Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы


Жалпы педагогикалық қызмет және кәсіби педагогикалық қызмет



бет15/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   91
2. Жалпы педагогикалық қызмет және кәсіби педагогикалық қызмет
Педагог педагогикалық процесс субьектісі ретінде өз жұмысын оқушылармен ынтымақтастыққа, іскерлік қарым-қатынас және оқушылар арасында тәрбиелік ықпалға негізделген ұжымшылдық байланыс қалыптастыруға бағыттауы керек. Әрбір адамдардың белгілі қызметке шешімі-оның іс-әрекетімен ойлау бағытының ерекшелігінен көрінеді. Педагогикалық мамандықты басқа мамандықтармен оның өкілдерінің ойлау бағыты борыш пен жауапкершілікпен сезіну арқылы анықталады.
Педагог қызметінің негізгі ерекшеліктері мынада:

  • гуманистік сипаты;

  • ұжымдық сипаты;

  • адаптивтік (бейімдеуші) сипаты;

  • шығармашылық сипаты;

  • қарым-қатынас жүйесінде болуы;

  • мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т.б.

Мұғалім мамандығы табиғаты жағынан гуманистік (адамгершіліктік) сипатқа ие мамандықтардың бір түрі. Оқыту барысында мұғалім адаптивті (бейімдеу) және гуманистік мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні үйретумен, социомәдениеттік жағдайлардың нақты талаптарына дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуметтік жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырған талаптарына үйретеді. Ал гуманистік мақсаты оқушының жеке тұлғасын дамытып, шығармашылық дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір уақытта жеке тұлғаны қалыптастырушы, әрі оны басқарушы мамандық болып табылады. Оның басты мақстатарының бірі жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру. Мұғалім мамандығының бір ерекшелігі ол «адам-адам» жүйесінде жұмыс жасауы. Бірақта ол осы жүйеде жұмыс жасайтын басқа мамандықтармен салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне тек бір өзі ғана ықпал етпеуімен ерекшеленеді. Яғни, жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім, отбасы, орта және т.б. әсер етеді. Сондықтан мұғалім мамандығы ұжымдық бастау алады. Мұғалім қызметінің шығармашылық сипаты- педагогикалық қызмет кез-келген қызмет сияқты тек сандық мөлшерге емес, сонымен қатар сапалық қасиеттерге ие. Мұғалім еңбегі мен мазмұны ұйымдасқан тек оның қызметіне деген шығармашылық қатынас деңгейін анықтау арқылы дұрыс бағалауға болады.
Педагог тұлғаның шығармашылық әлеуеті оның әлеуметтік тәжірибиесі психологиялық, педагогикалық және пәндік білім қоры дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа идеялар іскерлік пен дағдылары жаңа формалар мен әдістер кезінде қалыптасады.
Педагогикалық қызметтің шығармашылық сипатын тек педагогикалық міндеттерді шешумен ғана болмайды, себебі шығармашылық әрекет тұлғаның танымдық, эмоционалдық, еріктік және мотивациялық қажеттілік компоненттерінің бірлігінде бейімделеді.
Сонымен қатар, мұғалімнің кәсіптік іс-әрекеті төмендегі бағыттарды да қамтиды: тәрбие жұмыстарын және оқыту үрдісін ұйымдастыру. Тәрбие негізгі мақсат болғандықтан, мұғалімнің жеке тұлғасы оқушыға барлық жағынан үлгі болуы керек. Осыдан мұғалімнің әлеуметтік ұстанымы (өз мамандығына бағыттылығы, педагогикалық борышты сезінуі, жауапкершілігі, педагогикалық әдеп-мәнерін сақтауы, педагогикалық әділдігі, беделі, т.б) және кәсіптік ұстанымы (азаматтық белсенділігі, балаға деген сүйіспеншілік, рухани дүниесінің байлығы, ғылыми-педагогикалық ойлауының қалыптасуы, шығармашылық-жаңашылдық көзқарасы, көпшілдігі, физиологиялық-психикалық тұрғыдан денінің саулығы, кәсіптік жұмысқа қабілеттілігі т.б. айқындалады.
Педагогикалық іс-әрекет күрделі, әлееуметтік маңызды ісәрекеттердің бір түрі. Педагогикалық іс-әрекет өз кезегінде бірнеше іс-әрекет түрлерінен құралады.
Мұғалім тұлғасы – мұғалімнің мәдениеті, өзін-өзі басқару шеберлігі моральдік қасиетімен адамгершілік нормасыныңкүнделікті оқу-тәрбие процесіндегі жаңа сипатқа ие болуда. Мұның негізі қоғамдағы үздіксіз дамумен ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр. А.Байтұрсынұлы «Ең әуелі мектепке керегі – білімді, әдістемеден хабары мол, ізгілікті оқыта білетін мұғалім» керек деген болатын. Олай болса, адамның жеке басының қалыптасуы оны әлеуметтендіруде жүзеге асырылады.
Күрделі үрдісті жасауда мұғалімге қойылатын талапты бөліп көрсететін болсақ, олар мыналар:

  1. Мұғалімнің жеке басының ізгілікті бағыттағы, қоғамдағы борыштылығы мен жауапкершілігін сезінуі;

  2. Кәсіптік мамандық бағытында өз білімін тиянақты игеруі оны оқыту әдістемесін жасай білуі; сондай-ақ педагогика ғылымына салалас психология, философия (адам өмірінің құндылықтық дүниетанымы) мен әлеуметтік пәндерді игеруі;

  3. Педагогтық технологияны игеруде іскерлік әрекетті меңгере отырып оқушы шығармашылығының пәрменділігін арттыру.

  4. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру; мұндағы мұғалім шығармашылығын көтеру; кәсібибіліктілік, кәсіби шеберлілік, кәсіби шығармашылық, кәсіби жаңашылдық.

Міне, осыларды топтастыра келе жатқан педагог қызметіне қажетті негізгі дағдылар мен іскерлік қалыптасады:

  • оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін шығармашылықпен іздестіру;

  • қарым-қатынастық (коммуникативтік) мәдениеттілігі, мұғалім мен оқушы жүйесінде қажетті қатынас қалыптасады.

Ұйымдастырушылық қабілетті әр түрлі іс-әрекетте білім тереңдігін сапалы меңгеру.
Мұғалімнің жеке әлеуметтік тұлғасын қалыптастыруда қажетті негіздер:

  • даралық-тұлғалық қалыптасу;

  • өз мүмкіндігін игеру қажеттілік;

  • өзін-өзі іскерлік әдістемелік жетілдіру; - өзінің кәсіби-пәндік білімін толықтыру; - кәсіби кемелдену т.б.

Педагогтың қызметі, оның мектептегі кәсіби педагогикалық негізінде жүреді. Ол өз пәні бойынша сабақ беру, әріптестерімен кәсіби тығыз қарым-қатынас, өзін-тану, өзін-өзі бағыттау, өз мүмкінділік игеру арқылы өзіндік қажеттілік туғызады.
Болашақ мұғалімнің ЖОО-да дайындықтың мазмұны құрылымы және әдістері біріншіден қоғам дамуының бағыты, екіншіден, педагогика ғылымының дамуымен, үшіншіден, педагог мамандығының еркшеліктерімен белгіленеді. Педагогикалық білімге ие болу белгілі бір бағыттарды меңгеру жағдайына қол жеткізетін түрлі деңгейлі кәсіби маман ретінде тұрақты байланыс. Педагог мамандықтарына қойылатын талаптардың мазмұны төмендегідей:
1.Табиғат қоғам және сананың басым заңдылықтарын білу.
2.Адам жайында оның жетік тұлға ретінде тани білуі.
3.Тарихи және қазіргі болмысын меңгеру тәсілдерін білуі.
4.Ақпартты жинақтарын өңдеу, қолданудың соңғы техникасын меңгеру.
5.Педагогикалық қызметті басқару мәселесін шешуі.
Ең алдымен қазіргі мұғалімнің бойында гуманистік бағыттағы жалпы құндылықтарға сүйену, кәсіби қабілеттік шығармашылық қабілеттерді, психикалық дайындығы және әдістемені меңгеру қасиеттерімен белгіленеді. Мұғалімнің дайындығына жалпы педагогикалық дайындау ерекше орындалады.
Кәсіби дайындыққамынадай талаптар қойылады:

  • өз мамандығының тұлғалық және әлеуметтік мәңділігін сезіну;

  • мәдениетінің берілуін қамтамасыз ететін білім беру жайында тұтас түсінікті меңгеру;

  • ғылыми гуманистік көзқарасты меңгеру;

  • табиғат пен қоғам дамуының негізгі заңдылықтарын білу;

  • Қазақстан Республикасы Конституциясының этикалық және құқықтық нормаларын білуі;

  • білім беру процесінің заңдылықтары жайындағы біліммен түсініктер жүйесін меңгеруі ғылымитану мен әдістерін білуі;

  • таным тәсілдерін меңгеруі;

  • пәндік білімін кәсіби тілмен жеткізе білу;

  • қарым-қатынас орнату іскерлігін ойлау мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі жұмысқа психикалық әдістемелік дайындау.

Мұғалімдерді дайындау жүйесінде талаптар жалпы педагогикалық дайындығына ерекше көңіл бөлу оның мақсатына педагогикалық теория мен практикасын меңгерген мұғалімді қалыптастыру.
Қазіргі таңда оқушылар «Ұстаз бәрін білуге және одан да артығырақ білуге тиіс»,- дейді. Бұл сөзде бірталай шындық бар. Мұғалім өзі оқытатын пән саласындағы ғылымды жетік білуі - қарапайым да, қажетті талап. Д. И. Менделеев былай деп жазған еді: «Ғылымды өзі жетік білетін, оны меңгерген және оны жақсы көретін ұстаз ғана шәкірттеріне жемісті қызмет ете алады». «Өзінің жақсы көрмейтін пәнінен гөрі, өзінің жақсы көретін пәні он есе жақсы меңгеріледі».
Алайда мұғалімдер үшін арнайы әзірлікпен және жалпы білімдарлықпен қоса, ойлаудағы икемділіктің, танымдық және практикалық міндеттерді шығармашылықпен шеше білудің де маңызы зор. Мұғалім ойын қадағалау мүмкіндігі оқушылардың ойлау мәдениетін қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет