Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар Педагогикалық және актерлік дарындылық белгілері мен әдістерін зерттеу.
Педагогикалық және актерлік шеберлік негіздерін талдаңыз.
Бейімділіктердің, арнайы қабілеттіліктердің, тұлғаның жалпы көркемдік дарындылығы мен шығармашылық әлеуетінің ара қатынасын анықтаңыз.
Педагогтің кәсіби маңызды ерекшеліктерін анықтаңыз.
Мамандықты меңгеру жолында нақты кедергілерді жеңу жолдарын қарастырыңыз.
Тест тапсырмалары Мұғалімдер ынтымақтастығы принципін қалай түсінесіз
а) мақсатты ынтымақтастық
ә) ойластыру ынтымақтастығы
б) педагогикалық ынтымақтастығы
в) жеке тұлға ынтымақтастығы
г) серпінді және саналы ынтымақтастық
Мұғалім мамандығы туралы «Күн астында одан жоғары мамандық жоқ», - деп айтқан педагог а) И. Г. Песталоцци
ә) Я. А. Коменский
б) К. Д. Ушинский
в) А. С. Макаренко
г) Н. К. Крупская
Мұғалім мамандығының негізгі мазмұндық ерекшелігі
а) оқыту
ә) тәрбиелеу
б) дамыту
в) басқару
д) адамдармен бірлескен қарым-қатынас 4. Мұғалім мамандығының негізгі міндеті
а) қоғамдық міндеттерді түсіну
ә) адамдармен қарым-қатынасқа түсу
б) адамдардың ерекшелігін зерттеу
в) бағдарламалық талаптарды орындау
г) адамдарды қоғамдық міндеттерді шешуге бағыттау
Кәсіптік әрекет, ұйымдастырудың жоғары деңгейін көрсететін педагогтың тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы а) педагогикалық жоспарлау
ә) педагогикалық басқару
б) педагогикалық шеберлік
в) кәсіптік әрекет
г) тұлғаның гуманистік бағыттылығы
Педагогикалық шеберліктің компоненті емес
а) кәсіптік білім
ә) педагогикалық қабілет
б) педагогикалық техника
в) адамның өмірде өзін танытуы
г) педагог әрекетінің гуманистік бағыты 6. Баланың ішкі әлемін сезу қабілеті
а) коммуникативтік қабілет
ә) сөйлеу қабілеті
б) академиялық қабілет
в) перцептивтік қабілет
г) қолданбалы қабілет
Педагогтың кәсіби шеберлігін дамытудың негізі
а) педагогтың сыртқы келбеті
ә) қоршаған орта
б) кәсіптік білім
в) өмірлік тәжірибе
г) азаматтық позиция
Педагогикалық техника сипатталады
а) педагогтың сыртқы келбеті
ә) білім және қабілет
б) педагогикалық процесс
в) жүйені өзіндік ұйымдастыру
г) практикалық әрекет
Педагогикалық шеберліктің элементі емес
а) педагог тұлғасының гуманистік бағыттылығы
ә) кәсіптік білім
б) педагогикалық қабілет
в) педагогикалық міндеттер және педагогикалық жағдаят
г) педагогикалық техника
Педагогикалық қабілеттің коммуникативтік, академиялық, дидактикалық және т. б. түрлерін көрсеткен ғалым а) Ф. Н. Ганобалин
ә) И. В. Стролов
б) В. А. Сластенин
в) А. Н. Щербаков
г) И. В. Кузьмина