Оқушылармен сәлемдесу.
Көңіл- күйлерін реттеу.
Берілген әріптен бастап бір-біріне тілек айтады. Мысалы: Мен сізге с.... және м ...тілеймін
«Автор орындығы»:
«Адамды жолдасына қарап таны» тақырыбына жазған қорытынды
бөлімдерін оқиды.
Мәтінмен жұмыс.
1-мәтін. Бақытты болмауыңа не себеп?
Адамдардың бәрі бірдей ұмытшақ келеді. Сенің бар тілегің бақытты, қуанышты болу ғана. Бірақ, бәрі жақсы уақытта да бір нәрселердің көңіл алаңдататыны жаман-ақ. Ендеше, сенің алға қойған мақсатқа жетпеуіңе не себеп? Бақытты әрі қуанышты бола алмаудың сыры неде? Жақында психологтар осы сұраққа қарасты зерттеу жүргізіп, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізе алды.
Ашкөздік. Табыс көзі неғұрлым көбейген сайын, соғұрлым аз боп көріне түседі. …
Іштарлық. Жағымсыз эмоция сыйламаған жағдайда ғана пайдалы саналады. Ал жетістікке жетуде…
Кешіре алмау. Жо-жоқ, ешқандай ақыл айтқалы тұрған жоқпыз. Жай ғана өз өміріңізге үңіліңіз: «Қанша адамды шынайы түрде кешіре алдым?”
Пайдакүнемдік. Еске алшы, соңғы уақытта өз пайдаңнан бөлек не істеп, неңдей жақсылық жасадың?
Жалқаулық. Бүгінгі таңда қаншама адам жалқаулықтың кесірінен бақытсыз болып жүр екен? Психологтардың сөзіне сенсек: істегің келмей тұрған нақтылы іске бүкіл өміріңнің байланысты екенін елестетіп көр. Қорқып кеттің бе?..Тағы басқа себептер бар А екен?