Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ


«педагогикалық жаңалықтарды енгізу»



Pdf көрінісі
бет14/39
Дата07.02.2017
өлшемі5,28 Mb.
#3587
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39

«педагогикалық жаңалықтарды енгізу» деп аталады. Инноватика ұғымының 
мәні  латынның  «in-novus»  деген  сөзінен  шыққан,  «жаңарту,  өзгерту, 
жаңашылдық»  деген  мағынаны  білдіреді.  Яғни,  педагогика  ғылымында  жаңа 
әдістерді,  тәсілдерді,  құралдарды,  бағдарламаларды  пайдалану.  Инновациялық 
білім  беру  құралдарына:  аудио-видео  құралдар,  компьютер,  интерактивті 
тақта,  интернет,  компьютер  –  мультимедиялық  құрал,  электрондық 
оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік  кешен,  инновациялық  ақпараттық  банк, 
инновациялық  сайт  және  тағы  басқалары  жатады.  Сондықтан  да  қазіргі  таңда 
көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға 
мүмкіндік  беретін  векторлық  және  графикалық  жабдықтаркөптеп  шығып, 
қолданыс табуда. 
Осыған байланысты күнделікті сабаққа: 

мультимедия  (видео,  аудио  қондырғылары  мен  теледидарды, 
электрондық оқулықтарды); 
- зертханалық тәжірибелер; 
- компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта); 
- анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры); 
-  интернет  т.с.с.  көрнекі  материалдарды  пайдалану  айтарлықтай  нәтиже 
береді.  Мұндай  қондырғылар  балалардың  қызығушылығын  арттырып,  зейін 
қойып  тыңдауға  және  алған  мәліметтерді  нақтылауға  мүмкіндік  береді. 
Балалардың  оқу  іс-  әрекетке  деген  қызығушылығын  ояту  тәірбиешінің  оқу  іс- 
әрекетті өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-
тәсілдері  өте  көп.  Педагогикалық  ғалым  мен  озық  тәжірибенің  бүгінгі  даму 
деңгейінде  белгілі  болған  оқыту  әдіс-тәсілдерінің  бәрін  де  еркін  игеріп,  әрбір 
нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің 
жиынтығын  түрлендіре  тиімді,  үйлесімді  әрі  шығармашылықпен қолдану-  оқу 
іс-  әрекеттің  сәтті  өтуінің  кепілі.  Ақпараттық  коммуникативтік  құралдардың 
бірі  –  мультимедиялық  оқулықтарды  кеңінен  пайдалану  оқу  іс-әрекеттерін 
жоғары  дәрежеде  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  туғызары  анық.  Бұл  жағдайда 
тәрбиеші  әр  оқу  іс-әрекеттерін  өткізер  алдында  жиі-жиі  көрнекіліктер 
ауыстырмаған  болар  еді.  Ал  мультимедиялық  оқулықтар  арқылы  тәрбиеші 
уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары айқын. 

135 
 
Мультимедиялық оқулықтар балалардың 
 
және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, 
-әрекетіне  белсенділігін  арттыра 
түседі. 
Мультимедиялық оқулықтар балаларға арналған таптырмас құрал. Себебі, 
бұл  кезеңдегі  балалардың  зейіні  әдемі  түстерге,  әдемі  ойыншықтарға,  әдемі 
суреттерге, яғни, әдемілікке, әсемдікке әуес болады. Кез келген оқу іс- әрекетте 
әр  түрлі  әдемі,  ұнамды,  жағымды  суреттер,  сызбалар,  тәсілдер  арқылы 
графикалық 
иллюстрациялар 
негізінде 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды  пайдалану  тәрбиеленушілердің  танымдық  белсенділігін 
арттырып  қана  қоймай,  логикалық  ойлау  жүйесін  қалыптастыруға, 
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. 
«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, Білікті адам жетер тілек, бағына» деген 
ғұлама 
Баласағұнның 
сөздері 
менің 
өмірлік 
қағидам. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім»  туралы  Заңының  8-бабында  «Білім  беру 
жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу, 
білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық 
желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру 
жүйесінің  алдында  оқыту  үрдісін  технологияландыру  мәселесін  қойып  отыр. 
Бүгінгі таңда ақпараттық бағдарламаларды меңгеріп, іс-тәжірибемде қолданып 
жүрмін. 
Осыған орай өзім тәрбиешілік ететін мектепалды даярлау тобында оқу іс- 
әрекетіне  ақпараттық  технологияны  көптеп  қолданамын.  Атап  айтар  болсам 
«Туған жерді сүйемін » тақырыбында өткізген оқу іс  – әрекетімде ақпараттық 
технологияларды 
мейлінші 
пайдаланып, 
балалардың 
танымдық, 
шығармашылық  қабілетін  дамытуға  ықпал  еттім  .  Ең  алдымен  туған  жерге 
деген  балалардың  сыни  ойлауына  мүмкіндік  беру  мақсатында Power  Point 
бағдарламасын пайдалана отырып , табиғаттың әдемі көріністерін анимациялық 
тұрғыда көрсетіп өттім. 
Балаларға  шаттық  шеңберін  күнге  сәлем  бере  отырып  ,  интерактивті 
тақтаны  пайдалана  отырып,  оқу  іс  –  әрекеттің  әсерлі  бастауына  ықпал  еттім. 
Туған  жердің  керемет  бейнесін,интерактивті  тақтаны  пайдалана  отырып  , 
көрсеттім.  Әсем  табиғаттың  көрінісін  құстардың  сыңғырлаған  үнін  табиғат 
көрінісімен  ұштастырдым.  Балалрдың  визуальды  қабілетін  жақсарту 
мақсатында , суретке қарап «Әңгімелесу», «Туған жер туы», «Дәйексөз “Туған 
жер алтын бесігім ” , «Дәптермен жұмыс «Ғажайып сөздер» т.б тапсырмаларды 
орындауға мүмкіндік алдық. 

136 
 
Оқу  іс  –  әрекет  соңында  «Жүректен  -  жүрекке»  тақырыбында  жылулық 
шеңберін  құра  отырып,  аяқтадық.  «Туған  жерді  сүйемін»  тақырыбында  өткен 
оқу  іс  –  әрекет  өн  бойына  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларды 
пайдаланғандықтан,  балалар  үшін  өте  тартымды,  есте  қаларлықтай  және 
шығармашылық қабілетін, тілдік қарым – қатынас қабілеттерінің дамуына жол 
ашты. Сонымен қатар оқу іс  – әрекет барысында балаларға ұйымдастырылған 
оқу  іс  –  әрекеттерге  қатысты  мульфилмдерді  көрсете  отырып,  балалардың 
ойлау , түсіну қабілеттерін тексеру мақсатында жетекші сұрақтар беру арқылы 
зейінін дамытуға ықпал етемін. 
Мектепалды  даярлау  тобында  жүргізілген  оқу  іс  –  әрекеттерді 
ұйымдастыруда  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларды  ақпаратты 
тұрғыда  жасалған  көрнекіліктер  тартымды  болса  балалар  қызыға  қатысады. 
Оқу  процесін  ширатады,  баланың  оқуға  деген  ынтасын  арттырады,  оқу  іс- 
әрекеті қызықты өтеді 
Қорытындылай  келе,  балалардың  белсенді  іс  –  әрекеті  дамытудағы 
ойындар,  жаттығулар,  еркін  ойындар,  танымдық  тапсырмалар  қазіргі  таңда 
ақпараттық коммуникациялық тұрғыда берілсе , балалардың бастамашылығын, 
байқампаздығын,  белсенділігін,  даралығын,  дарындылығын,  қабілетін, 
шығармашылығын  дамытамыз.  Себебі  жылдам  өзгермелі  ақпарат  ғасырында 
бір  сарынды  дәстүрлі  үрдістегі  іс  –  әрекет  балалардың  жан  –  жақты  дамуына 
кедергі келтіреді. Сондықтан қазіргі таңда қарыштап бара жатқан ақпаратты тез 
игеретін  балалардың  жылдамдығына  ілесіп,  олардың  қажеттіліктерін  өтей 
алуымыз қажет. 
 
Әдебиеттер: 
1. Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің 
қатарына кіру стратегиясы». 
2.  К.  С.  Құдайбергенова  Құзырлылық  білім  сапасының  критерийі:әдіснамасы 
және ғылыми теориялық негізі. А.,2008. 
3.  Б.  Р.  Аймағанбетова,  А.  А.  Бейсенбаева.  Жеке  адамның  дамуы.  Алматы 
1991ж. 
4.  Жас  ерекшеліктеп  педагогикасы.  Қ.  Р.  Б.  және  ғылым  министірлігі  С.А. 
Мусаева, Т. Б. Бегалиев «Фолиант» баспасы Астана-2006. 
5. Тіл дамыту әдістемелік құрал. Алматы кітап 2008 
6. Мектепалды даярлық. - №2, 2011 
 
 
 

137 
 
БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН
 
ЖАН ЖАҚТЫ БІЛІКТІЛІГІН 
АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
 
 
Ташаева Қ. С., 
№56 «Береке» балабақшасының  
тәрбиешісі, Астана қаласы  
 
Бүгінгі өскелең ұрпақ уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру 
мәселесі, толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық. 
Балабақшада  берілген  тәрбие  -  барлық  тәрбиенің  бастамасы  әрі  жан  -  жақты 
тәрбиемен  дамыту  ісінің  түпкі  негізін  қалайтын  орын.Жеке  тұлғаның 
қалыптасуында  ең  тиімді  жол  жаңа  тұлғаны  қамтитын,  қабілет  білім,  икем, 
дағды,  тәжірибе,  көзқарас  болып  табылады.Балаларды  жеке  тұлға  ретінде 
қалыптастыру,  олардың  ақыл  -  ойын  жүйелеу,  ойлау  қабілетін  жетілдіру, 
дәлдікке  үйрету,  шындыққа  тәрбиелеу  мақсатында  сауаттылыққа  баулу  – 
бүгінгі күн талабы.Осыған орай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі 
мазмұны  білім  беру  қызметінің  нәтижесі  ретінде  баланың  құзіреттілігін 
қалыптастыруға  бағытталған.  Ол  үшін  құзіреттілікке  бес  білім  саласын 
меңгерілуі қажет. 
Денсаулық құзіреттілігі: 
Баланың  физикалық  денсаулығын  ойлау,  қозғалыс  дағдыларын 
меңгеру.Денсаулық  сақтау  негіздері  мен  жеке  бас  гигиенасының  дағдыларын 
меңгеру. 
Тілдік қатынас құзіреттілігі: 
Тілдің дыбыстық мәдениеті.Сөздерді орынды қолдану, дыбыстарды дұрыс 
айту,  ажырата  білу.Байланыстыра  сөйлеу,  шығармашылық  тілді  меңгеру, 
қатынас мәдениетін сақтау. 
Танымдық құзіреттілігі: 
Заттардың 
қасиеттерін 
бағдарлау, 
қоршаған 
ортаны 
тану, 
құрастырылымдық  дағдылар,  қарапайып  математикалық  ұғымдар,  іздеу  және 
эксперименталды іс - әрекет. 
Әлеуметтік құзіреттілігі: 
Мінез - құлық дағдылары.Ересектер мен құрдастарының өзара іс – әрекеті 
Адамгершілік  шаралары  туралы  қазақ  және  Қазақстан  Республикасында 
тұратын мәдени құндылықтарын түсінуге мүмкіндік беру. 
Шығармашылық құзіреттілігі: 
Музыка, өнер туралы білімдер негізіне қызығушылық таныту 
Нәтижелі,  көркемдік  іс  -  әрекет,  (түс,  пішін,  композиция,  бейнелеу 
құралдар т. б.) 
Қоршаған ортаны эстетикалық қабылдау. (эмоционалдық сезіммен) 
Жаңа білім мазмұнын жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын 
пайдаланады. 
 
 

138 
 
СРЕДНЕЕ ОБРАЗОВАНИЕ
 
 
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДАҒЫ
 
ДИАЛОГТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
 
 
Абдикадырова Гулиза Сарсембаевна, 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі 
№78 мектеп-гимназиясы,  
Астана қаласы, abdikadyrova1967@mail.ru 
 
Білім  беру  саласындағы  мақсатты  реформалар  мұғалімдердің  кәсіби 
шығармашылық  дамуы  үшін  барынша  жағдай  жасауға  мүмкіндік  туғызған. 
Әлемдік  үрдістер,  қоғам  мен  уақыт  қойып  отырған  талаптар  Қазақстанның 
алдына  педагогтардың  біліктілігін  жетілдіру  жүйесін  жаңарту  қажеттілігі 
анықталды.  Бұл  мұғалімнің  міндетін  өзінің  жеке  тәжірибесін  түсіну  және 
жетілдірумен  қатар,  өзінің  рефлексивтік  зерттеу  үрдісіне  қызығушылықпен 
тартылуы, ұмтылуына негізделді.  
Өткен  заман  ғалымдары  оқытудың  мақсаты  ақиқатты  іздеу  және  мінезді 
дамыту  қарым-қатынас  арқылы  жүзеге  асатынын  бүгінгі  күнге  дейін  өзекті 
екендігі  маңызды  болып  табылады.  Адамның  бір-бірімен  қарым-қатынаста 
болуы,  ашық  диалогта  тіл  табысуы,  өз  күшіне  деген  сенімді  іздеуі  және  жер 
бетіндегі бастамаларды қолдауынан табады. Өз заманының жарқын өкілі И. Г. 
Песталоций, К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский адамды толыққанды дамыту 
өмірде  белсенді  іс-әрекетке  тарту  арқылы  жүзеге  асады  деп  сендірді. 
Халқымыздың  ұлы  ағартушылары  Әл-Фараби  «белгілі  бір  көзқарастар  мен 
әрекетін  дәлелдеп  шығуы  адамның  қабілеті»,  Абай  Құнанбаев  «өз  ісіңе  сұрақ 
беріп,  ой  толғаныс  жасау»,  М.  Жұмабаев  «оқушылардың  қиялын  дамытуда 
пікірталастың 
маңыздылығына 
тоқталған». 
Айтылған 
пікірлерден 
мұғалімдердің де, оқушылардың да сыни ойлау деңгейлерін дамыту тәсілдерін 
жетілдірудің өзектілігі басым екендігі анықталды. 
Диалогтық  білім  беру  тілдің  оқытудағы  және  білім  алудағы  басты  рөлін 
зерттеуге,  ғылыми  зерттеулерге  сәйкес  сыныптағы  оқушылармен  қарым-
қатынас жасау жөніндегі өзіндік тәсілді ойластыруға көмектеседі. 
Сыни  тұрғыдан  ойлана  алатын,  өз  ойын  ашық,  еркін  білдіретін  тұлға 
тәрбиелеуде,  оқушылардың  тілдік  құзыреттілігін  қалыптастыруда  диалогтық 
оқыту тәсілі маңызды роль атқарады.  
Диалогтық  оқыту  тәжірибеге  қатысты  қарсы  пікір  айтуға,  проблема  қою, 
деректер  жинау,  талдау  және  әрекет  ету  жөніндегі  үздіксіз  үдерістермен 
айналысуға бағытталады. Кэммис тұжырымдауы бойынша, тәжірибені өзгерту 
–  бұл  қалай  ойлайтынымызды  өзгерту,  бір-бірімізге  деген  қарым-
қатынасымызды  өзгерту.  Біз,  мұғалімдер,  оқушыларымыздың  оқу  ептілігін 
дамытуына  аса  назар  аударуымыз  керек.  «Табысты  оқу  мен  оқытудың  мәні 
оқыту  үдерісінде  жеке  тұлғалар  өздерін  еркін  және  қауіпсіз  сезінуіне  жағдай 
жасаудан тұрады» деген зерттеушілер тұжырымына сүйеніп, оқушылардың  

139 
 
сыныпта  өздерін  еркін  сезініп,  терең  білім  алуларына  мүмкіндік  жасауда  бір-
бірімен  тіл  арқылы  қарым-қатынас  жасайды  дейтін  болсақ,  сол  тіл  диалогтық 
оқытумен өркендейді. 
Диалогтық  қарым-қатынасты  жүзеге  асыруда  жұптық,  топтық  жұмыстар 
маңызды роль атқарады. Мұғалім мен оқушы әрекетінен гөрі оқушы мен оқушы 
әрекеті баланың ашылуына, оқуды меңгеруіне үлкен әсер ететінін коучингтерде 
өз басымыздан кешіре отырып түсіндік. 
Диалогтық  оқытуды  жүзеге  асыруда  сұрақтар  қоя  білу  стратегиясы 
маңызды  роль  атқарады.  Оқушылардың  диалектикалық  ойлауын  жүзеге 
асыруда  Сократ  қолданған  сұрақтарды  тәжірибеге  енгізе  отырып,  диалогтық 
талқылау жүргізу жақсы нәтижеге қол жеткізеді. 
Барлық идеялар мен көзқарастарды мынадай бағыттар бойынша зерттеуге 
мүмкіндік береді: 
1)
 
Шығу тегі: 
Сен осы ойға қалай жеттің? 
Бұл сенімді өз бойыңда қалыптастыруға қандай жағдай көмектескендігін есіңе 
түсіре аласың ба? 
2)
 
Сен неге (қандай ой негізіне) сүйеніп тұрсың: 
Сен неліктен бұл пікірге (ойға, көзқарасқа, т.б.) сенесің? 
Сенде осыны растау үшін қандай да бір дәлелің бар ма? 
Адамдардың осыған сенуінің басқа да себептері бар ма? 
Осыған сену арқылы оның ақиқат екендігін растай аласың ба?  
Олай мүмкін бе? 
Сен қалай ойлайсың, бұл жасалған болжам ақиқат па? 
3)
 
Басқа идеялар және пікірлермен өзара қайшылығы: 
Кейбір адамдар саған қарсы шығуы мүмкін, мына сөздер арқылы... 
Сен оларға қалай жауап берер едің? 
Олардың қарама-қарсы көзқарастарына қалай қарайсың? 
Сен қарсылыққа қалай жауап берер едің?  
4)
 
Олардың мән-мағынасы мен шынайы өмірдегі себеп-салдары: 
Осыған сену, шынайы өмірде қандай салдарға әкелуі мүмкін? 
Осыны жүзеге асыруымыз үшін біз не істеуіміз қажет? 
Бұл көзқарастың салдары қандай болмақ, егер де... ? 
Бір-бірімізге қарама-қарсы келмеуіміз үшін, біз қандай ойға келуіміз қажет? 
Сен нені меңзеп (болжап) тұрсың? 
5)
 
Олардың маңыздылығы және практикалық салдары: 
Егер де осындай ойға келсек, оның салдары қандай болмақ? 
Біз осыны жүзеге асыру үшін не істеуіміз қажет? 
Кейін оның арты неге алып келуі мүмкін? 
Сіздің айтуыңызша, сонда...? 
Сократтық  талқылау  тиімді  әдістерді  құрастыруға,  олардың  ойын 
бағалауға,  басқа  оқушылардың  деңгейімен  салыстыруға  көмектеседі.  Сократ 
сұрақтарына жауап беру барысында оқушылар өзінің көзқарасын білдіріп өзара 
талқылауға  бірден  көшеді,  бұл  өз  кезегінде  сұраққа  байланысты  жан-жақты 

140 
 
пікірлер  мен  көзқарастарды  анықтауға  септігін  тигізеді.Оқу  барысында 
қолданылатын  негізгі  сұрақтар  мен  негізгі  идеяны  анықтап  қою  арқылы 
оқушылар  көптеген  жаңа  және  әртүрлі  көзқарастарын  білдіруге  мүмкіндік 
алады.  Сократ  сұрақтарын  қолдану  сыни  тұрғыдан  ойлауға  бағыт  бағдар  бере 
отырып,  «саналы  тұлғаны»  тәрбиелейміз.  Саналы  көзқарастың  қалыптасуы  өз 
кезегінде  сезімдік  немесе  тұлғаның  эмоционалдық  күйін  сыни  тұрғыдан 
ойлауға  бейімдейді.  Нәтижесінде  оқушылар  сократтық  пікірталастарда 
интеллектуалдық  тәртіпке  және  өз  ойын  түйіндеп  жеткізуге,  нақтылыққа 
үйренеді. Сұрақ қою арқылы мұғалім оқушыларды тақырып бойынша: 
-
 
сындарлы сөйлеуге ынталандырады; 
-
 
білімге деген құштарлығын дамытады және зерттеуге ынталандырады; 
-
 
білім алушылардың бір-бірінен үйренуіне, идеяларын құрметтеуіне және 
бағалауына ықпал етеді; 
-
 
оқытуды  қиындататын  мәселелерді,  себептерді,  түсінбестіктерді 
анықтайды. 
Диалогтық  оқыту  кезінде  Мерсер  мен  Литлтонның  пайымдауынша, 
оқушының  пәнге  деген  қызығушылығы  артады,  оның  білім  деңгейінің  өсуіне 
әсер етеді, берілген тақырыпты тереңірек түсінуге, тақырыпты ашуға мүмкіндік 
береді. Яғни диалогқа түсу арқылы әлемнің байлығын білуге шақырып, әлемнің 
күрделі  де  қиын  екендігін  түсінуге  үйретеді.  Ал  Барнс  (1971)  сыныпта  тіл 
қаншалықты  қолданылса,  оқушылардың  оқуына  соншалықты  әсер  ететініне 
тоқталды.  Бұл  диалог  арқылы  оқытуда  оқушылардың  сыныптастарымен 
әңгімеге  түсу  кезінде  белсенділіктерінің  артып,  өз  ойларын  қорытындылап, 
анық жеткізе алатындығынан көрінеді. 
Сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау сияқты түрлі 
тәсілдерін  пайдалану  сыни  тұрғыдан  ойлай  алуға,  ауызша  өз  ойларын  ашық 
жеткізе білуін қадағалауға мүмкіндік туғызатындығы тәжірибеде дәлелденуде. 
Сабақта диалог ең басты орында болатындығын түсінуге Л. С. Выготский 
де  үлес  қосты.  Ол  оқыту  моделі  оқушы  диалог  құру  нәтижесінде  білім  алады 
деп  жорамалдайды.  Ұлы  психологтың  түйінді  тұжырымдамалары  жеке  тұлға 
мен ортаның арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Оның көпшілікке белгілі 
оқыту  принципі  –  ЖАДА  -  білім  әлеуметтік  ортада  немесе  диалог  арқылы 
қалыптасады. Сол себепті әрбір ұстаздың міндеті оқушыларға қолдау көрсетіп, 
оларға диалог жүргізуге мүмкіндік жасау.  
Өзімнің іс-тәжірибемде диалогтық оқытуды жүзеге асыруда оқушылармен 
өткізілген  сабақтарда  және  жас  мамандармен  өткізілген  коучингтерде  түрлі 
интерактивті тәсілдерді қолданамын.  
 
«Оқушы  мен  оқушы»  немесе  «оқушы мен  мұғалім»  арасындағы диалогті 
дұрыс 
жолға 
бағыттау 
арқылы 
көп 
нәтижеге 
қол 
жеткізуге 
болады.Оқушылардың  жарыса  диалогтік  әңгімеге  түсуі,  жаңа  сабақты 
қызығушылықпен  игеруі,белсенділігі  төмен  оқушылардың  ашылуы  мен  үшін 
ерекше қуаныш болды.  

141 
 
Қазақ  әдебиетінен  7  «А»  класында  Ж.  Аймауытовтың  «Әнші» 
әңгімесіндегі  жазушының  тіл  шеберлігіне  талдау  жасауда  Блум  жүйесін 
қолдана өтілген сабақ жобасы: 
1-кезең. Білу 
Әр  топтан  бір  оқушы  өздері  оқып  келген  бөлімнің  мазмұнын  (фабуласын) 
қысқаша айтады.Қосымша толықтырулар жасалады. 
2-кезең. Түсіну 
Әр топ өздеріне берілген әңгіме бөліміне мазмұндық жоспар құрады.Әңгімедегі 
кейіпкерлер бейнесін мінездемелік жоспар арқылы ашады. 
3-кезең. Қолдану 
Жазушының қандай тәсіл қолданғанын анықтау. Ол қай бөлімде кездеседі? 
Тауып оқып беру. Жазушының тілдік ерекшелігін зерттеу. Кесте толтыру. 
 4-кезең. Талдау 
Қос жазба күнделігін толтыру. 
Саған ұнаған эпизод. 
Неліктен ұнады? 
 
 
Қосымша сұрақтар: 
- Прототип және типтік образ дегеніміз не? 
- Әңгіме кейіпкерінің прототипі туралы не білесің? 
-  Басты  кейіпкердің  бейнесін  ашуда  жазушы  қолданған  тағы  қандай  тәсілді 
байқадыңдар? 
5-кезең. Жинақтау 
1-топ. Синквейн «Әмірхан» 
2-топ. Жетіжолды өлең «Ән және Әнші» 
3-топ. РАФТ бойынша жұмыс 
Ұжымға сұрақ: Әңгіменің тақырыбы, идеясы не? 
6-кезең. Бағалау 
«Әнші – адамзаттың бұлбұлы» тақырыбына ой-толғау жазу. 
Рефлексия  жасау  кезеңінде  «Әнші»  әңгімесін  талдауда  синквейн, 
жетіжолды  өлең,  РАФТ  қолдансақ,  «Көксеректе»  монолог  түрінде  эссе 
жазады.Шығарманың  идеясын  анықтауда  жуан  сұрақтар  қойылады.  Мысалы, 
«Әңгімені автор неге кемпірдің қарғысымен аяқтаған?» 
Диалогтік 
оқыту 
оқушыларды 
көшбасшылыққа 
да 
тарта 
бастайды.Оқушылар  топ  ішінде  үнсіз  отырған  оқушылардың  белсенді 
қатысуына қолдау жасап, түрткі болу арқылы мүмкіндіктерін аша біледі. 
Сонымен,  оқушылардың  өзара  бірлескен  іс-әрекетін  диалогтық  оқыту 
арқылы  ұйымдастырудың  тиімділігі  әр  сабақ  барысында  дәлелденіп 
отыр.Оқушылар топтық жұмыстағы бірлескен іс-әрекетте: айтылған пікірлерді 
саралап  сыни  ойлауға,  формативті  бағалауда  бір-біріне  қолдау  көрсету 
мақсатында  сенім  білдіруге,  мадақтап  уәж  беруге,  сыныптастарымен  кеңесіп 
көшбасшылық қабілеттерін арттыруға икемделді. 
 
 
 

142 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Қазақстан  Республикасы  жалпы  білім  беретін  мектептері  педагогтерінің 
біліктілігін  арттыру  курсының  бақдарламасы.  Мұғалімге  арналған  нұсқаулық. 
Үшінші деңгей. Астана,2012. 
2.
 
Қазақстан  Республикасының  орта  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті стандарты. Астана, 2010. 
3.
 
Мерсер(2005),  Әлеуметтік-мәдени  сұхбат:  сыныпта  талқылауды  талдау-
ойлаудың әлеуметтік түрі. 
4.
 
Александер  (2008),  Диалогтік  оқыту  жолында:  сыныпта  талқылауға 
арналған жаңа тәсіл. 
5.
 
Выготский Л.С. Мышление и речь. 
 
 
 
 
НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУДЫ 
 
ӘДІСТЕМЕЛІК
 
СҮЙЕМЕЛДЕУ
 
 
 
Абдуллаева Балзия Әбдікәрімқызы, 
Қызылорда облыстық №4 дарынды балаларға  
арналған мектеп-интернат директоры 
Саянова Ағайша Нұрмағанбетқызы,  
Қызылорда облыстық №4 дарынды балаларға 
 арналған мектеп-интернат директорының оқу 
ісі жөніндегі орынбасары 
 
 
Педагогтың  кәсіби  позициясының  нақты  болуы  -  педагогикалық 
мамандыққа қойылатын маңызды талаптардың бірі. Білім беру жүйесін одан әрі 
жетілдіру міндеттері мұғалімге қойылатын талаптардың өсуімен және сапасын 
дамытумен байланысты.  
Қазақстан  Республикасында  Білім  беруді  дамытудың  2011  –  2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында:  «Мектептегі  білім  сапасы 
сапалы  даярланған  педагогпен  айқындалады.  Олар  бұл  білімдерін  әр  түрлі 
әдістермен білім алушыларға береді», - деп кәсіби даярлықтың жоғары сапалы 
қол жетімділігінің болуын қадап айтқан. (1) 
Даярлығы жоғары білікті, кәсіби құзырлы педагог жалпы орта білім беру 
нәтижесі  ретіндегі  құзіреттіліктерді  -  өзіндік  менеджмент,  ақпараттық, 
коммуникативтікті  меңгерген  жеке  тұлға  –  оқушыны  қалыптастыратыны 
белгілі. 
Бұл  міндетті  шешудің  бір  жолы  –  оқу  пәндерінде  мотивациялық  және 
бақылау әдістерін үйлесімді қолдану. 

143 
 
«Мотивация  –  оқушының  белсенді  танымдық  іс  –  әрекетіне  араласуына 
ықпал жасаушы үдерістер, әдістер», - деген педагоикалық анықтама бар. (2) 
1)
 
Ал, бақылау терминінің мәні турасында: «Бақылау - оқушылардың 
шығармашылық  күшіне,  қабілетіне  сенім  білдіру,  ынталандыру,  іске 
жұмылдыру», - деген тұжырым жасалған. (3) 
2)
 
Білім  берудің  оң  нәтижесін,  өнімін  көру,  одан  ләззат  алу  –  әр 
оқушының қуанышы. Осы қол жетімділікке бағыттаушы – мұғалім болса, оның 
құралы  –  мотив,  мотивация.  Түрлі  мотивациялық  әдістердің  ықпалымен 
белсенді  оқу  –  танымдық  әрекетке  енген  оқушының  әрбір  қол  жеткізген 
нәтижесін  бақылай  отырып,  жағымды  эмоция  туғызу,  қолдау  көрсету, 
психологиялық  жағымды  орта  құру  –  мұғалім  қызметіндегі  басты  нысан. 
Өйткені, оқушының шығармашылық күшіне сенім білдіріп, әрекеттесе отырып, 
тұлғалық  ішкі  ресурстарын  қадағалау,  бақылау,  бақылау  дерегі  негізінде  іс  – 
әрекетке  бағыттау,  іске  жұмылдыру  білім  беруден  күтілетін  құзіреттіліктерді 
қалыптастыруға ықпал етеді. 
Оқу  пәндерінің  қай  –  қайсысында  болмасын,  мотивациялық  әдістермен 
бақылау  әдістерін  ұштастыра  қолдану  тұлғалық  –  бағдарлық  оқыту 
міндеттерінің табыстылығына әкеліп, дамыта оқыту идеяларын іске асырады.  
Мотивациялық  және  бақылау  әдістерін  сабақтың  барлық  кезеңдерінде, 
типтерінде, түрлерінде тиімді түрде қолдануға болады.  
Сабақта  оқушылардың  оқу  –  танымдық  әрекетіне  түркі  жасалып, 
қызығушылық  тудыратын,  белсенділігін  көтеретін  бірнеше  мотивациялық 
әдістер қолдануға болады. Оқушылардың іс – әрекеттері бақыланып, нәтижелі 
табыстылыққа бағытталғаны тиімді. Жалпы оқыту үрдісінде мотивациялық әдіс 
тәсілдердің төмендегі түрлері жиі қолданылды. Олар – 
 

 
 Психологиялық дайындық жаттығулары  

 
 Ұнамды көніл – күй, сезім тудыру тәсілдері 

 
 Қызықты тапсырмалар, танымдық ойындар 

 
 Эвристикалық және мәселелі ізденістер 

 
 Жетістіктерді салыстыру, қолдану, мадақтау тәсілдері  

 
 Бала тілегіне, қасиеттеріне негізделген тапсырмалар 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет