдар тізбегі болатын. 1819 жылы 21 

қарашада Хиуа ханы қайтыс болған Шерғазының орнына баласы Жанғазы сұлтанды таққа отырғызады 

[8, 178-179 пп]. Жанғазының таққа отыруына қарсы болған Арынғазы Хиуа ханына Кіші жүз тағына 

отырған  адамды  Ресей  немесе  Бұқара  мойындамаса,  өзінің  жаңа  ханға  бас  имейтінін»  хабарлайды. 

Сонымен қатар ол 1819 жылы желтоқсанда Сыр бойына зекет жинауға келген үш хиуалықты ұстап 

алып, патша əкімшілігіне жібереді. Арынғазының орыстардың көңілінен шығу үшін жасаған дəл осы іс-

əрекеті Хиуаның ашу-ызасын туғызып қазақтарды бекерден-бекер қырғынға ұшыратады. Нəтижесінде 

Арынғазының беделі халық арасында тым төмендеп кетеді [8, 179 п]. Осы жағдайды пайдаланған пат-

ша үкіметі Арынғазыны халық сенімінен түпкілікті айыру жəне Хиуадан мүлдем байланысты мүлдем 

үздіру үшін оны 1819 жылы 9 желтоқсандағы Сыртқы істер министрі К.В.Нессельроденнің шешімімен 

уақытша Кіші жүзді басқарушысы етіп тағайындайды [12, 11 п].

Сыр бойында отырып, толығымен Ресей билігіне қызмет жасай бастаған Арынғазы Хиуаға нақты 

қауіп төндірді. Арынғазының патша əкімшігіне ұстап берген үш зекетшіні сылтауратқан Хиуа хандығы 

Мұхаммед Рахим 1820 жылы 25 ақпанда 12000 əскермен Сыр бойындағы қазақ ауылдарына шабуыл 

жасайды. Шабуыл қыста ұйымдастырылғандықтан орыс əскерлері көмекке жете алмайды. Тұтқиылдан 

жасалған шабуылдан 350 адам өліп, мыңнан аса қазақ қолға түсіп, олардың арасында Арынғазының 

анасы, бауыры Нұрым сұлтан, оның əйелі, ұлы кетеді. Қазақ руларынан 4173 түйе, 7085 жылқы, 1138 

ірі  қара, 45675 қой  Хиуаға  айдап  əкетілді. [13, с.36].  Арынғазының  өзі 1822 жылы  сəуір  айында  І 

Александрға жолдаған хатында «...үлкен-кіші бауырларымнан 33 жанды Хиуаға алып кетті. Мұхаммед 

Рахим «енді Арынғазы менің боданым болады»-деп хабарлаған [14, 44 п]. Кейін Хиуа хандығы бағытын 

ұстанғандардың қатарына Тəуке Қайыпұлының ұрпақтары қосылады. Жанғазы басқарған қазақ рулары 

Хиуа ханының ықпалында болғанымен өздерін дербес ұстап, қазақ даласы арқылы Ресейге өтетін керу-

ендерді тоқтата отырып, орыстың басқыншылық саясатына өз қарсылықтарын білдіруді жалғастырды. 

1823  жылы  жазда  бұқарлық  саудагерлер  патша  əкімшілігіне  Ресейге  шыққан  керуенді  Сыр  бойына 

жетпей Жанғазы бастаған қазақтардың керуеннен 8000 сомның тауары мен 5 түйені тонап кеткені ту-

ралы шағымданып, тоналған тауарлардың кері қайтаруды өтінеді [15, 1-2 пп]. 1824 жылы 4 қарашада 

патша əкімшілігі жағдайдың мəн-жайын анықтауды Ресей билігін қабылдаған Орта бөліктің билеуші 

сұлтаны Темір Ерəліұлына тапсырады. Темір сұлтан болса Жанғазы жне оның рулары Хиуа ханына 

бағынатынын айта келе, «мен одан тек қана тоналған мүлікті алағаным былай тұрсын, тіпті одан өзімде 

қауіптенемін, сондықтан алдағы уақытта егер Жанғазы сұлтан билігіндегі қазақтардан қандай да бір 

зұлымдық  болса,  ондай  жағдайда  комиссияның  менен  оны  орындауды  талап  етпеуін  өтінемін»  деп 

жауап қайтарады [15, 7-10 пп]. 

Аллақұлдың  тұсында  да  орыс  керуендеріне  жасалған  шабуылдар  бір  сəтте  толастамай,  Жанғазы 

бастаған Сыр бойының қазақтары Ресей - байланыс жасаған Бұқар керуендеріне кедергі келтіреді. 1828 

жылы жазда Бұқар саудасына кедергі келтіруді жалғастыра береді. Мəселен, Орск бекінісіне шыққан 

керуенді Жанғазы бастаған шекті, төртқара қазақтары мен хиуалықтардың біріккен қолы Қуаңдария 

бойында  тоқтатады.  Бұл  жолы  керуендегі  орыстардың  əскер  саны  көп  болып,  қазақтарға  мықты 

қарсылық көрсетеді [16, 55 п]. 

ХІХ  ғасырдың 30-жылдарында  орыстардың  Сыр  бойына  қарай  жылжымақ  ниетін  байқаған 

Аллақұл хан өңірдегі қазақтарға əрдайым өз ықпалын сақтауға тырысып, қазақтар арасындағы беделді 


391

тұлғаларды Хиуа бағытына тарту жəне оларды Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы пайдалану үшін 

қолынан келген шараларды барынша жасап бақты. 

1824 жылы патша əкімшілігі қазақ даласындағы хандық билікті жойған соң, Кіші жүздің соңғы ханы 

Шерғазы Айшуақұлы биліктен мүлдем шеттетіледі. Сол кезде ол Хиуа ханына Кіші жүздегі хандық 

билікті  қайтарып  беру  жөнінде  өтініш  жасайды.  Хиуа  ханы  Аллақұл  болса  Кіші  жүзді  толығымен 

өзіне бағындыруды көздеп, Шерғазының өтінішін қабыл алады. Екі елдің одағы нығайту мақсатында 

Шерғазы өзінің қызын Аллақұлға ұзатады. Бұл жөнінде орыс деректерінде 1827 жылы 9 маусымда бы-

лай деп мəлімет беріледі: «...бұрынғы хан Айшуақов жəне ұлы Едіге екеуі қосылып, бүкіл Кіші жүзге 

хан болуды сұрап қызы Діллабикені Хиуа ханы Аллақұлға жібереді» [17, 33 п].

Шерғазының қызы Діллабикеге үйленген Аллақұл оған Кіші жүзді билеу жөнінде грамота береді, 

сондай-ақ  «хиуалық  хан  бүкіл  Кіші  жүз  ордасына,  барлық  рубасыларына  қазақтар  Шерғазыны  хан 

ретінде мойындасын, көнбегендерді жазаға тартылатыны туралы өзінің жарлығын шығарады» [17, 45 

п]. Бірақ та береке мен бірлік кеткен Сыр бойындағы қазақ рулары Шерғазыны толық қолдамай, тек 

Жетірудың бір бөлігі, яғни табындар ғана оған бағынады. 

Аллақұл хан Шерғазыдан басқа да Жанғазы сұлтан, Əбілхайыр ханның шөбересі Сауқым, Қайыпқали, 

сəл  кейінірек  Елекей  немесе  Ермұхаммед  сияқты  қазақ  сұлтандарын  Сыр  бойы  қазақтарын  басқару 

үшін Хиуаға шақырады [18, 22 п].

Сонымен қатар Хиуа ханы Ресей саясатынан ығысқан қазақ сұлтандарын Сыр бойын мекендеген 

қазақ руларын өзіне бағындыруға жəне сұлтандар арқылы қазақтардан алым-салық жинауды көздеді. 

1832  жылы  сəуірдің  басында  Жанғазы  Шерғазыұлы  бастаған  төртқара  қазақтары  мен  хиуалықтар 

Жаңадария мен Қуаңдария бойын мекендеген Шөмекей руларына соққы берген. Оған шөмекейлердің 

бұрын  Хиуаға  төлеп  тұрған  салықтарын  үш  жылдан  бері  бермеуі  себеп  болған.  Осы  шабуылды 

орыс əкімшілігіне хабарлау үшін шөмекей қазақтары Орсы бекінісіне аттанған. Шепке 30 шақырым 

жетпей  Сарбұлақ  мекенінде  Сасан  Алшынбайұлы,  Шал  Өтеғұлы  бастаған  шекті  руының  Назар 

бөлімінің 40 шақты қазақтары оларға шабуыл жасап, айырбасқа əкеле жатқан тауарлары мен шөмекей 

билерінің орыс үкіметіне жодаған хаттарын тартып алған [19, 24 п]. Cөйтіп шекті, төртқара рулары 

шөмекейлердің  Ресеймен  байланыс  жасауына  қарсы  болды.  Сыр  бойы  қазақтарына  хандық  құрған 

Жанғазы өз иелігінде тəртіп орнатуға жəне қазынасын керуеннен түскен салықтар арқылы толтыруға 

ұмтылған. 1833 жылы 14 маусымда Бұқарадан шығып, 29 шілдеде Орск бекінісіне жеткен Бұқар керуені 

арқылы Жанғазы Шерғазыұлының Кіші жүздегі іс-əрекеті жөніндегі хабарлар жетеді. Керуен бастығы 

Р.Атамбаевтың  мəлімдеуінше,  сұлтан  Жанғазы  Шерғазұлы  қазақтардың  барлық  жаман  қылықтары 

мен өзіне бағынбағандарды өлім жазасымен жазалаған, соған байланысты қазір тыныштық орнаған. 

Қарақұмға жеткен тұста Жанғазы бастаған шекті, төртқара рулары керуенді тоқтатқан. Олар керуенді 

үш күн ұстап, əр түйеден бір шапаннан алым алған соң босатқан [20, 25 п]. Бұл туралы 12 тамызда 

Шекаралық  комиссияға  мəлімдеген  губернатор  В.А.Перовский  Азиялық  керуендердің  қазақ  даласы 

арқылы Ресейге қауіпсіз келуіне ерекше назар аударуды ұсына отырып, соған орай Жанғазы сұлтанды 

жақтастарымен бірге ұстауға мүмкіндік беретін барлық шараларды қолдануды, сөйтіп оның төртқара, 

шекті,  шөмекей  қазақтарына  «зиянды  ықпалын»  жоюды  тапсырады.  Комиссия  керуенді  тоқтатқан 

сұлтан Жанғазы Шерғазұлы Сырдың арғы жағын мекендеп, өзін Хиуа ханының боданы есептейтінін 

жəне  алым-салық  алудан  пайда  табуы  үшін  Бұқар  керуендерін  əрқашан  өз  иелігі  арқылы  өткізуге 

ұмтылатынын мəлімдей келе, «сондықтан Жанғазы сұлтаннан əрдайым Сырдария арқылы Бұқардан 

тікелей шепке келетін керуендерге қарсы жағымсыз əрекеттерді күтуге болады» деді [20, 29-33 пп]. 

Жалпы алғанда ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарында Жанғазымен қатар Хиуа хандығы бағытын ұстанған 

Кіші жүздің басқа да беделді сұлтан, би, батырлары болды. Сұлтандар Қайыпқали Есімұлы, сауқым 

Бөлекейұлы, Ғұмарғазы Шерғазыұлы, Қожа төре Тəукеұлы, Бөрі Тəукеұлы, Елекей Қасымұлы, тархан 

Жүсіп Сырымұлы, батырлардан Жоламан Тіленшіүлы, Есет көтібарүлы жəне тағы басқа да қазақтың 

игі-жақсылары Ресейге қарсы күресте Хиуа ханын пайдалану жолын таңдады. 



Əдебиеттер 

1. Муравьев Н. Сношение России с Хивой. -СПб., 1812.

2. РФРССМ. Бас мұрағат. 1-9-қ., 5-іс.

3.  Мадуанов  С.  Шалекенов  М.  Истоия  взаимоотношений  народов  Туркестана  в XVІІІ – начале  ХХ  вв. – 

Туркестан: Международный казахско-турецкий университет имени Х.А.Ясави, 2000. – 436 с. 

4. Султан Каратай // Тургайская областная ведомость. - Оренбург, 1894. - № 36.

5. РФОрОММ. 6-қ., 10-т., 716-іс.

6. Қазақстан тарихы (Көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. – Алматы: Атамұра, 2002. - Т.3. – 786 б.



392

7. РФОМƏТМ. ƏТМ-қ., 1-т., 6792-іс.

8. РФМТМ. 1291-қ., 81-т., 112-іс.

9. Мейендорф Е.К. Путешествие из Оренбурга в Бухару. – Москва: Наука, 1975. – 180 с.

10. РФОрОММ. 6-қ., 10-т., 2028-іс.

11. РФОрОММ. 166-қ., 1-т., 3-іс.

12. ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 251-іс.

13. Мейер Л. Киргизская степь Оренбургского ведомства. - СПб., 1865. – 288.

14. РФМТМ. 1291-қ., 81-т., 124-іс.

15. ҚРОММ. 4-қор. 1-тізбе. 4707-іс.

16. РФ ОрОММ. 166-қор. 1-тізбе. 2-іс.

17. ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 285-іс.

18. ҚРОММ. 4-қор. 1-тізбе. 416-іс.

19. РФ ОрОММ. 6-қор. 10-тізбе. 3837-іс.

20. РФ ОрОММ. 6-қор. 10-тізбе. 4097-іс.

НЕСИПБАЕВА Ж.Ж.

к.и.н., доцент, 

ИИЭ им. Ч.Ч. Валиханова

ИСТОРИЯ ДРЕВНЕГО И СРЕДНЕВЕКОВОГО КАЗАХСТАНА В ЗЕРКАЛЕ 

ПСЕВДОНАУЧНОГО ЗНАНИЯ (ОБЗОР ИНТЕРНЕТ-ИСТОЧНИКОВ)

Как точно заметил один из российских историков А.Е. Петров что некоторые «авторы» распродава-

емых «исторических трудов» демонстрируют поразительное сходство методик. Главная цель работы 

с источником у таких авторов состоит в получении фактов, укладывающихся в предложенную кон-

цепцию. Иногда лжеученые намеренно или по незнанию не могут отличить исторический источник 

от исторического исследования. Концепция выдается за доказанный факт, и на его основе выстраива-

ется целая цепь логических следствий [1, с. 5]. Поэтому в первую очередь необходимо уточнить дейс-

твительное  значение  этих  двух  научных  понятий.  Конечно,  исторический  источник  и  историческое 

исследование между собой взаимосвязаны, оба включают в себя исторический факт. Поэтому чтобы 

разобраться в данном вопросе необходимо, прежде всего, определить структуру и значение истори-

ческого факта. Ни для кого не секрет что сам термин «исторический факт» имеет неоднозначную гно-

сеологическую структуру. Самой распространенной является следующая структура: «факт-событие», 

«фрагмент исторической действительности», «историческое событие», «факт истории», «историчес-

кий факт» - исходная первая ступень; «факт-источник», «факт-информация», «сообщение источника» 

-промежуточная ступень; «факт-знание», «историографический факт», «факт-историческое сознание», 

«научно-исторический факт» [2, с. 228]. Недифференцированность терминологии приводит к смеше-

нию различных понятий. И чтобы различить понятия нужно четко определить и функциональное зна-

чение каждого из них. Факт исторической действительности – это, прежде всего, социально значимый 

факт реальной действительности, который отражен в историческом сознании и запечатлен в истори-

ческом источнике. Изучая действительность, историк воспринимает ее через содержание разного рода 

исторических источников, каждый из которых, во-первых, сам является фактом, а во-вторых, отражает 

ту или иную сумму фактов соответствующего исторического периода [3, с. 89-101]. Восприятие дейс-

твительности в источнике и восприятие источника ее исследователем зависят от многих факторов, в 

т. ч. от принадлежности историка или создателя источника [4, с. 59]. Поэтому научно-познавательные 

образы нельзя противопоставлять фактам исторического прошлого, но нельзя и отождествлять их с 

реальной исторической действительностью. Если пойти по первому пути то это может привести к кон-

цепции позитивистов факт-все, интерпретация – ничто, а второй путь приведет к чисто субъективным 

выводам. И чтобы не идти по ложному пути нужно учитывать, что важнейшее свойство научного ис-

торического факта – это его динамичность, незавершенность, содержательная изменчивость, способ-

ность к бесконечному обогащению и развитию [5, с. 24-25]. Иными словами исторический источник 

– это только отражение социально значимой исторической действительности, который как неграненый 

алмаз требует специальной обработки, а историческое исследование – это научная реконструкция ис-

следователя, которая включает в себя как объективные, так и субъективные моменты исторического 

познания. И между ними всегда проходит тонкая грань, переступив которую любой неопытный иссле-

дователь может превратиться из объективного специалиста в псевдоученого.


393

На сегодняшний день существует множество лженаучных концепций. Причем еще с древнейшего 

периода. Известный казахстанский ученый Ирина Ерофеева особо выделила то, что казахстанцы от-

нюдь не одиноки в изысканиях – стремление выдумать историю существует на всем постсоветском 

пространстве, а тех же «несчастных» Чингисхана или Аттилу «приватизировали» от Днепра до Урала и 

дальше [6].Она также отметила и стремление сделать на мифотворчестве карьеру, либо немного в ином 

смысле – создать себе имидж. В связи с этим нужно отметить, чток псевдо исследователям современно-

го периода, не только Казахстана, но вообще СНГ можно отнести М. Аджи, А.Т. Фоменко, С. Малеева, 

К.  Закирьянова,А.  Зинухова,  Г.  Табулдина,Х.  Коктанди,  Ш.  Куанганова,  Е.  Омарова,  А.  Байбатша, 

Б. Акебаева, А. Кузембайулы, Е. Абиля, Г. Оспанова, Е.Д. Турсунова, Г. Хидоятова, Т. Мадылбая и мн. 

др. 

М. Аджи переходит все исторические границы, и стремиться, полностью слить историю тюрков и 



европейцев в единый «австразийский» котел. А.Т. Фоменко опровергает исторический факт монголь-

ского нашествия на средневековую Русь. Он пишет, что вообще такого не было, как не было и никакого 

«ига» и освобождения от него. Наоборот, существовала единая братская русско-монгольская Великая 

Орда. Эта теория настолько утопична, что доводит до смешного. Его же стараниями киевский князь 

Ярослав Мудрый стал одновременно лихим «атаманом» по прозвищу «Батя», а также ханом Батыем, 

литовским князем Гедимином, ханом Узбеком и даже Иваном Калитой. Чингис-хан, чья детальнейшая 

биография – «Сокровенное предание», а также история его войн с татарами, чжурдженями, китайцами 

были написаны еще при его жизни пленными китайскими историками, «оказался» варягом Рюриком, а 

также основателем Москвы князем Юрием Долгоруким и даже - святым Георгием Победоносцем! [7] 

То есть он на столько смешал все исторические факты в одну огромную нелепую кучу, отождествил 

историю абсолютно разных стран по какому-то непонятному принципу, что о дальнейших фальсифи-

кациях не стоит даже говорить. С. Малеев в своей работе говорит не о монголо-татарском нашествии, 

а  о  казахо-татарском  нашествии  на  Русь.  В  доказательство  своим  словам  он  приводит  лондонский 

список  древнего  эпоса  «Огуз – Наме»,  датируемый  известным  российским  ученым  Бичуриным IV 

веком до нашей эры, где записана следующая древнетюркская легенда, повествующая о роде Кият: 

«Родоначальник его был хорошим стрелком из лука, однако стрелял Кият (наискось) и все равно попа-

дал точно в цель» [8]. По его мнению, раз с 2001 года, официальная наука причисляет племена найман, 

конрат, меркит к племенам тюркским. То именно эти четыре племени, включая племя кият, родом из 

которого вышел Чингисхан, избрали его своим ханом на курултае 1206 года. А далее уже внук вели-

кого полководца Батый отправляется походом на Русь во главе своей объединенной армии, состоящей 

из казахских племен. Поэтому и поход Батыя на Русь как заключает С. Малеев нужно рассматривать, 

как сугубо казахско-татарское вторжение на русские земли, но никак не монгольское [8]. Эту же тему 

продолжает К. Закирьянов который считает что Чингисхан был не монголом, а был казах-найманом. 

В первую очередь он ссылаетсяна особенный родовой знак казахов – тамга. По тамге определяли род 

того или иного кочевника, иными словами, тамга – своего рода визитная карточка номада. Так вот, у 

Чингисхана родовой тамгой служил трезубец с направленным вверх острием. Среди казахских родов 

подобную тамгу имеют роды базаналы, сиргели, жалайыр, тама и табын. После раздела империи в 1223 

году на курултае, состоявшемся в нынешней Жамбылской области, Чингисхан отдал своему старше-

му сыну Жошы в том числе территорию нынешнего Казахстана, а в качестве ближайшего окружения 

– 2 своих  родительских  рода – базаналы  и  балталы.  Базаналы  и  Балталы – это  два  брата,  рожден-

ных от Сарыжомарта, род которого называется ергенекты-найман. Таким образом, по данной теории 

Чингисхан и оказывается казах-найманом. Но на этом Закирьянов не останавливается, он делает еще 

один вывод о том, что эти два рода имеют выдающуюся историю. Они вместе с Аттилой участвовали 

в создании прибалтийских и скандинавских государств, дав им корень своего имени – Балта. Также 

они в составе войнов Одоакра, племянника Аттилы, положили конец Западной Римской империи в 476 

году. В летописях, в частности в Бертинских анналах киевских князей Рюриковичей, их именовали 

каганами, т.е. они имели тюркское происхождение. Сами же Рюриковичи, как известно, взошли на ки-

евский престол в 862 году, а с середины XIII века власть постепенно перешла к московскому княжеству 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет