Лекция. Сыни ой/Анализ/ Оқушының эссе тақырыбын түсініп, тақырыпқа қатысты сыни ой білдіруі, оны нақты аргументтермен дәлелдей білуі бағаланады. Эссе барысында оқушы тақырыптан ауытқымауы керек. Сыни ой, талдаулары тезистегі негізгі идеяға, ұстанымға сәйкес болуы қажет. Анализ жасау үшін алған дәлелдерді, автор қолданған тәсілдерді түсініп талдай отырып, әдеби шығармаға сыни сараптама жасай білу дағдысы ескеріледі. Негізгі идеяға сәйкес ойдың логикалық бірізділігін сақтайды. Эссе бойынша өз талдауының, сараптауының түйінін қорытындылап, шешім ұсынады.
Жанр автордан тек өз білімін көрсетуді ғана емес, сонымен бірге өзінің сезіміне, толқу мен толғауларына және жазып жатқан тақырыпқа байланысты көзқарасына ерекше мән беруді талап етеді. Эссенің авторы – тек әңгімеші немесе баяндамашы ғана емес, сонымен бірге … кейіпкер де бола алуы қажет Сонымен бірге шығармашылық еркіндікке қарамастан, эссе жанрында ой қозғау оңай емес екенін ұмыптаған жөн. Ең бастысы - бірегей идеяны тауып және белгілі бір мәселеге байланысты қалыптан тыс көзқарасты білдіру керек.
Өзіндік көзқарасты білдіру үшін эссе авторы аналогияларды таңдап, мысалдар келтіруі, салыстыру жасауы мен ассоциацияларды қолдануы қажет;
Эссеге көптеген көркемдегіш құралдарды қолдану тән (бұл – метафоралар, аллегориялық образдар, символдар мен салыстырулар).
Кез келген эссенің мазмұны мен сапасы төмендегілерге байланысты болмақ: оқыған әдебиет бойынша конспект, дәрістер, пікірсайыс материалдары, автордың осы мәселеге байланысты көзқарасы мен өмірден жинақтаған тәжірибесі.
Бар материалды өңдеу (жүйелеу, дәлелдеу).
Дәйектеу (бар материалдың эссе тақырыбына сәйкес келуі).
Эссе жазу үдерісін бірнеше кезеңге бөлуге болады: проблеманы анықтау - ойлану - жоспарлау - жазу - тексеру – түзеу.
Мысалы:
Аргумент:
Автордың «...не бары жаудың екі-ақ танкін жойдым» деген сөзіне: « Сен сияқты солдаттың әрқайсысы екі танктен қирата берсе, ол осал іс пе екен!? ... сегіз фашисті өлтіріпсің, ... Ал екі мың отандасыңды ажалдан аман алып қалыпсың. Бұл, біле білген кісіге, аз еңбек емес, қарағым!»
Талдау(анализ):
- деген сөзі арқылы жазушы батырдың ақылдылығын, кішіпейілдігін, кеңпейілдігін көрсетті. Батыр Бауыржан:«Сенің мұның менің батырлығымның қасында түк емес» - деген сияқты менмендік танытпай, өзі сияқты соғыс жауынгерінің бағасын арттырып, құрметтей білді. Автор, тіпті, «Апырай, а! ...күні бүгінге дейін еліме мұндай еңбек сіңірдім деп ойламаушы едім» - деп қанаттанып қалды.
Түйін: Мұндай даналық батырлықпен пара-пар.
Анық-тамалар
Топпен жұмыс. «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» тақырыбына шағын эссе дайындаңдар.
Тақырыпты түсіну сөйлемдері:
Тақырыптың өзектілігін білдіретін сөйлемдер:
Тезис:
Негізгі бөлімге өтуші сөйлем:
Аргумент:
Анализ:
Түйін: