ҚАЛАЛАРДАҒЫ ШУЫЛ МӘСЕЛЕСІ
Өз кезегінде шуыл өркениеттің ажырағысыз қастығы, ғылыми-техникалық прогрестің кері әсері ретінде қабылданды. Алайда қазіргі таңдағы сияқты шуыл деңгейінің адам үшін маңызды болатынын ешкім болжаған жоқ.
2.1 Мәселенің заманауи жай-күйі
Қазіргі таңда тұрғындардың денсаулығының жай-күйі көптеген экономикалық дамыған елдерде барынша өзгеріске ұшырады. Өнеркәсіптік өндірістің өскендігі байқалады, бұл өз қалалану (урбанизация) үдерісін жылдамдатуға себепші болады.
Бәрімізге белгілі, урбанизация дегеніміз (латын сөзі – urbanus – қалалық деген ұғымды білдіреді) – бұл тұрғындардың шоғырлануы, қалалардағы экономикалық және мәдени өмір, сондай-ақ қалалардың саны мен көлемінің өсуі.
Қалалардың және қала тұрғындары санының заңды өсуіне байланысты өндірістік күштер барынша ұтымды дамып, кадрлық ресурстар тиімді пайдаланылады, қоғамдық игілік, мәдениет пен биліктің кірігуі іске асырылады. Сонымен қатар қоршаған орта мен адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас мәселесі де туындайды.
Қалалар санының артуы және дамуымен қатар олардың инфрақұрылымы да дамиды, оған экологиялық (кәріз жүйесі, су құбырлапрының желісі, жылумен қамтамасыз ету жүйесі), өндірістік және әлеуметтік салалар жатады. Бұлардың арасындағы аса маңыздысы көлік пен байланыс, қоғамдық білім және денсаулық сақтау болып табылады.
Мемлекетіміздің бірнеше аймағындағы қала тұрғындарын ауа бассейны ластануының жеткілікті деңгейінен (химиялық және физикалық) аспайтын сапалы ауыз сумен қамтамасыщ ету мәселесі аса өзекті болып отыр.
Өркениеттің ажырас бөлігі қала санының өсуі, ондағы тұрғындар санының артуы, әсірсе, ірі қалалардың пайда болуы болып табылады. ХХІ ғасырда миллиондар тұрғыны бар ірі қалалардың саны артты. Алып қалалардың қатарына кіреді: Шанхай (24,2млн. Адам) , Карачи (23,5 млн.), Пекин (21,2 млн.) және т.б. Қала тұрғындарының саны бірден өсті: 1890 жылы - 11% , 2010 жылы – 50% («Әлемдік урбанизацияның басым бағыттары, 2011 жыл» баяндамасынан үзінді – World Urbanization Prospects: The 2011 Revision) [7].
Алдағы уақытта қала тұрғындарының үлес салмағы артады деп болжануда (15-сурет) [8].
13-сурет
Әлемнің негізгі аймағында орналасқан қалалық және ауылдық тұрғындар үлесі, 2010 жылдың ортасы, % (WorldPopulationProspects: The 2010 Revision) [8]
14-сурет
Әлемнің 1950-2050 жылдар аралығындағы қалалық және ауылдық тұрғындар санын болжалды бағалау
(World Population Prospects: The 2010 Revision) [8]
Урбанизацияны қалалардың өсуінің сандық үдерісі ғана емес, бұл сапалы үдеріс, оның өзінің даму кезеңі бар, қоғамдық санада урбанизацияға баға беріледі және көрсеткіштер құрылымы заңдылықпен өзгереді.
Қалалар санының артуы мен олардың дамуы, қала тұрғындарының көбеюі және қоршаған ортаның ластануы (химиялық және физикалық) өз кезегінде олар қауіпті көлемге ие болады.
Сонымен нәтижесінде қарқынды урбанистік үдерістер нәтижесінде қалалардағы жағымсыз ықпалға тап болатын тұрғындардың саны өскендігі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |