Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»


Тақырыбы: Кіріспе бөлім және оған қойылатын талаптар



бет19/45
Дата02.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#97792
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45
Тақырыбы: Кіріспе бөлім және оған қойылатын талаптар



Мақсаты

Оқушыларға эссе жазу барысында кіріспе бөлім жазуды және оған қойылатын талаптарын меңгерту

Жалпы мақсат

Шығармашылық деңгейлерін жетілдіру

Күтілетін нәтиже

Кіріспе бөлім жазуды және оған қойылатын талаптарын меңгереді

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Аквариум», ұжымдық жұмыс, рефлексия

Қолданылатын ресурстар

Үлестірме парақшалар, қосымша ақпараттар

Сабақ кезеңдері

Тапсырмалар

Ресурстар

Сабақтың басталуы



«Аквариум» әдісі
Екі топ кезектесіп, өтілген тақырыптарды пысықтау мақсатында сұрақ-жауап алысады.

Сұрақ-жауап,

Сабақтың ортасы

Кіріспе бөлім нені қамту керек? Кіріспе бөлімде эссе жазушы эссе тақырыбына түсінік береді. Осы арқылы жазушының эссе тақырыбын түсінгенін анықтай аламыз. Бұл тақырып неліктен өзекті екендігі жазылады. Тақырып және оның өзектілігі туралы жазылғаннан кейін тезис қойылады. Тезистен кейін негізгі бөлімге көшуші сөйлем жазылады. Тезис нақты әрі анық берілсе, жазбауға да болады. Кіріспе бөлім бойынша мысалға назар аударайық.
– Дос табу оңай ма? – депті қарт.
– Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын, – депті бала.
Эссе тақырыбы: Сіз қалай ойлайсыз? Дос табу ақылдыға оңай ма, ақымаққа оңай ма?
Дос – адамның рухани болмысы, дүниетанымы жағынан үндес келетін жақын жаны. Өз ойыңды, сырыңды, қуанышыңды, ренішіңді, өкінішіңді, жетістігіңді, кемшілігіңді досыңмен бөлісе аласың. Бірақ осының бәрін бөлісе алатын дос табу оңай ма? Дос болудан бұрын, дос табу қиын. Дос табу кімге оңай? Менің ойымша, дос табу ақымаққа оңай. Неге?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет