Ќазаќстан Республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет12/26
Дата10.10.2022
өлшемі0,79 Mb.
#42092
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Әдебиеттер1,3,4,6,7,9, 10, 12. 
№9 дәріс тақырыбы: Аударма, аудармашыға қойылатын 
талаптар. 
Дәріс тезисі: Аударма үдерісінде аударма өніміне және 
аудармашыға қойлатын талаптар. Шығыс тіл және кіріс тіл 
ұғымдары 
(Л.К.Латышев). 
Коммуникативті-функционалдық 
баламалық. Бұл талап аударма өнімінің коммуникативтілік 
тиімділігіне байланысбы болады. Аудармашы жасайтын мәтін 
аударма қызметінің өнімі болып табылады және коммуникативті-
функционалдық тұрғыдан шығыс мәтінге балам болуы тиіс және 
шығыс мәтіннің семантика-құрылымдық тұрғыдан барынша 
мүмкін болған деңгейде ұқсас болуы шарттарына негізделуі тиіс. 
Аудармаға қойылатын басты талаптар. Аударма түпнұсқаның 
сөздерін беру керек. Аударма түпнұсқаның мағынасын беру 
керек. Аударма түпнұсқа сияқты оқылуы керек. Аударма аударма 
тәрізді оқылуы керек (Х.Савори). Түпнұсқаның стилін беруі. 
Аударма аудармашының стилін беруі керек. Аудармада автор 
қосқан және түсірген сөздер болмауы керек. Өлең аудармалары 
қара сөз түрінде аударылуы тиіс. Өлең аудармалары өлең түрінде 
аударылуы тиіс Аударма әрекеті аудармашының когнитивті-
коммуникативті іс-әрекеті болғандықтан, оның туындыс аударма 
түпнұсқасының мазмұны мен эмоционалдық, стильдік реңін 
бұзбай жеткізу қажет. Аударма мәтінінің басты қызметі адресатқа 


19 
әсер ету болғандықтан, негізінен эстетикалық және танымдық 
қызмет атқарады. Ең бастысы аударма жанрларының барлық 
түріне қатысты мынадай талаптар сақталуы шарт. Дәлдік 
(Аудармашы автордың ойын толығымен аудармада жеткізуі тиіс). 
Ықшамдылық (Аудармашы көп сөзді болмауы керек, ойлары 
барынша ықшамды және мәнерлі (үйлесімді)түрде мазмұндалуы 
тиіс). Айқындылық (Қабылдауға қиындық туғызатын күрделі 
және екі ұшты оралымдардан бас тартқан жөн). Әдебилік 
(Аударма әдеби тілдің жалпыға бірдей тұтастай нормасына сай 
жасалуы қажет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет