Дәлелдеудегі байланыстардың түрлері Тезистер мен аргументтердің логикалық сабақтасып тұруы үшін олардың өзара байланысу тәсілдерін білу қажет. Аргумент пен тезистің байланыстары тура, қосымша, айрықша бөліп тұратын болуы мүмкін
Аргументтер бірнеше топқа бөлінеді:
1. Тексерілген фактілер - нақты материал. Фактілер - тенденцияны анықтайтын қор, оның негізінде - әр білім бойынша заңдар мен берілген жағдайға заңның әсерін анықтаймыз.
2. Анықтамалар тезиспен байланысты түсініктің аргументі ретінде қолданылады.
3. Ғылым Заңдары және алдында қолданылған теоремалар дәлелдеу аргументі ретінде қолданылады.
Тезистер мен аргументтердің логикалық сабақтасып тұруы үшін олардың өзара байланысу тәсілдерін білу қажет. Аргумент пен тезистің байланыстары тура, қосымша, айрықша бөліп тұратын болуы мүмкін.
Тура аргументте тезистің шындығы аргументтен анық көрініп тұрады. Мысалы, біз сабаққа баруға тиісті емеспіз, себебі бүгін күн жексенбі.
Индукция, дедукция, аналогия, себеп - салдар байланыстары арқылы тура дәлелдеу әдістерін қолдануға болады.