Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



Pdf көрінісі
бет36/39
Дата07.02.2017
өлшемі5,28 Mb.
#3587
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39

 
1.  Назарбаев  Н.  Ә.  Инновациялар  мен  оқу-білімді  жетілдіру  арқылы  білім 
экономикасына /Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінде оқыған лекция-
Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр 
2.  Назарбаев  Н.  Ә.  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  дамыған  мемлекеттің  жаңа 
саяси  бағыты»  -Қазақстан  халқына  Жолдауы  -Егемен  Қазақстан,  2012  жыл  17 
қаңтар 

352 
 
3.  Көшімбетова  С.  «Қазақстан  мектебі»,  «Оқыту  тиімділігі  –  озық 
технологияларда» №1. 2004. 6. 28 
4. Раджерс Э. «Инновация туралы тұсінік, «Қазақстан мектебі», №4. 2006 
5. Жүнісбек Ә. «Жаңа технлогия негізі – сапалы білім»  
 
 
СЫНЫПТАҒЫ ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
 
 
Уразгалиева Салтанат Султановна, 
бастауыш сынып мұғалімі, 
Ж. Молдағалиев атындағы  
№ 2 ОЖББМ, Орал қаласы 
 
Бүгінгі  күні  мемлекетіміздің  өркениетке  жету  жолындағы  өр  талабына 
тұғыр  боларлықтай  ұрпақ  оқыту,  тәрбиелеу  ісін  жаңа  сапалық  өзгерістер 
деңгейіне  көтеруді  талап  етіп  отыр.  Мектеп  құрылымында  болып  жатқан 
өзгерістер,  білім  беру  мақсаттарының  алмасуы,  оның  дамытушылық 
сипаттарының  бекітілуі,  көпнұсқалық  оқытуға  көшу  сияқты  мәселелер 
орындаушылардан  шығармашылық  бастамалық,  жұмыстың  жоғары  сапасын 
және кәсібилікті талап етеді.
 
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын 
көрсетті.  Мерсер  мен  Литлтон  (2007)  өз  еңбектерінде  диалог  сабақта 
оқушылардың  қызығушылығын  арттырумен  қатар  олардың  білім  деңгейінің 
өсуіне  үлес  қосатындығын  атап  көрсетті.  Диалог барысында  оқушылар  «Білім 
мен  тәрбие  егіз»  демекші  балалардың  білімімен  қатар  тәртіптерін  де 
назарымнан  тыс  қалдырмауға  тырыстым.  Соған  орай  сыныбымда  ең  алдымен 
топ  ережесін  құруды  жөн  көрдім.  Топтық  жұмыс  жасауда  балалардың  бір-
бірімен бірігіп жүргізілген жұмыстары олардың өзара тілдесе отырып, бірлесе 
әрекет етулеріне оң әсерін тигізді деп ойлаймын. 
Шығармашылық  -  бұл  адамның  өмір  шындығында  өзін-өзі  тануға 
ұмтылуы, ізденуі болғандықтан, ең алдымен жаңа күн басталғанда балалармен 
«Шаттық  шеңберіне»  жиналып,  жылы  лебіздер  айтып,  ойын  ойнай  отырып, 
топқа  бөліну  өткізіледі.  Ең  алғашқы  уақытта  балалардың  бір-бірінен  ұялып, 
қысылатындығы байқалса, ал бүгінде оқушыларымның бойынан өздеріне деген 
сендімділіктің,  ұқыптылықтың,  жігерліліктің  ұшқыны  байқалып  тұр.Топқа 
бөліну  барысында  оқушылардың  топпен  жұмыс  жасауға  деген  көзқарастары, 
қызығушылықтары ерекше болды. 
 

353 
 
 
«Шаттық шеңбер» арқылы лебіздерін білдірулері 
 
 
 
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан 
тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің 
жолдарын  көрсету  керек.  Шығармашылық-бүкіл  тіршіліктің  көзі.  Сондықтан 
топқа  бөлінген  соң  әрбір  топ  бірлесе  жұмыстанатындықтарын  айта  кеттім. 
Топпен  жұмыстану  кезіңде  балалар  өздеріне  жүктелген  міндеттерді  атқара 
отырып,  назарларын  басқаға  аудармай,  тақырыпқа  еніп,  өз  ойларын  ортаға 
салып, пікір алмаса білді. 
Мұғалімнің  міндеті-оқушының  білімін  толықтырумен  қатар  ой-өрістерін 
дамыту,  достарымен  айналасындағы  адамдармен  диалогқа  түсулеріне  жағдай 
жасайды. Диалог мұғаліммен оқушының және оқушымен оқушының арасында 
көрініс  табады.Олардың  бір-бірімен  сөйлесуі,  ұялмай  ескертулерді  айта  алуы, 
өз  ойын  еркін,  ашық  айтып,  пікір  алмасуы  балалардың  бірлесе 
жұмыстануларына  септігін  тигізетіні  сөзсіз.Топтық  жұмыста  бір-бірімен  пікір 
алмасу  диалог  құру  арқылы  іске  асады.  Мерсердің  зерттеулеріне  сүйенсек 
әңгімелесу  оқушылардың  білім  алуының  ажырамас  бөлшегі  болып  табылады 
деген. Әрбір топ бірлесе жұмыстана отырып, бір-бірімен пікір алмасады. 
 
 

354 
 
 
 
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Оқушының білім 
алуын  қолдау  үшін  «жіңішке»  сұрақтардан  «жуан»  сұрақтарға  қарай  ауысып 
отыру,  балалардың  сөздік  қорларын  молайтып,өз  ойларын  еркін,анық  айтуға 
дағдылана  түседі.  Балалардың  сұрақтарға  жауап  беру  барысында 
жауаптарының дұрыс еместігін сенікі «дұрыс емес» немесе «қате»,-деп тыйып 
тастамай,керісінше  «көмектесе  алатындар  ма?»,  «Алинаның  жауабына  кім 
қосылады?»,  «Диас  сен  мысал  келтіре  аласың  ба?»,  -  деген  сұрақтар  қою 
арқылы  балаларды  ынталандырып,  оқушыға  бағыт-бағдар  беріп  отырамын. 
Балалар  бір-бірімен  пікір  алмасу  барысында  білімге  деген  құштарлықтары 
кеңейе  түсіп,  өзінің  және  өзгенің  пікірімен  санаса  отырып,  оны  бағалауды  да 
үйренеді.Топта  балалар  өзара  пікір  алмаса  отырып,  бір-біріне  көмектесу 
арқылы бірінің ойын бірі толықтырып, бір-бірін тыңдауға үйренеді. 
 
 
 
 
Балаларды  диалог  пен  дәйектер,  талқылауға  тарту  белсенді  жүргізілген 
жағдайда олардың оқуы тиімдірек және жетістіктері де жоғары болмақ. 
Баланың  шығармашылық  қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын 
анықтау  психология  мен  педагогика  ғылымдарында  өте  ертеден  зерттеліп 
келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың 
назарында  болғандығын  «шығармашылық  теориясын»  жасауға  деген  көптеген 
ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық 

355 
 
шегіне  жеткен  деп  айтуға  болмайды.  Сондықтан  шығармашылық 
педагогикасының  негізгі  мақсаты-бүгінгі  күн  талаптарынан  туындаған,  озық 
қоғамға  лайықты  жаңа  сана,  рухани  сапа  қалыптастыру  және  дамытуда  тың 
жолдар  мен  соны  шешімдер  іздестіру  болып  табылады.  Оқушылар  қиындық 
кездескен  сайын  үнемі  басқа  адамнан  көмек  сұрайды.  Соған  қарамастан 
балалар  өз  беттерінше  және  бірлесе,жұптаса  жұмыстана  отырып,бір-біріне 
сұрақтар  қояды  және  айтқандарын  дәлелдейді.  Осылайша  әңгімеде  дәлелдеме 
көріну арқылы мұғаліммен оқушының немесе оқушымен оқушының арасында 
диалог  пайда  болады.
 
Топтағы  оқушылар  пікір  алмасуда,олар  бір  келісімге 
келеді.  Мысылға  айтатын  болсам  тақырыптар  бойынша  топтастырып,сурет 
салады,әңгіме  құрастырады,қима  суреттер  жапсырмалайды,  5жолды  өлең 
құрастырады. Берілген тапсырмаларды орындамас бұрын әркім өз ойын айтады 
да  олар  ортақ  бір  келсімге  келеді  де  солай  жапсырмалайды,  әңгімелейді.  Кей 
жағдайда  келісімге  жетпеуі  де  мүмкін,  ең  бастысы  келісімге  ұмтылу.  Пікір 
алмасу, әңгімелесу барысында ойын жинақтап, бір-біріне көмек беріп отырады. 
Оқушылар  әңгімеге  араласа  отырып  қай  жерде  нені,  қашан,  қалай  айту 
керектігіне,  мәдениетті  сөйлеуге  үйренеді.  Десекте  оқушылардың  әңгімеге 
араласуға  құлықтары  шамалы.  Мәселен:  «Мен  сенімен  келіспеймін»,  «мына 
көзқарас қызықты екен» деп айтуға көптеген оқушылардың дәттері бармайды. 
Зерттеуде тоқталғандай, балалардың жұмыстарын қадағалап, бақылап,маңызды 
сұрақтар  қойып  отырса  олардың  ойлау  деңгейлері,сөйлеу  дағдылары 
дамымайды.  Балалар  бір-бірінің  ойларын  тыңдап,  ойларына  ой  қосып, 
әңгімелесу арқылы келісімге келеді. Бір-біріне деген сенім пайда болады және 
бір-бірімен жұмыстанып көрмеген балалар бірлесе жұмыстанады. 
Сабақ  барысында,  тіпті  үзіліс  кезінде  ешкіммен  ойнамайтын,  ешкіммен 
сөйлеспейтін оқушының өзінде де өзіне деген сенім пайда болды. Жанындағы 
көршісімен ойнай алатындығына, онымен тіл табыса алатындығына көзі жетті. 
Топта  тапсырманы  қызығушылықпен  орындады.  Барлығы  белсене 
жұмыстанды.  Балалардың  бір-бірімен  араласып,  көмектесіп,  шешім 
қабылдаулары  ұнады.  Осылайша  топтағы  барлық  21оқушы  топтық,  жұптық, 
үштік жұмыс жасауға дағдыланды. Мерсер ұсынғандай, топпен жұмыс жасауда 
балаларға  бір-бірімен  сөйлесуге  мүмкіндік  беріледі.  Олар  өз  ойларын  айта 
отырып пікір алмасу барысында өз пікірлерін негіздеуге мүмкіндік алды. 
 
Сабақты  қорытындылау  кезінде  балалар  бір-бірін,  өзін-өзі  бағалауға 
үйренді.  Сонымен  қатар  сабақты  бағалауға,  сабақтан  не  үйреніп,  нені  білгісі 
келетіндігін  жазып,  өз  ойын  айтуға  үйренді,  сабақтан  алған  әсерлерін, 
смайликтердің  арасынан  өзінің  көңіл-күйіне  келетінін  таңдап  немесе  өз 

356 
 
ойларын жазуды үйренді. Олардың өздеріне деген сенімдері оянып, өз-өздерін 
реттеп,  пікір  алмаса  отырып,  топтың  жұмысына  өз  үлесін  қосқаны  үшін 
көкірегінде қуаныш сезімінің ұялауының өзі үлкен бір бақыт. 
  
 
 
 
Қорыта  айтқанда  оқушылар  бірлесе  жұмыстану  барысында  өз  ойымен 
қатар  өзгенің  ойымен  де  санаса  отырып,  бір-біріне  түсіністікпен  қарайды. 
Ұжымдық  жұмыстануда  бірлесе  еңбектеніп,өздерінің  осы  жұмысқа  өз  үлесін 
қосқандығын  сезінгендері  олардың  қандай  да  болмасын  жетістікке  жеткендігі 
деп білемін. 
Қорытынды:  өзімнің  іс-тәжірбиемді  қорыта  келіп,мынадай  түйін  түюге 
болады. 
1.  Топтық  жұмыстар  арқылы  балалардың  арасындағы  диалогтіктің 
маңыздылығы артып,оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.  
2. Оқушылардың білім сапасы көтерілді.  
3. Оқушылардың логикалық ойлауы, қабілеті артты.  
4.  Әр  мұғалім  болашақ  үшін  қызмет  істейді.  Ол  әр  оқушыны  жеке  тұлға 
ретінде 
көріп,оның 
өміріндегі 
өз 
орнын 
табуына,сынып 
ұғымын 
қалыптастыруға,  ата-аналармен  ынтымақтасуға,  оқытуда  қиындық  көріп 
жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз. 

357 
 
5.  Ол  үшін  жалықпай  жаңа  инновациялық  технологияларды  өз 
жұмысымызда 
пайдаланып, 
сонымен 
қатар 
оқушыларды 
мадақтап,ынталандырып  отырған  орынды.  Баланың  қиялын  дамыта  отырып, 
ойын,  еркін  әрі  ашық  сөйлеуін  дамытамыз.  Ойы  дамыған  шәкіртіміздің 
танымдық  қызығушылығы  арта  отырып,  шығармашылық  әрекеті  жоғары 
деңгейге көтеріледі.
 
 
 
ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗДЫҢ КӘСІБИ ДАМУ ЖОЛЫ
 
 
Утегенова Ғалия Тулегеновна, 
Тарих пәнінің мұғалімі 
М. Жүнісов атындағы ЖББОМ 
БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылы 
Galiakazt @ mail.ru 
 
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұстазболу–сезімнің ақылдығы.  
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,  
Ұстазболу–адамныңасылдығы,  
 
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, 
шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық 
та  –  ұстаздық  мамандық.  Олай  дейтінім,  мұғалім  еңбегі  біріншіден,  адамзат 
қоғамы  тарихында  жинақталған  ғылым  негіздерінен  білім  беруге  тиіс  болса, 
екіншіден,  үнемі  шәкірттерімен  қарым-қатынаста  болып,  білсем,  үйренсем 
деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған 
маман.  
Бүгінгі  ұстаз  шәкіртіне  ғылым  негіздерінен  мәлімет  беріп  қана  қоймай, 
оны  дүниежүзілік  білім,  ақпарат,  экономика  кеңістігіне  шығуға,  яғни  қатаң 
бәсеке  жағдайында  өмір  сүруге  тәрбиелеуі  керек.  Ол  нағыз  ұстаздың  ғана 
қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау 
-  әр  мұғалімнің  борышы.  Ол  -  өз  кәсібін,  өз  пәнін,  барлық  шәкіртін,  мектебін 
шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны 
небір  қиын  әрекеттерге  жетелейді,  іске  батыл  кірісуге  септігін  тигізеді. 
Нәтижесінде  бір  емес,  бірнеше  жас  жүрекке  мәңгі  ұстаз  болып  қалады. 
Ұстаздың  осыншама  қадір-қасиет,  құрметке  бөленуі  өзін  қоршаған  орта  мен 
әрбір  шәкіртіне  асқан  сезімталдықпен,  жауапкершілікпен  қарым-қатынас 
жасауында.  Өйткені  оның  қарапайым  да  сыпайы  киім  киісі,  мәдениетті  сөзі, 
әдепті  жүріс-тұрысы,  жинақы  іс-әрекеті,  білімі  шәкіртке  де,  ата-анаға  да, 
жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім 
хабарлайды,  жақсы  мұғалім  түсіндіреді,  керемет  мұғалім  көрсетеді,  Ұлы 
мұғалім шабыттандырады - дейді.  

358 
 
Білім  беру  жүйесі  мамандардан  кәсіби  икемділік  пен  ұтқырлықты,  сан 
қырлы  шығармашылық  қызмет  пен  өзін-өзі  басқару,  өзін-өзі  ұйымдастыру 
жағдайындағы  біліктілікті  қажет  етеді.  Өйткені  қазіргі  жас  буын  -  еліміздің 
келер  күнгі  келбеті.  Бұл  жөнінде  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев: 
«Ғасырлар  мақсаты  –  саяси-экономикалық  және  рухани  дағдарыстарды  жеңіп 
шыға  алатын,  ізгіленген  ХХІ  ғасырды  құрушы  іскер,  өмірге  икемделген,  жан-
жақты  жеке  тұлғаны  тәрбиелеп  қалыптастыру»,-  деген  тұжырым  жасады.  Ол 
үшін  бүгінгі  оқу  үрдісіне  сай  педагогикалық  шеберлік  қажет.  «Педогогтік 
шеберлік  –  дарынды  талант  емес,  үйрену,  ізденудің  нәтижесі.  Мұғалім 
шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Адамның 
өзіне-өзі  өмір  бойы  қоятын  және  оған  әрдайым  жауап  іздейтін  санаулы 
сұрақтары  болады  екен.  Мен  үшін  сол  мәңгі  сұрақтың  бірі  де  біре-гейі  - 
Мұғалім  деген  кім?  Алдымен  осы  сұрақтың  жауабын  тағы  да  бір  айқындап 
бағайық.  Мұғалімге  тән  ең  бірінші  қасиет  –  баланы  құрметтеу.  Оның 
адамшылық  ар-ожданын,  намысын,  тұлғасын  жасына  қарамай  силау,  құрмет 
тұту.  
Бұл  мұғалімнің  терең  дүниетанымы  мен  үлкен  жүрегінен  келіп  шығады.  
Ал  ХХІ  ғасырдың  нағыз  ұстазы  қандай  болмақ  керек?  Әрине,  ол  өз  кәсібінің 
майталманы,  осы  мақсатқа  рухани  күш-жігерін,  парасат-қуатын  салу  керектігі 
айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты 
қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе- күнгі өзінің 
көп  қырлы  еңбегінде  мазмұны  әр  түрлі  кездейсоқ  жайттардың  туындап 
отыратынын  алдын  ала  сезіп,  болжап  және  оның  оң  шешімін  табуға  дайын 
болуға тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі 
оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. 
«Ұстаз»  сөзінің  2  түрлі  сипаты  бар.  Бірі  –  белгілі  пәннен  сабақ  беретін 
оқытушы  да,  екіншісі  –  жоғары  беделді  адамдарға  ықпал  етуші  дана  адам. 
Мектептегі  ұстаз  –  баланың  екінші  ата-анасы,  болашаққа  айқын  жол  сілтер 
ақылшысы.  Оның  мейірімге  толы  жүрегі  шәкірт  бойындағы  талай  ағаттықты 
кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті 
жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. 
Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп 
атайды.  
Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас,  
Еңбегің кетпес далаға.  
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден  балаға,-  деген  өлең  жолдары  еріксіз  ойға  оралады.  Егер  әр 
шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен 
тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!  
Қазіргі  білім  беру  саласы  қызметкерлерінің  алдында  тұрған  басты 
проблема – жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Жаһандану дәуірі 
–  әлемдегі  елдердің  бәсекелестік  жағдайында  халықаралық  деңгейде  өзара 
кірігу  үрдістерінің  жандану  дәуірі  де  болғандықтан,  білім  –  пайдалы 
инвестиция  саласы  ретінде  еліміздің  экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси 

359 
 
даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Елбасымыз: "Біз білім-ғылым саласында 
бәсекеге  қабілетті  болмасақ,  өз  мақсатымызға  жете  алмаймыз.  Барлығы 
мектептен,  ал  Қазақстан  үшін  ауыл  мектебінен  басталады”,  -деген  болатын. 
XXI  ғасыр  ұлттық  бәсеке,  ақпараттық  сайыс,  инновациялық  технологиялар, 
күрделі  экономикалық  реформалар  сияқты  көріністерімен  ерекшеленеді.  Сол 
кезеңге  сай  интеллектуалды,  дені  сау,  ой-өрісі  жоғары  дамыған,  халықаралық 
деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім 
–  барлық  білім  беру  жүйесінің  негізі,  жаны  және  жүрегі.  Мұғалімнің  негізгі 
басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру 
болып  табылады.  Қазіргі  заманғы  мұғалімдер  информатор,  бақылаушы, 
тексеруші,  жазалаушы  қызметін  тастап,  керісінше  ізденуші,  зерттеуші, 
технолог,  өнертапқыш,  шығармашылықпен  жұмыс  істейтін  жаңашыл  болу 
керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып,оның өзін-өзі тануына жол ашу, 
жеке  тұлға  бойындағы  қасиетті  дамыту,  «Мен»  менталитетін  қалыптастыру, 
білім  мен  тәрбиені  жеке  тұлғаға  қарай  бағыттау-бүгінгі  таңдағы  мұғалімінің 
кезек  күттірмейтін  қасиетті  міндеті.  Мұғалімінің  өзі  жеке  тұлғаға  көтерілмей, 
мұндай  зор  мақсатқа  жетуі  мүмкін  емес  Елбасымыз  Н.  Назарбаев: 
«Ұстаздықтың  алдына  қойған  міндет өте  ауқымды: білім  жүйесін  іштей қайта 
құру  және  сол  арқылы  бүкіл  қоғамдағы  ағарту  жүйесінің  барлық  аймағын 
өзгерту.  Ол  үшін  ішкі  қайта  құру  қажет:  құрылымдық,  қызметтік,  құндылық. 
Жаңа  ұрпақ  мұғалімдерінің,  андрагогика  мен  акмеологияның,  психологиялық-
педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті– білім жүйесінің ішінен қайта 
құрудың  мүмкіндіктерін  іздестіру  –  адами  рухани  бастаулардың  тазалығын 
тексеру.  Мұнда  этика  мен  адамгершілік  дүниені  біртұтас  қабылдауға 
бағытталған  рух  философиясының  рухани  ісі.  Ұстаз  өзінің  адамгершілік 
этикалық  парызын  орындауға  тиіс.  Білімді  түрлендіруде,  білім  беру  үрдісін 
реформалауда  зерттеуші  мұғалім  жаңа  формация  мұғалімі  ретінде  орталық 
тұлға болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған әрі әлеуметтік 
тұрғыдан  есейген,  педагогикалық  құралдардың  барлық  түрлерін  шебер 
меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл 
тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін 
жауапты»  деген.  Мұғалімнің  кәсіби  білігін  шыңдаудың  үздіксіздігі  оның 
шығармашылық  қабілетінің  дамуының  кепілі  және  өзіндік  жеке  педагогтік 
тәжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады.  
Ұстаздың  кәсіби  шеберлігінің  негізі,  біріншіден,  мұғалімнің  өмірге 
көзқарасы,  оның  идеялық  нанымы.  Екіншіден,  пәнді  жетік  білуі,  ойын 
оқушыларға  жеткізу  үшін  жан  жақты,  терең  дайындықпен  баруы,  оқуышлар 
бойына  әдеп,  әдет,  дағды  сияқты  жақсы  қасиеттерді  сіңіруі,  моральдық 
нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін міндетті 
түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, 
зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген 
психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Күнделікті іс 
тәжірибеде  мұғалімнің  кәсіптік  білімін  көтеруіне  мектеп  ішінде  де  жағдай 
жасау  керек.  Ол  үшін  мектепте  ғылыми  әдістемелік  кеңес  пен  бірлестіктердің 

360 
 
және зертханалардың жұмыс істеуі тиіс. Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың 
біліктілігі  мен  білімділігін  шыңдап  отыратын  жоғарыда  атап  өткен 
мәселелермен қатар, әр мектепте интернет жүйесі барлық сыныптарға қосылып 
жұмыс істеуі жөн шығар. Сондықтан да белгілі бір әдісті немесе іс шараларды 
іске  асырмас  бұрын  мұғалімнің  әдістемелік  жұмысының  мазмұнын  анықтаған 
жөн.  Ол  үшін  мұғалімнің  жалпы  мәдениеттілік  даярлығы,  әдістемелік, 
зерттеушілік, кәсіптік адамгершілік, тәрбиелік мәдениеті, диагностикалық және 
басқару  мәдениетінің  жиынтығы  арқылы  кәсіптік  педагогикалық  деңгейін 
зерттеу қажет.  
Интеграция  мен  ғаламдастыру  қатар  жүріп  келе  жатқан  бүгінгі  таңда 
мектептегі  жеткіншектерге  білім  берудің  сапасы  мен  деңгейін  жан-  жақты 
көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті 
жұмысында  қолдана  білетін  ұстаздардың  ғана  жұмысы  жемісті  болмақ.  ХХІ 
ғасыр  ұстазының  тұлғасы  мен  іс  әрекетін  жүйелі  ұғыну  үшін  оған  жаңа 
теориялық методологиялық негізде талап қойылуға тиіс. Осы жолдағы алғашқы 
қадам,  ауыл  мұғалімдерін  арнайы  әлеуметтік  кәсіби  топ  деп  қарай  отырып, 
оларды  зерттеу  бағытында  психологиялық  педагогикалық  және  әлеуметтік 
ілімдердің  біріктірілуі  қажет.  Міне,  осындай  жағдайларды  ескере  келіп,  оның 
кәсіптік  мәдениетінің  өрістеуіне  жан  -жақты  көмек,  көңіл  бөлу,  жағдай 
жасалуын ескерген жөн.  
Жақсы  мұғалім  —  бұл  қай  кезде  де  ең  алдымен  кәсіби  деңгейі  жоғары, 
интеллектуалдық,  шығармашылық  әлеуеті  мол  тұлға.  Ол  оқытудың  жаңа 
технологияларын  өмірге  ендіруге  дайын,  оқу-тәрбие  ісіне  шынайы 
жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі. Және 
солай  болуға  тиіс.  Білім  берудің  мақсатын  айқындау  үшін  Жүсіпбек 
Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: "Мектеп бітіріп шыққан соң бала 
бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл 
көзімен  қарай  білсе,  міне,  білімдендірудің  кездейтін  түпкі  мақсаты  —  осы. 
Мектеп  осы  бағытта  баланың  келешекте  жетілуіне  мықты  негіз  салуы  керек". 
Сондықтан  да  ұстаз  алдындағы  басты  міндет  ХХІ  ғасырдың  есігінен  еркін 
енетін,  дүниежүзілік  мәдениетті  танитын,  төл  мәдіниетін  құрметтей  білетін, 
рухани  дүниесі  бай,  интеллектуалдық  өрісі  кең,  білімі  жоғары,  құқықтық 
құжаттық  мәдениеті,  білімді,  жан  жақты  ақпараттандырылған  заман  талабына 
сай  белсенді  ұрпақ  тәрбиелеу  Ұстаз  атана  білу,  оны  қадір  тұту,  қастерлеу, 
арындай таза ұстау  - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық 
шәкіртін,  мектебін  шексіз  сүйетін  адам.  Осы  іске  деген  қызығушылық  пен 
сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге 
септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып 
қалады.  Біздер,  мұғалімдер,  күнделікті  өмірдің  жай  ғана  адамы  емес, 
болашақты  құрушыларды,  адамзаттың  сәулетті  болашағын  жасаушыларды 
тәрбиелеп  отырғанымызды  ойласақ,  мұғалім  мұратының  қандай  болатыны 
өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап 
көрсетуге болады: - Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі - Қызметке бейімділігі - 
Кәсіптік  білімі  мен  біліктілігі  -  Қамқорлық  көзқарас,  сүйіспеншілік  сезім  - 

361 
 
Ұйымдастырушылық  қабілет  -  Заманға  сай  жаңашылдық  Осындай  даралық 
қасиеттер  ұстаздық  бақытқа  жеткізеді.  Бақыттың  үлкені  -  өзіңді-өзің  тану. 
Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, 
елінің  азаматы  болған  сәтінен  таниды.  Білім  беруде  кәсіби  құзырлы  маман 
иесіне  жеткен  деп  мамандығы  бойынша  өз  пәнін  жетік  білетін,  оқушының 
шығармашылығы  мен  дарындылығына  жағдай  жасай  алатын,  тұлғалық-ізгілік 
бағыттылығы  жоғары,  педагогикалық  шеберлік  пен  өзінің  іс-қимылын 
жүйелілікпен  атқаруға  қабілетті,  оқытудың  жаңа  технологияларын  толық 
меңгерген,  отандық,  шетелдік  тәжірибелерді  шығармашылықпен  қолдана 
білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.  
Ендеше,  бүгінгі  білім  мен  білік  бәсекелес  заманда  ұландарымыздың 
биіктен  көрінуіне  күнделікті  ісіміздегі  жаңашылдығымыз  арқылы,  жан-жақты 
берген  тәрбиеміз  арқылы  қол  жеткіземіз.  ХХІ  ғасыр  -  білімділер  ғасыры. 
Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты 
ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. 
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,  
Сырларыкөпсыртқаәлішықпаған.  
Шаршасада осы жолдың бойында,  
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам. 
 
Әдебиеттер: 
1.  Коростылева  Л.  А.  «Инновационные  технологии  в  обучении  школьников» 
СПб., 2008,  
2. Грибкова В .А. «Новые технологии обучения в средней школе», М., 2007 
3. Безруких М. М., Ефимова С. П. «Технологии обучения» М., 2006, 63стр 
4.  Жанпейісова  М.М.  Технология  модульного  обучения.  Актобе.  РИПК  СО, 
1999. 
5.  Қазақстан  Республикасы  “Білім  мемлекеттік  бағдарламасы”  /  Қазақстан 
мұғалімі. – 2000. - №33-34 
6.  Беспалько  В.  П.  Слагаемые  педагогической  технологии.  М.:  Педагогика.  – 
1989. 
7.  Дьяченко  В.К.  Новая  педагогическая  технология  учебно-воспитательного 
процесса. Усть-Каменогорск.-1999. 
8. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы,-2000. 
9. Монахов В. М. Технологические основы проектирования и конструирования 
учебного прцесса. Волгоград: - Перемена.-1995. 
10. Репкина Н. В. Что такое развивающее обучение? М., 1993. 
11. Педагогикалық ізденіс. – Алматы: Рауан, 1990. 
12. Махмутов М.  И. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдыстыру. Алматы  : 
Мектеп.- 1981. 
13.  Шушакова  Е.  В.  «Научно-  методическое  сопровождение  инновационных 
процессов в сельской школе». 
 
 

362 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет