Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет33/42
Дата17.02.2017
өлшемі3,91 Mb.
#4316
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42

Əдебиет
1.  Основы кредитной системы обучения в Казахстане. Алматы  
2.  Правила кредитной системы обучения (проект) Алматы 2003. 
3.  Кредиттік жүйе керек пе? 
 
 
 
 
 
 

 
 
274 
ƏОЖ 811.512.122`373:392.143 
 
АТ ТЕРГЕУДЕГІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАНЫМЫ 
 
Сагалиева Ж.Б. 
(Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ) 
 
 
 
Қазақтың  кең  даласы  –  рухани  болмыс,  тіл  мен  мəдениет  бірлігі,  салт-дəстүр, 
əдет-ғұрып  тұтастығының  негізі.  Бұл  көзқарас  қазақтардың  ат  қою  салтында  ерекше 
көрінеді.  Себебі  бұл  рəсімде  ұлт  болмысының  барлық  этномəдени  ерекшелігі  мен 
əлеуметтік сипаты басшылыққа алынады.  
Мифтік наным-сенім  бойынша  ерте  замандағы  адамдар  тіл  мен  сөздің  магиялық 
күшіне  сенген,  сондықтан  болар  қазақ  халқы  əдетте  қарғыстан,  балаларын  мақтаудан 
қорыққан.  Соның  нəтижесінде  Күшікбай,  Жаманбала,  Салбыр,  Қасым,  Сағал, 
Кенесары  сынды  жалқы  есімдер  дүниеге  келген.  Олар  «көз  тимесін»,  «балам  аман 
болсын»  деген  ырымнан  туған  екен.  Сол  сияқты  дүниеге  келген  балаға  Артықбай, 
Несібелі,  Бекенбай,  Мырзагелді  сияқты  ат  қою  арқылы  оған  белгілі  бір  қасиеттерді 
дарытуды  көздеген  мақсат  қойылған.  Тілеміс,  Тұрлыбек,  Сағындық,  Есенгелді  
лингвокультуремалары  ұл  күту,  бала  тілеу,  балалары  тұрақталмаған  себебінен  туған 
антропонимдер.  Сонымен  антропонимика  (гр.  anthropos  -  адам,  опута  ат)  дегеніміз  — 
адамдардың  өзіне  меншікті  есімдерін,  аты-жөнін,  жалған,  бүркеншік,  жасырын 
аттарын, ру аттарын зерттейтін ономастиканын тармағы [1]. 
«Əр  елдің  заңы  басқа»  дегендей  қазақ  халқының  мəдениетіндегі  сөз  магиясына 
сенушілік  пен  сол  сезімнің  нəтижесінде  пайда  болған  табу  мен  эвфемизмдер  де  сан 
алуан болып келеді. Ал, табу ерте замандардағы адамдардың мифтік танымына сəйкес 
кейбір заттардың аттарын тікелей айтуға қорқып, тыйым салынуынан қалыптасқан. Бұл 
проблеманың  қазақ  жəне  түркі  тіліндегі  табиғаты,  тілдік  көрінісі  Ə.Ахметовтің 
еңбегінде  арнайы  зерттелген  [2,8-10].  Солардың  нəтижесінде  оның  дəстүрлі 
мəдениетпен  сабақтастығы,  оның  генезисі  анықталады.  Антропонимдер  мен  жалқы 
есімдерді  қолданған  кезде  мұндай  сөздік  тыйымдар,  яғни  табу  сөздер  қазақ  əйелінің 
сөздік ғұрпында болған. Қазақ халқының ұлттық əдеті бойынша жас келіндер күйеуінің 
жақын  туыстарының,  ата-енесінің  аттарын  атамай  жанама  ат  қойып  алатын.  Атап 
айтқанда, қайынсіңілілерін  шырайлым, бикеш, бойжеткен, əке қыз, еркем, ержеткен, 
ерке қыз, ал ер адамдарды  төрем, шырақ, мырза жігіт, молда жігіт  т.б. деп атайды.  
Атадан балаға жалғасып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан бұл ізгі дəстүр қазақта 
«ат тергеу» деп аталады. Ат тергеу дегеніміз - қайын жұртын тікелей атымен атамай, 
арнайы  ишаралап  ат  қою  дəстүрі.  Бұл  жас  келіннің  түскен  жеріне,  күйеуінің 
туыстарына  деген  ізгі  құрметінің,  əдебінің  игі  көріністерінің  бірі  болып  саналады. 
Қазақта осы жайды аңғартатын мынадай бір аңыз бар. 
Ауылдағы  ақсақалдар  мен  қайын  ағаларының  атын  атамайтын  келін  бір  күні 
қамыстың арғы шетіндегі өзенге суға барса, бір қойды қасқыр жеп жатыпты. Келіншек 
қойды қасқырдан құтқарып алып, бауыздайды да, ауылына жүгіріп келіп:  
«Ата! Ата! 
Сылдыраманың ары жағында, 
Сарқыраманың бері жағында 
Маңыраманы ұлыма жарып кетіпті. 
Жаныманы білемеге, жанып-жанып тез əкелсін біреу», – деп шырылдайды. 
Қазіргі қазаққа мұны түсінуі үшін мынандай сөздік керек. 
Сылдырама – қамыс. 

 
 
275 
Сарқырама – өзен, 
 
Маңырама – қой, 
Ұлыма – қасқыр. 
Жаныма – пышақ 
Білеме – қайрақ. 
Сөйтсе əлгі жаңа түскен келіннің: 
Қамысбай деген атасы бар екен 
Өзенбай деген қайнағасы бар екен. 
Қойбағар деген қайнысы бар екен. 
Қасқырбай деген тағы бір қайнағасы бар екен. 
Пышақбай деген атасы бопты. 
Қайрақбай деген тағы бір шал бар болса керек [3]. 
Міне,  баяғы  заман  келіншегі  солардың  ешқайсысының  көңілін  қалдырмай, 
əдептен озбай, аруақтан аттамай, салт-дəстүрді сақтай білген. 
Бұл  ерекше  салт  туралы  құнды  деректерді  Ш.Уəлиханов,  Ы.Алтынсарин, 
Г.Н.Потанин,  Н.И.Ильминский,  А.И.Самойлович,  Т.  Жанұзақов  секілді  ғалымдардың 
еңбектерінен көреміз. 
Қазақ  əйелінің  сөздігіндегі  табуға  айналған  жалқы  есімдер  эвфемизмдермен 
алмастырылған.  «Эвфемизм  (грек.  «eu»  –  жақсы,  «phemі»  –  айтамын)  –  мағынасы 
тұрпайы сөздерді басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу. Эвфемизм қоғамдағы 
моральдық,  этикалық  норма  негізінде  қалыптасып,  сыпайыгершілік  пен  əдептілікке 
байланысты  туған.  Эвфемизм  –  тілдегі  ауыспалы  мағынадағы  сөздерді  толықтырып 
отыратын көркемдеуіш, бейнелеуіш құралдардың бірі» [4,123-9]. Мысалы өтірік айту - 
қосып  айту,  ұрланыпты  –  қолды  болыпты,  өлді  –  қайтыс  болды,  дүниеден  озды,  о 
дүниеге аттанды жəне  т.б. 
Профессор  Т.Жанұзақ  былай  деп  жазады:  «Личные  имена  заменялись 
нарицательными по определенной системе. Мужчин старше мужа женщины называли 
қайынаға  (деверь).  При  запрете  личное  имя  определенного  человека  употреблялось  в 
искаженной  форме,  например  вместо  Али  –  Сали,  Турсын  –  Мурсын.  Для  замужней 
женщины  являлись  запретными  и  нарицательные  имена»  [5,45].    Əйелдер  күйеуінің 
атын  атамай  «əлгі»,  «біздің  үйдегі»,  «от  ағасы»  немесе  баласының  атымен 
«Баймырзаның əкесі» деген атаушылық қоғамымызда əлі де кездеседі.  
Ат  тергеу  салтында  түрлі  əдістің  болғаны  байқалады.  Кейде  адамдарды  түр-
келбеті,  дене  пішініне  қарай:  «бауырсақ»,  «айыр  сақал»,  «бай  семіз»,  «мес»,  «төрт 
сақал»,  «саққұлақ»  деп  атау  болған.  Кейде  тыйым  салынған  есімдерді  тергеп  айтуға 
мүмкіндік  болмаса,  есімдердің  басты  əріптерін  өзгертуге  тура  келген.  Жоғарыда 
айтылып  кеткен  Əли  орнына  Сəли,  Тұрсын  орнына  Мұрсын,  Мəмбет  орнына Сəмбет, 
Ахмет – Сахмет, Жақып демей Мақып деп атаған [6,81]. Ат тергеуде əйелдердің мəндес 
сөздерді шебер қолданғаны байқалады. Бұның өзі əйелдердің ой-өрісінің кеңдігін жəне 
тіл байлығының деңгейін көрсетеді. Ат тергеу дəстүрінде олардың ерекше тапқырлығы, 
ойының ұшқырлығы, қара сөзге дес бермейтін шешендігі көрініп тұрады. 
Тілші-ғалым Ə.Хасенов эвфемизм мен табу құбылысын лексиканың қалыптасып 
баю барысындағы тарихи тұрғыдан семантикалық тəсіл қатарында қарастырып, нақты 
антропонимдерге қатысты былай деп көрсетеді: - кісі аттарына байланысты эвфемизм 
мынадай  болып  келеді:  ауылдағы  үлкен  кісінің  аты  Жаман  болса  -  Соқпақ  жол, 
Сүттібай  болса  –  Желінді  уыз,  Бұқабай  –  Сүзербай,  Өгізбай,  Қарабас  –  Боран  шеке, 
Сарыбас – Шикіл шеке, Сары – Шикіл, Бейсембі – Күн жұма аттас, Көжекбай – Қоян 
ата,  Үзікбай  –  Дөдеге,  Жамантай  –  Жайсыз  тай,  Ақбай  –  Қылаң  ата,  Түңлікбай  – 
Қайырма, Қозыбақ – Кене, Жусанбай- Сыбақ, Қойлыбай – Жандық ата, Қамшыбек – 
Ат  жүргіш,  Бүйенбай  –  Жуан  ішек  ,  Еламан  –  Халық  есен,  Асубай  –  Тарпаң,  Асыл  – 
Бекзат ата, Ақылбай – Ой ата, Мергенбай – Атқышыл, Жылқыбай – Туар т.б. [7,66]. 

 
 
276 
Қазақ  əйелдерінің  арасында  берік  қалыптасқан  ат  тергеу  салты  туралы  белгілі 
этнограф  А.Н.Самойлович  те  жазыпты.  Ғалымның  пікірінше,  қазақ  əйелдері  өздеріне 
атауға тыйым салынған адам аттарын тергегенде, белгілі қалыптасқан жүйе бойынша, 
туысқандық  қарым-қатынасты  білдіретін  ортақ  терминдерді,  яғни  арнайы  сөздерді 
пайдаланған.  Мəселен,  əйел  күйеуінің  ағаларын  қайнаға  десе,  қайын  атасы  мен  оның 
рулас  тең-тұстарын  ата,  күйеуінен  жастары  біршама  үлкен,  бірақ  қайын  атасынан 
жастау  қайнағаларын  би  ағалар,  ал  олардың  жасы  үлкен  балаларын  мырза  ағалар
ортаншы  балаларын  ортаншым,  кенжелерін  кішкенем  деп  атаса,  күйеуінен  жасы 
үлкен  адамдардың,  яғни  би  ағаларының  əйелдерін  шешей,  күйеуінің  жасы  үлкен 
əпкесін  апа,  жас  жағынан  ең  кіші  інісін  кенжем,  ерке  бала  немесе  кенжетай,  ал 
қарындасын  кенже  қыз  деп  атаған.  Сонымен  қатар  келіннің  ата-енесі  ол  келін 
түскеннен бұрын дүниеден озып өтсе, ата деген термин қайын атасынан кейінгі інісіне, 
ал ене сол кісінің əйеліне ауысатын болған [8]. 
ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ бұл проблеманың əлеуметтік, этномəдени аспектісіне 
мəн  беріп,  түркітанудың  болашағы  өзекті  мəселелерінің  бірі  ретінде  Акдемик 
А.Н.Самойлович:  «чтобы  исследователи  разных  тюркских  народов  обратили  особое 
внимание  на  личные  имена,  о  том,  что  следовало  бы  составлять  полные  алфавитные 
списки личных имен, как мужских, так и женских, по отдельным народам и племенам с 
подробными указаниями, в каких случаях, в какую историческую эпоху, кому и почему 
давалось  то  или  иное  имя,  что  в  последствии  позволило  бы    произвести  весьма 
интересные в культурно-историческом отношении сравнительное исследование личных 
имен всех тюркоязычных народов» [9,299].  
Қорыта  келгенде,  ат  тергеу  немесе  ат  қою  –  біздің  халқымыздың  адам  сыйлау 
жөніндегі  ізеттілік,  кішпейілділік  қасиеттерінің  биік  көрінісі.  Өзінен  үлкен  адамның 
атын  тура  атау  тəрбиесіздік,  көргенсіздік  болып  табылады.  Бұлар  ертеден-ақ  діни 
наным-сенімге негізделсе, қазіргі күнде ғұрыптың бірі. Табу сөздерді эвфемизмдермен 
алмастыра білген келінді аталарымыз «көргенді қыз», «тəрбие көрген қыз» деп мақтап 
отыратыны да бар. Осыдан келіп шығатын қорытынды табу сөздерді қолдану бұл таңда 
– əдептіліктің белгісі. «Қыз – өмірдің қызғалдағы» демекші, қыз баланың салт-сананы 
сақтауы,  үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет  көрсетуі,  əрине  анасының  берген  ақылы  мен 
үйінде  көрген  тəрбиесіне  байланысты  болмақ.  Өйткені  қыз  баланың  жасалған  əрбір 
қадам-əрекетінен, сөйлеген сөзінен тəрбиенің деңгейін көруге болады.  
Дегенмен  де  қазіргі  енелер  келіндерінен  «мыстан»,  «енешка»  дегенді  көптеп 
еститін  болды.  «Күйеуімнің  мамасы»,  «Ана  үйдегі  кемпошка»  деген  сияқты 
немқұрайлы салқын атаулар да қоғамымызда көптеп кездесетін болды. Қыз тəрбиесіне 
тек  қана  ана  емес,  радио  мен  теледидар,  газет-журнал,  кітаптар  мен  кинолар,  бүгінде 
етек алған планшеттер мен ұялы телефондар, барлар мен дискотекалар жан-жақты əсер 
етуде. Бұл тəрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары бар. Оның бəрін дұрыс 
қабылдап түсіне білу керек.  
Ұлттың  бойындағы  бар  жақсы  қасиеттерді  -  тілін,  дінін,  əдет-ғұрпын,  салт-
санасын,  дəстүрін  атадан  балаға  жеткізуші,  əрине,  əйел-ана.  Демек  халқымыздың 
ырысты  ынтымағын,  береке-бірлігін  іске  асырып,  туыстың  татулығын  одан  əрі 
дамытқан  əйел  адамның  өмірінде  «ат  тергеу»  салты  жоғары  бағаланған.  Сол  салт-
дəстүрге деген құрмет қазақ халқының қыз тəрбиелеудегі айнасы болмақ.  
 
 
 
Əдебиет: 
1.   «Қазақстан»:  Ұлттық  энцклопедия  /  Бас  редактор  Ə.  Нысанбаев.  –  Алматы:  «Қазақ 
энциклопедиясы», 1998. - 719 бет. 
2.  Ахметов  Ə.  Түркі  тілдеріндегі  табу  мен  эвфемизмдер.  Доктор.дисс.  авторефераты.  Алматы, 
1995. 8-10 б.  

 
 
277 
3.  Мұртаза, Ш. Бір кем дүние. - Алматы: Жазушы, 2008. - 176 б 
4.  Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мəдениет жəне денсаулық 
сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998. - 509 б. 
5.  Жанузаков  Т.Дж.  Лично  –  собсвенные  имена  в  казахском  языке.  Автореферат 
дисс.кан.филол.наук. Алма-Ата, 1960. - С. 56. 
6.  Ахметов  Ə.  Түбі  түркі  өркениет  құндылықтары.  –  Астана:  Л.Н.  Гумилев  атындағы  ЕҰУ 
баспасы, 2009. – 191 бет. 
7.  Хасенов  Ə.  Тіл  білімінің  теориялық  жəне  практикалық  мəселелері.  Алматы:  Мектеп,  1985.          
66 б. 
8.  Самойловия  А.Н.  Запретные  слова  в  языке  казак-киргизской  замужней  женщины  //  Живая 
старина. Петроград, 1915. - С. 161-168. 
9.  Самойлович  А.Н.  К  вопросу  о  наречии  имен  у  турецких  племен  //  Живая  старина.  От 
этнографии, СПб., 1911. - С. 299. 
 
 
 
УДК 811.111:81’373.613 
 
ƏЛЕУМЕТТІК  ЖЕЛІЛЕРДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ЕНГЕН 
СӨЗДЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫСЫ 
 
Садуахасова М.Б., Бахытбай А.Б.  
(М.Х.Дулати атындағы ТАРМУ) 
 
 
 
Бұл  баяндамада  əлеуметтік  желілердегі  ағылшын  сөздерінің  қолданыс 
ерекшеліктері  қарастырылған.  Чат,  форум,  блогтарға  сүйене  отырып,  əр  түрлі 
əлеуметтік желі  аясында ағылшын сленгтерінің қолданыс жиілігіне анализ берілді.  
1-2  курс  студенттері    арасында  өткізілген  жазбаша  жəне  видеолық  сауалнама 
нəтижесінде  білімгерлердің  əлеуметтік  желілерде,  чат,  форум,  блогтарда  ағылшын 
тілінен  енген  сөздер  қолданылатыны  анықталды.    Бұл  өз  кезегінде  тақырыптың 
өзектілігін білдіреді.   
Тақырыптың  өзектілігі:  Тілімізге  əрқашан  болатын  əртүрлі  құбылыстар 
алдымен ауызекі тіл негізінде танылады, себебі ол қоғаммен, əлеуметтік өмірмен тығыз 
байланысты.  Сондай-ақ  жазбаша  сөздің  жəне  ауызекі  тілдің  ара  қатынасын  анықтау, 
яғни  тіл  мен  сөйлеудің  өзара  қарым-қатынасын,  айырым  тұстарын  анықтау  сынды 
көптеген проблемаларды сөз етуге болады. Осындай мəселелердің бірі «интернет тілі» 
проблемасы.  Жаһандану  заманында  əлеуметтік  желілер  жəне  басқа  да  қатынастық 
бағдарламалар  өте  көп  қолданысқа  ие.  Əлеуметтік  желіде  ең  көп  қолданылатын 
ағылшын тілі екені анықталды. Ағылшын тілінің көп қолданысқа ие болуы  тілдің жаңа 
формалары  пайда  болуына  əсер  етеді.  Сондықтан  да  бұл  мəселе  зерттелу  керек  деп 
ойлаймын. 
Ғылыми  баяндаманың  мақсаты:  Əлеуметтік  желілерге  түсінік  беру,  сонымен 
қатар, интернет желілерінде жəне What’s up, Viber қарым қатынас бағдарламаларында 
көп  кездесетін  ағылшын  сөздер  қызметінің  ерекшеліктерін  анықтау,  студенттер 
арасында əлеуметтік желіде қолданылатын ағылшын тілді сөздерді анықтау.  
Жалпы Интернет дегеніміз – компютерлік желілердің ақпарат алмасуға арналған 
бүкілəлемдік  қауымдастығы,  бір-бірімен  телекомуникация  арналары  (телефон, радио, 
жасанды жер серігі көмегімен байланыс) арқылы мəлімет алмасатын əртүрлі аймақтағы 
компьютерлік желілердің біріктірілген тарабы и н т е р н е т деп аталады. 
Əлеуметтік  желіні  «əлеуметтік  медиа»  деп  те  атайды.  Бұл  –  адамдардың  бір-
бірімен  ғаламтор  арқылы  өзара  байланысын  қамтамасыз  ететін  интернет  сайт(тар). 

 
 
278 
Жалпыға  ортақ  сөзбен  айтар  болсақ,  əлеуметтік  желі  дегеніміз  бұл  –  адамдар  мен 
олардың бір-бірімен қарым-қатынасы. 
Əлеуметтік желі не үшін керек? 
Бұл сұраққа жауап бермес үшін қарсы бір сұрақ қояйын: Өмірдегі таныс-біліс не 
үшін  керек?.  Əрине,  селбесіп,  араласып-құраласып  өмір  сүру  үшін.  «Адамның  күні 
адаммен»  деп  те  жатамыз.  Шамасы,  адам  баласының  табиғатында  бар  қасиет  болса 
керек, біз өзгелермен сөйлесуді, бейтаныс адаммен танысқанды, белгілі бір тақырыпта 
пікір  алмасуды,  өз  ойымызды  айтуды,  басымызға  түскен  қуаныш  пен  қайғыны 
хабарлағанды, үйге қонақ келгенде фото-альбомдарымызды көрсеткенді жақсы көреміз. 
Шынайы өмірде біз мұндай əрекетті тек реті келгенде ғана жасасақ, қазіргі ақпараттық 
технология,  əсіресе  интернеттің  қарыштап  дамыған  заманында  бұл  оңайлана  түсті. 
Өйткені,  біздің  ұғымымызда  «əлеуметтік  желі»,  яғни  «адамдардың  бір-бірімен 
виртуалды  байланысы»  деген  түсінік  пайда  болды.  Демек,  сіз  өзіңіздің  дəл  қазіргі 
көңіл-күйіңіз қандай екенін жұртқа айту үшін немесе кешегі түнде болған досыңыздың 
тойындағы  суреттерді  өзгелерге  көрсету  үшін  һəм  өзіңіз  сүйіп  тыңдайтын  əншінің 
шығармашылығы туралы достарыңызбен, не өзіңіз секілді фанатпен сөйлесу үшін, тіпті 
қалаға  көшіп  кеткен  сыныптасыңызбен  сырласып-сөйлесу  үшін  келесі  бір  туған  күн 
кешін  не  басқа  бір  жиынды  күтіп  отырмайсыз.  Бірден  МойМир  əлеуметтік  желісіне 
кіріп,  жаңадан  фото  қосасыз,  статусыңызды  өзгертесіз,  МайлРуАгенттегі 
сыныптасыңызбен  сөйлесіп,  соңғы  хабарларды  естисіз,  сондай-ақ,  өзіңіздің 
достарыңыздың  туған  күні  келіп  қалғанын,  оның  басқа  біреумен  танысқанын,  атақты 
киноактердің қоғамдастығына мүше болғанын білесіз. Тиісінше, сіз де өзгелер секілді 
достарыңыздың  санын  көбейтіп,  бұрынғы  жұмыс  орныңыздағы  адамдарды  тауып, 
олардың  достарының  ішінен  бала  кезіңіздегі  досыңызды  тауып,  өз  ортаңыздағы 
таныстық  шеңберін  кеңейте  түсесіз.  Осылайша,  сіз  əлеуметтік  желінің  мызғымас  бір 
бөлігіне  айналасыз.  Тоқетері,  əлеуметтік  желі  адамдардың  бір-бірімен  қарым-қатынас 
жасауы үшін керек. 
Əлеуметтік желінің қандай түрлері бар? 
Бірнеше  түрі  бар.  МойМир  секілді  жалпы  əлеуметтік  желілер  немесе  блогтар 
желісі, микроблогтар, тек қана видео немесе  суреттерді жүктеуге арналған белгілі бір 
бағыттағы,  тақырыптық  əлеуметтік  желілер  бар.  Мысал  ретінде  əлеуметтік  видео 
желіге  youtube-ті  айтсақ,  блогтар  желісіне  wordpress,  фотографтар  немесе  жəй  ғана 
суретке түсіргенді жақсы көретін əуесқойлар үшін flickr, ал микроблоггинг мысалына 
twitter жатады. 
Əлеуметтік желіде ең көп қолданылатын қандай тіл: 
2013 жылдың мəліметі бойынша интернетте көп қолданылатын тілдер: 
1. Ағылшын тілі – 55,5% 
2. Орыс тілі - 6,3%    
3. Неміс тілі - 5,6 % 
4. Япон тілі - 4,9 % 
5. Испан тілі - 4,3 % 
6. Қытай тілі  - 4 % 
Сонымен қатар көп кездесетін ағылшын тілінен енген келесі сөздерге түсінік берген жөн: 
Чат (chat  –  сөйлесу)  –  интернетті  пайдаланушылардың  бір-бірімен  нақты  уақыт 
режимінде  («online»  –  ағылшын  тілінен  аударғанда  «желі  бойында»,  «байланыста»  деген 
мағынаны білдіреді) сөйлесуіне мүмкіндік береді. Желіде нақтылы уақытта, яғни интерактивті 
сұхбаттасу. 
Блог (ағылш. blogweb log дегеннен, «желі журналы не оқиға күнделігі») — үнемі 
үстелінетін  ұзын  емес  жазбалардан,  суреттерден,  таспалардан  тұратын  мəнді 
мағлұматы бар торап. 

 
 
279 
Қазіргі  таңда  біздің  өмірімізде  көптеген  амалдар  мен  байланыс  жолдары  пайда 
болды.  Өмірімізді  компьютерсіз,  ноутбуксыз,  ұялы  телефонсыз,  смартфондарсыз, 
сонымен  қатар  байланысуға  мүмкіндік  беретін  заманауи  техникаларсыз  елестету 
мүмкін емес. 
 Əрине,  ол  орынды,  себебі  мəтіннің  жіберілу    əдісі  өзгергендіктен,  тілдің  өзі  де 
өзгереді.  Сіздерге  ағылшын  тіліңіздің  сөздік  қорын    əлеуметтік  бірліктермен  ,  хат 
арқылы байланысу түрімен толықтыруды ұсынамыз. 
Қазіргі  ағылшын  тілінде,  сонымен  қатар,  қазақ,    орыс  тілдерінде  заманауи 
коммуникативтік ортада  пайда болған жаңа туынды сөздер көп. Коммуникативтік орта 
адамдар  арасындағы  коммуникацияға  əсер  етеді.  Себебі  смс,  интернеттегі  əлеуметтік 
желілер, ұялы телефондардағы желі т.б. коммуникативті ортаның құрылғылары болып 
табылады. Коммуникативтік ортамда ең көп ағылшын тілі қолданылатыны айдан анық. 
What’s  up,  Viber,    Skype,  We  chat,  Chat  On  бағдарламарында  немесе  Facebook, 
Odnoklasniki,  Twitter,  Мой  Мир,  В  Контакте  əлеуметтік  желілерінде  ағылшын 
акронимдері  өте  көп  кездеседі.  Акронимдер  сөз  тіркесінің  алғашқы  əріптерінен, 
бастапқы дыбыстарынан құрылған қысқарма сөздер.  
Мысалы: LOL (немесе лол; ағылшын laughing out loud — қатты күлу; немесе lots 
of laughs —көп күлу дегенді білдіреді) ... 
Ағылшын акронимдерінің əлеуметтік желілерде не себепті көп қолданылатынын 
білу қиынға соқпайды.  Интернет арқылы қатынас: 
- синхронды түрде (яғни нақты уақыт тəртібінде жүзеге асуы). 
- асинхронды (яғни сол сəтте сөйлесушіден  жауабын  күтуді қажет етпеуі) юолуы 
мүмкін. 
Бірінші үлгі  лездік хабарламамен алмасу сервистеріне тəн. Мəселен , ICQ  немесе  
Skype.  
Бір- бірімен  əңгімелесу үшін тез   жазып,  жауап қайтарып отыру қажет. Бұл үшін 
қысқартылған сөдерді қолдану тиімдірек болып табылады. Қысқартылған сөздер жеке 
лексемаларды,  олардың  бөліктерін,  тіпті  ағылшын  тіліндегі  толығымен  бір  сойлемді 
білдіруі  мүмкін.  Яғни  аталмыш  қысқартылған  сөздер  ағылшын  тіліндегі  сөзді 
алмастыра алады. 
Хабарламаны  асинхронды  жіберу,  мысалы,  электронды  хаттарда,  смс  
хабарламаларында  қолданады.  Яғни  жауапты  лезде  емес,  асықпай  қайтаруыңызға 
болады.  Онлайн  қатынасқа  қарағанда,  жауабын  қай  уақытта  қайтаруымыз  керектігін 
жіберуші өзі біледі. Сондықтан   электронды хаттарда акронимдер сирек кездеседі. Ал, 
смс хабарламаларында керісінше жиі   қолданылады. Бұл жерде бірінші орынға басқа 
аспекті шығарғанымыз жөн. Ол – шектеулі  көлемдегі хабарлама жəне əр хабарламаға 
ақша төлеу қажеттілігі. 
Хабарламаларда,  сонымен  қатар,  əлеуметтік  желілерде  əңгімелесу  барысында 
ағылшын  əріптер,  сандар,  сөз  тіркестері  мен  аббревиатуралар  өзара  заңдылықтарына 
сəйкес  қолданылады.  Мысалы,  сөздердің  ұзындығын  қысқарту  үшін  сандар 
қолданылады:    sk8  –  skate,  алайда  сөдің  мағынасын  түсіну  үшін  сөздерді  əдеттегідей 
оқып, санды толығымен оқу керек. Келес мысалдарға назар аударсақ, 
2  to  демеулігінің  орнына,  too  -  сөзінің  орнына,  two    сан  есімінің  орнына,  
тіркесінің орнына қолданылады  Олардың  да өзіндік ерешеліктері  бар. 2day = today, 
going  2 work [tэ]   дыбыс      me2 = me too; 4 for көмекші сөзінің орнына 4ever  = forever 
four  сан  есімінің  орнына,  gud4u  =  good  for  you,  [fo]  дыбыс  тіркесінің  орнына 
қолданылады.  Бұл  заңдылықтар  əріптерге  де  тəн  болып  табылады..  Егер  əріптер  бір 
бірінен бөлек тұрса,   онда əр сөздің өзіндік бір мағына беретінін ескергеніміз жөн. 
Мысалы C U  - see youB there (be there ), bee [bi] зат есім 2 b or not 2 b (to be or 
not to be ) 

 
 
280 
Əлеуметтік  желілерде  жəне  СМС  хабарламаларында  көп  кездесетін  ағылшын 
тілінен енген қысқартылған сөздерге назар аударайық.   
LOL = lots of laughs = күлкіден ішек қатты 
BTW = by the way = айтпақшы 
ROFL = rolling on the floor laughing = күлкіден жерде аунау 
IMHO = in my humble opinion =  менің жеке пікірім 
IMO = in my opinion = менің ойымша 
CU = see you = көріскенше 
B4now = bye for now = əзірше сау бол 
b/f = boyfriend= жігіт 
g/f = girlfriend = қыз 
BRB = be right back = сəлден соң қайтып келемін 
ABT = about = туралы 
K = okey = жарайды  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет