3. Кәсіби қызметтің мәні мен құрылымы Мұғалімнің жеке басындағы барлық қасиеттердің кәсіптік мәні бар. Мәселен, А. В. Луначарский атап көрсеткеніндей, педагогика моральдағы кез-келген кемістік, мінез-құлықтағы кез-келген кемістік тікелей у болып, ол жеткіншек ұрпаққа жұғады. Жақсы мұғалім бұл ең әуелі қайғы-қуанышына ортақтасатын, парасатты әрі адал, балаларды құрметтей білетін және оларға ұқыпты қарайтын жақсы адам.
К. Д. Ушинскийдің айтуынша, мұғалімге шексіз шыдамдылық қажет. Мұғалім оқушымен жұмыс істегенде қабылдау сергектігі мен эмоциялылығы шыдамдылықпен және өзін-өзі ұстай білуіменүйлесім табуы тиіс. Сонымен, мұғалімнің жеке сапасымен және педагогикалық терең білімділігімен тұтасқан идеялық сенімділігі, оның кәсіби шеберлігінің берік іргетасын қалайды. Оқытқан мұғалім емес, қайтсе де оқытқысы келетін мұғалім, деп тектен-тек айтылмаған. Нағыз педагогта жұмыс уақыты және бос уақыт деген болмайды: ол әрқашанда балалар туралы ойлайды, мұғалімнің мақсаткерлігі – оның жеке басына тән қасиет.
Педагогикалық қызметтің ойдағыдай болуының қажетті шарты- баланы жақсы көру. Балаларды жақсы көрмей тұрып, оларды адамгершілік пен адалдыққа тәрбиелеу мүмкін емес. Балаға салқын қарау көп жағдайда олардың мінез-құлқына рақымсыздықтың, ісәрекетіндегі теріс қылықтың пайда болуына әкеп соғады.
Мұғалімнің жеке басындағы үйлесімділік көбінесе талапкерлігімен, көнбістігімен, эмоциялығымен, парасаттылғымен, сенімділігімен, сақтығымен, қаталдығымен мұғалім ешбір жерден таба алмайды, оны іс үстінде мінез-құлқын тексеру арқылы ғана және үнемі өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесінде ғана тани алады.
Мұғалімнің жалпы әлеуметтік педагогикалық қызметін қарастырсақ, ал мұның өзі оның жеке басына қойылатын маңызды талаптарын айқындайды. Сонымен қоса олардың нақтылы педагогикалық қызметтерде оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін белгілі бір педагогикалық қабілеттілік қажет. Мәселен бір ғалымдар мұғалімнің конструктивтік, ұйымдастырушылық және коммуникативтік қызметін көрсетсе, басқалары педагогикалық қызмет жүйесіне информациялық дамытушылық және зерттеушілік қабілеттерін жатқызады.
Педагогикалық қызметтің тиімділік мүддесі үшін оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен және қоғамдық ұйымдармен дұрыс қарым-қатынас орната білу.
Мұғалім - бұл болашаққа ұмтылған адам. Оның қызметі адамды қалыптастыруға солардың алдағы жағдайдың өзгеруіне қарай белсенділігін арттыруға бағытталған. Л. Н. Толстой былай деп жазды: «Болашаққа жарамды адамды тәрбилеу үшін, оларды тамаша жетілген азамат етіп тәрбиелеу қажет, тек сонда ғана тәрбиелеуші өз ортасында өмір сүретін ұрпақтың лайықты мүшесі бола алады».
Олай болса, әрбір студенттің міндеті – таңдаған мамандығына сәйкес өз қабілетін үнемі жетілдіріп отыру, алғашқы күнінен бастап педагогикалық шеберлік сырларын меңгеру.
Н. В. Кузьмина бойынша педагогикалық қызметінің құрылымында мынадай компоненттерді атауға болады: конструктивтік, ұйымдастырушылық коммуникативтік. А. И. Щербаков бойынша: конструктивтік, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, зерттеулік.
Конструктивтік-мазмұндық:
оқу материалдарын іріктеу, композициялық құруды анықтау; - педагогикалық процесті жоспарлау және құру; Конструктивті-жедел:
өз әрекетін және студенттер әрекетін жоспарлай білу; - педагогикалық процестің оқу-материалдық базасын жоспарлау.
Ұйымдастырушылық компонент:
амалдар жүйесін орындау;
студенттерді әртүрлі қызмет түрлеріне қатыстыру амалдары; - ұжым құру, бірігіп әрекет жасауды ұйымдастыру.
Жоғары оқу орнының оқытушыларын 3 топқа бөлуге болады: а) педагогикалық бағыттылығы басым;
ә) зерттеушілік бағыттылығы басым;
б) педагогикалық және зерттеушілік бағыттары шамалас. Оқытушының педагогикалық шеберлігі.
Педагогикалық шеберлік – педагогикалық қызметінің жоғары деңгейде меңгерілуі: педагогтың оқытушылардың (студенттердің) оқу-танымдық іс-әрекетін пәрменді басқарып, мақсаткерлік педагогикалық әсермен өзара әрекеттестікті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін арнаулы білімдерінің, біліктері мен машықтарының, тұлғалық кәсіптік маңызды қасиеттерінің кешені.
Бұл ұғым көпқырлы, Р. Пионова бұл ұғымды сатылы түрде қарастырады: педагогикалық жаңашылдық – педагогикалық шеберлік – педагогикалық кәсібилілік. Педагогикалықшеберлік мәні логикалық жүйеде былай көрінеді: «білім- тәжірибе- тұлға».
И. А. Зязюн бойынша педагогикалық шеберлік құрылымына оқытушының тұлғалық ізгілік (мейірімділік) бағыты, педагогикалық білім, педагогикалық техникасын енгізді.
Ізгілік бағыттылығы: қызығуы, құндылығы, идеалы;
Кәсіби бөлімі: арнайлы білім, психологиялық-педагогикалық білім, оқыту әдістемесі, әлеуметтік мәдени білім;
Педагогикалық қабілеті: коммуникативтік перцептивтік, динамизм, эмоционалдық тұрақтылық, оптимистік болжау, креативтік.
Педагогикалық техника: өз өзі басқара алуы (денені меңгеруі – қозғалыс техникасы, эмонционалдық жағдайы, сөйлек техникасы);
Педагогикалық міндеттерді шешудегі өзара әрекеттестік (дидактикалық іскерлік, ұйымдастырушылық іскерлігі, өзара әрекеттік техника).
Педагогикалық шеберлік: ғылыми, кәсіби білім және шығармашылық, талдау, өзін-өзі бағалау, өзге адамның жағдайын сезе білуі, студенттермен қарым-қатынас жасай алуы, қарымқатынаста әдептілікті сақтау, қиялшылдық және т.б.