Ќазаќстан республикасы білім жѕне ѓылым министрлігі



бет9/26
Дата21.06.2023
өлшемі445,5 Kb.
#102803
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26

Қарашаш сұлу




Қарагөз ханым өлген соң, Жиренше шешен қатын алмай көп жүріпті. Ойлаған сынына дәл қыз кездеспейді. Кез келген қызды ұнатпайды. Сөйтіп жүргенде бір жігіт кездесіп жолдас болыпты. Өзі көп үндемейтін адам екен. Бір мезгілде Жиренше жігітке қарап: “Жол қысқартайық” – дейді. Жігіт жауап қайырмайды. Тағы бір кезде Жиренше жігітке: “Ағаш қазан қайнатайық” – дейді, жігіт жауап қайырмайды. Тағы да біраздан соң, көшіп кеткен елдің жұртын көргенде Жиренше: “Мынау бір бейбастақ үйдің жұрты екен” – дейді, жігіт оған да жауап бермейді.

Сонымен екеуі бір жерге жақындағанда, жаңбыр құйып кетеді. Ауыл сыртында тезек теріп жүрген бір топ қыз жаңбыр жауып кеткен соң, қаптарын арқалап, ауылға қарай жүгіре жөнеледі. Тек бір қыз сырт киімін шешіп, қапқа жауып отырып қалады. Мына қызда бір сыр болар, деп Жиренше шешен отырып қалған қызға келеді. Қыз асқан сұлу екен, Жиреншеге қыздың көркі ұнайды. Енді ақылы қандай екен деп сынау үшін: “Сен көп қыздан неге бөлініп жалғыз отырып қалдың?” – дейді Жиренше.


  • Мен басқа қыздарға еріп ақымақ болайын ба? – дейді қыз.

  • Олар қалай ақымақ болады? – дейді Жиренше.

  • Олардың ақымақтығы мынада: келе жатқан алды бар, арты жоқ шағын бұлт. Бұл өткінші жаңбыр. Аз жауып ашылады. Ал олар үйге барғанша отындары да, барлық киімдері де су болады. Су болған отындары жанбайды. Киімдерін кептіре алмайды. Мен отыныма шапанымды жаптым, отынымдың ығына өзім отырдым. Менің су болған жалғыз-ақ шапаным. Отыным, өзге киімдерім құрғақ. Үйге барғанда отынымды жағып, шапанымды кептіріп аламын, – дейді. Қыздың көркіне ақылы сай, Қарагөздей болып көрінеді. Бұл қызға енді бір сөз айтып көрейін деп Жиренше:

Бүркеніп жалғыз отырсың,
Бойға жеткен жас бала.
Ұнатсаң, айтқан сөзімді,
Күлімдеп көзің бері қара!
Оңаша бір сөзім бар,
Ақылың болса сен ұғар.
Менің атым Жиренше,
Жол берген маған хан-қара, - дейді.
Сонда қыз бөгелместен:
Сыртыңнан естіп қанық ем,
Шешен деген атыңды.
Түсіңе бұрын танық ем,
Жаңа көрдім затыңды.
Айтар жерің осы ма,
Көңілдегі датыңды? – деп күлімсіреп өң бергендей болып:
Уәде қылып келіп пе ең,
Сөйлесем деп осы жерге.
Жалғыз атты жолаушы,
Аулақ менен көш жерге.
Құрбыңды іздеп тауып ал,
Жас қыз сөзіңді естір ме? – дейді.
Жиренше шешен қызды әбден ұнатып, ішінен: “Құдай жазса, сені алармын”, - деген ойға келеді. Ауыл мен екі арада өзен бар екен.

  • Мынау өзеннің өткелі қай жерде? – дейді Жиренше.

  • Анау жерде бір өткел бар – алыс, алыс та болса жақын. Мына жерде бір өткел бар – жақын, жақын да болса – алыс, - дейді қыз.

  • Сенің үйің қайсы? – дейді Жиренше қызға.

  • Менің үйім анау – үлкен ақ үйдің жанындағы қараша үй, - дейді қыз.

Жиренше алыс өткелге кеткенде жолдасы жақын өткелге бұрылады. Қыздың “алыс та болса, жақын” деген өткелінің суы саяз, асты құмқайыр екен. Жиреншенің аты желіп өтеді. Ал, “жақын да болса, алыс” деген өткелдің суы терең, асты балшық екен, жолдасының аты батпақтап зорға өтеді.
Жанындағы жігітке: “Сен қайда қонасың?” – дегенде, “Мен мына ақ үйге қонамын?”, - дейді ол. “Ендеше мен мына қараша үйге қонамын”, - дейді шешен. Сөйтіп екеуі екі бөлініп, бірі байға, бірі кедейге барып түседі. Бір уақытта отынын арқалап манағы қыз да келеді. Жиренше төрге жайғасқан соң, үйдегі кемпір амандықтан кейін: “Шырағым, мына байдың үйі тұрғанда, біздің қосқа қалай түстің?”, - дейді. Жиренше: “Менің баспанам да осындай еді, өз үйім тәрізді болған соң өзімсініп түстім”, - депті.
Жиренше түскен үй іңір болған соң от жақты, келін сиыр сауды. Кемпір от басында, қыз үйдің іргесінде отыр.
Жиренше төрде отырған қызға қарап басын сипайды. Бұл: “Сенің қалың малым менің шашымнан көп-ау” – дегені еді. Қыз оны түсініп астындағы тулақты сипайды. Ол теңімді тапса, тақыр кедей болса де береді дегені еді... Жиренше мен қыз бір-бірін ұққанын осылай ыммен ұғысады.
Таң атқан соң жұрт тұрып жайланған кезде бай Жиреншені шақыртып алады. Жиренше келсе, кешегі жігіт мәз-мейрам болып сонда отыр екен. Амандасқаннан кейін бай: “Кешегі бірге келген кісі осы ма?”, - дейді, жігіт: “Ия”, - дейді. “Екеуің бірге келіп екі бөлек түскендерің қалай?”, - дейді бай. Жиренше: “Бұрынғының сөзі бар еді, сол есіме түсіп, бөлек түстім”, - дейді. “Ол не деген сөз?” – дегенде Жиренше:
Өзің білмес ісіңді
Білгендерден сұрап біл.
Өліп жатсаң, наданнан
Қабіріңды жырақ қыл! – деген дейді.
Бай: “екеуің жолда не сөйлестіңдер, не айттыңдар?” - дегенде, жігіт кешегі жол-жөнекей айтылған сөзді баяндайды. Жиренше: “Екеуден-екеу жапан далада келе жаттық; әртүрлі сөз айттым, біреуінеде жолдасым сөз қайтармады. Сонан соң мен де үндемей отырып едім, ұйқы келді, маужырап жүре алмадық. Ұйқыдан мезі болған соң “жол қысқартайық” дедім. Оным әңгіме айт дегенім еді. Екінші “ағаш қазан қайнатайық” дегенім – насыбай атып алайық дегенім еді. Үшінші “бейбастақ үйдің жұрты” дегенім бір жұртта екі басы бірдей күйік көсеу жатыр екен. Бай Жиреншенің атын естіп, бір көруге құмар болып жүреді екен. Өзін көріп, сөзін естіген соң асі кетіп мал сойып, қымыз құяды. Бәйбіше: “Шырағым, бүгін осында бол!” – деп қондырады... Бай Жиреншенің ақылына қызығып, қызын бергісі келеді. Қызы: “мені жалғыз атты кедейге берген несі, бармаймын”, - деп астаң-кестең болып бүлінеді. Қызынан бұл сөзді есітіп, өтірікші болдым-ау деп ойланып отырғанда, Жиренше: “Бай, сіздің қиналып отырғаныңыз маған да әбден батты. Көнбеген балаңызды қояйық, мынау көршіңіздің қызының қалың малын төлеп алып берсеңізболады”, - дейді. Бай көрші жігітті шақырып алып, сұраған малын беріп Қарашашты Жиреншеге қосады.
Шешендік шиырлар. Шешендік сөздер, ақындар мен толғаулар жинағы. Құраст. Есхожин.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет