Қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген білімі қалыптасқан іскерлік
дәрежесіне байланысты. Ұлтты ұлт етіп дүниежүзілік деңгейге көтеретін оның
саналыда дарынды, талапты ұрпағы.
Орта білім берудің мақсаты - қарқынды өткізіліп отырған дүние
жағдайында игерілген терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін
бағдарлама алуға, өзінің іс-әрекеттерін жұмылдыруға, өзін-өзі дамытуға және өз
бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті
жеке тұлғаны қалыптастыру. Білім беру ісі жеке тұлғаның жан-жақты дамуына
барлық мүмкіндікті қамтамасыз етуі қажет.
Жеке тұлғаның дамуының қозғаушы күші мен оның көзі – тұлғаның сол
кезге дейінгі жинақталған интеллектуалдық, адамгершілік және рухани
потенциалын пайдалана отырып, өзін - өзі жетілдіру мен жеке дамуға
бағытталған қажеттілігі болып табылады.
Мұғалімге қойылатын талап – орта мектепті бітіруші түлектің бәсекелесу
мүмкінділігін тудыра алуын қадағалау.
Бала өзін танып біліп, бағалануы үшін, ата-аналармен ұстаздар мына мәселелерге
көңіл аударуы тиіс.
Осыған орай оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді
жолдарының бірі өзіндік жұмыспен өздігінен білім алу жұмысын
ұйымдастырудың педагогикалық және әдістемелік тәсілдерін қазіргі заман
талаптарына сәйкес жетілдіру болып отыр.
36
Оқушылардың пәнге деген көзқарасы әртүрлі факторлармен: жеке
басының және пәннің ерекшеліктерімен қатар оқыту әдісімен анықталады. Пәнге
деген ынтасын арттыру мақсатында үйірме жұмысын жүйелі түрде жүргізіп
отырған жөн. Сол сияқты түрлі отырыстар форум, дөңгелек стол, КВН
жарыстары, кештер өткізу, сөз жұмбақтар, ребустер шешу, биологиялық есептер
шығару, тест сұрақтарына жауап беру, оқушының ғылыми ізденісін білуге
құштарлығын ғылыми танымдық қабілетін, іс-әрекетін арттырады.
Дарындылықты дамыту үшін жұмысты жүйелі ұйымдастыру қажет. Жаңа
технология мүмкіндіктерін пайдалану, сыныптан тыс шараларды өз дәрежесінде
өткізу, өз бетімен білім білім алуға жетелеу.
Дарынды оқушылармен жұмыс жасайтын мұғалімдер аз сөйлеп, ақпаратты
өзі аз береді., олар аз түсіндіріп, көбірек сұрақтар қояды, көбірек ойлантады.
Сұраққа өзі жауап берудің орнына кезекті оқушыларға береді.
Қазіргі әрбір ізденімпаз мұғалімдердің міндеті оқушының белсенділігін,
іскерлігін дамыту. Дарынды балалар осындай сабақ барысында да ерекше
тапқырлығымен, ғылыми ізденісімен көзге түсіп отырады. Өз бетінше ізденуді
оқушылардың өзіндік жұмысын тауып ұйымдастыра алатын, керек кезінде
жағдайлар туғызып, олардың басты міндетін өз бетінше шешуге құштарландыра
алатын мұғалім оқытуда ең жақсы нәтижеге жететіндігін көруге болады деп
ойлаймын.
Іздену арқылы басты мәселелерді жете білу, зерттеу, жинақтау, оны насихаттау,
іске асыру, оқу және тәрбие жұмысын одан әрі жақсарта берудің сарқылмас көзі.
Қорытындылай келе, оқушылардың шығармашылығын, қызығушылығын
дамыта отырып, ғылым саласында олимпиада, байқауларға дайындай отырып,
көсемдігі мол, шығармашыл, білімді, ізденімпаз, тапқыр, қабілетті зор оқушы
шығару - әрбір ұстаздың міндеті.
Бүгінгі күннің негізгі талабы білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін
қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын,
жаңаша ойлай алатын творчестволық адамға айналдыру.
Бүгінгі білім беру процесінде оқушымен жеке жұмыс жүргізу арқылы
дарындылықты дамыту оқушының зерттеу жұмысына танымдық белсенділік
арқылы қызығуды қалыптастыру әрбір мұғалімнің міндеті.
Физиканы оқыта отырып нәтижеге бағытталған жеке тұлға
қалыптастыру
1.Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру
Физика оқу пәнінің өз мазмұны жөнінен оқушылардың дүниеге ғылыми
көзқарасын қалыптастыру үшін мүмкіндіктері зор.Физиканы оқып үйрену
кезінде оқушыларда дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру процесі
төмендегі негізгі элементтерді қамтиды: оқып үйренілетін физикалық
құбылыстардың материалық табиғатын ашып көрсету, құбылыстар арасындағы
байланыстарды тағайындау және оларды дұрыс түсіндіру, оқып үйренілетін
физикалық заңдардың обьективтік сипатын ашу, оқушыларды табиғат заңдарын
танып білу және оларды табиғатты қайта өзгерту үшін пайдалану мүмкіндігіне
көздерін жеткізу, табиғатты тану процесінің диалектикалық сипатын ашып беру.
37
Физика мұғалімінің міндеті оқушыларда біртіндеп, материя қозғалысының
алуан түрін оқып үйрену процесінде қозғалыс материяның ажырамас қасиеті
ретінде түсінуге бастап алып келеді.Табиғат құбылыстары өзара байланысты
және бір – бірімен шарттас. Барлық жаратылыстық – ғылыми пәндерді оқып
үйренгенде бұл өзара байланысты оқушылардың алдында ашып көрсетіп отыру
қажет. Физиканы оқытқан кезде оқушылардың алдында физикалық
құбылыстардың өзара байланысын ашып көрсету, олардың пайда болу себептері
мен даму заңдылықтарын табу қажет.
2.Оқушыларды еңбекке деген көзқарасқа тәрбиелеу
Оқушыларды еңбекке белсене қатысуға әзірлейтін орта мектептің аса маңызды
міндеті әрбір мектеп оқушысын қоғамдық пайдалы еңбекті сүюге және
құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.
1)
Оқушыларды еңбек етуге моральдық, психологиялық жағынан әзірлеу, оларды
басқалардың еңбегін құрметтеуге үйрету және оларға ой жұмысын да, дене
жұмысын да өздері жан аямай ықыласпен орындауға дағдыландыру.
2)
Оқушыларды қажетті білімдермен, шеберліктермен және дағдылармен
қаруландыру, сондай – ақ кез келген маңызды жұмысты орындау үшін қажетті
еңбек сүйгіштікке, шыдамдылық пен табандылыққа тәрбиелеу.
Еңбекке тәрбиелеуде физика бойынша жүргізілетін әр түрлі зертханалық
жұмыстардың үлкен маңызы бар. Олар оқушыларды практикалық дағдылармен
және шеберліктермен қаруландырады. Осы кезде физика кабинеті тазалық пен
жинақтылықтың үлгісі болуы қажет. Жабдықтарды беру мен жинастыруға және
оны жұмыс істеуге әзірлеуге оқушылардың өздерін қатыстырған жөн.
3. Оқушыларды ғылыми білімдерге деген қызығушылыққа тәрбиелеу және
зерттеушілік, шығармашылық еңбекке қабілеттілігін дамыту
Оқушыларды ғылыми білімдерге қызығушылық пен зерттеу еңбегіне деген
қабілеттілікке тәрбиелеу қаншалықты ерте басталса, жастар дербес
творчестволық ғылыми жұмыс жолына соғұрлым ерте қадам басатын болады.
Әрине, 7 және 8 сынып оқушыларын елеулі ғылыми зерттеулерге қатыстыру
туралы емес, оларды ғылыми білімдерге қызығушылыққа тәрбиелеу,
зерттеушілік, шығармашылық еңбекке деген қабілеттерін ашу және дамыту
жайында болып отыр. Байқаулар балалардың бойында білімнің белгілі саласына
деген қызығушылық, өздігінен бір нәрсені зерттеу тілегі көбінесе нақ осы жаста
оянатынын көрсетіп тұр.
Мектептің міндеті – оянған осы ынта – ықыласты ұдайы қолдап, дамытып
отыру.
Оқушыларды ғылыми білімдерге ынта – ықылас қоюға тәрбиелеуге және
зерттеу еңбегіне деген қабілетті дамытуға қажетті негізгі шарттар:
1)
Пәнді оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру, физикалық теорияларды оқып
үйренуге көңіл аударуды күшейту, бұларды физикалық құбылыстар мен
денелердің қасиеттерін түсіну үшін кеңінен пайдалану.
2)
Оқушыларды физика жөніндегі ғылыми зерттеулерде қолданылатын әдістермен
(теориялық болжам, жұмыс гипотезасын жасап шығу, бақылау, эксперимент,
38
эксперименттік
фактілерді
талдау,
олардан
шығатын
тұжырымдар,
тұжырымдарды талдау)
3)
Зерттеу элементтерін физиканы оқу процесінде үнемі араластырып отыру,
тақырыптарды оқып үйренуде зерттеушілік тұрғыдан қарауды жүзеге асыру.
4.Проблемалық оқыту
Проблемалық оқытудың негізінде оқу проблемасы жатыр, оның мәні –
оқушыға белгілі білім, шеберлік және дағдылар мен ұғыну және түсіндіру үшін
бұрынғы білімдер жеткіліксіз болатын жаңа фактілер, құбылыстар арасындағы
қайшылық.
Проблемалық оқыту – бұл оқушылардың білімді меңгеру жөніндегі ерекше
түрде ұйымдастырылған қызметі, бұл қызмет барысында оқушылар өздерінің
алдына қойылған проблемалардың шешімін табуға қатысады. Проблемалық
оқытуды ұйымдастырудың мектеп оқушыларының ойлауын дамыту үшін зор
маңызы бар, өйткені проблемалық ситуациядан «ойлау басталады»
Проблемалық оқытуды жүзеге асыру үшін төменгі шарттар қажет:
Оқу материалында оқушылар проблемалар бола алатын есептердің,
мәселелердің, тапсырмалардың болуы.
Мұғалімнің проблемалық ситуация жасай білу шеберлігі.
Оқушылардың бойында проблеманы ашу мен тұжырымдау және оны шешудің
тәсілдерін өздігінен табу шеберліктері мен дағдыларын біртіндеп жоспарлап
дамыту.
Қазіргі уақытта жоспарға сай жасақталған сабақты өткізудің өзі мұғалім
үшін өз қиындықтарын туғызады. Себебі: оқушы көп, оқу – білім деңгейлері,
әртүрлі оқушылар берілген тапсырма қиындықтарын талдау, түсіндіру, есептеу
барлығы уақыт алады.
1.
Ал, шағын жинақталған мектепте оқушы саны аз, аз болғандықтан тыныш
болады. Ал, тыныштық орнаған кезде аз оқушыға сабақ түсіндіру, баяндау,
есептеу ете жеңіл.
2.
Шағын жинақталған мектепте жоғары сынып оқушылары өткен тақырыпты
талдауда барлық оқушының ойын тыңдауға сұрақ – жауап алуға уақыт жеткілікті
болады.
3.
Қатар отырған екі паралель сынып оқушыларының арасында бір – бірімен
жарыса оқып, бәсекелестік артады.
4.
Екі тілді шағын жинақталған мектепте екі топты біріктіре сабақтар өткізуге
мүмкіншілік мол.Оқушылардың екі тілде де жауап беруге мүмкіндік болады
және орыс тілді сынып оқушыларына мемлекеттік тілді меңгеруге ынтасы
артады.
5.
Пәнаралық байланыс орнайды.
Менің өзімнің пәніме келетін болсақ оқушылардың аз болуы зертханалық,
сарамандылық жұмыс жасауда өте қолайлы. Әрбір оқушыға жеткілікті назар
аудара отырып, нәтижелі жұмыс жасауына бағыт бағдар бере аламын. Физика
пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарында 7 сынып пен 11 сынып оқушыларын
біріктіре «Неден бастап, немен аяқталды» сұрақтарымен кездесу өткізуге де
ынғайлы. Шағын жинақталған мектептерде оқушылармен жұмыс жасай отырып
39
мұғалімнің қарқынды дамуына өте көп жағдай жасалынады. Мұғалім 30
оқушымен жұмыс жасағанмен салыстырғанда одан аз оқушымен жұмыс жасай
отырып, шаршау орнына мұғалім жұмысынан ләззат алар еді.
Қорыта келе шағын жинақталған мектепте физика пәнін беруде мынадай
нәтижеге келер едік:
1.
Сапалы білім алуға оқушының бар мүмкіндігі бар.
2.
Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым қатынас жақын да мықты болмақ
3.
Мұғалім өз жұмысынан шаршамай, ләззат алады.
4.
Оқушыны пәнге қызықтыру мүмкіндігі молайып, әрбір оқушыны жеке тұлға
ретінде қарастырып, еңбеке баулу, тәрбиелеу мүмкіндіктерінің ашылуы.
Әдебиет
1.
«Математика және Физика» ғылыми-әдістемелік журнал, 2013, № 2.
2.
Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006.
3.
Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде
пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.
4.
Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.
БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ
МЕКТЕП: ЖАҒДАЙЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мурат Нурсауле,
мектеп директоры,
Ақмола облысы Зеренді ауданы
«Первомай негізгі мектебі» КММ
Мектеп - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі. Ауыл мектебінің
мәселелесі – қазақтың елдігінің мәселесі. Ауыл мектебінде – қазақ ұлтының
болашағы, үміт артқан ертеңі, ата-ана, халық арманын арқалаған жас жеткіншек
– ұрпағы оқып, тәрбиеленіп, өсіп жатыр.
Жер бетін мекен еткен адамзаттың бір бұтағы – бір халықтың қандай дара
қасиетке ие болып, қандай бет-бейнемен көрінуі – сол халықтың мектебінің бет-
бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты.
Шағын комплектілі мектеп – қоғамның талаптарына сай, білім алуда
оқушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, Үкіметіміздің
мектеп туралы нормативтік құжаттарымен анықталған қызметін атқаруды
жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептің бір типі.
Шағын комплектілі мектептің қоғамның барлық даму кезеңінде және
бүгінде білім беруді реформалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру
жағдайында өз үлесін қосып отырғанын мойындамау тарихқа жасалған қиянат
болар еді.
Бұл мектептер шалғайдағы шағын ауылдық жерлерде адамдарды
тұрақтандырудың басты кепілі болып табылады. Өйткені отбасының тұрмыс-
тіршілігі мен балаларын оқытып тәрбиелеу үшін , мұндай мектептер барынша
40
мүмкіндік жасауға ұмтылады. Осы орайда, қазіргі қиын жағдайларға қарамастан,
бұл типтегі мектептерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда кейбір қолайлы
жағдайлар бар екендігін де естен шығармауымыз керек. Олар:
ауыл мектептерінде оқушының жеке басының психологиялық ерекшелігін
зерттеп білуге жағдай мол. әр оқушының үй жағдайы, ата-анасының тәрбие
мәселесін қалай шешетіндігін, олардың кәсіби мамандықтарына дейін білуге
мүмкіндік бар. бұл жағдай оқушының дамуына әсер ететін факторларға көңіл
аударып жоспарлауға мүмкіндік береді;
оқушының тілек-талабы мен қызығушылығын қанағаттандыруға бағытталған
сыныптан тыс жұмыстар және факультативтік сабақтар жүргізуге жағдай туады;
оқу материалын толық меңгеру оқушылар үшін өте күрделі үрдістердің бірі.
білім беру кезінде оқушының жеке басының ерекшеліктерін нақтылы ескере
отырып, оқу ісін жақсартуға арналған мүмкіндіктерді пайдалануға болады;
шағын жинақталған мектептерде оқушылардың өз бетімен көбірек жұмыс
істеуіне тура келеді. бұл үрдістің ұтымды жақтарын пайдалана отырып,
оқушылардың өздігінен бақылау жұмысын жүргізуге, қорытынды жасай білу
дағдыларын байыта түсу мүмкіндіктерін үнемі есте ұстау керек. үй тапсырмасын
оқушының білім дәрежесі мен қабілетін ескере отырып даярландыру қажеттігін
де естен шығармаған жөн;
сыныпта оқушылардың аздығы, олардың әрқайсысының оқу материалын, білім
сапасын, дағды біліктерін және танымдық белсенділіктерінің деңгейлерін үнемі
бақылап отыруға уақыт жеткілікті;
практикалық-лабораториялық және экскурсия сабақтарында оқушыларды
түгелдей қамтып жұмыс жүргізуге сыныпта балалардың аздығы қолайлы жағдай
туғызады;
оқушыларды еңбекке баулу, еңбек дағдыларын беру, мамандық алуға үйретуде
де шағын ауыл мектептерінің мүмкіндіктері мол. өйткені олардың ата-аналары
ауылдағы мамандық иелері. ал, оқушылар болса жастайынан еңбекке араласады;
шағын жинақталған ауыл мектептері оқушыларының бойына табиғатты қорғау,
оны аялау, эстетикалық талғамын қалыптастыруда қоршаған орта арқылы
табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуде де мүмкіндіктер бар.
Міне, осындай мүмкіндіктерді ескерсек, шағын комплектілі мектептің жұмысын
жетілдіру, ондағы оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру – маңызды
әлеуметтік-экономикалық және педагогикалық проблема. Өйткені еліміздегі
білім беретін жалпы орта мектептің 1554324 оқушысының 379379-ы шағын
комплектілі мектепте оқиды. Соған байланысты Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің 1997 жылғы “Қазақстан Республикасындағы шағын
комплектілі мектептің жұмысын ұйымдастыру” инструктивті-әдістемелік
хатына сай шағын комплектілі мектептің негізгі көрсетікіші ретінде оқушылар
саны алынған. Сондықтан 40 оқушыға дейін бастауыш, 100 оқушыға дейін
негізгі, 280 оқушыға дейін орта шағын комплектілі мектеп болып есептелінеді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің №300 25.02.2002 ж.
қаулысына сай ауылдық жерде оқушы саны бес немесе одан көп болған жағдайда
бастауыш, оқушы саны 41 немесе одан көп болғанда бастауыш және негізгі,
41
оқушы саны 81 немесе одан көп болғанда орта шағын комплектілі мектеп
ашылады.
1997-1998ж.ж.оңтайландыру нәтижесінде бастауыш шағын комплектілі
мектеп саны қысқарды. Атап айтқанда, 1996ж. – 1362, 2000ж. – 1200 болды.
Бірақ, соңғы жылдары шағын комплектілі мектептің даму динамикасының
тұрақты өсуі байқалады. Оның айғағы оқушылар санының азаюынан толық
комплектілі мектептерге көшті.
Бүгін таңда республикадағы ауыл мектебіне тән ерекшелік оның шағын
комплектілі болуы. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, қала халқының
күрт өсуі, миграция, балалардың өмірге келуінің азаюы шағын комплектілі
мектептердің санының өсуіне әкелді.
Республикадағы 8260 жалпы орта білім беретін мектептің 4229 (51,2
%)шағын комплектілі мектеп, оның 2156-ында оқу қазақ тілінде жүреді (50,9%).
Ауылдық жерде орналасқан шағын комплектілі мектеп саны 4073, бұл жалпы
ауылдық мектептің 96,3%. Оның 28,5% бастауыш, 24,2% негізгі, 47,3% орта
шағын комплектілі мектеп. Сондай-ақ, қалалық шағын комплектілі мектеп саны
156 (3,7%).
Ауыл – қазақтың бесігі болса, мектеп-ауылдың тірегі. Ол тек оқушыларға
білім беретін орын ғана емес, ауылдың мәдени өміріне, әлеуметтік, рухани өсуіне
ықпал ететін киелі ордасы. Ауыл мектебі-халқымыздың қадір-қасиетін жан
тәнімен қабылдаған, ұлттық рухымыз бен рухани мұраларымыздың қайнар
бұлақтарынан нәр алған, небір дарындар мен даналар шығарған білім ордасы.
Шағын жинақты мектеп ауыл жағдайында білім беру міндеттерінен басқа,
әлеуметтік-экономикалық міндеттерді қоса атқарады: яғни, жастарды ауылға
тұрақтандыруға, халықтың мәдени деңгейін арттыруға, демографиялық
мәселелерді шешуге , түптеп келгенде, аграрлық саланың дамуына өз үлесін
қосуда. Осы орайда ұлттық дәстүр мен адамгершілік құндылықтарын сақтау
және ұстанымдарын жүзеге асыру үшін мектеп ауылда «Мәдени орталық»
міндетін атқарып отыр. Қазақтың кемел дарын, таңғажайып, талантты ұлт ұстазы
Ахмет Байтұрсынов “Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек”
деген. Себебі бүгінгі оқушы, ертеңгі ел болашағы, ұлт көшін алға сүйрер азамат
екенін естен шығармауымыз керек. Осы тұста ауыл баласы несімен
ерекшеленеді? -деген сұраққа жауап берсек: ауыл жағдайына қарасақ, бүгінгі
қала баласы демалатын орындар: хайуанаттар паркі, мұражайлар, аквопарктер
жоқ. Олардың эстетикалық, патриоттық тыныс алатын, өн бойына патриоттық,
мейірімділік, өжеттілік сезімдерді қалыптастырумен бірге, салтымызды тіл
мәйегін тамызып еркін сөйлейтін – ұрпақ қазіргі таңда өз мектебінің
қабырғасында тәлім алып шығып отыр.
Ауыл мектебін көтеруде, бүгінгі күні ауыл баласынан қала баласының үйренетін
тәлімдері де бар. Ол еңбекқорлық, тіл тазалығы, шешендік, көпшілдік,
кеңпейілділік, ұлт дәстүрі мен салтына жақындығы.
Жалпы білім беретін мектептердегідей шағын кешенді мектептерде де құжаттар
мен талап бірдей қойылады. Сондықтан да бұл мектептердегі мұғалімдерінің
42
жүктемесі ауыр. Шағын жинақты мектептердегі негізгі басты мәселелерге
тоқталып өтсем:
1.
Бірнеше пәннен кіріктірілген сабақтар беруге, мысалыға 1-3, 2-4 сыныптарда
4 мұғалімнің орнына 2 мұғалім оқытады. Бұл жерде бастауыш сынып
мұғалімдеріне байланысты қиындықтар тууы.
2.
Қажетті кәсіби білім жетілдіру курстарына бара алмауы, яғни екі сыныпқа бір
мұғалім болғандықтан бара алмай жатады.
3.
Ауылдық жерде мектепке дейінгі мекемелердің жабық болуы Көпшілік
бірінші сыныпқа келетін бала балабақшадан өтпейді. Мұндай жағдайда білім
берудің стандартына сай оқыту нәтижесін қамтамасыз ету үшін мұғалімдерге
оқушыларды мектеп жағдайына бейімдеу, олардың білімге, ұжымдық істерге
деген қызығушылығын дамыту мақсатында біраз жұмыстар атқаруға тура келеді.
4.
ШЖМ тән қиындықтар әр жастағы оқушылар ұжымын бір сыныпта оқытуды
ұйымдастыру, бір пәндік немесе әр түрлі пәндік сабақтарды өткізу.
5.
Шағын кешенді мектептерде кадрлардың тұрақталмауы. Оған ең бірінші себеп
– жүктеменің жеткіліксіздігі. Маман иесіне алған мамандығы бойынша толық
жүктемемен еңбек етуге мүмкіндіктің жоқтығы, бір пәннен ғана емес, бірнеше
пәннен сабақ беруге тура келетіндігі. Яғни, математик болса, физикадан, биолог
болса химиядан, географ болса тарихтан және т.б. пәндерден сабақ беруге тура
келеді. Онсыз жүктеме толықтырылмайды.
6.
Шеткей орналасқан шағын жинақты ауылдық мектептердегі оқушылардың
демалысын ұйымдастыру мәселерінің әліде толық шешілмеуі; Кейбір
мектептерде екі ауысым жағдайында түстен кейінгі уақытта бос оқу
кабинеттерінің болмауы, спорт залдың жоқтығы.
Осындай жоғарыда аталып өткен мәселелерді атай отырып, мынадай
бағдарламаны ұсынғым келеді:
1.
Оқушының санына қарамастан 1-сынып оқушыларын жеке оқыту; сол сияқты
мектеп бітіруші сыныптарды да жеке оқыту ережесін ескеруге тиіспіз.
2.
Квалификацияны жетілдіру курстары тыңдаушылардың тұрақты мекен-
жайларына шығу, тірек мектептері, озық іс-тәжірибе мектептері, әдістемелік-
семинарлар, педагогикалық-тәжірибе жұмыстарына қатысу, оқу-әдістемелік
оқулықтар, мектеп басшыларына арналған ғылыми-әдістемелік семинарлар,
ғылыми-әдістемелік семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар, оқу-
әдістемелік орталықтары арқылы орта және жоғарғы білім негізінде
қысқартылған мерзімде 2-ші мамандықты алу. Осыны жүзеге асыру
жолдарының бірі ұстазды көппрофильді даярлықтан өткізу. Бұл жағдайда жас
маман негізгі мамандықпен қатар 1 немесе 2 аралас мамандықты игеріп шығады.
3.
Мүмкіндігінше мектепке дейінгі мекемелерді ашу.
4.
Шағын комплектілі мектептер үшін педагог кадрларды көппрофильді үздіксіз
даярлау жүйесінің енгізу жоғарыда аталған мәселелерді шешуге бірден-бір негізі
бола алады.
5.
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға байланысты, мектептерде спорт
зал салу жағын қарастыру. Қазіргі кезде жастардың ішімдікке салынуы,
бұзақылық жолға түсуі етек алған індет. Алдын алу мақсатында, ауыл
43
жастарының салауатты өмір салтын сақтауы мен бос уақытын тиімді өткізуге
пайдасы зор болар еді.
Шағын жинақты мектеп қоғамның барлық даму кезеңінде және білім берудің
ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында өз үлесін қосып отыр.Бұл мектептер
шалғайдағы шағын ауылдық жерлерде адамдарды тұрақтандырудың басты
кепілі болып табылады. Өйткені отбасының тұрмыс-тіршілігімен қатар
балаларын оқытып тәрбиелеу үшін мұндай мектептер ата-аналарға барынша
мүмкіндік жасауға ұмтылады.
Шағын комплектілі мектеп проблемалары бүгінде халықаралық маңызы
бар мәселеге айналып отыр. Оның айғағы бұл проблемалардың ЮНЕСКО және
басқа халықаралық ұйымдар деңгейінде қаралуы. Шағын комплектілі мектеп
проблемаларын зерттеу көптеген елдердің, соның ішінде Батыс Европа,
Австралия, АҚШ, Канада, Қытай, Жапония, Ресей, Өзбекстан ғылыми-
педагогикалық ұйымдарының мақсатына еніп отыр. Сондықтан, шағын
комплектілі мектептің маңызды мәселелерін шешуде осы елдердің тәжірибесін
терең зерттеп, шығармашылық ынтымақтастықта болуымыз қажет.
Жаңа енгізіліп жатқан инновациялық технологияларды меңгеру, оқу
үрдісінде қолдануға басты назар аудару қазіргі ұстаздардың маңызды мәселесі.
Тұлғаға бағытталған мектептің мүғалімі өз пәнін жетік меңгеріп қана қоймай,
алдында отырған әр оқушының үлгерімінің жақсы-жамандығына қарамастан,
олардың даралық қасиеттеріне сай қазіргі заманғы оқытудың жаңа
технологияларын қолдана отырып, (диалог, жеке және топтық жұмыс) жұмыс
істей білуі шарт .Тұлғаға бағытталган мектептегі мектепішілік бақылау тек қана
оқушыларға оңтайлы жағдай туғызу үшін ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің
осындай дәстүрлі емес әдіс тәсілдері игеруге дайындық, дәрежесін анықтау үшін
де жүргізіледі. ШЖМ білім беру үрдісінде жаңашыл технологиялардың ұстаздар
үшін берері мол, жетістіктерге жетуге ықпалы зор екенін айтқым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |