Ќазаќстан Республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет8/26
Дата10.10.2022
өлшемі0,79 Mb.
#42092
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
f1a134f14c508836ee1cae626d73e90d

Әдебиеттер1,2,4,7, 11, 12, 14. 
№4 дәріс тақырыбы: Аудармашының қызметтік қағидалары 
мен этикасы. 
Дәріс тезисі: Аударманың сапалы да өрелі биікте болуы ең 
бірінші кезекте қызметтік қағидаларды ұстануы және аудармашы 
этикасымен 
сабақтас 
мәселе. 
Аударманың 
техникалық 
жабдықтарын 
білу. 
Аудармашы 
этикасы. 
Аудармадағы 
аудармашы этикасына қатысты пікірлер. Аудармашының кәсіби 
біліктілігі. Аудармаға жоғары кәсіби талаптың қойылуы.
Аудармашы этикасының ұстындары. Аудармашының моралдық 
ұстанымдары. Аудармашының кәсіби тәртібінің нормасы.
Кәсіпке жарамдылық және кәсіптік талаптар. Сөйлеу жітілігі. 
Жад. Психикалық ұстамдылық. Тіл табысушылық. Зияткерлік. 
Аудармашының кәсіби біліктілігін жетілдіру талаптары. 
Аударманың техникалық жабдықтарын білу. Аудармашы 
аударманың техникалық тәсілдерін игеруімен қатар аударманың 
техникалық жабдықтарымен де жұмыс істей білуі шарт. 


14 
Аудармаға қажетті қондырғылар мен қосымша құралдары 
пайдалана білу. Компьютерде жұмыс істей білу. Электрондық 
формадағы сөздіктерден ақпарат ала білу. Интернетті пайдалану. 
Қазіргі аудармада қолданылатын озық технологияны жетік игеру. 
Аудармашының құқылық және қоғамдық мәртебесі. Аудармашы 
қызметінің заңды құқықтық мәртебеге ие болуы. Дүние жүзінде 
аудармашылар құқын қорғау мәселесі. Аудармашылардың 
халықаралық ұйымы. Аударманы оқытып-үйрететін мекемелер 
жөнінде.
Әдебиеттер: 1,2,3, 5,7,9, 10, 12. 
№5 дәріс тақырыбы: Аударма және оның түрлері. 
Дәріс тезисі: Аудармашы жұмысы мәтінді қайта жасаудан 
туындайды. Сондықтан оның түрлі нұсқалары болады. Аударма 
түрлері. Ауызша ізбе-із аударма. Ең қажеті аударма түрі. Мақсаты 
– мәтіннің едәуір бөлігінің мағынасын есте ұстай отырып, оның 
танымдық ақпаратын беріп қана қоймай, мүмкіндігінше шешеннің 
стилін, сондай-ақ эмоционалдық стилді басқа тілде жеткізе білу. 
Аудармадағы шапшаңдық. Ауызша ізбе-із аударманың бір немесе 
қос бағытта болуы. Ілеспе аударма. Ілнспе аударамынң түпнұсқа 
айтылуынан сәл ғана кейін, жарыса жүруі. Аударманың ең күрделі 
түрі болуы. Тыңдау, түсіну, аудару және айту талаптары. 
Аудармашы сөзінің тазалығы. Дауыс мәнері. Дауыс тембрі. 
Интонациялық мәдениеті. Ілеспе аудармашылардың жұппен 
жұмыс істеуі. 10-15 минут сайын бірін-бірі аллмастырып отыруы. 
Ілеспе аудармада мәтіннің аударманың ең кіші бірлігі бола алатын 
ең қысқа деген бөліктерінің аударылуы. Аударма балмалылығын 
қамтамасыз етітін негізгі машық болжай білу сипаттары. Ілеспе 
аударамның сыбырлы ілеспе, «бақылаулық» ілеспе түрлері. 
Бейнемәтіннің ілеспе аудармасы. Парақтан аудару. Коммуналдық 
аударма (Институтционалдық аударма). Ауызша аударманың 
даму жолындағы қазіргі кезеңде кеңінен қолданылып жүрген 
бағыт болуы. Негізінен медициналық және басқа әкімшілік 
мекемелерде қолданылуы. Коммуналдық аудармашының мақсаты 
– шетел азаматы мен биліктің арасындағы байланысты жеңілдету. 
Бұл үшін екі тілдің өкілі болып отырған елдер мен халықтардың 
мәдениеті мен әлеуметтік ерекшеліктері туралы терең білімнің 
қажеттілігі. Жазбаша аударма. Мұндағы бірізділіктің сақталуы.
Көркем әдебиет аудармашылары. Компьютермен аудару. 


15 
Аудармада мәтінді өңдеудің ерекше түрлері. Атап айтқанда
бейімдеу. Стилистикалық өңдеу. Авторлық аударма және 
авторластық. Терме аударма (кейде тапсырушыға мәтін тұтастай 
қажет болмайды. Одан белгілі бір мәліметтерді ғана алу қажет). 
Түйіндеп аудару. Бұл мәтінді аудару кезіндегі өңдеудің ең күрделі 
түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет