Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы


Семинар сабақтарға арналған тапсырмалар



бет27/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   91
Байланысты:
пед

Семинар сабақтарға арналған тапсырмалар
1.Мұғалімнің жеке басы және оның кәсіби-педагогикалық қызметтегі қалыптасуы тәжірибелік тапсырма: Мұғалімнің жеке басы ұғымының мәнін ашыңыз.

  1. А. С. Макаренконың мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптарын анықтаңыз.

  2. Педагогикалық қызметте қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктерге сипаттама беріңіз және мысал келтіріңіз: - мақсаттылық; - зерттеушілік; - құрастырушылық; - танымдық; - қарым-қатынас; - реттеушілік; - ұйымдастырушылық; - бақылау-бағалау: - болжау.

4.А.С. Макаренконың мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптарын талдап, өзіндік пікіріңізді қосыңыз.
5.«Педагогикалық техника» деген ұғымға анықтама беріп, оның мазмұнын мұғалімнің практикалық іс-әрекеті тұрғысынан түсініктеме беріңіз.
6.Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасындағы пантомимиканың мәні неде?
7.Педагогикалық процесті басқару үшін мұғалімге қандай қасиеттер қажет?
8. Оқушылармен қарым-қатынаста мұғалімнің сыртқы киім мәдениеті әсер ете ме? Сіздің пікіріңіз.
9.Жаттығу. Бұл кім? Топтағы бір студенттің алдын-ала не вербальдық мінез-құлқын жазу. Сабақ барысында кім екенін айтпай отырып, оқып беру. Топ өз арасында талқылап, кімге қатысты екенін білуге тырысады. Тапсырманы мұғалім мен оқушыны салыстыра отырып, қиындатуға болады.
10.Жаттығу. Айналар. Студенттер жұптасып жұмыс істейді. Оның ішінде біреуі жүргізуші. Оның міндеті – берілген жағдай жөнінде құрастыру. Екіншісі оның бейнесі болып табылады. Айна тек қана аяқ-қолдың дененің қимылының өзгеруін көрсетіп қана қоймай, адамның көңіл-күйінің өзгеруін де көрсетеді. Мимикалық және пантомимикалық негіздерінің дамуының жаттығулары. Әуел баста жаттығу үшін азғантай тапсырмалар беріледі.
Әдістемелік нұсқау: Берілген тапсырмаларға жүйелі жазбаша жауап дайындаңыз.
Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

  1. Педагог сөзін ары қарай жетілдіру жолдарын анықтаңыз. Сұраққа жазбаша жауап беріңіз.

  2. «Алақай! Анашым, мен «жоғары балл» алдым! Мұғалім бүгін бізге не айтқанын білесің бе?» - деп бірінші сыныптың оқушысы өзінің алғашқы жетістіктері жайында қуанышы сыймай анасына айтып жатыр. Бірақ, жылдар өте береді, біз осындай қуанышты сөздерді барған сайын сирек естиміз. Сыныптан сыныпқа көшкен сайын үлгерімінің кеми беретіні неліктен? Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесінен мысал келтіріп, салыстырыңыз.

3.Мұғалім: «Жанар, Маратқа бір дәптер бер, сенде көп екен». Жанар: «Бермеймін. Анам айтты, оларды табу өте қиын» Мұғалім:
....?

  1. 6 жасар Айдар білімге құмар, қимыл-қозғалысы белсенді, бақшада жүргенде сабақтың мазмұнын тез меңгере алатын. Адамға үйірсек, көпшіл, бірақ зейінсіз, шыдамсыз, жеңілтек еді. Ал бірінші сыныпта мұғалімнің ескертуіне құлақ аспайтын, сабақтан жан-жағына алақтағыш, мұғалімнің түсіндіргендерін, құрбыларының жауабын тыңдамайтын, не болса соған жаны ашығыш, күйгелек болды. Сұрақ: Айдарда қандай мінез-құлық сапалары қалыптаспаған? Жақсы оқу үшін оған қандай көмек керек?

  2. 4-сыныптың екі оқушысының мінезіне бақылау жасау мынаны көрсетті: бірінің ұстамдылығы қоғамдық маңызы бар ісәрекеттерді атқарғанда көрінсе, екіншісінің ұстамдылығы еңбекте де, ойында да, спортта да және әртүрлі сабақтарда да көрінеді. Қайсысында ұстамдылық темперамент қасиеттерімен басымырақ қозады? Қандай белгілермен орнатуға болады?

Ауладағы жұмыс қызып жатты. Жұмыс бәріне де жетерлік еді. Апалы-сіңілілер жеңдерін түріп, шүберек орамал алып, іске кірісті. Нұрбек мырзасынып, сен неғып тұрсың? Үйдің төбесін жууға көмектес, – деді оған немере апасы. - Жумаймын оны, біздің шаруамыз емес. Ал егер ауыр бір нәрсені әкел десең, әңгіме басқа...
Үйді жинастыру әрқашан әйел адамның шаруасы болып келген, – деп қостап қойды немере інісі Аңсар. - Қызық екен еден жуу, үй жинау біздің ісіміз болсын. Өткен аптада стол әкелу, шкафтарды қозғау сияқты біз атқарған іс те қыздардың жұмысы делік. Сонда сендер «ерлердің» ісімен қашан айналыспақсыңдар. Көбіне істі «ерлердікі» және «әйелдердікі» деп бөліп жату – өзінің барып тұрған жалқаулығын бүркемелеу болып шықпай ма? Пікірлеріңізді өнегелі өмір тәжірибесімен дәлелдеңіз.

  1. Мектептің педагогикалық кеңесінде оқу-тәрбие процесінің қорытындысы талқыланды. «Педагогикалық жұмыстың нәтижесі» деп нені есептейміз? - деген сұрақ қойылды. География пәнінің мұғалімі. «Мен оқушыларыма ризамын. Пән бойынша екілік жоқ» - деді. Тарих пәнінін мұғалімі. «Бір қарағанда шәкірттерімнің бәрі тәрбиелі сияқты. Бірақ үлкен өмірге аттанғанда, олардың кім боларына мазасызданамын” - деді. Сұрақ: Осы айтылған пікірлерден оқу тәрбие жұмысында нақтылы міндеттерді, тәрбие принциптерін шешіп отырғандарын көруге бола ма?

  2. Дұрыс жауап табуға көмектесу. «Мұғалім болып жаратылу керек». «Мұғалім болып туудың қажеті жоқ, табиғи дарынсыз да мұғалім бола алады. Егер жақсы оқытса, үйренеді».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет