Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет15/39
Дата29.12.2016
өлшемі2,91 Mb.
#676
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39

 
 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 
2.
 
Зеер  Э.Ф.  Психология  профессий.  –  М.:  Академический  проект,  фонд 
«Мир», 2005. – 336 с. 
3.
 
Селевко  Г.К.  альтернативные  педагогические  технологии.  –  М.:  НИИ 
школьных технологий, 2005. – 224 с. 
4.
 
Морозова А.В., Чернилевский Д.В., Кретивная педагогика и психология 
–М.: Академический проект, 2004. – 560 с. 
5.
 
Ожегов С.И., Толковый словарь русского языка – Российская АН; фонд 
культуры. -2-е издание испр. и доп. – М.: АЗЪ. 1995. – 928 с. 
6.
 
Божович 
Л.И. 
избранные 
психологические 
труды: 
под 
ред. 
Д.И.Фельдштейна - 3-е изд. – М.: МПСИ, Воронеж НПО «МОДЭК», 2001. – 352 с. 
7.
 
Хекхаузен Х. Мотивация и деятельность в 2-х томах – М.: Педагогика, 
1986. – Т. 1 – 408 с. 
8.
 
Кулюткин  Ю.Н.,  Сухобская  Г.С.  Мышление  учителя:  личностные 
механизмы и понятийный аппарат. – М.: Педагогика, 1990.  
 
Муханбетчина А.Г., Нурсултан С.А. 
Формирование профессионально-творческой компетентности будущего специалиста 
В  предлагаемой  статье  рассматриваются  некоторые  аспекты  формирования 
профессионально-творческой компетентности будущих специалистов. В статье анализируются 
сопряженные  понятия  «компетентность»,  «профессональная  творческая  компетентность», 
предлагается 
авторские 
определения 
понятия 
«компетентность», 
«творчество», 
«профессиональная  творческая  компетентность».  Практическая  реализация  формирования 
данной  компетентности  представляет  собой  один  из  актуальных  вопросов  образовательной 
практики,  поскольку  ее  результаты  углубляют,  расширяют  и  конкретизируют  современные 
представления  об  творческих  и  профессиональных  возможностях  познавательной 
деятельности личности. 
Ключевые  слова:  личность,  специалист,  знание,  умение,  навыки,  компетентность, 
творчество, рефлексия, профессионально-творческий.  
 
Mukhanbetchina A.G., Nursultan S.A. 
Formation of professional competence of the future and creative professional 
This article discusses some aspects  formation of professional and creative competence of the 
future professionals. The article  analyzes the associated concept of "competence", "professional and 
creative  competence",  the  author  proposed  a  definition  of  "competence",  "creativity",  "creative 
professional  competence".    Practical  implementation    the  formation    this  competence  is  one  of  the 
pressing issues of educational practice, as it results deepen, extend and elaborate modern concepts of 
creative and professional capabilities of the cognitive activity of the individual. 
Keywords:  personality,  specialist,  knowledge,  skills,  competence,  creativity,  reflection, 
professional and creative. 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
122 
 
 
 
 
 
 
ӘОЖ: 371.38 
 
Мукеева Н.Е.  – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, 
 Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
E-mail: 
nurgamal61@mail.ru
 
Жартыбаева А.А. – аға оқытушы, Қ.Жұбанов атындағы  
Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
(Ақтөбе қ., Қазақстан) E-mail:  alt_zhart@rambler.ru 
 
КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ 
МУЗЫКА МҰҒАЛІМІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАСЫН 
ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Аннотация. Жоғары оқу орнындағы кредиттік оқыту технологиясы бойынша болашақ 
музыка мұғалімінің студент-портфолиосын рәсімдеу мақсатында құзіретті,  сыни тұрғысынан 
ойлайтын,  инновациялық-педагогикалық  технологияларды  пайдалана  отырып  ақпаратты 
ұйымдастыру және бағалауға бағытталады.  
Кілт  сөздер:  жоғары  оқу  орны,  оқу  үрдісі,  инновациялық-педагогикалық  технология, 
сыни тұрғысынан ойлау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. 
 
Бәсекеге  қабілетті  дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз  сауаттылығы  жоғары 
елге айналуымыз керек. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және 
ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. 
Сондай-ақ  бабаларымыздың,  жалпы,  барлық  жеткіншек  ұрпақтың 
функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Болашақ маман қазіргі 
заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды. Қоғамның  жаңа әлеуметтік-
даму жағдайы, әлемдік мәдени-білім беру кеңестігіне шығуы, дамыған елдердегі 
педагогикалық  ғылыммен  білім  беру  жүйесінің    кәзіргі  заманғы  даму 
тенденциялары,  әлемдік  педагогикада  жинақталған,  талданған  тәжірибе 
музыкалық  білім  беру  саласындағы  педагог-психолог  пен  музыканттарды 
дайындау сапасының басқаша түрінің қажеттілігін көрсетіп отыр [1, 8 б.].  
Дүние  жүзіндегі  көптеген  мұғалімдердің  іс-тәжірибесінен  тұрақты  орын 
алған  оқыту  жұмысын  ұйымдастырумен  жоспарлаудың  негізгі  қағидаттарын 
қолдану  орынды  да  нәтижелі  екендігін  дәлелдейтін  фактілер  бүгінгі  таңда 
ғылыми-педагогикалық әдебиетте жеткілікті деңгейде кездеседі.  
Орта  білім  беру  жүйесінде  әлемдік  жоғары  деңгейге  қол  жеткізген 
анағұрлым  танымал  білім  беру  әдістемелелері  арасында  сындарлы 
(конструктивті)  теориялық  оқытуға  негізделген  тәсіл  кең  тараған.  Бұл  теория 
оқушылардың  ойлауын  дамыту  олардың  бұрыңғы  алған  білімдерімен  жаңа 
немесе  сыныптағы  түрлі  дерек  көздерінен,  мұғалімнен,  оқулықтан  және 
достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген 
тұжырымға негізделеді [2, 10 б.].   
Дайын  білім  беруге  негізделген  «дәстүрлі»  әдіс  арқылы  алынған  білім 
оқушылардың  жинақтаған  өзге  білімдерімен  тиімді  сіңісе  алмайды,  сол  себепті  де 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
123 
механикалық  есте  сақтау,  үстірт  білім  алу  жағдайлары  орын  алады.  Сындарлы 
оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіне қабілетін дамыту, алған білімдерін 
сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету .   
Педагогика ғылымы және білім беру жүйесін реформалауда жалпы білім беретін 
мектеп  тарапынан  музыка  мұғалімі  білімінің  сапалы  деңгейіне  деген  сұраныс  өсуде. 
Осындай деңгейдегі маман иесі жаңадан туындап жатқан ақпараттармен хабардар болуы 
керек.  Жоғары  оқу  орнындағы  студенттердің  тәжірибелік  практикасы  –  болашақ 
музыка-мұғалімі  маманының  үлгерім  сапасын  жоғары  деңгейде  дайындауда  маңызды 
құрал  болып  есептеледі.  Оқу  тәжірибесі  студенттен  есеп  құжаттарын  сауатты 
толтыруды, бір жағынан өз халқының музыка мәдениетіне сүйіспеншілігін арттыратын, 
екінші жағынан өзге халықтардың музыка мәдениетіне қызығушылық тудыратын және 
осы  негізде  мәдени  толеранттықты  қалыптастыратын  әдістемелік  тәсілдерді 
шығармашылықпен қолдануды талап етеді және соған міндеттейді. 
Болашақ  музыка  маманы  қазіргі  өзгермелі  әлеуметтік  жағдайға  тез 
бейімделіп,  шығармашылықпен  ойлай  білетін,  педагогикалық  процесті  жүйелі 
түрде  алдын-ала  болжай  алатын,  оқушылармен  ынтымақтаса  отырып,  кәсіби 
педагогикалық-психологиялық  қызметті  дара  шығармашылық  тұрғыда  жасауға 
бағытталуы  тиіс.  Осындай  мақсаттарды  жүзеге  асыруда  педагогикалық 
практиканың маңызы зор. Тәжірибелік практика студенттердің болашақ музыка 
маманы  ретінде  қалыптасуын  қамтамасыз  етеді.  Олардың  даярлығы  мен 
мамандыққа  сәйкестілігін  нақты  бағалауға  мүмкіндік  туғызады.  Практиканың 
негізінде  кәсіби  қызметке  кезеңдік  жүйе  бойынша  ену  қағидасы  жатыр. 
Сондықтан,  студенттердің  тәжірибе  барысында  тұлғалық  және  кәсіби  қырлары 
қалыптаса бастайды. Тұлғалық қырына ғылыми көзқарасы, жалпы мәдениетінің 
жоғарғы  деңгейі,  ықпал  етушілік  ақпараттық  сауаттылығы  және  т.б.  жатады. 
Кәсіби  қырына  педагогикалық  қабілеті,  арнайы  өзіндік  бағытын  жете  білуі 
(тұлғалық, 
сараптаушылық, 
қарым-қатынастық, 
құрастырушылық, 
шығармашылық,  ұйымдастырушылық,  болжаушылық,  сонымен  қатар  кәсіби-
құзырлығын қамтамасыз етуі, ғылыми-зерттеушілік) және тағы басқада іс-әрекет 
жұмыстарының түрлерін жатқызуға болады [3, 110 б.].  
Тәжірибелік  практика студенттердің музыкалық-орындаушылық шеберлік 
дағдыларын    ұйымдастырып басқаруда, білім  сапасын көтеруде,  сонымен  қатар 
мектепте  жүргізілетін  оқу-тәрбие  жұмыстарын  кәсіби  дайындауда  негізгі  роль 
атқарады.  Студенттердің  осындай  сапалы  қырларын  қалыптастыруда 
педагогикалық практиканың маңызы зор. 
Кредиттік  оқыту  технологиясы  бойынша  5В010600  –  «Музыкалық  білім» 
мамандығының  студенттеріне    «Оқу  және  педагогикалық  практикалардың  оқу-
әдістемелік құжаттарды ұйымдастыру» таңдау компоненті  бойынша  3 курсқа (5 
семестр)  3  кредит  көлемінде  ұсынылады.  Осы  аталған  элективті  пән  оқу 
үрдісінде  студент-практикантқа  қажетті  оқу-әдістемелік  материалдар    мен 
құжаттары  сарапталып  дайындалған.  Соның  ішінде,  5  дәріс,  10  практикалық, 
оқытушымен студенттің өз бетінше жұмысы (ОСӨЖ) және студенттің өз бетінше 
жұмысы  (СӨЖ)  қарастырылған.  Пәнді  толық  меңгеру  үшін  студенттерге 
глоссарий, мән жазба, бағалау критерийлері, коллоквиум сұрақтары беріледі [4].  
Мектепте  оқу-тәрбие  жұмысының  жаңа  әдістері  мен  түрлерін  іздеу 
көбінесе  практиканың  әр-түрлі  түрлерінің  ұйымдастырылуының  теориясы  мен 
практикасына тәуелді.  Музыкалық білім мамандығының 3-4 курс студенттерінің 
педагогикалық  практика  өту  кезінде  сауатты  және  талапқа  сай  студент  – 
портфолиосы төмендегі құрылымы бойынша дайындалады [5]:  
І. Практикаға дайындық жөніндегі мәліметтер бөлімі  

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
124 
-
 
титульдық  беті  (студенттің  фотосуреті,  аты-жөні,  туған  жылы,  мекен-
жайы,    телефоны,  ЖОО,  факультеті,  кафедрасы,  тобы,  әдіскері,  портфолионың 
жасақталған уақыты 
-
 
студенттің практикаға дайындығының диагностикасы (бағасы және өзін-
өзі бағалауы) 
-
 
студенттің жеке жоспары 
ІІ. Ақпараттық  бөлім (практика базасы жөніндегі мәліметтер) 
-
 
мектеп туралы  
-
 
сынып туралы мәліметтер 
-
 
сабақтар кестесі 
-
 
сынып жетекшісінің, пән мұғалімінің жұмыс жоспарлары 
ІІІ. Әдістемелік бөлім  
-
 
Есеп  құжаттарын  жүргізу  және  рәсімдеуге  қатысты  әдістемелік 
нұсқаулар  (ПОӘК) 
-
 
Пәннің, тәрбие шараларының күнтізбелік жоспарлары 
-
 
Жоспар-конспектілер (дидактикалық және көрнекілік материалдарымен бірге): 
а.
 
сабақтардың 
б.
 
іс-шаралардың (пән бойынша, сыныптан тыс шаралардың) жоспар конспектілері 
ІҮ. Психологиялық-педагогикалық бөлім 
-
 
оқушыға мінездеме  
-
 
класс ұжымына мінездеме 
-
 
психологиялық  зерттеу  мен  түзету  (коррекциялау)  жұмысының 
бағдарламасы (мамандықтың ерекшелігіне қарай, қажет деп табылса) 
Ү. Рефлексиялық-бағалау бөлімі 
-
 
сабақтар талдауы: 
-
 
студент қатысқан сабақтарға 
-
 
студенттің өзі өткізген сабақтарға өзіндік талдау 
-
 
студент өткізген сабақтарға (курстастардың, әдіскерлердің т.б.) талдаулары 
-
 
студент-практикант күнделігі 
-
 
практика бойынша есеп 
-
 
студенттің практика барысындағы іс-әрекетінің мониторингі 
-
 
Курстастарының оқытушылардың пікірлері 
-
 
Портфолионың бағалануы (трансферттік парақ, эссе т.б) 
ҮІ. Бағалау қорытындылау бөлімі 
-
 
Студентке берілген мінездеме 
-
 
Мектеп педагогикалық кеңесінің хаттамасынан көшірме 
-
 
Практиканың қорытынды бағасы қойылған ведомостан. 
-
 
Алғыс хаттар  
-
 
Практиканы өткені туралы анықтама 
Сонымен  қатар,  студент    практика  өту  барысында  келесі  бағалау 
өлшемдерімен бағаланады (1 кесте):  
1 кесте 
Мектептегі пән мұғалімінің студент-практикантты педагогикалық практикасын 
өту барысында бағалау картасы  
   
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
125 
№ 
Бағалау компоненті 
балл 
курс 
Студент-практиканттың 
 аты-жөні, тегі 

Тәртіп сақтауы 
 
 
 
 
 
 

Ұжымда 
қарым-қатынас 
құрай білуі  
 

Тақырыптық 
және 
күнделікті 
сабақ 
жоспарларын жоспарлауы 
 

Педагогикалық 
процесті 
талдай білуі  
 
 
Барлығы 20 балл 
  
Мектептегі музыка пәнінің  мұғалімінің қолы 
Пән  әдіскерінің  студент-практикантты  педагогикалық  практикасын  өту 
барысында бағалау картасы (2 кесте). 
   
 
 
 
 
 
2 кесте  
№ 
Бағалау компоненті 
балл 
курс 
Студент-практиканттың 
аты-жөні, тегі 

Студент-практикант 
күнделігінің  сапалы  және 
уақытында толтырылуы 
 
 
 
 
 
 

Вокалды-хор жұмысы 
 

Музыкалық  аспапты  меңгеру 
деңгейі   
 

Музыкалық 
шығармаларды 
тыңдату әдістемесі 
 

Жоспардың  сауатты  құрылуы 
–  мақсаты  мен  міндеттері 
және  құрылымы  анықталған 
музыка 
сабағының 
конспектісі.  
 

Ұйымдастырушылық қабілеті. 
Коммуникативті 
және 
орындаушылық дағдылары 
 

Оқыту 
 
іс-әрекетінде 
интерактивті  әдістердің,  жаңа 
инновациялық 
технологиялардың 
қолданылуы 
 
 
Барлығы 50 балл 
  
 
 
Кафедра меңгерушісінің қолы                                                                      
Практика әдіскерлерінің қолы   
 
 
 
 
 
 
Педагог-психологтың  студент-практикантын  педагогикалық  практикасы 
барысында бағалау картасы (3 кесте).   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3 кесте  
 
Бағалау компоненті 
балл 
курс 
Студент-практиканттың аты-
жөні, тегі 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
126 

Нормативтік құжаттарды 
оқып, танысу (жалпы білім 
беру стандарты, оқу 
жоспары, оқу 
бағдарламасы) 
 
 
 
 
 
 

Пән бойынша әдістемелік 
кабинетті зерттеуі 
 
 
 
 
 
 

Тәрбие сағатының 
жоспарын құрастыру 
жоспарды тапсыру 
 
 
 
 
 
 

Зерттеу жұмыстары 
(әдістемелік нұсқау 
бойынша ) 
 
 
 
 
 
 
 
Барлығы 20 балл 
 
 
 
 
 
 
ЖОО комиссия мүшелерінің  студент-практикантын педагогикалық практика бойынша  
бағалау картасы  

Портфолионың рәсімделуі, 
көркемделуі 
 
 
 
 
 
 
 
Барлығы 10 балл 
 
 
 
 
 
 
Практика бөлімінің меңгерушісі 
Педагог-психолог 
 
 
 
 
 
Практика бөлімінің әдіскерлері   
 
 
 
 
 
Оған қоса, оқу тәжірибесінен өткен кезде, ол білім беру мен білім алудағы 
жаңа  тәсілдерді  игеруге,  сыни  тұрғыдан  ойлауға,  оқуды  бағалауға,  оқытуда 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалануға,  талантты  да 
қабілетті  оқушыларды  тауып,  оларды  білім  беру  барысында  дамыту  өте 
маңызды.  Сонымен  қатар  ол  әр  түрлі  музыкалық    аспаптарда  ойнай  алу 
қабілетін,  орындау  шеберлігін,  музыка  материалын  дәл  таңдай  білуін  көрсете 
білу. 
Сондықтан, 
болашақ 
музыкант-мұғалім 
аталған 
педагогикалық 
технологияларды толық меңгеруі тиіс.  
Педагог-музыканттан:  «Музыка  пәнінен  сабақ  бере  жүріп,  зерттеу 
жұмысыман  айналысасыз  ба?»  деп  сұраса,  онда  көпшілігі  жоққа  шығарар  еді. 
Әрине, мұғалімнің басты мақсаты сабақ беру боп табылады. Дегенмен, өз еңбегі 
және  оқушының  жұмысының  нәтижелілігін  сараптамайтын  шығармашыл 
мұғалімді  елестету  де  қиын.  Мұғалім  өзінің  кәсіби  дайындығының  осал 
тұстарын, жеке қасиеттерін жақсы біледі. Осындай жауаптарды мұқият сараптай 
отырып,  олардың  өте  бағалы  және  пайдалы  ғана  емес,  сонымен  қоса,  педагог-
музыканттың    осындай  іс-әрекеті  зерттеу  әрекетімен  бірдей  екендігіне  көз 
жеткізуге  болады  [6,  7-9  бб.].  Ол  талдау  жасаумен,  рефлексиямен,  ұстанымдар 
мен  әдіс-тәсілдерді  (үнемі  бақылау,  оқушының  қабілетіне  қарай  жеке  даму 
бағдарламасын  құру,  т.б.)  қолданумен  байланысты.  Бұларды  енді  оқыту  және 
тәрбиелеу  әдістері  деп  атауға  болмайды.  Өйткені,  бұл  әдістер  -  музыкалық-
педагогикалық процестің зерттеу әдістері боп табылады. 
Дидактикалық  процестің  нə тижесін  анықтау    барысында  студент-
практикант диагностика (тексеруді ізгілендіру, оқыту нәтижелерін бағалау, тест 
түрлері және баға  қою) жұмыстарын жүргізеді.   
Диагностика жүргізу үшін студент алынған тақырыпқа орай дерек көздерін 
оқып  білу  шарт.  Мектеп  оқушыларына  сауалнама  сұрақтарын  құрастыруымен 
қатар оны өткізеді. Диагностика нәтиже мен процесті бірге зерттейді. Оқушының 
еңбегі болашақ музыка мұғалімнің еңбегімен бірге талданып, мүмкіндігі, қабілеті 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
127 
және икемділігі зерттеледі. Тексеру оқушының «оқығым келеді» деген пікірмен 
санаспайды.  Ал,  диагностика  онымен  санасады,  оқушының  оқуға  ынтасын 
арттыру  тәсілдерін  табады.  Мысалы:  тексеру  арқылы-сыныптың  оқушысы 
барлық тапсырманы дұрыс орындағаны анықталады. Мұғалім оған «Бес» қойды 
және  мадақтады.  Процесте  нәтижеде  жақсы  сияқты.  Тек  қана  диагностика 
оқушының  «өте  жақсы»  баға  алғаны  есте  сақтау  қабілетінің  жақсылығынан 
екендігін, бірақ оның ақыл-ой жұмысына қабілеті нашарлығын анықтайды. 
Тексеруді  ізгілендіру.  Оқушының,  білім,  іскерліктерді  тексеру,  бағалау 
педагогикалық  технологияның  ежелгі  бөлігі  диагностиканың  құрамына  кіреді. 
Мектеп  өміріндегі  демократиялық  өзгерістер,  ізгілендіру,  білім,  іскерліктерді 
бақылау және бағалауды жетілдіруді талап етеді.  
Оқыту  нәтижелерін  бағалау.  Бақылау  –  білім,  іскерлікті  анықтау  өлшеу 
және бағалау. Бақылау арқылы процеске, оның нәтижесіне баға береді. Баға әділ 
қойылу үшін диагностика тексеріледі. Мазмұны ғылыми әдістемелерге жасалып, 
мұғалімдер мен оқушылардың арасында дұрыс қарым-қатынас болу керек. 
Тест түрлері:  
-
 
ақыл-ой қабілетін, дамуын тестілеу; 
-
 
арнайы қабілетті тестілеу; 
-
 
үлгерімді, тәрбиелікті анықтау бағыттарын тестілеу; 
-
 
жеке сапаларды, есті, ойлауды, мінезді анықтауға арналған тестілер.  
Тест құрастыруға қойылатын талап: 
-
 
білім стандартына сәйкестігі; 
-
 
қате жауаптарды енгізу
-
 
дұрыс емес жауаптарды шындыққа жақын болу керек; 
-
 
дұрыс жауаптарды қате жауаптармен бірге беру; 
-
 
бір сұрақ жауабының басқа сұрақтарға жауап беруге көмектеспеуі.  
Баға қою.  
Сонымен 
қатар, 
практикант 
оқушылар 
арасында 
диагностика 
ұйымдастыру және өткізу үшін келесі жұмыстар жүргізіледі.  
 
Студент-практиканттың  мектеп оқушыларына  музыка сабағында   
диагностика жүргізу үлгісі.  
 
№ 
Оқушының 
аты-жөні 
Оқушының 
музыкалық 
қабілет 
деңгейі 
(жоғары, 
орташа, 
төмен) 
Оқушы сыныптан тыс 
үйірмелерге қатысуы 
(ия, жоқ) 
Оқушының 
өнерге деген 
көзқарасы 
(оқушының өз 
пікірі; эссе) 
Қосымша 
мәлімет 
1... 
 
 
 
 
 
Қорытынды: 
 
 
 
 
Класс  оқушысының  жас  ерекшелігіне  қарай  музыкалық  қабілет  деңгейін 
анықтау  (есте  сақтау,  ырғақты  сезіну,  темпін  ажырату  және  т.б.)  барысында 
дауысқа  арналған  вокалды-хор  жаттығуларын  жүргізеді.    Мектептегі  сыныптан 
тыс  жұмыстарына  (ән,  хор,  би,  театр,  сатира  үйірмелері  вокалдық  топ  және 
аспаптық  ансамбль  т.б.)  белсене  қатысуымен  қатар  басқа  да  қосымша 
жұмыстарды атқарады [7, 70-80 бб.]. Аталған жұмыстар арқылы болашақ музыка 
мұғалімі  әншілік  және  хормен  жұмыс  жасау  мәдениетін    қалыптастырып, 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
128 
қызығушылығын арттырып, әншілік орындау мәнерін, музыкалық есту, бейнелі 
және  ассоциативті  ойлауын,  музыканы  қабылдау,  шығармашылық  қабілетін 
дамытып,  өзінің  білім,  іскерлік,  құзыреттілік,  орындаушылық  қабілеттерін 
қалыптастырады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет