Ќазаќстан Республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет6/26
Дата10.10.2022
өлшемі0,79 Mb.
#42092
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
f1a134f14c508836ee1cae626d73e90d

Әдебиеттер1,3,4, 7, 12, 15. 
№2 дәріс тақырыбы: Әл-Фараби және көне түркі дәуіріндегі 
аударма. Назира ұғымы. 
Дәріс тезисі: Әлемдік аударматану тарихы тұрғысынан 
алғанда аудармаға байланысты балаң жазба аудармалар көне 
Греция, Рим кезеңдерінен басталады. Ал, аударма заңдылықтарын 
мақсатты зерттеу Қайта өрлеу заманында арнайы қолға алына 
бастады. Жаңа ел, жаңа жерлердің ашылуы осыны талап етті. Ал, 
алғашқы теориялық еңбектер ХVІІІ ғасырдың еншісіне тиеді. 
Түркі әлемінде әл-Фараби трактаттарында көрініс тапты 


11 
(«Ғылымдарды классификациялау туралы»). Аталған дәуірлерден 
бүгінгі күнге дейін аударма және оны зерттеу үздіксіз даму 
үстінде. Қазақ тіліне аудару, қазақ тілінен аудару мәселелері орта 
ғасырдағы араб тілі, түркі танушы ғалымдардың еңбектерінен 
бастау алады. Бұл замандағы түркі тілдерін зерттеушілер кей 
сөздерді, сөз өрнектерін араб тілінде қалай жеткізу керек деген 
мәселеге кезі келгенде назар аударып отырыпты. Алайда, бұл 
еңбектерді аударма заңдылықтарына арналған теориялық 
еңбектер деп айта қою қиын. Орта ғасырдағы Араб Халифаты 
тұсындағы ғалымдардың басты еңбегі - түркі тілдерін басқа 
тілдермен қарым - қатынасқа түсіруі, түркі тілдеріне, түркі 
тілдерін қалай аударуға болады деген мәселеге із салуы» 
(Ж.Жақыпов). Ұлы ғұламаның көне грек өркениетінің айтулы 
тұлғалары Аристетель, Платон шығармаларын кейінгі дәуірге 
жеткізудегі тарихи қызметі. «
Нәзира нәзирагөйлік (араб 
тілінен – жауап, ұқсату мағынасында) – Шығыс 
поэзиясында орта ғасырларда қалыптасқан әдеби үрдіс. Бір 
ақын жырлаған тақырыпты кейін басқа ақынның қайта 
жырлауы немесе алғашқы шығармаға екіншінің “жауап” 
қатуы. Бұл орайда бастапқы туындының сюжеті, 
кейіпкерлері, өлең ырғағы, ұйқасы, көркемдеу құралдары 
пайдаланылады. Ол 11 ғасырдан бастап сарай поэзиясында 
әдебиет тартысы, ақындық талантты сынау құралы ретінде 
қолданылған. Фердоуси сарынымен Нәзира үлгісінде жыр 
жазған Низамидың “Хамсасын” бағдарға алған нәзирагөйлік 
дәстүрі 13 ғ. өрістей бастаған. “Хамсаға” (“Бес кітап”) 
“жауап” жазу үрдісі дамып, бір ғана “Ләйлі – Мәжнүн” 
дастанына жүзден астам Нәзира жазылған. Низами 
дастандарының желісінде Дехлеуи, Науаи, Жәми, Физули 
сынды шайырлар бай мұра қалдырды. Нәзирагөйлік дәстүрі 
қазақ поэзиясында да дамыды. Алғашқы мифтерден, 
“Құран” желілерінен, “Мың бір түн”, “Тотынама”, 
“Шахнама”, “Ләйлі – Мәжнүн”, “Жүсіп – Зылиха”, т.б. 
ізімен жазылған қисса, дастандар қазақ әдебиетінде көптеп 
саналады. Соның бірі – Шәкерімнің “Ләйлі – Мәжнүн” 
дастаны (1907). Ал Абайдың ортағасырлық шығыс 


12 
дастандарынан тамыр алатын “Ескендір” поэмасында 
нәзиралық үлгіден гөрі “дара сипат” басым. Қазақ 
әдебиеттану ғылымында Нәзира әдеби үрдісін М.Әуезов, 
Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Р.Бердібай, Ш.Сәтбаева, 
А.Қыраубайқызы, Ө.Күмісбаевтар зерттеді. (Уикипедия).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет