Ќазаќстан республикасы білім жѕне ѓылым министрлігі


Сақ патшасы – Зарина сұлу (б.з.б. Ү ғ.)



бет3/26
Дата21.06.2023
өлшемі445,5 Kb.
#102803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Сақ патшасы – Зарина сұлу (б.з.б. Ү ғ.)
Зарина – біздің заманымызға дейінгі ғасырларда өмір сүрген, ежелгі сақ тайпаларының бірін басқарған жауынгер әйел. Қазақ ұғымында бұл әйел ерлік пен өрліктің белгісіндей сақталған. Зарина билік құрған кезеңде көршілес жатқан Табғаш елі мен Славяндар әйел басқарып отырса да, Заринаның иелігіндегі жерге қарай қадам басуға жүрексінгені жайлы айтады. Заринаның әскерінде сонымен қатар қыздардан құрылған әскер де болған. Геродоттың жазбаларында бұлар: «сақ тайпасының қыздардан құралған әскері – кез келген қолына қару ұстаған ер адамнан кем емес, олардың атқа мінісі мен ұрысу өнерін меңгергені және батырлықтарының өзі ер адамдарға үлгі боларлық» деп жазады.
Бүгінгі жеткен аңыздар осы Зарина ханым басқарған жауынгер қыздар тобы (амазонка) болып саналады. Тарихшылардың айтуынша, Зарина басқарған тұста елде ешбір қиыншылық болмай, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман болды деседі, көршілес елдермен бейбіт қарым-қатынас жүргізіп, елдің көркеюін қамтамасыз еткен ол бұл істерін тек өзге елдің өзіне ашуынан сақтануы үшін емес, өзінің де мыңдаған қол жауынгері сақадай-сай дайын тұрғандықтан болатын. Бұл оның барлығында елдің бейбіт өмірі үшін жасалды дейді.
Заринамен байланысты айтылатын бізге жеткен деректердің барлығы да оның Отаны мен еліне деген адалдығын дәлелдейді. Соның бірі де бірегейі – Тағбаш ханымен болған кездесуі. Көршілес Тағбаш ханы Заринаның өзіне ғашық болып, көңіл білдіріп, сөз салады. Бірақ тарихшылардың айтуынша, мұнда ешқандай да есеп пен сол елдің билігіне, ханымына үйлену арқылы жетсем деген ой болмағаны, шынайы ғашық болғаны жайлы айтылады. Десе де, бір ұлысты уысында ұстаған ақылды ханды кім жек көрсін, Зарина ханымның да бұл жүрек қалауы болса керек. Екі жақта келісім жүріп, енді үйлену мәселесі қалғанда өзіне тоқтау салған Сақ патшасы Зарина ханым «Егер мен Табғаш ханына тұрмысқа шықсам, менің артымдағы қалың еліме де ол иелік жасайды, мұның ақырында менің халқым, сол елдің халқына құл болады» деп, Табғаш ханына тұрмысқа шығудан бас тартады. Мұның өзі Зарина ханымның ерлігін көрсетсе керек-ті.
Зарина ханымның аты сол кезеңдерде Эгей теңізіне дейін жетіп отырғаны тарихи жазбалардан аян. Оның соғыс даласы үшін өсірілген аттары, соғыс салу өнеріне жаттыққан әскерлеріне қарап, басқарушысы әйел екеніне кейде жаудың өзі де сенбей қалатын. Бірақ аңдыған дұшпан алмай қоя ма? Зарина тым жас қалпында жыланға қастандықпен шақтырылып, аңшылықта жүріп қаза табады.
Зарина ханымның құрған ұлысы ханым өлген соң да жылдар бойы гүлденген жағдайда өмір сүрді.

*** *** ***


Зарина – біздің заманымызға дейінгі ғасырларда өмір сүрген, ежелгі сақ тайпаларының бірін басқарған жауынгер әйел, патша қызы еді. Күйеуінің аты – Мөрмөр, қолбасшы болатын.
Бір күндері Зарина соңына нөкер қыз-келіншектерін ертіп, кең далаға аң аулап, көңіл көтеріп қайтуға шығады. Бір төбеден бір төбе асып, құлан қуып жүргенде, алдынан қаз қатар тізілген жау әскері көрінеді. Олар Заринаның әйел екенін танымайды, дулыға киген жас жауынгерді қолға түсіру үшін қоршай бастайды. Зарина өжеттікпен қоршауды бұзып өтеді. Соңынан жау әскерінің көсемі қуады. Бір уақытта Заринаның санына оқ тиіп, жараланып, аттан құлайды. Ақсаңдап орнынан қайта ұмтыла бергенде, басындағы дулығасы ұшып кетіп, төбесіне түйген қолаң шашы жібектей сусып беліне түседі. Қуғыншы Заринаның әйел екенін білген соң, аттан секіріп түсіп, көмектесіп, көтеріп алады. Ай мен күндей сұлу келіншекті ұнатып қалады. Ол – Мидия патшасының баласы, Ханзада еді.
Ханзада Заринаны бір көріп қайту үшін жиілетіп ұлы сақтар даласына келіп тұратын болады. Бір күні Заринаның күйеуі Мөрмөрдің қолына түсіп қалады. Ол қолындағы тұтқынын өлтірмекші болады. Мидия Ханзадасын өлтірсе, екі елдің арасында жанжал туып, соғыс басталатынын сезген Зарина Мөрмөрді райынан қайтарғысы келсе де күйеуі оған көнбейді. Зарина нөкерін жұмсап, араша түспекші болғанда, Мөрмөр байқаусызда жараланып, ұзамай қансырап өледі.
Мидия Ханзадасы еліне кетерінде Заринаға сөз салып, бас қоспақ ниетін білдіреді. «Екі патшалықты біріктіріп, бір ел болайық», - дейді. Зарина жауабын бірден бермей: «Бір жылдан кейін анығын айтамын», - деп қала береді.
Арада бір жыл өтті. Заринаның да Мидиялық көркем жігітті ұнатып қалған сыңайы бар. Уағдаласқан күндері болғанда көп әскерімен атқа қонып, Мидияның шекарасына жақындайды. Арғы жақтан Ханзада күтіп тұр екен. Зарина сабырлы, салқындылықпен Ханзадаға былай дейді:
- Армысың сүйіктім! Мен сені ғана ұнатамын. Бірақ, әйелің бола алмаймын. Оның себебі: екеуіміз қосылсақ, сен хан боласың, мен ханым боламын. Менімен қоса артымдағы елім де саған бағынышты болады. Мен сүйгеніме қосылып бақытты болғаныммен, елім тәуелсіздігінен айрылып, бақытсыз болады. Мен үшін елімнің еркіндігінен артық ештеңе жоқ. Қош, сүйіктім!
Осы сөзді айтып бола бергенде, Заринаның қара көзінен жас тамып кетті. Ханзада да мұңға батып, басын төмен салды.
Бізге жеткен деректер Зарина Отаны мен еліне адал басшы болғандығынан хабар береді. Мұның өзі Зарина ханымның ерлігін көрсетсе керек-ті. Зарина ханымның аты сол кезеңдерде Эгей теңізіне дейін жетіп отырғаны тарихи жазбалардан аян. Оның соғыс даласы үшін өсірілген аттары, соғыс салу өнеріне жаттыққан әскерлеріне қарап, басқарушысы әйел екеніне кейде жаудың өзі де сенбей қалатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет