Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі қазақ тағамтану академиясы


-кесте. 100 кг дайын өнімге есептелінген бидай ұрықтары мен мүкжидек шыры-



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата03.03.2017
өлшемі444,48 Kb.
#7288
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

21-кесте. 100 кг дайын өнімге есептелінген бидай ұрықтары мен мүкжидек шыры-
ны негізінде жасалған «Здоровая жизнь» йогуртының рецептурасы  
Шикізат атауы
Құрамы
Майсыздандырылған сүт, кг
49,5
Іркіт, кг
10
Бидай ұрықтары, кг
2
Йогурт ашытқы (болгар таяқшасы, ацидофильді 
таяқша, сүтті қышқылды стрептококк)
30
Мүкжидек, кг
6
Пектин, кг
2
Фруктоза,кг
0,5
Дəрумендер, г:
С
25
РР
6,70
В1
0,3
В2
0,17
Вс
0,2
А
0,3
Е
3,3
Майсыздандырылған сүт, бидай ұрықтары, мүкжидек шырыны, 
моноқанттар, пектин, сонымен қатар, суда жəне майда еритін дəрумендердің 

62
ағзада иммунитетті көтеретін, антиоксиданттық, детоксициялайтын жəне 
микробиоценозды қалыпқа келтіру қасиеті  бар тағамдық жəне биологиялық 
жағынан маңызды ингредиенттері бар қышқылды сүтті йогурт жасауға 
мүмкіндік береді. 
Өнімді артық дене салмағы бар, ас қорыту жолдарының функционалдық 
белсенділігі бұзылған, сонымен қатар, жүрек-қантамыр ауруларымен ауыра-
тын адамдар пайдалана алады. 
Перистальтиканы (ісінген кезде асқазан жəне ішек қабырғаларын 
механикалық тітіркендіру) күшейтіп, өттің бөлінуі менферменттер секреция-
сын жақсартатын күріш кебектері сияқты кебектер тағамдық талшықтардың 
тамаша көзі болып табылады. Талшықтар асқазанның жүйке нүктелерін 
тітіркендіре отырып, сол жерде ісіне бастайды да, талшықтар тойымдылық 
сезімін тудырып, тəбетті төмендетеді, сонымен қатар,   оның құрамында В 
тобының дəрумендері (В1, В2, РР, пантотен қышқылы, В6), минералды зат-
тар (кальций, темір, магний, фосфор, калий, натрий, мырыш, мыс, марганец) 
жəне өсімдік тектес стериндер мен станолдар бар. 
Кебектерді қаражидек шырынымен, моносахаридтермен, 
дəрумендермен бірге қолдану қаражидектің, күріш кебектерінің, сонымен 
қатар, сүтті қышқылды бактериялардың микробты липополисахаридтерінің 
пайдалы қасиеттерін жинақтаған, калориясы төмен, ферменттелген өнімді 
жасауға мүмкіндік береді. Қаражидектің құрамында 6 % дейін моносахарид,  
7 % дейін тұтқыр заттар, лимон жəне алма қышқылдары, С дəрумені, ка-
ротин, микроэлементтер жəне де биофлавоноид-антоциан бар екені белгілі. 
Қаражидек қан құрамындағы қант мөлшерінің төмендеуіне ықпал етеді, 
ас қорыту жəне зат алмасу үдерістерін жақсартады, асқазан шырынының 
қышқылдығын арттырады. Сонымен қатар, қаражидек көз торының 
қанайналымы мен көру қабілетін жақсарта отырып, көзге жағымды ықпал 
етеді. Қаражидек өзінің антиоксиданты қасиеттерімен танымал. 
Төменде қаражидек шырынымен жəне күріш кебектерімен 
құнарландырылған сүтті сығынды негізінде жасалған, калориясы төмен 
«Легкость» сусынының рецептурасы берілген (22-кесте).
22-кесте. 100 кг сусынға есептелінген «Легкость» 
қышқылды сүтті өнімінің рецептурасы 
Шикізат атауы
Құрамы
Сүт сығындысы, кг
76
Майсыздандырылған сүт, кг
10
Қаражидек шырыны, кг
2
Бактериялы ашытқы 
4
Күріш кебектері, кг
2
Ксилит, кг
6

63
Дəрумендер, г:
С
25
РР
6,70
В6
0,3
В2
0,17
Пантотен қышқылы
1,7
Өсімдік ақуыздарына, көмірсуларға, калийге, фосфорға, мырышқа, 
фторға, йодқа, А продəруменіне жəне В тобының дəрумендеріне бай 
сұлы жармасы тағамдық талшықтардың тағы бір құнды көзі болып та-
былады. Сұлының үлпектерінде адамға қажетті барлық дерлік пайдалы 
амин қышқылдары мен темір сияқты микроэлементтер кездеседі. Сұлы 
үлпектерінің дəрумендерге (С, А, В1, К, Р), минералдарға, пектиндерге 
жəне тұтқыр заттарға, сонымен қатар, органикалық қышқылдарға бай бо-
лып саналатын қызыл қарақатпен қосылысы майсыздандырылған сүттің 
негізінде табиғи тəттілендіргішті (стевияны) қолдана отырып, калориясы 
төмендетілген жəне биологиялық құндылығы арттырылған, йогрут түріндегі 
қышқылды сүтті өнім жасауға мүмкіндік береді. Рецептурасы 23-кестеде 
көрсетілген «Витаминный» бұқаралық қолданыстағы өнім түрінде ғана емес, 
семіздік пен артық салмақтан зардап шеккен адамдарға профилактикалық 
мақсатта да қолданылуы мүмкін. 
Қызыл қарақатпен бірге аскорбин қышқылының, А дəрумені мен 
рутиннің, калий, темір жəне фосфордың, сонымен қатар, моносахаридтің, 
пектиннің жəне биофлавоноидтың жоғары деңгейі тұрғысынан қара 
қарақаттың да пайдасы зор. 
Қара қарақат жидектерінен алынған шырында жалпы күшейткіш, 
сергіткіш, қанды қалпына келтіру жəне зəрді айдау əсері бар. Ол авитаминоз, 
ас қорыту жолдары, жүрек-қантамыр, қуық жəне зəр шығару жолдарының, 
тірек-қозғалыс аппараттарының, тыныс алу органдарының аурулары кезінде, 
зат алмасу үдерісі бұзылғанда жəне инфекциялық ауруларда ұсынылады. 
23-кесте. 100 кг дайын өнімге есептелінген 
«Витаминный» йогуртының рецептурасы  
Шикізат атауы
Құрамы
Майсыздандырылған сүт, кг
76,9
Сүт сығындысы, кг
10
Сұлы үлпектері, кг
3
Қызыл қарақат шырыны, кг
6
Йогурт ашытқысы (болгар таяқшасы, 
ацидофильді таяқша, сүтті қышқылды 
стрептококк), кг
4
Стевия сығындысы, г
30

64
Дəрумендер, г:
С
25
РР
6,70
В
6
0,3
В
2
0,17
В
с
0,2
Пантотен қышқылы
1,7
Қарақат шырыны мен амин қышқылдарына, фолий қышқылына, Е жəне 
РР дəрумендеріне, кальцийге, темірге, калийге, мысқа, йодқа, фосфорға, 
мырышқа, фторға, борға, кобальтқа жəне молибденге бай қарақұмық 
жармасының қосылысы негіз ретінде екіншілік сүт шикізаттарын (сүт са-
рысуы, іркіт, майсыздандырылған сүт жəне т.б.) пайдалану кезінде төмен 
калориялы арнаулы өнімдерді біріктіруге мүмкіндік береді. Қарақұмық 
алмасу-алиментарлық аурулары кезінде (семіздік, диабет, жүрек-қантамыр 
аурулары), сондай-ақ, қан құрамындағы холестерин мөлшерін азайту жəне 
қан өндіруді жақсарту үшін пайдаланылатынын атап өткен жөн. 
Төменде қарақұмық жармасымен, қарақат шырынымен, табиғи 
қант алмастырғыш стевиямен, сондай-ақ, дəрумендер кешенімен 
құнарландырылған іркіт негізіндегі «Диетический» функционалдық 
қышқылды сүтті өнімнің рецептурасы берілген (24-кесте).
24-кесте. 100 кг дайын өнімге есептелінген «Диетический» қышқылды сүтті 
өнімінің рецептурасы 
Шикізат атауы
Құрамы 
Шикізат атауы
87,9
Іркіт, кг
6
Қарақат шырыны, кг
4
Бактериялы ашытқы 
2
Қарақұмық, кг
30
Стевия сығындысы, г
Дəрумендер, г:
25
С
0,3
А
3,3
Е
0,3
В
1
0,17
В
2
Калориясы төмен ем-дəм азық-түліктерін жасау үшін, дəстүрлі 
екіншілік сүт шикізатынан басқа толыққұнды ақуыздың, дəрумендер мен 
микроэлементтердің көзі ретінде соя сүті қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ, 
соя сүтінде адам ағзасына пайдалы соя изофлавоны жəне лецитин сияқты 
заттар жеткілікті мөлшерде кездеседі.  Соя сүті ем-дəмдік жəне жеңіл сіңетін 

65
өнім болып табылады. Сондықтан, оны асқазанның гиперсекрециясы немесе 
асқазан жарасы ауруларына шалдыққан адамдарға пайдалануға ұсынады.  
Соя сүті, сондай-ақ, жүректің ишемиялық ауруларында, атеросклероз-
да, гипертонияда, созылмалы холециститте жəне семіздік кезінде пайдалы. 
Төменде пребиотиктермен, қант алмастырғыш стевиямен, дəрумендермен 
жəне шетен шырынымен құнарландырылған соя сүті негізіндегі қышқылды 
сүтті сусынның рецептурасы берілген (25-кесте).
25-кесте. Соя сүтінің негізінде жасалатын қышқылды сүтті өнімнің рецептурасы  
(100 кг-ға есептелінген)
Шикізат атауы
Құрамы
Соя сүті, кг
87,9
Шетен шырыны, кг
10
Инулин, кг
2
Стевия сығындысы, г
30
Дəрумендер, г:
С
25
В
2
0,17
В
6
РР
6,70
В
с
0,2
Қышқылды сүт өнімінің құрамына кіретін шырын құрамындағы 
дəрумендерімен (С, А, Р, К, Е, В тобы), минералды заттарымен (темір, маг-
ний, калий, фосфор, мыс, мырыш, алюминий, йод жəне т.б.) ерекшелінеді. 
Сонымен қатар, шетен моноқанттарға (глюкоза, фруктоза), пектиндер 
мен тұтқыр заттарға, органикалық қышқылдарға, амин қышқылдарына, 
биофлавоноидтарға бай. Шетен шырынының микробқа қарсы, зəр айдағыш 
əсері бар. Шырын авитаминоз, жүрек-қантамыр жүйелері мен ас қорыту 
жолдарының аурулары кезінде, зат алмасу үдерісі бұзылғанда, көз аурула-
рында, бауыр, бүйрек, қуық пен зəр шығару жолдарының, сонымен қатар, 
тыныс алу жолдарының аурулары кезінде ұсынылады.
Өнеркəсіптің май өнімдерін өндіру саласы кəсіпорындарына арналған
 ұсыныстар 
Қазіргі таңдағы тамақтану мəселесіндегі негізгі теріс үрдістер семіздік, 
диабет жəне т.с.с. өркениеттің «дəстүрлі»  ауруларының себебі ретінде 
қарастырылатын, жоғары калориялы тағамды аса көп мөлшерде пайдалану 
жəне тағаммен түсетін өмірге қажетті маңызды ингредиенттердің тұрақты 
жетіспеушілігімен байланысты.  
Тамақтану құрамына денсаулыққа пайдалы функционалдық 
ингредиенттері бар, оның құрамында май өнімдері де,  бұқаралық 

66
қолданыстағы азық-түліктерді енгізу тағам саласын дамытудың басым 
бағыты болып табылады. 
Семіздік немесе жүрек-қантамыр ауруларының қаупіне байланысты 
май өнімдері «денсаулыққа пайдалы» деп айтыла бермейтін. Май өнімдерінің 
тағамдық құндылығы жоғары, əрі олар тұрғындардың əртүрлі топтары үшін 
энергия мен тағамдық заттарға деген физиологиялық қажеттіліктің норма-
ларына сəйкес тамақтанудың алмастыруға келмейтін факторы. Майларға 
деген қажеттілік ер адамдар үшін тəулігіне 70 -154 г болса, əйел адамдарға 
тəулігіне 60 - 102 г құрайды.  Бұл қажеттілік азық-түліктердің құрамына 
табиғи жолмен кіретін майларды жəне ас майларын (сары май, маргарин, 
өсімдік майлары) қабылдау кезінде қанағаттандырылады. 
Майлардың  биологиялық қасиеттері майлы-қышқылды жəне 
үшглицеринді құраммен, сондай-ақ, олардағы биологиялық белсенді 
қосылыстардың (токоферолдар, стеролдар, фосфолипидтер, каротиноид-
тар жəне т.б.) болуымен түсіндіріледі. Алайда, бұл өнімдердің тағамдық 
құндылықтарының негізгі критерийі олардың майлы-қышқылды құрамы 
болып саналады. Сондықтан, май фазасының май негізінің полиқанықпаған 
май қышқылдарының (ПҚМҚ) саны мен қатынасын үйлестіріп таңдау 
жолы арқылы май фазасы құрамының өзгеруі дəстүрлі май өнімдерінің 
биологиялық тиімділігі жоғары өнімге айналу сатыларының бірі. Майлы-
қышқылды құрамның ең тиімді сипаттамасы – тағам өнімдеріндегі 
эсенциалдық май қышқылдарына қатысты оның үйлесімділігі. 
Диеталық жəне емдеу-профилактикалық өнімдерді жасаудың негізгі 
бағыты - қаныққан майларды, холестеринді, тұзды азайтып, азық-түлікті 
дəрумендермен жəне жарамдылық мерзімін арттыратын ғана емес, өнімге 
антиоксиданттық жəне иммунитетті ынталандырушы қасиет беретін био-
флавоноидтармен құнарландыру. 
Нативтік үшглицериндерді сақтап, жоғары мөлшердегі биологиялық 
белсенді заттары бар майларды алу үшін азық-түлікке нақты бір физикалық-
химиялық, реологиялық жəне биологиялық қасиет беретін, біріктілген май 
шикізатын қолдану керек. 
Міндетті түрде биологиялық жəне тағамдық құндылығы артық, 
жаңа ұрпақтың функционалды эмульсиялық өнімін əзірлеген жөн. Емдеу-
профилактикалық мақсаттағы тұрақты майлы эмульсиялық өнімді алу үшін 
эмульсиялық өнімдердегі май негізінің құрамын кеңейтіп, жақсарту үшін, 
ондағы май қышқылдарының тиімді қатынасында өсімдік майларының 
қоспасын пайдалану ұсынылады. 
Эмульсиялы типті май өнімдерінен функционалдық тағам объектісі 
ретінде соустар мен спредтер үлкен қызығушылық тудыруда. 
Спредтер бутербродты эмульсиялық өнім ретінде шығарылады. Қазіргі 
таңда оларды өндіру жəне тұтыну біршама өскен жəне оларды дайындап 

67
шығарудың нақты бір үрдісі қалыптасқан. Спредтерді шығарып, тұтыну 
жағынан Финляндия алғашқы орында болса, екінші орында – Польша мен 
Нидерланды, үшіншіде – Швеция, төртінші орында – Чехия.
Эмульсиялық типті өнім бола отырып, спред суда жəне майда еритін 
ингредиенттермен құнарландырудың жайлы объектісі болып табылады. 
Спредтерді өндіру кезінде майлы-қышқылды құрамын реттеуге (қаныққан 
май қышқылдарының құрамын азайту); дəруменді құрамын реттеуге; 
функционалдық мақсаттағы ингредиенттерді енгізуге болады.  
Спредтің майлы негізін қалыптастыратын майлардың белгілі бір 
қасиеттері болады жəне олар бұл қасиеттерін дайын өнімге беріп отырады. 
Бұл факторды спредтің рецептурасын жасау кезінде есепке алған жөн. 
Жоғары икемділік қасиеті бар спредтер, тіпті, төмен температураның 
өзінде сары майдан асып түседі жəне бутербродтарда ғана емес, ұннан жаса-
латын кондитерлік өнімдерде кеңінен пайланаланылады. 
Спредтер органолептикалық жəне құрылымдық-механикалық 
көрсеткіштері жағынан ғана емес, іріктеу арқылы майлы-қышқылды құрамы 
үйлестірілуімен, полиқанықпаған май қышқылдарының тиімді мөлшерімен, 
трансизомерлі май қышқылдарының мүлде болмауымен, сондай-ақ, А, D, 
E майда еритін дəрумендермен құнарландыруды қамтамасыз ететін майлы 
негізімен тамаша май өнімі болып табылатын сары майға біртіндеп сəйкес 
келуде.  
Май өнімдерінің жоғары калориясы сулы фаза құрамының артуы-
мен, сəйкесінше, майлылықтың төмендеуі арқылы калориясы төмен азық-
түліктерді дайындаудың дұрыс екенін көрсетеді.  Эмульсияның мұндай 
түріне майонездер, сондай-ақ, соустар мен салат тұздықтары жатады. Со-
нымен қатар, калориясы төмен маргариндер, сары майлар жəне спредтер 
қолданылады.
Спредтер құрамында өсімдік майларының басым болуының 
нəтижесінде оларда холестерин өте аз мөлшерде, сонымен қатар, калория-
сы төмен, əрі полиқанықпаған май қышқылдарының көп мөлшері кездеседі. 
Төменде спредтер өндірісінде өте жиі қолданылатын өсімдік майларының 
құрамы берілген (26-кесте).
Калорияның төмендеуі, құрамында холестерин болмауы, майда еритін 
дəрумендердің  болуы - ПҚМҚ, тағамдық талшықтар, антиоксиданттар 
сияқты функционалдық ингредиенттердің өзге топтарының жетіспеушілігі 
жағдайында, көп функционалдылықты қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз.  
Майлы жəне сулы фазалы спредтердің жаңа түрлерін əзірлеуге арналған 
жоспарлар олардың функционалдық қасиеттерін күшейтетін технологиялық 
амалдар мен құнарландырғыш жаңа ингредиенттерді іздеумен байланысты. 
Май өнімдерін құнарландыру майлы фазада функционалдық 
ингредиенттерді еріту мүмкіндігімен байланысты. Сондықтан, тұрақты 

68
түрде майда еритін дəрумендермен, фосфолипидтермен жəне омега-3, 
омега-6 тектес ПҚМҚ-мен құнарландырылады. Май өнімдерін ПҚМҚ, 
дəрумендер, фосфолипидтермен құнарландырумен қатар пребиотиктермен, 
атап айтқанда, инулинмен құнарландыру перспективалық бағыттың бірі 
болып табылады.  Инулинді спред өндірісінің технологиясына пайдалану 
май мен қант мөлшерін төмендетіп, бұл өнімдердің орамасына инулиннің 
болуына қатысты  денсаулыққа пайдалы қасиеттерін көрсете отырып, 
функционалдық ретінде жайғастыру сияқты бірден екі тиімділікке қол 
жеткізуге мүмкіндік береді. 
Алмасу-алиментарлық (семіздік, диабет) жəне жүрек-қантамыр 
ауруларының алдын алу тағамның калориясын төмендету жəне жануар май-
ларын пайдалану, рационда дəнді-дақылдар, көкөністер, жемістер үлесін 
арттыруды қарастырады. Өндірушілер тарапынан қолданылатын қосымша 
шаралар мүмкіндігі қан құрамындағы холестерин мөлшерін азайтуға ықпал 
ететін функционалдық ингредиенттермен құнарландырылған, бұқаралық 
қолданыстағы азық-түліктерді əзірлеумен байланысты. Мұндай ингреди-
енттерге холестериннің өсімдікті аналогы фитостерин (фитостерол) жəне 
олардың қаныққан түрі фитостанин (фитостанол) жатады. Фитостериндер 
өсімдік тектес екіншілік бір атомды циклді негізі бар топ түрінде жəне адам 
ағзасындағы холестериннің құрылымдық циклді негізінде  кездеседі. Фи-
тостериндер дəнді-дақылдарда, көкөністер мен жемістерде; ал фитостанол-
дар жүгері, соя жəне рапс майларында, күнжіт, бадам, күріш кебектерінде 
кездеседі.  Əлемдегі зерттеулер нəтижелері бойынша соңғы 10-15 жылда 
құнарландырылған тағам өнімдерінің тиімділігі мен əр түрлеріне баға берілді. 
Фитостериндердің мұндай өнімдерін тəулігіне 1–3 г мөлшерде пайдалану 
жалпы холестерин көлемін 10–20 %, тығыздығы төмен липопротеиндерді 
14-16 %, майлылық жəне холестерин мөлшері төмен диетамен біріктіргенде 
- 24 % төмендетіні анықталды. Фитостериндер эфирінің осындай тиімділі 
нақты дəлелденді. Енгізудің технологиялық күрделендірілгеніне қарамастан, 
фитостериндерді пайдалана отырып жаңа əзірленімдер жасалды. Финлян-
дияда майда жақсы еритін стерин эфирлерінің майда еритін үлгілерін алу 
үшін рапс майымен этерификациялау əдісі əзірленді, сондықтан, оларды 
майлы фаза құрамына қосу технологиялық жағынан қиын емес. Құрамында 
стериндері, станолдары, күрделі май қышқылдары мен стерин/станол 
эфирлері жəне олардың кез келген қоспасы бар май май түйіршіктерін 
алу əдістері бар. Түйіршіктер сорпалық текшелерге, дəмдеуіштерге жəне 
ұқсас өнімдерге қосуға арналады. Құрамы тиімді тамақтану формуласына 
сəйкес келетін, яғни, төмен калориясымен, майлы фазасында холестерин 
мен трансизомерлі қышқыл көздерінің болмауымен, май қышқылдарының 
үйлестірілген құрамымен сипатталатын фитостериндермен, əсіресе, 
олардың эфирлерімен, құнарландыру негізделген болып табылады. Көптеген 

69
26-кесте. Өсімдік майларының химиялық құрамы (И.М. Скурихин мен
В.А. Тутельян бойынша,2008)
Вид м
а
сла
С
у,
 %
Май,
 %
Са
лм
ақтық үле
с
Са
лм
ақтық 
үле
с, мг %
Дəр
у
мендер
Энерг
етик
ал
ық
құндылығы
Қаныққан м
ай 
қышқылдары 
По
лиқанықпаған 
ма
й
 
қышқылдары
Са
Р
F
e
Бет
а-
к
аро
тин, 
мкг %
Р
етино
лды 
эквив
ал
ен, 
мкг %
Т
о
коферо
л 
эквив
ал
ен, 
мкг %
Ж
ержаңғақ 
ма
й
ы
0,1
99,9
15,5-28,9
13,0-45,0
-
2
-
-
16,7
-
899
Қыша м
айы
0,2
99,8
4,2-8,0
15,0-48,0
-
2
-
150
25
9,2
898
К
ак
ао м
айы
0,1
99,9
57,0-63,0
1,0-4,0
-
2
-
-
2,4
-
899
К
ендір м
айы 
0,1
99,9
7,5-1
1,5
75,0-83,0
-
-
-
-
-
-
899
К
о
ко
с м
айы
0,1
99,9
85,0-95,0
1,0-2,6
2
2
-
-
0,7
-
899
Жүг
ері м
айы
0,1
99,9
10,2-18,8
34,0-62,0
-
2
-
-
18,6
-
899
Күнжіт м
айы
0,1
99,9
10,1-18,3
34,0-51,0
-
-
-
-
8,1
-
899
Зығыр м
айы
0,2
99,8
8,5-10,7
38,3-97,0
-
2
-
-
2,1
-
898
Зəйтүн м
айы
0,2
99,8
1
1,8-21,8
3,6-22,8
-
2
0,4
-
12,1
-
898
Па
льм
а м
айы
0,1
99,9
40,0-56,0
7,0-13,0
-
2
-
-
33,1
-
899
К
үн
ба
ғы
с м
ай
ы
0,1
99,9
8,7-16,3
55,0-75,0
-
2
-
-
44,0
-
899
Ра
пс м
айы
0,1
99,9
8,0-12,0
12,0-54,0
-
2
-
-
18,9
-
899
Со
я м
айы
0,1
99,9
12,0-20,0
49,0-71,0
-
2
-
-
17,1
-
899
К
о
но
ль м
айы 
0,1
99,9
4,8-8,0
24,0-42,0
-
2
-
-
18,9
-
899
*И.М.Скурихин, В.А.Тутельян. Ресей тағам өнімдерінің химиялық құрамы мен калориялығының кестесі. «Дели» баспасы. 2008.-276б.

70
шетелдік фирмалар фитостанолдармен, фитостериндермен жəне олардың 
эфирлерімен құнарландырылған функционалды тағамдық өнімдер өндіреді. 
Ресей ғалымдарымен пре- жəне пробиотиктер қосылған спредтер 
əзірленді. Пробиотиктер ретінде Bifi dobacterium жəне/немесе Lactobacillus, 
жəне/немесе Lactococcus, жəне/немесе Streptococcus, жəне/немесе 
Propionibacterium тектес микроағзалар, пребиотиктер ретінде пектин, гум-
миарабик, альгинат, каррагинандар немесе олардың композициялары, соны-
мен қатар, инулин, лактулоза,  β-глюкандар, фруктоолигосахаридтер неме-
се олардың композициялары қолданылады. Спредтің майлы негізі пальма, 
соя, рапс майы комбинацияларын пайдалану арқылы май қышқылдарының 
құрамы мен қатынасы жағынан тиімді етіледі, ал майда еритін компонент-
тер ретінде фитостериндер жəне/немесе майда еритін дəрумендер қосылады. 
Қосымша өнімнің дəмін қалыптастыратын ингредиенттер, атап айтқанда, 
аскөк, ақжелкен, кинза, паприка, какао-ұнтақ, ванилин, бал, қант неме-
се олардың композициялары, сондай-ақ, хош иістендіргіштер салынады. 
Төменде функционалдық мақсатта қолданылатын спредтер рецептурасы 
келтірілген (27-кесте).
27-кесте. Пре- жəне пробиотиктер қосылған спредтердің рецептурасы
Ингредиенттер 
мөлшері, %
Спредтің атауы 
«Укропный»
«Медовый»
«Шоколадно-
медовый»
«Шоколадный»
1
2
3
4
5
Майлы фаза
Пальма майы
21,2
21,2
21,2
21,2
Рапс майы
11,2
11,2
11,2
11,2
Соя майы
27,6
27,6
27,6
27,6
«Dimodan S-T 
PEL/B» эмульгаторы
0,4
0,4
0,4
0,4
«Grinsted PS209» 
жақсартқышы
0,5
0,5
0,5
0,5
«Сливочное 
масло 2418» хош 
иістендіргіші
0,015
0,015
-
-
β -каротин (30- % 
ерітінді)
0,0017
0,0034
-
-
Сорбин қышқылы
0,036
0,036
0,036
0,036

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет