Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы



бет25/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   91
2. Педагогикалық шеберлікті басқару Педагогикалық шеберлік:

  1. мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі;

  2. пәнді жетік білген, ойын оқушыға толық жеткізетін, оқушылардың бойына әдет, әдеп, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі;

  3. оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгендерін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогтық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие бола алады.

Шебер ұстаздың сыртқы құпиясының жетістігін оның әр түрлі практикалық тапсырмаларды орындауындағы педагогикалық әрекетінен байқаймыз. Мұндағы басты рөл арнайы қабілеттілігін мойындау оқушыларды интенсивті қызметінен тануға, сұрақтар қоюға, ұжыммен жеке тұлғамен араласуға, барлығының назарында болып, ұжымды ұйымдастыруға, өзінің көңіл-күйін, дауысын, мимикасын, қозғалысын, басқаруға баулу. А. С. Макаренко былай деген: «Тәрбиеші сіздің жаныңызды, ойыңызды қабылдайды, ол сіздің жаныңызды білмейді, бірақ сізді көреді, тыңдайды».
Басқару технологиясы – жақсы нәтижелер алуға мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбиенің жаңа технологияларын құруға бағытталған қызмет.
Педагогикалық басқару функциялары – педагогтің оқыту, тәрбие мен дамыту мақсаттарын іске асырудағы әрекеттері: мақсатты, әлеуметтік-педагогикалық, ұйымдастыру-педагогикалық, нұсқаулықәдістемелік, әкімшілік-шаруашылық.
Басқаруда басшының кәсіби қажетті тұлғалық сапасы – еңбек ұжымын басқару бойынша оның жұмыс жетістігін қамтамсыз ету барысында көрінетін адамның даралық-тұлғалық және әлеуметтікпсихологиялық ерекшелігі.
Әр түрлі деңгейдегі басшылар үшін, оның қызметтігі жетістігін қамтамасыз ететін жалпы сапалар қатарына жоғары кәсіби біліктілігімен қатар саяси жетілгендігі, жағдайды саралап көре білуі, мемлекеттік мүддені көре білуі, ұйымдастыру білігі білігі мен дағдысы, жеке ұқыптылығы, өзара сын мен жоғары өзіндік бақылау және шыдамдылықпен үйлесетін өзіне деген сенімділігі, басқаларға және өзіне жоғары балап қою барысында адамдарға белсенді – оң қатынасы да жатады. Сапа құрылымында оның ұжымды біртұтас ретінде және оның жай-күйі мен топтық процестерге әсерін көре білуі маңызды рөлге ие болады.
Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру жүйесін оңтайландыру қажет. Онда азаматтық міндеттерді жүзеге асыру үшін білім беру мен тәрбие мәселесін нағыз гуманистік дәрежеге көтеру үшін бүкіл ғаламдық мәдени құндылықтарға қол жеткізу қажеттілігі туындауда. Мұны атқаратын, сөз жоқ, мұғалім.
Қазақстан Республикасының «Жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» жобасында жаңа қоғам мұғалімі – ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамытуға және өзінөзі көрсетуге ұмтылысы, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман деп сипаттайды.
Бұл тұжырымдама жобасында көрсетілген мұғаліміне қойылатын талаптар төмендегідей:
Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп, табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық арожданын қорғай алады.
Екіншіден, мұғалім педагогикалық, психологиялық білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Дүниежүзінде ғаламтану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттар ағыны көбейді. Мұғалім қандай пәннен сабақ бермесін, ол баланың, өмірдің әр саласына қатысты сұрағына жауап беруге даяр болуы.
Әр мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық – «Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарымқатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады». Көп білу үшін көп ойлау, оқу керек. «Интернет» жүйесін меңгеруі қажет.
Үшіншіден, міндетті орта білім беру стандарты, оқулықтарды пайдалану, ақпараттардың көбеюі, мұғалімнің білім берудегі жетекші рөлін жойды. Енді, білім беру негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр.
Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік сараптамалық қабілеттермен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп-салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жетуі мүмкін.
Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси-идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз етіп алу шарт.
Ш.Т.Таубаева мен С.Н.Лактионованың болашақ мектеп
мұғалімінің бейнесін сомдауында да шығармашылықтың орны ерекше екенін байқаймыз.
Қазіргі кезде әрбір қоғам мамандарының алдына қойған талаптарына сәйкес «маман моделін», маман профессиограммасын жасау міндеті тұр.
Бұл міндетті шешуге байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдар, психологтар Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, Л.М. Митина, Ф.Н. Гоноболин, В.А. Крутецкий, В.А. Сластенин, А.И. Щербаков, Н.А. Сорокин, И.А. Зимняя, Б.Г. Ананьев, Л.И. Анцыферова, В.А. Кан-Калик, А.А. Леонтьев, Л.Д. Столяренко, П.Ф. Каптерев, т.б.
Педагогқа қойылатын талаптар-педагогикалық әрекеттің табыстылығын қамтамасыз ететін кәсіби сапалар жиынтығын меңгеру.Сондықтан да, педагогқа қойылатын ең бірінші талап – арнайы педагогикалық бейімі, таланты болуы керек, ол дегеніміз- балалармен жұмыс жүргізу кезінде дұрыс тәрбие беріп, қарым – қатынас жүргізе алу қабілеті ғана емес, ол балаларды, қызметті жақсы көре білуі, әдептілігі, шығармашылығы, дарындылығы деген сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет