Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



бет15/45
Дата02.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#97792
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Тақырыбы: Эсседегі ой қисыны



Мақсаты

Оқушыларға эсседегі ой қисыны туралы түсінік қалыптастыру. Көркем шығармалардың үзінділері арқылы ой қисынына қатысты дәлелдер келтіру

Жалпы мақсат

Шығармашылық жұмыс барысындағы тиімді жолдарды меңгерту

Күтілетін нәтиже

Оқушылар эссе жазудағы қолданылатын логикалық тәсілдерді игереді

7 модульдің қолданы-луы

“Оқытуды басқару және көшбасшылық”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Жас еркешеліктеріне сай оқыту”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”.

Әдіс-тәсілдер

«Екі жақты күнделік» әдісі, «Әңгіме-дебат», «Отарба» ойыны



Ресурстар

Үлестірме парақшалар, қосымша ақпараттар, сызбалар

Сабақ кезеңдері

Тапсырмалар

Ресурс-тар

Сабақтың басталуы



1-тапсырма: «Екі жақты күнделік» әдісі арқылы берілген мәтіннің негізгі, қосымша ойларын анықтаңдар

Үлестір-ме парақ-шалар

Сабақтың ортасы

Лекция.
Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі» деген еңбегінде:
Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айырылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айырылып, жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды. Жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі онан да артық. Қай сөз қай орында қалай өзгеріліп, қалайша біріне-бірі қиындасып, сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге қай сөз қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша біріне-бірі қиындасып жалғасатын жүйесін білу керек. Халық өмірі бір жылдап, он жылдап, хәттә жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады, сондай ұзақ өмірінің ішінде әр халықтың тұтынып келе жатқан сөздері, ол сөздерінің біріне-бірі жалғасып, тізілетін дағдылы жолы, жүйесі, қисыны болады. Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады.

«Әңгіме-дебат»: «Эссе жазудың сапасына А.Байтұрсынұлының пікірінің маңыздылығы»



Пікірталас

Сабақтың аяқталуы



«Отарба» ойыны арқылы сабақты қорытындылаңдар.

Тізбектеліп тұрып, бір-бірінің ойларын жалғап
баяндайды.

Үйге тапсырма: Үйге тапсырма: Эсседегі ой қисыны. Көркем шығармалардан үзінділер тауып, ой қисынына қатысты дәлелдер келтіру





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет