Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет179/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   196
әрбір  комбайыншы  өз  ісіне  жауапты  қарау  керек.  Меңгеріле 
байланысқан  бағыныңқы  сыңар  -ысымен/-ісімен  қосымшаларының 
етістікке  жалғануы  арқылы  да  көріледі:  Олар  станцияға  келісімен, 
бір топ вагоншылар іске кірісті. (Газеттен) 
Бол  көмекші  етістіктері  түрлі  морфологиялық  құрамда  мына 
тұлғалармен түйдектелуге бейім: 
- шартты рай арқылы; 
- есімшенің септелуі нәтижесінде; 
- есімше  тұлғалы  сөзге  -дық  қосымшасының  септік  жалғауда 
келуі  арқылы.  Көмекші  сөздердің  жеке  дара  синтаксистік  қызметі 
жоқ.   Сондықтан  да  ондай  сөздер  түйдектеліп  құрама баяндауыш  
жасайды.            Құрама    баяндауыштың  көмекші  сөздері,  біріншіден, 
өзінің  алдындағы  негізгі  сөздердің  құрамында  құрама  баяндауыш 
жасауға  қатысады.  Ондай  көмекші  сөздер  құрама  баяндауыш 
жасауда  бол,  де  тұлғасында  келеді.  Осы  көмекші  сөздер  енді 
бағыныңқы  сыңарды  басыңқы  сөйлеммен  байланыстырушы 


 
272 
дәнекерлік  қызметке  ие  болады.  Қорытындылай    келгенде,  сабақтас 
құрмалас  сөйлемде  бағыныңқы  мен  басыңқыны  байланыстыруда 
есімше,  көсемше,  шартты  райлы,  қимыл  есімді  етістіктер 
қатысатыны анық. Сонымен бірге құрама баяндауышты құрайтын 
көмекші етістіктер де жұмсалады екен. 
Сабақтас   құрмалас  сөйлемнің мағыналық топтары:  
1. Мезгіл бағыныңқы сабақтас, 
2. Шартты бағыныңқы сабақтас, 
3. Қарсылықты  бағыныңқы сабақтас, 
4. Салыстырмалы   бағыныңқы сабақтас, 
5. Себеп бағыныңқы сабақтас, 
6. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас, 
7. Мақсат бағыныңқы сабақтас. 
8. Түсіндірмелі  сабақтас; 
9. Көп   бағыныңқылы  сабақтас. 
 Мезгіл 
бағыныңқы 
сабақтас.  Жасалу 
жолы 
жағынан 
сабақтастардың  ішіндегі  ең  күрделісі  -  мезгіл  бағыныңқы  сабақтас. 
Бұл  сөйлемнің  бағыныңқы  сыңары  басыңқы  сыңарда  айтылған  іс-
әрекеттің  болу  уақытын  көрсетеді.  Мезгіл  бағыныңқы  сабақтастың 
басыңқысынан  бағыныңқы    сыңарына  қашан?  қашанға  шейін? 
қашаннан бері? қай кезде? қай мезгілде?  деген  сұрақтар қойылады.     
       Мезгіл  бағыныңқы  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  тиянақсыз   
баяндауышының   жасалу  жолдары:        
-  қалы  (-келі),  -ғалы  (-гелі)  жұрнақты  көсемше:  Мұнда  қызу 
жұмыс  басталғалы,  жастар  да  тыным  таппады  («Лениншіл 
жас»).   Базарәлі елге келгелі, айдай уақыт өтті (М.Әуезов). 
 
 
-ып-іп-п  жұрнақты  көсемше:  Мұрат  шығып  үлгірмей  жатып, 
Вагонга  Ержан  кірді  (Т.Ахтанов).  Түнде  жылқышы  ұйықтап  қап, 
қалың жылқы егінге түсіп кетеді (М.Әуезов). 
-са, се,  жұрнақты  шартты райлы етістік: Мысалы:  Үлкен алаңға 
келсек, көп елдің спортшылары сапқа тұрып қалған екен («Лениншіл 
жас»), Жампейістің үйіне барсам, Абылайдан басқа  қонақ жоқ екен 
(С.Мұқанов).  Әрине,  ондайда  контекстік  талдам  көмекке  келеді. 
Себебі  шартты  райлы  етістіктің  басқа  да  мағыналық  қызметі  бар. 
Мұндайда сыңараралық сұрақ қоюдың мәні зор.  
-  Етістіктің  есімшелі  түрі  де  мезгіл  мәнін  береді.  Бағыныңқы 
сыңардағы  есімшелер  әр  алуан  септік  жалғауларымен  тіркесіп, 
бағыныңқының    баяндауышы  болады:  әсіресе,  жатыс  жалғауы 
икемдірек  келеді:  Станциядағы  екі  жылдық  училищеге  оқуға 
бергенде,  мен  он  жаста  едім  (З.Шашкин).  Құсы  да,  иесі  де 
қоразданар, алпыс екі салалы түлкі алғанда (Абай).    


 
273 
-  Мезгіл  бағыныңқы  сөйлем  барыс  жалғаулы  есімшеге  шейін, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет