Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



Pdf көрінісі
бет28/39
Дата07.02.2017
өлшемі5,28 Mb.
#3587
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39

 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ІС
-
ӘРЕКЕТІН
 
ТОПТЫҚ ЖҰМЫС 
АРҚЫЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
 
ТИІМДІЛІГІ
 
 
Куздыбаева Бану Сериковна,  
Ахметова Газиза Аскаровна, 
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,  
Ембі қалалық №3 ОМ, 
ағылшын тілі пәні мұғалімдері 
 
Қазіргі  таңда  білім  берудің  негізгі  талаптарының  бірі  білімді  үздіксіз 
жетілдіру  және  оқыту  үрдісін  интенсивтендіру  болып  табылады.  Мұның 
нәтижесі  білімдерді  терең  және  жоғары  мәдениетті,  ғылым  мен  техниканың 
жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тәрбиелеумен тығыз байланысты. Осы 
деңгейлерді жоғарылатудың бір түрі мектеп тәжірибесіндегі топтық, ұжымдық 
оқыту  түрлерін  енгізу.  Топтық  жұмыс  арқылы  оқушылардың  үйренуге  деген 
мотивациясын  жетілдіру  бүгінгі  күннің  проблемасы  емес.  Классикалық 
педагогиканың  негізгі  проблеманы  шешудегі  оқушы  мен  оқуды  бір-бірінен 
ажырамайтындай «үйлестіру», оларды оқуға жақындату, олар білімді өздерінің 
қалаулары, қажеттілігін сезінулері арқылы алғанда ғана жан-жақты жарасымды 
тұлға  қалыптасады.  Ұжымдық  танымдық  іс-әрекеттердің  әртүрлі  формаларын 
мен  түрлері  жүйесінде  топтық  жұмыс  және  оның  әртүрлілігі  маңызды  орын 
алады.  Топтық  жұмыс  өзінің  барлық  белгілері  көрініс  табатын  оқу 
ынтымақтастығының  идеалды  моделі  болып  табылады.  Топтық  жұмыстардың 
пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулер әртүрлі бағытта жүргізілуде. 
Психологтар  тұлғаның  жетілуі  үшін  топтық  жұмыстар  қолайлы  жағдай 
туғызатынын  ашып  көрсетеді.  Яғни  сыныптағы  тұлғаралық  қатынас  топтағы 
микроклиматқа  байланысты.  Ол  топтың  әрбір  мүшесінің  көңіл  күйін,  топпен 
қанағаттанушылығын,  қолайлылығын  анықтайды.  Сыныптағы  психологиялық 
ахуалдың  қалыпты  болуы  білім  алушылардың  құндылығы  мен  мінез 
құлықтарының  дұрыс  қалыптасуына  мүмкіндік  береді.  Ким  Истон  және  Рон 
Руни зерттеулерімен таныса отырып, сыныптағы психологиялық ахуал мұғалім 
мен  оқушының  қарым  -  қатынасындағы  ынтымақтастыққа,  оқушылармен 
кеңесе  отырып,  ынталандыруға  байланысты  екендігіне  көзіміз  жетті. 

276 
 
Зерттеушілердің  ойынша,  топтық  жұмыс  оқыту  процесін  байыта  түседі,  оқу 
жұмыстарын жетілдіреді. Дидактиканың негізін салушы ұлы педагог Ян Амос 
Коменский  құрғақ  жаттау  мен  догматизмге  қарсы  болып,  оқытудың  бала 
табиғатына,  оның  мүмкіншіліктеріне  сәйкес  болуын  талап  етті.  Коменскийдің 
ойынша,  мектеп  оқушылардың  «адамгершілігін»,  «ақылын»  жетілдіретін 
орталық. Ол адамның өсіп жетілуіндегі жас ерекшеліктеріне қарай бір-бірімен 
байланысты құрылған мектеп оқуының жүйесін ұсынды. Олар: «Ана мектебі» 
,«Ана  тілі  мектебі»,  «Латын  мектебінің  (гимназия  т.б)»,  «академия». 
Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегінде төмендегі дидактикалық сұрақтарды 
шешу  жолдарын  іздестірді.  Қалай  жақсы  оқытып,  оқуға  болады?  Оқыту  мен 
оқудың  жеңілдетуге  болады?  Оқыту  мен  оқудың  негізділігі.  Тиімді  оқыту 
ережелері мен тәсілдер. Сындарлы оқыту идеясын жүзеге асыруда біздің ойыма 
Ұлы педагогты толғандырған сұрақтар түсті.  
Джон Лок «Оқытудың мақсаты білім, ал білімнің мақсаты тәжірибе немесе 
басқалармен  бірлесе  білім  алу»  дей  келе  оқушыны  білімді  өз  бетінше  ойлау 
дағдыларын  жетілдіру  арқылы  үйрету  керектігін  меңзеген.  Оның  ұсынған 
қағидасы  оқушылардың  үйренуге  деген  ынтасы  мен  сүйіспеншілігін  дамыту. 
Яғни, баланың дұрыс мінез - құлқын қалыптастыру, қабілеттілігімен өз бетінше 
ойлауын  дамыту.  Адамға  қажетті  сапа  мінез-құлықтағы  мәдениеттілік.  Ол 
оқушыларды  зерттеп  білудің  негізінде  олардың  табиғи  ерекшеліктерін, 
талаптары  мен  талғамдарын,  қызығушылықтарын  дер  кезінде  аша  білу 
қажеттілігіне  тоқталған.  Ал  Ж.  Ж.  Руссоның  ойы  қызығушылық  баланың 
өмірдегі  «тапқан»  әлемге  табиғи  жақындығы.  Яғни  үрдіс  пен  әрекеттерді 
үйренуі. Дж.Дьюи білім берудің біртұтас мақсаты даму деп есептей келе, даму 
өзгеріп жатқан өмірге бейімделуге жеке өміріңді бағыттауға қолайлы жолдарды 
таңдау.  Ол  оқушылардың  өз  тәжірибелерін  бір-бірімен,  мұғаліммен,  оқу 
жоспарымен  қарым-қатынас  жасау  арқылы  жүзеге  асырылады.  Сыныптағы 
бірлесе  әрекеттенген  қарым-қатынас  өмірдегі  ең  қажетті  проблемалар  жаңа 
арақашықтарын  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Ол  әр  оқушының  пікірін 
тыңдау,  сынау,  жинақтау  және  талдау  арқылы  толықтырып  отырғанда  ерекше 
және  сыни баға беру  дами  алады.  Сондықтан  да оқушыларды бірлесе отырып 
білім  алуда  қызығушылықтыры  арта  отырып,  өзіндік  күш  жігерлерін  салады. 
Топтық  жұмыстың  басты  міндеттерінің  бірі  алмасу  және  соған  социумның 
әрбір  мүшесінің  үлес  қосуы  болып  табылады,  сыныптың  барлық  мүшесі  тең 
дәрежеде  болып,  нәтиже  алуға  мүдделі  болып  келетін  білім  алушылар 
социумын құрылуы керек екендігін (Дж.Дьюи, 2000) меңзеген. 
Л.Выготский  оқушылардың  (метакогнитивті)  өздігінен  реттелетін  оқуын 
дамытуды әлеуметпен байланыстыра отырып «Жақын Арадағы Даму Аймағы» 
әлеуетінің  даму  мөлшері  ақылды  жан-жақты  дамыған  бала  арқылы 
жетілетіндігін дәлелдеген.  Ал  оларға  қолдау  көрсететін  үлкен  адамның көмегі 
«рефлективті  агент»  ретінде  оқушының  реттелуін  бақылайды  деп  есептеген 
(Л.С.Выготский, 2000) 
Сыныпта  ұйымдастырылытан  диалог  сәтті  шығуы  осы  социум 
мүшелерінің  ұстанатын  ережелеріне  байланысты.  М.Жұмабаевтің  идеяларына 

277 
 
сүйене  отырып,  топтық  жұмыстағы  диалогта  қарастырылатын  мәселелер 
барлық оқушыларды қызықтыратындай болуы; қарама-қайшы пікірлерді дұрыс 
қабылдайтындай  болуы;  талқылауға  социумның  барлық  мүшелері  қатысуын 
ынталандырып отыру қажеттігін тәжірибеде дәлелдеген.  
Талқыланатын  мәселе  білім  алушылардың  осыған  дейінгі  тәжірибесімен 
байланыстырылса,  қызығушылық  пайда  болады.  (Д.  Дью)  Сонымен  қатар 
сыныптағы  жайлы  атмосфера,  мадақтау  мен  моральдық  ынталандырушы  орта 
диалогқа қатысушылардың белсенді болуына әсер етеді. 
Ғалымдардың  зерттеулерімен  таныса  отырып,  бағдарламаның  идеясын 
жүзеге асыруда білім алушылардың социум деген ұғымды түсінді; 
Топта жұмыс жасау дағдылары дамытылды; 
Дамытушы орта қалыптастырудың негізгі категориясын таңдауға үйренді; 
Өз  әрекетінің  және  басқа  топ  мүшелерінің  әрекет  түрлерінің 
мониторингінің формалары мен форматтарын анықтау; 
Оқушылардың қажеттілігін және баланың ЖАДА анықтау, қолдау жасауға 
үйренді; 
Білім  алушылардың  жеке  психологиялық  ерекшеліктерін  анықтай  алу 
дағдыларын жетілдіруді көздедік. Олар: 
класс оқушыларының өз бетімен білім алу мотивациясын анықтау; 
өз  бетімен  білім  алуға  деген  мотивациясын  жетілдіруде  ынталандырушы 
стратегияларды анықтау; 
топтық жұмыс арқылы үйренуге деген мотивациясын жетілдіру тәсілдерін 
тәжірибеге енгізу. 
Егер,  оқушыларының  топтық  жұмыс  арқылы  үйренуге  деген 
мотивациясын  жетілдіруді  жүзеге  асыруға  жағдай  жасалса,  оқушылар  оқу 
үрдісін өздері басқарып қана қоймай, жеке жұмыстың көлемі азайып, ұжымдық 
іс - әрекет білім игеруде орта қарым-қатынас құралына айналады, балалардың 
деңгейіне  қарап  сараланып,  ерекшелігіне  қарап  даралануы  мұғалім  емес, 
балалардың  өз  еркімен  жүзеге  аса  бастайды.  Білім  беру  саласында  үнемі 
жаңарып отыратын өзгерістерге икемделеді. 
Топтық  жұмыс  арқылы  оқуға  деген  мотивациясын  жетілдіру  идеясы 
оқушылардың  әлеуеті  мен  ресурстарының  түпкі  нәтижеге  бағдарлануы.  Ол 
нәтиженің мәні – оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу 
әрекетінің  субъектісі,  әр  түрлі  мәдениеттер  мен  өз  көзқарасы  тұрғысынан 
білімді, сауатты, өз ойын және пікірін басқалардан тәуелсіз құра алады.  
 Үйренуге  деген  мотивациясы  қалыптасқан  білім  алушының  өзінің  мақсатын 
құру  мен  қандай  да  бір  басталған  істі  аяқтау,  қиындықпен  шешілетін,  бірақ 
шындықты  айқындаушы  міндеттерді  алға  қою,  мақсатқа  жету  прогресіндегі 
динамика  түрінде  «кері  байланысты»  беретін  мақсатқа  ұмтылуға  болжам 
жасайды.  Өзіндік даму  процесінде  келесі  комбинациялар  айқындалуы  мүмкін: 
жоғары  мотивация  мен  жоғары  деңгейдегі  мақсатты  сезіну:  «Мен  осы  іске 
барғым келеді және оны толық білемін, сонымен қатар қайда бару керектігін, 
қандай  әрекет  ету  керектігін  білемін»;  өзіндік  даму  мен  өзіндік  жетілудегі 
мағыналы  өзектілікпен  сипатталатын  жоғары  мотивация,  бірақ  мақсатты 

278 
 
сезінудің  төмендігі:  «Мен  осы  іске  барғым  келеді,  бірақ  оны  қалай 
орындайтынымды  білмеймін»;  төменгі  деңгейдегі  мотивация,  бірақ  мақсатты 
сезінушілік  жоғары:  «Мен  ол  іске  барғым  келмейді,  мен  ештеңені  орындай 
алмаймын»;  төменгі  мотивация  және  мақсатты  сезінушіліктің  төмендігі:  «Мен 
ешқандай іске де барғым келмейді» . 
А.  Н.  Леонтьев  «Мақсаттан  мотивтің  айырмашылығы  субъект  арқылы 
айқындалмайды:  біз  қандай  да  бір  әрекетті  орындауда  өзімізге  себеп-салдар 
болатын түрткілерімізге есеп бере алмаймыз» деп көрсетеді. «Егер мақсат пен 
әрекетке  жауап  берушілік  саналы  түрде  мойындалса,  оның  мотивке  деген 
саналы  әрекеті  туралы,  яғни  нақты  мақсаттардың  не  үшін  қойылатындығы 
туралы жұмыстар атқарылады. Мотив санада әрекетке талдау жасау жолымен, 
оның  динамикасымен  анықталады.  Олар  субъективті  түрде  тек  жанама  түрде 
ғана,  қалау,  мақсатқа  жетуге  ұмтылу,  ынталану  формасындағы  түрінде 
орындалады». 
Мотивті  саналы  түрде  сезіну  объективтілікті  талап  етеді  және  «сыртқы 
көзқарас» тұрғысынан болжам жасайды. Мотивтен  мақсатқа  қарай  қозғалыс 
және  оны  сезіну  жаңа  бейнелі  жоғарғы  дәрежедегі  мотивтердің  дүниеге  келу 
процесі мен осыған сәйкес жаңа спецификалық қажеттіліктердің туындауында 
жүзеге асады. 
Дегенмен,  адамның  ішкі  жан  дүниесінің  психологиялық  жағынан  пайда 
болуы, өмір сүру бағыты мен оның мағынасын құрайды, шынайы өмір мен адам 
арасындағы  мағыналы  құбылыстарды  тоғыстыратын,  мотив-мақсаттылықты 
құруға деген қабілетті көрсетеді. 
 
Біздің  көзқарасымыз  бойынша,  белгілі  мотив-мақсаттардың  мазмұны 
болмасын, олардың алғашқы басқышында жетістіктің түрткісі орын алуы тиіс. 
Өзіндік  даму  мен  өзіндік  жетілуге  деген  қажеттіліктерден  туындайтын  түрткі 
саналылыққа  ауысып,  адамның  әрекет  ету  ортасын  кеңейтіп  отыратын 
себептерін  оятады  (теориялық  тұрғыдан  қарастырған  жағдайда  да)  тұлғаның 
әлеммен байланысын кеңейтіп, қорытындысында оқушыны өзіндік кемелденуге 
жетелейді.  
 Білім  алушыларға  бірлесе  әрекет  ете  отырып,  өзіндік  әлеуетін  жетілдіруде 
тиімді әдістер арқылы сыныптың ерекшелігіне қарай пайдалану нәтижелі білім 
алуға жетуге мүмкіндік берді. 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Мұғалім философиясының қалыптасуы мен дамуы, 16-бет 
2.
 
Қазіргі дидактика. СадыковаТ.С.,Абылқасымова А.Е.,Алматы:Ғылым, 
2007ж.,41-бет 
3. Қ. Жарықбаев. Ақылдың кені. Алматы. «Қазақстан»-1991 ж.-244б. 4. 
С.Мирсейтова мен Ә.Іргенбаева. Әрекеттегі философиясы мен әдістері. 
Редакциялаған, - Алматы. Издатмаркет, - 2004ж., -261б. 
5. Москаленко О.В. Развитие профессионального самосознания рук. Обр. 
Учреж. –М.2000 
 

279 
 
ҚАЗАҚ
 
ТІЛІ
 
ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
 
 
Кузенова Айнагул Жанабергеновна
Арал ауданы, Шөміш елді мекені 
№263 орта мектеп 
 
Егеменді  еліміздің  еңсесі  көтеріліп,  тәуелсіз  ел  атанып  әлемге  атымызды 
танытып  жатқан  кезеңде  ұлттың,  елдің  болашағы-жас  ұрпақ  тәрбиесіне  де, 
біліміне  де  мықты  көңіл  бөлу  қажет-ақ.  Осы  тұста  «мұғалім  –дамыту 
жұмысының  көшбасшысы  бола  білуі  керек».Оқушылардың  креативтілігін 
дұрыс  түсініп,  шығармашылық,  зияткерлік  қабілетін  дамытып  отыру 
қажет.Балалардың  ішкі  уәжін  дұрыс  ұғына  отырып,алған  мәліметтерді 
интерпритациялау,  сыңаржақтылықты  сыртта  қалдырып,  өз  пайымын  ортада 
ашық  жеткізуге  жағдай  туғызу-ол  менің  басты  мақсатым.  Барнс  сыныпта  тіл 
қаншалықты  қолданылса,  оқушылардың  оқуына  соншалықты  әсер  ететіндігін 
айтады  (МАН,39  б)  Сол  себепті  мен  де  өз  пәнімде  коммуникативтік 
дағдыларды дамытуға көп күш саламын. 
Коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру жұмысын негізінен мынадай 
мақсаттарға бөліп қарастыруға болады: 
1.
 
Оқушылардың  бақылағыштық,  ойлау  қабілеттері  мен  тілін, 
дүниетанымын  дамыту,  әр  нәрсені  салыстыра  талдап,  жинақтап,  нақтылап, 
салыстыру негізінде өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету; 
2.
 
Оқушыларға  қазақ  тілі  нормасына  сай  ,  өз  сезімін,  ойын  дұрыс 
айтып, жазып бере алатындай дағдылар беру. Сөйлеу-әрекет, адамның әрекеті, 
яғни, қарым-қатынас жасау үшін, ойын, білімін, сезімін екінші біреуге жеткізу 
үшін тілді қолдану болып табылады; 
3.
 
Оқушыларға  ана  тілін  сүюге,  оның  алтын  қорын,  тамаша 
сырлы,нәзік  сөз  байлығын  қолдана  білуге  және  оны  сезініп,  құрметтей  білуге 
тәрбиелеу; 
4.
 
Қазақтың  тіл  білімі  ғылымының  табысы  негізінде  оқушылардың 
ауызша  және  жазбаша  тілін  дамытуға  септігі  тиетін  жұмыстардың  оңай  да 
тиімді түрлерін іріктеп алып ұсыну. 
Оқушылардың  коммуникативтік  дағдысын  қалыптастыруымыз  үшін  біз 
мына сияқты негізгі мәселелерді үйретуіміз қажет: белгілі бір тақырыпты оқыта 
отырып,жаңа сөздер жасайтын баланың сөздік қорын дамыту; сөздерді үйрете 
отырып  жаңа  сөздер  жасайтын  формаларды  меңгерту  барысында  оларды 
байланыстырып,  сөз  тіркесі  мен  сөйлем  құрауға,  сондай-ақ  ойларын  ауызша 
сауатты,  жүйелі,  дұрыс  жеткізуге,  сөйлей  білуге  үйрету.  Сонда  осы  үшеуі 
(сөздік жұмыс, сөз тіркесі мен сөйлем құрау, байланыстырып сөйлеуге үйрету) 
күнделікті  өтетін  сабақпен  байланысты,  біртұтас  жүргізіліп  отырса,  қарым-
қатынас  дағдысын  қалыптастыру  жұмысы  да  біршама  жүйелі  өткізіледі  деуге 
болады.Қарым-қатынас  дағдысын  қалыптастыру  осы  негізгі  үш  бағытта  қатар 
жүреді,  өйткені  сөздік  жұмыс  сөйлем  құрау  үшін  де,  байланыстырып  сөйлеу 

280 
 
үшін де негіз болады: ал әңгіме айтуға дайындық жасау сөз бен сөйлемсіз іске 
асуы мүмкін емес. 
Сөйлеу  –адамзаттың  даму  эволюциясынада  қол  жеткізген  жетістіктерінің 
бірі.  Адамдарды  басқа  дүниеден  ерекшелеп  тұратын  да  осы-қарым–қатынас. 
Сондықтан  сабағымда  диологтік  оқытуға  баса  назар  аударамын.Себебі 
диологтік  оқыту  оқушы-оқушы,  мұғалім-оқушы,  оқушы-мұғалім  түрінде 
диологтар  құрылады.  Диологтік  тілдесім  барысында  оқушылар  жұп  болып  та, 
топ  болып  та,  ұжым  болып  та  бір  –  бірімен  қарым  –қатынасқа  түседі.  Бұл- 
диологтық  сөйлеудің  өзіндік  белгілері.  Диологтік  оқытудың  амал-тәсілі 
оқушыларды сөйлеуге, белсенділікке, өзара пікір алмасуға итермелейді, сөйлеу 
жағдаяттарын  туғызып,  оқушылардың  ауызекі  сөйлеуіне,  пікірлесуіне  әсер 
етеді.Бір-бірімен  қарым  –қатынасты  арттыру  үшін  диологтық  оқытудың 
маңызы  зор  деп  білем.Диологтық  сөйлеудің  негізгі  ерекшеліктерін,  оның 
жүзеге  асу  жолдарын  С.Әбдіғалиев,  С.Нұрғали,  Р.К.Миньяр-Белоручев, 
Я.Яноушек  т.б  ғалымдар  айқындап,  диологтік  сөйлеудің  мынадай  басты 
белгілерін  атап  көрсетті.  «Олар:  біріншіден,  диологтыңекі  немесе  оданда  көп 
адамның  арасында  өрбуі;  екіншіден,  диологқа  қатысушы  адамдардың  бірде 
тыңдаушы,  бірде  сөйлеуші  болып,  кезекпе-кезек  олардың  арасындағы 
рөлдердің  алмасып  отыруы;  үшіншіден,  диолог  барысындағы  ақпараттардың 
жеткізілу  жағдайы  және  оларды  қабылдау  ерекшеліктері;  төртіншіден,  пікір 
алмасушылардың  алынған  ақпаратқа,  хабарға  деген  көзқарастары,реакциясы 
және  оны  жеткізудегі  бет-әлпеті,  қимыл-қозғалысы»  Сонымен  қатар 
жеткізілетін  ақпараттық  хабардың  аяқ  асты  туындап,  тілдік  қатынасқа  түсуі 
диологтық сөйлеудің негізгі белгілерінің біріне жатады. 
Осы  тұрғыдан  оқушы-белгілі  мәліметті  қабылдаушы  ғана  емес,  сонымен 
бірге  терең  ой  иесі.  Оқушының  үніне  құлақ  сала  отырып,  ішкі  уәжін  ұғынуға 
тырысамын.Ол  дербес  ойланып,  өз  көзқарастарын  дәлелдей  алуы  керек.  Әр 
оқушының еркін ойлауына, дәлелдер келтіруіне сабақ барысында түрлі әдістер 
арқылы  қолайлы  жағдай  жасауға  тырысамын.  Айталық,  «Атаулар  көмегімен 
болжау жасау», «Елеспен жетелеу» стратегиялары оқушының ой ұшқырлығын 
бақылауда, стандартты емес шешім жасауда тиімді пайдаланып жүрмін. Қазіргі 
кезде оқушыларды кең ауқымды көркем әдебиетті оқытуға баулу оңай іс емес. 
Бұл  жолдағы  қиындықты  шешуге  «Жигсо»  әдісі  көп  көмегін  тигізді.Оқушы 
өзіне  жүктелген  міндеттерге  жауапкершілікпен  қарап,  басқа  топ  мүшелеріне 
түсіндіру  үшін  сурет  те  салады,  сахналық  көріністер  де  қояды,  сабақтың  осы 
кезеңі оқушыларды бей-жай қалдырмайды. 
Коммуникативтік  дағды  қалыптастырудың  тағы  себебі  –сұрақтың  дұрыс 
қойылуы.  Оқушылардың  ойлау  деңгейіне  сай  әр  сабақта  сұрақ  қою  үшін 
Блумның  сұрақ  қою  өлшемін  пайдаланамын.  Сұрақтар  қарапайымнан  терең 
ойлауға  дейін  жалғасады.  Мұндағы  мақсат-оқушы  ойын  ең  төмен  деңгейден 
терең  ойлауға  дейін  жеткізу.  Топтық  тапсырмалар  ынтымақтастық  қарым-
қатынас 
орнатуға, 
шығармашылық 
жұмысқа, 
тақырыпты 
өмірмен 
байланыстыруға мүмкіндік туғызады. 

281 
 
Сабақта  жаңашыл  тәсілдерді  қолдану  арқылы  жеткен  нәтижелерім 
мынадай:  оқушының  білім  деңгейін  түсінуден  басталады,  алған  білімін 
қолданып, қорытындылауға дейін жоғарылайды. Қабылданған жаңа ақпаратты 
саралап, мәселені өзі шеше алуға мүмкіндігі болады. 
Әдебиет  сабағында  оқушыныңтілдік  компоненттілігін  қалыптастыру 
мақсатында жиі қолданып жүрген «Оқырман семинары» тәсілі бойынша сызба 
түрінде  талдау  жасадым.  Сабақта  көркем  шығарма  мынадай  топтардың 
көмегімен меңертіліп жүзеге асады: 
1.
 
Сұрақ  қоюшылар.  Блумның  сұрақ  қою  өлшемі  бойынша  қарапайым 
сұрақтан  шығармашылық  сұрақтарға  дейін  қамтылады.  Оқушы  өз  бетімен 
шығармашылық қабілетін дамытады. 
2.
 
Сөз тапқыштар. Алдынан шыққан сұрақтарға нақты дәлелді жауап беру 
үшінөз бетінше ізденеді, дағдыланады. 
3.
 
Сілтемешілер.  Мәтін  бойынша  түсініксіз  сөздер  тізбегін  жасайды, 
айшықты, бейнелі тіркестерді анықтап жазады. 
4.
 
Жазушылар.  Поэзиялық  шығарма  болған  жағдайда  оны  прозаға 
айналдырып  жазады,  мәтін  бойынша  жоспар  құрады,  сабақ  барысындағы 
ерекше сәттерге сараптама жасайды. 
5.
 
Суретшілер.Мәтін  кейіпкерлерінен,  белгілі  бір  эпизодтарынан  сурет 
салады. 
6.
 
Кейіпкерлерді  сөзбен  суреттеушілер.Кейіпкерлердің,  оқиғаның  суретін 
сөзбен салады. 
Оқушыларды іздендіру  үшін  сұрақ  қоя  білуде  оның  саналы  ойлауы,  жан-
жақтылығы, білім мен біліктілігі қалыптасады. Сонымен қатар жоспарлы түрде 
жұмыс істеуге машықтану үшін мәтін бойынша жоспар құру әдетін қолдануға 
болады. Нәтижесінде оқушы мәтін бөлімдеріне қысқаша тұжырымдама жасап, 
әрбір  оқиғаға  ат  қойып,  өзіндік  ізденуі  менбілім  дағдысын  берік 
қалыптастырады.  Мәтін  бойынша  түсініксіз  сөздіктер  тізбеген  жасау, 
поэзиялық  шығармаларды  прозаға  айналдыру  тәсілдері  де  оқушының  жан-
жақты  дамуына  үлкен  ықпал  етеді.  Бұл  әдіс-тәсілдердің  барлығы 
коммуникативтік дағды дамуының бір жолы деп білемін. 
Сонымен  қатар  бағдарламаның  «Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне 
сәйкес  оқыту  және  оқу»  модулін  тиімді  пайдалануға  тырысамын.  Жеңілден 
ауыр принципі бойынша 7-8 сыныптарға осы технологияны қолданамын. 
Әр  жаңа  тақырып  бойынша  мәтінді  меңгеру  кезінде  балалар  топқа  бөлініп, 
әрбіріне бес міндет беремін: 

 
Мәнерлеп оқу 

 
Түсіну 

 
Сұрақтар қою немесе диолог құрау 

 
Сызба арқылы өз ойларын айту  

 
Грамматика 
Мысалы,  «Әміре  Қашаубаев»  мәтінін меңгеру  кезінде  топ  іщінде  бес  міндетті 
бөлісіп  алады.Грамматикалық  тақырып:  «Төл  сөз»  Дайындыққа  10  минут 
беріледі. 

282 
 
 Уақыт  өткеннен  кейін  1  оқушы  мәтінді  мәнерлеп  оқыса,  енді  бірімәтін 
бойынша түсінгенін айтады, үшіншісі-мәтін бойынша сұрақ қояды, топ ішіндегі 
оқушылар  соларға  жауап  береді  немесе  екі  оқушы  диолог  құрайды,  келесі 
оқушы мәтінбойынша сызба құрайды,мысалы: 
 
Әміре Қашаубаев 
 
 
 Белгілі әнші  
 
 
 
 
 
 
дарынды актер 
 
 
1925 жылы Парижде 1927 жылы Майндегі Франкфуртте өнер көрсетті 
 
 
Дауысы екі октаваға жеткен Дауысы сирек кездесетін құбылыс болған 
Соңғысы төл сөздің ережесін айтып мысал келтіреді.Сөйтіп топтағы оқушылар 
түгел қамтылып, сабаққа белсенді араласады. 
Осы уақыт ішінде мен оқушыларды мынадай кесте арқылы қадағалап отырдым: 
Диолог құрау 
 
 
 
Монолог 
Оқу 
техникасы 
Бақылау 
жұмыстары 
Мотивация  
(психологтар 
зерттеуі 
бойынша) 
Мысалды диаграмма түрінде берудіде жөн көрдім. 
1.
 
Диаграмма 3 тоқсандағы коммуникативтік дағдыларының қалыптасуы 
 
 
 
 
2014-2015 оқу жылы ІІІ-ІV тоқсан 2015-2016 оқу жылы І тоқсан 
 
0
10
20
30
40
50
60
70
80
диолог 
монолог 
оқу 
техникасы 
бақылау 
жұмысы 
мотивация 
Ряд 1 
Ряд 2 
Ряд 3 

283 
 
Қорыта  келе,  коммуникативтік  оқыту  арқылы  оқушылардың  танымдық 
қабілеттері,  танымдық  үрдістері  дамып,сөздік  қоры  молаяды,  оқуда  жағымды 
әркет қалыптасады.Бұның бірі дамығаннан кейін оқушының қиялы мен ойлауы, 
есі  мен  қабылдауы,  зейіні  дамып  қалыптасады.  Танымдық  қабілеттер, 
танымдық  үрдістер  әрбір  технология  барысында  дамиды.Ал  сөздік  қорының 
дамуы мәтінмен жұмыс істегенде , белгілі бір мәселені шешкенде дамиды. 
Осындай  технологияларды  пайдалану  арқылы  көптеген  жетістіктер 
әкелетініне көзім жетуде 
 
Әдебиеттер: 
1.С.Әбдіғалиев (5-сыныпта неміс тілін оқыту. А., «Рауан», 1993, 108-б) 
2.Қазақ тілі әдебиеті (№8 2013жыл) 
3. Қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы 8-сынып 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет