Ќазаќстан республикасы білім жѕне ѓылым министрлігі



бет15/26
Дата21.06.2023
өлшемі445,5 Kb.
#102803
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Айша бибі

Аңыз бойынша Айша атақты байдың қызы болған. Ал Қарахан – тарихи тұлға. Ол өз кезеңінің орта топтан шыққан батыл да көреген, нағыз жігіттің сұлтаны болған. Он алты жасар Айшаны Қарахан бір көргеннен ұнатып, ғашық болады. Табиғатынан ерекше жаратылған Айша да Қараханға көзсіз ғашық болады. Бір-біріне ынтық екі жас та өмір бойы бірін-бірі сүйіп өтуге серт беріседі. Айшаның Қараханмен тұрмыс құруына қарсы болады. Қыз әкесінің бұл шешіміне разы болмаған батыр өзінің туған жері – Тараз өлкесіне кетіп қалады. Айша әкесін тыңдамай, ғашығының соңынан кетпекші болады. Сонда әкесі: «Ғашығыңның артынан еремін деп алты өзеннен өтерсің, бірақ жетінші өзеннен өте алмассың» деп ескертеді.


Айша шынымен де алты өзеннен өтіп, жетінші өзенге келгенде әкесінің айтқаны есіне түсіп, тоқтап қалады. Өзен жағасында ойға батып тұрған қызды тас астынан жорғалап шыққан улы жылан тура көкіректен келіп шағып алады. Ғашығына жете алмай, жарты жолда көз жұмған жас аруды сол жерге жерлейді.
Өзінің берген сертінде тұрып, махаббаты үшін күрескен жас арудың ізгі ісі қайталанбас ерлік болып табылады. Айшаға деген алып махаббатының куәсі ретінде Қарахан өзі бұйырып, күмбезді Айша бибі кесенесін тұрғызады. Кейіннен Қарахан ұзақ жылдар өмір сүріп, қайтыс болады. Қайтыс боларының алдында, Қарахан өзін Айшаның қасына жерлеуін бұйырады. Қос махаббаттың шынары, еш қиыншылыққа мойымай, махаббаттарына берік болған қос ғашықтың шынайы махаббаты қазіргі күнде қазақ жастарын тәрбиелеуде де үлкен маңызы бар.
*** *** ***
Айша бибі – шамамен ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүрген ару қыз. Әкесінің есімі – Айғожа. Айша бибі еліне сапарлап келген Қараханмен жүздесіп, бір-бірін ұнатады. Алайда тұтқиылдан елін жау шапқанын естіген Қарахан дереу еліне аттанады. Уәделі кезде хабар болмаған соң, алаңдаған Айша бибі күйеу жігіт еліне барып, бір хабарын білейін, аман болса алдыңызға келіп ақ батаңызды алып қосылармыз деп, әкесінен рұқсат сұрайды. Бірақ қыз әкесі келісімін бермейді. Үш рет өтініп, меселі қайтқан Айша бибі қырық қыз жолдас ертіп, Қараханның еліне өз бетімен аттанады. Ел шетіне таяғанда демалмақшы болып су бойына тоқтап жуынады. Сол кезде сәукеленің ішінде жасырынып қалған улы жылан Айшаны басынан шағып алады. Қыздардың хабарын естіп Қарахан да жетеді. Бірақ Айша тілге келмейді. Ең болмаса о дүниеде қосылайық деп Қарахан осы жерде Айшамен некесін қидырады. Келін болып босаға аттамаса да уәдеге берік Айшаның соңғы демі өз қолында шыққанына әрі риза, әрі құса болған Қарахан сол Айша бибі қабірінің үстіне күмбез тұрғыздырады. Халық Айша бибіні әулие санатына қосып, табынады. Айша бибі хикаясын зерттеген тараздық журналист Б.Әбілдаев “Айша бибі” деген пьесасын жазды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет