Ќазаќстан республикасы білім жѕне ѓылым министрлігі


Музыка пәнінің мұғалімі Г.Ә.Исаеваның сыныптан тыс өткізетін



бет12/14
Дата05.03.2022
өлшемі276 Kb.
#27120
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
-dip -synyptan-tys-muzykalyq-bilim-beru

Музыка пәнінің мұғалімі Г.Ә.Исаеваның сыныптан тыс өткізетін

іс - шаралары





Жұмыстың мазмұны мен бөлімдері

Мерзімі

Жауапты адам


1

«Ата Заңым ардақты» тәрбие сағаты

10.09

Музыка пәні мұғалімі

2

«Нәр берген ән бұлақтан» Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне арналған әдеби-музыкалық кеші

03.10

Џйірме мџшелері, музыка пәні мұғалімі

3

«Туымды биік ұстаймын» 25 қазан Республика кџніне арналған тәрбие сағаты

25.10

Музыка пәні мұғалімі, 4 сынып оқушылары

4

«Қазақтың ұлы кџйшілері – Дина, Құрманғазы» атты әдеби музыкалық кеш

05.11

Џйірме мџшелері, музыка пәні мұғалімі

5

«Балалық шақтан болашаққа»

14. 03

7 Ә сыныбы

6


«Отаным- алтын бесігім» баяндама

20.04

Музыка пәні мұғалімі

7


Отан, достық туралы әндер байқауы


02.05


Џйірме мџшелері


8

Ақпыз, қара, сарымыз, туысқанбыз- бәріміз ( әдеби муз.монт)

02.05


Џйірме мџшелері


«Ата заңым ардақты» атты ашық тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға қазақ халқының басынан кешкен оқиғалары туралы тарихи әндерді џйрету арқылы Қазақстан осы кџнге қалай келгендігін, қандай тағдырды басынан кешкендігі туралы тџсіндіру. (тәрбие сағатының џлгісі қосымшада берілген)


Нәр берген ән – бұлақтан

Әдеби-музыкалық кештің мақсаты:

1. Өнерімізге жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған, «Вальс падишасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына талдау жасау, әндерімен танысу.

2. Шәмші Қалдаяқовтың әндерін жасөспірімдерге насихаттау арқылы халық арасында шоқтығы биік жұлдыздар шығуына ықпал жасау.

3. Халқымыздың ұлы сазгері Ш.Қалдаяқов әндері арқылы оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Әдеби-музыкалық кештің көрнекіліктері: «Қазақ вальсінің каролі» Ш.Қалдаяқов өмірі мен шығармашылығына арналған оқушылар зерттеулерінің көрмерсі. Қазақстың әйгілі адамдарының Шәмші Қалдаяқов туралы пікірлері, әндер жинағы,өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм, т.б.

Сол кџндер ғой жџректің аңсағаны,

Саған шөлдеп, айызым тамсанады.

Өкініш пе білмеймін қуаныш па?

Өз -өзімнен жџрегім ән салады.

Әнсіз өмір - өмір ме, қаңсымай ма?

Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма,

Мхаббатқа арнап бір ән шығарсын

Шәміл-ац, Шәмші қайда? Шәмшә қайда?

Шәмшіге айт, тағы да бір таңданарсың,

Жындандырсын жџректі, жандандырсын.

Мәңгі өлмес махаббатым айта жџрер

Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын.

(Мұқағали Мақатаев)

1-ші жџргізуші: - Құрметті қауым, әнді қадір тұтатын ағайын.

Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемнің падишасын атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған «Нәр берген ән бұлақтан» атты ән кешіне қош келдіңіздер.

2-ші жџргізуші:

Адам жылап туады,

Жатады оны жұбатып.

Және жылап өтеді,

Өзгені де жылатып.

Жылайтыны туа сап,

Жамандар бар қинайтын.

Жылайтыны өлгенде,

Жақсылар бар қимайтын.

Осылай деген уа, Қадыр аға, неткен ерсің!

Қазақ халқының біртуар перзенті, вальс падишасы атанған Шәмшә Қалдаяқов өз заманының, яғни социалистік жџйесінің елеусіз құбанына айналған.

Дегенмен, ұлы дарын өмірден өткенімен, көңілден кетпеді. Халқымызды әсем әуенімен әлдилеген ұлын, атамекені әлдилеп жџр. Оған дәлел бџгінгі қыстың көңіл құлазытар қара суығында жџректерді жылытатын Шәмші әуендері болмақ.

«Отырар жыры». Шәмші өмірі жайлы эссе оқылады.

(Теледидардан Ш.Қалдаяқов туралы деректі фильм көрсетіліп тұрады).

1. Сөзі: Мұхтар Шахановтікі

Ән – «Арыс жағасында». Орындайтын А.Жџсіпбекова.

Шәмші Қалдаяқовтың бозбалалық шағы.

2. Сөзі: Мұзафар Әлімбаевтікі

Ән – «Ақ маңдайлым». Орындайтын Н.Назаров.

Әр адамға әлемнің жарығын сыйлаған кім?

Жер бетіндегі тіршіліктің қайнар бұлағы, нәр беруші сол АНА!

Ана – теңдесі жоқ таусылмайтын жыр. Өнер қайраткерінің қай-қайсысы болмасын өз шығармаларында арнайы сөз етпей кетпейтін болған. «Ана туралы жырдың» тууы.



Әннің шығуына себеп болған Шәмшіні ән дџниесіне жетелеген аяулы анасы Сақыпжамал Бұқарбайқызының мезгілсіз дџние салуы. Ананың арманда кетуі Шәмшіні қатты тебірентті. Жазылмастай дертке шалдыққан анасы Алматыдағы баласын шақыртады.

- Балам, - деді көзіне жас алып, - жалғыз тілегім: сен аман бол. Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып џзілмесін. Ол әнің ұзаққа жетсін. Бақытты бол балам.

- Апа, қарыздармын сағанн... Қарыздармын, апа!.. Сенің басыңа кесенеден ескерткіш орнату менің қолымнан келе қоймас. Бірақ саған әсем әннің ең асылынан ешқашанұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын, - деді Шәмші.

Бұл 1959 жылдың 4 қыркџйегі болатын. Шәмші анасына берген уәдесін 2 жылдан соң, 1961 жылы орындады.

Бұл ән ана алдындағы ешқашан өлмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы еді. Бұл ән аналар туралы Әнұран болатын.

3. Сөзі: Ғафу Қайырбектікі.

Ән – «Ана туралы жыр». Орындайтын Ә.Мамирова.

Шәмшінің ата-анасының туған жері – Қаратаудың теріскей беті. Ата-анасының туған жерін жыр ғып әндетіп, ту ғып көтеру Шәмшінің арманы болатын. Сол ән «Теріскей» әні болатын.

4. Сөзі: С.Асановтікі.

Ән – «Теріскей». Орындайтын Е.Тағаев.

Бірде бір қуаныш дастарқаны әуезді әндерінсіз өтпейтін, ешкімді тосырқамайтын кең пейілді Шәмшінің тағдыры қаталдау болды. Џй –кџйсіз жџрген кездері де болған. Шәмші Қалдаяқовтың Жамбылдың тџбіндегі дџнгендер ауылында тұрған кезінде шығарған «Дџнген қызы» атты әнін Абдумажитов Абылайдың орындауында қабыл алыңыздар.

5. Ән – «Дџнген қызы». Орындайтын А.Абдумажитов.

6. Сөзі Нұрсұлтан Әлімқұловтікі.

Ән- «Мойынқұмда». Орындайтын М.Жайлаубаева.

7. Сөзі Тұманбай Млодағалиевтікі.

Ән – «Бақыт құшағында». Орындайтын С.Абдуллаев.

Шәмші Қалдаяқов 1990 жылы тамыз айының 17 жұлдызында 60-қа толды. Шәуілдірдің мәдениет џйінде меерйтойға байланысты салтантты жиын өтті. Шәмшіге залдағылардан көптеген сұрақтар тџсіп жатты. Солардың бірі: «Творчестволық жолыңызда сізді ренжіткендер болды ма?» - деген сауал. Оған Шәмші аға былай жауап берген екен:

- Мен өмірімде қанша ән салсам, сонша жылаған болуым керек. Маған жақын нәрсе – халқымның жџрегі. Сұлтанмахмұт: «Жақсылық көрсем де, жамандық көрсем де өзімнен»,- деген. Мен өз әнімнің мықты болуын ойладым. Менің әндерімнің болашағы – халқымның болашағына байланысты. Халқым бар да, менің әндерім де бар.

8. Сөзі Мұхтар Шахановтікі.

Ән – «Өмір -өзен». Орындайтын Д.Оралова.

Ш.Қалдаяқовтың А.Жұбановтың қызы Ғазиза Жұбанововаға арнап шығарған әні.

9. «Шынарым» әнін орындайтын дуэт: назаров нұрсұлтан мен Абдуалиев Алшын.

1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша қазақ музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі џшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа халық артисі құрметті атағы берілді.

Ия, алпыстан асқан шағында берілген атақ ұлық па, кішік пе?

10. М.Шаханов. «Қалдаяқов өзені».

11. Ән – «Отырардағы той». Орындайтын А.Асқарова.

40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқұлы 300-ге жуық ән жазған. Ш.Қалдаяқов әндері тұнып тұрған лирика, махаббат тақырыбында болған. Бұл әндерді жұртшылық барлық жерде: студенттік және отбасылық кештерде, жұмыс орнында, демалыс кезінде әуелете шырқайтын.

12. Шәмші әндерінен попури.

Профессор Құлбек Ергөбектің зерттеулеріне қарағанда Шәмші Қалдаяқов «Нан», «Арақ», т.б. бірнеше поэма жазған. Бәлкім, қолжазбасы табылып қалар. Жоқтаушысы да жоқ емес. Академик, «Халық қаћарманы» М.Әлиев Ш.қалдаяқов атындағы «Шарапат»қорын құрып, біршама ізгілікті жұмыс атқарады. Көше берілді, ескерткіш орнатылды.

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Амалбек Тшанов өткізіп отырған Ш.Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән фестивальдерінен кейін шоқтығы биік жұлдыздардың пайда болуы ел џшін џлкен жетістік.

«Ән аға немесе Шәмшімен сырласу». Орындайтын әншілер тобы.

Шәмші Қалдаяқұлы өзінің қайталанбас қолтаңбасы, бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі ән өнерін биік белеске көтереді. Оның ғажап шығармашылығы – ұлттық мәдениеттің тамаша көрінісі.

Қазақстан – мерейім,

Сені төрден көрейін.

Жеңісіңе желпініп,

Жемісіңді терейін!

13. Хор «Менің Қазақстаным».
«Нәр берген ән бұлақтан» атты әдеби-музыкалық кештің мақсаты ән өнерімізге жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған «Вальс падишасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндерімен танысу, әндерін жасөспірімдерге насихаттау, шоқтығы биік жұлдыздар шығуына ықпал жасау. Оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Кеш Мұқағалидың Шәмшіге арнаған өлеңін оқумен басталып, шарықтау шегі «Ана туралы» әні болды. Ананың теңдесі жоқ таусылмайтын жыр екендігін дәлелдегендей. Әннің шығуына себеп болған Шәмшіні ән дџниесіне жетелеген аяулы анасы Сақыпжамал Бұқарбайқызының мезгілсіз дџние салуы. Ананың арманда кетуі Шәмшіні қатты тебірентті. Жазылмастай дертке шалдыққан анасы Алматыдағы баласын шақыртады.

- Балам, - деді көзіне жас алып, - жалғыз тілегім: сен аман бол. Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып џзілмесін. Ол әнің ұзаққа жетсін. Бақытты бол балам.

- Апа, қарыздармын сағанн... Қарыздармын, апа!.. Сенің басыңа кесенеден ескерткіш орнату менің қолымнан келе қоймас. Бірақ саған әсем әннің ең асылынан ешқашанұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын, - деді Шәмші.

Бұл 1959 жылдың 4 қыркџйегі болатын. Шәмші анасына берген уәдесін 2 жылдан соң, 1961 жылы орындады.

Бұл ән ана алдындағы ешқашан өлмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы еді.

Бұл ән аналар туралы Әнұран болатын. Әдеби музыкалық кеш Шәмшінің «Теріскей», «Дџнген қызы», «Бақыт құшағында», «Өмір өзен», «Шынарым» әндерін орындаумен жалғасса, «Ән аға немесе Шәмшімен сырласу» әні арқылы музыкалық кеш шешімін тапты. Кеш соңында Қазақстанның жаңа Әнұраны асқақтай орындалып, «Қазақстаным» деген Шәмшінің қайталанбас қолтаңбасы, бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі ән өнерін биікке көтергендігі, оның ғажап шығармашылығы – ұлттық мәдениетіміздің тамаша көрінісі екендігін оқушылар әннің қайырмасында сезінгендей.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет