3. Мұғалімнің өзін-өзі басқарудың шеберлігі өзін-өзі қалыптастырудың негізінде Зерттеу бойынша, педагогикалық техниканы меңгеруде жұмысын жаңа бастап жатқан педагогтарда қателіктер болатынын көрсетеді. Педагогтың ата-аналарымен, оқушылармен сырласып, әңгімелесе алмауынан педагогта ашу,сенімсіздік пайда болады. Практиканттар бірінші сабақта сөйлеуінде мазасыздық, жылы қабақ танытуданқорқу, жылдам сөйлеу, сезімін қорқынышпен алмастыратынын жасырмайды. Негізгі жетіспеушілік дауыс монотоны, мәнсіз сөйлеу, мәнерлі оқудың жоқ болуы. Көптеген индивидуальды сөйлеуде жетіспеушілік – мақам, үйлесімді дауыстың түрін таба алмау. Бұл қателіктер педагогқа оқу барысында кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, тәрбиешінің сыртқы түрі эстетикалық тартымды болуы тиіс. Өзінің сыртқы түріне ұқыпсыз қатынас, өзгелердің шамадан тыс ыңғайсыз зейінін байқатады. Мұғалім бала, ата-ана алдында сымбаттың бейнесі болуы тиіс. Бұның барлығы сабақ барысында психофизикалық ұйымдармен, қарым-қатынас кезінде эмоционалды сезімін басқара білуін қажет етеді.
Педагогқа өз қабілетін тексеруге келесі тест көмектеседі:
Сіз әрқашан шыдамды әрі ұстамдысыз.
«Иә», «жоқ» деп жауап беріп, санап шығыңыз. Егер барлық жауап дұрыс болса, сіз ұстамдысыз, басқару қабілетіңіз, бағалауыңыз жоғары. Егер жауабыңыздың барлығы немесе бірнешеуі жағымсыз болса, онда сіз үрейлі, сенімсіз, өзіңізге сынмен қарайтындығыңыз.
В. А. Сухомлинский рухани тепе-теңдікті тәрбиелеуде мынаны ұсынады: қабақ шытушылыққа, өзге де кемшіліктің жолауына жол бермеу, әзіл – оспаққа назар аудармау, оптимист, мейірімді болу. Бұл сапаларды дамытудың шарты: өз мамандығындағы әлеуметтік рөлді терең сомдау, даму сезімінің ұзақтығы, педагогикалық қырағылық, эмоцияналды ықылас, сонымен қатар, өзіндік талдауға және өзіндік адекватты бағаға ұмтылу. Жас мамандарды психикалық, физикалық әлсіреуден, балалар алдындағы қорқыныштан, сабаққа дайындалудағы қорқыныш деңгейінен арылту. Аутогенді жаттығу, тыныс алу, артекуляциялық жаттығулар болуы тиіс. Мамандық мақсатын құру мен өзін-өзі сендіру.
4) Педагогикалық қарым-қатынастағы маңызды рөл пантомимика және пластика.
Пантомимика - дененің, қолдың, аяқтың қимыл-әрекеті ол образды бейнелеуге, негізді бөліп алуға көмектеседі. Егер біз сабақ түсіндіріп тұрған мұғалімді бақыласақ, оның барлық денесі, қолдары, бет әлпеті, аяғы үнемі қозғалыста болады.
Мұғалімнің әуелгі жүріс-тұрысы, сөйлеу мәнері оның ішкі жан дүниесін бейнелейді. Жинақылық пен емін еркін қимылы педагогтың өз біліміне, күшіне деген сенімін білдіреді. Сонымен қатар салбыраңқы бас, жиі қобалжу мұғалімнің әлсіздігін, өз-өзіне деген сенімсіздігін білдіреді.
Сабақ беру барысында мұғалім оқушылардың алдында тұру тәртібін ескеру керек (екі аяқтың ара қашықтығы 12-15 см, бір аяқ екінші аяқтан сәл алға шығуы керек). Барлық қимыл әрекетімен оқушылардың назарын өзінің қарапайымдылығына аудартуы керек. Сонымен қатар эстетикалық зиянды әрекеттерден арылуы керек: алғаартқа теңселу, екі аяғына кезек-кезек сүйену, орындықтың арқасын бір қолмен сүйеп тұру, қолында өзге бір заттарды қозғап немесе айналдырып тұру, басын (шашын) қасу, мұрынын жиі сүрту, құлақтарын ұстау және т.б.
Педагог іс-әрекеті, қимылы өз дәрежесінде шектеулі және ұстамды болуы керек. Мұғалімнің әрбір іс-әрекеті, қимыл-қозғалысы, бет әлпетінің қозғалысы оның сөзіне сай болуы керек. Мысалы: сабақ түсіндіру барысында мұғалім тұрған жерінен алға қадам басса, ол тақырыпты ары қарай толығырақ түсіндіріп тұрғанын, артқа шегінсе оқушыларға демалуға мүмкіндік бергені. Ал оқушыға қойылған сұраққа жауап алу барысында, оң қолын кеуде тұсына дейін көтеріп, сәл алға созу керек.
Әрбір ұстаз оқу процесі барысында оқушыларға өз білімінің басты байлығы мен құнарлылығын жеткізе білуі керек.