1.
Атемова Қ.Т . Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары. 2002ж.
2.
Қалыбекова Ә.А.,Ысқақов Ж.Ы., Әлсатов Т.М. Мұғалімнің педагогикалық
сөздігі. Алматы, 2003
3.
Қожахметова К.Ж. «Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары». Әлем 2000 ж.
4.
Педагогика. Дәріс курсы/ Құраст. Хмель Н.Д., Жампейсова Қ.к.т.б. – Алматы:
Нұралы әлем, 2003.
5.
https://www.google.ru/psu.kz/arm
6.
http://bilimsite.kz/ustaz/2951
28
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН
ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕГІ БАСТАУЫШ СЫНЫПҚА БІЛІМ БЕРУ
ҮДЕРІСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Искендирова Сулушаш Ауталипқызы,
бастауыш сынып мұғалімі,
Ақмола облысы Зеренді ауданы
«Баратай негізгі мектебі» КММ
Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-
тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген
сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз.
Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай
анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас
және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны
шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше
сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір
комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты
құрайды.
Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру,
соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын
жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай
мектептердің мәнді белгісі болып табылады.
ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама
мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.
ШЖМ-нің оқу-тәрбие үдерісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар:
біріншіден, сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу
сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін дұрыс
ұйымдастыруды қажет етеді:
-
өздік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып
отыруы тиіс;
-
сабақтың екінші ерекшелігі – тікелей мұғалімнің басшылығымен
атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі;
-
осы екі ерекшелік – ШЖМ-нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін
туғызады: бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің
басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа
байланысты.
Екіншіден, 3-4 сынып қатар оқытылатындықтан, сабақ кестесін, сабақ
жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер
ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.
ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:
- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы
оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ
29
әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім
бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың
логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында
тиянақты дайындалуы қажет.
- бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр
түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын
жақсы білуі тиіс;
- шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан
мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе
алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері
төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады.
- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын,
көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім
деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап,
орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз
бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі
құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық
балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.
ШЖМ-нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:
- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның
қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар;
- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз
уақыт жұмсалады;
- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады;
- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді;
- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4)
оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді;
- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының
деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол;
- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен
қолдануға тырысады.
ШЖМ-тің жоғарыда келтірілген артықшылықтарымен қоса, кешшіліктері,
кері жақтары да бар:
- мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық
белсенділігінің артуына жол болмайды;
- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;
- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға
мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын
ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;
- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп
отырады;
- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті
мөлшерде көмек ала алмайды;
30
- белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға
мүмкіндік жоқ;
- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі
жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне
отырып орындауына кері әсер етеді;
- ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені
ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін
қалады.
ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі
көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен
бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі
жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады:
- егер мұғалім ШЖМ -нің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне,
сезіне алатын болса;
- егер мұғалім ШЖМ математика сабағын ұйымдастырудың мәселелері
бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;
- математика сабағында мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты
түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын
дұрыс қолданатын болса.
ШЖБМ мұғалімдерінің жұмысындағы қиындықтарға қарамастан,
республикамыздың мұғалімдері оқушыларды екінші жылға қалдырмай, толық
үлгеріммен жұмыс істеп, оқушыларға терең және берік білім беріп, олардың өз
бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда.
Шағын жинақты бастауыш мектепте оқушылардың білімін тексеру мен
бағалау - өте күрделі мәселе. Сабақ барысында уақытты үнемдеу үшін арнайы
тексеруге уақыт қалдырмаса да болады, бірақ үй тапсырмасын тексеруді алдын-
ала қоңырауда көмекші-лаборанттың көмегімен іске асыруға болады. Сонымен
бірге, оқушылар жұмысының барысын өзі бағалай және дұрыс бағалай білуге
үйрету абзал. Өз жұмысын бағалай білген оқушы өз сыныптастарының, өзінен
кіші сынып оқушыларының еңбегін тексеріп, бағалауға үйренеді. Оқушы өз
жұмысын мұғалімге тапсырмас бұрын тексеріп, өзгенің жұмысын тексеріп,
бағалап, мұғалімнің бағасымен салыстырады. Сонымен бірге, берілген өзіндік
жұмысты да міндетті түрде тексеру қажет. Ол жұмысты тексеру кезінде тек қана
оның қорытындысы тексерілмей, сол қорытындыны шығару үшін қалай
жоспарлағаны, қандай тәсілдер қолданып орындағаны, өзінің қалай тексеріп
отырғандығын – осының бәрін ескеріп, бағалаған жөн.
ШЖБМ мұғалімдері оқушылардың білімдерін тексеру мен бағалауда өз
тәжірибелерінде әр түрлі әдістерді және құралдарды қолданады. Көпшілік
жағдайда тапсырмалар әр оқушыға жеке-дара түрде беріледі де, мұғалім
тапсырма орындала салып, өз қолындағы жауаптармен іле-шала тексереді.
Сондай-ақ тапсырма жауаптары перфокарта түрінде дайындалып, оқушының
жауабы соның ішіне салынады. Кейбір мұғалімдер оқушылардың білімдерін
бағалау үшін алдын-ала дайындалған геометриялық фигураларды, суреттерді
31
(ұшақ – «5», жеңіл машина – «4», ат –«3», тасбақа – «2» суреттері), жетондарды
пайдаланады.
ШЖБМ оқушыларының білім, білік және дағдылар деңгейін бағалау
кезінде тест әдісін қолданудығ да ролі өте зор. Тест әдісін қолданғанда
оқушының жасын ескеріп, оларды жаңалыққа үйрету, ізденіске талпындыру,
жинақылыққа, шапшаңдыққа, өзін-өзі тексеруге, қатесіне көзін жеткізуге,
уақытты үнемдеу, салыстыру және тексеру дағдыларын қалыптастыруға
мүмкіндіктер мол. Тесттің тақырыптық, тараулық, тоқсандық, жарты жылдық,
бір жылдық, қорытынды түрлері болады.
Әдебиет
1.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы: – Алматы, 1999.
2.
Бастауыш мектепте бірнеше сыныпты бір уақытта оқыту туралы: мақалалар
жинағы (ред. басқарған Ғ.Бегалиев). – А., 1950.
3.
Сайпин М. Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту. – Алматы,
«Мектеп», 1984.
ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Карсыбаева Арай Байжановна
Басқару және білім сапасы
кафедрасының аға оқытушысы
«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы
АОБПҚБАИ, Алматы қ.
Қазақстан Республикасының білім беру саласында барлық деңгейде
сапалы білім алуға кең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұлттық модельді
дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Ең маңыздысы - мазмұнын, басқару
және ресурстық аспектілерді жаңғырту негізінде ШЖМ-ны дамыту.
Шағын жинақталған мектеп – бұл біріктірілген сынып-комплект пен оқу
сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар шағын контингентті білім
алушылардан тұратын жалпы білім беретін мектеп.
Қазақстанда ШЖМ-ның ғылыми негізделген және бекітілген балама
модельдерінің болмауына байланысты материалдық-техникалық жабдықтаудың
өңірлік жүйесі, педагогикалық процестерді ұйымдастыруға әртүрлі тәсілдер
қолдану жүзеге асырылуда.
Бір аймақта жақын орналасқан ШЖМ-ны бірыңғай білім беру кеңістігінде
біріктіретін ресурстық орталықтар; мектеп-кешені («мектеп-балабақша»,
«мектеп-мектепке дейінгі білім беретін шағын орталық», «мектеп-мектеп
жанындағы интернат-мектепке дейінгі шағын орталық»); құрамына ауыл
кітапханасы, медициналық пунт, пошта, клубтар кіретін мектеп-әлеуметтік
мәдени орталық; ауылшаруашылық бейіні бойынша тереңдетілген теориялық
32
және практикалық дайындық өткізілетін мектеп-агро-биолаборатория; әртүрлі
жастағы оқушылармен ұжымдық оқыту сабағы негізінде педагогикалық
процестерді ұйымдастыруды болжайтын оқытудың сыныптық-сабақтық түріне
жатпайтын мектептер құру тәжірибесі бар.
Жекелеген мектептердің локальдық оң тәжірибесі мен қызметтерінің
табысты нәтижелерінің болуына қарамастан, жалпы мемлекеттік аралық
бақылау мен ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерінен, бітірушілердің алдағы
өмірін талдауынан ШЖМ оқушыларының жалпы білім дайындығының төмендігі
анықталды.
Басты себеп - ШЖМ-да білім беру процесін ұйымдастырудың
әдіснамалық, мазмұндық, әдістемелік, технологиялық компонентерінің нашар
әзірленуі. ШЖМ проблемалары тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Батыс
Еуропа, Австралия, АҚШ, Канада, Қытай, Жапония, Ресей, Өзбекстан және т.б.
елдерде де өзекті болып табылады. ШЖМ проблемаларын шешудің оңтайлы
жолын анықтау бәсекеге қабілетті ұлттық жүйені қалыптастырудың қажетті
шарты болып табылады, сондай-ақ халықаралық деңгейде вариативті модель
ретінде қарастырылады.
Қазақстандағы ШЖМ–ны дамытудың негізгі проблемалары ретінде келесі
мәселелерді бөліп көрсетуге болады:
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру:
-
аз толтырылған сыныптарда оқытудың дәстүрлі әдістемелерінің артық болуы;
-
гипербақылауға және нәтижесінде білім алушының мазасыздануына алып
келетін педагогикалық процестің нәтижелерін бағалаудың тиімсіз жүйесі;
-
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды нашар пайдалану;
-
білім алушылар санының аздығына байланысты сапалы бейінді оқытуды
ұйымдастыру мүмкіндігінің жоқтығы;
-
қосымша білім беру ұйымдарының және мәдени орталықтардың жоқтығы.
ШЖМ қызметін ұйымдастыру принциптері:
- әрбір оқушы, оның ішінде ерекше қажеттілікті талап ететін балалар үшін
сапалы білім алуға қол жетімділікті қамтамасыз ететін демократияландыру, білім
беру процесі субъектілерінің ынтымақтастығы;
- білім беру процесі мен социум субъектілерінің өзара белсенді іс-әрекетін
қамтамасыз ететін әлеуметтік әріптестік;
- білім алушының тұлғалық өсуіне қажеттілікті қанағаттандыруға ықпал ететін
білім берудің дамытушылық және шығармашалық сипаты;
- білім берудің жеке-тұлғалық және жалпымәдени аспектілерінің бірлігін
қамтамасыз ететін жан-жақтылық;
- топтық үлгі бойынша білім беру деңгейінің үздіксіздігі мен сабақтастығы;
- білім беру процесінің мазмұны мен технологияларының икемділігі,
вариативтілігі;
- өзгеретін әлеуметтік жағдайларда өзін-өзі жетілдіру қабілетінің дамуын
қамтамасыз ететін бейімделгіштік;
- ШЖМ-дағы әлемдік практиканың қазіргі заманғы педагогикалық жетістіктерін
енгізуге мүмкіндік беретін жаңашылдық.
33
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері
Шағын кешенді мектептің тарихы ерте кезден, сонау Л.Толстой,К.Д.Ушинский
өмір сүрген кезеңнен бастау алады. Қазақстан топырағында ондай мектептің
пайда болуы Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты
XVIII ғасырдың 60 жылдарында дүниеге келді. Содан бері бұл үлгідегі мектептің
ділгір мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Шағын кешенді мектептерде негізгі
назар ұйымдастыру жұмыстарына аударылады.
Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары:
сабақтың оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы;
бірнеше
сыныптың
оқу
материалының
бір
тақырыптың
жүйеге
ыңғайластырылуы;
көрнекі дидактикалық құралдардың алдын ала дайындалуы;
сабақ тақырыбының өзара байланысы;
сыныптарды комплектіге дұрыс біріктіру;
сабақтардың кестесін дұрыс жасау;
тиімді оқыту әдістерін таңдау;
сабақтың максатқа сай келетін құрылымын анықтау;
оқушылардың өздік жұмыстарын мұғалім басшылығымен істелетін
жұмыстармен ауыстырып отыру;
мұғалімнің 4-5 рет жұмыс түрін ауыстыруы;
барлық сыныптарда тәрбие процесін жүргізу.
Шағын кешенді мектептер үшін қазақ тілі пәні мен оқулықтары жоқ,
өйткені толық кешенді мектептерге қарағанда шағын кешенді мектептердің оқу
шарттары ерекше. Сондықтан да ондай мектептерде «үлкен» сабақтың
құрамындағы «кіші» сабақтарды дұрыс ұйымдастыру керек, оқушының осындай
«кіші» сабақтарында алған білімі, тәрбиесі толық мектептегі оқушының біліміне
сәйкес болуы шарт. Шағын кешенді мектеп жұмысын қиындататын,
оқушылардың білім дәрежесін төмендететін бірқатар объективтік ерекшеліктер
бар:
бір мезгілде бірнеше сынып жұмыс істейтін шағын кешенді мектепке арналған
оқыту әдістемесінің жасалмауы;
өздігінше жұмыс істеу әдісінің кең тарамағандығы;
шағын кешенді мектеп мұғаліміне арнап жазылып, баспадан шыққан әдістемелік
және көрнекілік құралдарының аздығы;
шағын кешенді мектептердің кітапханалық қорының нашарлығы.
Мұндай мектепте бір мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс
істейді. Сабақтың өзіндік ерекшелігі: оқу үрдісінің бір мезгілде екі сыныпта
бірдей ұйымдастырылуы. Мұның өзі мұғалімнің әр сыныпқа сабақ уақытының
жартысын ғана жұмсауына мүмкіндік береді. Яғни, мұғалім бір сыныпқа жаңа
материалдарды түсіндіріп жатқан кезде басқа сыныптың оқушылары өз бетінше
жұмыс жүргізеді. Бұл, көбінесе, әдебиет пәнінде (6-8 және 7-9 сыныптар) қиынға
соғады. Өйткені берілген тақырыптар аумақты, сондықтан уақыт
жетіңкіремейді.
34
2. Оқу сабақтарының кестесін жасауда негізінен екі тәсіл қолданылады.
Бірінші тәсіл арқылы бір пән бойынша сабақтар біріктіріледі. Мысалы,
мұғалім 1, 3-сыныптарда бірінші сабаққа математиканы, екінші сабаққа қазақ
тілін қояӨзіндік жұмысты ұйымдастырғанда, оқытушы оқушылардың дара
ерекшелігін ескеріп, соған қарай беретін тапсырмаларды өзгертіп отырғаны жөн,
орындалған жалпы жұмыстың қорытындысын, қалай қорытқанын тексеру керек.
Өздік жұмыстарды ұйымдастыру үшін, мұғалім мынадай үш жағдайды
ескерген жөн:
Оқушылардың өздік жұмысының мазмұнын анықтау (берілетін білім және
оны міндеттері).
Өздік жұмысты ұйымдастырудың жоспарын жасау, қолданылатын амал-
тәсілдерді белгілеу.
Оқушыларға жұмысты ойдағыдай аяқтауға бағыт беріп көмектесу
(жұмыстың жүйелі барысына басшылық ету, тиісті түзетулер жасап отыру).
Өздік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
жұмыстың көлемін шамадан асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
оқушылардың өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс
ұштастыру білу;
оқушылардың дербестігін арттырып, өз бетімен білім алу қабілетін жүйелі түрде
дамыту;
өздік жұмыстың мазмұнына мүмкіндігінше күнделікті өмірден алынған
материалдарды, мәліметтерді, хабарларды енгізіп пайдалану.
Жаңа оқу жылына бір апта қалғанда, бала саны анықталып, сынып
комплект құрылып, оқу-тәрбие үдерісінің жылдық жоспары, математикадан
жылдық күнтізбелік жоспар және оқу кестесі жасалады. Сабақтың жақсы өтуі
үшін оған жан-жақты дайындық және оны шеберлікпен өткізу қажет. Сабаққа
дайындалмас бұрын мұғалім өтілетін материалды жан-жақты меңгеріп, оны
өткізу әдістемесімен таныс болуы тиіс. Мұғалім қатар жүргізілетін
сыныптардағы сабақтың барысын алдын-ала ойластырып, өз жұмысының әрбір
деталін жоспарлауы тиіс, әсіресе, оқушылардың өздік іс-әрекеті ойластырылуы
тиіс. Содан соң сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды, яғни көрнекі құралдар,
мәтіндер, жаттығуға арналған сұрақтар мен мысалдар, дидактикалық
материалдарды дайындап алып, содан кейін ғана сабақ жоспарын жасауға кірісуі
керек. Кейінірек сабақтағы әр түрлі жұмыстар қандай ретпен өтілетіндігін
анықтайды. Соңынан жазылған сабақ жоспарын тексеріп алу қажет.
Қорыта келе, шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие үдерісін
ұйымдастыру кезінде сабақты қай сыныптан бастау керектігі анықталуы тиіс. Ал
сабақты өткізу кезінде жазылған жоспардың орындалуы қадағаланып,
оқушылардың өзіндік жұмысын мұғалімнің тікелей басшылығымен жасалатын
жұмыс түрлерімен алмастырып отыру керек.
35
Пайдаланған әдебиеттер
1.
Қазақстан Республикасында Шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-
2020 жылдарға арналған бағдарламасы (жоба)
2.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы
3.
«Шағын жинақты мектеп және тірек мектебі (ресурстық орталық) қызметін
ұйымдастыру Ережесі.
4.
Мектепке дейінгі және жалпы орта білім сапасын күтелетін нәтиже тұрғысынан
жетілдіріу мәселелері // Ы . Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы,
ғылыми еңбектер жинағы 2007, 26
ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ ФИЗИКА ПӘНІН
ҮЙРЕТУ НӘТИЖЕСІНДЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫҒАН,
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ
Култумаева Раушан Кайырхановна,
физика пәні мұғалімі,
«№17 ЖББ орта мектеп» КММ,
Ақтау қаласы
Достарыңызбен бөлісу: |