Қалымбетов Б.Т., Хабибуллаев Ж.О. Сингуляр ауытқымалы теңдеулер курсын оқытуда бакалавр- математиктердің қолданбалы математикалық ойлау қабілеттерін дамыту Мақалада сингуляр ауытқымалы теңдеулер курсын оқытуда болашақ бакалавр-математиктердің математикалық ойлау қабілеттерін қалыптастырудың және дамытудың әртүрлі тәсілдері қарастырылған. Студенттердің математикалық ойлау қабілеттерін дамытудың кейбір тәсілдері скаляр сингуляр ауытқымалы есептің жуық шешімі және олардың асимптотикалық анализінің элементтері арасындағы өзара байланыстары арқылы көрсетілген. Асимптотикалық қатар ұғымы және сингуляр ауытқымалы дифференциалдық жүйелерді бірінші ретті дербес туындылы регуляр ауытқымалы дифференциалдық теңдеулер жүйесіне өткізу, берілген функциялар классынан үлкен өлшемді кеңістікке өту ұғымдары берілген, бұл ұғымдар математик-бакалаврлерде математикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Кілт сөздер: математикалық ойлау қабілеті, студенттердің математикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру, ауытқымалы, итерациялық есеп, дифференциалдық теңдеу, шекаралық қабат. Kalimbetov B.T., Habibullaev Zh.O. Development of applied mathematical thinking bachelor − mathematics at training singularly perturbed equations In this work considers the different ways of formation and development of mathematical thinking, the future bachelors in mathematics education at the course singularly perturbed equations. Showing some of the techniques of mathematical thinking of students and the relationship with the highlights of conduct for the approximate solution of the scalar singularly perturbed problem and the elements of the asymptotic analysis. Presented the concept of asymptotic series and information singularly perturbed differential system to regularly perturbed system of partial differential equations of the first order, the transition from a class of functions to the space of higher dimension, which develop from bachelors mathematicians various methods of mathematical thinking. Keywords: mathematical thinking, formation of mathematical thinking of students, outrage, iterative problem, differential equations, boundary layer.