Литература:
1. Мандельштам О.Э. Полное собрание сочинений и писем. В тёх томах. – Том первый.
Стихотворения. – М.: Прогресс-Плеяда, 2009. – 808 с. – Том второй. Проза. – М.: Прогресс-
Плеяда, 2010. – 760 с.
2. Литературный энциклопедический словарь / Под общ. ред. В.М. Кожевникова,
П.А. Николаева. Редкол.: Л.Г. Андреев, Н.И. Балашов, А.Г. Бочаров и др. – М.: Сов.
энциклопедия, 1987. – 752 с.
3. Адамович Г.В. Стихи, поза, переводы. - СПб.: Издательство «Алетейя», 1999. – 560 с.
147
4. Лермонтов М.Ю. Стихотворения. Поэмы. Маскарад. Герой нашего времени. - М.:
Художественная литература, 1972. - 768 с. - (Библиотека всемирной литературы).
5. Иванов Г.В. Собрание сочинений. В 3-х т. Т. 1. Стихотворения. – М.: «Согласие», 1993. –
656 с.
6. Лермонтовская энциклопеция / АН СССР. Ин-т рус. Лит. (Пушкин.Дом); Науч. -ред. Совет
изд-ва «Сов. энцикл» М.: Сов. Энцикл., 1981. – 746 с.
7. Адамович Г.В. Собрание сочинений. Литературные заметки. Кн. 1 («Последние новости»
1928-1931). – СПб.: Алетейя, 2002. – 786 с.
8. Вацуро В.Э. Лермонтов // История всемирной литературы: В 9 т. – М.: Наука, 1989. –Т. 6.– С.
360-369.
9. Ахматова А.А. Собрание сочинений: В 6 т. Т. 1. Стихотворения. 1904-1941. – М.: Эллис Лак,
1998. – 968 с. – Т. 2. В 2 кн. Кн. 2. Стихотворения. 1959-1966. – М.: Эллис Лак, 1999. – 528 с.
ОƏЖ 82.512.122.06
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ РОМАНТИЗМ
Исақ Н.Н.
(Астана қ., «Астана» университеті)
Абайдан кейінгі дəуірдің ең атақты ақыны - Мағжан Жұмабаев ХХ ғасырдың
қазақ поэзиясында алатын орны алабөтен. Əр заманның өзіндік стилі, қыры, ойшылы,
ақын болады десек, ақын – заманының ұлы. Заманның бағыты əдебиетіне əсер етпей
тұрмайтыны белгілі. Жаңа идея, тың ой, тосын образдар əлемі дүниеге келе бастайды.
М.Əуезов 20-шы жылдардағы əдебиеттің даму сипатын саралай келіп, жаңа дəуір
ұсынған бағытты “сыршылдық” деп атады.
Сыршылдық – романтизм бағытының негізгі көркем шарттарының бірі.
Романтизм «ағылшынша -romanticism, немісше -romantic» – кейіпкерлері əдетте
болмыстың ырқымен келіспейтін, жақсы өмір, бақыт, азаттық үшін күресетін күшті
жандар болып келеді. Романтизм – тарихи құбылыс. Оның əсері айтарлықтай болып,
көркем өмірдің барлық саласын, философияны тарих жəне филология ғылымдарын,
табиғаттанудың көптеген салаларын, тіпті медицинаны да өзіне бағындырып алды .
XVIII ғасыр ортасында «романтика» сөзі ағылшын поэзиясында шығармашылықты
таныту мақсатында қолданылады. XX ғасыр басында Б.Күлеев, М.Жұмабаев
поэзияларында романтизм биік деңгейде көрінді.
Мағжан шығармасындағы романтизмнің көркемдік жүйесі көп десек болады.
Ж.Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы туралы» (1927ж) мақаласында
«Мағжан романтизмге салынып, көшпелі дəуірдің рухын айнаға түсіріп отыр деуге
болады» [1. 157 б.] деген пікірінде ақын романтизмнің табиғатын танудың негізі жатыр
деп ойлаймыз. Əдебиеттегі романтизмнің қайнары – қазақ халқының көшпелі салтында.
Табиғат аясында ғұмыр кешкен халықтың көркем мұрасында асқақ рухта,
сыршылдықта, болашаққа жетелеген арман да болатын. Мағжан романтизмі жаңа
дəуірдегі қазақтың мұңы мен шерін, арманын, аңсарын дəл көрсетті. Жүректің сөзі –
ақынның жан сыры. Романтиктер үшін жан-рух-өте маңызды. Жалпы адамның жан
сыры табиғатпен, өнермен байланысты. Ал, шабыт пен ерекше жан сергісін туғызатын
махабатты бастан кешіргенде ашылмақ. Демек, адамның шын болмысы күнделікті
жағдайлардан емес, рухани қажеттіліктер мен жан сырының қалауымен жүрген кезде
ғана танылмақ.
148
Мағжан нағыз романтик ретінде өмір, өлім, өнер, табиғат, махаббат жайындағы
пікірі ерекше.
«Батыр Баян» поэмасын - романтикалық деп алуымызға болады. Мұнда ақын
жалғыздықты жырлайды. Қалмақ қызының сұлулығын, əсемдігін автор өз сөзімен
жеткізгендей болады.
Заман мен ақын, тарих пен ақын, ел намысы, махаббат, туыс сезімі жəне
қызғаныш сияқты құбылыстармен астастыра жеткізуі «Батыр Баян» поэмасын рухани
сеніммен, келешекке көз тіккен үмітпен аяқтауының өзі кез келгеннің қолынан келе
бермейтін жай екендігіне көзімізді жеткізеді.
Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат
Баянсыз қанатымды қалай жаям?!
Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай,
Келмесе қандыбалық батыр Баян –деп, Баянды өзге батырдан жоғары қояды.
Мағжанның поэмасында бар батырлар кездеседі: Хан Абылай, Қанжығалы Бөгенбай,
Ер Жəнібек, Жас Жанатай.
Поэманың алғашқы жəне соңғы бөлімдерінде Мағжанның толғанысы бар.
«Меннен» бастау алған терең лиризм Баянның оқиғасына əдемі үйлесіммен ауысады.
Екі жас аттарынан ұшып түсті,
Түскенде бірін-бірі құшып түсті.
Жүректен атып, ыршып шыққан қанмен
Жалғыз-ақ «Ах» десті де «Жаным!» - десті.
«Батыр Баяндағы» жүрек шері, сезім толғауы,
-Дариға, жазамнан да күнəм басым,
Тəңірден кешірім болмас, дегенмен алты алаш кешер»,-деп аласұрған Батыр
Баяндағы жан арпалыс байқалады.
Романтизм романтизмге келіп, оның жалпы жүрісін өзгертуге əрекет жасап,
шамалары жетпей, кейін одан кетуге мəжбүр болған романтиктердің өздерінің жеке
бас тарихтарымен де сəйкес келе бермейді.
Романтиктер тарих сахнасын əр түрлі кездерде кетті. Бір елде оның ықпалы 20-
шы жылдардың өзінде тоқталса, енді бірінде жетістікке жеткен уақыт болды. Бірақ та
ғасыр ортасына қарай оны реализм ығыстырып, өткеннің естелігіне айналды.
Творчестволық əдіс екеу - романтизм, реализм. Екеуінің де негізгі сипаттарын
Ф.Энгельс белгілеп бергені – романтизмді «ерекше жағдайда ерекше характер» жолы
ретінде түсіндірсе, реализмді «детальдар шыншылдығымен» қоса, «типтік жағдайда
типтік характер жасау» жолы ретінде түсіндіреді. Романтизмді реализмнен бөліп
əкетіп, араларына ылғи шек қоя берудің қажеті жоқ. Белинскийше айтсақ, «бір-біріне
кереқар келгенмен, түбінде бір мақсатқа апаратын бағыттас əдістер».
Бұл сөзімізге дəлел ретінде «Гүлсімге» өлеңін саралайық:
Ботакөз, сиқырлы сөз, Гүлсім ханым,
Əр жерде өткізсек те өмір таңын-деп өз жырларын арнайды.
Бұл өлеңнен романтизм мен реализм қатар келгенін байқаймыз. Ақын көптеген
кəрі жас ақындар жырлаған мамажай, сылбыр көктемге ұқсамайтын, өзгеше жан.
Романтизмнің түп тамыры жайлы айтсақ, толық анықтама берген германдық
жазушы Шеллинг болды. Шеллинг «Тамаша бір уақыт еді... адам рухы барынша
ашылып,өзін өмірдегі бар еркіндікке жəне оның не нəрсе екендігін емес, не істеуге
болатындығын сұрауға толық құқылы еді» - деп жазды.
Бұл бағытты біреулер дұрыс түсінсе, кейбіреулері бұрыс түсініп, əртүрлі кереғар
ұғымдар пайда бола бастады. Əр заманның өзіндік стилі болады десек, сол стильді
жасайтын, дамытатын да, жаңғыртатында – адам.
ХХ ғасыр басындағы орыстың бірінші буржуазиялық төңкерісінің қазақ
зиялыларына əсері, олардың қауымдасып, ұлт азаттығы жолында саяси, мəдени
149
шараларға көшуі албырт, əсершіл жас ақын лирикасының мазмұнын белгіледі.
Табиғаты өзімшіл, сыршыл Мағжан сол іс –шаралар мен идеялардың нəтиежелі
боларына сенді, екінші жағынан сол тұстағы қазақ елінің бодандықтағы ауыр халіне
наразылық білдіреді. Лирика –көркем əдебиеттің негізгі саласының , жанрының бірі,
басты ерекшелігі –адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді
.Лирикада ой мен сезім бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды күш-қуат дарытатын
терең оймен суарылған, нəрленген жалынды сезім. [Ахметов З.Əдебиеттану терм-ң
сөздігі,Алматы,1996 , 133-б]
Мағжанның «Сүйгеніме» өлеңінен лиризмді байқаймыз.
Сөзім, көзім айтып тұр сүйгенімді,
Қуарған, сарғайған, жүз күйгенімді.
Талған жүрек, жүдеген, солған дене-
Сүюдің қолына ен тигенімді.
Е.Тілешовтың «Суреткер жəне көркемдік əдіс» монографиясында ақынның
поэзиясы жайлы, романтизм, реализм, сентиментализм, символизм көркемдік əдістерін
кеңінен қарастырған. Негізгі нысан ретінде романтизм болғандықтан, автор ақынның
романтизмін қарастыра отырып, ондағы айырмашылық жайлы, заман, уақыт, туу,
қалыптасу себептерін айқындайды. Оның еңбегі ақынды арнайы зерттеумен бағалы
десек болады.
Асылында, Мағжан Жұмабаев ағартушылық, сыншыл реализмдердің үлгісін
қабылдағаны сияқты, Абайдың соңғы өлеңдерінде философиялық сарын көп болған.
Бұрынғыдай өсиет айтып, сын жазып, өзімен сырласуын қойғандай. Мұндай үлгілер
Мағжанда да кездеседі.
Ақын: «Жатыр» өлеңінде:
Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,
Кілтін өнер - білім алып жатыр,- демекші, қазақ арасында мұндай ұмтылыстың əлі
де жоқ екеніне өзегі өртенеді. Қолында дəулеті бар деген бай-болыстар да, азын-аулақ
оқыған төрелер де өз басының қамын ойлаумен жүр, қыз балалар малға сатылуда деп,
ашына жазады.
Қарап отырсақ, романтикалық образ қазақ əдебиетінде, сонау Жел аяқ пен
Көрегеннен, Сəбит Мұқановтың «Сұлушашы», Жұмағали Саинның «Күлəндасы»,
Əбділда Тəжібаевтың «Абылынан», жəне т.б көруге болады.
Айталық, махаббат. Бұл- өмірде тұрақты шындық, өнерде мəңгілік тақырып.
Хакім Абай:
Махаббатсыз - дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар - деген.
Қазіргінің махаббатын бұрынғының Лəйлі-Мəжнүнің, Қыз Жібегі мен
Төлегеннің, Қалқаман мен Мамырдың арасындағы сезімдерше суреттесек, өз
дəуірімізге сай келер еді.
Қыз Жібектің ақтығы,
Наурыздың ақша қарындай.
Ақ бетінің қызылы,
Ақ тауықтың қанындай.
Міне, ғажап! Осыған ұқсас ақын махаббатты тұтатқан «Əйел» өлеңінде:
Сезгіш, сүйгіш жан беріп,
Махаббат, рахмет теңізден.
Жаратты тəңірі əйелді,
Бастасын деп бар ерді,
Туралық, шындық жолына,- деп лирикаға ауады.
150
«Адамның шынайы махаббаты ...тек қана бір-бірінің адамшылық қасиеттерін
өзара қастерлеуге негізделуі тиіс»- дейді В.Г.Белинский. [3; 281-бет, Асыл мұра]
Осы бойда ақынның мына бір шумақ өлеңі еріксіз бойыңды баурап алады.
Сөзің – сиқыр, есті тұман басқандай,
Ессіз жүрек дария болып тасқандай.
Күлкің, күнім, күндей күміс табаққа
Мінсіз сұлу меруертті шашқандай.
Ақын терең суреттер арқылы жеткізіп, терең сезімді оята алады. Ақынның əрбір
айтқан сөзіне, теңеулеріне еріксіз ере бергің келеді.
Əйел сүйем, бірақ емес сендерше,
Мен сүйемін, жан-дүниесін бергенше.
Жан-денесін бірдей алам, улаймын,
Қысып сүйем, құшағымда өлгенше- дейді ақын «Сырым» атты өлеңінде.
Ақынның бұл өлеңінде бірге жарасты жастық, махаббат лебіздері де назбен еседі.
Өткенді айтып, домбыраны қанша діңгірлетсе де – одан шын поэзия шықпайды.
Ал,Мағжан міңгірлемейді, асқақ тебіренеді.
«Меніңше- бұл өмірде махаббат асқан қазына жоқ» -дейді І.Есенберлин [285-бет]
Махаббаттың мың түрлі құпиясы бар,
Жүрек оны жан шыққанша жасырар.
Ақын тағдыры жайында Бердібаев: «Кеңес өкіметінің орнауы, оның əміршіл-
əкімшіл саясаты Мағжанның бірқатар шығармаларының романтикалық пафосын
дүниеге əкелді. Большевиктік тəртіптерге көңілі толмаған ақын өз заманының
шындығына, өткен дəуірдегі қазақтың еркін дəуренін суреттейді. М.Жұмабаевтың
мұндай шығармаларында бірінші қатарға қоғамның объективті заңдылығы емес,
осылай болса деген сенімі мен идеалы шыққан. Бұл романтизм еді. [Бердібаев Р. Ақын
тағдыры. Жинақта: Бес арыс Алматы, 1992, 332 б]
Романтиктер өздерінің кереметтер мен қиял-ғажайыптарға құштар екендігін
жасырмайды. Философ Новалис: «Əдеттегі өмір мен тағдырдың өзі романтикаға толы.
Үлкен болсын, кіші болсын, біз үлкен бір романның ішінде өмір сүріп жатырмыз» - деп
жазады.
Мұндағы, роман дегеніміз – сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кейіпкер
бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта, басқа прозалық жанрларға
қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма.
[Ысмақова А. Əдебиеттану терминд-ң сөздігі, Алматы. 1996, 175б]
Қоғам шындығымен келісе алмаған Мағжан ақын өткеннен ем іздемей, болашаққа
үлкен үмітпен қарайды. Өмірдің баянсыздығын, əділеттің жойылып бара жатқанын
айтады. Ақын өлеңдері, поэмалары барша жұртқа əсер етті десек болады.
Əдебиет:
1. Ə.Қ Қазақ əдебиетінің тарихы. Алматы, 1994,157б.
2. Ахметов З. Əдебиеттану терминдерінің сөздігі, Алматы,1996 , 133-б.
3. А.А.Теміралиева. Асыл мұра. Алматы; 2013, 281-285б.
4. Бердібаев Р. Ақын тағдыры. Жинақта: Бес арыс Алматы, 1992, 332 б.
5. Ысмақова А. Əдебиеттану терминдерінің сөздігі, Алматы. 1996, 175б.
151
УДК 512.14
ПОЭЗИЯ ТІЛІНДЕГІ «АТАМЕКЕН» КОНЦЕПТІСІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУ
ЕРЕКШЕЛІГІ
Искакова А.С., Таласпаева Ж.С.
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)
Көшпенді түркі халықтары үшін кеңістік ұғымы əрі горизонталды əрі вертикалды
формада қабылданатыны оның түрлі мифтерде, ауыз əдебиеті үлгілерінде, поэзия мен
прозада сақталған тілдік бейнелерінен көрінеді. «Кеңістік – қазақтар үшін шексіз
космос. Осы космоста олардың «өз микрокосмосы бар, ол – «атамекен» деп аталатын
олардың бүкіл болмысын өзге ықпал етуші, үйлесімділігін бұзушы күштерден
сақтайтын, ата-бабасынан мұраға алып келе жатқан өздері үшін ерекше «жұмақ, жайлы
жер» [1, 22 б.]. «Атамекен» ұғымы осы тіркестердің құрамындағы «ата» жəне «мекен»
сөздерінің ассоциативті мағыналары арқылы да объективтенеді. Ата - «ата-баба»
мағынасында əрі «ежелгі» мағынасында алынады, мекен – «тұрақ, өмір сүретін, өсіп-
өнетін территория» деп түсінеміз. Сонда атамекен «ата-бабаларынан мекен етіп, өркен
жайып келе жатқан жер» деген ұғымды береді. Атамекен атауы кейде лекика-
семантикалық мағынасынан атажұрт, атақоныс, туған жер, Отан сөздерімен де
ауыстырылып қолданылады. І.Кеңесбаевтің «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде»
«туған жер» сөзіне мынадай анықтама беріледі: «Туған ел – торғын беісік. Туған жер.
Отан, өз елі, кіндік кесіп туып-өскен жері [2, 519 б.]. Осындағы «Отан» деп
отырғанымыз – қазіргі ұғым атауы. Адамдар қай кезеңде де, əсіресе, түркі халықтары
қоғамдасып өмір сүруге ерте кейінгі орта ғасырларда, айталық, ХІІІ-ХVІІ ғасырларда
белгілі бір этникалық, территориялық тұтастықтарға бөлініп өмір сүрген, оның ірі-
ірілерін ғылымда хандық деп атап жүрміз. Ал ертеректегі ата-бабаларымыз бұл ұғымды
Отан, мемлекет, хандық деп атамай, ел, жұрт, байтақ, ел-жұрт, ел күн деген сөздермен
білдірген» [3, 44 б.]. Бірақ көшпенді қазақ халқы үшін тіл дамуының бертінгі
кезеңдерінде қалыптасқан «туған жер», «Отан» атауларына қарағанда «Атамекен»
ұғымының мағынасы əлдеқайда кең, əлдеқайда терең. Атамекен ата-бабадан ұрпаққа
мирас болып қалған ежелгі құтты қоныс, мекен [4, 53 б.]. Сондықтан «Атамекен» -
адамзат тарихымен адам баласының ой-санасында жоғары тұратын қасиеті де, қастерлі
ұғым. «Атамекен» кез келген ұлт үшін аса маңызды рөл атқаратыны белгілі. Оның
ішінде қазақ халқы «кіндік қаным тамған жер» деп қастерлейді.
Қазақ танымындағы «Атамекен» концептісінің логикалық моделі «Отан» Туған
жер» «Ата қоныс» сияқты күрделі логикалық ассоциациялардан тұрады. Оны
тіліміздегі «Ата қоныс — алтын мекен», «Отансыз адам — армансыз бұлбұл» т.б
паремиологиялық бірліктер құрамынан көруге болады.
Біз «туған жер», «ел» концептісінің қазақ танымында қандай ұғым беретінін
қарастыра отырып, халықтың басынан кешкен өмірін, ұлттық ерекшелігін,
дүниетанымын тани аламыз, адамзатты табиғатты, Отанын сүюге тəрбиелейміз. «Туған
жер» концептісін зерделеу арқылы адамның ой мен түсінігін тұжырымдап тілдің
этнолингвистикалық сипатын айқындай аламыз. «Туған жер» концепісі қазақ халқы
үшін ерекше құнды дүние болып табылады. Біз үшін «туған жер» немесе «ел»
концептісі «атамекен», «ата-қоныс», «ата-жұрт», «кіндік қаны тамған жер» секілді
модельдердің қатысымен анықталады. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын
мəдени мұра. Қазақ ақын-жазушыларының ішінде туған жер тақырыбына қалам
тартпаған қаламгер болмаған шығар. Сондай ақындардың бірі – Сəкен Сейфуллин.
152
Туған жер, ел тақырыбында ақын қаламынан туындаған өлеңдері бірнешеу. Мəселен,
«Туған жерім – өз елім». Бұл өлеңін Сəкен ағамыз шет жерде жүргенде жазған болатын.
Өлеңде ақынның туған жерге деген сүйіспеншілігі тамаша бейнеленген.
Қайғы ойлаттың естен кетпей туған жер,
Қаны қашты, əм сарғайды ет пен тер.
Сені ойласам ішім күйер қапа боп,
Жүрегімде түйіншектей қайғы шер.
Ұйықтасам да еш шықпайсың түсімнен,
Тұрсам-дағы сен кетпейсің есімнен.
Жүрекке ыстық, көзге сүйік өз елім,
Бəсеке қып, жұмыртқа алған ну көлім, - дей келе шет елде жүргенмен, туған жерін
сағынатынын, күндіз ойынан, түнде түсінен кетпейтіндігін айтады.
Ал «Нұра» өлеңі арқылы отарлау саясатымен өз туған жеріне бөгде, бөтен
адамдардың келіп, билік етіп отырғанына ақынның жүрегі ауыратынын байқаймыз.
Сағынып Нұра, мен келдім,
Бұрынғы иең – байғұсың
Айрылған сенен көп елдің
Жатырсың көріп қайғысын.
Бұрынғыдан қайғылы
Құстарың да сайрайды:
Қолдан келер еш не жоқ,
Жүрек от боп қайнайды, - деген өлеңінде ақын туған жеріне кімнің келгенін ашық
айтады жəне олардың ол елді өз еліндей иемденгеніне күйінеді,
қынжылады. Оны біз «Туған жерім» өлеңі арқылы байқаймыз:
Өзен өрлеп, суға қармақ салғаным.
Құрбылармен таласып балық алғаным.
Сөйткен жерге хохол келіп орнады
Арманда боп, жылай-жылай қалғаным.
Ел аман, жұрт тынышта отырып, қазақтың елін, жерін басқаға билетіп қоюына
ақын ызаланады, намыстанады, оны мазақ болу деп түсінеді.
Мекен болдың бір уақыт
Көшіп жүрген қазаққа.
Айрылып сенен бейбақыт
Сорлы қалды мазаққа, - деп толғанады. Өлең туған жерге бағышталғандықтан,
жер мұңы –халық мұңы, ел мұңы екенін түсінеді.
Қорытындылай келгенде, С.Сейфуллин шығармаларының біразында «туған жер»,
«атамекен» концептісі ұшырасады. Бұл концепті ақынның ішкі жан дүниесімен астасып
жатыр. Мұнда нəзік психологизм, Отанға, туған жерге деген ақынның көзқарасы,
сүйіспеншілігі, патриоттық сезімі ашық аңғарылады[5, 262-264 б.].
Əрбір тілдің сөз байлығы мен көркемдік қуатын сол тілдегі көріктей амалдары
жəне сөздік қордың деңгейімен өлшеу жеткіліксіз, сонымен қатар, тілдің байлығы
ұлттың тілдің тұлғасының танымдық-концептуалды деңгейімен де өлшенеді. Ол үшін
сол ұлттың концептуалды əлемі жəне содан өрістейтін концептуалды кеңістігіне
тұтастай барлау жасалуы керек. Ілияс Жансүгіров көркем дискурсында «Атамекен»
концептісі «дала», «туған жер» мағыналас ұғымдарымен сипатталып, былайша көрініс
тапқан. «Атамекен» ең алдымен, туып-өскен, өсіп-өнген мекен. Себебі:
Тудым, өстім, есейдім,
Ен далам – анам, мен – балаң.
Ен далам – анам, мен – балаң.
Туған, өскен есейген,
Еңбек тулы ел- балаң. («Дала» поэмасынан)
153
Мен өзім тауда туып, тасында өстім,
Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім;
Асқарда Аршалыға қозы жайып,
Бұлттың аспандағы қасында өстім («Құлагер» позмасынан)
Міне, əрбір адам баласы үшін тұрақтап, өсіп-өнген, мекен етіп, бауыр басқан жері
– киелі. Ақын танымында дала мен ана ұғымдары – егіз ұғым. Осындағы тау, тас, бұлт,
т.б. тілдік бірліктер «атамекен» концептісін анықтаушы тілдік құралдар. Атамекен –
«ғасырлар бойы біршілік етіп, өмір сүріп келген ата-бабаларымыздың кең аспан
астындағы құтты мекені, кірін жуып, кіндігін кескен ана-жұрты, өсіп-өнген өлкесі.
Өскен жердің кəусар бұлағы мен салқын самалы, орманды тоғайы мен жазира даласы ,
асқар тауы мен айдынды көлі – бəрі де əркімнің жанымен сезінетін табиғи ортасы».
Екіншіден, «Атамекен»-тыныштық, мəңгілік орны. Дала лексемасының көркем
мəтіндегі берілген мəні - жалпы адамзаттың өмір сүріп, тіршілік етер ортасы. «Дала»
лексемасының ұлттың рухани-мəдени құндылықтар жүйесін маңызды орын алатын
«қасиетті, киелі мекен» деген ұғымы ақын дискурсында одан əріге тереңдеген [6, 75 б.].
Өлеңдерінде «Атамекен» концептісі анық байқалатын ақындардың тағы бірі -
Мағжан Жұмабаев. Ол алғашқы өлеңдерінде-ақ, əлеуметтік тақырыптарға
ден қойған. Отан, туған жер тақырыбына жазылған жыр жолдары бір төбе.
Жерлес ақынымыз аталмыш тақырыпқа бірнеше өлеңдер жазған. «Туған жерім
Сасықкөл», «Түркістан», «Алатау» сынды өлеңдерінде бір қалаға, бір ауылға ғана
емес, тұтас қазақ жеріне, Отанына, атамекеніне деген сүйіспеншілігін жазған.
Оқырманның санасына тез сіңіп, тез жатталатын өлеңдерінің бірі «Туған жер».
Бұл жарыққа аяқ басып тұрған жер,
Кіндік кесіп,кірім сенде жуған жер.
Жастық-алтын,қайтіп келмес күнімде,
Ойын ойнап,шыбын-шіркей қуған жер, - деген өлең жолдарында ақиық ақын
Мағжан Жұмабаев туған өлкесіне деген сағынышын, балалық шағы өткен ауылына
деген перзенттік махаббатын білдіреді. Жастық шақты алтынға бағалап, өткен
уақыттың қайтып келмейтінін жырға қосқан.
Жаратылдым топырағыңнан,сен-түбім,
Жалғаны жоқ,бəрі сенен жан-тəнім.
Сенен басқа жерде маған қараңғы
Жарық болар Шолпан, Айым, сен - Күнім, - деген өлең жолдарында ақын туған
елдің топырағынан жаратылдым, - дей келе сол жердің аспанындағы Ай мен Күнге
деген сезімін жырлаған. Яғни, Мағжан туған жердің тау-тасын, өзен-көлін ғана емес,
тіпті, бар əлемге ортақ шуақ төгіп тұрған Күні мен Айын да ерекше жақсы көрген. Ол
үшін атамекеніне қатысты əр құбылыстың, əр заттың орны өзгеше болғаны осыдан
байқалады.
Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан— ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тəңірі берген несібі ғой, - дей келе Мағжан Түркістанда туған жұрттың
бақытты екендігін айтады. Ол ата қоныс Түркістанды түркі халықтарының тал бесігіне
балап, оның қасиетімен киесін арттыра түседі.
Мағжан өз өлеңдерінде туған жерге деген махаббат тақырыбын айрықша жыр
арқауы еткен. Ақынға азаматтық та, ақындық та, ұлылық та дарыған. Содан да болар,
Мағжан поэзиясы оқырмандарының қойын кітабындай. Ақын өлеңдері өзінің кіндік
қаны тамған, шырылдап жарық дүниеге келген туған жеріне деген перзенттік
сүйіспеншілігіне толы. «Туған жер» тақырыбына жазылған өлең арқылы оқырманын
Отанды сүюге, мейірімді болуға тəрбиелейді. Патриотизммен өрілген,ыстық жүректен
154
шыққан ақын жырлары өскелең ұрпақты ержүрек болуға тəрбиелеп, шығармашылыққа
баулиды.
Туған жер тақырыбы барлық заманда өзекті. Əр заманның ақыны, аталмыш
тақырыпты жырына қосып, атамекеніне деген ыстық ықыласын білдірген. Мысалы,
Кəкімбек Салықовтың «Қызылжар» атты өлеңінде:
Ақ қайың елі жайдары,
Сарыарқа алтын айдары.
Абылай ақ үй орнатқан,
Қазақтың ғажап аймағы, - дей келе Кəкімбек Салықов солтүстік өңір табиғатының
сұлулығын жырға қосқан. Небəрі осы бір шумақтың арқасында ол біздің өңірдің ақ
қайыңдар өлкесі екендігін, мұнда хан Абылайдың отау тіккендігін, өз туған жерінің
қаншалықты тарихи маңызды, құнды екендігін жеткізе алды. Яғни, жылдар мен
ғасырларға созылатын тарихтың белгілі бір бөлігін төрт жолға сыйғызған. Бұл ретте
ақын ағамыздың Отан-анаға деген махаббатын ғана емес, зор мақтанышын да анық
байқаймыз. Атамекенінің тарихи жетістіктерін суреттей келе, ол өз өлкесінен шыққан
ақиық ақындарға, танымал тұлғаларға, ел мақтаныштарына тоқталады.
Мағжандай қайсап жаралған,
Ұлдары арыс сан алуан,
Атадан мирас нəр алған,
Қыраны елдің - Қызылжар,
Жұмағы жердің - Қызылжар. Бұл шумағында ақын Қызылжардың киелілігін
кеңінен ашты. Кəкімбек Салықов Қызылжарды елдің қыранына да, жердің жұмағына да
балайды. Демек, осы өлең жолдарымен ол еш нəрсенің туған өлкеге тең келмейтінін, əр
азамат үшін Отанның алар орны бөлек болатынын жеткізген. Мағжандай арыс ұлдар
дүниеге келген біздің өлке да ата-бабадан қалған мирас, асыл мұра. Сондықтан, оны
қорғап, аялап өту, бұрынғы ақындардың жырларын əрі қарай жалғастыру, бүгінгі
жастардың міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: |