2.2. Заманауи қалалардаағы өмір сүру ортасының факторлары
Урбанизацияның қарқынды үдерісі тұрғындардың денсаулығына қоршаған ортаның антропогенді ықпалымен бірге жүреді. Ғылыми-техникалық прогрестің заманауи деңгейі жағымсыз әсерді барынша төмендетуі мүмкін, бірақ мұндай іс-шараларды іске асыру көбінесе орасан зор экономикалық шығындарды қажет етеді.
Урбанизацияның жағымсыз факторы өзінің табиғаты немесе болмысы бойынша химиялық, физикалық, биологиялық және әлеуметтік болуы мүмкін [9, 10, 11]. Көптеген жағдайда қоршаған орта ластануының қайнар көзі қалаларла болады, ол ең бастысы қала тұрғындарына әсер етеді. Бұл оқу құралы қалалық ортадағы акустикалық әсердің тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерін бағалауға бағытталғандықтан, қала шуылының пайда болуының негізгі қайнар көздерін, әсіресе, көлік шуылының адам ағзасына әсерін қарастырамыз.
2.3. Қала шуылы
Қала шуылы мәселесі көп жағдайда көлікпен және автокөлік қозғалысынан туындайтын шуылдарға тікелей байланысты. Авторкөлік тек залалды химиялық факторлар ғана емес, физикалық факторлардан тұрады, шуылдарды туғызады. Аталған факторлар қала тұрғындарының организміне жағымсыз әсер етудің басты бөлігін анықтайды – көліктық, өндірістік, кварталдық және пәтерлік және т.б. (15-сурет).
Қала шуылы пайда болуының басты қайнар көздері автокөлік, рельсты және ауа көлікы, өндірістік өнеркәсіптер болып табылады (16-сурет).
Қаладағы кеңінен көп таралған шуыл көлік шуылы болып табылады, оның қайнар көзі автокөлкітер, трамвай, поезд және ұшақтар.
Автортанспорт шуылының деңгейі негізінен үш фактордан құралады: машина қозғалысының қарқындылығы, қозғалыс жылдамдығы және көлік ағынының құрамы. Көлік қозғалысының қарқындылығы мен қозғалысының артуымен бірге, сондай-ақ жүк машиналарының ағыны шуыл деңгейін арттырады. Бұдан басқа мұнда жол жабындыларының сапасы да аса маңызды рол атқарады.
15-сурет
Қала шуылының түрлері
16-сурет
Қала шуылы пайда болуының қайнар көздері
Қазіргі қалалардағы автокөлік қозғалысының қарқындылығы сағатына 10 мың бірліктен жоғары болады, ал жаңадан салынған аудандардағы көлік ағынының 90 пайызын жүк машиналары құрайды. Трассалдардағы шуыл деңгейі 80 дБА жоғары болады.
Қалалардағы шуылды көп шығаратын көліктер трамвай, оның шуылы автокөліктікінен 10 дБА жоғары болады. Қалалық шуылға теміржол көлігі де өзінің үлкен үлесін қосады, оның шуылы автокөліктікінен 90 дБА жоғары. Қазіргі таңда авиациялық шуыл да аса өзекті мәселеге айналып отыр. Соңғы онжылдықта авиациялық шуыл әуежай маңында 108 дБА жоғары болып алаңдаушылық туғызып отыр.
Шуылдың әрбір қайнар көзін жеке дара қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |