Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет180/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   196
дейін шылауларының түйдектелуі арқылы да беріледі: Бұл кісі әбден 
орналысып болғанға дейін, сен ешқайда кетпе (Ғ.Мүсірепов).   
- Шығыс жалғаулы есімше де, оған соң, бері, кейін шылауларын 
тіркестіру  арқылы  да  мезгілдік  мағына  жасалады:  Бала  би  атқа 
мінгеннен,  жұртқа  хабар  тарады  («Қазақ  әдебиеті»).  Қабылдау 
салтанаты  біткеннен  кейін,  бізді  қала  аралауға  шақырды  («Жас 
Алаш»).   
-  Келер  шақтық  есімше  мен  қимыл  есіміне  бұрын  шылауының 
түйдектелуі  де  мезгіл  бағыныңқы  сабақтас  құрмалас  сөйлем 
жасайды:  Құнанбай  ел  жайлауға  шығардан  бұрын,  былтыр  өзі 
Қарашоқыдан  көшірген  Бөкенші,  Борсаққа  Жігітек  жерінің 
жапсарынан жайлау берген болатын (М.Әуезов). 
-ша-ше  жұрнақты  есімшенің  мезгіл  мағына  тудыруы  жиі:  Бір 
тізерлеп  отыра  қалып,  биені  қалқанындай  бетке  ұстап  кезеніп 
үлгергенше,  алдыңғы  қазытық  аты  биеден  бір-ақ  адымдай  жер 
жанап өте шықты (Х.Есенжанов).   
-  Өткен  шақтық  есімшеден  соң  кезде,  күнде,  уақытта,  жақта, 
мезгілде,  сағатта,  минутта  сынды  мезгіл  мәнді  сөздердің 
түйдектелуі де мезгіл   бағыныңқылы  сабақтас құрмалас  жасайды: 
Біз  тың  жерді  игере  бастаған  кезде,  жаңадан  құрылып  жатқан 
совхоздар  үшін  егіннің  гектарына  8  центнерден 
 
өнім  алуды 
белгіледік  (Газеттен).     
 -  Етістікке  –ысымен,  -ісімен  қосымшаларының  жалғануы  да 
мезгіл  бағыныңқы  сабақтас  жасайды:  Бұлар  далаға  шығысымен, 
басқалар  да  кетіп  үлгерісті  («Қазақ  әдебиеті»).  «Аманкелдіге» 
келісімен, бұл арман шыңына жетті (Ғ.Мұстафин). 
- с жұрнақты болымсыз етістіктің жатыс, шығыс жалғауларында 
келуі  де  мезгіл  бағыныңқы  сабақтас  жасайды:  Бірақ  Федя  бір 
жасқа  шығар-шықпаста,  Анна  Павловна  өлімші  науқас  болды 
(И.Тихонов).  Үш  ай  өтпестен,  жігіт  Лондондағы  орыс  елшілігінің 
кеңсесінен орын алды («Қазақ әдебиеті»).  
-  Бар,  жоқ  сөздерінің  жатыс  септікте  келіп  мезгіл 
бағыныңқы сабақтас тудыру қабілеті бар: Алдыңда ағаларың  барда, 
жоқ таңдамай тұра тұр  (І.Есенберин). Күн жоқта, түнде жүзген 
Ай да сұлу (Т.Жароков). 
Шартты  бағыныңқы  сабақтас.  Шартты  бағыныңқы  сөйлемде 
алғашқы  сыңар  басыңқыдағы  іс-әрекеттің  орындалу-орындалмау 
шартын  көрсетеді.  Шартты  бағыңқы  сабақтас  қайтсе?,  не  етсе?,  не 
еткен?, қайтпейінше?, не етпейінше?, қайткенде?, не еткенде? сияқты 
сұрауларға жауап береді. Бұл сөйлем түрінің де жасалу жолдары:    


 
274 
     1.  Түйдектелген  -са/се  тұлғалы  көмекші  етістіктердің  етістік 
пен  негізгі  сөздерге  тіркесуі  арқылы  тиянақсыз  баяндауыш 
жасалады. Шартты бағыныңқы сөйлемдер I, II, III жақта бірдей келіп, 
өз  бастауыштарымен  қиысады.  Мысалы:  Халық  өз  бақыты  үшін 
күресетінін  өзі  білсе,  оған  ешбір  жау  төтеп  бере  алмайды 
(Х.Есенжанов).  Егер жан берілмесе, оның қутар болар  (М.Горький). 
Кімде-кім  шекараларды  бұзбақшы  болса,  ол  барынша  күйретіле 
және біржолата соққы алатын болады («Лениншіл жас»).   
2.  Бағыныңқы  сөйлемнің  баяндауышы  көсемшенің  -ынша/-інше 
жұрнағының жалғануы арқылы жасалады: Ісінің құрылысы түзелмей, 
ешкімнің  түрлі  ісі  түзелмейді.  (Мақал).  Бірлік  болмай,  тірлік 
болмайды  (Мақал).    Білім  көп  болмайынша,  жазу  да  қиын  («Қазақ 
әдебиеті»).   
3.  Бағыныңқы  сөйлемнің  баяндауышы  есімшенің  -ған/ген 
жұрнақты  түрінің  жатыс  септікте  келуі  арқылы  жасалады:  Егер 
жүгері  суармалы  жерге  егілгенде,  онда  көлемі  аз  жерден 
шаруашылыққа  керекті  мөлшерде 
 
  шөп  өндіруге  болар  еді 
(«Социалистік  Қазақстан»).    Аттар  тоқ  болғанда,  серіктерім 
тәпкеш ауылына жетіп қонатын еді (С.Мұқанов). 
4.  Бағыныңқы  сыңар  мен  басыңқы  сыңарда  қатыстық 
есімдіктердің  келуі  арқылы  да  шартты  бағыныңқы  сабақтас 
жасалады: Сиыр қанша  керек  болса, қой да сонша керек 
     Қарсылықты 
бағыныңқылы 
сабақтас. 
Қарсылықты 
бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  жасалуында    өзіндік 
ерекшелік бар: 
1.Көсемше  формалары  арқылы.  Бағыныңқы  сөйлемнің  есім 
баяндауыштарына түйдектелген бола тұра (бола тұрса да) көмекші 
етістіктері  тіркесу  арқылы  жасалады:  Оқуға  уақыт  аз  бола  тұра, 
олар  жақсы  үлгерімге  жетті  («Лениншіл  жас»).  Күздің  санаулы 
күндерінің бірі бола тұра, ауа райы жақсы еді (С.Шаймерденов).   
 -й жұрнақты болымсыз көсемшелер арқылы жасалады:  Жарты 
сағат болмай, қарсыластар қақпасына екі  доп енгізілді  («Лениншіл 
жас»).   
2.  Шартты  рай.  Бағыныңқы  сөйлемнің  баяндауышы  -са/се 
шартты    рай  жұрнағы  арқылы  жасалады:  Хат  танымайтыны 
болмаса, жігіттің сарбазы болайын деп тұр (Ғ.Мүсірепов).   
- баяндауыш тәуелдік жалғаулы сөзге болмаса көмекші етістігінің 
түйдектелуі  арқылы  жасалуы  да  мүмкін:  Осындай  шалкез  мінезі 
болмаса,  «жынды  қызыл»  да  сүт  беруге  келгенде  жомарт 
(Қ.Кабдекзыров). 
 - шартты райлы етістікке да/де шылауының жалғануы арқылы 
да    қарсылықты  мағына    жасалады:  Раушан  бір-екі  рет  ышқырса 


 
275 
да, бұрылмады (Б.Майлин). Шындықтың жүзі қанша суық болса да, 
тура қарауымыз керек (Т.Ахтанов).   
2.  Есімше.  Бағыныңқы  сөйлемнің  баяндауышы  өткен  шақтық 
есімшенің  көмектес  сеіптікте  келуі  арқылы  жасалады:  Бетпердесі 
бұзылмағанмен,  аяқ  басуы  ауырлап  кеткен  әкесінің  хал-жайы  оған 
енді  түсінікті  болды  (С.Мұқанов).  Балалық  мінезі  әлі  қалмағанмен, 
өзін үлкен адамдарша ұстағысы келеді (С.Мұқанов). 
    Салыстырмалы 
бағыныңқылы 
сабақтас. 
Салыстырмалы 
бағыныңқы  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  бұл  түрі  басыңқы 
сыңардағы  жай-күйімен,  әрекетпен  салыстырмалы  айтылу  негізінде 
жасалады. 
 Тиянақсыз баяндауыш бір ғана жолмен жасалады: 
- дай-дей жұрнақты сөздердің өткен шақтық есімшеге жалғануы 
арқылы: Басының ішінде қорғасыны босаған бір ескі сақа жүргендей, 
бірдеме  сықылдайтын  сияқты  (Ғ.Мүсірепов).  Акуланың  қатал 
жері  енді  шапалақпен  жаңа  салып  жібергендей,  ән  аз  ғана 
шашалды да үзіліп кетті (Ғ.Мүсірепов).   
       Себеп  бағыныңқылы  сабақтас.  Себеп  бағыныңқы  сабақтас 
құрмалас  сөйлем  құрамыңдағы  алғашқы  сыңар  басыңқы  сөйлемде 
айтылған  іс-әрекеттің  себебін  білдіреді.  Себеп  бағыныңқы 
сабақтастың басыңқы  сыңарынан бағыныңқыға неге?, неліктен?, не 
себепті? Сұрақтары  қойылады.  Баяндауыштың  жасалу  жолдары:  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет