Ќазаќстан республикасы білім жѕне ѓылым министрлігі



бет5/26
Дата21.06.2023
өлшемі445,5 Kb.
#102803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Бөрте ханым

Тарихи еңбектерде Шыңғыс ханның әйелдері мен күңдері бес жүзден асады деп көретілген. Мұсылман тарихшыларының еңбектерінде (XІІІ- XІVғ.ғ) Шыңғыс ханның әйелдеріне арнайы титул берілген: хатун (ханша, госпожа) және бики немесе (биге). Басты әйелдерін – хатун – бузург үлкен госпожа, ал үлкен әйеліне хатун-бузургтар – ұлы госпожа. Шыңғыс әулетімен қыздарын аттастыру көпшілік рулар үшін мәртебе болған. Шыңғыс хан әулетіне қыздарын ұзату құқын иеленген түркі – монғол рулары арасынан көбіне «қоңыраттар» болған. Тимучин бүкіл монғолдың билеушісі болғаннан кейін Шыңғыс хан әулеті қоңыраттармен қыз алмасу дәстүрі заңдастырылды. Шыңғыс ханның «Юань – ши» деген императорлық жарлығында: егер қоңырат руында қыз туылса, олар ұрпақтан-ұрпаққа ханшайымдар болады, ал ұл туылса, келешекте олар ханшаларға үйленеді» делінген. Шыңғыстанушы Ю.А.Зуев Шыңғыс әулеті әйелдерінің негізін қоңыраттар құрағандығын және бұл тайпаны осы әулеттің одағы деп атаған.


Шыңғыс ханның күңдерін «Кума» деп атаған, олар екі топқа бөлінген: 1) моңғолдың қыздары, 2) жас тұтқын қыздар. Тұтқынға түскен қыздарды егер хан қаламаса, оларды әйелдеріне қызметші ретінде немесе туыстарына, уәзірлеріне бөліп берген. Күңдердің статусы болмаған, бірақ кейбір күңдерді Шыңғыс әулетінен біреу тұрмысқа алса, онда күң кумадан – хатунға көшкен.
Шыңғыс ханның әйелдерінің ішіндегі ең беделді әрі үлкені Бөрте болды. Тимучиннің әкесі Есукей аңшы, мерген батыр адам болған. Қайтыс боларынан бір-екі жыл бұрын үлкен баласына қоңырат тайпасындағы ағаш ұстасы, шебер Дүйшенің қызына құда түскен. Тимучин ол кезде тоғыз жаста болды. Бөрте Тимучиннен бір жас үлкен болған. Тимучин бүкіл некелік өмірінде Бөртені құрметтеп, оған қатты бауыр басқан.
Тимучин көрші жатқан қалың керей жұртының ханы әкесінің қаруласы Тоғырылды Шыңғысхан аталған кезінде бір шайқаста кейіннен Керей тайпасының ханы болған кезінде өлтіреді. Мұны естіген Бөрте жарының қаталдығына көзі жетіп: “Өткен іске өкінгенмен орнына келмейді. Саған кезінде жасаған жақсылығына, әкеңмен достығына арнап өлген жеріне зәулім де биік ескерткіш орнат” – дейді. Бұл жерде Бөртенің ақылдылығына, өмірдегі жақсылық пен жамандықты ажырата білетін парасаттылығына мән бере отырып, Шыңғысхан Қатын өзенінің бойынан үлкен ескерткіш орнатты. Бөрте Шыңғысханға төрт ұл, бес қыз туған. Төрт ұлы өте ақылды, абыройлы, батыл болған. Ол төртеуі төрт жақтағы қабырға секілді болған. Оларды төрт жұдырық деп атаған.
Бөрте ханым тарихта ақылдылығымен ғана емес, үнемі Шыңғыс ханға ақыл-кеңес бере отырып, кеңесшісі де бола білгендігімен де қалды. Шыңғыс хан Бөртені оның ақылдылығы, сабырлылығы үшін бағалай білген. Бөрте үнемі Шыңғыс ханға кеңес беруші болған. Осындай әлемді билеуші қатыгез Шыңғыс ханның әйелінің ақылын тыңдауы бұл Бөртенің ерекше жан екенін көрсетеді. Шыңғыс хан Бөртені құрметтегені сонша, хан екінші әйелі Құланға үйленерде Бөрте ханымның ықыласын білмек болып тоғыз кеңесшісінің бірін жіберген екен.
Бөрте өзінің ақылдылығы мен сабырлылығын көрсете отырып былай дейді:
«Хан иемнің құдіреті бұл,
Қалың моңғолдың еркіндігі.
Әйел алсаң үстіне
Әйел қоса ал, демей ме?» – деп ықылас білдіреді.
Бұл жерде Шыңғыс ханның Бөртеге деген адалдығын, құрметін көреміз. Басқа әйелдеріне үйленгенде Құланға, Есугейге мұндай көңіл бөлінбеген. Бөртені меркіттер алып қашып Чильгерге әйелдікке берген кезде де оны меркіттерден қайта алғанда, Шыңғыс хан оған бұрынғыша үлкен әйелі ретінде, үлкен сыйластықпен қараған. Тек Бөртеден туған балаларына ханзада деген атақ берілген. Шыңғыс хан Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алған соң (1219–1224ж.ж.), Бөртеден туған ұлдарына ерекше жерлерді бөліп береді. Қазақстан жері үш моңғол ұлысының құрамына енеді: далалық бөлігі – Жошы ұлысына, Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына енді.
Бөртеден туылған төрт ұлы қуатты билеуші болып, Шыңғыс әулетінің негізін қалады. Әйелдің жақсылығы тек көркінде ғана емес ісінде, адамгершілігінде, ақылы мен өнерінде. Осындай жақсылық адамгершілік ақыл мен өнер көшпелі тайпаның кең даласында туып өскен Бөртенің өн бойынан байқалып тұратын.
Шыңғыс ханның анасы Оулен ер мінезді, қайратты әйел еді. Ол Бөртеге «Осы шаңырақтың бағы мен базары, орта қазық жел бақаны, тіреушісі болуға жаралған жансың. Жолың ақ, маңдайың толы бақ болсын», - деп бата берген. Бөрте ханым Шыңғыс ханның өмірінде ерекше орын алған. Оның өн бойында кездесетін өзіндік қасиеттері мен тарихтың бай мұражайының төрінен орын алып өскелең ұрпаққа үлгі ретінде қала береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет