Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Адам ағзасына шуыл әсер етуі екі бағытта көрініс табады: арнайы және тән емес (бейтән)



бет11/38
Дата24.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75994
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
Адам ағзасына шуыл әсер етуі екі бағытта көрініс табады: арнайы және тән емес (бейтән)
Осыған дейін айтып өткеніміздей, ауру туғызатын дыбыс шегі 110 ДБА деңгейінде болады, алайда, қала шуылы мұндай деңгейге ешқашанда жетпейді. Сонымен қатар есту мүшесінің патологиясы барысында құлақта ауру сезімі 80- 90 дБА деңгейінде де пайда болуы мүмкін. Жалпы алғанда шуыл ықпалының арнайы әсері адамның есту мүшесін зақымдауымен көрініс табады.
Қала шуылының жылдан-жылға өсуіне байланысты есту анализаторы ұдайы қысымға тап болады, бұл есту шегінің 10-25 дБА артуына әкеледі, нәтижесінде еадам есту қабілетінен айрылуы мүмкін. Францияда 100 мың тұрғыны бар қалада есту қабілетінен айрылған 130 адам бар, ал ауылды елді-мекендерде бұл көрсеткіш 30-дан аспайды. Соңғы жылдары Швецияда есту мүкістігі екі еседен асып отыр. Осыған ұқсас жайтты АҚШ және басқа да елдерден байқауға болады, қала шуылы соңғы онжылдықта жыл сайын 0,5-1,0 дБА көрсеткіш көлемінде өсті.
Шуылдың бейтән ықпалына жатады:

  • орталық жүйке жүйесіне әсері (тез шаршау, шектен тыс күйзеліс, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі);

  • жүрек қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы, өйткені, шуыл гипертонияның дамуына ықпал етіп, жүрек қантамыр жүйесінің басқа эда патологиясының дамуына себеп болады;

  • тыныс алу жүйесін, көру және сезу, вестибулярлық аппараттың және т.б. бұзылуы.

Балалар мен науқас адамдар шуылға барынша сезімтал болып келеді, нәтижесінде жүйке және жүрек қантамырлар жүйесінің қызметі бұзылады, сауығу үдерісі кідіреді, науқастардыңғ стационарда болу мерзімі созылады.



    1. Тұрғындар үшін шуылдың шектік немесе жеткілікті деңгейі

Адамдарды қала шуылының зардабынан қорғау үшін оның қарқындылығын, спектрлік құрамын, әсер ету уақытын және басқа да параметрлерін реттеу қажет. Адам ағзасына шуылдың әсер етуін және оның физиологиялық көрсеткіштердің өзгеруіне әкелетін деңгейден аспауын гигиеналық нормаға келтіру қажет.


Шуылдың орталық жүйке жүйесіне және жүрек қантамырлар жүйесіне әсер ететіндігі жануарларға жүргізілген тәжірибе жұмыстары барысында анықталды.
Тұрғындар үшін шуылдың жеткілікті гигиеналық деңгейінің негізіне шуылдың әсер етпейтін және шектік деңгейін анықтау бойынша іргелі физиологиялық зерттеулер жүргізілді.
Тұңғыш рет тұрғын үйледегі шуылдың жеткілікті санитариялық нормасы Ф.Эристан атындағы Мәскеу гигиена ғылыми-зерттеу институныда әзірленді және 1960 жылы КСРО Денсаулық сақтау министрілігінде бекітілді. 1965 жылы нормалар кеңейтілді; тұрғындар территориясы үшін жеткілікті деңгей анықталды. Қазіргі таңда қалалардағы шуылды нормаға келтіру уақыты қолданыстағы «Шуылдан қорғау» санитриялық нормаларына сәйкес («Санитарными нормами допустимого шума в помеще­ниях жилых и общественных зданий и на территории жилой застрой­ки» № 3077-84 и II главой СНиП П-12-77 «Защита от шума») реттеледі. Санитариялық нормалар қалалар, микроаудандар, тұрғын үйлер, кварталдар, коммуникациялар және т.б. салу үшін жобалаушы жоспарларды әзірлеуші, тұрғын және қоғамдық ғимраттар құрылысын салатын әрі оларды пайдалануға беретін барлық министрліктерге, ведомствалар мен ұйымдарға, сонымен қатар көлік құралдарын, ғимараттардың технологиялық және инженерлік, тұрмыстық құрал-жабдықтарын жобалаушы, әзірлеуші және оларды пайдалануға беруші барэлық мекемелер мен құрылыс компаниялар үшін де міндетті болып табылады. Бұл ұйымдар осы норма бекіткен шуылдың деңгейні төмендеу бойынша барлық қажетті шараларды қарастыруға және жүзеге асыруға міндетті болып табылады.
Шуылмен күресудің жолдарының бірі қозғалыс құралдарын, инженерлік құрылыстар, тұрмыстық құрал-жабдықтарға байланысты мемлекеттік стандарттарды әзірлеу болып табылады, мұның негізіне акустикалық жайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған гигиеналық талаптар өзек болады.
МЖМСТ 19358-74 «Автокөліктер, автопоездар, автобустар, мотоциклдер, мотороллерлер, мопедтер және мотовелосипедтер. Сыртқы және ішкі шуыл. Шуылдың барынша жеткілікті деңгейі. Өлшеу әдістері» шуылдың сипаттамасын береді, оларды өлшеудің және автокөлік (мотоцикл) шуылының жеткілікті деңгейін қабылдаған мемлекеттік, ведомствоаралық, ведомствалық және мерзімді бақылау сынағынан өткізудің әдістерін анықтайды. Сыртқы шуылдың негізгі сипаттамасы ретінде жеңіл автокөліктер үшін 84 дБА, жүк көліктері және автобустар үшін 85-92, мотоциклдер үшін - 80-86 дБ А деңгейден аспайтын шуыл деңгейі қабылданды. Ішкі шуыл үшін октавалық жиілік жолағындағы дыбыс қысымының жеткілікті деңгейінің бағдарланған мәні алынды; дыбыс деңгейі жеңіл автокөліктер үшін 80 дБА, жүк көліктерінің кабинасы мен жұмыс орны және автобустар үшін – 85, автобустардың пассажирлерге арналған кабиналары үшін - 75-80 дБ А аспауы тиіс.
Жеткілікті деңгейдегі шуылдың санитариялық нормалары қала құрылысында, түрлі мақсаттағы ғимараттарды салу барысында гигиеналық талаптарға жауап беретін шуыл режимін жасауға бағытталған архитектуралық жоспарлау және әкімшілік, техникалық іс-шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді, олар тұрғындаррдың денсаулығын және олардың жұмыс жасау қабілеттерін қорғауға мүмкіндік береді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет