Ќазаќстан республикасы білім жѕне ѓылым министрлігі


«Қозы Көрпеш – Баян сұлу»



бет13/26
Дата21.06.2023
өлшемі445,5 Kb.
#102803
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
Қазақ аруы хрестоматия

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу»

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры – қазақ романдық эпосының көнесі. Жыр арқауы – Қозы мен Баян арасындағы сүйіспеншілікке құрылған. Эпосты арнайы зерттеген оқымыстылардың мәліметіне қарағанда, жырдың башқұрт тіліндегі бір нұсқасын 1812 жылы Т.Беляев жазып алып Қазанда жариялаған көрінеді. Жырдың көптеген нұсқаларын XIX ғасыр бойында орыс ориенталистері жинап бастырған. Бұл эпостың сюжеттері қазақтан басқа башқұрт, Сібір татарлары, ұйғыр, саха, телеуіттерде сақталған. Ал қазақтарда жырдың жиырмаға жуық варианты бар екені анықталған.


Көбіне жыр соңы қайғымен аяқталып, Қозы мен Баянның өлімімен бітеді. Ал екінші бір нұсқада Қозы тіріліп, екі ғашық қосылады. Балалы болып, отыз бір жыл өмір сүреді. Зерттеушілер жырдың осылай бітуін айтушы ақын-жыршылардың ел аңсарына лайық жасаған өзгерісі деп тұжырымдайды. Сондай-ақ, Қозы мен Баянның мазары деп аталатын күмбез қазіргі Аякөз ауданына қарасты Таңсық деп аталатын ауылдың жанында.
Ғашықтық жырлардағы оқиға өрілімі сыртқы жаулармен шайқас болмағандықтан, онда әлеуметтік тұрмыс-салт көріністерінен хабар беретін жол-жоралғылар көп. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында Қарабаймен Сарыбай аңда жүріп достасып, құдаласады. Бұл өте ескі жыр болғандықтан баталасудың ең бір көне түрі көрінеді. Ана құрсағында жатқан балалар «белқұда», «ежеқабыл» деген шарт батамен қосылуға міндетті болады. Сонымен жарық дүниеге келмеген сәбилерді аттастырып қояды.
Қатыгездік, дүниеқорлық, сараңдық, опасыздық сияқты мінез-құлықтардың бәрі Қарабай бойынан табылады.
Тұрады сол Қарекең өнер бастап,
Кәпірді көрген адам тұрмас қостап.
Маралды егіз қодығымен теңдеп алып,
Достысын бек сөйлескен кетті тастап.
Адам өліміне де сезімі селт етпейтін мейірімсіз. Ол үшін дос-жар түкке тұрмайтын пейілі жаман адам ретінде көрінеді. Қарабайдың осындай мінез-машығы жырдың өн бойында көрініп отырады.
Осындай күш-қайрат иесі Қодар – ұрда-жық, ожар жан. Ол Баянды сырттай иемденеді. Аттастырып қойған екі жастың арасына килігеді. Қодардың ойлауынша қыздың ұнатуы шарт емес, жүрекке әмір жүрмейтінін түсінгісі келмейді. Сондықтан ол озбырлық жасап, Баянды жүрекпен емес, білекпен алмақ болады. Екі жастың бақытсыз болуына себепші адамның бірі ретінде көрінеді.
Жырдың бас қаһарманының бірі – Қозы Көрпеш. Ол Баянды басқалардың айтуынан (бір нұсқада тазша, екіншіде – кемпір, енді бірінде Айбас) біледі. Өзінің қалыңдығы бар екенін Айбастан естіп, сәлемдемесін алады. Баянның өзіне тең екенін біледі, көрмей ғашық болады. Онымен тілдесуге асығады. Өз ойын анасына да кесіп айтады:
Алдымда неше қатер, тұрса да оқ,
Тартынып бұл сапардан қалуым жоқ.
Сұлуын дүниенің жисаң-дағы,
Бір жарымдай болмайды көңіліме тоқ.
Қозы ғашық жары үшін ұзақ жылдардағы қауіпке, қиыншылыққа қарамастан атқа мінеді. Баянды іздеп табуға бел байлайды. Бірге жүрмек болған Айбасқа да тоқтау айтады. Өзі жалғыз баруды жөн көреді. Қозы Көрпеш алған бетінен қайтпайтын табанды, ақылды азамат ретінде көрінеді. Оның жақсы қасиетінің бірі – адалдық, адамгершілігі. Тіпті өзінің қарсыласы Қодардың да «қанын жүкетегісі» келмейді.
Баяннан үміттенушілер көп болса да, ол солардың біріне де назар аудармайды. Ақ ниет, адал көңілмен Қозыны сүйеді. Қозыға қосылу жолында көп әрекет етеді. Тіпті Қозы өлімі үстінде Баянның өр мінез, өжеттілігі айқындала түседі. Қапыда қаза тапқан жарының кегін қайтарып, Қодарды құдыққа түсіріп өлтіреді. Ең соңында өзі де мерт болады. Баян кіршіксіз сүйіспеншілікке дақ түсірмей, намысын қорғай біледі.
Қорыта айтқанда, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» айнымас сүйіспеншілікті үлгі ете жырлаған халқымыздың қымбат мұрасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет